Заңды және жеке тұлғаларға автомобиль бензині мен дизель отынын тұтынғаны үшін салынатын салықты есептеу мен алу тәртібі туралы НҰСҚАМА

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1995 жылғы 29 наурыздағы N 30 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 7 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 58.

      Бұл Нұсқама Қазақстан Республикасы Президентінің "1995 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" 1995 жылғы 16 наурыздағы N 2120 Жарлығы негізінде шығарылды және 1995 жылдың 1 сәуірінен бастап енгізілген автомобиль бензині мен дизель отынын тұтынғаны үшін салықты есептеу және төлеу тәртібін реттейді.

      1. Салықты төлеушілер

      Мыналар салық төлеушілер болып табылады:

      а) бөлшек сауда жүйесі арқылы (қолма-қол ақшаға немесе аударым арқылы есеп айырысу жолымен) автомобиль бензині мен дизель отынын сататын (соның ішінде шетел капиталының қатысуымен) барлық заңды жақтар, сондай-ақ өзге елдердің заңдары бойынша құрылған заңды жақтардың Қазақстан Республикасы аумағында қызмет істейтін филиалдары. Егер жоғарыда аталған төлемгерлердің филиалдары мен өкілдіктері болса, бұл филиалдар мен өкілдіктер салықты дербес төлейді;

      б) заңды тұлға құрамай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын бөлшек сауда жүйесі арқылы (қолма-қол ақшаға немесе аударым арқылы есеп айырысу жолымен) автомобиль бензині мен дизель отынын сататын барлық жеке тұлғалар;

      в) көтерме сауда жүйесі арқылы жеке тұлғаларға (қолма-қол ақшаға немесе аударым арқылы есеп айырысу жолымен) автомобиль бензині мен дизель отынын сататын барлық заңды жақтар. Егер жоғарыда аталған төлемгерлердің филиалдары мен өкілдіктері болса, онда осы филиалдар мен өкілдіктер салықты дербес төлейді;

      г) көтерме сауда жүйесінде (қолма-қол ақшаға немесе аударым арқылы есеп айырысу жолымен) өзі тұтыну үшін автомобиль бензині мен дизель отынын алған (соның ішінде шетел капиталының қатысуымен) барлық заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы аумағында қызмет істейтін, өзге елдердің заңдары бойынша құрылған заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, заңды тұлға құрамай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар. Егер жоғарыда аталған төлемгерлердің филиалдары мен өкілдіктері болса, онда осы филиалдар мен өкілдіктер салықты дербес төлейді.

      Қосарлы салық салуды болдырмас үшін көтерме сауда жүйесіне тек өндіруші - заводтар ғана жатады, бұл ретте олардың автомобиль бензині мен дизель отының сататын құрылымдық бөлімдер жүйесі көтерме сауда жүйесі болып саналмайды, олар бөлшек сауда жүйесіне жатады.

      2. Салық салу объектісі

      Автомобиль бензині мен дизель отынын бөлшек сауда жүйесі арқылы (төменде аталған жағдайларда және көтерме сауда арқылы) сату көлемі және көтерме сауда жүйесінде өзі тұтыну үшін алған автомобиль бензині мен дизель отынының көлемі салық салу объектісі болып табылады.

      3. Салық ставкасы

      Салық ставкасы сатылған автомобиль бензині мен дизель отынының бір литрі ең төменгі есепті жалақының (сату кезінде қарастырылған) 1 проценті мөлшерінде белгіленеді.

      4. Салықты есептеу мен төлеу мерзімінің тәртібі

      Автомобиль бензині мен дизель отынын тұтынғаны үшін салық тіркелген жерде (филиалдар мен өкілдіктер - тұрғылықты жері бойынша) тиісті жергілікті бюджеттерге төленеді.

      Осы нұсқаманың 1-тармағының "а", "б"-тармақшаларында көрсетілген төлемгерлер салықты есепті айдың 10, 20 және 28-і күндері өз бетімен төлейді, салық айдың басынан бастап есепті айдың 7 күн, 15 күн және 25 күн ішінде сатылған нақты көлемнің үдемелі жиыны бойынша есептеледі. Банкілерде есеп айырысу шоттары жоқ филиалдар мен өкілдіктер үшін сол филиалдар мен өкілдіктердің мекен-жайы бойынша тиісті жергілікті бюджеттерге салық заңды тұлғалар немесе осы филиалдар мен өкілдіктер Халықтық Банк бөлімшелері арқылы төлейді. Төлемгерлер салық сомасын сатылатын бензин мен дизель отынының құнына енгізеді.

      Осы нұсқаманың 1-тармағындағы "в" тармақшасында аталған салық төлеушілер есепті айдың 10, 20 және 28 күндері салық төлеуді өз беттерінше жүргізеді, салық автомобиль бензині мен дизель отынын есепті айдың 7 күні, 15 күні, 28 күні ішінде жеке тұтыну үшін халыққа сату көлемінен айдың басынан бастап, үдемелі қарқынмен есептелінеді. Банктерде есеп шоттары және басқа да шоттары жоқ филиалдар мен өкілдіктер үшін сол филиалдар мен өкілдіктердің мекен-жайы бойынша тиісті жергілікті бюджеттерге салықты заңды тұлғалар немесе филиалдар мен өкілдіктер салықты Ұлттық банктің бөлімшелері арқылы төлейді. Салық төлеушілердің салық сомасы сатылған бензин мен дизель отынының құнына қосылады.

      Осы нұсқаманың 1-тармағындағы "г" тармақшасында аталған салық төлеушілер есепті айдың 10, 20 және 28 күндері салық төлеуді өз беттерінше жүргізіледі, салық автомобиль бензині мен дизель отынын жеке тұтыну үшін есепті айдың 7 күні, 15 күні және 25 күні ішінде көтерме сауда жүйесінде сатып алу көлемінен айдың қорытындысы бойынша үдемелі қарқынмен есептелінеді. Банктерде есеп шоттары және басқа да шоттары жоқ филиалдар мен өкілдіктер салықты Ұлттық банктің бөлімшелері арқылы төлейді. Салық төлеушінің жеке пайдалану үшін алған автомобиль бензині мен дизель отынын сатқаны жөніндегі фактісі салық төлеуден босату үшін негіз болып саналмайды. Салық төлеушінің қарамағында қалған табыс салық төлеудің көзі болып табылады, салық салынуға жатқызылатын пайдаға есептелетін салық сомасы кемітіледі.

      Сол ай есепті кезең болып саналады, ай үшін түбегейлі салық төлеу есепті кезеңнен кейінгі айдың 4-ші күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Салық төлеушілердің барлығы ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-ші күніне дейінгі мерзімде салық органдарына осы нұсқамаға тіркеліп отырған үлгі бойынша (N 1-қосымша) есеп тапсырады.

      5. Салық жөніндегі жеңілдіктер

      Жеке тұтыну үшін автомобиль бензині мен дизель отынын көтерме сауда жүйесінде сатып алған, жер негізгі өндіріс құралы болып табылатын төмендегі салық төлеушілер салық төлеуден босатылады: заңды тұлғалар (оның ішінде шетел капиталының қатысуымен), Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін заңды тұлғалардың басқа елдердің заңдары бойынша құрылған филиалдары, заңды тұлғаларды құрамай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар.

      6. Бақылау

      Салық органдары салық төлеушілерді анықтау мен осы салық төлеушілердің алған және одан әрі сатқан автомобиль бензині мен дизель отынының және оның ішінде автомобиль бензині мен дизель отынын олардың сату (соның ішінде өндірушілерде) көлемін анықтау мақсатында тоқсан сайын 1 рет автомобиль бензині мен дизель отынын көтерме түрде сатқан жөнелтушілерді тексеруді жүзеге асырады.

      Автомобиль бензині мен дизель отынын сақтауға арналған барлық арнаулы ыдыстарды салық төлеушілер өздерін бақылайтын салық органдарында тіркетуі тиіс.

      Кеден органдары ай сайын тиісті салық органдарына (салық төлеушінің тұрған жері бойынша) Қазақстан Республикасына әкелінген автомобиль бензині мен дизель отынының көлемі туралы ақпараттарды, сондай-ақ осы өнім түрін әкелуші адамдар жөніндегі мәліметтерді береді.

      Салық органдары сонымен бірге белгілі бір аймаққа жеткізілген автомобиль бензині мен дизель отынының көлемін және тиісті салық төлеушіні анықтау мақсатында теміржол бөлімшелерінде (қажет болған жағдайда автокәсіпорындарда) тоқсан сайын 1 реттен тексерулер жүргізіледі.

      Салық төлеушілер автомобиль бензині мен дизель отынын сату жөніндегі қызметтері туралы өздері тұрған жердегі салық органдарына хабарлауға міндетті.

      7. Салық төлеушілердің жауапкершілігі

      Салық төлеушілер белгіленген тәртіпті орындамағаны үшін қолданылып отырған заңға сәйкес жауап береді.

Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің бірінші орынбасары -
Бас салық инспекциясының бастығы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады