Қазақстан Республикасының аумағына шеттен әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын белгiлеу тәртiбiн қолдану жөнiндегi Нұсқау

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы кеден комитетi 1995 жылғы 25 қыркүйек N 123-П Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 16 қазанда тіркелді. Тіркеу N 114. Күші жойылды - ҚР Кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2001.02.06. N 42 бұйрығымен. ~V011443

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Z952368_ "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығын орындау мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнетiн тауарлардың

Кедендiк құнын анықтау тәртiбiн қолдану бойынша нұсқау бекiтiлсiн.
     2. Кеден кiрiстерi басқармасы (Мулькин С.Д.) Қазақстан Республикасы 
аумағында Кедендiк құнды анықтау тәртiбiн ендiру бойынша әдiстемелiк 
басшылық жасауды қамтамасыз етсiн.
     3. Кеден комитетiнiң баспасөз қызметi (Мұратбаева Ә.О.) осы нұсқаудың 
ережелерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға кiрiссiн.
     4. Осы Бұйрықтың орындалуына жалпы басшылық жасау Кеден комитетi 
Төрағасының орынбасары Р.К.Куватовқа жүктелсiн.

     Төраға

              Қазақстан Республикасының аумағына шеттен
                әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын
                 белгiлеу Тәртiбiн қолдану жөнiндегi
                           Нұсқау

     Кiрiспе.


      Осы Нұсқау (әрi қарай - Нұсқау) Қазақстан Республикасы аумағына шеттен әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын белгiлеу Тәртiбiн бiркелкi түсiндiрудi қамтамасыз ету және оны (әрі қарай - Тәртiп) практикада қолдану мақсатында әзiрленген.
      Бұл Тәртiп шеттен әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын белгiлеудiң Еуропалық қоғамдастық елдерiнде қабылданған және тариф пен сауда жөнiндегi Бас келiсiмнiң (ТСБК) ҮІІ-бабында бекiтiлген негiзгi принциптерi мен әдiстерiн Қазақстанның кедендiк бақылау практикасына енгiзедi.
      Осы қадамның жүзеге асырылуы ел экономикасын әлемдiк экономикалық қоғамдастыққа тиiмдi түрде интеграциялауды қамтамасыз етудiң қажеттi шарты болып табылады және Қазақстан Республикасының ТСБК-ге қосылуы жөнiндегi әзiрлiк шаралар шегiнде жүзеге асырылады.
      Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi (әрі қарай - Кеден комитетi) ТСБК принциптерiне негiзделген, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Тәртiппен енгiзiлген кедендiк бағалау жүйесiн қазақстандық кеден мекемелерiнiң жұмыс практикасына енгiзу жөнiндегi жұмысты бастап отыр.
      Нұсқауда Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Заң күшi бар Жарлығының (әрі қарай - Жарлық) кедендiк құнды белгiлеуге қатысы бар негiзгi баптары жөнiнде түсiндiрмелер мен түсiнiктер бар, соларды түсiндiредi және тауарлардың кедендiк бағасын жүзеге асыру кезiнде практикада қолдану мақсаттары үшiн анықтау түседi.
      Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық кеден мекемелерi осы Нұсқауды қолдануға мiндеттi.

                        I. Жалпы ережелер

      1.1. Шеттен әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын белгiлеу кедендiк баж салығын, жиындарды және өзге де кедендiк төлемдердi есептеу үшiн нақты негiздi анықтау мақсатында айыптарды өндiрiп алуды және Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген кедендiк тәртiп бұзушылықтар үшiн қолданылатын өзге де санкцияларды, кедендiк статистика жүргiзудi қосып алғанда өзге кедендiк мақсаттар үшiн тауарлардың құнын анықтау мақсатында жүзеге асырылады. Бұдан басқа тауарлардың кедендiк құнын белгiлеу жүйесi бартерлiк сауда кезiнде тауар бағаларының дәлелдiлiгiн тексеру үшiн және жауап ретiнде жеткiзiлетiн тауарлардың эквиваленттiгiн бақылау үшiн, сондай-ақ валюталық бақылауды жүзеге асыруға қажеттi өзге хабарды жинақтау және талдау мақсатында да пайдаланыла алады.
      1.2. Белгiленген тәртiптi толық көлемде практикада тиiмдi пайдалану үшiн оның жұмыс iстеп тұруын қамтамасыз етiп тұратын: хабарламалық-әдiстемелiк, ұйымдастыру-экономикалық, құқықтық жүйелердiң болуы, сондай-ақ осы заманғы компьютерлiк жүйенiң және арнайы дайындалған кадрлардың пайдаланылуы қажет.
      Осы сәттердi ескере отырып, Тәртiптi кедендiк бақылау практикасына енгiзу қажеттi жағдайлардың дайындық дәрежесi ескерiле отырып, кезең-кезеңiмен жүзеге асырылады.
      Осы тауарлардың кедендiк құнын белгiлеудi Тәртiп белгiлеген кедендiк баға ережелерiне сәйкес декларант жүзеге асырады.
      Кедендiк құнды декларациялау кедендiк құнды декларациялаудың Кеден комитетi белгiлеген рәсiмi мен түрлерi (КҚД-1 және КҚД-2 түрлерi) бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда кедендiк құнның декларациясы құны АҚШ-тың 5000 долларына тең келетiн немесе одан кем болатын белгiленген тауарлар номенклатурасы бойынша саудаға толтырылмайды, бұған кеденнiң мәлiмделген құнының дұрыстығына дәлелдi күмәнiн туғызатын жағдайлар (мысалы, бағалардың едәуiр ауытқуы) жатпайды. ҚҚД толтырылмайтын тауарлар номенклатурасы бойынша кедендiк құн тауарлардың кедендiк құнын анық белгiлеуге мүмкiндiк беретiн есеп-фактураларды, инвойстарды тауар көлiктiк хаттарды және басқа құжаттарды пайдалану арқылы белгiленедi.
      ЖСКД-нiң 42-графасында көрсетiлген тауарлардың декларант мәлiмдеген кедендiк құнының дұрыстығына дәлелдi күмәндар бар болған жағдайда, мысалы, сауда бағасының ауытқуы бағалардың қалыптасқан деңгейiнен 30 және одан да көп процент болған жағдайда, кедендiк ресiмдеудi орындайтын кеден органының декларанттан ҚҚД-ны толтыруды және барлық қажеттi құжаттарды көрсетудi талап етуге қақысы бар.
      1.3. Қосымша хабар алуды қосқанда, мәлiмделген кедендiк құнды тексеру қажеттiгi жүктi ұстап қалуға негiз бола алмайды. Жүктi ресiмдеу және жiберу дағдылы тәртiппен жүзеге асырылады, олай болғанда КД-1 немесе ҚҚД-2 үлгiлерiнде кедендiк құнды тексерген қызметшiнiң тексерудiң нәтижелерi туралы белгiсi (қорытындысы) жасалады.
      Кеден мекемесi декларантқа кедендiк құнды белгiлеу үшiн немесе Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары белгiленген тәртiпте мәлiмделген құнды растайтын құжаттарды көрсету үшiн уақыт бередi.
      Қажет болған жағдайда жүк жiберiлгеннен кейiн кеден мекемесiнiң жүктi ресiмдеген қызметкерлерi кедендiк құнның көлемiн нақтылау мақсатымен тексеру (тергеу) жүргiзе алады. Тексерудiң қорытындысы бойынша кедендiк құн, сондай-ақ кедендiк төлемдердiң тиiстi сомалары қайта есептелiнiп, баж бен жиындардың алынбаған сомасы өндiрiлiп алына алады.
      1.4. Енгiзiлген кедендiк баға жүйесiнiң принциптi ерекшелiгi-құндық негiзде жасалған саудалар бойынша сауданың бiр нормативтi, теориялық бағасы есебiнде емес, (сатып алушыларға шынымен төленген немесе төленуге тиiстi) шын мәнiндегi кедендiк құн есебiнде қабылдау. Осыған байланысты Жарлықтың 125-бабында көрсетiлгендей декларант мәлiмдеген кедендiк құн және оны белгiлеуге қатысты мәлiметтер анық, сан жағынан белгiлеуге болатын, объективтi және құжаттармен расталатын хабарға негiзделуге тиiстi. Бұл - декларацияда көрсетiлген сомалар 1-әдiстi қолданған кезде құжаттармен шынымен төленген және сатып алушылар төлеуге тиiстi деп расталатындай болу керек дегендi бiлдiредi.
      1.5. Жарлық бекiткен кедендiк құнды (2-6) белгiлеу әдiстерiн қолдану Қазақстан Республикасы шекарасынан өткiзiлген тауарлар мен болып кеткен нақты сауда келiсiмдерiнiң бағасы туралы хабарды пайдалануға негiзделуге тиiстi. Сондықтан кеден мекемелерi кедендiк құн декларацияларындағы мәлiметтердi жинақтауды, қорытуды және жүйелеудi, сондай-ақ осы мәлiметтi басқа кеден органдарымен алмастыруды қамтамасыз ету қажет.
      КҚД-1 және КҚД-2 формаларындағы мәлiметтен басқа Жарлық белгiленген кедендiк баға жүйесiн практикада тиiмдi қолдану үшiн бағаның, табыстың, саудада қолданылатын жеңiлдiктердiң, шығындарының, кедендiк тарифтердiң және т.б. деңгейi туралы экономикалық хабарлама пайдалануға тиiстi. Осы сияқты хабарламаны алудың тетiгiнде Кеден комитетi әзiрлейтiн болады және оның жасалып болуына қарай кедендiк бақылау практикасына енгiзiледi. Кеден мекемелерiне тиiстi хабарлама (мысалы, көлiк тарифтерiн, сауда жеңiлдiктерiн және үстеме баға және т.б.) алу мақсатымен жергiлiктi басқару органдарымен өзара iс-қимыл орнатсын деген (ақыл-кеңес) нұсқау берiледi.
      1.6. Жарлықтың 126-бабына сәйкес кеден мекемелерiне декларант тиiстi төлемдiк, банкiлiк, коммерциялық тауарлармен бiрге жүретiн құжаттарды көрсетпеген жағдайда өздерiнде бар хабарламаны пайдалануға құқық берiледi.
      Тәртiптi енгiзудiң алғашқы кезеңiнде оны қолданған кезде хабарламалық базаның шектеулiлiгiн ескеру және қолда бар хабарлама көздерiн (бағалық анықтамаларды, баға прейскуранттарын, фирмалардың каталогын, ортаконтрактiлiк бағалар жөнiндегi анықтамаларды және т.б.) оларды бағаланатын тауарлардың осы жеткiзiлiмнiң ерекшелiктерiн (тауар түрiн, топтың мөлшерiн, жiберiлетiн елдi, жеткiзiлу шарты мен уақытын және т.б. ескере отырып тиiсiнше түзете отырып пайдалану қажет.
      Кеден комитетi кеден мекемелерiне сыртқы сауда айналымындағы тауарларға деген әлемдiк және контрактiлiк бағалар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының iшкi базарындағы шеттен әкелiнетiн тауарларға деген бағалары туралы анықтамалық материалдар жiберiп отыратын болады.

            II. Кедендiк құнды анықтау әдiстерi және
                    оларды қолдану тәртiбi

      2.1. Шеттен әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын белгiлеу үшiн берiлген тәртiп бойынша қолданылатын төмендегi 6 бағалау әдiсi бар:
      1-әдiс - шеттен әкелiнетiн тауарлармен мәмiленiң бағасы бойынша;
      2-әдiс - бiрдей тауарлармен мәмiленiң бағасы бойынша;
      3-әдiс - бiртектес тауарлармен мәмiленiң бағасы бойынша;
      4-әдiс - құнды шегеру;
      5-әдiс - құнды қосу;
      6-әдiс - резервтiк әдiс.
      Әдiстердi қолданудың көрсетiлген тiзбегiн 4 және 5-әдiстерден басқасын өзгертуге болмайды, 4 және 5-әдiстердi қолдану декларанттың қалауы бойынша өзгертiле бередi.
      Кедендiк құн бiр әдiстiң көмегiмен белгiленетiн жағдайда, басқаларын қолданудың керегi жоқ.
      2.2. Сатып алу-сату мәмiлесiнiң (яғни құндық негiздегi мәмiлелердiң) кедендiк құнын белгiлеудiң негiзгi әдiсi-шеттен әкелiнетiн тауарлармен мәмiленiң бағасы бойынша бағалау (1-әдiс). Бағаны әрдайым бiрiншi әдiстiң қолданылатындығын тексерумен бастау керек.
      Егер негiзгi әдiс төменде қаралатын бiрқатар жағдайларға байланысты пайдаланыла алмайтындай болса, жоғарыда аталған әдiстердiң бiреуi қолданылады. Және кедендiк құнның әрбiр келесi әдiсi алдындағы әдiстi пайдалану арқылы кедендiк құн белгiлене алмайтын болса ғана қолданылады.
      2.3. 2 және 3-әдiстер кедендiк құнды белгiлеудiң негiзгi базасы ретiнде бiрдей немесе бiртектес тауарлар бойынша мәмiленiң бағасын пайдалануға негiзделген. Бұл жағдайда кеден мекемелерiнiң қолында бар хабарлама мен декларант көрсеткен құжатпен расталған хабарлама бiрдей дәрежеде пайдаланыла алады. Кедендiк құнды белгiлеудiң негiзгi базасы ретiнде хабарламаны таңдаған кезде критерий оның бағаланатын мәмiленiң шарттарына жақындық дәрежесi болып табылады.
      2.4. Құнды шегеру және қосу әдiстерi (4 және 5-әдiстер) кедендiк құнды есептеудiң принциптi түрде әртүрлi базасын көздейдi. 4-әдiс тауарлар өзгерiлмеген күйде сатылатын бағаға негiзделген (немесе ұқсатылған күйде, егер осы ұқсатудың тауар бағасына әсерi анықталынатын болса): 5-әдiс тауар өндiруге кеткен шығындар туралы мәлiметтерге негiзделген. Осы екi әдiстi қолдану белгiлi бiр қиыншылықтарға, соның iшiнде қажеттi хабарлама алуға байланысты болғандықтан, оларды пайдалану реттiлiгiн декларант анықтай алады (Жарлықтың 127-бабын қараңыз).
      2.5. 6-әдiс резервте, себебi ол кедендiк құнды белгiлеу үшiн алдындағы әдiстердiң бiрде-бiреуiн пайдалануға болмайтын жағдайларда қолданылады.
      Кеден қызметкерi 1-5 әдiстердi қолдану мүмкiн болмаған кезде шеттен әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын өз бетiнше шығаруға мәжбүр болған жағдайда ол 2-5 әдiстердiң шарттарын (талаптарын) түсiндiруде әлдеқайда икемдiрек болатын резервтегi 6-әдiстi пайдаланады.
      Ескерту: Кедендiк бағалаудың осы жүйесiн қолданып жүрген елдердiң тәжiрибесi жағдайдың 90 проценттейiнде 1-әдiс, яғни мәмiленiң бағасы бойынша бағалау әдiсi пайдаланылатынын көрсетедi. Басқа әдiстердiң үлесi шамалы бiрдей, 6-әдiс сәл-пәл басымырақ.

            III. Шеттен әкелiнетiн тауарлармен мәмiленiң
                 бағасы бойынша бағалау әдiсi (1-әдiс)

      3.1. Көп жағдайда құндық негiзде жасалған сатып алу-сату мәмiлелерi бойынша 1-әдiс қолданылады.
      Оның мәнi мынада: кедендiк құн шеттен әкелiнетiн тауарлармен мәмiленiң бағасы негiзiнде белгiленедi.
      Мәмiленiң бағасы (немесе тауарлардың трансакциялық құны) деп апарылатын елге экспортқа сату кезiнде тауарлардың iс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiстi және бағаға белгiленген қосымшаларды және одан шегерiлгендердi ескере отырып түзетiлген бағаны түсiнуге болады.
      Iс жүзiнде төленген немесе төленетiн баға - Бұл жүзеге асырылған немесе сатып алушының сатушыға немесе соның пайдасы үшiн шеттен әкелiнген тауарларға төлейтiн, бiрақ тауарларды кедендiк ресiмдеу сәтiнде әлi төленбеген төлемнiң жалпы сомасы.
      Төлем мына нысандарда:
      а) аудару;
      ә) аккредитив;
      б) инкасса;
      және осылардың араласқан нысандарында жүзеге асырыла алады.
      Бұдан басқа қолданылып жүрген валюталық заңдарға қайшы келмейтiн жағдайларда аванстық төлемдер қолданылуы мүмкiн.
      Тәртiпте көзделген (мысалы, бағаға әсер ететiн) шектеулер жоқ болған жағдайда мемлекеттiк несиелер есебiне тауарлар жеткiзiлгенде, төлемнiң осы нысанында 1-әдiстi қолдануға болады.
      Жанама төлемнiң мысалы ретiнде сатушының сатып алушы алдындағы қарыздарын өтеу есебiнде тауарлардың шеттен жеткiзiлуiн алуға болады (яғни, бұл жағдайда мәмiленiң құндық көрiнiсi бар деп есептеуге болады, бiрақ ертерек төленiп қойған, сондықтан ақшалай сомалардың орын ауысуы болған).
      3.2. 1-әдiстiң қолданылу шарттары
      Әдiс төлемдегi бес шарт ұсталған және бағаға қажеттi түзетулер ("+" және "-" ) жүзеге асырылған жағдайда ғана қолданылуы мүмкiн.
      1) тауар импорттаушы елге экспорт үшiн сатылған, яғни, жүзеге асырылған сатып алу-сату мәмiлесi халықаралық сипатқа иә және тауардың шекарадан өтуi орын алып отыр;
      2) бағаланатын тауарға импорттаушының құқы жөнiнде:
      Қазақстан Республикасы заңдары белгiлеген шектердi;
      тауарлар қайталап сатылуға (меншiктен айыруға) болатын географиялық айлақтың шектерiн;
      тауарлардың бағасына елеулi әсер етпейтiн шектердi қоспағанда басқа шек жоқ;
      3) Мәмiленiң бағасы әсерi ескерілмейтiн әлдебiр шарттарды сақтауға байланысты емес;
      4) кедендiк құнды белгiлеген кезде декларант пайдаланған мәлiметтер құжаттармен расталған;
      5) тауар импорттаушы және экспорттаушы олардың өзара тәуелдiлiгi мәмiленiң бағасына әсер етпеген және оны декларант дәлелдеуге тиiстi жағдайларды қоспағанда өзара тәуелдi тұлғалар болып табылмайды.
      Ендi осы шарттардың әрбiрiн қарап шығайық.
      3.2.1. Тауар импорттаушы елге экспортқа сатылған
      Бұл шартта екi нәрсе мәнге ие болады: импорттаушы елге сату және экспорттау. Бұл әдiстi қолдану шарты тауардың сатылғандығының растығы болып табылады дегендi, яғни шарт негiзiнде шекара арқылы экспорттаушы елден импорттаушы елге тауар өткiзу жүзеге асырылып, сатып алушыдан осы тауардың орнына қабылданған ақшалай есептердiң (төлемдердiң) нысандарына сәйкес тең бағалы ақшалай сома алынып, сатып алу-сату мәмiлесi рас болғандығын бiлдiредi.
      1-мысал:
      Сатып алушылар қатары болғанда кедендiк құнды анықтау.
      Сатушы 1 сатып алушы 2 сатып алушы 3 сатып алушы
      Қытай 1000 Канада 15000 АҚШ 20000 Қазақстан
      (А) АҚШ дол. (Б) АҚШ дол. (В) АҚШ долл. (С)

      Тауар Қытайдағы сатушыдан Канададағы және АҚШ-тағы сатушылар арқылы Қазақстанға келiп, осы жерде еркiн айналымға шығу үшiн декларацияланады. Сонда мәмiленiң бағасы төмендегiше өзгередi:

      А-дан Б-ға - 10000 АҚШ долл.
      Б-дан В-ге - 15000 АҚШ долл.
      В-ден С-ға - 20000 АҚШ долл.
      Бұл жерде тауарды еркiн айналымға шығару туралы өтiнiш импорттаушы елге экспорттаудың фактiсi болып табылады.
      Сатып алушылар қатары болғанда мәмiле бағасы ретiнде тауарды еркiн айналымға шығарғысы келетiн адамның сатып алу бағасы алынады. Осы мысалда мәмiле бағасы ретiнде 3-сатып алушының (С) сатып алу бағасы қабылдану керек - 20000 АҚШ долл., өйткенi тек сол ғана тауарды еркiн айналымға шығарады.
      Жоғарыда қарап шыққан ережелер ескерiлгенде 1-әдiс сатып алу-сату мәмiлелерiне жатпайтын төмендегi сыртқы экономикалық мәмiлелерге қолданыла алмайды (яғни: бұл мәмiлелердiң құндық негiзi жоқ):
      а) тауардың тегiн жеткiзiлуi.
      Мысалы, сатушы үлгi ретiнде сатып алушы 5 кресло жеткiзiп бередi. Бұл жағдайда сатып алу-сату шарты негiзiндегi мәмiленiң бағасы жоқ, сондықтан кедендiк құнды белгiлеудiң 1-әдiсi қолданыла алмайды;
      ә) тауар консигнация шарттары негiзiнде жеткiзiлген.
      Жеткiзiп берушi өзiнiң агентiне жеткiзiп берушiге әлдеқайда тиiмдi шарттармен сату үшiн картоп жеткiзiп бередi.
      Бұл жерде агент картопты сатып алмайды, яғни оның иесi болмайды; картоп сатудан түскен табысты сату барысындағы шығындарын және жалақысын агентке төлегенiн есепке алған соң, жеткiзiп берушi өзi алады;
      б) тауарды делдалға сатпай делдал арқылы жеткiзiп беру.
      Шина жеткiзiп берушi оларды импорттаушы елдегi өзiнiң агентiне жеткiзiп берушiнiң өз бағасы бойынша сату мақсатымен және өзiнiң тәуекел етуiмен жiбередi, табысты жеткiзiп берушi алады;
      в) тауарды негiзгi компания және бәсiрелес фирмалар немесе филиалдар жеткiзiп бередi.
      Заңды тұлға болып табылатын негiзгi компания Белгияда орналасқан және Алматыда өзiнiң заңды тұлға емес және өз атынан әрекет жасамайтын филиалы бар. Олардың арасындағы тауарларды жеткiзiп берiп тұру сатып алу-сату мәмiлесi ұғымына жатпайды және оларға кедендiк құнды белгiлеудiң 1-әдiсi қолданыла алмайды да:
      г) бартерлiк немесе компенсациялық операциялар шеңберiнде тауарларды жеткiзiп беру.
      Бұл жағдайда тауар бағасының эквивалентi ретiнде басқа тауар жүредi, яғни мәмiленiң бағасы ақшалай көрiнбейдi және тиiстi төлемдiк және банкiлiк құжаттардың негiзiнде тауарлар үшiн ақшалай есептер де болмайды. Кедендiк құнды белгiлеудiң бiрiншi әдiсi қолданыла алмайды;
      д) жал шарты (лизинг) бойынша тауарлар жеткiзiп беру.
      Бұл жағдайда тауарға деген меншiктi құқық жалға берушiден жалдаушыға ауыспайды, тауарды пайдалану құқығы үшiн меншiк иесi табыстың бiр бөлiгiн алады, ал тауар белгiлi бiр уақыттан соң меншiк иесiне (жалға берушiге) қайтарылады. Сонымен, сатып алу-сату фактiсi жоқ болғандықтан, 1-әдiс қолданылыс таба алмайды.
      е) уақытша алып кету мақсатымен тауарлар жеткiзiп беру.
      Мысалы, меншiк иесi (жеткiзiп берушi) тұтынушыға уақытша алып кету шарты негiзiнде машина бередi, ол белгiлi бiр уақыттан соң жеткiзiп берушiге қайтарылады.
      ж) өндiрiс қалдықтарын басқа елге алып кету.
      Жасалған шарттарға сәйкес кейбiр елге оларды коммерциясыз пайдаға асыру мақсатымен тасып жетiледi, мысалы ядролық қалдықтарды оларды көмiп тастау мақсатымен. 1-әдiс бұл жағдайларда да қолданылмайды. Жоғарыда аталған мәмiлелерге және импорттаушы елге экспорттау мақсатындағы сатып алу-сату фактiсi жоқ кез келген басқа мәмiлелерге кедендiк құнды белгiлеудiң басқа әдiстерi (2-6 әдiстер) қолданылады.
      з) Кепiлдiктер есебiнен тауарлар жеткiзiп беру
      Кепiлдiк мерзiмi iшiнде жеткiзiлген жарақтың жеке механизмдерi iстен шығып қалды. Оларды ауыстыру үшiн жаңа детальдар жеткiзiледi.
      3.2.2. Тәртiп белгiлеген шектеулердi қоспағанда бағаланатын тауарға деген импорттаушының құқы жөнiнде шектеулер жоқ
      Белгiленген шарттарды орындаған жағдайда тауарлардың кедендiк құнын белгiлеу үшiн 1-әдiстi қолдануға болады.
      Шеттен әкелiнетiн тауарға деген импорттаушының құқықтары жөнiнде белгiлi бiр шектеулер бар болып тұрғанда 1-әдiс қолданыс таба алмайды. Осыған байланысты бар болып тұрғанда 1-әдiстi қолдануға мүмкiндiк бермейтiн шектеулер мен осы әдiстi қолдануға рұқсат беретiн шектеулердi нақты ажырату қажет.
      Тәртiп импортаушының (сатып алушының) бағаланатын тауарға деген құқықтары жөнiнде 1-әдiстi қолдануға рұқсат беретiн шектеулердiң тек қана үш түрiнiң болуын белгiлейдi; Егер импорттаушының (сатып алушының) құқықтарына қандайда бiр өзге шектеулер бар болса, 1-әдiс қолданылмайды.
      Шеттен әкелiнетiн тауар жөнiнде сатып алушының құқықтарын шектеудiң төменде аталған 3 түрi кедендiк құнды белгiлеудiң бiрiншi әдiсiн қолдануға мүмкiндiк бередi:
      а) Қазақстан Республикасы заңдары белгiлеген шектеулер.
      Бұл жағдайда мысалы, белгiлi бiр тауарды және т.б. импорттауға құқы бар тұлғалар аясы жөнiндегi шектеулер сөз болып отыр. Соның iшiнде ядролық, химиялық уландырғыш заттар, есiрткiлердi импорттау мекемелердiң тек қатаң шектеулi аясына ғана рұқсат етiледi;
      ә) тауарлар қайта сатыла алатын географиялық аймақты шектеулер.
      Бұл жағдайда тауарды қайта сататын жекелеген тұлғалар үшiн аумақтық шектеулер ойда болып отыр. Мысалы, "сатушы тауарды Қазақстан аумағына өз сатушыларына сатады және бүкiл аумақты жеке-жеке сатушы қойып 10 бөлiкке бөледi, осыған орай әрбiр сатушы тауарды тек өз аумағында сата алады деген шарт қойылады";
      б) тауар бағасына елеулi әсер етпейтiн шектеулер.
      Шектеулердiң барлық түрiн бағалаудағы басты критерий олардың 1-әдiсi пайдалану мүмкiндiгi әсерi тұрғысынан - бұл ана немесе мына шарттың мәмiле бағасына әсер ету дәрежесi болып табылады. Мәмiленiң бағасына шектетудiң елеулi әсерi жоқ болғанда, ол 1-әдiстiң пайдаланылуына бөгет жасай алмайды.
      Ескерту: шетелдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, практикада
               мәмiле бағасына елеулi әсер ететiн шектеулердiң
               барлығы туралы мәмiледе iс жүзiнде болмайды да.
               Егер бағаға едәуiр әсер ететiн шарттың барлығы
               туралы мәлiмделетiн болса, осы шарттың нәтижесiнде
               бағаның сандық өзгерiсi құжат арқылы белгiленетiн
               болса, онда 1-әдiстiң қолданылуы мүмкiн; егер
               бағаға сандық әсердегi белгiлеуге және құжат
               арқылы растауға болмаса, онда бағалаудың басқа
               әдiстерiне көшу қажет.
      Мысалы. Экспорт үшiн сатушы импорт елiндегi сатып алушы оны қайырылымдылық мақсаттарына пайдаланатын болады деген шарт пен медициналық аппарат сатты. Бұл жағдайда 1-әдiс қолданыс таба алмайды, себебi тауарды пайдалануға қатысты сатып алушының құқықтарының шектелуi орын алып отыр және осындай шарт мәмiле бағасына елеулi әсер ете алады. Бағалаудың басқа әдiстерi қолданылуға тиiстi (2-6).
      3.2.3. Мәмiле бағасы әсерi ескертiлмейтiн әлде бiр шарттарға байланысты емес
      Бұл шарт 1-әдiстi қолдану тауарды сату немесе оның бағасы:
      а) сатудың шарттарына немесе;
      ә) бағасын белгiлеуге келмейтiн жеткiзiлiмдердiң шарттарына байланысты емес жағдайларда мүмкiн екендiгi бiлдiредi.
      Бұл жағдайда мәмiле шарттарын қарағанда жалпы сипаттағы және ВЭД-ке қатысушылардың бәрiне қатысы бар (немесе оларға жағдайлар жасалынуы мүмкiн) жағдайлар мен таңдамалы сипаттағы және жалпыға бiрдей емес жағдайларды ажыратып алу керек.
      Төменде сыртқы экономикалық қызметте орын алған, 1-әдiстi пайдалану мүмкiндiгiне әсер етпейтiн жеткiзiлiмдердiң көпшiлiк қолдаған шарттары келтiрiлген, яғни олардың барында 1-әдiстi қолдануға рұқсат етiледi:
      - жеткiзiлімдердiң жалпыға бiрдей шарттары (ең алдымен ИНКОТЕРМС-ФОБ, СИФ, ДАФ т.б. түсiндiретiн жеткiзiлiм шарттары);
      - "сарапшыны қатыстыра отырып сатып алу (сарапшының қорытындысы болуы)", тауарларды белгiлi бiр күнге дейiн жеткiзiп беретiн шартпен сатып алу", сондай-ақ сыртқы сауда операциялары үшін жалпыға бiрдей болып табылатын және мәмiле бағасына әсер етпейтiн басқа шарттар (тауар санына жеңiлдiк, бiр сатушыға "адал болу" және т.б.) секiлдi мәмiлелердi жасаудың жалпыға бiрдей шарттары мен жеткiзiлімдердi жүзеге асыру;
      Мысалы, бiр сатушыдан ғана үнемi тауар сатып алатын сатып алушыға баға жөнiнен жеңiлдiк жасалса, ал бұл көпшiлiк мақұлдаған практика болып табылады, онда бұндай жеңiлдiк, демек мәмiле бағасы мойындалу (танылу) керек және 1-әдiсте пайдалануға болады.
      - сатып алушыға сатушының импорт елiнде дайындалған техникалық талдамаларды немесе сызбаларды беруi (1-ескертудi қара);
      - сатып алушының өз есебiнен (мүмкiн тiптi сатып алушымен келiсiм бойынша) шеттен әкелiнетiн тауарларды сатуға қатысты қандай да болса бiр iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, мысалы, сатып алушы төлейтiн жарнама бойынша қызмет (2-ескертудi қара).
      Мәмiле жасалған кезде оның шарттары ретiнде бағаланатын тауарлардың құны белгiлене алмайтындай шарттар қойылатын болса, 1-әдiс қолданыс таба алмайды, нәтижесiнде мәмiле бағасы кеден мақсаттары үшiн қолайсыз болады. Ондай шарттарға мыналар жатады:
      - сатушы шеттен әкелiнетiн тауарлардың бағасын сатып алушы сондай-ақ басқа тауарларды да белгiлi бiр мөлшерде сатып алады деген шартпен белгiлейдi;
      Мысалы, 5000 ақша бiрлiгiне былғары бұйымдары жеткiзiледi. Жеткiзiп берушi импорттаушы бағасы белгiсiз 2000 пар аяқ киiмдi қосымша сатып алады деп шарт қояды;
      - шеттен әкелiнетiн тауарлардың бағасы шеттен әкелiнетiн тауарларды сатып алушының шеттен әкелiнетiн тауарларды сатушыға сататын басқа тауарларының бағасына немесе бағаларына байланысты;
      Мысалы, сатушы 1000 ақшалай бiрлiкке электр тауарларын сатады. Сатып алушы сол сатушыға осы тауарларды өндiру үшiн реле сатады. Осыған байланысты сатушы релiнiң бағасы 10000 ақшалай бiрлiк деген шарт қояды.
      Сонымен электр құралының бағасы реле бағасының әсерiн "сезедi".
      - баға шеттен әкелiнетiн тауарларға қатысы жоқ төлем нысандары негiзiнде белгiленедi.
      Мысалы, шеттен әкелiнетiн тауарлар сатушы дайын тауарлардың белгiлi бiр мөлшерiн өзi алады деген шартпен жеткiзiлетiн жартылай фабрикаттар болып табылады; Мысалы, сатушы 10000 ақша бiрлiгiне ағаш сатады. Сатып алушы ағаштан бар болғаны 1000 дана үстел жасайды. Сатушы шарт қояды: сатып алушы ағаштың құны есебiнен 500 үстел жеткiзiп бередi, үстелдердiң құны белгiленбеген.
      - сатып алу-сату келiсiмi тек сол сатушыдан сатып алу шартын көздейдi;
      - сатып алу-сату келiсiмi мәмiленiң бағасын тауарларды бiр-бiрiне сату (жеткiзiп беру) шартымен белгiлейдi.
      Осындай шарттар болғанда, олардың мәмiле бағасына әсерi болған-болмаған және сол жердi сан жағынан белгiлеуге болар-болмасын анықтау қажет. Шарттардың бағаға сан жағынан әсерiн белгiлеу мүмкiн болса және мәлiмделген баға iс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiстi болса ғана, 1-әдiс қолданыс таба алады.
      3.2.4. Декларанттың кедендiк құнды белгiлеу үшiн пайдаланылған мәлiметтерi құжаттар арқылы расталған болу керек.
      Осы талапқа сәйкес кедендiк құн 1-әдiс бойынша, егер оның кедендiк құн декларациясында көрсетiлген элементтерi тиiстi құжаттармен расталған болса ғана белгiлене алады, оның iшiнде:
      а) баға (яғни мәмiле бағасы) жеткiзiлiмдi төлеген есеп-фактурамен расталады;
      ә) мәмiленiң бағасына қосымша үстемелер-төлемдiк, тауармен бiрге жүретiн, қауiпсiздендiру, коммерциялық құжаттармен расталады;
      б) шығындардың жұмсалған (шегерiлген) сомалары - төлемдiк, тауармен бiрге жүретiн, коммерциялық кедендiк құжаттармен расталады.
      Құжаттар арқылы расталмай әдiс қолданыс таба алмайды.
      3.2.5. Импорттаушы және экспорттаушы олардың тәуелдiлiгi мәмiле бағасына әсер етпеген оны декларант құжатпен дәлелдеген жағдайларды қоспағанда бiр-бiрiне тәуелдi тұлғалар болып саналмайды.
      Өзара тәуелдi болған заңды және жеке тұлғалар туралы анықтаманы Тәртiп белгiленген, соған сәйкес тұлғалар, егер: мәмiлеге қатысушының бiреуi (жеке адам) немесе мәмiлеге қатысушылардың бiреуiнiң бiр лауазымды тұлғасы бiр мезгiлде мәмiлеге қатысушылардың басқа бiреуiнiң лауазымды тұлғасы болып табылса ғана, тұлғалар өзара тәуелдi болып табылады;
      мәмiлеге қатысушылар ортақ иегер болып табылады;
      мәмiлеге қатысушылар жалдау қатынастары арқылы байланысқан;
      мәмiлеге қатысушының бiреуi басқа қатысушының жарғылық капиталының 5 проценттен кем емес үлесiне немесе дауыс құқы бар акциялар пакетiне ие;
      мәмiлеге қатысушының екеуi де үшiншi бiр заңды немесе жеке тұлғаның тiкелей немесе жанамалай бақылауында;
      мәмiлеге қатысушылар үшiншi тұлғаны тiкелей немесе жанамалай бiрлесе бақылайды;
      мәмiлеге қатысушылар немесе олардың лауазымды тұлғалары жақын туысқандар болып табылады;
      сатушы мен сатып алушының өзара тәуелдiлiгi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ осы тәуелдiлiктiң мәмiле бағасына әсерiн декларант көрсетедi.
      Ескерту: кедендiк құнды белгiлеудiң осы жүйесiн қолданатын
               елдердiң тәжiрибесi сатып алушы мен сатушы
               арасындағы өзара тәуелдiлiктi декларант өте сирек
               атап өтетiнiн көрсетедi. Мұндай тәуелдiлiктi кеден
               органдары жүргiзiлген тергеулер және фирмаларды және
               олардың жарғыларын тiркеу туралы жарияланған
               хабарламаны талдау негiзiнде белгiлейдi.
      Сатушы мен сатып алушының арасында байланыстың болуы тiптi мәлiмделген мәмiленiң бағасы сол сияқты тауарларға деген бағаның дағдылы деңгейiнен төмен жағдайда да мәмiленiң мәлiмделген бағасын мойындауға және 1-әдiстi қолданудан бас тартуға негiз болып табылмайды.
      Бұл жағдайда өзара тәуелдiлiктiң болған-болмағанын және оның мәмiле бағасына әсер еткен-етпегенiн анықтау қажет. Егер әсер анықталмаса, онда мәмiле бағасын кеден қолайлы деп табылады. Егер бағаға әсер еткен болса (немесе кеден мекемесiнiң солай деп есептеуге негiзi болса), онда кеден мекемесi бұл туралы импорттаушыға (декларантқа) хабарлайды және оған олай емес екенiн дәлелдеуге және мәлiмделген бағаны құжаттармен растауға мүмкiндiк бередi.
      Тексеру қажеттiгi жүктi ұстап қалуға негiз бола алмайды. Жүк дағдылы тәртiп бойынша ресiмделедi, ал одан кейiн жүргiзiлген тексерудiң мәлiметтерi бойынша кедендiк құн қайта есептелуi және баждар мен жиындардың түгел алынбаған сомалары өндiрiлiп алынуы мүмкiн.
      Күдiк пайда болған жағдайдың бәрiнде тиiстi мәмiле туралы мәлiметтер арнаулы есепке алынады.
      Сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара тәуелдiлiк болған жағдайлардағы кеден органдарының негiзгi iс-әрекеттерi:
      1) Бұрын осы фирмамен мәмiле жасасқан-жасаспағанын және олар жөнiнде қандай ескертпелер болғанын тексеру; кеден мекемесiнде жатқан, осы мәмiлеге тiкелей немесе жанама қатысы бар хабарламаны талдау. Қажеттi хабарламаған ие болып отырған Кеден мекемесi өзара тәуелдi емес тұлғалардың арасындағы дәл осындай немесе осыған ұқсас тауарлар жөнiндегi мәмiлелермен, болмаса 4 немесе 5-әдiстер бойынша белгiленген дәл осындай немесе осыған ұқсас тауарлардың кедендiк құнымен өз бетiнше бақылау салыстырулар жүргiзе алады.
      Осы хабарлама өзара тәуелдiлiк мәмiле бағасына әсер етпегенi туралы қорытынды үшiн жеткiлiктi болып табылған жағдайда, кеден органы мәлiмделген бағаны декларанттан қосымша хабарлама сұрамай-ақ қабылдайды және кеден құнын 1-әдiс бойынша белгiлеу үшiн пайдаланады. Одан ары тергеудi жүргiзбеуге болады.
      2) Осы өзара тәуелдiлiктiң тауар базасына әсерiн талдап шығу.
      Талдау барысында сатушы мен сатып алушының коммерциялық қатынастары ұйымдастыру сипаты; тауарды сату шарттары; тапсырыстардың қалай берiлгендiгi; тауар құнының қалай кем есептелгендiгi, сөз болып отырған бағаның белгiленуi және есепке енгiзiлуi; төлеудiң қалай жасалғаны, төлемдердiң қалай өткенi және т.б. қарастырылады.
      Тергеу (талдау) барысында сатушы мен сатып алушы өзара тәуелдi тұлғалар болып табылса да, бiр-бiрiмен байланысты еместей бiр-бiрiн тауар сатып алып және оларды сатқаны анықталған болса, онда олардың өзара қарым-қатынасы бағаға әсер етпегенi.
      а) Мысалы, егер бағаның өндiрiстiң осы саласындағы дағдылы баға жасау практикасына сәйкес немесе сатушы өзiмен байланысты емес сатып алушыларға сату үшiн бағаны белгiлеген жолмен белгiленгенi анықталса, бұл контрагенттердiң өзара тәуелдiлiгi бағаға әсер етпегенiн растайды.
      ә) Бағаның сатушы мен сатып алушының өзара тәуелдiлiгiнiң әсерiне ұшырамағанын растайтын басқа мысал ретiнде мәлiмделген баға барлық шығындарды осы фирманың көрсетiп отырған кезең iшiнде (мысалы, бiр жыл iшiнде) тура осы топтағы немесе түрдегi тауарларды сатқан кездегi жалпы табысы үшiн деңгейi дағдылы болып табылатын табысымен қоса қамтамасыз етуге бара-бар екенiн дәлелдеген жағдайда келтiруге болады.
      Сатушы мен сатып алушының өзара тәуелдiлiгiн мәмiле бағасына әсер етпегенiн тергеу растаған жағдайда, баға қолайлы деп табылады және кеден құнын белгiлеу үшiн 1-әдiс қолданылады. Олай болмаған жағдайда 2-6 әдiстер пайдаланылады.
      3) Декларантқа мәмiленiң бағасына өзара тәуелдiлiктiң әсерi болмағанын құжатпен дәлелдейтiн мүмкiндiк беру; декларанттың мәлiмделген мәмiле бағасын дәлелдеу үшiн ұсынған құжаттарын қарап шығу;
      4) Декларант мәлiмдеген мәмiле бағасын қабылдамауға кеденнiң негiзi бар жағдайда ол негiздердi жазбаша жазып және дәлелдеп беру; импорттаушының талабы бойынша оған тиiстi анықтаманы беру;
      5) Импорттаушының қалауы бойынша тұлғалардың өзара тәуелдiлiгiнiң мәмiле бағасына әсерiн талдау нәтижелерiн күтпей-ақ кедендiк құнды белгiлеудiң 2-әдiсiне көшу;
      6) Осы фирманы арнаулы есепке алу.
      Кеден органының өзара тәуелдiлiктiң барлығы жағынан да, мәмiле бағасына оның әсерi болғаны жағынан да жеткiлiктi дәлелденген күмән жоқ болса да, фирманы арнаулы бақылауға ала алатынын ескеру керек. Мұндай бақылау басқа мәмiлелердi ресiмдеген кезде фирманың қылығын бағып жүру үшiн қажет, тек содан кейiн ғана, қажет болған жағдайда және қажеттi хабарлама жинақталған кезде тергеу жүргiзу керек.
      Ескерту: сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланыс
               анықталған жағдайдың бәрiнде бiрдей өзара тәуелдi
               тұлғалардың арасындағы мәмiле жағдаяттарын тергеудi
               және зерттеудi жүргiзбеу керек екенiн есте тұту
               керек. Мұндай зерттеу кеден органында бағаның
               тиiмдiлiгi жөнiндегi жеткiлiктi дәлелденген күмәндер
               болғанда ғана қажет болады. Бағаның тиiмдiлiгi
               кеден мекемесiнiң күмәнiн туғызбайтын жағдайларда,
               бұл баға ары қарайғы хабарламаны импорттаушыдан
               сұрамай-ақ қабылдана бередi (мысалы, егер кеден
               органы бұған дейiн бар байланысты зерттеудi
               жүргiзген болса немесе контрагенттердiң мәлiметтерi
               туралы жеткiлiктi хабарламаған ие болса).
      Кеден мекемесi сатушы мен сатып алушының тәуелдiлiгi жөнiнде күмәнданатын жағдайда декларанттың өзара тәуелдiлiк мәмiле бағасына әсер етпегенiн және оның мәлiмделген бағасы шынында да төленгенiн дәлелдеуге қақысы (ал кеден органы оған осы құқықты беруге мiндеттi - жоғарыдағы 4 нүктенi қараңыз) бар. Өзара тәуелдi тұлғалардың арасындағы мәмiле бағасы тиiмдi деп танылу және оған 1-әдiстi қолдану мүмкiн болу үшiн декларант оның мәлiмдеген бағасы шынында да төленгенiн немесе бағаланатын тауарлардың мәмiле бағасы:
      а) дәл осындай немесе соларға ұқсас тауарлардың сатып алушыларымен (яғни өзара тәуелдi емес тұлғалармен) байланысы жоқ сатушылар сатқан кездегi мәмiле бағасына;
      ә) 4-әдiс бойынша есептелген дәл осындай немесе соларға ұқсас тауарлардың кедендiк құнына;
      б) 5-әдiс бойынша есептелген дәл сондай немесе соларға ұқсас тауарлардың кедендiк құнына;
      в) бұған дейiн кеден органы қабылдаған "бақылау" құнына өте жақын екенiн құжатпен дәлелдеу керек.
      Осы салыстырулар тек декларанттың бастамасы бойынша жүзеге асырылады және бағаланатын тауарлар жөнiндегi мәмiле шарттарымен салыстыру үшiн пайдаланады. Бағаланатын тауарлардың бағасы осындай салыстырулар негiзiнде ауыстыра алмайды. Салыстырған кезде салыстырылатын мәмiлелер шарттарындағы айырмашылықтар ескерiле отырып түзету жүргiзiлу керек (тауар көлемi, жеткiзiлiмдер шарттары, көлiк түрi және т.б.).
      Одан басқа бiр мәмiленiң бағасы немесе кедендiк құны басқа бағаға қаншалықты "өте жақын" екенiн анықтағанда бiрқатар факторларды ескеру керек. Бұл факторлар шеттен әкелiнетiн тауарлардың сипатын, саланың өзiнiң ерекшелiгiн, тауарлар импортталатын сезонды, сондай-ақ құн (баға) айырмашылығының коммерциялық мәнi бар-жоғын ескеруге тиiс. Бұл факторлар әр жағдайда бiрдей бола алмайтындықтан, әмбебап стандартты, мысалы тұрақты проценттi қолдану әрбiр жеке жағдайда мүмкiн болмаған болар едi. Мысалы, тауардың бiр түрiндегi құнның болмашы айырмашылығы тиiмсiз болуы мүмкiн, ал тауардың басқа бiр түрiндегi үлкен айырмашылық әбден тиiмдi болуы мүмкiн.
      Сонымен, әрбiр нақты жағдайда арнаулы тергеу жүргiзiп, осы iстiң жағдаятына сүйене отырып шешiм қабылдау керек.
      3.2.6. Кеден құнын белгiлеу үшiн 1-әдiстi қолдану мүмкiндiгiн қарастырып отырған мәмiле шарттарының 128-баптың 18-абзацы талаптарына сәйкестiгiн ескере отырып анықтап алғаннан кейiн мәлiмделген құнды түзету Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Жарлығының 128-бабы 2-абзацына сәйкес жүзеге асырылады.
      Кедендiк құнды белгiлеудiң бастапқы нүктесi әрдайым шынымен төленген немесе төленуге тиiстi бағаны, яғни сатып алушы сатушыға төлеген iс жүзiндегi шығындарды белгiлеу болып табылады.
      Егер кедендiк ресiмдеу сәтiнде тауар төленген болса, оның дәлелi ретiнде сатушы ұсынған және сатып алушы төлеген есеп (есеп-фактура) көрсетiледi. Сонда төленген есепке қарап, сатып алушының пайдаланған iс жүзiндегi жеңiлдiктерi (мысалы, төлем шарттары жөнiндегi жеңiлдiктерi) ескерiледi.
      Жүктi кедендiк ресiмдеу сәтiнде сатушы ұстанған есептi сатып алушы әлi төлемеген болса, онда кедендiк органға КҚД-1 үлгiсiнде көрсетiлген соманың есеп сомасына сәйкестiгi тексерiлетiн төленбеген есеп көрсетiледi. Төленбеген есептерде төлем шарты бойынша жеңiлдiктер мойындалмайды.
      Декларант кез келген жағдайда мәмiле бағасын растау үшiн КҚД-1-дi толтырғанда, осы тауарды төленген немесе төленбегенiне қарамастан, төлеудiң сатушы ұсынған есебiн көрсетуге мiндеттi.
      Есеп жоқ болғанда, 1-әдiс қолданылмайды және кедендiк құнды белгiлеу басқа әдiстермен (2-6) жүзеге асырылады.
      Көрсетiлген есеп кеден органының күдiгiн туғызғанда (мөрлердiң, сатушы мен сатып алушының реквизиттерiнiң, мәлiметтердiң көмескi бейнеленуi және т.б. жоқ болуына байланысты), кеден органы (банкiлiк, коммерциялық және т.б.) мәмiле бағасын растайтын басқа құжаттар талап етуге мiндеттi.
      3.2.7. Егер кеден органы декларант көрсеткен құжаттарға сәйкес мәлiмделген мәмiле бағасын қабыл алса, онда келесi қадам мәмiле бағасына қосымша үстемелердiң қажеттiгiн анықтау болып табылады.
      Бағаға үстемелер ретiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Жарлығының 128-бабы белгiлеген төмендегi шығындар (элементтер) қарастырылады:
      а) шеттен әкелiнген тауарларды кедендiк ресiмдеу орнына дейiнгi тасымалдау шығындары, оның iшiнде:
      тауарларды тиеу, түсiру, қайта тиеу және қоймаға жинау шығындары;
      сақтандыру шығындары;
      комиссиялық және өзге де делдалдық сыйақылар, контейнерлер құны сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасына сәйкес бағаланатын тауарларымен бiрге тұтас бiр бүтiн ретiнде қарастырылатын болса;
      ә) орайтын материалдардың және орау жұмыстарының бағасын қоса алғандағы буып-түюдiң бағасы;
      б) сатып алушының сатушыға тiкелей немесе жанамалай өндiрiс үшiн пайдалану немесе бағаланатын тауарларды экспортқа (иесiнен айыруға) сату мақсатында тегiн немесе төмен бағамен берген төмендегi тауарлардың (жұмыстардың және қызметтердiң) бағасының тиiстi бөлiгi;
      шикiзат, материалдар, детальдар, жартылай фабрикаттар бағаланатын тауарлардың құрамдас бөлiгi болып табылатын және басқа толықтыратын бұйымдар;
      аспаптар, штамптар, үлгiлер, бағаланатын тауарларды өндiру барысында пайдаланылған басқа да осындай жабдықтар;
      бағаланатын тауарларды өндiру барысында шығындалған қосымша материалдар (жағатын материалдар, отын және т.б.);
      Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде жасалған, бағаланатын тауарларды өндiру үшiн тiкелей қажеттi инженерлiк және тәжiрибелiк-конструкторлық зерттемелер, дизайн, эскиздер;
      в) бағаланатын тауарларды сату (иесiнен айыру) шарты ретiнде импорттаушы тiкелей немесе жанамалай жүзеге асыруға тиiстi зерделiк меншiк объектiлерiн пайдаланғаны үшiн берiлетiн лицензиялық және өзге төлемдер;
      г) кез келген келесi сатудан (иесiнен айырудан) немесе экспорттаушыға қайтарылуға тиiстi бағаланатын тауарларды пайдаланудан түсетiн импорттаушы кiрiсiнiң бөлiгi.
      Жоғарыда аталған барлық шығындар мәмiле бағасына:
      - олар мәмiле бағасына енгiзiлмегенi;
      - декларант құжат арқылы растаған жағдайда қосылуы мүмкiн.
      3.2.8. Мәмiле бағасының құрылымы жеткiзiлiм шартына байланысты. Мәмiлелердiң нақты түрлерiнiң шарттарын дұрыс түсiндiру үшiн сыртқы сауда саласында жиi қолданылатын коммерциялық терминдер жинағы бар "Инкотермс 1990"-ды пайдалану керек.
      "Инкотермс 1990-да" жеткiзiлiмнiң коммерциялық шарттары 1-кестеде келтiрiлген негiзiнен әртүрлi төрт категорияға бөлiнедi.
      2 және 3 кестелерде мыналар көрсетiлген:
      әрбiр шарт шығындарының құрамы және сатушы мен сатып алушы арасындағы шығындар бөлiсi, сондай-ақ сатушы мен сатып алушының (құжаттардың әр түрiн төлеуге ұсынғанына қарай) мiндеттерi.
      Жеткiзiлімдердiң ең көп кездесетiн шарттары - бұл FОВ (2 топ), CIF (3 топ) және DAF (4 топ).
      Кестелерден көрiнiп тұрғанындай, жеткiзiлiм шарттарының сатып алушының төлеген бағасының құрылымына қарай айырмашылықтары бар, яғни осы бағаға енгiзiлген шығындар құрамына қарай. Демек, кеден құны, құрылымына қойылатын талап тұрғысынан FОВ бағаларын пайдаланған жағдайда бағаға қосымша үстеме қосу қажет, өйткенi оған жүктi тасымалдау және сақтандыру шығындары енбеген.
      Кеден мақсаттары үшiн ең ыңғайлы баға CIF бағасы, ол құрылымы жағынан кеден құрылымының құнына сәйкес келедi.
      ДАҒ бағасын пайдаланғанда бағаға қоса сақтандыру шығындарын және жеткiзiлетiн орнына байланысты ("шекара" терминi деп экспорттаушы елдiң шекарасын айтады, яғни, құжатта шекарашының қай жерi көрсетiлгенiне көңiл бөлу керек) - көлiк шығындарын енгiзу қажет.
      ДДР шарттары бойынша тауар жеткiзгенде бұл бағадан кеден құнына кiрмейтiн шығындарды, соның iшiнде кеден баждары мен импорттаушы елдегi жиындарды шығарып тастау керек.
      Мәмiле бағасына қосымша үстемелер және одан шегерiлгендер оларды құжат арқылы расталғанда ғана жүзеге асырылу керек.

      3.3. Мәмiле бағасына қосымша үстемелердi
             белгiлеу тәртiбi
      Көлiк шығындары.
      Iс жүзiнде сатып алушыға жүк жеткiзiп беру үшiн шығатын көлiк шығындарына тауардың орнын ауыстыру жөнiндегi барлық шығындар көлiк құралдарының әр түрiне, көлiк құралдарын жалдауға жұмсалатын шығындар, арту, түсiру, қайта арту және тауарларды қоймаға жинау шығындары кiредi. Көлiк шығындары кедендiк ресiмдеу орындарына дейiн ескерiледi.
      Көлiк шығындарына сондай-ақ жүктiң үстемесi, тауарды iшке жеткiзудi ресiмдеудiң ақысы (тауармен бiрге жүретiн құжаттарды ресiмдеудiң шығындары), тауарларды тасымалдау кезiндегi күтуге кететiн шығындар (яғни қажеттi температураны, ылғалдылықты ұстауға, желдетуге және емдеуге кететiн, тауарларды сақтауды қамтамасыз етуге қажеттi шығындар) енгiзiледi.
      Егер мәмiле бағасы тауарды басқа жерге жеткiзiп берудi көздесе, онда бағаға тиiстi түзетулер енгiзу керек. Мысалы жеткiзiлiмнiң (ДДР) шарттары бойынша апарылатын жерi жүктi кедендiк ресiмдеу орынынан алысырақта болса, онда көлiк шығындарындағы айырмашылықты - декларанттың өтiнiшi бойынша және тиiстi құжаттар мен есептердi ұсынғанына қарай - кеден құнынан шығарып тастау керек. Көлiк және төлем құжаттары ортақ болғанда шығындарды бөлу арақашықтық бойынша тепе-тең жүзеге асырылады, яғни "көлiктiк километрлiк кiлт" бойынша.
      Егер шарт бойынша кедендiк ресiмдеу орнына дейiнгi көлiк шығындары бағаға түгел енгiзiлмеген болса (мысалы, ЕХW, FOB және т.б.), онда мәмiле бағасына қосымша баға қосу қажет.
      Тауарды тасымалдауға құжаттар көрсетiлмеген жағдайда кеден ақысын 1-әдiс бойынша белгiлей алмайды, сондықтан басқа әдiстерге (2-6) көшу керек.
      Кеден органында тиеу-түсiру және қоймалау жұмыстары мен қызметтерiнiң қызмет прейскурант бағалары мен тиiстi көлiк түрлерiмен тасудың тарифтерi бар болса, кеден органы солар бойынша тасымалдаудың бағасын (осы есептеулердi ҚҚД-1-дiң қосымшасы ретiнде ресiмдеп және есептеулер үшiн пайдаланылған құжаттарға сiлтеме жасай отырып) есептен шығара алады.
      Қауiпсiздендiру шығындары - олар мәмiле бағасына енбеген жағдайда - ҚҚД-1-дiң тиiстi бiр нүктесiнде көрсетiлуге және бағаға қосылуға тиiс. Олай болғанда қауiпсiздендiру шығындары кедендiк ресiмдеуге дейiнгi арақашықтықтан кем болса да толық көлемде ескерiледi.

      3.3.2. Комиссиялық және өзге де делдалдық сыйақыларды
             төлеу жөнiндегi шығындар
      Кеден ақысына тауарды сату жөнiндегi комиссиялық (делдалдық) шығындар ғана енгiзiледi, яғни сатушының сатып алушыны тауып алып, оған тауар сату үшiн шығарған шығындары. Дағды бойынша бұл шығындар сатушының бағасының iшiнде-ақ болады. Егер олар бiр себептен осы бағаға енбей қалса, оларды тиiстi есептеулер мен төлемдiк құжаттар негiзiнде қосымша есептен шығару керек.
      Сатып алушының тауарды сатып алу жөнiндегi комиссиялық (делдалдық) шығындарына баж салынбайды және кеден ақысына енгiзiлмейдi.

      3.3.3. Буып-түюге кететiн шығындар
      Осы шығындарды кеден ақысына кiргiзу жөнiндегi мәселенi шешкен кезде оларды сатушы сатып алушыға төлетуге берген бермегенiн ескеру қажет.
      Мысалы, егер тауар тауармен бiр бүтiн болып есептелiнетiн (шыны құтылардағы қайнатпа) орайымен жеткiзiлетiн болса, онда тауар және оның тұрған ыдысы бiр тарифтiк позицияға (ТН ВЭД) жатқызылады. Бұл жағдайда орау шығындары кеден ақысының iшiнде енгiзiледi.
      Екiншi нұсқа - тауар контейнермен немесе цистернамен жiберiледi, олар қайтарылатын тара, сондықтан ТН ВЭД-тiң жеке позицияларына жатқызылады. Бұл жағдайда мұндай тараның құны кеден ақысына енгiзiлмейдi, бiрақ оған егер олар мәмiле бағасына енгiзiлiп, құжатпен расталмаса, сатып алушының (контейнердi, цистерналарды) жалдаған шығындары енгiзiлуге тиiс.

      3.3.4. Сатып алушының сатушыға тегiн немесе төмен
             бағалармен жеткiзiп берген тауарлары мен қызметтерi
      Мәмiленiң мәлiмделген бағасы сол сияқты мәмiлелердiң бағасынан едәуiр кем болатын жағдайлар болу мүмкiн, себебi оны есептегенде тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң) тегiн немесе төмен бағамен сатушыға сатып алушының жеткiзiп (жасап) берген құны ескерiлмей қалған.
      Мысалы, жейде сатып алушы үшiншi елден мата сатып алып, оны осы жейде тiгушiлерге тегiн жеткiзiп берген. Өндiрушi сатып алушыға матаның бағасынсыз тек жейделердi өндiрудiң бағасын енгiзiп есеп ұсынады. Кеден ақысын белгiлегенде оған материалдың бағасында енгiзiлу керек едi.
      Осындай шығындарды қарастырған кезде (Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының 128-бабы 17-абзацы) төмендегi жағдаяттарды ескеру қажет.
      Аспаптардың, штамптардың, үлгiлердiң және бағаланып отырған тауарларды өндiру кезiнде пайдаланылған сол сияқты жабдықтардың шығындарын кеден ақысына енгiзген кезде, екi факторға көңiл бөлiну керек:
      - осы элементтердiң құны;
      - осы құнды шеттен әкелiнетiн тауарларға бөлу тәртiбi (әдiсi).
      Осы элементтердiң құны ретiнде импорттаушының (сатып алушының) өзiмен байланыста емес тұлғадан сатып алған әйтеуiр бiр элементiнiң бағасы қабылданады.
      Егер элементтi импорттаушы (сатып алушы) немесе онымен байланысты бар тұлға өндiрген болса, оны өндiрудiң шығындары соның құны болып табылады.
      Егер элементтi бұрынырақ импорттаушы (сатып алушы) сатып алды ма немесе өндiрдi ме бәрiбiр, онда оның құнын белгiлеу үшiн оның алғашқы сатып алынған немесе өндiрiлген құнын қаншалықты пайдаланғанына қарай алынған азайтып барып түзету керек. Сатып алушы бiр элементтi жалдаған жағдайда кеден ақысына қосымша - жалдау құны болып табылады. Элементтiң бағасы анықталған кезде осы бағаны шеттен әкелiнген тауарларға тең етiп қосу керек. Әртүрлi маңызды нәрселер бар. Мысалы, егер импорттаушы барлық қосылатын бағаны бiрден төлеп тастағысы келсе, баға алғашқы жөнелтуге қосыла алады. Басқа жағдайда импорттаушы осы бағаның алғашқы жөнелту уақытында өндiрiлген тауарлар единицасының санына бөлiнуiн өтiнуi мүмкiн. Немесе ол бағаның келiсiмi немесе берiк мiндеттемесi бар өнiмдердiң күтiп отырған бүкiл көлемiне бөлiнуiн сұрай алады. Бөлудiң қай әдiсi қолдану импорттаушы ұсынған құжатқа байланысты болады.
      Мысалы. Импорттаушы шеттен әкелiнетiн тауарды өндiру процесiнде пайдалану үшiн өндiрушiге үлгiлер бередi және онымен сатып алуға 10000 единицаға контракт жасасады. Алғашқы жөнелту уақытында өндiрушi 1000 единицаның 400-iн өндiрiп жатады. Импорттаушы кеден әкiмшiлiгiнен үлгiлер бағасын 1000, 4000 немесе 10000 единицаларға бөлудi сұрай алады.
      Сатып алушы тегiн немесе төмен бағамен көрсеткен инженерлiк және конструкторлық талдамалар, дизайн саласындағы жұмыстар және т.б. егер бұлар импорт елiнен тыс жерлерде жасалған жағдайда ғана (бұл тәртiптiң мақсаты импорт елiндегi зейiндiк қызметтi ынталандыру) кеден ақысына тура осылай енгiзiлуге тиiстi.

      3.3.5. Лицензиялық және басқа төлемдер
      Бұл жерде бағаланатын тауарға және сатылуға қатысты лицензиялар мен төлемдер сөз болып отыр. Мысалы, тауарды экспорттау және/немесе импорттау лицензиялары, яғни тауарды сату шарты болып табылатын лицензиялар.
      Бұған импорт елiнде қайта өндiру құқының лицензиясы жатпайды, себебi олар халықаралық сатып алу-сату мәмiлесiне жатпайды. Оларды сатып алу шығындары кеден ақысына енгiзiлмейдi және сондықтан кеден бажы салынбайды.
      Осы позицияда ескерiлетiн төлемдерге басқалардың iшiнде патенттердiң, сауда маркiлерiнiң және авторлық құқықтардың төлемдерi кiредi.
      3.4. Жоғарыда қарастырылған iс жүзiнде төленген немесе төленетiн бағаға (яғни мәмiле бағасына) қосымшаларды жүзеге асыру тәртiбiнiң жалпы талаптары ретiнде мынаны ескеру қажет.
      Мәмiле бағасына қосылуға тиiстi элементтер жөнiндегi объективтi және сан жағынан өлшеуге болатын мәлiметтер жоқ болған жағдайда мәмiле бағасы 1-әдiс бойынша белгiлене алмайды.
      Мысалы, роялти килограмдап импортталған және импортталған соң ерiтiндiге араластырылған белгiлi бiр өнiмнiң бiр литрiнiң импорт елiнде сатылған бағасы негiзiнде төленедi. Егер роялтилер iшiнара импортталатын тауарларға және iшiнара импортталатын тауарларға ешқандай қатысы жоқ басқа факторларға негiзделетiн болса (мысалы, импортталатын тауарлар жергiлiктi құрамдас бөлiктермен араласып кетсе және жеке алғанда айырмашылығы бола алмайтын болса немесе роялтилер сатып алушы мен сатушы арасындағы арнаулы қаржы келiсiмдерiнен бөлiнбейтiн болса онда роялтилерге түзетулер (толықтырулар) жасауға тырысу орынсыз болған болар едi. Алайда, егер осы бөлiнгендердiң мөлшерi тек импортталатын тауарларға ғана негiзделетiн болса және сан жағынан оңай өлшеуге болса, онда iс жүзiнде төленген немесе төленетiн бағаға қосымша жасауға болады.
      Сатып алушының Кеден кодексiнiң 128-бабында көзделген түзетуiнен басқа өзiнiң жеке есебiнен жасағаннан басқа iс-әрекеттерi тiптi сатушы үшiн пайда деп қарастырылғанның өзiнде сатушыға жанама төлем болып саналмайды. Осындай iс-әрекеттерге шығатын шығындар сондықтан кеден ақысын белгiлегенде iс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiстi бағаға қосылмайтын болады.
      Кедендiк төлемдердi, акциздердi және импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС үшiн негiз болып табылатын кеден ақысын белгiлегенде, екi рет есептеуге жол бермеу керек. Осыған байланысты ДДР шарттары бойынша (яғни импорттық кеден бажын төлеп) мәмiле жасаған жағдайда мәмiленiң мәлiмделген бағасынан Қазақстанда төленетiн баждар мен салықтарды шығарып тастау қажет.
      Iс жүзiнде төленген немесе төленетiн баға импортталатын тауарлардың бағасын жатады. Сонымен сатып алушыдан сатушыға түсетiн импортталатын тауарларға қатысы жоқ дивиденттер немесе басқа бiр төлемдер кеден ақысының бөлiгi болып табылмайды.
      Кеден ақысын белгiлеу үшiн 1-әдiстi пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда 2-әдiске, дәл осындай тауарлармен мәмiленiң бағасы бойынша бағалау әдiсiне көшу керек.
      Бағалардың келесi әдiсiне декларант өз бастамасы бойынша көшедi және барлық қажеттi есептеулердi орындап шығарды.
      Импортталатын тауарларды кедендiк бағалаудың жаңа тәртiбiн енгiзудiң бастапқы кезеңiнде декларант (импорттаушы) осы тәртiптi де бiлмеуi және өзi көздеген әдiстерiн өз бетiнше қолдана алмауы, сондай-ақ есептеулер үшiн қажеттi хабарламасы болмауы мүмкiн екендiгiн ескере отырып, кеден ақысын белгiлегенде, кеден қызметкерлерi мен декларанттардың бiрлескен консультациясын өткiзу жөн деп саналады. Мұндай консультациялардың тақырыбы ең алдымен хабарлама алмасу (мысалы, дәл осындай және/немесе осы секiлдi тауарлармен мәмiленiң болғаны, осындай тауарларға iшкi және әлемдiк рыноктың бағасы туралы және т.б.) болып табылады. Кеден қызметкерi декларантқа кеден ақысын белгiлеу тәртiбiнiң талаптарын анық түсiндiруге және мәлiмделген кеден ақысын мiндеттi түрде құжатпен растауға қажеттi құжаттар тiзбесiн айтуға мiндеттi.

          IV. Бiрдей тауарлармен мәмiленiң бағасы
              бойынша бағалау әдiсi (2-әдiс)
      Кеден ақысын белгiлеудiң негiзi ретiнде 2-әдiстi қолданғанда бiрдей тауарлармен мәмiленiң бағасы қабылданады.
      Қазақстан Республикасының Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының 129-бабына сәйкес "бiрдей" тауарлар деп бағаланатын тауарлармен барлық жағынан бiрдей, оның iшiнде төмендегi параметрлер бойынша:
      пайдаланылатын жерi мен сипаттамасы;
      сапасы, сауда маркасының болу және рыноктағы беделi;
      шыққан елi;
      өндiрiлуi бiрдей тауарларды түсiнуге болады.
      Сыртқы түрiндегi болмашы айырмашылықтар (мысалы, түсi, конфигурациясы және негiзгi емес функционалды бөлшектердiң размерi) осындай тауарларды, егер олар басқа жағынан жоғарыда аталған тауарлардың бiрдейлiк талаптарына сай келетiн болса, бiрдей тауар емес деп қарастырудан бас тартуға негiз бола алмайды.
      Әртүрлi тұлғалар өндiрген тауарлар сонда ғана бiрдей тауарлар деп саналады, егер декларантта және кеден мекемелерiнде бағаланатын тауарларды да өндiрген тұлғаның тауарларының бiрдейлiгi туралы мәлiмет болмаса.
      1-мысал.
      Химиялық құрамы, размерi және өңделуi бiрдей болат қаңылтырлар әртүрлi мақсат үшiн импортталады.
      Сатып алушының әдетте автомобиль корпусын дайындаған кезде қаңылтырдың бiр бөлiгi, ал екiншi бөлiгi пештi жасағанда пайдаланатынына қарамастан, осы болат қаңылтырлар бiрдей деп саналады.
      2-мысал.
      Көркемдеушi-декоратор және көп тауар өткiзушi импорттайтын буып-түю қағазы.
      Буып-түю қағазы, оны тiптi декоратор және көтермешi әртүрлi бағамен импорттаса да, кеден ақысының 2-әдiсiнiң мақсаттары үшiн барлық жағдайда бiрдей болып қалады. Бағадағы айырмашылықтар рыноктағы тауарлардың сапасындағы немесе беделiндегi тауарларды бiртектес немесе бiрдей тауарларға жатқызылған кезде қарастырылатын факторлар болып табылатын айырмашылықтардың нендей бiр дәрежесiн бiлдiрсе де, бағаның өзi соншалықты айқындаушы фактор болып табылмайды. Коммерциялық жағдайлар немесе санындағы айырмашылықтарды ескере отырып түзету 2-әдiсiнiң талаптарына сай қажет.
      3-мысал.
      бiрде бау және бақша зиянкестерiне улы бүрiккiштiң бөлiктерi бөлшек-бөлшек күйiнде және сұйықсыз (химикатсыз) жеткiзiледi. Екiншi жағдайда дәл сондай бүрiккiштер улы химикаттармен толтырылып жиналған нұсқасында жеткiзiледi.
      1. Бүрiккiш жинақталған екi бөлiктен тұрады: а) насостан және қақпаққа орнатылған қондырғыдан және ә) улы химикаттарға арналған контейнерден (ыдыстан).
      Сонымен, қолдануға әзiрленген бүрiккiштер салыстырмалы (ұқсас) болып шығады, бiр елде бiреуi бөлшек күйiнде, ал басқасы жинақталған күйiнде ұсынылғанын қоспағанда, физикалық сипаттамасы мен рыноктағы беделiн қоса алғанда барлық жағынан бiрдей тауар болып көрiнедi.
      2. Жинау операциясы қарастырып отырған жиналмаған немесе жиналған тауарларды бiрдей немесе сол сияқты ретiндегi айырмашылықтардың жойылуына әкелiп соғады. Сонымен бiр жағдайда жиналған күйде, басқа жағдайда бөлшектенген күйiнде тауарлардың жеткiзiлуi олардың бiрдей тауар ретiнде қарастырылуын жоймайды.
      Бiрдей тауарлармен мәмiленiң бағасы, егер осы тауарлар:
      а) Қазақстан Республикасы аумағына енгiзiлу үшiн сатылған болса;
      ә) бағаланатын тауарлар бiр мезгiлде немесе әкелiнгенге дейiнгi 90 күннен ерте әкелiнбесе;
      б) бағаланатын тауарлар секiлдi сол шарттармен әкелiнсе;
      в) бағаланатын тауарлар секiлдi шамалы сол мөлшерде әкелiнсе.
      Кеден ақысын белгiлеу үшiн негiз ретiнде қабылданады.
      Осы әдiстi қолдану үшiн кеден мекемесi бiрдей тауарларды сатуды бағаланатын тауарлар сияқты мүмкiндiгiнше бiрдей коммерциялық шарттармен және көбiнесе сол мөлшерде пайдалануға тиiс. Ондай сату анықталмаған жағдайда, бұрын болған бiрдей тауарларды сатуды төмендегi үш шарттың бiрiне сәйкес пайдалануға болады:
      а) дәл сондай коммерциялық шарттармен, бiрақ басқа мөлшерде сату;
      ә) әртүрлi коммерциялық шарттармен, бiрақ көбiнесе сол мөлшерде сату;
      б) әртүрлi коммерциялық шарттармен және басқа мөлшерде сату.
      Осы үш шарттың бiрiне сәйкес келетiн сату нұсқасын таңдап алған соң, таңдап алынған нұсқаға сәйкес келетiн факторларды ескере отырып түзету енгiзу керек:
      а) тек қана сандық факторларды;
      ә) тек қана коммерциялық шарттарға қатысты шарттарды; немесе
      б) коммерциялық шарттардың да факторларын, сондай-ақ факторларды да.
      Шеттен әкелiнетiн бiрдей тауарлар жөнiндегi мәмiлелердiң осылай белгiленген бағасы бағаланатын тауарлардың кедендiк ақысы болып табылады.
      Осыған орай коммерциялық шарттардың немесе сандардың айырмашылығының нәтижесiнде түзетудiң шарты сол, ондай түзету құнның артуына немесе кемуiне әкелiп соғатынына қарамастан, түзетудi күмәнсiз мақсатты және дәл ететiн, кеден мекемесiне ұсынылған дәлелдердiң негiзiнде жасалыну керек екенiн есте сақтау қажет. Сондай объективтi дәлелдер ретiнде өндiрушiнiң әртүрлi шарттар мен әртүрлi сандарға қатысы бар, iшiнде бағалары бар қолданылып жүрген прейскуранттары қарастырылуы мүмкiн.
      Мысалы, бағаланатын импортталатын тауарлар единицадан тұратын партия болып табылады, ал кеден мекемесi мен декларанттың қолында бар импортталған бiрдей тауарлардың бiрден бiр мәмiле бағасы 500 единицаны сатуға қатысты. Және сатушы сан жағынан жеңiлдiк жасайды деп танылады. Бұл жағдайда талап етiлiп отырған түзету сатушының прейскурантының көмегiмен және 10 единицаның сатуға байланысты бағаны пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл - сатуды мөлшерi 10 единицадан жүзеге асыру керек дегендi бiлдiрмейдi, себебi прейскуранттағы бағалау сенiм ұялатады және басқа мөлшерде де сату негiзiнде тоқтатылған. Осындай объективтi шара болмағанда кеден ақысын 2-бойынша белгiлеудi пайдалану қолданылмайды.
      Түзетудi жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Жарлығының 128-бабында көзделген мәмiле бағасына қосымшасының бәрiн ескеру қажет, әсiресе егер салыстырылатын тауарларды жеткiзiп берудiң коммерциялық шарттарының айырмашылығы, ең алдымен тасу арақашықтығынан және тасымалдау түрiнен туындайтын айырмашылықтар бар болса.
      Бұл түзетудi декларант анық, құжат арқылы расталған мәлiметтер негiзiнде жасау керек.
      Егер осы әдiстi қолданған кезде бiрдей тауарлар жөнiнде мәмiленiң бiрден көбiрек бағасы анықталса, онда импортталатын тауарлардың кедендiк ақысын белгiлеу үшiн олардың ең төменгiсi қолданылады.
     Мысалы, СВЕД типтес Швециядан шыққан кiр жуғыш машинасын алушы Х тегiн

импорттайды. Дәл сол тектес машиналарды сауда келiсiмi нәтижесiнде АҚШ-тан 
сатып алушы У импорттайды.
     Алушы Х және сатып алушы У-тер әкелген кiр жуғыш машиналар бiрдей 
тауарлар болып табылады.
     а) Жеткiзушi тегiн жеткiзу (мыс., компенсация) Алушы 
       (Швеция)      СВЕД типтес кiр жуғыш машиналар (Х)
                      (10 дана)
______________________________________________________________
     ә) Сатушы       бірдей тауар жеткiзу жөнiндегi   Сатып
        (АҚШ)        сауда мәмiлесi (100 дана)        алушы
                     кеден ақысы
                     - 10 000 АҚШ долл.                (У)

     а) нүктесiндегi тауар үшiн 1-әдiс жарамайды, себебi әкелiнуiнде сауда 
мәмiлесi жоқ.
     ә) нүктесiндегi тауар үшiн кеден ақысын белгiлеудiң 1-әдiсiн 
пайдалану керек.


      Бiрдей тауарлар үшiн кеден ақысы белгiлi болғандықтан, осы ақыны

тегiн жеткiзiлiм жағдайында оларды 2-әдiс бойынша жеткiзiлiмнiң көлемi мен 
шарттарына (мысалы, көлiк шығындарына) қажеттi түзетулермен енгiзумен 
бағалау үшiн қатыстыру керек.
     Практикада 2-әдiс тыс сирек қолданылады. Себебi жоғарыда келтiрiлген 
барлық талаптарды қанағаттандыратын бiрдей тауарлар бойынша хабарлама табу 
қиын.
     Егер бiрдей тауарлар табылмаса, онда кеден ақысын белгiлеу үшiн әрі 
қарай бiртектес тауарлармен мәмiленiң бағасын пайдаланатын 3-әдiстi 
пайдалану керек.

           V. Бiртектес тауарлармен мәмiленiң бағасы
              жөнiндегi бағалау әдiсi (3-әдiс)

     5.1. 3-әдiстi пайдаланғанда кеден ақысын белгiлеудiң негiзi ретiнде 
импортталатын тауарлармен бiртектес тауарлар бойынша мәмiле бағасы 
қабылданады.


      "Бiртектес" тауарлар деп барлық жағынан бiрдей болмағанымен, ұқсас сипаттамасы бар және ұқсас компоненттерден тұратын тауарларды түсiнедi, бұл жағдай оларға бағаланатын тауарлардың мiндетiн атқаруға және коммерциялық жағынан өзара ауыстыруға мүмкiндiк бередi.
      Тауарлардың бiртектiлiгiн анықтағанда мына төмендегi жағдаяттар ескерiледi;
      тауардың пайдаланатын жерi мен сипаттамасы;
      сапасы, тауар белгiсiнiң болуы және рыноктағы беделi;
      шығарылған елi.
      Мысалы, бөлiмдерiнiң шегi бiрдей рәзiңке покрышкалар бiр елде орналасқан екi әртүрлi өндiрушiлерден импортталады.
      Әрбiр өндiрушiнiң әртүрлi марка пайдаланғанына қарамастан, рәзiңке покрышкалардың стандарттары, сапасы бiр, беделi бiр және импорттаушының елiнде автомобиль өндiрiсiнде пайдаланылады.
      Осы мәлiметтер негiзiнде мынадай қорытындылар жасауға болады:
      а) аталған рәзiңке покрышкаларда әртүрлi сауда маркалары болуына байланысты олар бiрдей тауарлар ретiнде қарастырыла алмайды;
      ә) соған қарамастан аталған покрышкалар барлық жағынан бiрдей болмаса да, оларда бiр сипаттама және құрамдас материалдар бар, осының өзi оларға бiрдей мiндет атқаруға мүмкiндiк бередi. Тауарлар бiрдей стандарт сақталып орындалуына, сапа және рыноктағы бедел жөнiнен бiрдей болуына және сауда маркасы болуына байланысты оларды бiртектес деп қарау керек.
      5.2. Бiртектес тауарлармен мәмiле бағасы бойынша кеден ақысын белгiлеудiң 3-әдiсiн қолданған кезде, 2-әдiстi қолданған кездегi принциптер қолданылады.
      5.3. 3-әдiстi қолдана отырып кеден мекемесi бағаланатын тауарлар

сияқты сондай тауарларды дәл сондай коммерциялық шарттармен және шамалап 
алғанда дәл сол мөлшерде сату жөнiндегi хабарламаны мүмкiндiгiнше 
пайдалануға тиiс. Ондай сату жағдайлары анықталмаған кезде болып жүрген 
және мына төмендегi үш талаптың бiрiне сәйкес сондай тауарларды сатуды 
пайдалануға болады:
     а) дәл сол коммерциялық шарттармен, бiрақ әртүрлi мөлшерде сату;
     ә) әртүрлi коммерциялық шарттармен, бiрақ шамамен алғанда дәл сол 
мөлшерде сату;
     б) әртүрлi коммерциялық шарттармен және әртүрлi мөлшерде сату.
     Осы 3 шарттың бiреуiн таңдап алып, нұсқауға сәйкес келетiн факторлар 
бойынша бiртектес тауарлардың кедендiк бағасына түзету енгiзу керек:
     а) тек сандық факторлар бойынша;
     ә) тек коммерциялық шарттарға қатысы бар факторлар бойынша;
     б) коммерциялық шарттарға және сандық факторларға қатысы бар 
факторлар бойынша.
     Импортталатын бiртектес тауарлар жөнiндегi түзетулердi ескере отырып 
белгiленген мәмiле бағасы бағаланатын тауарлардың кедендiк бағасы болып 
табылады.
     Түзетулерге қойылатын талаптар тура 2-әдiс бойынша түзетулердегiдей.
     Мысал ретiнде 1-әдiс қолданылмайтын, құндық негiзi жоқ мәселелердi 
қарастырайық.
     Мысал а)
     Жеткiзушi жарнамаға үлгi ретiнде 5 кресло жеткiзедi.
     Мысал ә)
     Тауар жеткiзу консигнация шарттары бойынша.
     Картоп жеткiзушi импорттаушы елiндегi өзiнiң клиентiне импорттаушы 
елдiң iшкi рыногында оның ең жоғары бағамен 10 000 кг картоп сатуға тиiс 
екенiн хабарлайды.
     Импорттаушы картопты алады, бiрақ сатып алмайды, оның иесi болмайды - 
тек картопты сатады. Картопты сатылып болған соң сатуға, тауарды елге 
әкелуге кеткен шығындарды және сатушының импорттаушы елдегi жалақысы 
жөнiндегi шығындары шегерiлген түскен табыс (ақша) иесiне қайтарылады.
     Мысал.
     а) Жеткiзушi         Тегiн жеткiзу              Алушы
        (Швеция)         (кепiлдiк есебiнен)          (Р)
                         Кiр жуғыш машина
                         "СВЕД" 10 дана 
                         (жеткiзiлу 01.10.92 ж.)
     ә) Сатушы           Бiртектес тауарды     
        (АҚШ)            жеткiзу жөнiндегi сауда
                         мәмiлесi.                                         
 
                         - Кiр жуғыш "Альфа" 
                         машинасы 1000 дана;
                         Бағасы FОВ. Кедендiк
                         бағасы - 1000 000 АҚШ           
                         долл. (жеткiзiлу 05.07.92 ж.)
     б) Сатушы           Бiртектес тауарды жеткiзу
        (Финляндия)      жөнiндегi сауда мәмiлесi.
                         - Кiр жуғыш "Бета" машинасы
                         20 дана; Бағасы СIF. 
                         Кедендiк бағасы - 1800 АҚШ
                         долл. (жеткiзiлу 20.06.92 ж.)
     в) Сатушы           Бiртектес тауарды жеткiзу
       (Германия)        жөнiндегi сауда мәмiлесi.
                         - Кiр жуғыш "Гамма" машинасы
                         15000 дана; Бағасы ДАҒ.                           



                          Кедендiк бағасы - 1000000 АҚШ
                          долл. (жеткiзiлу 25.06.92 ж.)

      Бұл жерде бiрдей тауарлар көрсетiлiп отырған жоқ, себебi тауарлардың сауда маркалары әртүрлi және сыртқы пошымында негiзiнен айырмашылықтар бар.
      Сонымен бұл жерде әңгiме сапасы бiр, бiр материалдан жасалған, бiр өндiрушi шығарған бiртектес тауарлар туралы болып отыр. Саудада олар бiрiн бiрi алмастыра бередi.
      Ә,Б, В нүктемелерiндегi тауарлардың бағалаудың 1-әдiсi бойынша белгiленген кедендiк құны бар. а) тауары үшiн керiсiнше бағалаудың 1-әдiсi шығарылып тасталған (сатып алу фактiсi жоқ). 2-әдiс қолданылуы мүмкiн емес, себебi бiрдей тауарлардың кедендiк құны жоқ. Сонымен бұл жерде бағалаудың 3-әдiсiн қолдану керек. Бiртектес тауарлар үшiн кедендiк құн бар болғандықтан (ә, б, в тауарлары), оны а) тауарын тегiн жеткiзу үшiн бастапқы есептеу негiзi ретiнде қолдануға болады.
      Алайда бұл жағдайда бiртектес тауарлармен мәмiленiң 3-iнiң iшiнен бағаланатын тауарларды жеткiзу шарттарына шарттары көбiрек сәйкес келетiнiн таңдап алу керек.
      Осы жерде салыстыру үшiн көбiнесе лайықтысы б) жеткiзiлiмi болады. Жеткiзiлу күнiнiң әлдеқайда алыстығына қарамастан, ол тауарлар саны жағынан әлдеқайда жақын, ал коммерциялық шарттары - SIF - кеден ақысын белгiлеуге өте жақсы келедi, оның үстiне бұл нұсқамада аумақ жағынан жеткiзiп берушiге әлдеқайда жақын (а жағдайы).
      Сонымен, қажеттi түзету жасай отырып, б) тауарының кеден ақысын а) жетiзiлiмiн бағалау үшiн пайдалануға болады.
      Егер кеден мекемесiнде бiрдей не бiр тектес тауарлардың кеден ақысы туралы хабарлама болмаса, онда бағалаудың басқа әдiстерiне көшу керек.
      Декларанттың қалауы бойынша 4 және 5-әдiстердiң қолданылу ретi өзгертiлуге болатынын осы орайда есте сақтаған жөн.

              VI. Бағаны шегерiп тастау негiзiнде
                   бағалау әдiсi (4-әдiс)

      6.1. Бұл әдiстiң мәнi мынада, бұл жерде кеден ақысы белгiлеу негiзiнде бағаланатын, бiрдей немесе бiртектес тауарлардың iшкi рынокта өзгермеген күйiнде сатылатын сатылу бағасы алынады.
      6.2. Бағаны шегерiп тастау әдiсiн пайдаланғанда, негiз ретiнде бағаланатын, бiрдей немесе бiртектес тауарлар Қазақстан Республикасы аумағында сатушыдан тәуелсiз сатып алушы тауарды ел iшiнен әкелетiн мерзiмге өте жақын уақытта ең көп партиясы сатылатын тауар единицасының бағасы қабылданады.
      6.3. Iшкi бағаның негiзiнде кеден ақысын есептеп шығару мүмкiн болу үшiн, одан iшкi рынокқа ғана тән элементтердi, яғни осы тауарларды импорттаудан кейiн шығарылған шығынды бөлiп қою керек.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Жарлығының 131-бабына сәйкес тауардың ең көп сатылатын партиясының бағасынан, егер оларды бөлуге мүмкiн болса, төмендегi компоненттер шегерiледi:
      а) комиссиялық сыйақыларды төлеуге кететiн шығындар және тауарларды еркiн айналымға шығарғаннан кейiнгi Қазақстан Республикасы аумағындағы тасымалдау, сақтандыру, тиеу-түсiруге кететiн шығындар;
      ә) импорттық кеден баждарының, салықтардың, жиындардың және

тауарларды шеттен әкелуге және/немесе сатуға байланысты Қазақстан 
Республикасында төленуге тиiстi басқа төлемдердiң сомалары.
     6.4. Iшкi рыноктағы тауарлардың сату бағасын таңдағанда, қарастырылып 
отырған тауарларды импорттаудан кейiн алғашқы коммерциялық деңгейде сатып 
алуды (яғни импортталған тауарлардың алғашқы қайта сатылуын) пайдалану 
керек.
     6.5. Кеден ақысын соған қарап анықталатын тауар партиясын таңдап алу 
мысалын қарастырайық.
    1-мысал.

Сату көлемi    Бiреуiнiң бағасы   Сатылу саны    Осы бағамен
1-10 единица -  100          3 ед-дан 5 сатылу   сатылғандардың
                             5 ед-дан 10 сатылу  жалпы саны 65
11-25 единица    95          11 ед-дан 5 сатылу        55
25 единицадан    90          30 ед-дан 1 сатылу
       аса                   50 ед-дан 1 сатылу        80



      Бiр бағамен сатылған тауар единицаларының ең көп саны 80 болды, сонымен көрсеткiштерi әсiресе бiрiктiрiлген тауар партиясы единицасының бағасы 90 болады.
      2-мысал. 2 сату жөнiнде хабарлама бар. Алғашқы сатудан 500 единица

тауардың әрбiр единицасы үшiн бағасы 95 валюталық единицадан сатылды. 
Екiншi сатуда 400 тауар единицасы әрбiр тауар единицасы үшiн бағасы 95 
валюталық единицадан сатылды. Бұл мысалда бiр бағамен сатылған ең көп 
тауар единицасы 500 болды; сонымен көрсеткiштерi әсiресе бiрiктiрiлген 
тауар партиясы единицасының бағасы 95 болды.
     3-мысал. Қарастырылып отырған жағдайда тауарлардың әр түрлi саны 
әртүрлi бағамен сатылады.
     а) Сатулар                  Тауар единицасының бағасы
          саны
     40 единица                             100
     30 единица                              90
     15 единица                             100
     50 единица                              95
     25 единица                             105
     35 единица                              90
     5 единица                              100

     Бiр бағамен сатылған тауарлар единицасының жалпы санын анықтайық.
     Жинақталған                    Тауар единицасының бағасы
      Сатылған                
        саны
        65                                   90
        50                                   95
        60                                  100
        25                                  105


      Бұл мысалда бiр бағамен сатылған тауар единицалардың ең көп саны - 65; сонымен, көрсеткiштерi әсiресе бiрiктiрiлген тауар партиясы единицасының бағасы 90 болады.
      6.6. 4-әдiс бойынша кеден ақысын белгiлеу мақсатында тауар единицасы бағасын белгiлеген кезде пайдалану үшiн Кеден кодексiнiң 128-бабы 17 абзацында көзделген кейбiр элементтердi оларды импорт елiне тауарларды экспорт үшiн өндiруге және сатуға байланысты пайдалану үшiн сатушыға тiкелей немесе жанамалай тегiн немесе төмен бағамен жеткiзiп берiп тұратын импорт елiндегi тұлғаға сатуды ескермеу керек.
      6.7. Iшкi рынокқа сатылған тауарларды таңдағанда бiрдей дәрежелi немесе түрi бiрдей тауарларды пайдалану үшiн бағаланатын тауарлар шыққан елдiң де басқа елдердiң де тауарларын қарастыруға болады.
      4-әдiс мақсаттары үшiн "ең жақын мерзiмдi" анықтағанда ол мерзiм тауар единицасының бағасын белгiлеу үшiн жеткiлiктi көлемде шеттен әкелiнетiн тауарларды, немесе бiрдей, немесе сол секiлдi импортталған тауарларды сатқан мерзiм болады.
      6.8. Тәртiп белгiленгенiндей (Кеден кодексiнiң 131-бабының 7-абзацы) iшкi рынокта бағаланатын, бiрдей немесе бiртектес тауарларды әкелiнген кездегi күйiндегiдей сату болмаған жағдайда декларанттың өтiнiшi бойынша ұқсатудан өткен және Кеден кодексiнiң (жоғарыдан қара) 131-бабына сәйкес шегерiлген қосымша құнға және компоненттерiне енгiзiлген түзетулердi тауар единицасының бағасы пайдаланылады.
      Және әрі қарай өңдеу барысында қосылған бағаны шығарып тастау осындай жұмыстың бағасына қатысты объективтi және сан жағынан анықтауға болатын мәлiметтерге негiзделу керек. Есептерге өндiрiсте қабылданған формулалар, құрылыс әдiстерi және өндiрiстiң тиiстi салаларындағы басқа практика негiз болу керек.
      6.9. Дағды бойынша импортталатын тауарлар ары қарай ұқсатудың нәтижесiнде өзiнiң бiрдейлiгiн жоғалтатын жағдайларда төртiншi әдiс әдетте қолданылмайды. Алайда импортталған тауарлардың бiрдейлiгi жоғалса да, ұқсату барысында қосылған баға аса қиындықсыз дәл белгiлеуi мүмкiн жағдайлар да кездеседi. Екiншiден, импортталған тауарлардың өзiнiң бiрдейлiгiн сақтайтын жағдайлар да болуы мүмкiн, бiрақ импорт елiнде сатылатын тауарлардың iшiнде болмашы элемент құрайтындықтан, бағалаудың бұл әдiсiн қолдану өзiн-өзi ақтамайды. Жоғарыда жазылғандарға байланысты әрбiр осы секiлдi жағдай әр жағдайда жеке қаралып, кеден мекемесi әр ахуалдың нақтылы жағдаяттарына сәйкес шешiмдер қабылдау керек.
      Мысалы. Кеден ақысын белгiлеудiң 4-әдiсi алдыңғы әдiстер қолданыла

алмайтын болғанда ғана қолданылады. Бұл әдiс көптеген шеттен әкелiнетiн 
тауарларға ары қарай Қазақстан кеден аймағы шегiнде қызмет көрсетiледi 
дегенге сүйенедi. Сонымен, импорт кезiнде әлi тауар мәмiлесi жоқ болса да, 
ол кейiнiректегi сату кеден ақысын белгiлеу үшiн ескертiлетiн болады.
     Бұл әдiс импорт тауарлары ары қарай өңделетiн (ұқсатылатын) болғанда 
да қолданыла бередi.
            Бағаға әсер ету
    Сатушы                 1-сатушы             2-сатушы
     (АҚШ)                   (P)                  (P)
    8 000 АҚШ дол. 
    Негiзгi акцио.         Бәсiре қоғам
    нерлiк қоғам            - Сатушы           
                                                Сату 
                                                15 000 АҚШ дол.


      Бағалаудың 1-әдiсi негiзгi акционерлiк қоғамның бәсiре қоғамға сатуын бағдарлайды, себебi бұл сауда мәмiлесi болса да, бағаны құруға байланыс арқылы әсер етедi, бiркелкi тауарларға кеден ақысының болмауы және бiртектес тауарларға кеден ақысының болмауы 2-3 әдiстердi қолданылмайды.
      Бұл мысалда алушы импорт тауарларын импорттаушы елде сататындықтан, кеден ақысы осы сатудың негiзiнде белгiленуi мүмкiн.
      Сатылу бағасы 15000 АҚШ доллары кеден ақысы негiзiнде қарастырыла алмайды, бұл баға өзгертiлуге тиiс (Кеден кодексiнiң 131-бабының 3-абзацы). 1 сатушының 2-сатушыға сауда үстемесi ең көп ұстап тұруға болатын баға болар едi, себебi түптеп келгенде кеден бағасы шеттен әкелiнетiн тауарға қатысты белгiленедi (1-сатушыға сатушының тегiн жеткiзiлiмi).

             VII. Бағаларды қосу негiзiнде бағалау
                        әдiсi (5-әдiс)

      7.1. Кеден ақысын белгiлеу үшiн негiз ретiнде 5-әдiстi қолданған кезде:
      а) материалдардың және бағаланатын тауарларды өндiруге байланысты өндiрушiнiң материалдарға және өзге шығындарға кеткен бағасын;
      ә) экспорттаушының елiнен түрлi дәл сондай тауарларды Қазақстан Республикасында сатуға тән жалпы шығындарды, оның iшiнде тасымалдаудың, тиеу-түсiру жұмыстарының, Қазақстан Республикасы аумағында кедендiк ресiмдеу орнына дейiнгi сақтандырудың бағасын;
      б) осындай тауарларды Қазақстан Республикасына жеткiзу нәтижесiнде экспорттаушының әдетте алатын табысын қосу жолымен есептелген тауар бағасы қабылданады.
      7.2. Бұл әдiс бойынша кеден құны импорт елiнде алынған хабарлама негiзiнде де және импорт елiнен тыс жерлерде ғана алуға болатын бағаланатын тауарларды өндiрудiң шығындары туралы хабарлама арқылы да белгiленедi. Дағды бойынша, көп жағдайда тауарды өндiрушi импорт елiнiң, яғни Қазақстанның билеушi органдарына бағынбайды. Осыған байланысты бағаны есептеп қойған әдiстi пайдалану сатып алушы мен сатушы өзара тәуелдi болатын шарттармен шектелетiн болады және өндiрушi импорт елiнiң билеушi органдарына өндiрiс шығындары туралы қажеттi мәлiмет беруге дайын тұрады және қажет болып қалатын оларды одан кейiнгi тексерудi жеңiлдетедi.
      Осы орайда шығындар туралы мәлiметтер өндiрушiнiң өзi берген немесе соның атынан берiлген бағаланатын тауарларды өндiруге қатысты хабарлама негiзiнде белгiленедi. Ол өндiрушiнiң коммерциялық есеп берулерiне негiзделуге тиiстi, бiр шарты сол - ондай есеп берулер тауар өндiрiлген елде қолданылатын көпшiлiкке ортақ есеп принциптерiне сәйкес келедi.
      7.3. Шығындардың iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының 128-бабында көзделген элементтерiнiң бағасы кiредi. Олардың iшiне шеттен әкелiнген тауарларды өндiруге байланысты пайдалану үшiн сатып алушының сатушыға тiкелей немесе жанамалай жеткiзiп берген, тиiстi дәрежеде бөлiнген кез келген элементтiң бағасы кiредi. Импорт елiнде жасалған элементтердiң бағасы осы элементтердi орындаушы осы элементтердi төлеудi жүзеге асырғанына қарай ғана енгiзiлуге тиiстi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының 128-бабында көрсетiлген ешбiр шығындар немесе элементтердiң құны қосу әдiсiмен бағаны белгiлегенде екi рет есепке алынбауға тиiс екенiн есте тұтқан жөн.
      Табыс мөлшерi де өндiрушiнiң өзi берген немесе соның атынан берiлген хабарлама негiзiнде белгiленуге тиiстi. Өндiрушi берген мәлiметтердiң импорт елiне алып кету үшiн өндiрушiнiң экспорт елiнде класы да, түрi де бағаланатын тауарлар сияқты тауарларды сатқанда болатын көрсеткiштерге сәйкес келетiнiне көңiл аудару керек.
      Берiлген мәлiметтердi талдағанда "табыстар мен шығындардың мөлшерi" бiртұтас нәрсе ретiнде қарастырылуға тиiстi екенiн атап кету керек. Осыдан шығатын қорытынды сол, егер бiр жеке алған жағдайда өндiрушiнiң табыс көлемi шамалы, ал жалпы шығындары жоғары болса, онда оның бiрге алғандағы табысы мен жалпы шығындары соған қарамастан дәл сондай класты немесе түрлi тауарларды сату кезiнде көрiнетiн табысы мен шығындарына сәйкес келе алады. Мұндай ахуал мысалы, өнiм алғаш рет импорт елiндегi рынокқа шыққанда және өндiрушi табыстың нөлдiк немесе төмен деңгейiн соның есебiнен осы рынокты меңгеруге байланысты шыққан жоғары жалпы шығындарды жабу үшiн қабылданғанда пайда бола алады. Егер өндiрушi импортталатын тауарларды сату кезiнде ерекше коммерциялық жағдаяттардың нәтижесiнде төмен табыс алатынын көрсете алса, онда оның табыстарының iс жүзiндегi көрсеткiштерi еске алыну керек, бiрақ оның оларды ақтап алу үшiн дәлелдi коммерциялық аргументтерi бар, ал оның баға саясаты өндiрiстiң сол саласындағы дағдылы баға саясатын бiлдiру керек деген шарты бар. Мұндай ахуал, мысалы, өндiрушiлер ойламаған жерден сұраныстың түсiп кетуiне байланысты уақытша бағаны түсiруге мәжбүр болған кезде немесе олар импорт елiнде өндiрiлетiн тауарлар категориясын толықтыру үшiн тауарлар сатып, өздерiнiң бәсекелестiгiн сақтау мақсатымен өз табысқа келiскенде пайда болуы мүмкiн. Табыстар мен шығындар туралы өндiрушiнiң өзi беретiн мәлiметтер бағаланатын тауарлар сияқты тауарлар класы мен түрiн және өндiрушiлер импорт елiне алып кету үшiн экспорт елiнде өндiрiлетiн тауарларды сатқан кезде әдетте бiлiнетiн мәлiметтерге сәйкес келмегенде, табыстар мен жалпы шығындардың мөлшерi тауарларды өндiрушiнiң өзi берген немесе соның атынан берiлген басқа анық хабарламаға негiзделе алады.
      Бағаны қосу әдiсiмен бағаны белгiлеу мақсаттары үшiн өндiрушiнiң өзi берген немесе оның атынан берiлген басқа хабарлама пайдаланылған кезде, импорттаушы елдiң кеден органдары импорттаушыға, егер ол сұрайтын болса, осы хабарламаның шыққан көздерi, пайдаланылған мәлiметтер және соның негiзiндегi есептер туралы мәлiмдеуге тиiс.
      7.4. "Жалпы шығындар" деген термин (п.7.1., б) өндiрiстiң п.7.1., а-ға енгiзiлмеген тiкелей және жанама шығындары мен тауарларды экспортқа сату шығындарын қамтиды.
      Мысалы.
      Импортталатын тауар үшiн осыған дейiн қолданған әдiстердiң бәрi кеден ақысын белгiлеуге әкелiп соқпаса, онда шетелдiк өндiрушi берген калькуляциялық құжаттар негiзiнде кеден ақысын белгiлеуге мүмкiндiк бар, кеден ақысының iшiне мысалы материалдарға кiретiн шығындар, жалпы (фрахтхат) шығындар, кiрiс есептелетiнi бағаның әдiсi, әкелiнетiн тауардың кеден ақысы сияқты элементтер енедi. Импорттайтын елдiң кеден мекемесi қажет деп есептесе, онда өндiрушi тексерудi өз кәсiпорнында рұқсат ету керек. Бiрақ бұл әдiс сирек қолданылады, себебi шетел өндiрушiсi өзiнiң калькуляциялық материалдарын беруге мiндеттi емес, сондай-ақ ол импорттайтын елдiң кеден мекемесiн тексеруге келiсуге мiндеттi емес. Өндiрушi және Тегiн жеткiзiп Алушы Кеден жеткiзiп берушi беру (кепiлдiк (Р) мекемесi
                         есебiнен)
      Калькуляциялық құжаттар және мүмкiн болатын тексеруге келiсу тегiн жеткiзiлiм үшiн бағалаудың 1-ден 4-ге дейiнгi әдiстерi (сауда мәмiлесiнiң болмауы, бiрдей тауарлар үшiн кеден бағасының болмауы, импорттаушы елдiң iшкi рыногында сатудың болмауы) тiптi болмайды. Шеттен әкелiнетiн тауардың кедендiк бағасын кеден тек өндiрушi берген калькуляциялық құжаттардан санай алады. Егер күмән туа қалса, өндiрушiнiң келiсiмi бойынша тексеруге тура келедi.
      Тауарлардың кеден ақысының осы жүйесiн пайдаланатын елдердiң тәжiрибесi куә болғанындай, 5-әдiс практикада тым кеш пайдаланылады.

                VIII. Резервтiк әдiс (6-әдiс)

      8.1. Егер декларант көрсетiлген бес әдiстi ретiмен қолдану нәтижесiнде кеден ақысын белгiлей алмаса, немесе кеден мекемесi кеден ақысын белгiлеудiң осы бес әдiсi қолданыла алмайды деп дәлелдi түрде ойлайтын болса, онда қолданыла алмайды деп дәлелдi түрде ойлайтын болса, онда бағаланатын тауарлардың кеден ақысы 1-5-әдiстердi оралымдық қолдану жолымен енгiзiлген Тәртiптiң және төменде келтiрiлген талаптардың шеңберiнде белгiленедi және дәлелденедi.
      8.2. 6-әдiспен белгiленетiн кеден ақысы, мүмкiн болған дәрежеде бұрын белгiленген кеден ақысы негiзiнде негiзделу керек.
      6-әдiс шеңберiнде қолданылатын бағалау әдiстерi 6-әдiстiң мақсаттары мен ережелерiне сәйкес келетiн, осы әдiстердi қолданудың барынша икемдiлiгiмен жоғарыда келтiрiлген 1-5-әдiстер болу керек.
      8.3. Тәртiп белгiлеген әдiстердi қолдану кезiнде рұқсат етiлетiн ақылымен икемделген жол табудың мысалдары мыналар болады:
      а) бiрдей тауарлар - оларға икемдiк рұқсат етiледi:
      - бiрдей тауарларды енгiзу жөнiнде, бiрақ кеден бағасы негiзiнде экспорттаушы елде және әйтеуiр экспорттаушы елден басқа бiр елде басқа өндiрушi өндiрген кеден бағалауға тиiстi импортталған бiрдей тауарлар қарастырыла алады.
      - бұрынғы 4 және 5-әдiстер бойынша белгiленген, импортталған бiрдей тауарлардың кеден бағасын пайдалануға қатысты;
      ә) бiртектес тауарлар - осы тауарларға икемдiлiк жасауға рұқсат етiледi:
      - бiртектес тауарларды шеттен әкелу жөнiнде;
      - кеден бағалауға тиiстi, экспорттаушы елден басқа әйтеуiр бiр елде өндiрiлген осындай импортталатын тауарларды кеден бағасы үшiн негiз ретiнде пайдаланғанда;
      - бұрын 4 және 5-әдiстер бойынша белгiленген, импортталған бiрдей тауарлардың кеден ақысын пайдаланғанда;
      б) дедуктивтiк әдiс жөнiнде тауарларды iшкi рынокта сату мерзiмдерi туралы және олардың қандай күйде импортталғаны туралы (яғни, белгiлi бiр ұқсату рұқсат етiлгенi) талаптарды түсiндiрудiң икемдi жолы рұқсат етiледi.
      6-әдiстi пайдаланғанда құжат арқылы растау талабы басқа әдiстерге қарағанда үлкенiрек икемдiлiкке жол бередi: әлемдiк бағалар iшкi рынок бағалары жөнiнде хабарламалық анықтамалар пайдалану, комиссиялықтар, жеңiлдiктер, табыстар, көлiк тарифының және т.б. көпшiлiк қабылдаған

деңгейлерiнiң статистикалық мәлiметтерiн пайдалану. Осыған орай 
бағаланатын тауарларды жеткiзу шарттарын ескере отырып мәлiметтердi тиiстi 
түзету мiндеттi.
     8.4. Резервтегi әдiстi қолданғанда кеден мекемелерi декларантқа 
өздерiне бар баға хабарламасын бередi.
     6-әдiс бойынша кеден ақысын белгiлеу негiзi ретiнде:
     а) iшкi рыноктағы тауар бағасы;
     ә) отандық тауардың бағасы;
     б) экспорттаушы елден үшiншi елдерге жеткiзiлiп берiлетiн тауар 
бағасы;
     в) еркiн белгiленген немесе анық расталған баға пайдаланыла алмайды.

                                                                 1 қосымша
 
         Қазақстанға шеттен әкелiнетiн тауардың кеден
          ақысының есептеудiң мысалы (шарты цифрлар
                        келтiрiлген)

     Тауар: данасы 36000 АҚШ долл. тұратын 5 буып-түйгiш машина
     Буып-түюi: данасы 100 АҚШ долл. тұратын 5 арнаулы жәшiк
     Төлем шарты:  Серiктес арасындағы көп жылғы 
                   қарым-қатынастар ескерiлiп фирмаға баға жөнiнен
                   1% жеңiлдiк берiледi.

     Жеткiзiлу шарттары:  ФОБ - Нью-Йорк
     Төлем шарттары:  а) жүктi алып төлеген кезде баға жөнiнен
                         3% жеңiлдiк
                      ә) алғашқы ай бойы жүктi алып төлеген кезде-
                         баға жөнiнен 2% жеңiлдiк;
                      б) 2 ай бойы жүктi алған соң төлеген кезде
                         бағадан 1% жеңiлдiк;
                      в) екi ай өткен соң төлеген кезде -
                         айып соманы төлеу

     Ескертпе: 
     1) Сатушы мен сатып алушы арасында өзара тәуелдiк жоқ.
     2) Тауар төлеу оны алған соң бiрден төленген.
     3) Көрсетiлген құжаттардан мынау шығады:
     а) Нью-Йорк - Атырау теңiз фрахты 450 АҚШ долл. болды.
     ә) Теңiз жолымен тасуды сақтандыру 1000 фр. франкы.
     б) Атыраудан Алматыға дейiн жүк көлiгiмен тасуға кеткен
        шығын 3000 теңге
        (Атырауда теплоходтан машиналарға қайта тиеу (есебi
        келтiрiлген) 2550 теңге болғаны тағы мәлiм
     г) Көлiк хаттарын төлеудi ресiмдеу және экспедитордың 
        сыйақы 900 теңге.

     Кеден ақысын жасап мәлiмдеген сәттегi қайта есептеу курсы:
     1 АҚШ долл. - 63 теңге
     1 фр. франкi - 13 теңге болды.
     Кеден ақысын есептеу былай жүргiзiледi:
     Тауардың алына сала бiрден төленгенi есепке алынады:
     5 буып-түйгiш машинаның бағасы-
                  5 х 36000 АҚШ $ х 63 теңге - 11340000 теңге
     Сатушыға сенгендiк тең бағаға жасалған жеңiлдiк
                         11340000 х 1% - 11340000 теңге
     Жеңiлдiк ескерiлген баға  11226600 теңге
     Төлем шарттары бойынша 11226600 х 3% - 336798 теңге
     Берiлген жеңiлдiктер ескерiлген баға 10889802 болды.
     Ары қарай осы бағаға қосу керек:
     1. Буып-түю бағасын 5 х 100 $ АҚШ х 63 теңге - 31500 теңге
     2. Нью-Йорк - Атырау 450 АҚШ $ х 63 теңге -
        фрахтының бағасы   - 28350 теңге.
     3. Теңiз сақтандыруының бағасы - 100 фр. франкi х 13 теңге
                                    - 1300 теңге
     4. Атырауда теплоходтан машиналарға қайта тиеу 2550 теңге
     5. Атыраудан Алматыға дейiн жүк машинасымен тасуға кеткен
        шығыс 3000 теңге
     6. Жүк тасушымен тасуды сақтандыру 15000 теңге
     7. Экспедитордың сыйақысы ескерiлген көлiк хаттарын ресiмдеу
        бағасы 900 теңге

     Жоғарыда келтiрiлген шығындарды ескергенде тауардың кеден
ақысы былай болады:
     берiлген жеңiлдiктер ескерiлген тауар бағасы + бағаға
"Қосымшалар", атап айтқанда:
     10889802+31500+28350+1300+2550+3000+1500+900 - 10972402 т.

                                                                  2 қосымша

              Шеттен әкелiнетiн тауарлардың құнын
                 декларациялаудың жуық рәсiмi



      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Жарлығының 123-бабына сәйкес декларант Кеден комитетi белгiлеген үлгi бойынша кедендiк құн декларациясын толтырады, ал кеден ресiмiн жасайтын кеден органы декларанттың мәлiмдеген кеден ақысын белгiлеудiң дұрыстығына бақылау жасайды.
      Кеден бақылауының нәтижесi осы тауардың iс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiстi бағасын және мәлiмделген кеден ақысының құрылымы дұрыс белгiленгенiн және көлемiн белгiлеу болып табылады.
      Декларанттың шеттен әкелiнген тауарлардың кеден ақысын белгiлеудiң дұрыстығын тексерудiң барысында:
      а) таңдап алынған әдiстi қолдану мүмкiндiгi мен дұрыстығы және
      ә) кеден ақысының көлемi белгiлеудiң дұрыстығы анықталады.
      Осы мақсат үшiн кеден қызметкерi мыналарды жүзеге асырады:
      1. Декларанттың өзiне қойылған талаптарға сай екендiгiн, оның iшiнде декларанттың барлық қажеттi реквизиттерi бар болуын, оның қажет жағдайда кеден органдары талап ететiн кеден ақысын растайтын қосымша мәлiметтер беру және экспорттық-импорттық операциялар бойынша мәлiметтердi кеден органдарының құжаттары арқылы тексеруге мүмкiндiк жасай алатын мүмкiндiктерiн тексередi.
      2. КҚД-1 үлгiсiнiң барлық нүктелерiн оны толтыру жөнiндегi нұсқауға сәйкес дұрыс толтырылуын тексередi.
      Осы үлгiде көрсетiлген кеден қызметiнiң белгiлерi мен ескертпелерiнен басқа барлық нүктелердi берген барлық мәлiметтерi үшiн толық жауап беретiн декларант толтырады.
      (КҚД-1) декларациясында көрсетiлген мәлiметтердiң бәрiнiң астына декларант тиiстi төлемдiк, банкiлiк, тауармен бiрге жүретiн, коммерциялық және кеден құжаттарын осы сомаларды растап көрсетуге мiндеттi. Мәлiмделген кеден ақысын растайтын қажеттi құжаттар болмаған жағдайда декларант кеден органының талабы бойынша оған осы үшiн мәлiметтер беруге мiндеттi.
      3. Кеден ақысын белгiлеу үшiн 1-әдiстi қолдану мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдайды, оның iшiнде:
      а) мәмiле сипаты тұрғысынан (сатып алу-сату фактiсiнiң, импорт елiне экспорттау мақсатымен сатудың, мәмiленiң құндық негiзiнiң бар болуы);
      ә) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының 128-бабындағы талаптарына сәйкес келу тұрғысынан;
      б) қажеттi төлемдiк, банкiлiк, тауарлармен бiрге жүретiн коммерциялық, кедендiк құжаттардың бар болуы, сондай-ақ оларды қойылатын талаптарға (штамп, мөр және т.б. қосқанда барлық қажеттi мәлiметтердiң бар болуы) сәйкес келедi.
      4. Декларанттың мәлiмделген кеден ақысын, оның iшiнде соған кiргiзiлуге тиiстi қосымша элементтердi растайтын құжаттары болмағанда және осыған байланысты кеден ақысын белгiлеу үшiн 1-әдiстi қолдану мүмкiн болмағанда:
      а) декларантқа өзi мәлiмдеген бағаны, оның анықтығына және/немесе белгiлеудiң дұрыстығына дәлелдi күмән туған жағдайда растауға мүмкiндiк беру керек.
      Кеден мекемесi декларантқа өзi мәлiмдеген кеден ақысын белгiлеу және оны растайтын құжаттарды көрсету үшiн 14 күн мерзiм берiледi.
      Егер декларант осы мерзiм iшiнде өзi пайдаланған мәлiметтердiң анықтығын растайтын дәлелдер келтiрмесе, кеден мекемесi Кеден кодексiнiң 126-бабына сәйкес декларанттың таңдап алған бағалау әдiсiн пайдалану мүмкiн еместiгi туралы шешiм қабылдауға және сондықтан ол мәлiмдеген кеден ақысының көлемiн қабылдамауға қақылы.
      Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының 140-бабына сәйкес өндiрiлiп алынатын кеден баждары және жиындарының есептелген сомалары қайта есептеледi.
      Кейiнге қалдырылған мерзiм шарттарын орындамайтын тұлғаларға кеден мекемесi кейiнге қалдыру мерзiмiн беруден бас тарта алады.
      а) Декларанттың бастамасы немесе жеке ұсынысы бойынша (яғни кеден мекемесiнiң ұсынысы бойынша) кеден ақысын белгiлеудiң келесi әдiсiне көшу қажет.
      Бағалау үшiн әрi декларант берген, әрi кеден органында бар хабарлама пайдаланыла алады.
      Мысалы, импорттаушыда тауарды ресiмдейтiн кеден органында жоқ, бiрдей немесе импортталатын сол сияқты тауарлардың кеден ақысы туралы хабарлама болады. Ондай хабарлама, егер оны растау үшiн, мысалы, бiрдей немесе сол секiлдi тауарлармен мәмiлелер жөнiндегi коммерциялық, кедендiк және төлемдiк құжаттардың көшiрмелерiн көрсетiлген болса, пайдаланылуы мүмкiн.
      Кеден ақысын белгiлеу барысында тауарлардың кеден ақысының бастапқы негiзiн және оған қажеттi түзетулердi өте дұрыс анықтау мақсатымен импорттаушымен (декларантпен) консультация жүргiзуге болады.
      5. Барлық қажеттi құжаттар барда және 1-әдiстi қолдану шарттарына сәйкес келгенде декларанттың кеден ақысын есептегеннiң дұрыстығы, оның iшiнде оның құрамына Тәртiпте көзделген барлық элементтердiң енгiзiлуiнiң және кеден ақысын белгiлегенде ескерiлмеуге тиiстi шығындардың негiздiлiгi тексерiледi, оның iшiнде:
      - декларациядағы мәлiметтердiң кеден ақысына (КҚД-1) және дәл осындай мәлiметтердiң кедендiк жүк декларациясына (КҚД-1) оның iшiнде құнның натуралдық көрсеткiштерiне (салмақ, орын саны және тағы басқа) сәйкес келуiн тексеру;
      - шетел валютасымен есептеу курсын қолдану дұрыстығын және декларант жасаған шығындарды тиiстi қайта есептеудiң дәлдiгiн тексеру.
      6. Декларант таңдап алған кеден ақысын белгiлеу әдiсiн қолдану мүмкiн еместiгi туралы шешiм қабылдағанда, декларация бастамасы бойынша немесе ол жоқ болса, кеден қызметкерiнiң шешiмi бойынша тауарлар олардың белгiленген реттiлiгiне сәйкес қолданылуға тиiстi әдiстер бойынша бағаланады.
      Осы кезде рәсiмге және хабарламаға қойылатын талаптар сақталады.
      7. Кеден қызметкерi мен декларант арасында кеден ақысының көлемiне пiкiр қайшылығы туған жағдайда iс-әрекеттер жасалуы мүмкiн.
      Егер декларант кеден ақысының көлемi жөнiндегi шешiмдi (келiсiмдi) күтпей жүктi өткiзу керек деп тұрып алса:
      а) жүктi ресiмдеушi кеден мекемесi декларанттың өтiнiшi бойынша оған мүлiктi кепiлдiкке пайдалану ретiнде оған тауар бере алады немесе импорттау бажын төлеу жөнiнде мерзiм берудiң белгiленген тәртiбiне сәйкес өкiлеттi банктiң кепiлдiгiн бере алады, кеден ақысын белгiлеуге байланысты болып табылатын жүктi кедендiк ресiмдеу мерзiмiн ұзартуды импортер кеден бажын төлеудi iс жүзiнде (процентсiз) кейiнге қалдыру үшiн пайдалана алмайды. Импорттаушының iс-әрекетiнiң немесе әрекетсiздiгiнiң нәтижесiндегi iс жүзiндегi кейiнге қалдырудың әрбiр күнi үшiн тиiстi кеден төлемдерiнiң 1,5 процентi өсiм қосылып отыруға тиiс.
      Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Жарлығының 125-бабында (8-абзацында) көзделгенiндей, декларанттың өзi мәлiмдеген кеден ақысын нақтылауға немесе кеден органына оның қосымша хабарлама беруiне байланысты туындаған барлық қосымша шығындар (оның iшiнде iс жүзiнде болған кейiнге қалдыру үшiн өсiмдер) декларанттың есебiне жатқызылады.
      8. Шеттен әкелiнетiн тауарлар бағасын Тәртiп белгiлеген бiрде бiр әдiс бойынша бағалау мүмкiн болмаған жағдайда тауар/баға сараптауын жүргiзу жолымен бағалануға болады.
      Кеден бағасын iске асыру барысында мына жағдайларды ескеру қажет:
      - Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының 124-бабына сәйкес декларанттың кеден органына коммерсанттық құпия немесе конфеденциялды ретiнде мәлiмдеп берген хабарламасы тек қана кеден мақсаттары үшiн пайдаланылады және декларанттың арнаулы рұқсатынсыз кеден органының лауазымды тұлғалары оны жеке басының мақсатты үшiн пайдаланбайды, жария етпейдi, Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғаларға, бұдан өзге де мемлекеттiк органдар кiредi, берiлмейдi. Коммерциялық құпияны жария еткенi үшiн кеден органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапты болады.
      - бағаларды салыстыру үшiн баға хабарламасын пайдаланған кезде бiрдей және бiртектес тауарлардың баға айырмашылығы, бағалардың бәрi дұрыс көрсетiлмейдi, яғни бағалардағы ауытқулардың жай өзi олардың анық еместiгiн көрсете алмайды. Мәлiмделген бағаны растайтын тауарлар мен бiрге жүретiн барлық құжаттарды мұқият тексеру керек. Егер осындай тексеру ереже бұзылған деп таппаса, онда бағалардың елеулi ауытқуларына қарамастан декларант мәлiмдеген кеден ақысы өзгертiлмейдi. Бұл жағдайда осы импорттаушы, декларант, және экспорттаушы ерекше бақылауға алынады.
      Баға ауытқулары тiптi ұлғайып кеткен кезде 30%-тен аса) анықтама жасалып, ай сайын кеден комитетiне жiберiлiп отырады, бұл жерде осы мәлiметтер талданады және қорытылады, содан кейiн бүкiл кеден жүйесi бойынша жиынтық мәлiметтердi кеден комитетi жұмысына пайдалану үшiн кеден органына жiбередi.
      Кеден органдарының немесе Кеден комитетiнiң басшылығының шешiмi бойынша белгiлi бiр сатып алушының экспорттық-импорттық операцияларының сыртқы құжаттық, оның iшiнде банкiлiк есептеу-төлеу операцияларының тексерiлуi жүргiзiле алады.
      9. Кеден мекемелерiнде декларанттың КҚД-1 үлгiсiнде мәлiмдеген мәлiметтерiне қатысты күмәндары болса, бiрақ осы күмәндарды растайтын аргументтелген дәлелдер және фактiлер болмаса, мәмiлеге қатысушылардың бәрiн кеден органы ерекше бақылауға алуға тиiстi. Оларды қадағалайтын және олардың жүзеге асырылып жатқан операцияларын бақылайтын болады. ВЭД-ке

қатысушының адал ниеттiлiгiнде кеденнiң күмәнi барын растайтын хабарлама 
алынғанда, (айып өндiрiп алудан және бас сомаларын төлеуден бастап қылмыс 
туралы iс қозғауға дейiнгi) тиiстi шаралар қолданылады.
     Осындай жағдайлардың барлығы туралы хабарлама Кеден комитетiне 
берiлiп отырады.
____________________________________________________________
     Ескерту. 
     1) Халықаралық сауда практикасында импорт елiнде
        жобалау және инженерлiк талдамаларды орындау
        ынталандырылып отыруға тиiстi, осыған байланысты
        олардың бағасы кеден баждарын есептеу үшiн негiз
        болып табылатын тауарлардың кедендiк құнына
        енгiзiлмейдi деп саналады.
     2) Егер сатып алушы сатушыға жарнаманы төлеудiң  
        есебiн ұсынса, онда бұл сома кеден құнына
        енгiзiлуге тиiстi.
 

     Оқыған:
           Багарова Ж.А.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады