Әдiстемесi Халықтан құндылықтар сатып алу жөнiндегi тауартанушыларға арналған бағалы металдардан жасалған бұйымдарды, олардың сынықтарын және осы металдардың қорытпаларын сыннан өткiзу

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгi 1994 жылғы 24 қарашадағы N 48. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1995 жылғы 8 маусымда тіркелді. Тіркеу N 69.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2005 жылғы 26 қазандағы N 361   бұйрығымен .

---------------Бұйрықтан үзінді-------------

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210 қаулысымен бекiтiлген Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпанда Жолдауын iске асыру жөнiндегi Жалпы ұлттық iс-шаралар жоспарын орындаудың Желiлiк кестесiнiң 58-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 1995 жылғы 8 маусымда тiркелген "Асыл металдардан жасалған бұйымдарды, сынықтарды және қоспаларды сынамалау және бағалау жөнiндегi халықтан құндылықтарды сатып алу бойынша тауар меңгерушiсiне арналған әдiстеме" Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң 1994 жылғы 24 қарашадағы N 48 бұйрығының...
      2. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң 
      орынбасары - 
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және сауда министрі
----------------------------------------------

     Халықтан құндылықтарды сатып алуды зергерлiк бұйымдар мен олардың сынықтарын саннан өткiзу бойынша техминимум тапсырған тауартанушылар жүзеге асырады. 
     Тауартанушы-сатып алушы зергерлiк бұйымдарға деген iс жүзiндегi стандарттар мен техникалық шарттарды зерделеп алуға тиiс. 
     Тауартанушы-сатып алушы өз жұмысында нормативтiк құжаттарды басшылыққа алып отыруға, сондай-ақ өзiнiң қызметiн регламентациялайтын арнаулы нұсқамалармен танысуға тиiс. 
     Тауартанушы - сатып алушы тапсырушыға өзiнiң шешiмiн ойлап алуға мүмкiндiк туғызу үшiн ұсынылған бұйымдарды бағалау жөнiнде алдын-ала консультациялар беруден бас тартпауға тиiс. 
     Бағалы металдардан жасалған бұйымдарды аспаптық әдiстер мен химиялық реактивтердi қолдану арқылы сыннан өткiзу. 
     Сатып алу пункттерiнде бағалы металдардан жасалған бұйымдар мен олардың сынықтары бағалы металдардың сынамасына (метрлiк немесе караттық) қарамастан қабылдана бередi. 
     Бағалы металдарды сыннан өткiзу үшiн аспаптық әдiстер де ("Спектор Х-тест" рентген спектрометрлерi), химиялық әдiстер де (химиялық реактивтер) қолданылады. 
     1. Бағалы металдардан жасалған бұйымдарды химиялық реактивтермен сынап көру. 
     Барлық ұсынылған құндылықтарды таңбасына қарамастан химиялық реактивтердi пайдалану арқылы сыннан өткiзуге болады. 
     Бұйымдар, анардың бөлшектерi мен сынықтары боялған, ақталған, бағалы металл жалатқан, лас болып қалған немесе май тамған болуы мүмкiн, сондықтан сыннан өткiзу алдында оларды тазалау қажет. 
     Бұл мақсат үшiн мына аспаптардың болуы қажет: шаберлер, надорильдер және майда кертiктi егеулер. Қорытпадағы бағалы металл мөлшерi бұйымның тазаланған жерiне тиiстi реактивтiң бiр тамшысын тамызу (тамшыны пайдалану Әдiсi) арқылы анықталады. 
     Сынама реактивтерi дәлме-дәл құрамда болады және бұларды тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық банкi мемлекеттiк сыныптама бақылау инспекциясы дайындайды. 
     Жұмыста тамшылық Әдiстi (химиялық реактивтер) пайдаланған кезде мыналарды есте сақтау қажет: 
     1. Реактивтердi пайдаланған-кезде химиялық күйiкке ұшырап қалмау үшiн реактивтердiң терi мен шырышеті қабықтарға тиiп кетуiнен сақ болу қажет. 
     2. Қолданылатын реактивтердiң температурасы үй iшiндегi температурадай (18-20 C) болуға тиiс және реактивтердiң әрбiр жарты жыл сайын жаңартылып тұрылуы қажет. 
     3. Реактив құйылған әрбiр кiшкентай шыны сауыт жапсырмамен немесе оның мақсатын көрсететiн жазбамен (583 сынама реактивтi т.т) жабдықталуға тиiс.
     4. Жұмыс реактивтерi шыны таяқшалармен жабдықталған тамызғыштарға арналған шұңқырлар бар пеналдарда сақталады.
     5. Реактивтер тұнбасыз болуға тиiс.
     6. Запас реактивтер нығыздап жабылатын тығындары бар күнгiрт шыныдан жасалған флакондарда сақталады.
     Құнды металдардың қорытпаларын сыннан өткiзуде мына төмендегi реактивтер қолданылады.
     1. Алтынның қорытпалары үшiн:
     - хлорлы алтынның ерiтiндiсi - 600 сынамаға дейiнгi алтын қорытпаларын сынап көру үшiн;
     - қышқыл реактивтерi - 375, 500, 750,900 және 958 сынамалы қорытпаларды сынап көру үшiн.
     2. Күмiстiң қорытпалары үшiн:
     - екi хром қышқылды калий ерiтiндiсi (хромпик) - 600 сынамадан жоғары күмiс қорытпаларын сынап көру үшiн;
     - азот қышқылды күмiс ерiтiндiсi - 50, 875, 916, 925, 960 сынамалы күмiстi сыннан өткiзу үшiн;
     - сынау жерiндегi алтынға арналған 500 С реактивтi тамшылап қосқан екi хром қышқылды калий ерiтiндiсi _____ төмен сортты күмiстiң қорытпалары үшiн.
     3. Платинаның қорытпалары үшiн:
     - йодты калий ерiтiндiсi мен алтын қорытпаларына арналған 958 сынамалы реактив-платинаны сынап көру үшiн.

Хлорлы алтын ерiтiндiсiмен сынап көру

     Реактивтiң түрi сары, 600 сынамадан төмен бұйымдарды сынап көру үшiн қолданылады, тамған жерiнде әралуан ренкiдегi дақтар қалдырады:
     - 583/585 сынамалы алтында - ақтыл - қоңыр дақ;
     - 500 сынамалы алтында - күңгiрт-сағырт дақ;
     - 375 сынамалы алдында-жасыл дақ;
     - 333 сынамалы алтында-күңгiрт-жасыл дақ.

Қышқыл реактивтерiмен сынап көру

     Алтын қорытпаларын сынап көру үшiн 333, 375, 500, 750, 900, 958 сынамаларға сай стандартты қышқыл реактивтерi белгiленген. 
     Осы реактивтер тиiстi сынамалы алтын қорытпаларына әсер өткен жағдайда олардың беттерiне қара күрең реңкiлi ақшыл дақ қалады. Ең төменгi сынамалы бұйымдарда қараю интенсивтiлiгi арта бередi. 

Күмiс қорытпаларын сынап көру

     1. Екi хром қышқылды калий ерiтiндiсi (хромпик): 
     - сынамасы 600 сынамадан жоғары күмiс қорытпаларынан жасалған бұйымдар мен олардың сынығын сынап көру үшiн қолданылады, күңгiрт-қызыл дақ қалдырады, бұл орайда қорытпаның сынамасы жоғарылаған сайын дақтың интенсивтiгi арта бередi. 
     2. Азот қышқылды күмiс ерiтiндiлерi - 500, 750, 800, 875, 916, 925, 960 сынамалы күмiс қорытпаларын сынап көру үшiн. Осы ерiтiндiлердi қолданған кезде болар-болмас ақ-сұр қатпар пайда болады, оның қалыңдығы сынаманың төмендеуiне қарай сұркүлгiн түске дейiн үдейедi. 
     3. Осымен қатар сынамасы 750 сынамадан төмен бұйымдар хромпикпен бiрге 500 сынамалы алтынға арналған реактивтiң тамшысын сынауға түскен бұйымның бетiне тамызу арқылы сыннан өткiзiледi. Хромпиктен пайда болатын қызыл қатпар сынамасы 750 сынамадан төмен күмiстiң бар екендiгiн көрсетедi. 

Платинаны сынап көру 

     Зергерлiк платина бұйымдары, әдеттегiдей, 950 сынамалы қорытпадан жасалады Қорытпаны сынап көру үшiн йодты калий ерiтiндiсi қолданылады 950 сынамалы платинаға реактив әсер етпейдi, ал ақ алтын қорытпаларында ерекше күңгiртқоңыр дақ қалдырады осы жағдай платинаның қорытпасын ақ алтынның қорытпасынан айыра тануға мүмкiндiк бередi. 
     Бұл реактив Ni, Сч элементтерiне бай темiр қорытпаларына әсер етпейдi. Реактив жолағы ерiп кетедi. 

Палладийдi сынап көру

     Йодты калий ерiтiндiсi қолданылады: 850 сынамалы бұйымдарда ашық қызыл дақ қалдырады, 500 сынамалыларда ашық қызыл-салыларда - ашық қызыл-сары дақ.
     Стомотологияда қолданылатын тот баспайтын құрыш пен СрПд 750, СрII д 810 қорытпаларын сынап көру.
     Сынап көру үшiн йодты калий реактивi қолданылады. Реактивтiң әсер етуiнен:
     - СрIIд750 қорытпасында ашық қызыл - сары дақ пайда болады;
     - СрIIд 810 қорытпасында күңгiрт - сұр дақ пайда болады;
     - тот баспайтын құрышта дақ қалмайды.
     Сүзгiш қағазбен реактивтi алып тастағаннан кейiн жоғарыда аталған қорытпаларда реактивтiң күңгiрт орны қалуға тиiс. Сыналып отырғандар бағалы емес металдар болып шыққан жағдайда сүзгiш қағазда қара дақ қалады.      

Бұйымдардың кейбiр түрлерiн бағалаудың
ыңғайын бiлу әдiстерi

     1. Бағалы емес элементтерi бар бұйымдар
     а) үрiлген (құр қуыс) бұйымдар - пышақтар, шанышқылар, сақиналар, сырғалар, бiлезiктер- ашылады және толтырғыш заттардан (канифорлы, бағалы емес металл) тазартылады; 
     б) көпүзбелi бұйымдар - шынжырлар, бiлезiктер: 
     - үзбелерiн қосу үшiн қолданылатын бағалы емес металдардан жасалған бөлшектерiн (серiппелер, мұрындықтар, бұлықтар және басқалар) айырып алуға мүмкiндiгi жоқ жағдайда салмақ кемiтпесiн жасау қажет (Кемiтпелер кестесi - N 2 Қосымша); 
     б) бiрнеше бөлiктен құрастырылған бұйымдар сағаттардың корпустары, тұмарлар, сән түймелер, шылым сауыттары, әмияндар, опа салғыштар, әйелдер сөмкелерi - бұндай бұйымдардың әрбiр бөлiгi сыннан өткiзiлуге тиiс, бағалы емес металдардан жасалған бөлшектерi алынып тасталады немесе бағалы емес металға салмақтық кемiтпе жасалады (кемiтпелер кестесi N 2 Қосымша); сонымен қатар бұйымның әрбiр бөлiгi бiрнеше жерден сыналып қабылданады; 
     в) қол айналар фотосуретке арналған кәсектер, хрусталь құмыралардың жиектерi, ризалар, окладтар, шырақдандар, шамдалдар-бұйымдардан металл емес заттардан (шыны, ағаш, металл өзектерi, майдың қалдықтары т.т.) немесе бағалы емес металдардан жасалған құрамдық бөлiктерi алынып тасталады құрамдық бөлiктерi мен жалпы салмағының арақатынасына қарай кемiтпе жасалады. 

2. Эмаль жалатқан және қарайтылған бұйымдар 

     Сатып алуға тамақ iшетiн үстелдi жабдықтауға арналған эмальдi бұйымдар (шай және кофе қасықтар, ыстақан сауыттар, сәндiк жиынтықтар және басқалар), сондай-ақ иконалардың окладтары, шылым сауыттар, рөмкелер, әтiрлер мен иiс суларға арналған флакондар, тұмарлар ұсынылады - эмальға кемiтпе эмаль жалатылған жерiнiң ауданына қарай әрбiр нақты жағдайда жеке жасалады. 
     Қарайтылған суретi бар бұйымдардың қарайтуына салмақтық кемiтпе жасалмайды. 
     Бұйымдардың кейбiр түрлерiне баға қоюдың ерекшелiктерi. 
     Тауартанушы - сатып алушы сатып алу пунктiне көркемдiк немесе тарихи құндылық болып табылатын бұйымдардың да ұсынылуы мүмкiн екендiгiн есте сақтай отырып, әрбiр бұйымды жеке тұрғыдан бағалауға тиiс. 
     Революцияға дейiнгi фирмалардың атақты шеберлерiнiң аты жазылған бұйымдарды бөлшектеуге немесе егеуге болмайды, сыннан өткiзудi ұқыпты түрде тәптiштеп терiс жағынан жасау қажет. 
     Аталған бұйымдар алдынала баға қойылғаннан кейiн буылып-түйiледi және құндылықтардың сатушысымен есеп айырысу және одан әрi сараптамадан өткiзiлу үшiн Қазақстан Республикасы ұлттық банкiнiң Мемқазынасына жiберiледi. 

Құрастырылған бiлезiктер 

     Платина мен алтыннан, паладий мен алтыннан, күмiс пен алтыннан жасалып шығарылады - әрбiр бағалы металл бұйымдағы үлестiк салмағы бойынша бағалануға тиiс. 
     Бұндай үлгiдегi бұйымдарға, негiзгi және қосымша таңбалар қойылады. Мысалға, 583 сынама (алтын) және 850 сынама (екi есе) паладий немесе 950 сынама - платина. 
     Бағалы металдардың әрқайсысының салмағын анықтау үшiн бұйым бөлшектенедi (мұражай құндылығы болып табылатын бұйымдарды қоспағанда). 
     Қаптамасы бағалы металдан жасалған бiлезiктер үзбелерде алтын немесе күмiстi жұқа қабат етiп жалатқан бағалы емес металл жаншып қақталған - мұндай бiлезiктер бағалы мен металдың салмағын дұрыстықпен анықтауға мүмкiншiлiгi жоқтықтан сатып алынуға жатпайды. 

Сағаттардың корпустары 

     Корпустарда таңба болмаған жағдайда Сыныптама бақылау инспекциясы бұйымның әрбiр бөлiгiн сыннан өткiзедi. Бағалы емес металдардан жасалған элементтерiне кемiтпе жасалады мұрындықтарға, серiппелерге т.т. (Кемiтпелер кестесi - N 2 Қосымша). Барлық бағалы емес металдардан жасалған ондай айырып алынатын бөлiктер - құрсаудағы құрт пластинкалар, кептер, төлкелер және шендер - мүмкiндiгi бойынша алынып тасталады, ал сағаттың тетiгi құндылықтарды тапсырушыға қайтарылады. 
     Бұрын сағаттар платина алтыннан, палладий мен алтыннан жасалып құрастырылған корпустарда шығарылатын. Паладийден (ақ түстi) жасалған корпустың түбiнде қысқартылған конус суретi мен "500" деген таңба бар. 
     Платинадан (ақ түстi) жасалғанының "950" деген таңбасы бар. Бөлшектерiн айырып алып, баға қоюды бағалы металдың әрбiр түрi бойынша жүргiзуi қажет. 

Шылым сауыттар, әмияндар, шиландар 

     Күмiс бұйымдардың "2 қалпақшасымен" деген таңбалары барлары 750 сынамаға, ал "3 қалпақшасымен" деген таңбалылары 800 сынамаға сәйкес келедi. Егер бұйым 835 таңбалы болса және 800 сынамалы реактивке төзiмдi келсе, оны 800 сынама бойынша қабылдау қажет. 
     Эмальдi бұйымдарға эмаль жалатқан ауданына қарай салмақтық кемiтпе жасалады. Сондай-ақ, егер жоғарғы қақпағының барлығы эмаль жалатқан болса, 6,0 - 10,0 гр. мөлшерiнде кемiтпе жасалуға тиiс. 
     Бұйымдардың резеңкелерi мен жапсырмалары алынып тасталады және олардың орындары желiмнен тазартылады. Бұл бұйымдар мұрындықтары бұзылмай алғашқы күйiнде сақталуға тиiс Бағалы емес металдардан құйылған бөлшектерiне кемiтпе жасалады. (Кемiтпелер кестесi - N 2 Қосымша). 
     Қарайтылған бұйымдардағы қарайту суретiне кемiтпе жасалмайды. 

Опа салғыштар

       Торын, айнасын, опаның қалдықтарын алып тастау қажет Бағалы емес металды табу мақсатында iшкi құрсау реактивпен сыналады. Жалғастырып тұратын мұрындыққа 0,5 - 1,0 гр. мөлшерiнде кемiтпе жасалады. (Кемiтпелер кестесi - N 2 Қосымша). 

Қол айналар 

     Бағалы металдан жасалған кәсекесi бағалануға тиiс, оны ашып, iшiн толтырып тұрған затты алып тастау қажет. Сондай-ақ айнасы да алынып тасталады. 
     Фотосуретке арналған кәсекелер де осындай әдiспен бағаланады. әтiр мен иiс сұйықтықтарға арналған эмальдi флакондар. 
     Эмальға 1,5 - 2 гр. мөлшерiнде кемiтпе жасалады. 

Әйелдер сөмкелерi

     Бiрнеше қатар шығыршықтардан тоқылып кәсекеге бекiтiлген шиланды сөмкелерге аса назар аудару қажет, олардың "84" деген таңбасы кәсекеге қойылған әмиянның өзi әрдайым 875 сынамаға төзiмдi болып шыға бермейдi (көбiнесе шығыршықтар 750 және кейде 500 сынамалы күмiстен жасалады). 
     Бiрнеше үзбесiн тазалап, реактив тамызу қажет. 
     Бұйымның басқа тазартылмаған бөлiктерiне реактив жайылып кетпей тұрғанда реакцияға назар аудару қажет, өйткенi бұйым күмiс жалатқан немесе ақталған (яғни бағалы емес металдан жасалған) болып шығуы мүмкiн. 

Пышақтар, шанышқылар

       Ас және орташа пышақтар мен шанышқылардың жүзi тот баспайтын құрыштан жасалады, ал саптары күмiс болып келедi. Металдан жасалған жүзi алынып тасталынды, бағалануға тек сабы ғана жатады. Жүзi сабына гипспен, цементпен, құммен, канифоль және басқа да заттармен мықтап бекiтiледi. Жүзiн сабынан шығарып алғаннан кейiн канифольдiң немесе басқа бiр толтыратын заттардың қалдықтарына кемiтпе жасалады. 
     Егер бұйым жаңа болып келсе немесе ескi заман шеберiнiң қолынан шыққан болса, оның тот баспайтын құрыштан жасалған жүзiн қозғамай-ақ (тұтастығын бұзбай) баға қою жүргiзiле бередi. Жүзiне кемiтпе жасалады. 
     Мысалға: Киев зауытының ас пышағы - 875 сынамалы күмiстен жасалған сабының салмағы 27,0 гр; орташа пышақ сабының салмағы 17,0 гр. 
     Таллин зауытының ас пышағы - 916 сынамалы сабының салмағы 37,0. 
     Жұмыс практикасында сабы күмiс фольгадан жасалған импорттық өндiрiстiң пышақтары кездеседi. Күмiс сабының салмағы мынадай: 
     а) ас пышақтарының - 8,0 гр. - нан 10 гр. дейiн; 
     ә) орташа пышақтардың - 4,0 гр. - нан 6,0 гр. дейiн. 

Эмальдi шай және кофе қасықтар 

     Эмальға өзiнiң алып жатқан алабына қарай кемiтпе жасалады: егер сабында жануарлар мен құстардың суретi бар болса - кемiтпе 0,8 гр; гүлдерi болса - кемiтпе 0,5 гр. Кофе қасықтардағы кемiтпе 0,3 гр. 
     Қасықтардың эмалiне жасалатын кемiтпенi бiле отырып, қасықтардағы эмальдiң алабын (мысалға жануарлар суретiмен) сатып алуға ұсынған бұйымның эмальмен боялған алабын салыстыру арқылы барлық бұйымдардағы кемiтпенiң мөлшерiн есептеп анықтауға болады.  

Қарайтылған суреттi бұйымдар

     Қарайтылған суретi бар бұйымдардың (ыстатқан сауыттардың, сәндiк жиынтықтардың) қарайтуына кемiтпе жасалмайды.

Дiнге табынушылық заттары

     Ризалар, иконаларды оклатары, крестер - мүмкiндiгi бойынша алғашқы күйiнде сақтап қалдыру (тұтастығын бұзбай).
     Металдан жасалған өзектерi бар шырақдандарда - кемiтпе олардың көлемiне қарай (әрбiр нақты жағдайда жеке) 20,0 грамнан 50,0 грамға дейiнгi мөлшерде жасалады.
     Шамдаларда кемiтпе май мен парафиннiң қалдығына 5,0 грамнан 10,0 грамға дейiнгi мөлшерде жасалады. 

Шынжырлар

     Зергерлiк шынжырлар алтыннан, платинадан және күмiстен жасалған болады:
     а) жұқа үзбелi;
     ә) iрi үзбелi;
     б) құр қуысты;
     в) борттық (сағат бауы ретiнде қолданылатындар).
     Шынжырлар әртүрлi құлыптармен, iлмектер және шпрингельдермен, сондай-ақ iшiнде бағалы емес металдан жасалған серiппе орнатылған карабиндермен жабдықталған. Бағалы емес металға бұйымның жалпы салмағының есебiнен кемiтпе жасалады (Кемiтпелер кестесi - N 2 Қосымша). 
     Құр қуыс шынжырларды қабылдауда оларды тесу, кесу және толтыратын заттардан тазарту қажет. 
     Мойынға тағатын құр қуыс шынжырлардың үзбелерi қосылатын жерлерiне бағалы емес металл құйылады, оған бұйымның жалпы салмағының 1/3 мөлшерлерiнде кемiтпе жасалады. (Кемiтпе кестесi N 2 Қосымша). 
     Шынжырларды сипаттауда түбiртекте олардың ұзындығын көрсету қажет. 
     Үзбелерi әртүрлi сынамалы бағалы металдардан жасалған болғандықтан, сондай-ақ бөлiктерi бағалы емес металдардан болуы мүмкiндiгiнен шынжырлар бiрнеше жерлерiнен сыналып көрiлуге тиiс.  

Тұмарлар

     Тұмарлар ашылатын (алтын немесе күмiс), бұлықтары бар я бұлықсыз және портретке арналған құрсауы бар болып келедi.
     Асыл тектес металдан жасалған құрсауы алынып тасталады, мұрындықтарына, 0,10 грамнан 0,30 гр. дейiн кемiтпе жасалады.      

Сәндi түймелер

     Берiктiк үшiн сәндi түймелерге қайықшасымен бiрге құрыш пластинкалар салынады - бiр жұп сәндi түймеге 0,60 гр. мөлшерiнде кемiте жасалады. (Кемiтпелер кестесi -N 2 Қосымша). "Калачи" және "Конго"үлгiлерiндегi сырғалар мен печатка - сақиналар. 
     Бұл бұйымдардың асыл тектес металдардан жасалған бөлшектерi бар - металл пластиналары. Бұйымдар ашылады, асыл тектес металл алып тасталады. 

Тiс алтыны

       900-сынамалы алтын қорытпадан жасалған бөлек коронкалар, жасанды тiстердiң қалыптары мен штампталған тiстер тәрiздi ескi жасанды тiстер 750 - сынамалы дәнекерлеушi алтын қорытпасы бар болған жағдайда (Мемстандарт бойынша қолданылады) халықтан сатып алынатын бұйымдар мен олардың сынықтарындағы бағалы металдарға деген баға көрсеткiшiнде белгiленген бағамен 900/750 - сынама бойынша қабылданады. 
     Жасанды тiстердiң iлмектерi мен кламмерлерi реактив арқылы анықталатын, бiрақ 750 - сынамадан жоғары емес сынама бойынша қабылданады. 
     3Л - ПЛ - СРМ 750-90-80 қорытпасынан жасалған алмалысалмалы протездердiң элементтерi 900/750 - сынама бойынша қабылданады (қорытпаның құрамына 750 - сынамалы алтын, 900 сынамалы платина, 800 - сынамалы күмiс және мыс кiредi). 
     Бұл қорытпаның ерекше өзгешелiктерi стандартты тiс алтынына тән ашық сары түстiң болмауында. Бұл қорытпаның түсi лигатурасының құрамында платина бар болғандықтан ақшыл болып келедi. Реактивпен сынағанда бұл қорытпа 900-және 958-сынамаға төзiмдi. Осы қорытпадан жасалған iлмектер 900/750 - сынама бойынша қабылданады. 
     Егер қабылдау кезiнде тiс протездерi алтынның 900-сынамасына төзiмсiз деп анықталған болса, оларды халықтан сатып алынатын бұйымдар мен олардың сынықтарындағы бағалы металдарға деген баға көрсеткiшiнiң тиiстi сынамасы бойынша қабылдау қажет (реактивтiң көрсеткiштерiне қарай). 
     Тiс протездерiн қабылдағанда сүйек немесе гипс тәрiздi толтырғыш заттар алынып тасталады, ал құйылған тiстер, егер олар қуыс болса, терең кесiмдi немесе ашылады, өйткенi олардың iшiне асыл тектес металл я сұйықтық құйылған болуы мүмкiн. 
     Бағалы металдардың суын жалатумен асыл тектес металдан жасалған тiс коронкаларын сатып алуға болмайды. 

Тiске арналған дисктер

     1. Платинадан жасалған дисктердiң "жұмысшысының қалпақшасымен" деген таңбасы бар болады, бұлар 950-сынама бойынша қабылданады.
     2. Алтыннан жасалған дисктердiң 1958 - жылға дейiнгiлерiнiң iшiндегi жұмысшысының қалпақшасымен деген таңбасы барлары 916-сынама бойынша қабылданады, ал жұлдыздылары мен таңбасы жоқтары 900-сынама бойынша сатылып алынады. 

Мәнеттер

     Алтын мәнеттердiң сынамасын анықтауда мәнеттердi қырынан, алдыңғы және сыртқы жағынан терең кесуге тура келедi, сондықтан мәнеттер ақаулы болып қалады.
     Алтын мәнеттiң сынамасын анықтаған кезде мәнеттiң салмағына назар аудару қажет.
     Толық бағалы алтын мәнеттердi салмағы мен қырының кескiнi бойынша айыруға болады.
     Бағасы бес сомдық мәнет 4,25 - 4,30 гр. тартады.
     Бағасы он сомдық мәнет 8,56 - 8,60 гр. тартады.
     Бағасы он бес сомдық мәнет 12,87 - 12,90 гр. тартады.
     Жасанды мәнеттердiң салмағы көбiнесе төмендетiлген болады, қырларындағы әрiптер жұқа және қараға боялған, қырлары тым сырғымалы, ал толық бағалы мәнеттердiң қырлары өткiр болып келедi. 1881 жылға дейiн шығарылған мәнеттердiң бетiнде портрет болмайды. Мәнеттердi олардың алдыңғы және сыртқы жағынан тұтастығын бұзбай скальпельмен қырларын тазалай отырып, ұқыпты түрде тәптiштеп қабылдау қажет. 
     Патшалық және советтiк шекпенiң бағасы 5, 10, 15, 20 тиындық күмiс мәнеттер 500-сынама бойынша сатылып алынуға жатады. Бұл топқа қырларында бойлық кертiгi бар бағасы 5, 10, 15, 20 тиындық патшалық шекпенiң мәнеттерi кiрмейдi. Бұл мәнеттердi 750-сынама бойынша сатып алу қажет. 
     Алдыңғы бетiнде қалқан iшiнде мәнет бағасының суретi бар советтiк шекпенiң ұсақ тиындары металдан жасалған болып табылады. Бағасы 50 тиындық және бiр сомдық мәнеттердi күмiстiң 900-сынамасы бойынша сатып алу қажет: 
     а) советтiк шекпенiң мәнеттерi, 
     ә) патшалық шекпенiң алдыңғы жағында III-Александр мен П-Николайдың портреттерi бар мәнеттер. Қалған күмiс мәнеттердiң барлығы, оның iшiнде сомдықтар, елу тиындықтар, Петр I, Елизавета II және Екатерина II патшалардың дәуiрiнде шыққан мәнеттер 875-сынама бойынша сатып алынады.
     Мәнеттердiң жасандылары кездесетiн болғандықтан, барлық мәнеттердi тұтастығын бұзбай ұқыптылықпен қабылдау қажет.
     Бағасы 1, 3, 5 немiс маркаларын 500-сынама бойынша сатып алу қажет, ал поляк злотыйлары 750-сынама бойынша, қытай мәнеттерi 875-сынама бойынша қабылданады. 

    Орындаушы:

N 1 Қосымша

Сынаманы ауыстыру кестесi:

    Ескерту: 84 сынамалы күмiстi сынақтан өткiзу 84 сынамалы бұйымдардың көбiсi 800 сынамаға төзiмдi екенiн көрсетедi; сыннан өткiзген кезде 500 сынамаға төзiмдi келетiн 56 сынамалы алтын бұйымдар кездеседi, сондықтан бұндай жағдайларда реактивке қарау қажет.
     Егер бұйымдарда 90 немесе 100 деген цифрлар болса, бұл осы бұйымдардың мельхиордан жасалғанын көрсетедi.
     Егер бұйымдарда шеңбердiң немесе квадраттың iшiне алынған 84 деген цифр тұрса және қасында қосымша атауы болмаса, бұл заттар жасанды, жалған болуы мүмкiн. -------------------------------------------------------------------
Алтын Күмiс 
-------------------------------------------------------------------
метрлiк     |  мысқалдық  |  караттiк  |  метрлiк  | мысқалдық
-------------------------------------------------------------------
  1000             96            24          500          48
  958              92            23          750          72
  750              72            18          800          77
  583              56            14          875          84
  500              48            12          916          88
  375              36             9
  333              32             8
-------------------------------------------------------------------
    1927 жылға дейiн елiмiзде сынамалардың мысқалдық жүйесi қолданыста болады. Бұл жүйе бойынша таза алтын 96 сынамалы болып саналады. Алтынның сынамасы бiр фунттағы мықалдардың (бiр фунт 96 мысқалға тең) санымен көрсетiлдi.
    Кейбiр шетел мемлекеттерiнде сынамалардың караттiк жүйесi қолданылады.
    Бұл жүйе бойынша таза алтынның сынамасы метрлiк жүйенiң 1000 сынамасы метрлiк жүйенiң 1000 сынамасына сай келетiн 24 каратқа тең. 

Мысқалдық және караттiк сынамаларды
метрлiк сынамаға ауыстыру

     мынадай ара қатыс қолданылады:
     96 мысқал - 1000 (қорытпаның салмақ бөлiктерi) "а" (масқалдық сынама) "х" (метрлiк) Мысал: "а" = 56 (мысқалдық сынама), осыны "х"- метрлiк сынаға ауыстыру қажет. Бұл үшiн мындай пропорция жасалады: 
             100 х 56 ("а")
     "х" = ---------------------, осыған
               96         
     Қарағанда "х" = 583, немесе мына формула қолданылады:
                         125 х карат, сынамаға
     Метрлiк сынама =  ----------------------
                                  3
     Ұқсас әдiспен сынамалардың караттiк жүйесi метрлiк жүйеге ауыстырылады.
     Мысал: "а" = 14 (Караттiк сынама), осыны "х" метрлiк сынамаға ауыстыру қажет.
     Бұл үшiн пропорция жасалады:
             1000 х 14 ("а")   
     "х" =   ----------------   , осыған
                   24
     Қарағанда  "х"= 583

                                                    N 2 Қосымша

      Отандық және импорттық өндiрiстердiң алтын мен
       күмiстен жасалған бұйымдарындағы асыл тектес
     металл мен канифольға жасалатын кемiтпелер кестесi

    Бұйымдардың түрлерi               Асыл тектес металға
                                      грамдық мөлшерде
                                      жасалатын кемiтпе

    1. Ерлер сағаттарына
      арналған браслеттер:
      --------------------
    серiппелi екi созылмалы
    бөлiктен тұратындар                       0,5
    серiппелi төрт созылмалы
    бөлiктен тұратындар                       1,0
    серiппелi алты созылмалы
    бөлiктен тұратындар                       1,5
    2. Әйелдер сағаттарына арналған браслеттер:
    серiппесi бар екi созылмалы бөлiктiлер     0,3
    -----------"-----төрт------"---"------     0,6
    -----------"-----алты -----"---"------     0,9
    -----------"-----сегiз-----"--"-------     1,2
    -----------"-----он--------"---"------     1,5
    -----------"-----он екi----"---"------     1,8 

    "Крабы" деген үлгiдегi браслет           0,3 

    3. Алтыннан жасалған шылым сауттар
    басып тұратын пластинкалары барлары      4,0
    басып тұратын пластинкалары жоқтары      1,8
    мұрындықтылары                           1,0
    4. Күмiстен жасалған шылым сауыттар
    басып тұратын пластинкалары барлары      6,0
    басып тұратын пластинкалары жоқтары      2,0
    мұрындықтылары                           1,0
    5. Борттық шынжырлар
    карабин мен шпрингельдегi серiппелер      0,3
    6. Мойынға тағатын шынжырлар
    шпрингельдегi серiппелер                 0,03
    7. Ширатулы мойынға тағатын
                     шынжырлар
    дәнекерленген металл қондырғысымен асыл   бұйымның жалпы 
    тектес металға кемiтпе жасалды            салмағының 1/3 

           8. Алтыннан жасалған қалта
              сағаттардың корпустары: 

    мұрындықтарына                           0,3
    мұрындықтар мен қысып тұратын
    тетiктерiне                              1,0
    шенiне                                   2,2
    қақпағына                                7,0
    құрауы (серiппесi)                 алып тастау

            9. Алтыннан жасалған мойын 
              сағаттардың корпустары:

    мұрындықтарына                           0,4
    шенiне                                   1,2
    қақпағына                                3,5 

           10. Күмiс сағаттардың корпустары 

    мұрындықтарына                           0,5

           11. Сөмкелер          

    мұрындықтарына                           2,0
    Ломбардтарда бағалау барысында
    қолданылатын кемiтпелер 

           12. Әшекей браслеттер:        Канифольға жасалатын
                                         грамм мөлшерiндегi
                                         кемiтпе
    10 гр. және одан жоғарғы                 7,0
    14 гр. нан 18 гр-ға дейiн                3,5
    9 гр. нан 13 гр-ға дейiн                 2,0
    7 гр-ға дейiн                            1,2 

           13. Шынжырлар:
    19 гр. және одан жоғары                  2,7
    14 гр-нан 18 гр-ға дейiн                 1,5
    8 гр-нан 13 гр-ға дейiн                  1,0
    7-гр-ға дейiн                            0,8 

          14. Сәндi түйреуiштер              0,6
          15. Сырғалар                       0,6
          16. Сәндi түймелер                 0,6
          17. Алқалар                        0,3
          18. Сақиналар                      0,4 

Ескерту: N 12-18 тармақшаларда аталып көрсетiлген 
          кемiтпелер ломбардтарда iшi қуыс бұйымдарды
          олардың тұтастығын бұзбай бағалауда қолданылады.

"Спектро Х-тест" рентген спектрометрлерiн пайдаланумен
бағалы металдарды сыннан өткiзу

     Зергерлiк бұйымдар мен зергерлiк қорытпалардағы бағалы металдардың мөлшерiн аспап арқылы анықтау "Спектор Х-тест" рентген спектрометрiнде жалғаусыз әдiспен жүзеге асырылады. 
     Спектрометрдiң алтын қорытпалардағы алтынды, күмiс қорытпалардағы күмiстi, платина қорытпалардағы платинаны айыру бағдарламалары бар, сондай-ақ бұл спектрометр қорытпалардың құрамдас бөлiктерi болып табылатын күмiспен мыстан шоғырлануын анықтайды. 
     Оператор бұйымның түрiне сәйкес бағдарламаны таңдап алады да бұйымға талдау жасайды. Талдау бүтiн бұйымның 0,5 мм. мөлшерiндегi шеңберiнен аспайтын жерiне жүргiзiледi (яғни бұйымның 0,5 мм мөлшердегi жекелеген бөлiктерiн талдауға болады). 
     Бұйымдардағы бағалы металдарды айыру дәлдiгi бағалы металдардан дайындалған қорытпалар мен талдау әдiстерiне деген Мемстандартқа сәйкес келедi және + 5 сынама тұрады. 
     Талдаулардың нәтижелерi приборға құрастырылған сұйық кристалдық экранға немесе принтерге (қоса берiлiп отыр) шығарылады. Приборға стандартты қорытпалардың тексерiлетiн үлгiлерi қоса берiледi. Прибор жазу үстелiнiң үстiне орналастырылады және жұмыс жасау үшiн ешқандай арнайы жағдайды талап етпейдi. 
     Талдаудың нәтижелерi бiр бұйымға деген сертификат немесе бiрнеше бұйымға деген хаттама түрiнде басылып шығарылады және сыннан өткiзiлiп отырған бұйымға қоса берiледi.
     Тапсырылатын бұйымдардың барлығы "Спектро Х-тест" спектрометрiнде жүргiзiлетiн талдауға тартылады.
     Прибормен жұмыс iстеу тәртiбi жөнiндегi нұсқамада баяндалған.
     Бағалы металдардан жасалған бұйымдардың сынамасын анықтау әдiстемесiнiң негiзi етiп
     "Бағалы металдардан, олардың тума кесектерi мен басқа да құндылықтардан жасалған бұйымдардың және осы бұйымдар сынықтарының сынамасын тұтастықтарын бұзбай "Спектро Х-тест" рентген спектрометрiне анықтау тәртiбi туралы Нұсқаманы" алуға болады (N 3 Қосымша).          

N 3 Қосымша

1. Жалпы ережелер

     1.1. Нұсқама 1993 жылғы 26 сәуiрде Мемқазынаның директоры бекiткен "Қазақстан Республикасы ұлттық банкiнiң Мемқазынасында құндылықтарды қабылдау, өңдеу, сақтау, беру және оларды есепке алу тәртiбi туралы" деген нұсқама мен "Бағалы металдардан жасалған бұйымдар мен олардың сынықтарын және жартылай өңделген өнiмдердi сыннан өткiзу жөнiндегi әдiстеменiң, сондай-ақ бағалы металдардың қорытпалары мен талдау әдiстерiне деген 
17233-71, 17235-71, 12563. 1-83, 12563. 2-83, 12562, 1-82, 2562-82, 12564, 1-83, 12564. 2-83, 12555, 1-83 12555, 2-82, 168821-71, 16882, 2-71, 16883, 1-71, 16883, 3-71, 16321, 1-70, 16321, 2-70, 1255, 1-82,12556, 2-82, 12551, 1-82, 12551, 2-82, 12552, 1-77, 12552, 2-77, 12553, 1-77, 12553, 2-77, 12554, 1-83, 12554, 2-83, 12559, 1-82, 12559, 2-82 Мемстандарттардың негiзгi ережелерiнiң ескерiлуiмен әзiрлендi.
     1.2. Бағалы металдар-алтын, платина және күмiстiң сынамасын "Спектр Х-тест" маркалы рентген сектрометрiнде бұйымның тұтастығын бұзбай тексеру әдiсi тамшы мен сынамалайтын тас арқылы сыннан өткiзу әдiстерiмен қатар қолданылады. 
     Басқа әдiстерге қарағанда бұл әдiстiң артықшылығы бағалы металдардан дайындалған қорытпалардың сынамасын бұйымның бүтiндiгiн бұзбай аспапты пайдалану арқылы айыруға мүмкiндiк беретiндiгiнде. 
     1.3. "Спектро Х-тест" приборында жүргiзiлетiн талдау арнайы жабдықталған үй-жайда қауiпсiздiк техникасының ережелерiн, құндылықтардың мүлтiксiз сақталуының шарттары мен тиiстi нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарын сақтаумен iске асырылады. 
     1.4. Жұмысқа әзiрлеу барысында прибор санитарлық-эпидемиологиялық станса мен Стандарттау орталығында тексерiстен өткiзiлуге тиiс және оның пайдаланылуына рұқсат алынған болу керек. 
     1.5. Прибормен жұмыс iстейтiн сарапшыларды электр және рентген аппараттурасымен жұмыс iстегенде сақталуға тиiстi қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi ережелермен таныстыру қажет, олардың приборды пайдалануда дағдылары болу керек және олар пайдаланудың ережелерiн бiлуге тиiс, сондай-ақ олар бағалы металдардан, олардың тума кесектерiнiң және т.т. жасалған бұйымдар мен олардың сынықтарын сыннан өткiзу жөнiндегi жұмыстың тәртiбiн сақтауға тиiстi. 
     1.6. Спектрометр зергерлiк бұйымдардың 0,5 мм. мөлшерiндегi шеңберiнен аспайтын жерiне талдау жүргiзу арқылы олардың құрамындағы алтынның, күмiстiң және платинаның сынамасын анықтауға арналған. 
     2. Талдауды әзiрлеу және өткiзу тәртiбi 
     2.1. Сарапшы құндылықтармен жұмыс iстеу барысында талдауға жататын бұйымдарды дайындайды. 
     Бұйымдар спиртпен жуу немесе сүрту арқылы тазаланған болуға тиiс, олардың бетiндегi бөтен қоспалар мен тотықтандыру табын кетiрiп тастау керек. Осы приборлардың 0,1 - 0,5 мм мөлшерiндегi тереңдiкке дейiн металға талдау жүргiзудi қамтамасыз ететiндiгiн ескере отырып, қажет болған жағдайда талдауға дайындалынып жатқан бұйымның бетiндегi бiр қабаты алынып тасталады. Бұл орайда бұйымдардың негiзгi қорытпаларының сынамасын бұйымдардың дәнекерлеушi қорытпасы жоқ жерлерiнен жүргiзiледi. 
     2.2. Айқындап зерттеу үшiн жинап алынған бұйымдар металдың түрi бойынша сорт-сортқа айырылады (алтын, күмiс, платина) және осыған сәйкес, "Спектро Х-Тест" спектрометрiн" пайдалану жөнiндегi нұсқамада көрсетiлгендей, зерттеудiң қажеттi бағдарламасы таңданып алынады (алтын, күмiс, платина, палладий). 
     2.3. Зерттелеуге жататын бұйымдардың габариттерi прибордың жұмыс камерасының көлемiнен аспайтын болуға тиiс және таңдап алынған нүктелерде талдау жүргiзу үшiн бұйымды еркiн бейiмдеуге кедергi жасамайтындай болуы қажет. 
     2.4. Сарапшы талдау жүргiзу алдында бұйымның барлық жағын қарап шығады және оның күрделiлiгi мен талдау жүргiзiлетiн нүктелерiнiң санын анықтайды. 
     2.5. Талдау жүргiзу үшiн бұйым арнаулы үстелшеге қойылады, бұл орайда оның талдау жүргiзу үшiн таңдап алынған нүктесi бар жағы мүмкiншiлiгiнше колденеңiнен орналастырылады. Сарапшы үстелшенiң биiктiгiн өзгерте отырып, бұйымның талдануға тиiстi жағын колиматорға тиiстiре тақап қояды. 
     2.6. Жай бұйымдарға 3-5 нүктесiнен талдау жүргiзiледi, құранды бұйымдардың барлық құрамдас элементтерi талданады, ал бағалы металдардың тума кесектерi кемiнде: нүктесiнен сыналады.
     2.7. Талдаудың нәтижесi болып 3-5 нүкте бойынша прибордың таблосына жазып шығарылған сынаманың орташаландырылған мағынасы қабылданады.
     Құрамды бұйымды талдаудың нәтижесiн алу үшiн әрбiр құрамдас элемент бойынша кемiнде бiр нүктеден алынған мәлiметтер есепке алынады да орташа арифметикалық мағына есептелiп шығарылады, егер барлық элементтердiң сынамасы болуы мүмкiн ауытқулар шегiнде бiр тектес болып шықса. 

                                                   N 4 Қосымша

                 СПЕКТРО Х-РЕИ ИНСТРУМЕНТ
                          Х - ТЕСТ

-------------------------------------------------------------------
Лаборатория             ПА         АU      30-11-93     1-бет
-------------------------------------------------------------------
Сынамасы| Шоғырлануы|   күнi   | Уақыты| Өлшеу|Стандартты|Режим   
        |           |          |       | саны |ауытқулар |
-------------------------------------------------------------------
AU       58.0%      30-11-93    12:21    1      0.000       0
AG       1.4%       30-11-93    12:21    1      0.000       0
CU       40.6%      30-11-93    12:21    1      0.000       0
AU       58.3%      30-11-93    12:32    1      0.000       0
AG       1.5%       30-11-93    12:32    1      0.000       0
CU       40.2%      30-11-93    12:32    1      0.000       0
AU       58.1%      30-11-93    12:41    1      0.000       0
AG       1.4%       30-11-93    12:41    1      0.000       0
CU       40.5%      30-11-93    12:41    1      0.000       0
AU       57.9%      30-11-93    12:45    1      0.000       0
AG       1.6%       30-11-93    12:45    1      0.000       0
CU       40.5%      30-11-93    12:45    1      0.000       0
AU       58.2%      30-11-93    12:49    1      0.000       0
AG       1.3%       30-11-93    12:49    1      0.000       0
CU       40.5%      30-11-93    12:49    1      0.000       0
AU       58.2%      30-11-93    13:04    1      0.000       0
AG       1.5%       30-11-93    13:04    1      0.000       0
CU       40.3%      30-11-93    13:04    1      0.000       0
AU       58.2%      30-11-93    13:07    1      0.000       0
AG       1.6%       30-11-93    13:07    1      0.000       0
CU       40.1%      30-11-93    13:07    1      0.000       0
AU       57.8%      30-11-93    13:13    1      0.000       0
AG       1.5%       30-11-93    13:13    1      0.000       0
CU       40.7%      30-11-93    13:13    1      0.000       0
AU       32.9%      30-11-93    13:19    1      0.000       0
AG       7.4%       30-11-93    13:19    1      0.000       0
CU       51.7%      30-11-93    13:19    1      0.000       0
AU       32.9%      30-11-93    13:24    1      0.000       0
AG       7.3%       30-11-93    13:24    1      0.000       0
CU       51.8%      30-11-93    13:24    1      0.000       0     

Сарапшы
    Тексерушi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады