Жастарға әлеуметтiк қызмет көрсету жұмыстарын бiрлесiп құру мен ұйымдастыру iс-шаралары туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi, Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi 1994 ж. 7 шiлде N 4-5г, 25 шiлде 1994 ж.N 21/3, 11 шiлде 1994 ж. N 5-1, 15 шiлде 1994 ж. N 25 км, 15 шiлде 1994 ж. N 9, 13 шiлде 1994 ж. N 10 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 10 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 256

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 315, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 30 мамырдағы N 77-с, ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 13 маусымдағы N 356, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 9 маусымдағы N 154-п, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 7 маусымдағы N 270 Бірлескен бұйрығымен.

---------------Бұйрықтан үзінді---------------------

      "Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы  N 77-ө өкiмiн орындау үшiн және нормативтiк құқықтық базаны қолданыстағы заңнамамен сәйкестендiру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 256 болып тiркелген "Жастарға арналған әлеуметтiк қызмет жұмысын құру және ұйымдастыру жөнiндегi бiрiккен шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт жөнiндегi министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi алқасының 1994 жылғы 7 шiлдедегi N 4-5; 1994 жылғы 25 шiлдедегi N 21/3, 1994 жылғы 11 шiлдедегi N 5-1, 1994 жылғы 15 шiлдедегi N 25, 1994 жылғы 15 шiлдедегi N 9, 1994 жылғы 13 шiлдедегi N 10 қаулысының күшi жойылды деп танылсын...
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Білімі және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет, ақпарат және
      спорт министрі

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі
------------------------------------

             Тәуелсiз мемлекет болып қалыптасу кезеңiнде және жаңа экономикалық байланыстарға көшу барысы жастар арасында әлеуметтiк проблемалардың ушығып, оның жағымсыз жақтарын тудыруына ақпал етуде. Бұл жас азаматтардың әлеуметтiк, психологиялық-педагогикалық, дәрiгерлiк-биологиялық, заң және жастарға басқа да көмек түрлерiн шешуде жаңа көзқарас керек екендiгiн көрсетуде. 
      Қазақстан Республикасының "Қазақ ССР-iндегi жастар мемлекеттiк саясаты туралы Заңында", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 мамырындағы /N 340/ "жастарға әлеуметтiк қызмет көрсетудi қолға алу туралы" қаулысында жастарға әлеуметтiк қызмет көрсетудi қолға алу қарастырылған. Бұл жұмыс Қазақстанның бiрқатар аймақтарында басталып та кеткен. 
      Аталған қаулыны бұдан әрi жүзеге асыру үшiн және жастарға әлеуметтiк қызмет көрсетудi қалалық және аудандық деңгейде шешу, бiрiгiп жұмыс жүргiзудi үйлестiру үшiн Қазақстан Республикасы Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi, Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң алқасы қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi, Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi мен оның жергiлiктi жерлердегi тармақтары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылдың 3 мамырындағы қаулымен бекiтiлген жастарға әлеуметтiк қызмет көрсету ережелерiне сәйкес жастарға әлеуметтiк қызмет көрсету жұмыстарын бiрлесiп жасау оны ұйымдастыру iс шараларын жүзеге асырсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi мен оның тармақтары жастарға жергiлiктi жерде әлеуметтiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырып, осы бағыттағы барлық жұмыстарды үйлестiрiп, әлеуметтiк қызмет көрсету саласы кадрларын оқытуды ұйымдастырсын. 
      3. Денсаулық сақтау органдары Әлеуметтiк қызмет көрсету саласы емдеу мәселесi қызметкерлерiне бiлiктiлiктерiн арттыру үшiн ұйымдастыру-әдiстемелiк көмектерiн көрсетсiн. Мемлекеттiк медицина мекемелерiн Әлеуметтiк қызмет көрсету жұмыстарына психиаторлар, психотерапевтер, наркологтар, урологтар, гинекологтар, сексопотологтар, терi аурулары басқа да медицина қызметкерлерiн кеңес берушiлер ретiнде қатыстыруды қамтамасыз етуi қажет. 
      4. Қалалық және аудандық мемлекеттiк елдi еңбекпен қамту мекемелерiне ұйымдастыру, ақпараттық көмектер көрсету қажет. Жастардың еңбек биржаларына ақпараттық көмек көрсете отырып, бiрыңғай ақпараттық жүйеге топтастыру қажет. Жастар iсi, туризм және спорт басқармаларына кәмелеттiк жасқа толмағандар мен жас азаматтардың түрлi категориялары үшiн еңбек қайтарымы орталықтарын ашуға көмектесу қажет. 
      5. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi, жергiлiктi бiлiм басқармалары әлеуметтiк қызмет үшiн маман психологтар және басқа да мамандар дайындауы керек. Жастар iсi, туризм және спорт басқармаларымен бiрлесе отырып, оқу-тәрбие мекемелерiнде әлеуметтiк қызмет филиалдарын ашулары қажет. 
      6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң аудандық және қалалық органдары үйiнен кетiп қалған балаларға паналайтын орын дайындауға, сондай-ақ мiнезi қиын кәмелеттiк жасқа толмағандар мен еңбекпен түзету мекемелерiнен босап шыққандардың ақтау орталығы ұстауға ақпараттық әдiстемелiк көмектер көрсетсiн. 
      7. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi балалар, кәмелеттiк жасқа толмағандар, жас азаматтар, жас отбасы, жас мүгедектерге арнап мәдени-көпшiлiк iс-шараларын өткiзу үшiн ұйымдық-тәсiлдiк, практикалық көмектер көрсетуге мәдениет мекемелерiнiң қатысуын қамтамасыз етсiн.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiне жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасы          Қазақстан Республикасы
     Жастар iсi, туризм және         Денсаулық сақтау министрi
     спорт министрi 

     Қазақстан Республикасы          Қазақстан Республикасы
     Еңбек министрi                  Бiлiм министрi 

     Қазақстан Республикасы          Қазақстан Республикасы
     Iшкi iстер министрi             Мәдениет министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады