"Ғимараттардың, үйлердiң, инженерлiк коммуникациялардың және тағы басқа объектiлердiң қирау (құлау) және апат болу себептерiн тексеру тәртiптерi туралы Уақытша Ереженi" бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Құрылыс тұрғын үй және аумақтарға құрылыс салу министрлiгi 1995 жылғы 26 қаңтардағы N 1-2

      Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарға құрылыс салу министрлiгiнiң алқасы қаулы етедi:
      1. Ғимараттардың, үйлердiң, инженерлiк коммуникациялардың және тағы басқа объектiлердiң қирау (құлау) және апат болу себептерiн тексеру тәртiптерi туралы Уақытша Ереже бекiтiлсiн.
      2. Көрсетiлген "Уақытша Ереженiң" Қазақстан Республикасының барлық жерiнде күшi бар және барлық мемлекеттiк басқару органдарына, шаруашылық субъектiлерiне, олардың ведомстволық бағыныштылығына, меншiктiк түрiне қарамастан пәрмендiлiгi сақталады.

       Министрдiң бiрiншi орынбасары

                                        Қазақстан Республикасы
                                    Құрылыс, тұрғын үй және құрылыс
                                      салу министрлiгi алқасының
                                        қаулысымен бекiтiлген
 
                Ғимараттардың, үйлердiң, инженерлiк
         коммуникациялардың және тағы басқа объектiлердiң
         қирау (құлау) және апат болу себептерiн тексеру
                тәртiптерi туралы Уақытша Ереже
 
           I. Жалпы бөлiм
 
      1.1. "Уақытша Ереже" ғимараттардың, үйлердiң, инженерлiк коммуникациялардың және тағы басқа объектiлердiң (келешекте - объектiлердiң) қирау, құлау және апат болу себептерiн тексерудi жүргiзу және ұйымдастыру талаптарын, әрi сол апат тексерудi жүргiзу және ұйымдастыру талаптарын, әрi сол апат пен қирауды тексеру нәтижелерiн ресiмдеу мен хабарлауды, берудiң тәртiптерiн белгiлейдi.
      Көрсетiлген талаптарды Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерi мен ведомстволары, облыстық, қалалық және аудандық әкiмшiлiктер, сонымен қатар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар және де басқа шаруашылық субъектiлерi, соның iшiнде шетелдiк және бiрiккен кәсiпорындар, олардың ведомстволық бағыныштылығына, меншiктiк түрiне және қаржыландыру көздерiне қарамастан орындауы тиiс. Егерде апат болған жағдайда бақытсыз оқиғалар болса, онда оларды тексеру жұмыстары өндiрiсте болатын бақытсыз оқиғаларды тексеру және оларды есепке алу туралы Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
      1.2. Объектiлердiң қирауына (құлауына), олардың бөлшектерiнiң және жеке тұрған конструктивтiк элементтерiнiң бұзылуына, деформациялануына (көлемiн өзгертуiне) байланысты өндiрiстiк процесстердiң бұзылуына (тоқтауына) әкелiп соғатын немесе қауiпсiз жұмыс iстеуге қатер төндiретiн барлық апаттар тексерiлуi тиiс.
      1.3. Келтiрiлген зияндарының дәрежесiне байланысты апаттар екi топқа бөлiнедi.
      Бiрiншi топқа - жеке конструктивтiк бөлшектердiң апат болуына байланысты өндiрiстiк процесстiң немесе құрылыс жұмыстарының 8-сағаттан артық тоқтап қалуына себепкер болған жағдайлар, сонымен қатар, құрылыстың, күрделi жөндеу, өндiрiстi техника жағынан қайта жарақтандыру, қайта жаңарту, объектiлердiң эксплуатациялық (пайдалану) жұмыстарының мүлдем тоқтап қалуына әкелiп соққан апаттар жатады.
      Бiрiншi топтағы апаттарды техникалық комиссиялар тексередi.
      Екiншi топқа - жеке құрылымдық (конструктивтiк) бөлшектерiнiң (мысалы арқалықтар - регильдер) апаттарының салдарынан құрылыс жұмыстарының немесе өндiрiстiк технологиялық процесстердiң 8-сағаттан аз уақытқа тұрып қалуына әкелiп соғатын апаттар жатады.
      Екiншi топқа жататын апаттарды жергiлiктi комиссиялар тексередi.
      1.4. Тапсырыс берушi-құрылыс салушылар, ұйымдар, мекемелер, кәсiпорын басшылары, жеке құрылыс жүргiзушiлер мен басқа да шаруашылық субъектiлерi және қозғалмайтын мүлiк иелерi немесе олардың сенiмдi өкiлдерi құрылыс салу, оны техникалық жағынан қайта жарақтандыру, қайта жаңарту, күрделi жөндеу немесе пайдалану кезiнде, егер онда апат бола қалған жағдайда ең бiрiншi кезекте - Зардап шеккендердi құтқару, оларға көмек көрсету, және қираудың қайталанбауы мен одан әрi тарамауының алдын алу, қауiптi аймақтың шекарасын анықтап, оған адамдардың келуiн сирету сияқты ең қажеттi шараларды орындауға мiндеттi.
      Зардап шеккендердi құтқару үшiн құлаған конструкцияларды жедел бөлшектеген жағдайда немесе объектiлерде шұғыл түрде қауiпсiз жұмысты ұйымдастыру кезiнде конструкциялар мен олардың элементтерi сақталынуы тиiс, ал олардың бөлшектенуге дейiнгi жағдайлары анықталып, белгiленуi қажет, (фотосуретi, сызбалары, схемасы, нобайы).
 
          2. Апат туралы хабарлама
 
      2.1. Бiрiншi топқа жататын бүкiл апаттар жөнiнде тапсырыс берушi - құрылыс салушылар, құрылыс ұйымдарының (құрылыс-монтаждау, құрылыс-жөндеу, жекеменшiк және акционерлiк құрылыс бiрлестiктерi мен фирмалары) жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар мен шаруашылық әдiспен соғылып жатқан ғимараттар басшылары жергiлiктi әкiмшiлiкке шұғыл түрде, ал мемлекеттiк меншiктегi немесе солардың қатысуымен құрылысы жүрген тұлғаларға-тiкелей жоғарғы тұрған өз мекемелерiне хабар берулерi керек (министрлiкке, ведомствоға).
      Әкiмшiлiктер өз кезегiнен бұл апаттар жөнiнде облыстық құрылыс комитеттерi арқылы Қазақстан Республикасының Құрылыс Министрлiгiне хабарлайды. Құрылысты мердiгерлiк әдiспен немесе өз күштерiмен соғатын жеке құрылыс салушылар да апат жөнiнде жергiлiктi әкiмшiлiктi хабардар етедi. 2.2. Болған апаттар жөнiндегi хабарламада мынандай мәлiметтер болуы керек: - тұлғаның (объектiнiң) толық аты-жөнi; - оның қуаттылығы мен орналасқан мекен-жайы; - салалық бағыныштылығы мен меншiк түрi; - жоба сметалық құжаттарды әзiрлеген жобалау ұйымы туралы мәлiметтер; - мердiгерлiк құрылыс-монтаждау (құрастыру) ұйымы туралы мәлiметтер; - болған апаттың жылы, айы, күнi, сағаты, туралы мәлiметтер; - жарақаттың түрлерi туралы; - апат болған кездегi жағдайлар туралы қысқаша мәлiметтер. 3. Апаттың себептерiн тексеру
      3.1. Объектiлерде болған барлық апаттар, оның конструктивтiк элементтерi мен бөлшектерiне дейiн жергiлiктi немесе техникалық комиссиялардың тексеруiне жатады.
      3.2. Апаттың себептерiн тексеру жергiлiктi әкiмшiлiктiң, облыстық (қалалық) құрылыс комитеттерiнiң немесе басқа да бақылаушы орындардың ұйымдастыруымен болуы мүмкiн.
      3.3. Апаттың себеп-салдарын тексеру, қажет жағдайда қазiргi техникалық құрал-жабдықтарды пайдалана отырып бiлiктi мамандардың қатысуымен өтуi керек.
      3.4. Апаттың себептерiн тексерудiң негiзгi мақсаты - оның шығуының (болуының) себеп-салдарын анықтау, болған зиянның материалдық көлемiн бiлу және сол апаттың шығуына себепкер болған лауазымды қызметкерлердi немесе жеке қызметкерлердi анықтау.
      Қажет болған жағдайда апаттан келген залалдың зияндарын жоюды және оның қайталанбауы үшiн алдын-ала шараларды әзiрлеп дайындайды.
      Тексеру кезiнде мейлiнше дәлдiкпен анықталатын нәрселер:
      - апат кезiнде конструкцияға түскен күштер (салмақтар) мен сыртқы әсерлерi;
      - конструктивтiк элементтердiң апат алдындағы күй-жағдайы;
      - жобалаудың нормалары (қалыптары) мен ережелерiнiң сақталмауы;
      - құрылыс-монтаж (құрастыру) жұмыстарының жүргiзiлу жағдайлары немесе объектiлердi қалай пайдаланды;
      - апаттың болуына бiрден-бiр себепкер, әрi оның тууына және әрі қарай өрiс алуына елеулi әсер еткен жағдайлар, соның iшiнде жобадан ауытқушылық және басқа себептер анық көрсетiлуi тиiс.
 
            4. Апаттың себептерiн тексеретiн жергiлiктi
                            комиссиялар
 
      4.1. Құрылысы жүрiп жатқан немесе пайдаланудағы объектiлерде болған апаттың себептерiн тексеретiн жергiлiктi комиссиялар өте шұғыл түрде тез арада тағайындалады.
      Мемлекеттiк меншiктегi немесе солардың қатысуымен құрылысы жүрген объектiлерде комиссия тапсырыс берушiнiң (құрылыс салушылардың) бұйрығымен тағайындалады.
      Жергiлiктi комиссия құрамына құрылыс-монтаж ұйымының, жоба-сметалық құжаттарды әзiрлеген жобалау ұйымының тапсырыс берушi немесе iстеп тұрған кәсiпорын басшылары, мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау мекемесiнiң, жеке құрылыс салушылардың, ал қажет болған жағдайларда құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарын өндiрушi кәсiпорындардың өкiлдерi кiредi.
      Апаттың себептерiн тексеретiн жергiлiктi комиссияның төрағасын сол комиссияны құрған мекеме тағайындайды. Осы мекеме көрсетiлген тексерiстiң мезгiл уақытын белгiлеп, әрi комиссия жұмысына жарататын қаржы көздерiн белгiлейдi.
      4.2. Жергiлiктi комиссия толық құрамымен жұмыс бастағанша:
      - объектiлер мен конструкцияларды тегiс қарап шығады;
      - қираудың одан әрi таралмауына, бiрiншi кезекте iстелетiн жұмыстардың қауiпсiздiгiн немесе конструкцияларды уақытша күшейтудi, апат аймағына адамдардың болуын шектеу сияқты шараларды жүзеге асырады;
      - жарақаттанғандарды көшiрудi ұйымдастыру, апатты көзiмен көргендердi сұрау және оның мүмкiн-ау деген себептерiн анықтау;
      - технологиялық жабдықтарды және оларға баратын жолдарды босатып, қираған конструкциялардан тазарту жұмыстарын ұйымдастыру.
      4.3. Апатты тексеру кезiнде жергiлiктi комиссияның атқаратын жұмыстары:
      - құрылыс-монтаж жұмысын iстеген кездегi жұмыс сапасын, жекелеген конструкциялардың түйiндесуiндегi жымдасулар, қолданылған материалдардың, конструкциялардың және бұйымдардың сапалары мен олардың жоба-құжаттарына мемлекеттiк үлгi-қалыптың (стандарттың) талаптарына сәйкестiгiн анықтау;
      - объектiлердi пайдалану кезiнде негiзгi конструкциялық элементтерге әсерi бар, пайдаланудың техникалық талаптарынан жiберiлген ауытқушылықты анықтау;
      - толтырылған техникалық құжаттарға сүйене отырып, апат болған сәттегi атқарылған құрылыс-монтаждау жұмыстарының түрлерi мен көлемiн анықтау;
      - жобалауға, құрылысқа, құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын дайындаушылар мен объектiлердi пайдаланушы тiкелей жауапты лауазымды қызметкерлердi анықтау.
      4.4. Апаттың себептерiн тексеретiн жергiлiктi комиссия N 1 қосымшада көрсетiлген үлгi бойынша АКТ жасап, оны осы комиссияның тағайындаған тапсырыс берушi - құрылыс салушы ұйымға, кәсiпорынға және апатқа қатысы бар мекемелерге берiледi.
      4.5. Меншiктiгi мемлекеттiк емес объектiлерде апаттың себептерiн тексеру туралы шешiмдi жергiліктi әкiмшiлік қабылдайды.
 
          5. Апаттың себептерiн тексеретiн техникалық
                        комиссиялар
 
      5.1. Апаттың себептерiн тексеретiн техникалық комиссия апат бола салысымен шұғыл түрде тағайындалады.
      5.2. Мемлекеттiк меншiк түрiндегi немесе мемлекеттiң қатысуымен соғылып немесе пайдаланылып жатқан объектiлердi апаттың себептерiн тексеретiн комиссияны бағыныштылығына қарай министрлiктер мен ведомстволарды қатыстыра отырып облыс, Алматы және Ленинск қалалық әкiмшiлiктер тағайындайды.
      5.3. Меншiктiгi мемлекеттiк емес соғылып немесе пайдаланылып жатқан объектiлерде техникалық комиссия және апаттың себептерiн тексеру жөнiндегi шешiмдердi облыс, Алматы және Ленинск қалалық әкiмшiлiктер тағайындайды.
      5.4. Апаттың себептерiн тексеретiн техникалық комиссияға қатысуы мiндеттi өкiлдер: техникалық комиссияны тағайындаған ұйымнан, әкiмшiлiктер, тапсырыс берушi немесе iстеп тұрған кәсiпорын басшылығынан, мердiгерлiк құрылыс, жобалау ұйымдарынан, мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау мекемесiнен, құрылыс бұйымдарын, конструкцияларын және жабдықтарын қоюшы кәсiпорындардан, ал қажет болған жағдайда келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Құрылыс Министрлiгiнiң өкiлдерi қатысады.
      5.5. Апаттың себептерiн тексеретiн техникалық комиссияның төрағасын сол комиссияны құрған мекеме тағайындайды.
      Осы мекеме көрсетiлген тексерiске мезгiл-уақытын белгiлеп, әрi комиссия жұмысына кететiн қаржы көздерiн белгiлейдi.
      5.6. Техникалық комиссия апаттың себептерiн тексеру барысында атап болған объектiнi толығынан көрiп, қираған үйдiң, ғимараттың, кейбiр жеке конструкциялық элементтерiнiң және iрге тасының бүлiнген, түйiскен, бiрiккен жерлерiнiң қажет болады-ау деген жерлерiнiң жалпы жобасын сыздырып, керек фото суреттер түсiредi.
      5.7. Құрылыс ұйымдарының, тапсырыс берушiлердiң немесе iстеп тұрған кәсiпорынның лауазымды қызметкерлерiнiң берген мәлiметтерiне орай, сол апатты өз көзiмен көрген айтушылардың жауаптарына сай және қолдағы бар құжаттарға сүйене отырып нақтылайды:
      - объектiлердiң апат алдындағы жәй күйiнiң белгiлерi мен апатты болдырмаудың қабылданған шаралары;
      - құрылыстың жәй-күйi немесе объектiнi пайдалануының жағдаяттары, әрi апат алдындағы атмосфералық құбылыстың күйлерi;
      - тiкелей апат алдында объектiлер басында немесе оның қасында жүргiзiлген жұмыстардың түрлерi мен өзгешелiктерi;
      - апаттың себептерiн айқындауға қажеттi басқа да жағдайлар.
      Апатты өз көзiмен көрген кiсiлер мен лауазымды қызметкерлердiң берген мәлiметтерi ресми түсiнiктеме немесе жазбаша баяндаулар ретiнде толтырылады.
      5.8. Жобалау құжаттарындағы қабылданған техникалық шешiмдердiң сапалылығын, нормативтiк құжаттар мен мемлекеттiк қалып талаптарының орындалуын тексередi...
 
                    Анықтайды:
 
      Құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуының немесе конструкцияларының жеке түйiндерiнiң жымдасу сапалығын, олардың жобаға және нормативтiк құжат талаптарына сәйкестiлiгiн ол үшiн қираған конструкцияларды егжей-тегжейлi тексеруден өткiзедi.
      Қолданылған шикiзаттардың, бұйымдардың және конструкциялардың сапасын, олардың жобаға және мемлекеттiк қалыптың талаптарына немесе техникалық шарттарға сәйкес келуiн (берiктiлiгiн, мөлшерiн, көлемдiк салмағын, таңбалануын т.б.)
      Сынауға қажеттi шикiзаттардың үлгiлерiнiң мөлшерiн немесе конструкциялық элементтердiң, санын, сұрыптаудың орнын таңдау мен тәртiбiн және олардың көлемi мен түрлерiн.
      Апаттың себептерiн және онымен байланысты жағдайларды анықтау үшiн-қосымша зерттеу жұмыстарының көлемi мен сараптама өткiзу қажеттiлiгiн.
      Апат кезiнде құрылыс конструкцияларына түскен күштердiң нақты ауқымы, ауа қызуы және сыртқы әсерлерiнiң, әрi iрге табандары мен конструкциялардың апат болған сәттегi күйi.
      Объект конструкцияларының қажеттi тексеру есептеулерiнiң көлемi (нақтылы әсер етушi күштер мен жоба жөнiнде қабылданған шешiмдер; қима-тiлiктер, жобадан жiберiлген ауытқушылықты есепте ала отырып материалдарға жасалған сипаттамалар; дәнекерленiп жалғасқан түйiсу өлшемiнiң кiшiреюi т.б.) мен сол есептеулердiң тапсырысын орындайтын ұйымдардың немесе жеке адамдардың көрсетiлуiн.
      Объектiнiң, технологиялық жабдықтарды пайдалану жөнiндегi журналды жүргiзу және олардың техникалық төлқұжаттарының барлығын, ал көрсетiлген құжаттардың жоқ кезiнде-объектiлердi пайдалану кезiнде жiберiлген қателiктердi анықтайды, егер олар объектiнiң немесе негiзгi конструктивтiк элементтерiнiң, оған қоса объектiнi пайдалану барысында байқалған ақаулықтары жұмыс күйiне әсер етсе.
      Объектiнiң, оның бөлшектерi мен конструктивтiк элементтерiнiң нақты қираған көлемiн, ал осыларға қарап - апаттың әкелген материалдық залалдарының мөлшерiн, бүлiнген жерлерiн бөлшектеу мен оны қайта тұрғызудың көлемiнiң шығындарын, оған қоса iстеп тұрған кәсiпорынның өндiрiстi тоқтатудан келетiн зияндарын анықтайды.
      Апаттың себептерiн анықтауға қажеттi мәлiметтердi алу үшiн, бүлiнген жерлердi бөлшектеу кезiнде туындайытн құбылыстар мен өлшеу жұмыстарын жүргiзу, үйiндiлердi тазартып-тастаудың уақыттары мен тәртiптерiн.
      Жұмыс шарттары мен нақтылы түскен күштердi есептеудi тексеру және жүргiзiлетiн зерттеулерге сүйене отырып, құрылыс конструкциялары немесе ғимараттар, үй табандарының тұрғызылу не пайдалану барысында берiлген талаптарды қамтамасыз ету жағынан қанағаттандыра алмауын анықтайды...
 
                   Белгiлейдi:
 
      Жалпы және арнаулы журналдарда келтiрiлген деректерге, көзден таса жұмыстарды куәландыру, жауапты конструкцияларды аралық қабылдау және басқа да өндiрiстiк құжаттарға сүйене отырып, ал пайдаланудағы ғимараттар мен үйлер бойынша мемлекеттiк қабылдау комиссияларының немесе жұмысшы комиссияларының Актыларына қарап дәл апат болар сәтке дейiнгi орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының түрлерi мен көлемдерiн белгiлейдi.
      Апатты жағдайда алып келген конструкциялар немесе ғимараттар мен үй iрге табандарының жайын (жұмыс жобалары) мен жобадан ауытқушылықтың, нормативтiк құжаттар мен мемлекеттiк қалыптардың талаптарын бұзушылықтың, әрi апатты болдырған себептердiң бiрi оны пайдалану шарттарының орындалмауынан болғанын белгiлейдi.
      Апат болған объектiлердегi жобалауды, құрылысты жүргiзген, конструкциялар, бұйымдар мен шикiзатты дайындаған немесе объектiнi пайдалану кезiндегi тiкелей жауапты лауазымды қызметкерлердi белгiлейдi...
               Дайындайды:
      Апаттың зардаптарын жоюдың шаралары мен ұсыныстары.
      Ғимараттар мен үйлердi толық қайта тұрғызудың шарттары және мүмкiндiктерiн анықтау мақсатында, әрi құрылысты одан әрi жалғастыру немесе олардың сақталынған бөлiгiн пайдалану-ғимараттар мен үйлердi қосымша жете тексерудiң қажеттiлiгi туралы пайымдауларын.
      Техникалық комиссия апатты тексеру үстiнде қажеттiлiгi туындаған бұдан басқа да жұмыстарды дайындайды.
      5.9. Кейбiр жекелеген мәселелердi егжей-тегжейлi зерделеу үшiн техникалық комиссияның шағын жұмысшы комиссиясын құруға хұқы бар және комиссия жұмысына жобалау, ғылыми-зерттеу, жоғарғы оқу орындарынан және т.б. ұйымдардан өкiлдер мен сарапшылар шақыра алады.
      5.10. Апаттың себептерiн тексеруге қатысты сараптама, лабораториялық сынақтар мен зерттеулер, қосымша инженерлiк-геологиялық iздестiрулердi және тағы басқа жұмыстарды өткiзудi ұйымдастыруды, әрi тексерудiң материалдарын техникалық рәсiмдеулерiн - сол апаттың себептерiн тексеретiн комиссияны тағайындаған мекеме қамтамасыз етедi.
      5.11. Тексерудiң қорытындысы бойынша техникалық комиссия апаттың себептерiн тексеру жөнiнде N 2 қосымшада келтiрiлген үлгiде АКТ жасайды.
      5.12. Жергiлiктi және техникалық комиссияның төрағалары мен мүшелерi апаттың себептерiн тексерудiң толықтығына, ұқыпты толтырылуына және әдiл қаралуына Қазақстан Республикасының iс жүзiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап бередi.
 
           6. Апаттың себептерiн тексерудi қарау
 
      6.1. Апаттың себептерiн тексерудiң Актысын-комиссия жұмысын бiтiрген соң 3 күн мерзiмнiң iшiнде сол комиссияны тағайындаған мекемеге тапсырады.
      6.2. Комиссияны тағайындаған мекеме апаттың себептерiн қарап болған соң, iстеп тұрған мекемеге, не қатысы бар құрылыс ұйымына осыған ұқсас себептер қайта пайда болмақшы апаттары болдырмаудың шараларын жүзеге асырауды мiндеттейдi, апаттың себептерiн тексеру Актысында баяндалған ұсыныстардың жүзеге асуын бақылайды, әрi апатқа қатысы бар адамдардың жауапкершiлiгi жөнiнде шешiмдер қабылдайды.
      6.3. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу комитеттерi жарты жылда 1 рет Қазақстан Республикасының Құрылыс Министрлiгiне N 3 қосымшада келтiрiлген үлгiде 1-шi дәрежедегi апаттар жөнiнде ақпарат бередi.
      6.4. Қазақстан Республикасының Құрылыс Минi ақпаратты негiзге ала отырып соғылып жатқан ғимараттар мен үйлерде болған қираулар және апаттардың себептерiн жинақтап, N 3 қосымша бойынша қорытындылайды. 6.5. Апаттың себептерiн тексеру Актысы-кiнәлi заңды тұлғалар мен қоғамның хұқықты мүшелерiне Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңдарында белгiленген тәртiпке сай материалдар толтырылып, жауапқа тартуға хұқықтық құжат болып табылады. 1-қосымша Жергiлiктi комиссияның апаттың себептерiн тексерудiң Актісі " "__________________199 ж. _________________________ актының жасалған жерi __________________________________________________________ (комиссия тағайындаған құжаттың нөмiрi, аты уақыты) _______________________________________________________________ (және кiм тағайындады) Жергiлiктi комиссияның құрамы: Төрағасы________________________________________________________ (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты) ________________________________________________________________ (жұмыс орны, қызмет лауазымы) Комиссия мүшелерi: 1._______________________________________________________________ (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, жұмыс орны, лауазымы) 2._______________________________________________________________ 3._______________________________________________________________ 4._______________________________________________________________ 5._______________________________________________________________ 6._______________________________________________________________ 7._______________________________________________________________ _________________________________________________________________ (ғимараттардың, үйдiң аттары, тұрған жерi) _________________________________________________________________ қай мекемеге (ұйымға) бағыныштылығы) болған апаттың себептерi тексерiп осы Актыны жасады: 1. Апаттың қысқаша сипаттамасы, болған жылы, тәулiк мезгiлi, уақыты. Қираған конструкциялардың көлемi, жарақаттанғандардың саны мен түрлерi:____________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 2. Жобалау, құрылыс және пайдалану тұлғаларына жауапты лауазымды қызметкерлердiң қысқаша түсiндiрмелерiнiң мазмұны:_____ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 3. Объектiнiң апат алдындағы жай-күйi; құрылыс сатылары, жекеленген конструкциялардың салыну кезектерi мен құрылыс монтаж жұмыстарының аяқталуы, пайдаланудың уақыты және тұлғаның жай-күйiн анықтайтын басқа да мәлiметтер: _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 4. Апаттың шыққан кезiндегi жағдайдың қысқаша мағлұматы: объектiнi тұрғызу немесе пайдалану кезiнде (не оның қасында) жүргiзiлген жұмыстар мен ауа райының жай-күйi; ғимараттардың, үйлердiң конструкциялары мен табан астына түскен нақтылы күштер мен әсерлердiң, немесе оларды соғып, не пайдаланып жатқан кезде тiкелей апат алдында туған жағдайлар:____________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 5. Объектiнi қираған конструкцияларының бөлiктерiн амалсыздан бөлшектеу, олардың бөлшектеуге дейiнгi тұрған жерлерi мен сақталуы туралы мәлiметтер:__________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 6. Апаттың одан әрi таралмауының алдын-алу туралы шараларды жүзеге асыру:__________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 7. Апатты көзiмен көргендердiң берген деректерi мен айғақты заттарға сүйене отырып-апат туралы болжамдар жасау: _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 8. Қай мезгiлде, кiм және қандай мекемелерден апаттың болғаны туралы алғашқы деректер келiп түстi:_____________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 9. Апатты тудырған себептер жайлы жергiлiктi комиссияның қорытындылары: _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 10. Апаттың болуына тiкелей қатысы бар лауазымды қызметкерлер:____________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 11. Апаттың зардаптарын жою жөнiндегi шаралар мен ұсыныстар: _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 12. Актыға қосымша: __________________________ Актыға қоса тiркелетiн: жарақат алғандарды құтқару мақсатында ғимараттар мен үй конструкцияларының шұғыл бөлшектеуге дейiнгi тұрғын орындары туралы фотосуреттер немесе сипаттамалар, апатты көрген куәлардың ақпарлары, ауа райы туралы анықтамалар, және жергiлiктi комиссияның шешуiмен жинақталған басқа да мәлiметтер: Жергiлiктi комиссия төрағасы______________________________ (қолы) фамилиясы телефоны N_________ "__"_______________________199_______ Жергiлiктi комиссия мүшелерi: _______________________________________________________________ қолдары, фамилиясы _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ 2-шi қосымша Министрлiк, мекеме Республика___________________________________________________ Өндiрiстiк бiрлестiк, бiрлестiк, трест, құрылыс, басқармасы:___ _______________________________________________________________ Кәсiпорын______________________________________________________ Ғимарат, үй, цех ______________________________________________ _______________________________________________________________ Техникалық комиссияның апат болу себептерiн тексеру Актiсi "___"___________________199__ж. _______________________ акт жасалған орын _______________________________________________________________ (кiм тағайындаған-белгiлеген, мекеме аты, уақыты) құжаттың _______________________________________________________________ нөмiрi тағайындаған, (белгiлеген), техникалық комиссия, құрамында төраға бар___________________________________________ _______________________________________________________________ (аты-жөнi, әкесiнiң аты, iстейтiн қызметi, жұмыс орны) және комиссия мүшелерi_________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (аты-жөнi, әкесiнiң аты, қызметi, жұмыс орны) Шақырылған мамандардың қатысуымен______________________________ _______________________________________________________________ негiзгi ұйымдардың, мекемелердiң аттары) Оқиға болған __________________________________________________ үйдiң, ғимараттың аты, оның тұрған орны, кiмге _______________________________________________________________ қарайды бағынышты, уақыты, және күннiң қай бөлiгi уақыты, _______________________________________________________________ апат қашан болды, апат болған жердiң толық мәлiмет-анықтамасы) жерде болып осы апат болу себептерiн тексеру актiсiн жасады.
      Апат болған жердегi қирау көлемi мен конструкция бөлшектерiне келген зияндарды толық көрсетiп жазу керек, сонымен қатар қираудың дәйектiлiгiн (жүйелiгiн, бiр iздiлiгiн), зардап салдарын (шығындардың шамасы, жапа шеккендердiң саны, құрылыстың немесе өндiрiс орнының iске асыру пайдалану жұмыстарының толық немесе жарым жартылай тұрып қалуы және т.б.) және апаттың толық көлемдiлiгiн сипаттайтын басқа да анықтамалар____________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Ғимараттың, үйдiң негiзгi техникалық сипаттамасы, оның мөлшерi, қолданылған қорғаушы және көтерушi конструкциялар _______________________________________________________________ үйдiң негiзгi мөлшерi, аралықтың саны, бағаны тiреуiштерiнiң _______________________________________________________________ адымы, қолданылған конструкциялардың тәпiштеп жазу керек _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Атауы: а) қайта қолданылған жеке немесе типтiк жобаны жергiлiктi жерге бейәмдеп жүзеге асырған жобалау ұйымының_________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ б) Жоба бойынша қорытынды тұжырым жасаған сарапшы органдардың____________________________________________________ _______________________________________________________________ в) ғимараттардың, үйдiң, бұзылған бөлшектерiнде қолданылған материалдар мен бұйымдарды, құрылыс конструкцияларын берген кәсiпорындардың_________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ г) құрылысты жүргiзген, құрылыс ұйымының__________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ д) конструкцияларды монтаж жасаған, монтаж ұйымының_______ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ е) объектiнi пайдаланған (эксплуатация жасаған) мекемелердiң ұйымдардың, кәсiпорындардың_______________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________
      Құрылыстың басталған күнi және ғимараттың, үйдiң құрамдас бөлiктерiнiң тұрғызылған негiзгi кезеңдерi, құрылыстың жай-күйi; объектiнi пайдалануға берiлген күн және оны пайдалану жағдай-шарттары, объектiнi пайдалану процестерiнде (құбылыстарында) анықталған оның негiзгi ақау-кемiстiктерi_____ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________
      Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауды немесе апат болған объектiнi пайдалануды тiкелей басқарған лауазымды қызмет адамдарының толық аты-жөнi; оларда арнаулы техникалық бiлiм немесе жұмыс жасауға арнаулы хұқығы бар болу керек (азаматтық-тұрғын үй құрылыстарында болған апаттарда)________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Апат болған кездегi конструкцияның жұмыс iстеген жағдай-шарттары және апат болған кездегi жағдайлар: Атмосфералық жағдайлар (ауаның температурасы, желдiң күшi мен жылдамдығы, кардың қалыңдығы және сол сияқты басқа көрсеткiштер) _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Жүктелiм мен әсер (ықпал) ету, соның iшiнде жобада көрсетiлмеген__________________________________________________ _______________________________________________________________ Объектiнiң салынған немесе оны пайдалануға берген кездерi немесе апат болудың алдында соның жанында жүргiзiлген жұмыстар (соның iшiнде жарылыс-қопарылыс, қала-дiңгек қағу, топырақты қопсыту, бұрынғы тұрған конструкцияларға жүк iлу жұмыстары және т.б.)_____________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Объектiнi соғып жатқан немесе оны пайдаланып отырған ұйымдардың апаттан сақтандыру ниетiнде алдын-ала жүргiзiлген шаралары мен оның апат алдындағы айқындалған нышандары (белгiлерi) _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Апаттың дамуына немесе оның басталуына мүмкiндiк туғызған басқа да жағдайлар_____________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Апатты көзiмен көрген адамдардың қысқаша түсiнiктемелерi _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Қолданылған материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, iстелген құрылыс-монтаж жұмыстарының, жобалық шешiмдерiнiң сапасына баға беру_____________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Атқарушы техникалық құжаттардың жүргiзу талаптарын сақтау жобадан ауытқу және СНиП, ГОСТ талаптарын бұзбай, объектiнi техникалық пайдалану қағидаларын, көтерушi-транспорт құралдарының сапасын бағалау т.с.с. ___________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Комиссия тағайындаған материалдар мен конструкцияларды сынау туралы қосымша зерттеулердiң нәтижелерiн бағалау_________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________
      Құрылыс-монтаж жұмыстары мен қолданылған материалдар мен бұйымдардың, конструкциялардың сапасына бақылау жүргiзген ұйымдардың (апаттың болу себептерiн тексеру нәтижелерi бойынша,) техникалық және авторлық қадағалау жасаған қызметкерлердiң (олардың аты-жөнi мен қызметi толық көрсетiлуi керек) iс-әрекеттерiне баға беру______________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Қираған бүлiнген объектiнi, оның бөлшектерiн немесе жекелеген конструкцияларын жобалағаны, салғаны және пайдаланғаны үшiн жауапты лауазымды қызметкерлердiң қысқаша түсiнiктемелерi:_______________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Мына төменгi себептер көрсетiлген, техникалық комиссияның тұжырымдамасы:
      Объектiнi апатқа әкеп соқтырған (конструкцияның жеткiлiксiз берiктiгi, қаттылығы немесе тұрақтылығы, конструкциялардың немесе негiздiктiң белгiлi бiр күй-жағдайларына жетуiне байланысты болған себептер; қазiргi жүктелiмдi дұрыс есепке алмаудың себептерiнен болған шамадан артық жүктеу, конструкцияны монтаждау кезiнде оның есептеу схемасын өзгерту; балқытып бiрiктiрген жапсар жiктерiнiң, тораптардың, әртүрлi конструкция элементтерiнiң қималарының әлсiреуi себептерiнен; конструкцияға әртүрлi қосымша жабдықтардың iлiнуiне байланысты; жерi (агрессия) ортада жұмыс iстейтiн конструкцияларды қорғау шараларының жоқтығы; iргетастың бiрқалыпты шөкпеу нәтижелерiнен; топырақтың көтерiлу және сулану себептерiнен және т.с.с.).
      Жоба мен жұмыс құжаттарының немесе жұмысшы жобаның, нормативтi құжаттардың және мемлекеттiк стандарттың бұзылуына байланысты апатқа әкелiп соқтырған себептер көрсетiледi (жұмыс жасайтын жобадан немесе жұмыс сызбаларынан ауытқу, жұмыс жасау ережелерi мен құрылыс нормаларын сақтамау, құрылыста қолданылған конструкцияларды дайындаған кезде мемлекеттiк стандарттар мен техникалық жағдай-шарттарды бұзу, объектiлердi және технологиялық көтерушi-транспорт жабдықтарын пайдаланған кезде техникалық ережелердi сақтамау, жобада жiберiлген қателер және т.с.с.). Апатқа тiкелей қатысы бар лауазымды қызметкерлер көрсетiледi____________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Апаттан кейiнгi зардап салдарын жою туралы шаралар мен ұсыныстар (объектiнiң қираған бөлшектерiн қайта тұрғызу, сақталып қалған конструкциялардың бөлiктерiн нығайту туралы керектi шаралар, объектiлердiң сақталып қалған бөлiктерiн қайтадан толық орнына келтiрiп оны пайдалану, құрылысты қайта жандандыру үшiн қабылдаған шаралар мен жағдай-шарттары және т.с.с. _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Пайдаланып тұрған объектiлерде болған апаттарда оның апат алдындағы жағдайы және техникалық пайдалану ережелерiн орындалуы туралы қорытынды тұжырымдама берiледi, жоспарлы алдын-ала ескерту, жөндеу жұмыстарының ақырғы болған күнi көрсетiледi (жоспар бойынша және шындығы)______________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Актiге қосымшалар: а) фотосуреттер, нұсқасызбалар, суреттемелер, схемалар; б) материалдар мен конструкция элементтерiнiң лабораториялық сынаудан өткен нәтижелерi; в) конструкциялардың тексеру есептемелерi;
      г) Апат болу салдарынан тұрып қалған объектiнiң ұзақтығы (күндерi). Материалдық зияндар туралы анықтама, бұның iшiнде апатты жоюдың бағасы (шамамен) өндiрiстiң табиғи өлшемдегi (кәсiпорындары пайдаланушылар үшiн) және ақшалай өлшеммен жоғалтқандары бар;
      д) сарапшылардың қорытынды тұжырымдамасы;
      е) қосымша инженерлiк - геологиялық зерттеулер және басқа да материалдар; ж) Лауазымды қызметкерлердiң түсiнiктемелерi және оқиғаны көзiмен көргендердiң суреттеулерi, (баяндаулары). з) техникалық комиссияның құрамына кiрмеген, бiрақ апаттың болу себептерiн тексеру жұмыстарына қатысқан адамдардың тiзiмi (iстейтiн қызметтерi мен жұмыс iстейтiн ұйымдардың аттары толық көрсетiлуi тиiс); к) техникалық комиссияның нұсқаумен берiлген басқа да материалдар. Техникалық комиссияның төрағасы: _______________________________________________________________ (қолы және қызмет телефоны) "___"______________________199__ж. ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕЛЕРI: _______________________________________________________________ (қолдары) __________________________________ __________________________________ __________________________________ __________________________________ __________________________________ Осы жұмысқа тартылған ұйымдардың (негiзгi) өкiлдерi: _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (iстейтiн қызметтерi, ұйымдардың аттары, қолдары) 3-қосымша Объектiлерде, олардың бөлiктерiнде және конструктивтiк элементтерiнде болған апат оқиғаларын Есепке алу ________________________________________________________________ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 ________________________________________________________________ Объектiнiң|Апаттың |Жобалау |Тапсырыс|Құрылыс|Құрылысты жүргi. аты және |болған |ұйымы |жасаушы |ұйымы |зiп жатқан жекемен. оның тұрған күнi | | | |шiк кәсiпорындар, жерi | | | | |бiрiккен және шетел | | | | |фирмалары, министр. | | | | |лiктер, ведомство. | | | | |лар _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 _________________________________________________________________ Объектiнiң |Қираған |Қираған |Апатқа |Апаттың |Травма. Апаттан атқаратын |ғимарат. |конструк.әкелiп |әрi қарай|тизм |келген қызметi(өн. |тың,үйдiң|циялар, |соқтыр.|дамуына |оқиға.|зиянның дiрiстiк,тұр.типi(бiр |олардың |ған не.|әсерiн |лары |мөлшерi ғын үй, аза.|қабатты |материал. гiзгi |тигiзген | | маттық,ауыл.|көп |дары және себеп.|себептер | | шаруашылық, |қабатты) |көлемi |тер | | | мелиоратив. | | | | | | тiк, тран. | | | | | | спорттық) | | | | | | _________________________________________________________________ Төрағаның қолы Оқыған: Багарова Ж.А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады