Бюджетте тұрған мекемелер мен ұйымдардың жылдық, тоқсандық және айлық бухгалтерлiк есептемесiнiң көлемi мен нысандары туралы НҰСҚАУЛЫҚ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 329 бұйрығы. Күшi жойылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң 1998.05.15. N 217 бұйрығымен. ~V980517

      1. Осы бұйрыққа тiркелiп отырған "Бюджетте тұрған мекемелер мен ұйымдардың жылдық, тоқсандық және айлық бухгалтерлiк есептемесiнiң көлемi мен нысандары туралы нұсқаулық" бекiтiлсiн және ол 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп табылсын:
      - КСРО Қаржы министрлiгi бойынша "КСРО Мемлекеттiк бюджетiнде тұрған мекемелер мен ұйымдардың жылдық бухгалтерлiк есептердi әзiрлеуi тәртiбi туралы нұсқаулық" атты 1975 жылғы 14 қазандағы N 96 бұйрық;
      - КСРО Қаржы министрлiгi бойынша "КСРО Мемлекеттiк бюджетiнде тұрған мекемелер мен ұйымдардың дүркiндiк бухгалтерлiк есептеменi әзiрлеу тәртiбi туралы нұсқаулық" атты 1976 жылғы 18 наурыздағы N 96 бұйрық;
      - КСРО Қаржы министрлiгiнiң "КСРО Мемлекеттiк бюджетiнде тұрған мекемелердiң жылдық бухгалтерлiк есептер туралы" 1981 жылғы 21 тамыздағы N 161 хаты.
 

     Министрдiң

     бiрiншi орынбасары



                                                  Қазақстан Республикасы



                                                   Қаржы министрлiгiнiң

                                               1994 жылғы 30 желтоқсандағы

                                                 N 329 бұйрығына қосымша



 
 
              Бюджетте тұрған мекемелер мен ұйымдардың жылдық,
         тоқсандық және айлық бухгалтерлiк есептемесiнiң көлемi
                          мен нысандары туралы
                              Нұсқаулық
 
      Бюджетте тұрған мекемелер мен ұйымдардың жылдық, тоқсандық және айлық есептемесiн әзiрлеу тәртiбi туралы
 
                          I. Жалпы ережелер
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мынаны хабарлайды: мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ бюджетте тұрған мекемелерге қызмет көрсететiн орталықтандырылған бухгалтериялар шығыс сметасының атқарылуы туралы жылдық және тоқсандық бухгалтерлiк есептер әзiрлейдi.
      Айлық бухгалтерлiк есептеменi жергiлiктi бюджетте тұрған мекемелер және осы мекемелерге қызмет көрсететiн орталықтандырылған бухгалтериялар әзiрлейдi.
      Жылдық есептер 1 қаңтардағы жағдай бойынша, тоқсандық есептер 1 сәуiрдегi, 1 шiлдедегi және 1 қазандағы жағдай бойынша, айлық есептер есеп берiлiп отырған айдан кейiнгi айдың бiрiншi жұлдызындағы жағдай бойынша әзiрленедi.
      Жылдық және тоқсандық бухгалтерлiк есеппен бiрге түсiндiрме жазбахат табыс етiледi, онда бюджет және арнаулы қаражат бойынша шығыс сметасының атқарылуына әсерiн тигiзген негiзгi факторлар: толық пайдаланылмаған қаржының мөлшерi, түгендеу нәтижелерi туралы деректер, желтоқсанның екiншi жартысына қатысты, жаңа жыл қаржысының есебiнен төленетiн есептелген жалақы мөлшерi, баланстың есеп айырысу баптарының (дебиторлық, кредиторлық берешектiң және басқалардың) жай-күйi келтiрiледi. Бұл орайда түсiндiрме жазбахатта жылдық есеп нысандарында бар деректер берiлген кестелердi келтiрудiң қажетi жоқ.
      Жылдық және тоқсандық есептер мен оларға тiркелген түсiндiрме жазбахаттарға мекеменiң басшысы, бас бухгалтер және жоспарлау-қаржы қызметiнiң бастығы, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда жанынан осындай бухгалтериялар құрылған мекемелердiң басшылары және орталықтандырылған бухгалтериялардың бас бухгалтерлерi қол қояды.
      Бухгалтерлiк есептеменi әзiрлегенде есеп берiлiп отырған кезеңдегi барлық операциялар толық көрсетiлiп, расталып, негiзделуге тиiс.
      Талдамалы есеп деректерiнiң есеп берiлiп отырған кезеңнiң бiрiншi жұлдызындағы жинақтамалы шоттар бойынша айналымдар мен қалдықтарға, сондай-ақ бухгалтерлiк есептер мен баланстардың деректерi жинақтамалы және талдамалы есептiң деректерiне сай келуi тиiс;
      көрсеткiштер ұқыпты толтырылуға, яғни өшiрiп жазуға, түзетуге жол берiлмеуi тиiс. Қателер түзетiлген жағдайда бухгалтерлiк есептемеге қол қойған адам растаған тиiстi жазу жазылады.
      Бухгалтерлiк есептi әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 желтоқсандағы N 1068 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы Бухгалтерлiк есеп пен есептеме туралы ереженi (өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып), Мемлекеттiк бюджетте тұрған мекемелер мен ұйымдардың КСРО Қаржы министрлiгiнiң 1978 жылғы 14 қыркүйектегi N 84 хатымен хабарланған желi, штаттар мен контингенттер жөнiндегi жоспардың орындалуы туралы есептердi толтыруы жөнiндегi әдiстемелiк нұсқауларды және осы нұсқаулықты басшылыққа алу қажет.
      Бухгалтерлiк есептемеде бюджеттен алынған қаражаттың дұрыс көрсетiлуi үшiн мекемелер өздерiнiң осы қаражат туралы есептiк деректерiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң N 10-6-1/6212 хатына және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң "Бюджеттен алынған қаражат туралы есептiк деректердi банк мекемелерiмен салыстыру тәртiбi туралы" 1993 жылғы 30 қарашадағы N 138 хатына сәйкес банк мекемелерiмен салыстыруы қажет.
      2. Шығыс сметаларының атқарылуы туралы жылдық есептеменiң көлемiне мына нысандар енгiзiледi:
      - мекеменiң шығыс сметасының атқарылуы балансы - N 1 нысан (код 0503001) және бюджеттен қаржыландыру сомасының қозғалысы туралы анықтама;
      - мекеменiң шығыс сметасының атқарылуы туралы есеп - N 2 нысан (код 0503008);
      - шаруашылықты жүргiзудiң жаңа жағдайына көшiрiлген мекеменiң кiрiсi мен шығысы сметасының атқарылуы туралы есеп - N 2-1 нысан (код 0503008) (Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарманың мекемелерi үшiн);
      - 100 "Халық шаруашылығы" бөлiмi бойынша шығыстың атқарылуы туралы есеп - N 2-2 нысан (код 0503308);
      - жол қошы қаражатының пайдаланылуы туралы есеп - N 2-Д жылдық нысан (код 0503708);
      - кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекенi дамыту қоры қаражатының түсуi мен жұмсалуы туралы есеп - N 2-ПП нысан (код 0503408);
      - жер қойнауын қорғау және минералдық шикiзат базасын ұдайы жаңғырту қоры қаражатының түсуi мен жұмсалуы туралы есеп - N 2-ОН нысан (код 0503408);
      - Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры қаражатының түсуi мен жұмсалуы туралы есеп - N 2-С3 нысан (код 0502 0503608);
      - табиғатты қорғау қоры қаражатының түсуi мен жұмсалуы туралы есеп - N 2-ОП нысан (код 0503808);
      штаттар мен контингенттер жөнiндегi жоспардың орындалуы туралы есептер бюджеттiк мекемелердiң түрiне қарай берiледi:
      мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары, соттар, прокуратура, ғылыми-зерттеу мекемелерi - 3-1 нысан бойынша (код 0503011);
      кадрларды даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру мекемелерi (бiтiрiп шығу жоғары бiлiм беретiн жоғары оқу орындары, кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру мекемелерi, жоғары оқу орындарының жанындағы даярлық бөлiмдерi; арнаулы орта оқу орындары; кәсiптiк-техникалық училищелер, колледждер) - N 3-2 нысан бойынша (код 0503009);
      денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерi - N 3-4 нысан бойынша (код 0503014);
      жалпы бiлiм беретiн бастаушы, толық емес орта (тоғыз жылдық), орта, кешкi (ауысымдық), сырттай оқытатын орта мектептер, лицейлер, мектеп-интернаттар, арнаулы мектептер, бала бақша-мектептер және мектептердiң жанындағы интернаттар - N 3-5 нысан бойынша (код 0503016);
      жоғары оқу орындары және ғылыми кадрларды даярлайтын ғылыми-зерттеу

 

мекемелерi - N 3-8 нысан бойынша (код 0503022);

     жетiмханалар және ерекше режимдегi мектеп-интернаттар - N 3-12 нысан

бойынша (код 0503025);

     ауыл шаруашылығының бюджеттегi мекемелерi - N 3-18 нысан бойынша (код

0503029);

     басқа да бюджеттiк мекемелер - N 3-19 нысан бойынша (код 0503032);

     мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi - N 3-дс (код 0503034);

     санаторийлiк-орман және балалардың жетi жылдық музыка мектептерi - N

3-сл/м нысан бойынша (код 0503035);

     iшкi iстер органдары жүйесiнiң бюджеттегi мекемелерi - N 4-13 нысан

бойынша;

     негiзгi құрал-жабдықтың қозғалысы туралы есеп - N 5 нысан бойынша

(код 0503051);

     материалдық құндылықтардың қозғалысы туралы есеп - N 6 нысан (код

0503053);


 
       бюджеттiк мекемелерде ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың жетіспеушiлiгi мен ұрлануы туралы есеп - N 15 нысан (код 0503078);
      республикалық бюджеттен алынған қаражат туралы анықтама (код 0503058);
      республикалық бюджеттен алынған қаражат және соманың несиенi иеленушiлер мен банк мекемелерi бойынша бөлiнуi туралы тiзiмдеме - N 1 нысан (код 0503061);
      республикалық бюджеттен алынған қаражат туралы жиынтық тiзiмдеме - N 2 нысан (код 0503063);
      алынған және күрделi жұмсалым мен басқа да шараларды қаржыландыру үшiн банкiге енгiзiлген қаражат туралы анықтама - N 2 нысан (код 0503065);
      күрделi жұмсалым мен басқа да шаралардың тiзiмдемесi - N 4 жиынтық нысан (код 0503067);
      басқару аппаратын ұстауға және мемлекеттiк бюджетте тұрған мекемелер мен ұйымдар бойынша қызмет бабындағы жеңiл автомобильдерге жұмсалған шығындар туралы есеп - N 8-бюдж. нысан (код 0503071);
      басқару аппаратын ұстауға және мемлекеттiк бюджетте тұрған мекемелер мен ұйымдар бойынша қызмет бабындағы жеңiл автомобильдерге жұмсалған шығындар туралы жиынтық есеп - N 8-св нысан (код 0503074);
      өнiм өткiзуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден немесе басқа да қызметтi жүзеге асырудан алынатын арнаулы қаражаты бар мекемелер арнаулы қаражат бойынша сметаның атқарылуы туралы есептi N 4 нысан бойынша (код 0503041) әзiрлейдi.
      Арнаулы қаражаттың бiрнеше түрлерi бар мекемелер есептi N 4-жиынтық нысан бойынша (код 0503142) әзiрлейдi.
      Бюджеттен тыс басқадай қаражаты бар мекемелер бюджеттен тыс басқадай қаражаттың қозғалысы туралы есептi N 4-а "Бюджеттен тыс басқадай қаражат" нысаны бойынша (код 0503141) табыс етедi.
      Бiлiм басқармалары (бөлiмдерi) жалпыға бiрдей бiлiм беру қоры қаражатының түсуi мен жұмсалуы туралы анықтаманы N 4-б нысан бойынша (код 0503044) әзiрлейдi.
      Валюталық қаражаты бар мекемелер валюта қоры қаражатының және сырттан тартылған валюталық қаражаттың қозғалысы туралы есептi N 4-в нысаны бойынша (код 0503047) табыс етедi.
      Ғылыми мекемелер мен ұйымдар ғылыми-зерттеу жұмыстары көлемiнiң орындалуы туралы есептi N 4-н нысаны бойынша (код 0503046) табыс етедi.
      Белгiлi бiр тапсырмаларды орындау үшiн қаражат алатын мекемелер тапсырмалар бойынша соманың қозғалысы туралы есептi N 4-П "тапсырмалар бойынша" нысаны бойынша (код 0503241) әзiрлейдi.
      Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен жүйесiнiң бюджеттiк мекемелерi бюджеттен бөлiнген қаражаттың шығысы туралы есептi N 99 АПК нысаны бойынша табыс етедi.
      3. Тоқсандық есептеме ауқымына мына нысандар енгiзiледi:
      шығыс сметасының атқарылуы балансы - N 1 нысан (код 0503001) және бюджеттен қаржыландыру сомасының қозғалысы туралы анықтама, бұл анықтама тек 1 қазанға дейiн ғана толтырылады, ал 1 сәуiр мен 1 шiлдеге дейiн тек 900-жолдағы деректер ғана келтiрiледi;
      мекеменiң шығыс сметасының атқарылуы туралы есеп - N 2 нысан (код 0503008);
      шаруашылықты жүргiзудiң жаңа жағдайына көшiрiлген мекеменiң кiрiсi мен шығысы сметасының атқарылуы туралы есеп - N 2-1 нысан (код 0503006) (Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарманың мекемелерi үшiн;
      100 "Халық шаруашылығы" бөлiмi бойынша шығыс сметасының атқарылуы туралы есеп - N 2-2 нысан (код 0503308);
      жол қоры қаражатының пайдаланылуы туралы есеп - N 2-Д тоқсандық нысан (код 0503508);
      кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекенi дамыту қоры қаражатының пайдаланылуы туралы есеп - N 2-ПП нысан (код 0503708);
      жер қойнауын қорғау және минералдық шикiзат базасын ұдайы жаңғырту қоры қаражатының түсуi мен жұмсалуы туралы есеп - N 2-ОН нысан (код 0503408);
      Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры қаражатының түсуi мен жұмсалуы туралы есеп - N 2-С3 нысан (код 0503608);
      табиғатты қорғау қоры қаражатының түсуi мен жұмсалуы туралы есеп - N 2-ОП нысан (код 0503808);
      желi, штаттар мен контингенттер жөнiндегi жоспардың орындалуы туралы

 

есептер бюджеттiк мекемелердiң түрлерiне қарай табыс етiледi:

     N 3-1 нысан (0503011) - мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары,

соттар, прокуратура, ғылыми-зерттеу мекемелерi;

     N 3-2 нысан (0503009) - кадрларды даярлау және бiлiктiлiктi көтеру

мекемелерi;

     N 3-4 нысан (0503015) - денсаулық сақтау және әлеуметтiк

қамсыздандыру мекемелерi;

     N 3-5 (0503017) - жалпы бiлiм беретiн бастаушы, толық емес орта

(тоғыз жылдық) және орта, кешкi (ауысымдық), сырттай оқытатын орта

мектептер, лицейлер, мектеп-интернаттар, арнаулы мектептер,

балабақша-мектептер және мектептердiң жанындағы интернаттар;

     N 1-12 нысан (0503026 - жетiмханалар және ерекше режимдегi

мектеп-интернаттар;

     - N 3-18 нысан (0503030) - ауыл шаруашылығының бюджеттiк мекемелерi;

     N 3-19 нысан (0503033) - басқа да бюджеттiк мекемелер;

     N 3-дс нысан (0503034) - мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелер;

     N 3-сл/м (0503035) - санаторийлiк-орман және балалардың жетi жылдық

музыка мектептерi;

     Арнаулы қаражат бойынша сметаның атқарылуы туралы есеп - N 4 нысан

(0503041).

     Арнаулы қаражаттың бiрнеше түрлерi бар мекемелер есептi N 4-жиынтық

нысан бойынша (код 0503042) әзiрлейдi.


 
       Бюджеттен тыс басқа қаражаты бар мекемелер бюджеттен тыс басқадай қаражаттың қозғалысы туралы есептi N 4-А "Бюджеттен тыс басқадай қаражат" нысаны бойынша әзiрлейдi, тапсырмалар бойынша соманың қозғалысы туралы есеп - N 4-П "Тапсырмалар бойынша" нысаны бойынша әзiрленедi, N 4-13 нысан - iшкi iстер органдары жүйесiнiң бюджеттiк мекемелерi.
      4. Жиынтық бухгалтерлiк есептердi министрлiктер мен ведомстволар мың теңге есебiмен әзiрлейдi.
      Бухгалтерлiк есептеменiң ағымдағы есептiк кезеңге қатысты деректерiнiң де, алдағы кезеңге қатысты деректердiң де өзгерiстерi (олар бекiтiлгеннен кейiн) деректердiң бұрмаланғаны анықталған кезеңде әзiрленетiн есептемеге енгiзiледi.
      Жылдық және тоқсандық есептер түптелген кiтапша түрiнде, тарауларға бөлiнiп, беттерi нөмiрленiп табыс етiледi.
      Бiр қаланың iшiндегi кәсiпорын мен мекеме үшiн бухгалтерлiк есептеменiң тиiстi орынға нақты табыс етiлген күнi оның табыс етiлген күнi деп есептеледi, ал басқа қаладағы кәсiпорын мен мекеме үшiн оның почта кәсiпорнының мөртабанында таңбаланып, жөнелтiлген күнi оның табыс етiлген күнi деп есептеледi.
      Есептердi табыс ету үшiн белгiленген мерзiм демалыс күнiмен (жұмыс iстемейтiн күнмен) орайлас келген жағдайда есеп одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi табыс етiледi.
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 желтоқсандағы N 1068 Қаулысымен бекiтiлген Бухгалтерлiк есеп пен есептеме туралы ережеге сәйкес бюджеттiк мекемелерге арналған жылдық, тоқсандық және айлық есептердiң үлгiлiк нысандары және олардағы көрсеткiштер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң нұсқауларымен белгiленедi. Шығыс сметаларының атқарылуы туралы есептi мекемелер жоғары тұрған ұйым мен қаржы органына олар белгiлеген мерзiмде, ал министрлiктер мен ведомстволар - тиiсiнше Қаржы министрлiгiне бекiтiлген графикке сәйкес табыс етедi.
      Жылдық және тоқсандық есептеменiң мамандандырылған нысандарының үлгiлерiн Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары әзiрлейдi және Қаржы министрлiгi бекiтедi.
      5. Жергiлiктi бюджетте тұрған мекемелер мекемелердiң шығыс сметаларының атқарылуы туралы айлық есептi "Бюджет бойынша шығыс сметаларының атқарылуы туралы айлық есеп" атты N 1 мм нысаны бойынша әзiрлеп, табыс етедi.
 
                    II. Ағымдағы есеп шоттарын қорытындылау
                                      тәртiбi
      6. Мекемелердiң жылдық, тоқсандық және айлық бухгалтерлiк есептерi тексерiлген, дәлелдi құжаттармен расталған бухгалтерлiк жазбалар негiзiнде әзiрленедi. Баланс жасалмастан бұрын талдамалы шоттар бойынша айналымдар мен қалдықтар жинақтамалы есеп шоттары бойынша айналымдармен және қалдықтармен салыстырылады.
      7. Қорытынды баланс баптары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 желтоқсандағы N 1068 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлiк есеп пен есептеме туралы ережеге сәйкес жүргiзiлген түгендеу деректерiне негiзделген болуға тиiс. Түгендеу кезiнде анықталған материалдық құндылықтардың нақты қалдықтары мен бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша қалдықтар арасындағы алшақтық осы Ережеде көзделген тәртiппен реттеледi.
      Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетiнен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдардың пайдаланылмаған бюджеттiк несиесiнiң қалдықтарын банк мекемелерi 31 желтоқсанда жабады.
      8. Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетiнде тұрған мекемелердiң бюджеттiк қаражатынан басқа өзiнiң иелiгiнде бюджеттен тыс қаражаты болуы мүмкiн, ол Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiнiң оларға бюджет есебiнен қаржыландыру бойынша бюджеттiк шоттар мекемелерiндегi жеке ағымдағы шоттарда сақталады.
      Тапсырмалар бойынша сома алған бюджеттiк мекемелер тапсырманы орындағаннан кейiн тапсырма берген кәсiпорынға, мекемеге, ұйымға жұмсалған қаражат туралы есеп беруге және алынған соманың пайдаланылмаған қалдығын қайтаруға мiндеттi.
      Басқа мекемелерден тапсырмалар бойынша сома алған және оны ағымдағы жылы тиiстi мақсатқа пайдаланбаған бюджеттiк мекемелер осы соманы аударған мекемелерге алынған соманы 31 желтоқсаннан кешiктiрмей қайтаруға мiндеттi.
      "Тапсырмалар бойынша сома" ағымдағы шотына аударылған, стипендия, сыйлықақы төлеуге және бiр жолғы көмек көрсетуге арналған қаражат, ал белгiленген жағдайда басқа қаражатта қайтарылуға жатпайды және келесi жылы тиiстi мақсатқа пайдаланылады.
      Бекiтiлген арнаулы қаражат сметаларының күшi 31 желтоқсанда тоқтатылады. Арнаулы қаражаттың жыл аяғында ағымдағы шотта жиналған қалдықтары келесi жылдың арнаулы қаражатының тиiстi түрi сметасының кiрiс бөлiгiне көшiрiледi.
      Арнаулы қаражат бойынша сметалардың бекiтiлген туралы анықтаманы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсi мекемелерiне табыс етпеген бюджеттiк мекемелердiң осы қаражат бойынша ағымдағы шоттары 1 сәуiрден бастап жабылуға тиiс. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң мекемелерi қаражаттың қалдықтарын тиiстi бюджеттiң кiрiсiне өз бетiнше аударады.
      9. Есеп беруге тиiстi тұлғалармен, дебиторлармен және кредиторлармен барлық есеп айырысу жыл аяғында, әдетте, аяқталуға тиiс.
      Есеп беруге тиiс тұлғалардан авансылық есептердi, сондай-ақ пайдаланылмаған соманың қалдықтарын уақытында талап ету қажет.
      Дебиторлық берешек сомасы салыстырылуға тиiс.
      Ағымдағы есептiң шоттарын қорытындыламастан бұрын желтоқсандағы операциялар тексерiледi және түгендеуден туындайтын барлық қосымша жазбалар жазылады.
      10. Бюджет бойынша шығыс сметасының атқарылуы жөнiндегi ағымдағы есептiң шоттарын қорытындылау мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
      200 "Мекеменi ұстауға және басқа шараларға бюджет бойынша жұмсалатын шығын" қосалқы шотындағы қалдық, желтоқсанның екiншi жартысына қатысты және келесi жылдың қаржысы есебiнен төленетiн, жұмысшылар мен қызметшiлерге есептелген жалақы сомасынан басқа, 230 "Мекеменiң шығыны және басқа шаралар үшiн бюджеттен қаржыландыру" атты қосалқы шоттың дебетiне (140 "Мекеменiң шығыны және басқа шаралар үшiн бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысу") көшiрiледi.
      Егер бюджет бойынша нақты шығынның сомасы 230-қосалқы шот немесе 140-қосалқы шот бойынша қаржыландырудың қалдығынан асып түсетiн болса, шығын осы шоттардағы қалдыққа тең сомада көшiрiледi.
      Бұл орайда мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi бойынша 230/140/, 236 "Балалар мекемесiн ұстауға арналған ата-аналардың қаражаты" және "Мекеменi ұстауға арналған басқадай қаражат" қосалқы шоттарының дебетiне 200-қосалқы шотындағы қалдық, желтоқсанның екiншi жартысына қатысты, жұмысшылар мен қызметшiлерге есептелген жалақы сомасының басқа, көшiрiледi.
      Нақты шығын 236 және 238-қосалқы шоттарға жылдың аяғында осы қосалқы шоттарда қалған қаражаттың қалдығына тең сомада көшiрiледi, қалған сома 230/140/-қосалқы шотқа жатқызылады.
      Сонымен қатар республикалық бюджетте тұрған мекемелер бойынша 230/140/-қосалқы шоттың дебетiне банк мекемелерi 31 желтоқсанда 090 "Мекеменiң шығыны үшiн ашылған несие" атты қосалқы шот бойынша қаражаттың керi қайтарып алынған сомасы көшiрiледi.
      143 "Күрделi жұмсалымды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысу" атты қосалқы шоттың дебетiне мыналар көшiрiледi:
      093 "Күрделi жұмсалым үшiн ашылған несие", 103 "Күрделi жұмсалымға арналған ағымдағы шот" атты қосалқы шоттар бойынша қаражаттың 31 желтоқсанда жабылған қалдықтарының сомасы көшiрiледi;
      203 "Күрделi жұмсалым үшiн бюджет бойынша жұмсалатын шығын" атты қосалқы шот бойынша жаңа құрылыс пен жаңғыртудың аяқталған және пайдалануға берiлген объектiлерiне жұмсалған шығын көшiрiледi.
      Бұл орайда аяқталмаған құрылысты қайта бағалау сомасы 203-қосалқы шоттың кредитiнен 246-қосалқы шоттың дебетiне көшiрiледi.
      11. Бюджеттен тыс қор қаражатын иеленген бюджеттiк мекемелер жыл аяқталғаннан кейiн 215 "Бюджеттен тыс қорлар есебiнен жұмсалатын шығын" атты қосалқы шот бойынша нақты шығын 272 "Бюджеттен тыс қорлар" атты қосалқы шоттың дебетiне көшiру арқылы жабылады. Аяқталған және пайдалануға берiлген объектiлерге жыл бойына жұмсалған шығын 216 "Күрделi жұмсалымға бюджеттен тыс қорлар есебiнен жұмсалған шығын" атты қосалқы шотқа жатқызылады, ал жыл аяқталғаннан кейiн 272-қосалқы шоттың дебетiне көшiрiледi.
      12. Арнаулы қаражат бойынша ағымдағы есеп шоттарының қорытындысы 400 "Арнаулы қаражат бойынша кiрiс" атты қосалқы шоттың дебетiне:
      211 "Арнаулы қаражат бойынша шығын" атты қосалқы шот бойынша қалдықты 400-қосалқы шот бойынша жыл аяғындағы қалдық шегiнде көшiру жолымен шығарылады. 400 және 211-қосалқы шоттарда кiрiс пен шығыс есебiн жүргiзетiн қосалқы ауыл шаруашылықтары және өндiретiн өнiм көлемi шағын өндiрiстiк (оқу) шеберханалары бойынша жыл аяғында қосалқы шотта аяқталмаған өндiрiске қатысты шығынның сомасы қалуы мүмкiн;
      082 "Шарттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалған шығын" атты қосалқы шот бойынша орындалған және тапсырыс берушiге өткiзiлген ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалған нақты шығынды көшiру жолымен шығарылады. Аяқталмаған, сондай-ақ аяқталғанымен, тапсырыс берушiге өткiзiлмеген ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалған шығын 082-қосалқы шот бойынша қалдық ретiнде келесi жылдың балансына ауыстырылады.
      13. Жылдың аяғында аяқталған және пайдалануға берiлген объектiлерге жұмсалған шығын, сондай-ақ шығарылатын өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызылмайтын басқа да шығын 212-қосалқы шоттың кредитiнен 400, 246-қосалқы шоттардың дебетiне көшiрiледi. Құрылыстың және жаңғыртудың аяқталмаған және аяқталғанымен пайдалануға берiлмеген объектiлерiне жұмсалған шығын 212 қосалқы шот бойынша баланста қалады.
      14. Мекемелердiң арнаулы қаражатының сметалары бойынша жоспарланатын, өнiмдерi мен бұйымдарына жұмсалған шығын мен олардың өткiзiлуiнiң есебi 080 "Өндiрiстiк (оқу) шеберханаларының шығыны" және 280 "Өндiрiстiк (оқу) шеберханаларының бұйымдарын өткiзу" атты қосалқы шоттарда жүргiзiлетiн өндiрiстiк (оқу) шеберханалары мен қосалқы ауыл шаруашылықтары бойынша шоттардың қорытындысы шығарылған өнiмдердi, бұйымдарды және көрсетiлген қызметтердi өткiзу нәтижелерiн 280-қосалқы шоттың дебетiнен шаруашылық пайдалы жүргiзiлген жағдайда 410 "Пайда мен залал" атты қосалқы шоттың кредитiне көшiру, ал залал шеккен жағдайда 280-қосалқы шоттың кредитiнен 410 "Пайда мен залал" атты қосалқы шоттың дебетiне көшiру арқылы шығарылады.
      15. Бөлiнген қаржыны негiзгi иеленушiлер ағымдағы есептiң шоттарының қорытындыларын шығармастан бұрын мекеме есебiнен қабылданған бөлiнген қаржыны төменгi иеленушiлердiң тексерiлген есептер мен басқа да құжаттары негiзiнде (материалдардың жетiспеушiлiгiн және үмiтсiз дебиторлық берешектi есептен шығару) түгендеу кезiнде анықталған артық материалдарды және басқаларды кiрiске алады.
      Бұл орайда 23 "Қаржыландыру" шоты қаржыландырудың азаю сомасына дебеттеледi және 14 "Қаржыландыру бойынша iшкi ведомстволық есеп айырысу" шотына кредиттеледi. 23-шот қаржыландырудың көбею сомасына кредиттелiп, 14-шот дебеттеледi.
      Осы шоттарда құрылыстың аяқталған және пайдалануға берiлген объектiлерiне және жабдық сатып алуға жұмсалған шығындар, сондай-ақ мекемелер мен ұйымдардың қорытынды айналымдары кезiнде қаржыландыру бойынша iшкi ведомстволық есеп айырысуға жатқызылған нақты шығын көрсетiледi.
      Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетiнде тұрған мекемелер бойынша банк 31 желтоқсанда жапқан пайдаланылмаған қаражат та көшiрiледi.
      Қорытынды жазбалардан кейiн келесi жылдың 1 қаңтарындағы қорытынды баланс жасалады.
 
                    III. Жиынтық жылдық есептердi әзiрлеу
                                   тәртiбi
      16. Жиынтық жылдық есептердi қарамағында желiсi бар министрлiктер, мекемелер қарамағындағы мекемелердiң жылдық есептерi, сондай-ақ өздерiндегi операциялары бойынша I бөлiм де көрсетiлген нысандар көлемiнде әзiрленген жылдық есеп негiзiнде әзiрлейдi.
 
                    IV. Жылдық, тоқсандық және айлық есептеме
                          нысандарын толтыру тәртiбi
      Нысан 1 (0503001) - Шығыс сметасының атқарылуы балансы
      17. Шығыс сметасының атқарылуы балансы талдамалы есептiң қосалқы шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтардың есептi кезең аяғында жинақтамалы есептiң айналымдарымен және қалдықтарымен салыстырылуы негiзiнде қаржыландырудың әрбiр бөлiмi бойынша жеке-жеке жасалады. Әрбiр мекеме баланста тек өзiне қатысты шоттар бойынша ғана қалдықтарды толтырады.
      Белгiлi бiр жол, бағана толтырылмаған жағдайда (мекемеде тиiстi активтердiң, пассивтердiң, операциялардың жоқтығы себептi) бұл жол, бағана сызып тасталады. Нысанда көзделген жолдарды түзетуге және толтыруға болмайды.
      18. "Негiзгi құрал-жабдық бөлiмi"
      010-013, 015-019-қосалқы шоттардағы 010 "Негiзгi құрал-жабдық" деген жолда мекемеге тиесiлi, оның iшiнде жалға берiлген негiзгi құрал-жабдық бастапқы құны бойынша, яғни оларды сатып алуға, салуға, дайындауға жұмсалған нақты шығын бойынша көрсетiледi. Негiзгi құрал-жабдықтың бастапқы құны өзгертуге тек қосымша құрылыс салынғанда, қосымша жабдықталғанда, жаңғыртылғанда, сондай-ақ негiзгi құрал-жабдық қайта бағаланғанда ғана жол берiледi.
      Жалға алынатын негiзгi құрал-жабдық бұл жолға енгiзiлмейдi және "Жалға алынған негiзгi құрал-жабдық" атты баланстан тысқары шотта ғана есептеледi.
      011 "Бейматериалдық активтер" деген жолда мекемелер жердi, суды, басқа да табиғат ресурстарын, интеллектуалдық меншiк объектiлерiн пайдалану құқықтарын және басқа осындай құқықтарды көрсетедi. Бейматериалдық активтер оларды сатып алуға жұмсалған шығын және оларды пайдалануға жарамды жағдайға келтiруге жұмсалған шығын сомасында көрсетiледi.
      19. "Материалдық қорлар" бөлiмi
      Бұл бөлiмде мекемеге тиесiлi құрылыс материалдары, орнатылатын жабдық, материалдар, тамақ өнiмдерi, отын мен жанармай, мал азығы, жемшөп, ыдыс, машиналар мен жабдықтардың босалқы бөлшектерi, өндiрiстiк (оқу) шеберханаларының бұйымдары, қосалқы ауыл шаруашылық өнiмдерi, мал төлi, бордақыдағы мал, оқуға, ғылымға және басқа мақсаттарға арналған материалдар, сондай-ақ ұзақ пайдаланылатын және лабораториялық сынақтарда пайдаланылатын материалдар, шаруашылық шарттар бойынша орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған арнаулы жабдық олардың сатып алу құны бойынша көрсетiледi.
      20. "Арзан бағалы және тозғыш заттар" бөлiмi
      080 "Арзан бағалы және тозғыш заттар" деген жолда мекемеге тиесiлi арзан бағалы және тозғыш заттардың бәрi, сондай-ақ қоймада тұрғандары да, олардың сатып алу құны бойынша көрсетiледi.
      21. "Өндiрiске және басқа мақсаттарға жұмсалған шығын" бөлiмi
      Бұл бөлiмде өндiрiстiк (оқу) шеберханаларының, қосалқы ауыл шаруашылығының және оқу-тәжiрибе шаруашылықтарының бұйымдары мен өнiмдерiн дайындауға, баспа өнiмiн шығаруға және қызмет көрсетуге, кәсiпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен шарттар бойынша ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды орындауға, тәжiрибелiк қондырғыларды дайындауға жұмсалған шығын, сондай-ақ материалдарды дайындауға және өңдеуге жұмсалған шығын көрсетiледi.
      22. "Ақшалай қаражат" бөлiмi
      "Ақшалай қаражат" бөлiмiнiң қосалқы шоттарында ашылған несиенiң сомасы, банкiдегi және кассадағы ағымдық, есеп айырысу шоттарындағы ақшалай қаражат, аккредитивтер, лимиттелген чек кiтапшалары және басқа ақшалай құжаттар, қаржы жұмсалымдары көрсетiледi.
      09 "Бюджет бойынша ашылған несие" (тек тоқсандық есептерде ғана), 10 "Ағымдағы шоттар", 11 "Бюджеттен тыс қаражат бойынша ағымдағы шоттар" атты шоттардағы баланста көрсетiлген қаражаттың қалдықтары банк мекемелерiнiң шоттарындағы қалдықтарға сәйкес болуға тиiс.
      110 "Тапсырмалар бойынша соманың ағымдағы шоты" атты қосалқы шоттар мекемелер басқа кәсiпорындар мен мекемелерден түрлi тапсырмаларды орындағаны үшiн: жас мамандармен есеп айырысу үшiн, студенттер мен оқушыларға кәсiпорындардың, құрылыстардың, ұжымшарлар мен кеңшарлардың қаражаты есебiнен стипендия төлеу үшiн; сырттай оқушылар үшiн әдiстемелiк әдебиет пен оқу құралдарын сатып алу үшiн; бухгалтерлiк есеп, есептеме, т.б. бойынша құжаттаманың бланкiлерiн орталықтандырылған тәртiппен сатып алу үшiн; мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерiне сыйлық ақы төлеу үшiн және бiр жолғы көмек көрсету үшiн; қара, түстi металдардың сынығын және қайталама шикiзаттың басқа да түрлерiн, тамақ қалдықтарын жинағаны үшiн алған қаражат, оқушылардың кәсiпорындарда тапқан қаражаты көрсетiледi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген басқа жағдайда да демеушiлерден түскен қаражат есептеледi.
      Шаруашылықты жүргiзудiң жаңа жағдайына көшкен, жоғары тұрған несие иеленушiлердегi орталықтандырылған даму қорының қаражаты мен қаржы резервтер қалдығы 110, 113-қосалқы шоттарда көрсетiледi.
      111 "Арнаулы қаражат бойынша ағымдағы шот" атты қосалқы шотта арнаулы қаражат сметасының атқарылуына байланысты операциялар бойынша ақшалай қаражаттың, сондай-ақ жалпыға бiрдей бiлiм қорын құру үшiн, ұзартылған күн режимiмен оқытатын мектептерде және мектептердiң жанындағы интернаттарда балаларды тамақтандыру үшiн, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының материалдық-техникалық базасын кеңейтiп, нығайту және Қаржы министрлiгiнiң нұсқаулығында көзделген басқа да мақсаттар үшiн бюджеттен, ұжымшарлардан, кооперативтiк, кәсiподақ ұйымдарынан түскен қаражаттың қалдығы көрсетiледi.
      112. "Бюджеттен тыс басқадай қаражат бойынша ағымдағы шот" атты қосалқы шотта мекеменiң ағымдағы шотына түскен және тиiстi орнына қайтарылғанға немесе тиiстi мақсатқа сәйкес жұмсалғанға дейiн сақталған бюджеттен тыс түрлi соманың қалдықтары - бюджеттiк мекемелердiң қарамағына уақытша түскен және белгiлi бiр жағдай басталғанға дейiн қайтарылуға тиiс депозиттiк сома көрсетiледi.
      113 "Есеп айырысу шоты" атты қосалқы шотта бюджеттен, кәсiпорындарға, ұйымдарға және халыққа көрсетiлген ақылы қызметтерден түскен қаражаттың және шаруашылықты жүргiзудiң жаңа жағдайына көшiрiлген мекемелер бойынша басқа да түсiмдердiң қалдығы көрсетiледi.
      114 "Бюджеттен тыс қорлар бойынша ағымдағы шот" атты қосалқы шотта жергiлiктi өкiлдiктi өкiмет органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары белгiленген тәртiппен құратын бюджеттен тыс қорлардың сомасы көрсетiледi.
      117. "Жердi қалпына келтiруге арналған қаражат бойынша ағымдағы шот" атты қосалқы шот Жерге орналастыру және жер қатынастары жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң пайдалануына арналған.
      118. "Валюталық шот" атты қосалқы шотта банкiлердегi валюталық шоттарда шетел валютасын түрiндегi ақшалай қаражаттың Ұлттық банкiнiң бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына шағып есептелген қалдығы көрсетiледi.
      120 "Касса" атты қосалқы шотта мекемелер кассада банк мекемелерi бюджетте тұрған мекемелермен келiсе отырып белгiлеген лимиттер шегiнде нақты ақша ұстауы мүмкiн.
      Бюджеттiк қаражат есебiнен ұсынылған аккредитив бойынша қаражаттың қалдықтарын банк мекемелерi кассалық шығынды қалпына келтiру үшiн мекемелердiң ағымдағы шоттарына есептейдi.
      23. "Есеп айырысу" бөлiмi
      Баланста есептi кезеңнiң аяғында аяқталмаған есеп айырысу бөлек-бөлек көрсетiледi: баланс активiнде - дебиторлық берешек, ал пассивiнде - кредиторлық берешек көрсетiледi.
      152 "Бюджеттiк тақырып бойынша тәжiрибелiк-конструкторлық талдамаларға тапсырыстарды iшiнара төлеу бойынша есеп айырысу" атты қосалқы шотта кәсiпорындар мен ұйымдардың ғылыми-зерттеу мекемелерi үшiн тәжiрибелiк-конструкторлық талдамаларға тапсырыстарды орындауға байланысты берешегiнiң сомасы көрсетiледi.
      153 "Бюджеттен тыс қаражат бойынша орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер үшiн тапсырыс берушiлермен есеп айырысу" атты қосалқы шотта кәсiптiк-техникалық бiлiм беретiн оқу орындары тапсырыс берушiлер үшiн орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер үшiн және өткiзiлген дайын бұйымдар үшiн олармен есеп айырысу бойынша берешектi, сондай-ақ оқушылар өндiрiстiк оқу барысында орындаған жұмыстар үшiн кәсiпорындар мен ұйымдардың берешегiн көрсетедi.
      154 "Ақы төленуге тиiс ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тапсырыс берушiлермен есеп айырысу" атты қосалқы шотта тапсырыс берушiлердiң шарт бойынша орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстары үшiн ұсынылған шоттар бойынша берешек көрсетiледi, бұл орайда есептелген аванс шегерiп тасталады.
      155 "Ғылыми-зерттеу жұмыстары үшiн берiлген аванс бойынша тапсырыс берушiлермен есеп айырысу" атты қосалқы шотта тапсырыс берушiлер шартқа сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн аударған аванстардың қалдығы көрсетiледi.
      156 "Шаруашылық шарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн сырттан тартылған ортақ орындаушылармен есеп айырысу" атты қосалқы шотта ғылыми-зерттеу мекемесiнiң шаруашылық шарттары бойынша кейбiр ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындау үшiн сырттан тартылған ортақ орындаушылармен есеп айырысу көрсетiледi.
      157 "Сатып алушылармен және тапсырыс берушiлермен есеп айырысу" атты қосалқы шотта тапсырыс берушiден мекеменiң кәсiпорындармен және ұйымдармен жасасылған шарт бойынша жұмыстар мен қызметтердi орындау үшiн аванс ретiнде түскен қаражат көрсетiледi. Бұл қаражат осы қосалқы шотта тапсырыстар немесе оны жекелеген кезеңдерi орындалғанға дейiн болады.
      160 "Есеп берушi адамдармен есеп айырысу" атты 160-қосалқы шотта қызмет бабындағы ғылыми сапарларда жүрген қызметкерлерге есептелген, сондай-ақ басқа қалаларда өндiрiстiк практикада, экспедицияларда, т.б. жүрген адамдарға есептелген сома көрсетiледi. Қосалқы шот бойынша кредиттiк қалдық "басқа несиегерлермен есеп айырысу" бабындағы бойынша баланстың пассивiнде көрсетiледi.
      170 "Жетiспеушiлiктер бойынша есеп айырысу" атты қосалқы шотта ақшалай қаражаттың, материалдық құндылықтардың жетiспеушiлiгi мен ұрлануына байланысты берешектiң сомасы, сондай-ақ материалдық құндылықтардың бүлiнуiнен болған, кiнәлы адамдардың есебiне жатқызылған ысыраптың сомасы көрсетiледi.
      171 "Әлеуметтiк сақтандыру бойынша есеп айырысу" атты қосалқы шотта Әлеуметтiк сақтандыру қорымен есеп айырысу бойынша берешектiң сомасы көрсетiледi. Осы қордың есебiнен мынадай төлемдер төленедi: еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты, жүктi болуына және бала туына байланысты берiлетiн жәрдемақылар, бала туғанда берiлетiн бiржолғы жәрдем ақы, жерлеу үшiн берiлген жәрдемақы, санаторийлiк-курорттық ем және демалыс үшiн берiлетiн жолдамаларды сатып алуға және басқа әлеуметтiк мақсаттарға жұмсалған шығын төленедi. Бұл қосалқы шоттың қалдықтары дебеттiк қалдықтар болуы да, кредиттiк қалдықтар болуы да мүмкiн.
      172 "Төлемдердiң арнаулы түрлерi бойынша есеп айырысу" атты қосалқы шотта мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнде балаларды ұстау үшiн, жетi жылдық музыка мектептерiнде балаларды оқыту үшiн; мектеп-интернаттарда тәрбиеленушiлердi ұстау үшiн; жұмысшылар мен қызметшiлер жұмыс орнында алатын тамақ үшiн олармен есеп айырысу бойынша; формалық киiм үшiн жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысу бойынша; мектептердiң жанындағы интернаттардағы балаларды тамақтандыру үшiн дебиторлық және кредиторлық берешектiң және басқа арнаулы есеп айырысудың сомасы көрсетiледi.
      173 "Бюджетке төлемдер бойынша есеп айырысу" атты қосалқы шотта активте артық аударылған төлемдердiң не қайтарылуға тиiс уақытша алынған ақшалай қаражаттың нәтижесiнде пайда болған бюджетке берешек көрсетiледi. Осы қосалқы шоттағы баланстың пассивiнде бюджетке жарна төленуге тиiс, бiрақ есептi кезеңнiң аяғында әлдебiр себептермен аударылмаған салықтардың сомасы, сондай-ақ бюджетке аударылуға тиiс басқа да сома көрсетiледi.
      174 "Депозиттiк сома бойынша есеп айырысу" атты қосалқы шотта мекеменiң уақытша иеленуiне түскен және белгiлi бiр жағдай басталғанда қайтарылуға тиiс ақшалай сома көрсетiледi.
      176 "Тапсырмалар бойынша шығынға алынған қаражат бойынша есеп айырысу" атты қосалқы шотта мекемелер мен ұйымдар түрлi тапсырмаларды орындағаны үшiн:
      қара және түстi металдардың сынығын жинағаны, қайталама шикiзаттың басқа да түрлерiн жинап, өткiзгенi үшiн алған қаражат бойынша есеп айырысу, мектептердiң оқушылар ұжымы тапқан қаражат және басқа мақсатты түсiмдер көрсетiледi.
      177 "Депоненттермен есеп айырысу" атты қосалқы шотта баланстың пассивiнде белгiленген мерзiмде алынбаған жалақы, стипендия, өтемақы, материалдық көмек және балаларға берiлетiн жәрдемақы сомасы көрсетiледi.
      178 "Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу" атты қосалқы дебиторлық және кредиторлық берешектiң сомасы, сондай-ақ оқу орындары студенттерi мен оқушыларының жатақхананы пайдаланғаны үшiн берешек көрсетiледi.
      179 "Жоспарлы төлемдер тәртiбiмен есеп айырысу" атты қосалқы шотта ұйымдармен тауар-материалдық құндылықтарды босату және қызметтер көрсету үшiн шартқа сәйкес жоспарлық төлемдер тәртiбiмен есеп айырысу бойынша берешектiң сомасы көрсетiледi.
      180 "Жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысу" және 181 "Стипендиаттармен есеп айырысу" атты қосалқы шоттарда есептелген жалақы, еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты берiлетiн жәрдемақы, баланы күткенi үшiн берiлетiн ай сайынғы жәрдемақы, сондай-ақ оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға берiлетiн стипендия сомасы көрсетiледi.
      Жұмысшылармен және қызметшiлермен қолма-қол ақшасыз аудару бойынша есеп айырысу (182-189) қосалқы шоттарында несиеге сатылған тауар үшiн жалақыдан ұсталған сома; халықтың банкiлерге салымдар бойынша шоттарға аударылған сома, ерiктi сақтандыру бойынша жарналар; кәсiподақтың мүшелiк жарналары; жеке қарыз алушылардың мiндеттемелерi бойынша банк мекемелерiнен және мекемелердiң өзiнен алынған несиенi өтеуге төленетiн жарналар; атқару құжаттары және басқа ұсталымдар бойынша төленетiн сома көрсетiледi.
      198 "Зейнетақы қорымен сақтандыру жарналары бойынша есеп айырысу" атты қосалқы шотта баланстық пассивiнде мекемелер мен ұйымдардың сақтандыру жарналары бойынша зейнетақы қорына берешек, ал баланстың активiнде Зейнетақы қорының осы жарналары бойынша берешек көрсетiледi.
      24. "Шығыс" бөлiмi
      200 "Мекеменi ұстау және басқа шаралар үшiн бюджет бойынша жұмсалған шығын" атты қосалқы шотта тоқсандық күнге арнап бюджеттен қаржыландыру есебiнен жұмсалатын нақты шығынның сомасы көрсетiледi.
      202 "Басқа бюджеттердiң есебiнен жұмсалатын шығын" атты қосалқы шотта мекемелер осы мекеменiң сметасында көрсетiлмеген шараларды орындау үшiн басқа бюджеттерден алған қаражат есебiнен жұмсалған шығын көрсетiледi.
      210 "Үлестiрмелi шығын" атты қосалқы шотта есептi кезеңнiң аяғында жұмыстардың белгiлi бiр түрiнде (объектiге) немесе бұйымдардың не өнiмнiң белгiлi бiр түрiнiң өзiндiк құнына тiкелей жатқызуға мүмкiн болмаған шығындар қалдықтарының сомасы көрсетiледi.
      211 "Арнаулы қаражат бойынша жұмсалған шығын" атты тоқсандық есептерде нақты шығынның сомасы көрсетiледi.
      213 "Басқадай қаражат бойынша шығын" атты қосалқы шотта бюджеттен тыс басқадай қаражат есебiнен жұмсалған шығын көрсетiледi.
      214 "Жаңа шаруашылық тетiгiндегi мекеменi ұстауға жұмсалған шығын" атты қосалқы шотта тоқсандық күнi бюджет қаражаты есебiнен де, тиiстi қорлар, материалдық және оларға теңестiрiлген шығын есебiнен де жұмсалған шығын көрсетiледi.
      215 "Бюджеттен тыс қорлар есебiнен жұмсалған шығын" атты қосалқы шотта әкiмдердiң жанынан құрылатын бюджеттен тыс қорлар есебiнен жұмсалған шығын көрсетiледi.
      217 "Өндiрiстiк қызмет қаражаты есебiнен жұмсалған шығын" атты қосалқы шотта оқу орындарының қарамағында тек есептiк тоқсандық күнi ғана қалдырылатын өндiрiстiк қызмет табысынан аударым есебiнен жұмсалған шығын сомасы көрсетiледi.
      220 "Валюталық қаражат есебiнен жұмсалған шығын" атты қосалқы шотта валюталық қордың қаражаты есебiнен жұмсалған нақты шығынның есебi жүргiзiледi.
      221 "Жердi қалпына келтiруге арналған қаражат есебiнен жұмсалған шығын" атты қосалқы шотта тоқсандық есеп күнiндегi қалдық көрсетiледi.
      25. "Күрделi құрылысқа жұмсалған шығын" бөлiмi
      040 "Орнатылатын жабдық" атты қосалқы шотта орнатылуға әзiр құрылыс конструкциялары мен бөлшектерi, сондай-ақ қондыруға арналған, құрастыруды қажет ететiн отандық және шетелдiк жабдық қалдықтарының сомасы көрсетiледi.
      041 "Күрделi құрылысқа арналған құрылыс материалдары" атты қосалқы шотта күрделi құрылысқа арналған және құрылыс пен монтаждау жұмыстары барысында пайдаланылатын қаражат есебiнен сатып алынған құрылыс материалдары қалдықтарының сомасы көрсетiледi.
      150 "Жеткiзушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысу" атты қосалқы шотта баланстың активiнде күрделi жұмсалымға арналып бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған құрылыс материалдары, конструкциялар мен бөлшектер, орнатылатын жабдық үшiн жеткiзушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысу бойынша пайда болған дебиторлық берешек көрсетiледi.
      208 "Бюджет бойынша күрделi жұмсалымға арналған шығын" атты қосалқы шотта жаңа құрылыстың және үйлер мен ғимараттарды жаңғыртудың аяқталмаған объектiлерi бойынша бюджет қаражаты есебiнен жұмсалған шығын, сондай-ақ аяқталған, бiрақ пайдалануға берiлмеген құрылыс пен жаңғырту объектiлерi бойынша және қайта бағалау есебiнен жұмсалған шығын көрсетiледi.
      212 "Күрделi жұмсалымға және жабдық сатып алуға арналған арнаулы қаражат бойынша жұмсалған шығын" атты қосалқы шотта аяқталмаған және аяқталғанымен пайдалануға берiлмеген құрылыс және жаңғырту объектiлерi бойынша, сондай-ақ жабдық сатып алуға жұмсалған арнаулы қаражат есебiнен жұмсалған шығын көрсетiледi.
      216 "Күрделi жұмсалымға арналған бюджеттен тыс қорлар есебiнен жұмсалған шығын" атты қосалқы шотта жергiлiктi әкiмшiлiк тер сондай-ақ Қазақстан Республикасының Министрлiктерi мен ведомстволары белгiленген тәртiппен құратын бюджеттен тыс қорлар есебiнен жұмсалған шығын көрсетiледi.
      26. "Қаржыландыру" бөлiмi.
      140 "Мекеменiң шығыны және басқа шаралар үшiн бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысу" атты қосалқы шотта бөлiнген қаржыны жоғарыда тұрған иеленушiлерден алынған бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысу, сондай-ақ қаржыландыруды көбейтетiн басқа операциялардан түскен сома көрсетiледi.
      230 "Мекеменiң шығыны және басқа шаралар үшiн бюджеттен қаржыландыру" атты қосалқы шотта есептi кезеңнiң аяғында бөлiнген қаржыны негiзгi иеленушi бюджеттен алған қаржыландару көрсетiледi.
      147 "Басқа бюджеттердiң есебiнен қаржыландыру бойынша есеп айырысу" атты қосалқы шотта басқа бюджеттердiң есебiнен кейбiр шараларды жүргiзу үшiн алынған қаржыландыру бойынша есеп айырысу көрсетiледi.
      236 "Ата-аналардың балалар мекемесiн ұстауға арналған қаражаты" атты қосалқы шотта ата-аналардан мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнде балаларды ұстау үшiн түскен қаражат есебiнен қаржыландыру көрсетiледi.
      238 "Мекемелердi ұстауға арналған басқадай қаражат" атты қосалқы шотта басқадай көздерден қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес қаржыландыру көрсетiледi.
      Жиынтық баланс жасалмастан бұрын бөлiнген қаражатты негiзгi иеленушiлер мен бөлiнген қаражатты төмендегi иеленушiлер қаржыландыру бойынша iшкi ведомстволық есеп айырысуды өздерiне бағынышты мекемелермен салыстыруға тиiс.
      Қарамағындағы мекемелердi қаржыландыру бойынша есеп айырысу шоттарындағы қалдықтар жоғары тұрған мекеменiң балансы активiнде қарамағындағы мекемелердiң балансы пассивiндегi қаржыландыру бойынша есеп айырысу шоттарындағы қалдыққа сайкелуге тиiс. Осы шоттар бойынша жиынтық баланстың активiндегi және пассивiндегi қалдықтар өзара шығарып тасталады.
      248 "Банк несиесi" атты қосалқы шотта банк мекемелерiнен қолданылып жүрген заңдарға сәйкес материалдық-техникалық базаны ұйымдастырып, ұлғайту және басқа мақсаттар үшiн алынған өтелмеген несиенiң қалдығы көрсетiледi.
      27. "Қорлар және мақсатқа арналған қаражат" бөлiмi.
      "Материалдық көтермелеу қоры, 241 "Бiрыңғай еңбекақы қоры", 246 "Өндiрiстiк және әлеуметтiк даму қоры" атты қосалқы шоттарды тиiстi қордың есептi кезең аяғында пайдаланылмаған қаражатының қалдықтары, сондай-ақ күрделi құрылысты қайта бағалау сомасы көрсетiледi.
      249 "Материалдық шығын және оған теңестiрiлген шығын" атты қосалқы шотта 2, 3, 4, 8, 9, 10, 14, 18, баптар бойынша шығын, несие үшiн процент және экономикалық санкциялар түрiнде төленiп қойған сома (сыйлық ақының барлық түрлерiнен және материалдық көмек көрсетуден басқа) көрсетiледi.
      "Негiзгi құрал-жабдықтағы қор" атты қосалқы шотта негiзгi құрал-жабдық қорына жұмсалуының мекеменiң қарамағындағы тозуды шегерiп тастағандағы сомасы көрсетiледi.
      020 "Негiзгi құрал-жабдықтың тозуы" атты қосалқы шотта мекемеге тиесiлi негiзгi құрал-жабдықтың тозуының жалпы сомасы көрсетiледi.
      021 "Бейматериалдық активтердiң тозуы" атты қосалқы шотта кәсiпорынға мекемеге тиесiлi бейматериалдық активтердiң тозуы мен жалпы сомасы көрсетiледi.
      260 "Арзан бағалы және тозғыш заттар қоры" атты қосалқы шотта кәсiпорынның тiкелей иеленуiндегi арзан бағалы және тозғыш заттардың құнына тең сома көрсетiледi.
      270 "Бiрыңғай қаржы қаражаты қоры" атты қосалқы шотта есептi күнгi бюджеттен түскен, орындалған жұмыс (қызмет) үшiн ұзақ мерзiмдi экономикалық нормативтер бойынша бөлiнген, шаруашылықты жүргiзудiң жаңа жағдайына көшiрiлген мекемелердiң өндiрiстiк қызметiне орай алынған дайын өнiмдi өткiзуден түскен сома көрсетiледi. Жыл аяғында шот бойынша қалдық болмауға тиiс.
      271 "Орталықтандырылған қорлар және қаржы резервтерi" атты қосалқы шотта жоғары тұрған органдар орталықтандырылған даму және қаржы резервтерi қоры көрсетiледi.
      272 "Бюджеттен тыс қорлар" атты қосалқы шотта жергiлiктi әкiмшiлiктер Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары тұратын қорлар көрсетiледi.
      273 "Валюта қорлары" атты қосалқы шотта валюта қорының қозғалысы есептеледi.
      274 "Бағалы қағаздар түрiндегi қорлар" атты қосалқы шотта Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi Мемлекеттiк Комитетi арқылы мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк акциялар пакетiнiң құны сомасының қозғалысы есептеледi.
      "Жердi қалпына келтiруге арналған қаражат қоры" атты қосалқы шотта Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi алған ауыл шаруашылық өндiрiсi ысырабының орнын толтыру сомасының қозғалысы көрсетiледi.
      28. "Өнiм өткiзу және табыс" бөлiмi.
      280 "Өндiрiстiк (оқу) шеберханаларының бұйымдарын өткiзу" және "281 "Қосалқы оқу ауыл шаруашылықтарының өнiмдерiн өткiзу" атты қосалқы шоттар бойынша қалдықтар тоқсандық есептi күнi кредит бойынша - пайда сомасын, дебет бойынша - өткiзуден келтiрiлген залалды көрсетедi.
      282 "Шарт бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру" атты қосалқы шотта орындалған ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстардың және шарт бойынша көзделген құн бойынша төленуге тиiс тапсырыс берушiлерге ұсынылған шоттардың құны көрсетiледi.
      400 "Арнаулы қаражат бойынша кiрiс" атты қосалқы шотта қолданылып жүрген ережелерге сәйкес мекеменiң иеленуiндегi және бекiтiлген сметаларға сәйкес белгiлi бiр мақсатқа жұмсалатын арнаулы қаражат бойынша кiрiс көрсетiледi.
      402 "Кәсiптiк-техникалық училищелердiң өндiрiстiк қызметiнен түскен табыс" атты қосалқы шотта өндiрiстiк оқу шеберханалар қызметiнен алынған табыс және кәсiпорындар мен ұйымдарда оқушылардың өндiрiстiк практикасынан алынып, оқу базасын кеңейту оқушыларға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудi жақсарту, үздiк оқушыларды көтермелеу және қызметкерлерге сыйлық ақы беру үшiн оқу орындарының иеленуiне түскен қаражат көрсетiледi.
      410 "Пайда мен залал" атты қосалқы шотта қосалқы (оқу) ауылшаруашылықтарының және өндiрiстiк (оқу) шеберханаларының өнiмдерiн, бұйымдарын өткiзуден және қызмет көрсетуiнен алынған нәтижелер көрсетiледi.
      29. "Күрделi құрылысты қаржыландыру" бөлiмi
      231, 143 "Күрделi жұмсалымды бюджеттен қаржыландыру" атты қосалқы шоттарда министрлiктер мен ведомстволардың, бюджетте тұрған мекемелер қаражатының қалдықтары көрсетiледi.
      151 "Жеткiзушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысу" атты қосалқы шотта баланс пассивiнде күрделi жұмсалымға арналып бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынатын құрылыс материалдары конструкциялар, бөлшектер және орнатылатын жабдық, т.б. үшiн жеткiзушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысу бойынша пайда болған кредиторлық берешек көрсетiледi.
      230, 231 (150 және 143) қосалқы шоттар бойынша бюджеттен қаржыландыру сомасының қозғалысы туралы анықтама.
      30. Бұл анықтама баланста көрсетiлген бюджеттiк қаржыландыру сомасын жоғары тұрған мекеменiң деректерiмен салыстыруға арналған.
      Анықтаманың 3 және 4 (дебет) бағаналарында мыналар көрсетiледi:
      810 "Үмiтсiз борыштар есептен шығарылды" және 820 "Мекеме есебiнен қабылданған материалдардың жетiспеушiлiгi есептен шығарылды" деген жолдарда - үмiтсiз борыштың және мекеме есебiнен есептен шығарылған материалдар жетiспеушiлiгiнiң сомасы Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлiк есеп пен есептемеге сәйкес көрсетiледi;
      4-бағананың 840-жолында 203-қосалқы шот бойынша шығынның есептен шығарылуы қайта бағалауды ескере отырып көрсетiледi;
      881-жолда 840-жолдағы сомадан қайта бағалау анықтамалық түрде көрсетiледi (246 қосалқы шот);
      Бос жолдарда - дебет бойынша басқа жазбалар көрсетiледi.
      Анықтаманың 7 және 8-бағаналарында (кредит) мыналар көрсетiледi:
      890 "Жыл басындағы қалдық" деген жолда - 230 және 231 (140 және 148) қосалқы шоттар бойынша қаражаттың жыл басындағы қалдығы көрсетiледi;
      900 "Жабылған және керi шақырып алынған несиенi ескере отырып жыл (тоқсан) бойына несие ашылды" деген жолда - есептi кезең iшiнде бюджеттен алынған қаражаттың сомасы көрсетiледi, бұл орайда есептi жылы жоғары тұрған мекеменiң немесе қаржы органының өкiмiмен жабылған және керi шақырып алынған сома шегерiп тасталады;
      910 "Артық материалдар кiрiске алынды" деген жолда - түгендеу кезiнде анықталған артық материалдар мен тамақ өнiмдерiнiң сомасы көрсетiледi;
      920 "Жоғары тұрған иеленушi несиенi осы мекеменiң сметасы есебiнен орталықтандырылған тәртiппен төлеуi" деген жолда - жоғарғы тұрған мекемеден алынған материалдардың құны, сондай-ақ жоғары тұрған мекеме төмендегi мекеменiң сметасы есебiнен орталықтандырылған тәртiппен төлеген басқа төлемдердiң сомасы көрсетiледi;
      930 "Негiзгi құрал-жабдық және арзан бағалы заттар шотынан материалдар шотына аударылды" деген жолда - негiзгi құрал-жабдық арзан бағалы және тозғыш заттар шоттарынан материалдар шотына аударылған заттардың құны көрсетiледi;
      940 "Бағамдағы айырма" деген жолда - валюта шотына есептелген бағандағы айырма сомасы көрсетiледi;
      950 "Аяқталмаған өндiрiстi индекстеу" деген жолда - аяқталмаған өндiрiстi қайта бағалау сомасы көрсетiледi;
      960 жолда - несие бойынша басқа жазбалар көрсетiледi;
      980 "Шот бойынша жыл (тоқсан) аяғындағы қалдық" деген жолда - ағындағы есеп шоттарын қорытындылағаннан кейiн қаржыландыру шотының есептi күнгi қалдығының сомасы көрсетiледi;
      Жаңа шаруашылық тетiгiне көшкен мекемелер "230 және 231 (140 және 143) қосалқы шоттар бойынша бюджеттен қаржыландыру сомасының қозғалысы туралы" балансқа тiркелетiн анықтаманы, егер оларға банк мекемелерiндегi есеп айырысу шотымен қатар бюджеттiк ағымдағы шоттар ашылған болса, тек Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетi бойынша ғана толтырады.
 
                    Нысан 2 (00503008) - Мекемелердiң шығыс
                      сметаларының атқарылуы туралы есеп
      31. "Нысан 2 "Мекемелердiң шығыс сметасының атқарылуы туралы есеп" әлеуметтiк-мәдени және басқа мекемелер мен шаралар, мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары, соттар мен прокуратура, бюджет есебiнен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу мекемелерi, т.б. бойынша әзiрленедi.
      Нысан 2 бөлiмдер, тауарлар мен параграфтар бойынша, бюджеттiк жiктелiм баптарына орай әзiрленедi.
      "Жылға арналған смета бойынша бекiтiлдi" деген 4-бағанада бекiтiлген сметаға сәйкес жылдық тағайындама белгiленген тәртiп пен тұжырымдалған өзгерiстердi ескере отырып көрсетiледi. "Есептi кезеңге арналған смета бойынша бекiтiлдi" деген 5-бағанада мекемелер тоқсандық сметалық тағайындаманы жоғары тұрған мекеме бекiткен үдемелi жиынымен есептi кезеңде болған, белгiленген тәртiппен тұжырымдалған өзгерiстердiң бәрiн ескере отырып көрсетедi.
      Жылдық есепте 5-бағана толтырылмайды.
      "Кассалық шығын" деген 6-бағанада кассалық шығын, яғни банкiдегi бюджеттiк ағымдағы есептерден чектер, төлем тапсырмалары мен басқа құжаттар бойынша iрiктелiп алынған сома көрсетiледi, бұл орайда кассалық шығынды қалпына келтiру үшiн банкке енгiзiлген сома шегерiп тасталады.
      "Нақты шығын" деген 7-бағанада бюджеттiк жiктелiмнiң барлық баптары бойынша сметаның атқаруына байланысты тек есептi кезеңнiң ғана нақты шығыны көрсетiледi.
      6 және 7-бағаналарда сондай-ақ есептi кезеңде күрделi жұмсалымда банк арқылы қаржыландыру үшiн жұмсалған кассалық және нақты шығын да көрсетiледi.
      Осы мекеменiң, ұйымның штатында тұрмайтын, азаматтық-құқықтық шарт талап тары негiзiнде жұмыстарды орындауға тартылатын адамдардың еңбегiне ақы төлеуге арналған жалақы 1-бап бойынша 2 нысанда көрсетiлуге және сонымен бiрге 152-жолда көрсетiлуге тиiс.
      2-нысанда мыналар анықтамалық түрде көрсетiледi:
      - "Оқу орындарының оқушыларынан түскен төлемақы" деген 190-жолда - оқу орындарының оқушылар мен студенттерi жатақханада тұрғаны үшiн төлеген сома көрсетiледi.
      - "Мекемелердi ұстауға арналған басқадай қаражат түсiмi" деген 200-жолда - 238 "Мекемелердi ұстауға арналған басқадай қаражат" атты қосалқы шот бойынша есептелген сома көрсетiледi.
      Мақсатты шараларды өткiзу үшiн бөлек шотқа арнап басқа бюджеттен мекеме алған қаражаттың есебiнен жұмсалған шығын бойынша "мекемелердiң шығыс сметасының атқарылуы туралы есеп" атты 2-нысан бойынша бөлек есеп әзiрленедi. Бұл есеп қаражат бюджеттiк қаражатты иеленушi белгiлеген мерзiмде алынған осы иеленушiге жiберiледi.
      Нысан 2 Кассалық және нақты шығын есебiнiң тиiстi тiзiмдемелерiнiң деректерi негiзiнде толтырылады.
 
                    2-1 Нысан (0503008) - Шаруашылықты жүргiзудiң
                    жаңа жағдайына көшiрiлген мекеменiң кiрiс және
                    шығыс сметасының атқарылуы туралы есеп
      32. Шаруашылықты жүргiзудiң жаңа жағдайына көшiрiлген өндiрiстiк емес саланың мекемелерi кiрiс пен шығыс сметасының атқарылуы туралы есептi 2-1 нысан бойынша әзiрлейдi.
      2-1 нысан есебiнiң "Табыс" деген бiрiншi бөлiмiнде 010-жолда есеп айырысу шотындағы ақшалай қаражаттың жыл басындағы қалдығы, 020 жолында - есеп айырысу шотына есептi кезең iшiнде түскен барлық қаражат, соның iшiнде 030-жолда - бюджеттен нормативтер бойынша түскен қаражат көрсетiледi.
      040-жолда мекемелердi министрлiктердiң және ведомстволардың, немесе жеке кәсiпорындардың орталықтандырылған қаражаты есебiнен ұстауға арналып түскен қаражат көрсетiледi.
      050-090-жолдарда мекемелер халыққа ақылы қызметтер көрсетуден, кәсiпорындармен және ұйымдармен жасасылған шарттар бойынша орындалған жұмыстан алынған қаражат, сондай-ақ өнiм өткiзуден түскен ақша көрсетiледi.
      100-110-жолдарда үкiметтiң шешiмiмен бюджет қаражаты есебiнен де, кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражаты есебiнен де жүргiзiлген орталықтандырылған және жоспардан тыс шараларға арналып қосымша бөлiнген қаражат көрсетiледi.
      120-жолда жоғары тұрған мекеменiң қаржы резервiнен (орталықтандырылған қордан) түскен қаражат көрсетiледi.
      Есептiң екiншi бөлiмiнде 140-290-жолдарында мекеменiң барлық қаржыландыру көздерiнiң есебiнен жұмсалған шығыны; кассалық шығын - қорлар бойынша және жалпы материалдық шығын мен оған теңестiрiлген шығын бойынша; нақты шығын - қорлар, материалдық шығын және оған теңестiрiлген шығын бойынша және бюджеттiк жiктелiмнiң баптары бойынша көрсетiледi. 300-жолда "Кассалық шығын" атты 6-бағанада есеп айырысу шотында есептi жылдың аяғындағы ақшалай қалдығы көрсетiледi (6-бағананың 010-жолы плюс 020, 050, 100, 120, 130-жолдары минус 290-жолы).
 
                    Нысан 2-2 (0503308) - 100 "Халық шаруашылығы"
                    бөлiмi бойынша шығыс сметасының атқарылуы
                    туралы есеп
      33. 100 есептеме бөлiмi бойынша қаржыландыру алатын министрлiктер, мекемелер, кәсiпорындар "100 "Халық шаруашылығы" бөлiмi бойынша шығыс сметасының атқарылуы туралы есеп" атты 2-2 нысанның 24 үрделi жұмсалым; 27 "Жобалау", 30 "Мемлекеттiк дотация", 31 "Операциялық шығын", 32 "Басқадай шығын", 42 "Күрделi жөндеу" баптары бойынша әзiрлейдi.
      Өзгерiстердi ескере отырып, жылға арналған смета бойынша бекiтiлдi "деген - бағанада жылдық тағайындама бекiтiлген сметаға сәйкес және белгiленген тәртiппен тұжырымдалған өзгерiстердi ескере отырып көрсетiледi.
      "Кассалық шығын" деген 5-бағанада банкiдегi бюджеттiк ағымдағы

 

шоттардан iрiктеп алынған сома көрсетiледi, бұл орайда кассалық шығынды

қалпына келтiру үшiн банкiге енгiзiлген сома шегерiп тасталады.

     "Нақты шығын" деген 6-бағанада нақты шығын нысанда көрсетiлген баптар

бойынша көрсетiледi.


                   Нысан 2-Д (0503508) - Жол қоры қаражатының

                   пайдаланылуы туралы есеп

     34. Жол қоры есебiнен қаржыландыру алатын министрлiктер, мекемелер,

кәсiпорындар "Жол қоры қаражатының пайдаланылуы туралы есеп" атты 2-Д

нысанын әзiрлейдi.

     010-055-жолдарда жол қоры жұмсалған шығын көрсетiледi.

     051-055-жолдарда басқадай шығынның саралануын көрсетiледi.

     080, 090-жолдарда қаржыландыру көздерi көрсетiледi.

     3-бағанада лимит көрсетiлген, 4-5-бағаналарда орындалуы

көрсетiлiп, жұмыстың құны мен нақты өзiндiк құны нұсқалады.

     Жылдық нысанда 6, 7, 8-бағанада шығынды нақты өзiндiк құн бойынша

жатқызу сараламасы көрсетiледi.


                   Нысан 2-ОН (0503408) - Жер қойнауын қорғау

                 және минералдық шикiзат базасын ұдайы жаңғырту

                 қоры қаражатының түсуi мен жұмсалуы туралы есеп

     35. Жер қойнауын қорғау қорының есебiнен қаржыландыру алатын

министрлiктер, мекемелер, кәсiпорындар "Жер қойнауын қорғау және

минералдық шикiзат базасын ұдайы жаңғырту қоры қаражатының түсуi мен

жұмсалуы туралы есеп" атты 2-ОН нысанын әзiрлейдi.

     010-012-жолдарда қаражаттың түсуi, ал 020-030-жолдарда - қор

қаражатының мақсатты пайдаланылуын көрсетiледi.


                   Нысан 2-ОП (0503808) - Қазақстан Республикасының

                      Табиғат қорғау қоры қаражатының түсуi мен

                         мен жұмсалуы туралы есеп

     36. Табиғат қорғау қорынан қаржыландыру алатын министрлiктер,

мекемелер, кәсiпорындар, "Қазақстан Республикасының Табиғат қорғау қоры

қаражатының түсуi мен жұмсалуы туралы есеп" атты 2-ОП нысанын әзiрлейдi.

     010-жолда қаражаттың қорғау түсуi көрсетiледi, барлығы Республикалық

және жергiлiктi бюджетке бөлiнiп көрсетiледi.

     020-090-жолдарда қаражаттың су көздерi көрсетiледi.

     100-жолда Республикалық және жергiлiктi бюджеттен нақты қаржыландыру

сомасы көрсетiледi.

     120-230-жолдарда қор қаражатының шығыны 2,3-бағаналарда республикалық

бюджет есебiнен, 4, 5-бағаналарда жергiлiктi бюджет есебiнен бөлiнiп

көрсетiледi.


                   Нысан 2-ПП (0503708) - Қазақстан Республикасының

                       кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекенi дамыту

                    қоры қаражатының түсуi мен жұмсалуы туралы есеп

     37. Кәсiпкерлiктi қолдау қоры есебiнен қаржыландырылатын

министрлiктер, мекемелер, кәсiпорындар "Қазақстан Республикасының

кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекенi дамыту қоры қаражатының түсуi мен

жұмсалуы туралы есеп" атты 2-ПП нысанның есебiн әзiрлейдi.

     010-жолда қор қаражатының түгел түсуi, ал 020-070-жолдарда осы түскен

қаражаттың көздерi көрсетiледi.

     080-жолда - осы қорды бюджеттен нақты қаржыландыру көрсетiледi.

     090-130-жолдарда қор қаражатының қандай мақсаттарға жұмсағаны

көрсетiледi.


                   Нысан 2-С3 (0503608) - Мемлекеттiк жұмыспен

                    қамтуға жәрдемдесу қоры қаражатының түсуi

                          мен жұмсалуы туралы есеп

     38. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры есебiнен қаржыландырылатын

министрлiктер, мекемелер, кәсiпорындар "Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға

жәрдемдесу қоры қаражатының түсуi мен жұмсалуы туралы есеп" атты 2-С3

нысанның есебiн әзiрлейдi.

     010-жолда қор қаражатының түскен сомасы, 020 жолда бюджеттен нақты

қаржыландыру көрсетiледi.

     030-110-жолдарда қор қаражатының аталған шараларға жұмсалуы

көрсетiледi.


                   Нысан 3-Штаттар мен контингенттер жөнiндегi

                   жоспардың орындалуы туралы есеп


 
       39. Әрбiр кәсiпорын штаттар мен контингенттер жөнiндегi жоспардың орындалуы туралы есептi салалық белгiсiне қарай өзiне қатысты нысан мен көрсеткiштер бойынша осы нұсқаулықтың 2 және 3 тармақтарына сәйкес толтырады.
      40. Нысан ЗДС (0503034) - Мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiн ұстау жөнiндегi есепте "Қаражаттың жыл басындағы қалдығы" деген 010-жолда есептi жылдың аяғындағы өткен жылғы есептен ауысқан қалдықтар көрсетiледi. Есептi кезеңнiң басындағы (010-жол) және аяғындағы (150-жол) қаражат қалдығының сомасына банктердiң көшiрмесi бойынша ақшалай қаражаттың, материалдар мен тамақ өнiмдерiнiң қалдықтары, сондай-ақ барлық баланстық шоттар бойынша дебиторлық берешектiң (ата-аналардың берешегiнен басқа) сомасы енедi, бұл орайда кредиторлық берешек сомасы шегерiп тасталады.
      040-жолда есептi жылы мектеп жасына дейiнгi балалар мекемесiн ұстау үшiн бюджеттен түскен барлық сома, яғни түскен бюджет қаражатының сомасы көрсетiледi, бұл орайда керi шақырып алынған және жабылған қаражат шегерiп тасталады. Есебi орталықтандырылған мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi бойынша осы жолда кассалық шығынның сомасы ата-аналар төлемiнiң түсуi (нақты алынған сома) және басқадай көздерден түскен қаражат көрсетiледi.
      080-жолда қаржыландырудың барлық көздер есебiнен жұмсалған нақты шығынның жалпы сомасы көрсетiледi.
      140 жолда тек маусымдық мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң желiсi бойынша ғана жұмсалған нақты шығын көрсетiледi.
      Мектеп жасына дейiнгi тұрақты балалар мекемелерiнiң жазғы сауықтыру шараларына арналған шығын мектеп жасына дейiнгi тұрақты балалар мекемелерi желiсi бойынша жұмсалған шығынның сомасына енгiзiледi және 140-жолда көрсетiлмейдi.
      160-жолда бюджеттiк ағымдағы шотта есептi кезеңнiң аяғындағы ақшалай қаражат қалдығы көрсетiледi, бұл қалдық, егер есеп орталықтандырылмаған болса, банкiнiң үзiндi көшiрмесiмен салыстырылады. Орталықтандырылған бухгалтериялар бұл соманы толықтырмайды.
      41. Нысан N ЗСЛ/М (0503035) санаторийлiк-орман мектебiн және балалардың жетi жылдық музыка мектебiн ұстау жөнiндегi есептi санаторийлiк-орман мектептерi және балалардың жетi жылдық музыка мектептерi әзiрлейдi.
      Осы нысанда "Қаражаттың жыл басындағы қалдығы" деген 010 жолда есептi кезеңнiң аяғындағы, өткен жылғы есептен ауыстырылған қалдықтар көрсетiледi.
      Есептi кезеңнiң жыл басындағы (010-жол) және жыл аяғындағы (120-жол) қаражат қалдығының сомасына банкiлердiң үзiндi көшiрмесi бойынша ақшалай қаражаттың, материалдар мен тамақ өнiмдерiнiң қалдықтары, сондай-ақ дебиторлық берешек сомасы барлық баланстық шоттар бойынша енгiзiледi (ата-аналардың берешегiнен басқа), бұл орайда кредиторлық берешек шегерiп тасталады.
      040-жолда мекемелердi ұстау үшiн есептi жылы бюджеттен түскен бүкiл сома көрсетiледi, ал есебi орталықтандырылған мекемелерде осы жолда кассалық шығын сомасы, ата-аналар көлемiнiң түсуi, сондай-ақ басқадай көздерден түскен қаражат көрсетiледi.
      060-жолда қаржыландырудың барлық көздерi есебiнен жұмсалған нақты шығынның жалпы сомасы көрсетiледi.
      180-жолда бюджеттiк ағымдағы шотта есептi кезеңнiң аяғындағы ақшалай қаражат қалдығы көрсетiледi, бұл қалдық орталықтандырылмаған есепте банкiнiң үзiндi көшiрмелерiне сай келедi. Орталықтандырылған бухгалтериялар жүргiзетiн есепте бұл жол толтырылмайды.
      42. Нысан 3-19 (0503032) Басқадай мекемелер мен шаралар бойынша штаттар мен контингенттер жөнiндегi жоспардың орындалуы туралы есептi балалармен мектептен тыс жұмыс жөнiндегi мекемелер мәдени-ағарту мекемелерi және мамандандырылған нысандар көзделмеген басқа мекемелер, сондай-ақ арнаулы қаражатта тұрған мекемелер арнаулы қаражаттың әрбiр түрi бойынша әзiрлейдi.
      Бұл мекемелер жиынтық есептердi мекемелердiң кейбiр түрлерi бойынша әзiрлейдi.
      3-19-нысан бойынша бюджеттiк мекемелердiң орталықтандырылған бухгалетрияларын ұстау жөнiндегi есептер әзiрленедi.
      43. Селолық жерлердегi мектептер-бала бақшалар бойынша есеп 3-5 (0503016) нысан бойынша жалпы бiлiм беретiн мектептерден бөлек, сондай-ақ мектептердiң жанындағы интернаттар бойынша әзiрленедi.
      Жыл басындағы көрсеткiштер бойынша есептiк деректер өткен жылғы есеппен келiсiлуге тиiс. Алшақтық болған жағдайда жылдық есепке түсiндiрме жазбахатта түсiнiк берiледi.
      Штаттар мен контингенттер жөнiндегi жоспардың орындалуы туралы есепте қаржы көрсеткiштерi тек нақты шығын бойынша ғана келтiрiледi.
      Қалған нысандарды мекемелер КСРО Мемлекеттiк бюджет тұрған мекемелер мен ұйымдардың КСРО Қаржы министрлiгiнiң 1975 жылғы 14 қыркүйектегi N 84 хатында хабарланған желi, штаттар мен контингенттер жөнiндегi жоспардың орындалуы туралы есептердi толтыруы жөнiндегi әдiстемелiк нұсқауларға сәйкес толтырады.
 
                    Нысан 4 (0503041) - Арнаулы қаражат бойынша
                       сметаның атқарылуы туралы есеп
      44. N 4 нысанда арнаулы қаражаттың бiр түрi болған жағдайда арнаулы қаражат бойынша кiрiс пен нақты табыс көрсетiледi. Тапсырмалар бойынша сома, сондай-ақ депозиттiк сома бұл нысанға енгiзiлмейдi.
      Арнаулы қаражаттың бiрнеше түрлерi бар мекемелердiң есептерi, сондай-ақ бөлiнген қаржыны негiзгi иеленушiлердiң жиынтық есептерi арнаулы қаражаттың әрбiр түрiне қарай жеке-жеке көп бағаналы N 4 жиынтық нысан (Нысан қодының N 0503042) бойынша әзiрленедi.
      4-бағанадағы 010 және 170-жолдарда арнаулы қаражат қалдықтарының жыл басындағы және есептi кезеңнiң аяғындағы жалпы сомасы тиiсiнше (ақшалай қаражат, материалдар мен дебиторлық берешек көрсетiледi, ал кредиторлық берешек шегерiп тасталады), "соның iшiнде ақшалай қаражаттың қалдықтары" деген 3 және 4-бағаналарда бөлiп көрсетiледi.
      Жиынтық нысанда бұл көрсеткiш тек "Барлығы" деген бағаналарда ғана бөлiнедi.
      030-жолда арнаулы қаражат бойынша есептi кезеңдегi табыс түсiмдерiнiң сомасы көрсетiледi, бұл орайда қайтарылған табыстың сомасы шегерiп тасталады.
      050-жолда арнаулы қаражат бойынша шығынның жалпы сомасы соның iшiнде "Жалақы қоры (еңбекке ақы төлеу)" (I-бап), "Кеңсе және шаруашылық шығыны" (3-бап), "Жабдық пен құрал-сайман сатып алу" (12-бап) деген бағаналарға бөлiп көрсетiледi. 120-жолда штатта тұрмайтын адамдардың еңбегiне төленген жалақы көрсетiледi.
      Арнаулы қаражаттың кiрiсi мен шығысы бойынша көрсеткiштер арнаулы қаражат есебi тiзiмдемесiнiң деректерi негiзiнде толтырылады.
      Шаруашылықты жүргiзудiң жаңа жағдайына көшiрiлмеген, бiрақ ақылы қызметтер үшiн қаражат алатын мекемелер осы қаражат үшiн "Арнаулы қаражат бойынша сметаның атқарылуы туралы есеп" атты N 4 нысан бойынша есеп бередi.
 
                    Нысан 4а - Бюджеттен тыс басқадай қаражат
                  (0503141) - Бюджеттен тыс басқадай қаражаттың
                          қозғалысы туралы есеп
      45. Н 4а нысанда есептеменiң қолда бар нысандарына енбеген бюджеттен тыс басқадай қаражат бойынша кiрiс пен нақты шығыс көрсетiледi.
      3, 5, 7, 9, 12, 14, 16, 18, 20-бағаналарда смета бойынша бекiтiлген тиiстi түрдегi бюджеттен тыс қаражат көрсетiледi.
      4, 6, 8, 10, 13, 15, 17, 19, 21-бағаналарда бюджеттен тыс қаражаттың тиiстi түрдегi шығысының нақты атқарылуы көрсетiледi. 22 және 23-бағаналар - қорытынды бағаналар.
      010-жолда бюджеттен тыс басқадай қаражаттың жыл басындағы қалдықтары, ал 160-жолда жыл аяғындағы қалдықтары көрсетiледi.
      020-жолда бюджеттен тыс басқадай қаражат бойынша кiрiстiң түсiмi көрсетiледi.
      030-жолда бюджеттен тыс басқадай қаражат бойынша есептi кезеңдегi кiрiс түсiмдерiнiң сомасы көрсетiледi, бұл орайда қайтарылатын табыстың сомасы шегерiп тасталады.
      040-жолда бюджеттен тыс қаражат бойынша барлық шығын көрсетiледi, әрi қарай шығындардың атаулары 050-150-жолдарға ажыратылады.
 
                    Нысан 4-н (0503046) - Ғылыми-зерттеу жұмыстары
                       бойынша көлемнiң орындалуы туралы есеп
      46. 4-н нысанды бюджетте тұрған барлық ғылыми ұйымдар әзiрлейдi, сондай-ақ қаржыландыру мен шаруашылықты жүргiзудiң жаңа жағдайындағы ғылыми ұйымдар да әзiрлейдi. 090-120-жолдарды тек қаржыландырудың жаңа жағдайына көшкен мекемелер ғана толтырады.
 
                    Нысан 4-п - тапсырмалар бойынша (0503241)
               Тапсырмалар бойынша соманың қозғалысы туралы есеп
      47. Бұл нысанда ескертiлген мерзiмде тиiстi мақсатқа пайдалану үшiн түскен, тапсырмаларды орындау кезiнде жұмсалған немесе "Қазақ КСР-iнiң Республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнде тұрған мекемелердiң бюджеттен тыс қаражатын жоспарлау, пайдалану және есептеу тәртiбi туралы" Қазақ КСР Қаржы министрлiгiнiң 1982 жылғы 27 мамырдағы N 27 бұйрығына сәйкес

 

тапсырмаларды орындау үшiн келесi жылға қалдырылған "Тапсырмалар бойынша

сома" қаражатының қозғалысы көрсетiледi.

     3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-бағаналарда қаражат түрлерi көрсетiледi,

10-бағана - қорытынды бағана.

     010-жолда тапсырмалар бойынша барлық соманың жыл басындағы

қалдықтары, 020-жолда атқарылу және қайтарылу мерзiмi әлi бiтпеген

тапсырмалар бойынша соманың қалдығы көрсетiледi.

     030-жолда - тапсырмаларды орындауға арналған қаражаттың түсуi

көрсетiледi.

     060-жолда - барлық жұмсалған шығын көрсетiледi, соның iшiнде

орындалуы ағымдағы есептi жылмен шектелмейтiн тапсырмалар бойынша сома

ажыратылып көрсетiледi.

     140-жолда есептi жылы атқарылған қаражаттың сомасы көрсетiледi және

ақшалай қаражаттың пайдаланылмаған қалдықтары тапсырушыға ағымдағы жылдың

31 желтоқсанына дейiн қайтарылуға тиiс.

     160-жолда - тапсырмалар бойынша соманың қалдығы көрсетiледi.


                   Нысан 5 (0503051) - Негiзгi қаражаттың, қозғалысы

                             туралы есеп


 
       48. N 5 нысанда негiзгi құрал-жабдықтың жыл басындағы және аяғындағы құны (010-019) "Журнал-басты кiтап" деген кiтаптың қосалқы шоттары бойынша және барлық негiзгi құрал-жабдықтың жалпы құны көрсетiледi.
      Сонымен бiрге бұл нысанда негiзгi құрал-жабдықтың қозғалысы көрсетiледi, бұл орайда оның алыну көздерi мен iстен шығу себептерi көрсетiледi.
      Негiзгi қорлардың (құрал-жабдықтың) қайта бағалануына байланысты аталған нысанда N 170 бос жолда негiзгi құрал-жабдықты қайта бағалаудың нәтижелерi бойынша оның құнының көбеюi сомасы, тозуды индекстеу сомасы көрсетiледi.
 
                    Нысан 6 (0503053) - Материалдық құндылықтардың
                      қозғалысы туралы есеп
      49. N 6 нысанның бiрiншi бөлiмiнде материалдар мен тамақ өнiмдерiнiң жылдың басындағы және аяғындағы құны, сондай-ақ есептi жылы мекеменiң мұқтаждарына жұмсалған материалдар мен тамақ өнiмдерiнiң құны көрсетiледi.
      Бұл нысанда материалдар мен тамақ өнiмдерiнiң қозғалысы көрсетiледi және "Өткiзiлдi" деген 191-жолда қосымша жазу жазылады.
 
                    Нысан 15 (0503078) - Бюджеттiк мекемелердiң
                 ақшалай қаражаты мен материалдық құндылықтарының
                     жетiспеушiлiгi мен ұрлануы туралы есеп
      50. N 15 нысанда 010-жолда жетiспеушiлiк пен ұрлану бойынша берешектiң жылдың басындағы қалдығы көрсетiледi, бұл қалдық өткен жылғы осы нысанның 060-жолына сәйкес келуге тиiс.
      020-жолда ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың анықталған жетiспеушiлiгi мен ұрлануы сомасы, сондай-ақ есептi жылы жүргiзiлген тексерiстер, тексерулер және түгендеулер кезiнде анықталған материалдық құндылықтардың бүлiнуiнен болған және кiнәлi адамдардың есебiне жатқызылған ысыраптың сомасы көрсетiледi.
      030-жолда соттың шешiмiмен кiнәлi адамдардың мойнына жазылған сома көрсетiледi.
      040-жолда келтiрiлген зиянның орнын толтыру үшiн кiнәлi адамдардан өндiрiп алынған сома көрсетiледi.
      050-жолда кiнәлi адамдардың төлеуге қабiлетi жоқтығы салдарынан және басқа себептермен мекеменiң есебiнен есептен шығарылған жетiспеушiлiктердiң сомасы көрсетiледi.
      060-жолда берешектiң жыл аяғындағы қалдығының сомасы көрсетiледi. 010 және 060-жолдарда көрсетiлген берешек қалдықтарының сомасы 1-нысандағы баланстың "Жетiспеушiлiктер бойынша есеп айырысу" атты қосалқы шотында тиiсiнше 3 және 4-бағаналарда көрсетiлген сомаларға сай болуға тиiс.
 
                    Бюджет бойынша шығыс сметасының атқарылуы
                      туралы айлық есеп - 1 мм атты нысанды
                          толықтыру тәртiбi туралы
      51. Жергiлiктi бюджеттерде тұрған мекемелер және мұндай мекемелерге қызмет көрсететiн орталықтандырылған бухгалтериялар шығыс сметасының атқарылуы туралы айлық есептеменi 1-мм нысан бойынша әзiрлейдi.
      1-мм нысанның "Шығыс" атты бiрiншi бөлiмiнде мыналар көрсетiледi:
      "Есептi кезеңге арналып бөлiнген қаржы" деген 1-бағанада - бекiтiлген жылдық смета бойынша бюджеттен бөлiнген сома тоқсан-тоқсанға бөлiнiп, белгiленген тәртiппен енгiзiлген өзгерiстердi ескере отырып көрсетiледi. Бұл орайда әрбiр тоқсанның және айлары бойынша өзгерiстердi ескере отырып, тоқсандық қаржының бүкiл сомасы көрсетiледi. Мысалы, қаңтар, ақпан айларындағы есептерде 1-тоқсанға арналып бөлiнген қаржы көрсетiледi, ал сәуiрдегi есептерде - 1 және 2-тоқсанға арналып бөлiнген қаржы көрсетiледi.
      Күрделi жұмсалымды қаржыландыру бойынша және банк арқылы жүзеге асырылатын басқа да шаралар бойынша 1-бағанада бюджеттен аударылған қаражаттың сомасы көрсетiледi.
      "Жыл басынан бергi кассалық шығын" деген 2-бағанада - кассалық шығынның сомасы, яғни банкiлердегi ағымдағы шоттардан чектер, төлем тапсырмалары және басқа құжаттар бойынша iрiктеп алынған сома көрсетiледi, бұл орайда қаражаттың орнын толтыру үшiн банкiге енгiзiлген сома шегерiп тасталады.
      1 және 2-бағаналарда деректер жыл басынан бергi үдемелi қорытындымен берiледi.
      1-мм нысанның бiрiншi бөлiмiнде банк мекемелерi арқылы төленетiн шығын бойынша деректердi бөлiнген қаржыны иеленушiлер жалпы параграф бойынша толтырады, бұл орайда жалақыға арналған шығын бөлiп көрсетiледi.
      Бөлiнген қаржыны негiзгi иеленушiлер 1-мм нысанның бiрiншi бөлiмiн әрбiр бөлiм бойынша жеке-жеке толтырады, бұл орайда тиiстi тауарлар мен параграфтар және жалақыға арналған шығын бөлiп көрсетiледi.
      Күрделi жұмсалымға және басқа шараларға арналған шығын 1-мм нысанында мекеменiң шығысынан кейiн жеке-жеке көрсетiледi.
      1-мм нысанының "Ағымдағы шоттағы қаражаттың қозғалысы туралы мәлiмет" деген екiншi бөлiмде мыналар көрсетiледi:
      "Жылдың басындағы қалдық" деген 1-бағанада - осы шоттарда тұрған мекемелердiң бюджеттiк қаражатының жыл басындағы қалдықтарының сомасы көрсетiледi;
      "Жыл басынан берi түскенi" деген 1-бағанада - жоғарыда тұрған мекемеден немесе тiкелей қаржы органынан жыл басынан берi ағымдағы шотқа түскен сома көрсетiледi (керi шақырып алынған сома шегерiп тасталады).
      "Есептi кезеңдегi кассалық шығын деген 3-бағанада - есептi кезеңдегi

 

кассалық шығынның сомасы, яғни ай бойына банкiдегi ағымдағы шоттардан

iрiктеп алынған қаражаттың сомасы көрсетiледi, бұл орайда қаражаттың орнын

толтыру үшiн банкiге енгiзiлген сома шегерiп тасталады.

     "Ақшалай қаражаттың есептi ай аяғындағы қалдығы" деген 4-бағанада

ағымдағы шоттардағы бюджеттiк қаражаттың айдың аяғындағы қалдығы

көрсетiледi. Бұл сома банкiлердiң үзiндi көшiрмесi бойынша деректерге

сәйкес келуге тиiс.


     Қазынашылық бас басқармасының

     орынбасары


     Бюджет жүйесi бойынша

     әдiстемелiк жұмыс бөлiмiнiң

     бастығы

                                              Қазақстан Республикасы    

                                               Қаржы министрлiгiнiң

                                           1994 жылғы 30 желтоқсандағы    

                                            N 329 бұйрығымен бекітілген

                                                   Нұсқаулығына

                                                   N 1 қосымша


            Бюджетте тұрған мекемелер мен ұйымдардың жылдық,

              тоқсандық және айлық есептемесi нысандарының

                                   Тiзбесi

---------------------------------------------------------------------

       Нысан нөмiрлерi       !

-----------------------------!

жылдық! жылдық! тоқсан! айлық!       Нысан атаулары

және  !       ! дық   !      !

тоқсан!       !       !      !

дық   !       !       !      !

---------------------------------------------------------------------

   1  !   2   !   3   !   4  !                  5

---------------------------------------------------------------------

1    !       !       !      !Бюджеттен қаржыландыру сомасының

      !       !       !      !қозғалысы туралы анықтама қоса

      !       !       !      !тiркелген шығыс сметасының атқарылуы

      !       !       !      !балансы

2    !       !       !      !Мекемелердiң шығыс сметасының атқарылуы

      !       !       !      !туралы есеп

2-1  !       !       !      !Шаруашылықты жүргiзудiң жаңа жағдайына

      !       !       !      !көшiрiлген мекеменiң кiрiс және шығыс

      !       !       !      !сметасының атқарылуы туралы есеп

2-2  !       !       !      !100 "Халық шаруашылығы" бөлiмi бойынша

      !       !       !      !шығыстың атқарылуы туралы есеп              

      !       !       !      !

      !2-Д    !  2-Д  !      !Жол қоры қаражатының пайдаланылуы туралы

      !       !       !      !есеп

2-ПП !       !       !      !Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiктi

      !       !       !      !қолдау және бәсекенi дамыту қоры

      !       !       !      !қаражатының түсуi мен жұмсалуы туралы

      !       !       !      !есеп

2-СЗ !       !       !      !Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

      !       !       !      !қоры қаражатының түсуi мен жұмсалуы

2-ОН !       !       !      !Жер қойнауын қорғау және минералдық

      !       !       !      !шикiзат қорын ұдайы жаңғырту қоры

      !       !       !      !қаражатының түсуi мен жұмсалуы туралы

      !       !       !      !есеп

2-ОП !       !       !      !Қазақстан Республикасының табиғат қорғау

      !       !       !      !қоры қаражатының түсуi мен жұмсалуы

      !       !       !      !туралы есеп

3-1  !       !       !      !Мемлекеттiк басқару органдары, соттар,

      !       !       !      !прокуратура, ғылыми-зерттеу мекемелерi

      !       !       !      !бойынша штаттар мен контингенттер

      !       !       !      !жөнiндегi жоспардың орындалуы туралы

      !       !       !      !есеп

3-2  !       !       !      !Даярлау және бiлiктiлiктi көтеру

      !       !       !      !мекемелерi бойынша штаттар мен

      !       !       !      !контингенттер жөнiндегi жоспардың

      !       !       !      !орындалуы туралы есеп

      !3-4    !3-4    !      !Денсаулық сақтау және әлеуметтiк

      !       !       !      !қамсыздандыру мекемелерi бойынша шарттар

      !       !       !      !мен контингенттер жөнiндегi жоспардың

      !       !       !      !орындалуы туралы есеп

      !3-5    !3-5    !      !Жалпы бiлiм беретiн бастауыш, толық

      !       !       !      !емес орта (тоғыз жылдық) және орта,

      !       !       !      !кешкi (ауысымдық) сырттай оқытатын

      !       !       !      !орта мектептер, мектеп-интернаттар,

      !       !       !      !арнаулы мектептер, балабақша-мектептер,

      !       !       !      !мектептердiң жанындағы интернаттар

      !       !       !      !бойынша штаттар мен контингенттер

      !       !       !      !жөнiндегi жоспардың орындалуы туралы

      !       !       !      !есеп

      !3-8    !       !      !Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу

      !       !       !      !мекемелерiнде ғылыми кадрларды даярлау

      !       !       !      !жоспарының орындалуы туралы есеп

      !3-12   !3-12   !      !Жетiмханалар мен ерекше режимдегi

      !       !       !      !мектеп-интернаттар бойынша штаттар

      !       !       !      !мен контингенттер жөнiндегi жоспардың

      !       !       !      !орындалуы туралы есеп

      !3-18   !3-18   !      !Аграрлық-өнеркәсiптiк кешеннiң бюджеттiк

      !       !       !      !мекемелерi бойынша штаттар мен

      !       !       !      !контингенттер жөнiндегi жоспардың

      !       !       !      !орындалуы туралы есеп

      !3-19   !3-19   !      !Басқадай мекемелер бойынша штаттар мен

      !       !       !      !контингенттер жөнiндегi жоспардың

      !       !       !      !орындалуы туралы есеп

3-дс !       !       !      !Мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiн

      !       !       !      !ұстау жөнiндегi есеп

3сл/м!       !       !      !Санаторий-орман және балалардың жетi

      !       !       !      !жылдық музыка мектебiн ұстау жөнiндегi

      !       !       !      !есеп

4    !       !       !      !Арнаулы қаражат бойынша сметаның

      !       !       !      !атқарылуы туралы есеп

4 (жиы!       !       !      !Арнаулы қаражат бойынша сметаның

нтық) !       !       !      !атқарылуы туралы (жиынтық) есеп

4а-бюд!       !       !      !Бюджеттен тыс басқадай қаражаттың

жеттен!       !       !      !қозғалысы туралы есеп

тыс   !       !       !      !

      !4б     !       !      !Жалпыға бiрдей бiлiм беру қоры

      !       !       !      !қаражатының түсуi мен жұмсалуы туралы

      !       !       !      !анықтама

      !4в     !       !      !Валюта қоры қаражатының және сырттан

      !       !       !      !тартылған валюта қаражатының қозғалысы

      !       !       !      !туралы есеп

      !4н     !       !      !Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жұмыс

      !       !       !      !көлемiнiң орындалуы туралы есеп

4п    !       !       !      !Тапсырмалар бойынша соманың қозғалысы

      !       !       !      !туралы есеп

4-13  !       !       !      !Iшкi iстер органдары жүйесiнiң бюджеттiк

      !       !       !      !мекемелерi

      !5      !       !      !Негiзгi қаражаттың қозғалысы туралы есеп

      !6      !       !      !Материалдық құндылықтардың қозғалысы

      !       !       !      !туралы есеп

      !8 (бюдж!       !      !Мемлекеттiк бюджетте тұрған мекемелер

      !еттiк) !       !      !мен органдар бойынша басқару аппаратын   

      !       !       !      !және қызмет бабындағы жеңiл автомобильдердi

      !       !       !      !жұмсалатын шығын туралы есеп

      !8 (жиын!       !      !Мемлекеттiк бюджетте тұрған мекемелер мен

      !тық)   !       !      !органдар бойынша басқару аппаратын және

      !       !       !      !қызмет бабындағы жеңiл автомобильдердi

      !       !       !      !ұстауға жұмсалатын шығын туралы жиынтық

      !       !       !      !есеп

      !15     !       !      !Бюджеттiк мекемелерде ақшалай қаражат пен

      !       !       !      !материалдық құндылықтардың жетiспеушiлiгi

      !       !       !      !мен ұрлануы туралы есеп

99-АПК!       !       !      !Бюджеттен бөлiнген қаражаттың жұмсалуы

      !       !       !      !туралы есеп

      !       !       !1-мм  !Бюджет бойынша шығыс сметасының атқарылуы

      !       !       !      !туралы айлық есеп

------------------------------------------------------------------------ 

                                             Қазақстан Республикасы    

                                               Қаржы министрлiгiнiң

                                           1994 жылғы 30 желтоқсандағы    

                                            N 329 бұйрығымен бекітілген

                                                   Нұсқаулығына

                                                     2 қосымша


            Мекемелердiң шығыс сметаларының атқарылуы туралы

              жылдық және тоқсандық бухгалтерлiк есептердiң

             нысандары бойынша негiзгi көрсеткiштердi келiсу

                          СЫЗБА  НҰСҚАСЫ

------------------------------------------------------------------------

    Тексерiлетiн көрсеткiш          !      Онымен келiсiлетiн көрсеткiш

------------------------------------------------------------------------

               I                    !                   II

------------------------------------------------------------------------

     Нысан N 1 "Шығыс сметасының       Нысан N 1 "Шығыс сметасының

         атқарылуы балансы"                атқарылуы балансы


1. 3 және 4-бағананың 010-жолы плюс  1. Тиiсiнше 3 және 4-бағананың

   011-жолы                             530-жолы плюс 540-жолы плюс

                                        541-жолы

2. 3 және 4-бағанының 080-бағанасы   2. Тиiсiнше 3 және 4-бағананың

                                        550-жолы

3. 4-бағананың 150-жолы плюс 180-жолы3. 4-бағананың 740-жолы плюс

   плюс 390-жолы плюс 400-жолы плюс     750-жолы

   410-жолы плюс 420-жолы (тоқсандық

   есеп)

4. 3-бағананың 450-жолы              4. 7-бағананың 890-жолы

5. 4-бағананың 450-жолы              5. 7-бағананың 980-жолы

6. 3-бағананың 750-жолы              6. 8-бағананың 890-жолы

7. 4-бағананың 750-жолы              7. 8-бағананың 980-жолы



                                       Нысан N 2 "Мекемелердiң шығыс



                                        сметасының атқарылуы туралы

                                                есеп"



 
8. 3-бағананың 330-жолы минус 8. 2-нысанның 7-бағанасының

 

   3-бағананың 330-жолы (тоқсандық      140-жолы плюс 2-2-нысанның

   есеп)                                6-бағанасының 080-жолы плюс

                                        2-д нысанның 4-бағанасының

                                        060-жолы плюс 2-сз нысанның

                                        3-бағанасының 120-нысаны плюс

                                        2-он нысанның 3-бағанасының

                                        020-жолы плюс 2-оп нысанның

                                        3-бағанасының 110-жолы плюс

                                        2-пп нысанның 3-бағанасының

                                        140-жолы

9. 7-бағананың 900-жолы минус        9. 2-нысанның 6-бағанасының 140-жо

   4-бағананың 140-жолы (тоқсандық      лы плюс 2-2 нысанның 5-бағанасы

   есеп)                                ның 080-жолы (2-д, 2-сз, 2-он,

                                        2-оп, 2-пп нысандарда есеп әзiр

                                        лейтiн министрлiктер мен

                                        ведомстволардан басқа)

10.3-бағананың 850-жолы плюс         10.7-бағананың 140-жолы

   4-бағананың 330-жолы минус

   3-бағананың 330-жолы (жылдық

   есеп)

11.7-бағананың 900-жолы минус        11.2-нысанның 6-бағанасының

   3-бағананың 830-жолы (жылдық        140-жолы плюс 2-2-нысанның

   есеп)                               5-бағанасының 080-жолы (2-д,

                                        2-сз, 2-он, 2-оп, 2-пп

                                        нысандарда есеп әзiрлейтiн

                                        министрлiктер мен ведомствола

                                        рдан басқа)

12.3-бағананың 850-жолы плюс         12.2-нысанның 7-бағанасының

   4-бағананың 330-жолы минус           140-жолы плюс 2-2-нысанның

   3-бағананың 330-жолы (жылдық         6-бағанасының 080-жолы плюс 2-д

   есеп)                                нысанның 4-бағанасының 060-жолы   


                                        плюс 2-сз нысанның 3-бағанасының

                                        120-нысаны плюс 2-он нысанның

                                        3-бағанасының 020-жолы плюс

                                        2-оп нысанның 3-бағанасының

                                        140-жолы плюс 2-пп нысанның

                                        3-бағанасының 140-жолы

13.8-бағананың 900-жолы минус        13.2-нысанның 6-бағанасының

   4-бағананың 150-жолы (тоқсандық      170-жолы плюс 2-2-нысанның

   есеп)                                5-бағанасының 010-жолы

14.4-бағананың 420-жолы минус        14.2-нысанның 7-бағанасының

   3-бағананың 420-жолы (тоқсандық      170-жолы плюс 2-2-нысанның

   есеп)                                6-бағанасының 010-жолы

15.8-бағананың 900-жолы минус        15.2-нысанның 6-бағанасының

   4-бағананың 830-жолы (жылдық         170-жолы плюс 2-2-нысанның

   есеп)                                5-бағанасының 010-жолы

16.4-бағананың 840-жолы плюс         16.2-нысанның 7-бағанасының

   4-бағананың 420-жолы минус           170-жолы плюс 2-2-нысанның

   3-бағананың 420-жолы (жылдық         5-бағанасының 010-жолы

   есеп)



                                     Нысан N 4 "Арнаулы қаражат



                                     бойынша сметаның атқарылуы

                                         туралы есеп"



 
17.3 және 4-бағананың 720-жолы 17.Тиiсiнше 4-бағананың 010-жолы

 

   (жылдық есеп)                        және 170-жолдары

18.3 және 4-бағананың 200-жолы       18.Тиiсiнше 4-бағананың 020 және

                                        180-жолдары

19.4-бағананың 720-жолы минус        19.4-бағананың 030-жолы минус

   3-бағананың 720-жолы (тоқсандық      130-жолы

   есеп)

20.4-бағананың 100-жолы плюс         20.4-бағананың 050 жолы

   4-бағананың 360-жолы минус

   3-бағананың 360-жолы (тоқсандық

   есеп)



                                     Нысан N 4-В "Валюта қоры



                                     қаражатының және сырттан тартылған

                                     валюталық қаражаттың қозғалысы

                                            туралы есеп"



 
21.3 және 4-бағананың 534-жолы 21.Тиiсiнше 3-бағананың 010 және
                                         120-жолдары 22.4-бағананың 534-жолы минус 22.3-бағананың 020-жолы
    3-бағананың 534-жолы (тоқсандық
    есеп) 23.4-бағананың 375-жолы минус 23.3-бағананың 040-жолы
    3-бағананың 375 жолы (тоқсандық
    есеп)
 

                                     Нысан N 4-П-тапсырмалар бойынша



                                     "Тапсырмалар бойынша соманың

                                      қозғалысы туралы есеп"



 
24.3 және 4-бағананың 620-жолы 24.Тиiсiнше 10-бағананың 010 және
                                         160-жолдары
 

                                     Нысан N 5 "Негiзгi құрал-жабдықтың



                                     қозғалысы туралы есеп"



 
25.3 және 4-бағананың 010-жолы 25.Тиiсiнше 3 және 4-бағананың
                                         120-жолы
26.3 және 4-бағананың 011-жолы 26.Тиiсiнше 3 және 4-бағананың
                                         121-жолы
 

                                     Нысан N 6 "Материалдық



                                     құндылықтардың қозғалысы туралы

                                     есеп"



 
27.3 және 4-бағананың 070-жолы 27.Тиiсiнше 3 және 4-бағананың
                                         150-жолы
 

                                     Нысан N 7 "Бюджеттiк мекемелерде



                                     ақшалай қаражат пен материалдық

                                     құндылықтардың жетiспеушiлiгi

                                     мен ұрлануы туралы есеп"



 
28.3 және 4-бағананың 280-жолы 28.Тиiсiнше 3-бағананың 010 және

 

                                        060-жолы


            Нысан N 3-2 "Кадрларды даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру

             мекемелерi бойынша штаттар мен контингенттер жөнiндегi

               жоспардың орындалуы туралы есеп"

29.4 және 5-бағананың 090, 240,      29.Тиiсiнше 4 және 5-бағананың

   340-жолдары                          030, 040, 050-жолдардың

                                        қосындысы минус 060, 070, 080

                                        жолдар (күндiзгi оқыту

                                        бойынша); 180, 190, 200-жолдардың

                                        қосындысы минус 210, 220,

                                        230-жолдар (кешкi оқыту бойынша)

                                        280, 290, 300-жолдар минус

                                        310, 320, 330-жолдар (сырттай

                                        оқыту бойынша)


            Нысан N 3-8 "Жоғары оқу орындарында және ғылыми зерттеу

              мекемелерiнде ғылыми кадрларды даярлау жоспарының

                     орындалуы туралы есеп"

30.3 және 4-бағананың 060, 120,     30.Тиiсiнше 3 және 4-бағаналардағы

   180-жолдары                          010-жол плюс 020-жол минус 030

                                        және 050-жолдар (өндiрiстен

                                        қол үзiп оқитын аспирантура

                                        бойынша); 070-жол плюс 080-жол

                                        минус 090, 110-жолдар

                                        (өндiрiстен қол үзбей оқитын

                                        аспирантурада); 130-жол плюс

                                        140-жол минус 150, 170-жолдар

                                        (доктарантура бойынша); 190-жол

                                        плюс 200-жол минус 210 және

                                        220-жол (ординатура бойынша)


            Нысан N 3-ДС "Мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiн

                            ұстау жөнiндегi есеп"

31.5-бағананың 150-жолы              31.5-бағананың 010-жолы плюс

                                        040-жолы минус 030, 080,

                                        140-жолдары плюс 070-жолы


            Нысан N ЗСЛ/М "Санаторийлiк-орман және балалардың жетi

                жылдық музыка мектебiн ұстау жөнiндегi есеп"

32.5-бағананың 120-жолы              32.010-жол плюс 030-жол минус

                                        060-жол


            Нысан N 4 "Арнаулы қаражат бойынша сметаның атқарылуы

                             туралы есеп"

33.4-бағананың 170-жолы              33.4-бағананың 010-жолы плюс

                                        030-жолы плюс 040-жолы минус

                                        050-жолы минус 120-жолы минус

                                        140-жолы минус 150-жолы минус

                                        160-жолы


            Нысан N 4-П - тапсырмалар бойынша "Тапсырмалар бойынша

                        соманың қозғалысы туралы есеп"

34.10-бағананың 160-жолы             34.10-бағананың 010-жолы плюс

                                        030-жолы минус 060-жолы


            Нысан N 5 "Негiзгi құрал-жабдықтың қозғалысы

                         туралы есеп"

35.3-бағананың 120-жолы              35.Тиiсiнше 3 және 4-бағананың

                                        010-жолы плюс 030-жолы плюс

                                        040-жолы плюс 050-жолы плюс

                                        060-жолы плюс 070-жолы плюс

                                        080-жолы плюс 090-жолы плюс

                                        100-жолы плюс 110-жолы

36.4-бағананың 120-жолы плюс         36.3-бағананың 120-жолы плюс

   121-жолы                             121-жолы плюс 3-бағананың    

                                        130-жолы минус 180-жолы


            Нысан N "Материалдық құндылықтардың қозғалысы туралы

                                есеп"

37.3, 4, 5-бағаналардың 150-жолы     37.Тиiсiнше 3, 4, 5-бағаналардың

                                        010-140-жолдарының қосындысы

                                        (080-жолдан басқа)

38.4-бағананың 150-жолы              38.3-бағананың 150-жолы плюс

                                        3-бағананың 160-жолы минус

                                        180, 210-жолдары

39.3-бағананың 060-жолы              39.3-бағананың 010-жолы плюс

                                        020-жолы минус 040-жолы минус

                                        050-жолы





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады