"Кеден баж салықтарын төлеу жөнiндегi мерзiмiн ұзарту және бөлiп төлеудi ұсынудың тәртiбi туралы" Нұсқауды күшiне енгiзу жөнiнде

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы кеден комитетi 1995 жылғы 25 тамыз N 88-П Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1995 жылғы 26 қазанда N 117 тіркелді. Күші жойылды - Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 16 ақпандағы N 166 бұйрығымен. ~V011417

 


     Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi

"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" заң күшi бар 


Z952368_



Жарлығын орындау мақсатында бұйрық етемiн:

     1. "Кеден баж салықтарын төлеу жөнiндегi мерзiмiн ұзарту және бөлiп

төлеудi ұсыну тәртiбi туралы" Нұсқау бекiтiлсiн және 1995 жылдың 1

қазаннан бастап күшiне енгiзiлсiн.

     2. Облыстық кеден басқармаларының және кедендердiң бастықтарына:

     - осы Нұсқауға сәйкес жұмыс ұйымдастырылсын;

     - осы Бұйрықтың күшi барлық құрылымдық бөлiмшелерге жеткiзiлсiн.

     3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Р.К.Куватовқа

жүктелсiн.



     Төраға


                                            Қазақстан Республикасы

                                            Министрлер Кабинетi

                                            жанындағы кеден комитетiнiң

                                            1995 ж. _________ N____

                                            бұйрығымен

                                                   Бекiтiлдi


           Кеден баж салықтарын төлеу бойынша мерзiмiн

           ұзарту және бөлiп төлеу ұсыну тәртiбi туралы

                           Нұсқау


                        I. Жалпы ережелер



 
       1. Кеден органының шешiмi бойынша төлеушi кеден баж салықтарын төлеудiң мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) ұсынылуы мүмкiн.
      Кеден төлемдерiнiң басқа түрлерiн төлеудiң мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) жеке адамдарға берiлмейдi. Салық заңдарына көзделген жағдайларды қоспағанда, алынуы кеден органдарына жүктелген салықтарды төлеудiң мерзiмi ұзартылмайды.
      2. Кеден баж салықтарын төлеудiң мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) туралы шешiмдi кеден құжаттарын толтыратын кеден органының бастығы төлеушiнiң туынды түрде құрған және кеден органына кеден жүк декларациясымен бiр уақытта берген жазбаша арызы бойынша қабылдайды.
      3. Егер төленуге тиiс кеден төлемдерiнiң сомасы АҚШ-тың 20 мың долларына пара-пар болатын теңге сомасынан асып түссе, кеден баж салықтарының мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) тек Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң рұқсатымен берiледi (бұдан әрi - Кеден комитетi) төлеушiнiң кеден құжаттарын толтыратын кеден органымен келiсiлген жазбаша арызы мен кеден органына кеден жүк декларациясы берілгенге дейiн Кеден комитетiне ұсынылады.
      4. Акциздiк тауарлар бойынша кеден баж салықтарын төлеудiң мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) тек Кеден комитетiнiң рұқсатымен ұсынылады.
      5. Кеден баж салықтарын төлеудiң мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) кеден декларациясы қабылданған күннен бастап үш айдан аспауға тиiс.
      6. Тиiстi сомаларды бөлiп төлеудi кеден баж салықтарын бөлiп төлеудi ұсынған кеден органының кеден төлемдерi бөлiмi берген кезде бөлшектеп төлеудiң (кедендiк төлемдер) мерзiмдерi мен өтелетiн әрбiр қарыздың мөлшерi белгiленетiн негiзгi қарыздың төленуi мен ол бойынша проценттердiң кестесi төлеушiмен бiрге құрылады.
      7. Кеден органдары кеден баж салықтарын төлеудiң мерзiмiн ұзартқан (бөлiп төлеу) кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлейтiн қайта қаржыландырудың ресми ставкасы бойынша проценттер алынады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық банк белгiлейтiн қайта қаржыландырудың ресми ставкасының мөлшерiн кеден органдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң облыстық басқармаларынан алады.
      8. Кеден баж салықтарын төлеудiң мерзiмiн ұзарту ұсынылғаны үшiн алынатын проценттердi төлеушi мерзiмi ұзартылған кеден баж салықтары сомасын төлеумен бiр уақытта төлейдi.
      9. Кеден баж салықтарын төлеу мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) берiлгенi үшiн процент теңгемен алынады.
      Алынған сомалар бүтiн санға дөңгелектеу ережелерi бойынша дөңгелектенедi.
      10. Кеден баж салықтарын төлеу мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) берiлген

 

үшiн алынатын проценттер мына формула бойынша есептеледi:

                С * М* См

         m -  __________________, бұндағы

                     360


     m - кеден баж салықтарының төлену мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу)

ұсынылған үшiн берiлетiн төлем;

     С - төленуi бойынша мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) ұсынылған кеден баж

салықтарының сомасы;

     М - кеден баж салықтарын төлеудiң мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу)

ұсынылған күндердiң нақты саны;


 
       См - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлейтiн қайта қаржыландырудың кеден декларациясы қабылданған күндерi ресми проценттiк ставкасы;
      360 - күнтiзбелiк жылдағы күндердiң саны.
      11. Бөлiп төлеу ұсынылған кеден баж салықтарының сомасын бөлшектеп төлеу кезiнде (кеден баж салықтарын төлеудiң құрылған кестесiне сәйкес) одан кейiнгi төлемдердiң бөлiп төленуiне процент есептеу үшiн кеден жүк декларациясы бойынша есептелген кеден баж салықтарының жалпы сомасы өтелген қарыз сомасына азаяды.
      12. Сыртқы экономикалық қатынастар қатысушысына кеден баж салықтарын төлеу бойынша жеңiлдiктер берiлген жағдайда олардың төлену мерзiмiн ұзартудың күшi бар кезеңде, егер аталған жеңiлдiктер мерзiмiн ұзарту берiлген мерзiмнен бұрын күшiне енсе, оның берiлгендiгi үшiн проценттер алынбайды.
      13. Кеден баж салықтарын төлеудiң мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу), айырбастау пункттерiнен басқа, банктiк операциялардың кейбiр түрлерiн жүзеге асыратын ұйым немесе өкiлеттенген банк кепiлдiгiмен, немесе тауарлар мен көлiк құралдарына кепiлдiгiмен не кеден органының депозитiне тиiстi сомаларды салумен қамтамасыз етiледi.
      Кеден баж салықтарының төленуiне кепiлдiк беруге банктiк операциялардың кейбiр түрлерiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шетел валютасымен операциялар жасауға берген лицензиясы бар өкiлеттенген банктер мен ұйымдар құқылы.
      14. Кеден баж салықтарын төлеуден қашып жүрген адамдарға кеден баж салықтарын төлеудiң мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) берiлмейдi.
      15. Төлеушi берiлген мерзiм ұзартудың (бөлiп төлеудiң) соңғы күнiнен кешiктiрмей қарызын өтеуге және берiлген мерзiм ұзарту (бөлiп төлеу) үшiн проценттер төлеуге мiндеттi.
      Ақша қаражаты аударылған күн болып төлеу құжатындағы банктiң банктiк операция өткiзiлгендiгi туралы белгiсi қойылған күн есептеледi.
      Банктiң банктiк операциялар өткiзiлгендiгi туралы белгiсi бар төлеу құжатының көшiрмесi және ұйымның басты адамы мен оның бас бухгалтерiмен және ұйымның банктiк және қаржы құжаттарына арналған мөрiмен куәландырылған банк жазбасы кеден баж салықтарының төленуiнiң ұзартылған мерзiмi (бөлiп төлеу) бiткеннен кейiнгi 3 күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей кеден баж салығының төлену мерзiмiн ұзартқан (бөлiп төлеудiң ұсынған) кеден органына берiледi.

 

     Төлеу құжатында, кеден баж салықтарын төлеудi қамтамасыз етудiң

түрiне қарай мыналар көрсетiледi:

     а) Кеден баж салықтары мен ұсынылған мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу)

үшiн проценттер ГТД бойынша N______  _______________төлеу,

________________банктiң 199  ж. N______________________кепiлдiк

мiндеттемесi бойынша, соның iшiнде:

     (кеден баж салығының түрi)

     (ұсынылған мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) үшiн процент);

     б) "Кеден баж салықтары мен ұсынылған мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу)

үшiн ГТД бойынша N _________________, N____________________

кепiлдiк шарты бойынша, соның iшiнде:                     

     (кеден баж салығының түрi)

     (ұсынылған мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) үшiн процент);

     в) Кеден баж салықтары мен ұсынылған мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу)

үшiн ГТД бойынша N__________________төлеу, кеден органдарының п/п

N___________________депозитiне салынған ақша қаражаты бойынша, соның

iшiнде:

     (кеден баж салығының түрi)

     (ұсынылған мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) үшiн процент)


 
       Мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) ұсынылған кеден баж салықтарының төленгендiгiн растайтын төлеу құжатының көшiрмесi белгiленген мерзiмде кеден органына берiлмеген кезде, төленген күн болып ақша қаражатының кеден органының есепшотына iс-жүзiнде түскен күнi есептеледi.
      16. Егер Кеден баж салықтарының сомалары мен ұсынылған мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) үшiн проценттердi жеке банктiк операциялардың жүзеге асыратын кепiлдiк мiндеттеме берген банк немесе ұйым төлесе, тиiстi сомалар мерзiмiн ұзарту аяқталған күннен кейiнгi немесе мерзiмiн ұзарту бойынша белгiленген төлеу күнiнен кейiнгi 3 күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей төленуi тиiс.
      17. Кеден баж салықтарының сомалары мен ұсынылған мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) үшiн төленген проценттер мынадай жағдайларда қарыз ретiнде қарастырылады:
      - төлеушi белгiленген мерзiмде кеден баж салықтары сомасы мен мерзiм ұзартылғандығы (бөлiп төлеу) үшiн төленетiн проценттердi төлемдi және мерзiм ұзарту аяқталғаннан кейiнгi не бөлiп төлеу бойынша төлеу мерзiмiнен кейiнгi 3 күнтiзбелiк күн iшiнде кеден органына қажеттi соманы аударуға банк жасаған төлеу құжатын бермегенде;
      - ұсынылған төлеу құжаты бойынша қанша ақша қаражаты банктiң банк операциясы өткiзiлгендiгi туралы белгiсi қойылған күннен кейiнгi он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде кеден органының есепшотына келiп түспегенде.
      18. Қарыз сомаларын кеден органдары төлеушi есепшоттарынан өндiрiп алады. Қарыз кезiнде, төленген немесе алынған күндi қосқанда, мерзiмнен кешiктiрiлген әрбiр күннiң төленбеген салығы сомасының 1,5 процентi мөлшерiндегi өсiм алынады.
      Төлеушiнiң ақша қаражаты болмаған кезде ақы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушi мүлкiнен өндiрiп алынады.
      Кеден баж салықтарын төлеуден бастартылған кезде Кеден комитетi Қазақстан Республикасы кеден органының ұсынуы бойынша банктер мен банктiк операциялардың жеке түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар үшiн мiндеттi, iс жүзiнде төленгенге дейiн төлеушi туралы шешiм қабылдайды. Қазақстан Республикасы кеден органдарының алу туралы шешiмдерiн орындамағандық үшiн банктер мен жеке банктiк операцияларды жүзеге асыратын басқа ұйымдар үшiн кеден заңдарына сәйкес жауапкершiлiк көзделдi.
 
           II. Банк немесе банк операцияларының жеке түрлерiн
               жүзеге асыратын ұйым кепiлiмен кеден баж
              салықтарын төлеу бойынша мерзiм ұзарту немесе
                          бөлiп төлеудi ұсыну
 
      19. Өкiлеттiктен банк немесе басқа кредиттiк мекеменiң (бұдан әрi - банк) кепiлiмен кеден баж салықтарын төлеу бойынша мерзiм ұзарту немесе бөлiп төлеу ұсынылған кезде төлеудi қамтамасыз ету ретiнде банк немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шетел валютасымен операциялар жүргiзуге берген лицензиясы бар банк немесе банк операцияларының жеке түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кепiл мiндеттемесi пайдаланылады.
      20. Банктiң кепiл мiндеттемесiнiң түрiн Кеден комитетi белгiлейдi.
      Банктiң кепiл мiндеттемесi түрiнiң үлгiсi осы нұсқауға қоса берiлген N 1 Қосымшада көрсетiлген.
      21. Банктiң белгiленген түрдегi кепiл мiндеттемесiн өкiлеттенген банк 2 данада жасатады. Кепiл мiндеттемесiне оны берген банк реттiк номер тағайындайды.
      Кепiл мiндеттемесi банк басқарушысының қолымен, банктiң бас бухгалтерiмен және банктiң мөрiмен куәландырылады.
      Банктiң кепiл мiндеттемесiнiң бiрiншi данасы кеден органына ұсыну үшiн кеден баж салықтарының төленуiне банк кепiл берiп отырған адамға берiледi.
      Екiншi дана банкте қалады.
      22. Банктiң кепiл мiндеттемесi кеден органына төлеушiнiң кеден баж салықтарын төлеудiң мерзiмiн ұзартуға (бөлiп төлеуге) жазған жазбаша арызымен бiрге кеден декларациясы берiлгенге дейiн не сонымен бiр уақытта берiледi.
      23. Кеден органы кеден баж салықтарының төленуi үшiн жауапты адамның кеден баж салықтарын төлеуiне кепiл беретiн банк мiндеттемесiн ғана қабылдайды (декларант немесе тауарларды таситын адам).
      24. Мөлшерлерi кепiл мiндеттемесiнде көрсетiлген сомадағы асып түсетiн кеден баж салықтары мен берiлген мерзiм ұзарту (бөлiп төлеу) үшiн проценттердiң төленуiне Банктiң кепiл мiндеттемесi кепiл бола алмайды.
      25. Кеден органы банк кепiлiмен кеден баж салықтарының төленуiнiң мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) ұсыну туралы шешiм қабылдаған кезде, кеден органы кепiл мiндеттемесiн берген банкке оның кепiлiнiң қабылданғандығы, кеден баж салығын төлеудiң ұзартылған (бөлiп төлеуге берiлген мерзiм) мерзiмiн, қарызды төлеу мерзiмiн, кеден баж салығы мен оның төленуiне берiлген мерзiм ұзарту (бөлiп төлеу) үшiн алынатын сома туралы хабарлайды.
      Банкке хабарлау формасы осы Нұсқауға қоса берiлген N 2 Қосымшада көрсетiлген.
      26. Кеден баж салығы мен оның төленуiне берiлген мерзiм ұзарту (бөлiп төлеу) үшiн алынатын проценттер сомаларын төлеушi белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда, кеден баж салығын төлеудiң мерзiмiн ұзартқан (бөлiп төлеудi ұсынған) кеден органы 3 күн iшiнде мерзiмi кешiктiрiлген салықтың, сондай-ақ төлеу мерзiмi өткiзiлгендiгi үшiн ұсталатын өсiмдi кепiл мiндеттемесi берген банктен өндiрiп алады.
      27. Кеден баж салығын төлеуге берiлген мерзiм ұзарту немесе бөлiп төлеудi ұсыну бойынша ақша қаражатын төлеудiң белгiленген мерзiмiнен бастап 3 күнтiзбелiк күн iшiнде кепiл берушi - банк төлеген жағдайда мерзiм өткiзiлгендiгi үшiн өсiм алынбайды.
      28. Кеден органы банктердiң кепiл мiндеттемелерiн есепке алып отырады.
      Төлеушi белгiленген мерзiмде кеден баж салығы мен оның төленуiне берiлген мерзiм ұзарту (бөлiп төлеу) үшiн алынатын процент сомаларын төлеген жағдайда, банктiң кепiл мiндеттемесi бақылаудан алынады, ол кепiл берушi - банкке кепiл міндеттемесiнiң күшi жойылғандығы туралы хабарланады.
 
           III. Тауарлар мен көлiк құралдары кепiлдiгiмен кеден
                баж салықтарының төлену мерзiмiн ұзарту немесе
                        бөлiп төлеудi ұсыну
 
      29. Кеден төлемдерiн төлеудiң мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеудi ұсыну) ұсынылған кезде кеден баж салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде тауарлар мен көлiк құралдары кепiлдiгiн қолдану туралы шешiмдi кеден органының бастығы, кеден баж салықтарының тиiстi сомаларын басқа жолмен төлеудi қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайда, кеден баж салықтарын төлену мерзiмiн ұзартуда (бөлiп төлеу) ұсыну туралы төлеушiнiң жазбаша арызы болғанда қабылдайды.
      30. Кепiлдiк туралы шартты Кепiлдiк берушi белгiленген формада жасайды (Қазақстан Республикасы Кеден органының кепiлдiк пайдалануы туралы Ережеде көрсетiлген А, Б, В, Г формалары (бұдан әрi - Кепiлдiк туралы ереже).
      31. Кеден органының кеден төлемдерi бөлiмi тауарлар мен көлiк құралдары қамтамасыз еткен кеден баж салықтарын төлеу кепiлдiгiнiң жеткілiктiлiгi туралы шешiм қабылдайды, және кеден органының бухгалтерлiк есепке алу және есеп берушiлiк бөлiмiмен бiрлесе отырып кепiлдiк формасы туралы шешiм қабылдайды (кепiлдiк, зарплад, тұрақты кепiлдiк, қайта өңдеудiң кеден режимiне қойылған тауарлар кепiлдiгi;
      32. Кеден органы атынан шартқа кеден органының бастығы немесе оны ауыстыратын адам, сондай-ақ бас (аға) бухгалтер қол қояды (арнайы журналға осындай шарттың жасалғандығы туралы белгi соғып). Кепiлдiк берушi атынан кепiлдiк туралы шартқа басқарушы немесе соған өкiлеттенген басқа адам, сондай-ақ оның бас бухгалтерi қол қояды.
      Бұндай жағдайда кеден органының кеден төлемдерi бөлiмiнiң бастығы төленуi кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген баж салығының кепiлдiк туралы шартта көрсетiлген сомасының дұрыстығын растайды.
      33. Кепiлдiк туралы шарттың бiр данасы кеден органының бухгалтерлiк есепке алу және есеп берушiлiк бөлiмiнде сақталады.
      Кепiлдiк туралы Шарттың екiншi данасы Кепiлдiк берушiде қалады.
      34. Кепiлдiк туралы шарттағы мағлұматтар кеден органының кеден төлемдерi бөлiмiнде жүргiзiлген кепiлдiк туралы шарттардың арнайы тiзiмiне енгiзiледi. (Кепiлдiк туралы Ережеге N 2 Қосымша).
      35. Кеден құжаттары толтырылған кезде кеден декларациясына кепiлдiкпен кеден баж салықтарының төлеу мерзiмi ұзартылғандығы (бөлiп төлеу ұсынылғандығы) туралы тиiстi жазба мен ұзартылған мерзiмнiң (бөлiп төлеу мерзiмiнiң) аяқталу күнi енгiзiледi.
      36. Кеден органының кiнәсi болмай, кепiлдiк мәнiне зиян келу қаупi туғанда немесе оның жетiспейтiндiгi анықталған жағдайда, кеден органы кепiлдiк берушiден кепiлдiк мәнiн ауыстыруды талап етуге құқылы.
      Кеден органының кеден төлемдерi бастығы кепiлдiк берушiнiң кепiлдiк мәнiн ауыстыруының тепе-теңдiгiн анықтайды.
      37. Кеден органдарының кеден төлемдерi бөлiмi кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген кеден баж салығы мен мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) үшiн алынатын проценттердi төлеу мiндеттемесiнiң орындалуын бақылайды, ал мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) ұсынылған кеден баж салығы төленген соң кепiлдiк берушiге кепiлдiк мәнiн алып кету қажеттiгi туралы хабарлайды.
      38. Кеден төлемдерi бөлiмi бастығының өтiнiшi бойынша кеден органының бастығы кепiлдiк мәнiнiң сақталу және жинақталуының шартта көрсетiлген шарттарын тексеруге қызметкер жiбере алады.
      39. Кепiлдiк берушi шартта кепiлдiк мәнiн мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне қою туралы мәлiмдеп (Кепiлдiк туралы Ереженiң 36-тармағы), кепiлдiк мәнiнен мемлекет пайдасына бас тарту бойынша өзiне мiндеттеме алған жағдайда. Кеден органының кеден төлемдерi бөлiмi өз уақытында (Кепiлдiк туралы Ереженiң 5.4-тармағында көрсетiлген мерзiмдерге сәйкес) кепiлдiк мәнiнен ақы өндiрiп алу туралы бухгалтерлiк есеп пен есеп берушiлiк бөлiмiне хабарлайды.
      40. Кеден органының бухгалтерлiк есеп пен есеп берушiлiк бөлiмi кепiлдiк мәнiн сатуды жүзеге асыру үшiн немесе кепiлдiк мәнiмен ақы өндiрiп алу үшiн құжаттар дайындайды, сондай-ақ кеден органының кеден төлемдерi бөлiмiне кепiлдiк мәнiн сатудан түскен сома туралы хабарлайды.
      41. Кеден органының кеден төлемдерi бөлiмi Кепiлдiк мәнiн сатудан түскен соманы кеден баж салығы сомасының төленуге тиiс сомасымен және оның төленуiнiң мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) үшiн алынатын процент сомасымен салыстырады.
      Түскен сома жетпеген жағдайда кеден органының төлемдер бөлiмi жетпейтiн соманы сөзсiз өндiрiп алуға құжаттар дайындайды.
      Кепiлдiк мәнiн сатудан түскен қаражат кеден органының депозитiне салынады.
      42. Баж салығының тиiстi сомасын кеден органы депозитiне салу жолымен кепiлдiк берушi Кепiлдiк туралы шарт бойынша мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындаған жағдайда, кеден органының кеден төлемдерi бөлiмi (қаражат iс жүзiнде келiп түскен соң) кеден органының бухгалтерлiк есеп және есеп берушiлiк бөлiмiне кепiлдiк туралы шарттың күшi жойылғандығы туралы хабарлайды.
      43. Тиiстi сомалар кеден органы депозитiне келiп түскен соң кеден органының төлемдер бөлiмi ГТД-ға олардың iс жүзiнде келiп түскендiгi туралы белгi соғады және бұл туралы мағлұматтар мәлiметтерде көрсетiледi.
 
            IV. Тиiстi сомалар кеден органы депозитiне салынған
                кезде кеден баж салықтарын төлеудiң мерзiмiн
                 ұзарту немесе бөлiп төлеудi ұсыну
 
      44. Кеден баж салығының төленуiн қамтамасыз ету үшiн төлеушi кеден баж салықтарының төлеудiң мерзiмiн ұзартуды (бөлiп төлеудi ұсынған Кеден органы депозитiне, мысалы тауарлар еркiн айналымға жiберiлгенде немесе экспорттың кеден режимiне сәйкес сыртқа шығарылғанда төленуге тиiс болатын кеден баж салықтары есебiнен ақша қаражаты сомаларын, сондай-ақ төлеудiң мерзiмi ұзартылғандығы немесе бөлiп төлеу ұсынылғандығы үшiн олардан алынатын процент сомаларын салады.
      45. Төлеушi тиiстi сомаларды кеден органы депозитiне кеден декларациясы берiлгенге дейiн салады.
      Тиiстi сомаларды аударуға жасалған төлеу құжатында мыналар көрсетiлуi тиiс:
      "199 ж ___________________N_______________шарт (келiсiм-шарт) бойынша кеден баж салықтарын төлеу мерзiмiн ұзарту (бөлiп төлеу) ұсынылуы үшiн ақша қаражатын салу, соның iшiнде:
      - импорттық (эскпорттық) кеден баж салығы - ...
      - ұсынылған мерзiм ұзарту (бөлiп төлеу) үшiн проценттер - ...
      46. Кеден органы депозитiне тиiстi сомалар iс жүзiнде түскен соң ғана Кеден декларациясы дайындауға қабылданады.
      47. Егер тиiстi сомаларды кеден органы депозитiне кеден төлемдерiнiң төленуi үшiн жауап бермейтiн адам салса, тиiстi соманы салып отырған адамның кеден төлемдерiнiң төленуiне жауапты адам үшiн кеден баж салықтары мен проценттердiң төленуiн қамтамасыз ету ниетi туралы, және кеден баж салығы мен проценттердiң тиiстi сомалары мерзiмiнде төленбеген жағдайда, оның келген органы депозитiне салған сомалары кеден баж салығы ретiнде республикалық бюджет кiрiсiне аударуға келiсетiндiгi туралы жазбаша арыз болғанда ғана ұсынылады.
      Арыз бiрiншi басшы мен бас бухгалтердiң қолдарымен, сондай-ақ кеден баж салығының төленуiн қамтамасыз ету үшiн қаржы аударатын кәсiпорынның (ұйымның) мөрiмен расталады.
      48. Кеден баж салықтарының төленуiн қамтамасыз ету ретiнде кеден органы депозитiне салынған ақша қаражаттары ГТД бойынша кеден баж салығы мен төлемнiң мерзiмi ұзартылғандығы (бөлiп төлеу ұсынылғандығы) үшiн алынатын проценттер төленген соң ғана осы төлеушiге қайтарылады.
      49. Сомаларда депозитте сақтау уақытында проценттер қосылмайды. Аталған сомаларды индекстеу жасалмайды.
      50. Кеден баж салықтарының сомалары мен оның төлену мерзiмiн ұзартылғандығы (бөлiп төлеу ұсынылғандығы) үшiн алынатын проценттер белгiленген мерзiмде төленбеген жағдайда, кеден органының депозитiне салынған ақша қаражаттары кеден баж салықтары ретiнде республикалық бюджет кiрiсiне салынады.
 

                                  Кеден баж салықтарын төлеу



                                  бойынша мерзiм ұзарту (бөлiп

                                  төлеу) ұсыну тәртiбi туралы

                                  нұсқауға

                                        N 1 Қосымша



 
 
                           ____________________бастығына

 

                         (кеден органының аты)

     199  ж. " " ________________N_____________кепiл мiндеттемесi

___________________________________________________________________

осы кепiл мiндеттемесi арқылы кеден баж салықтарын төлеудiң мерзiмi

___________________________________________________________________

ұзартылған (бөлiп төлеу ұсынылған) кәсiпорынның (ұйымның) толық атауы

_________________________________осы кепiл мiндеттемесiнiң

  (кеден органының атауы)

қабылдануы туралы хабарламада белгiленген мерзiмде, төлеудiң

белгiленген мерзiмiнен бастап 3 күн iшiнде төлемде көрсетiлген сома

аударылмаған жағдайда

___________________________________________________________________

(банк немесе банк операцияларының жеке түрлерiн жүзеге асыратын

___________________________________________________________________

ұйымның толық атауы (банктiң), ОКПО коды, заңды мекен-жайы, МФО ҚР

___________________________________________________________________

Ұлттық банкiнiң валюта операциясын жүргiзуге берген лицензиясының

___________________________________________________________________

N , телекс, телефакс номерi)

осы арқылы мына мөлшердегi _______________ импорт/экспорт кеден баж


салығын қамтамасыз ету сомасы мен ұсынылған мерзiм ұзарту (бөлiп төлеу) үшiн алынатын проценттер сомасын аударатынына кепiл бередi.
      Осы кепiл бойынша, төленуге тиiс ақша қаражаттары кеден органдарына төленбеген жағдайда, әрбiр мерзiмi өткiзiлген күн үшiн 1,5% өсiмдi қосқанда, олар Банк есепшотынан алынады.
      Осы кепiл мiндеттемесi бойынша төленуге тиiс барлық ақша қаражаттары толық төленгенге дейiнгi кезең iшiнде немесе олар Банк есепшотынан алынғанға дейiн бұл кепiл мiндеттемесi өз күшiнде болады.
 
      Банк басқарушысы ____________________________________________
                            (аты, әкесiнiң аты, фамилиясы, қолы)
      Бас бухгалтер ____________________________________________
                            (аты, әкесiнiң аты, фамилиясы, қолы)
      Банктiң мөрi
 

                                   Кеден баж салықтарын төлеу



                                   бойынша мерзiм ұзарту (бөлiп

                                   төлеу) ұсыну тәртiбi туралы

                                   нұсқауға

                                           N 2 Қосымша



 
 
                               ______________________________________

 

                              (банк немесе банк операцияларының

                              _____________________________________

                              және түрлерiн жүзеге асыратын

                              _____________________________________

                               ұйымның (банктiң) толық атауы,

                              _____________________________________

                                ОКПО коды, заңды мекен-жайы, МФО

                              ___________________________банкiнiң

                                басқарушысына


               Банк кепiлiнiң қабылдануы туралы

                          Хабарлама


     Осы арқылы Сiзге 199 ж " " ______________________N____кепiл

мiндеттемесiнiң қабылдануы туралы хабарлаймыз.


 
       Кеденнiң (кеден органының) шешiмiне сәйкес аталған кепiл

 

мiндеттемесi бойынша кеден баж салығын төлеудiң мерзiмiн ұзарту

(бөлiп төлеу) ________________айға, 199 ж. " "____________дейiн

ұсынылады. Кеден баж салығы мен мерзiм ұзарту (бөлiп төлеу)

ұсынылғаны үшiн алынатын проценттердi төлеудi қамтамасыз ету

сомасы______________________құрайды.

     Төлеушi осы соманы көрсетiлген мерзiмге дейiн аудармаған жағдайда,

Сiздiң Банк осы күннен кейiнгi үш күн iшiнде

_____________________________________________________басқармасының

   (банк реквизиттерi: МФО, есепшот N, банктiк атауы)

депозитiне қамтамасыз ету сомасын аударуға мiндеттi.

_________________________кеденiнiң (кеден басқармасының) бастығы


                             ___________________________________

                              (аты, әкесiнiң аты, ф., қолы)

     Бас бухгалтер           ___________________________________

                              (аты, әкесiнiң аты, ф., қолы)


     Кеден органы мөрiнiң орны



     Оқығандар:


     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады