Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Кабинет министрі жанындағы Кеден комитетiнiң Бұйрығымен 1995 жылғы 26 қазан N 157-П Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылға 9 қарашада N 128 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001.02.09. N 46 бұйрығымен. ~V011444

              1. Жалпы ережелер
      1.1. Мемлекет пайдасына бас тарту - кеден баждарын, қосымша құнға салықты, акциздердi, алуы кеден органдарына жүктелген басқа да салықтарды алусыз, сондай-ақ экономикалық саясат шараларын (квоталау, лицензиялау т.б.) қолданбай-ақ, тауар немесе көлiк құралдарынан адамның бас тартатын кездегi кеден режимi.
      1.2. Тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiмен орналастыруға кеден органының рұқсатымен жол берiледi.
      1.3. Осы Ережеге сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарынан бас тарту мемлекетке ешқандай шығынын тигiзбейдi.
      1.4. Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiн таңдап алған адам тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне орналастыруға кеден органының рұқсатын алған соң аталған режимдi басқасына айырбастауға құқылы емес.

           2. Тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет
              пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне
                            орналастыру
      2.1. Тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне:
      - Қазақстан Республикасы кеден шекарасын iс жүзiнде кесiп өткен, әкелiнетiн тауарлар мен көлiк құралдары;
      - Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнген және өзге кедендiк режимiне орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдары;
      - өздерiне қатысты кеден декларациясы берiлген немесе оларды адамның шығаруын қалайтын ниетiн орындауға тiкелей бағытталатын өзге әрекет жасалған, әкетiлетiн тауарлар мен көлiк құралдары орналастыруы мүмкiн.
      2.2. Тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне:
      - Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарлар мен көлiк құралдарын;
      - Қазақстан Республикасы аумағында еркiн айналым үшiн немесе керi импорттың кедендiк режимiне сәйкес шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын;
      - N 1 Қосымшада аталынған тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыруға жол берiлмейдi.
      2.3. Кеден органы тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне орналастырудан:
      - тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне орналастыру мемлекетке шығынын тигiзуi мүмкiн болса;
      - тауарлар мен көлiк құралдарының құны кеден органының жүзеге асыруға байланысты шығыстарын жаба алмаса;
      - кеден органдарының тауарлар мен көлiк құралдарын өткеру мүмкiндiгi шектеулi болса;
      - кеден органының бұған жеткiлiктi негiздерi болатын өзге жағдайларда бас тартуы мүмкiн.
      2.4. Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiн тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзетiн адам не кеден брокерi мәлiмдеуi мүмкiн.
      Бас тартудың кедендiк режимiне мәлiмдеудiң заңдылығы үшiн декларант кез келген үшiншi адамның алдында жауап бередi.
      Кеден органдары декларанттың мемлекет пайдасына бас тартқан тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты үшiншi адамдардың қандай да бiр мүлiктiк талаптарын қанағаттандырмайды.
      2.5. Тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне орналастыруға рұқсатты беру туралы шешiмдi кеден органы құрылымдық бөлiмшесiнiң бастығы не Қазақстан Республикасы Орталық кеден органының арнайы нормативтi актiлерiмен басқаша белгiленбесе, оның орнындағы адам қабылдайды.
      2.6. Кеден органы сертификациялау немесе басқа мемлекеттiк органдардың бақылауына жататын тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты сертификаты бар болған немесе мал дәрiгерлiк, фитосанитарлық, экологиялық және мемлекеттiк бақылаудың басқа да түрлерiнен өткен жағдайда тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне орналастыруға рұқсат бередi.
      2.7. Кеден органдары тасымалдаушыға, қойма иесiне, өзге адамдарға осы тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне орналастырылғанға дейiн тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтауға, олармен жүк және өзге де операцияларды жүргiзумен байланысты кез келген шығыстарды өтемейдi.

           3. Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк
              режимiне орналастырылатын тауарлар мен
              көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу
      3.1. Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне орналастырылатын тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу Орталық кеден органының арнайы нормативтi актiлерiмен басқаша белгiленбесе, қызметiнiң аймағында тауарлар мен көлiк құралдары орналасқан кеден органында жүргiзiледi.
      3.2. Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыру кезiнде декларант кеден органына төмендегiдей құжаттарды:
      - N 2 Қосымшаға сәйкес толтырылған кедендiк жүк декларациясы не N 3 Қосымшаға сәйкес адамның толтырылған өтiнiшi. Егер адам кедендiк статистиканы жүргiзу мақсатында кеден органының лауазымды адамына аталған өтiнiштi көрсету жолымен тауарлар мен көлiк құралдарын мәлiмдесе, кедендiк жүк декларациясының бланкiсiнде N 4 Қосымшаға сәйкес мәлiмделiнген деректердi көшiрiп жазады.
      - егер тауарлар мен көлiк құралдары өзге мемлекеттiк органдардың бақылауына жататын болса, онда осы органдардың рұқсаттары;
      - тауарлар мен көлiк құралдарына жүк және тауарды алып жүру құжаттары (үстеме жол құжаттары, коносаменттерi, арнайы құжаттар, шот-фактуралар және т.б.);
      - мiндеттi сертификаттауға жататын тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты - сертификат;
      - кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүргiзу үшiн қажет өзге құжаттарды көрсетедi.
      3.3. Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыруға кеден органының рұқсатын кеден органының құрылымдық бөлiмшесiнiң бастығы не оның орнындағы адам кедендiк жүк декларациясының "Д" бағанында не адамның өтiнiшiнде қолымен және жеке нөмiрлiк мөрмен куәландырылған "Бас тартуға рұқсат" деген жазуды жазу жолымен ресiмделедi.
      3.4. Кеден органына кедендiк жүк декларациясын немесе адамның N 3 Қосымшаға сәйкес жасалынған мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыру туралы өтiнiшiн ұсыну кепiл берушi кепiл туралы шартта кепiл заты ретiнде берiлген мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыру туралы мәлiмдеген жағдайда кепiл заты болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты талап етiлмейдi. Кепiл берушiнiң шарттағы мұндай мәлiмдемесi мәлiмдеудiң жеңiлдетiлген нысаны болып табылады, кеден органының аталған шартты жасауы осы органның мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыруға рұқсаты ретiнде қаралады.

            4. Қорытынды ереже
      4.1. Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыру кезiнде декларант кеден баждарын және салықтар, сондай-ақ кедендiк ресiмдеу үшiн кедендiк алымдар алынбайды.
      4.2. Кеден органының мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыруға рұқсат берген кезiнде осы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты кеден төлемдерiн төлеудi қамтамасыз ету үшiн берiлген банктiң кепiлдемесi өзiнiң күшiн жояды.
      Осы уақытта сонымен қатар кеден төлемдерiн төлеудi қамтамасыз ететiн кепiлдiң шарттары бойынша кепiлдiк құқықтық қатынастар тоқтатылады, берiлген банктiң кепiлдемесi өзiнiң күшiн жояды.
      4.3. Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыру кезiнде төлеушiге:
      - кеден төлемдерiн төлеудi қамтамасыз ету ретiнде кеден органының депозитiне салынған сомалар;
      - кеден аумағында ұқсатудың кедендiк режимiне орналастырылатын тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыру кезiнде төленген кедендiк әкелiм баждарының сомалары;
      - Қазақстан Республикасы кеден аумағына тауарлар мен көлiк құралдары iс жүзiнде әкетiлмеген жағдайда тауарлар экспорттың кедендiк режимiне орналастырылған және тауарлар мен көлiк құралдары уақытша әкетiлген кезде кедендiк әкетiм баждарының сомалары қайтарылады.
      Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне тауарлар мен көлiк құралдарын, уақытша әкелiнетiн тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыру кезiнде төленген кедендiк әкелiм баждары мен салықтар қайтарылмайды.
      4.4. Мемлекет пайдасына тауарлар мен көлiк құралдарынан бас тартқан адам тауарлар мен көлiк құралдарын кеден органы анықтайтын орынға өз есебiнен жеткiзуге мiндеттi.
      4.5. Кеден органының адамына мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын берген кезде сол адамның өтiнiшiмен нысаны N 5 Қосымшада келтiрiлген актi екi данада жасалынады. Осындай актiлердiң бланкiлерi есеп берудiң қатаң қаржы құжаттары болып табылады. Аталған актiнiң бiр данасы мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыруға рұқсат берген кеден органында сақталынады. Актiнiң екiншi данасы мемлекет пайдасына тауарлар мен көлiк құралдарынан бас тартқан адамға берiледi.
      4.6. Адамның мемлекет пайдасына тауарлар мен көлiк құралдарынан бас тартқан тауарлар мен көлiк құралдарына иелiк ету кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
                                                 Мемлекет пайдасына бас  

тартудың кедендiк режимi туралы Ережеге N 1 Қосымша


            Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк
            режимiне орналастыруға жол берiлмейтiн
            тауарлар мен көлiк құралдарының
                         Тiзбесi

      Қару-жарақ, оған оқ-дәрiлер, әскери техника, қосалқы бөлшектер, жинақтаушы бұйымдар және оларға приборлар, жарылғыш заттар, жарылу құралдары, дәрiсi, зымырандық отынның барлық түрлерi, сондай-ақ оларды өндiруге арналған құрал-жабдықтар мен материалдар, iсi үшiн арнаулы жабдықтар, әскерилендiрiлген ұйымдардың жеке құрамының арнайы құрал-саймандары және оларды өндiру мен пайдалануға нормативтi - техникалық құжаттама.
      Ракеталық-космостық кешендер, байланыс және әскери мақсаттағы басқару жүйелерi және оларды өндiру мен пайдалануға нормативтi-техникалық құжаттама.
      Әскери уландырғыш заттар, олардан қорғану құралдары және оларды өндiру мен пайдалануға нормативтi-техникалық құжаттама.
      Уран, басқа бөлiнетiн материалдар және олардан бұйымдар.
      Ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының, сондай-ақ қару-жарақ және әскери техникаларды жасау бойынша түпкiлiктi iзденiстiк зерттеу жұмыстарының нәтижелерi.
      Шифрлiк техника және оларды өндiру мен пайдалануға нормативтi-техникалық құжаттама.
      Есiрткi, жүйке улағыш, күштi әсер ететiн, улы заттар.
      Радиоактивтi материалдың қалдықтары.
      Жарылғыш заттардың қалдықтары.
      Өнеркәсiп қалдықтары.
      Электр, жылу энергиясы және оның өзге түрлерi.
                                                   Мемлекет пайдасына бас

тартудың кедендiк режимi туралы Ережеге N 2 Қосымша


                           ______________________________________

                                (кеден органының атауы)
                          ______________________________________
                                (адамның аты-жөнi, мекен-жайы)

                          Өтiнiш

_______________________________________________________________
    (тауарлардың немесе көлiк құралдарының атауы, жеке
_______________________________________________________________
белгiлерi, саны (өлшемi, салмағы ж.т.б.)
_______________________________________________________________
______________________мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк
режимiне орналастыруыңызды сұраймын.
Бас тартудың себебi:___________________________________________
_______________________________________________________________


                                  _____________________________

(жетекшiнiң не уәкiлдiгi бар өзге адамның қолы, жеке тұлғаның қолы)

                                   199__ж. "__" _______________



                                                  Мемлекет пайдасына бас

тартудың кедендiк

_______________________                            режимiнiң Ережесiне
(кеден органының атауы)                                N 5 Қосымша

        Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне
        орналастырылған тауарларды және көлiк құралдарын
                          беру актiсi

Осы акт 19__ж   "___" ________________    _____________________
                                           (ұйымның толық атауы
_______________________________________________________________
немесе адамның тегi, әкесiнiң аты, аты, оның мекен-жайы)
_______________________________________мемлекет пайдасына бас
 (кеден органының атауы)
тартудың кедендiк режимiне орналастыруға төменде көрсетiлген
тауарлар және көлiк құралдарының берiлгенi жөнiнде жасалынды:
_____________________________________________________________
     |  тауарлардың  | Бiрлiк | Саны | N КЖД | Ескертулер   |
  N  | атауы және    |        |      |       |              |
р/с  | олардың жеке  |        |      |       |              |
     |   белгiлерi   |        |      |       |              |
____________________________________________________________
_____|_______________|________|______|________|_____________|
_____|_______________|________|______|________|_____________|
_____|_______________|________|______|________|_____________|
_____|_______________|________|______|________|_____________|

_______________________өткiздi.          ______________М.О.
 (лауазымы, 
<*>
 аты-жөнi)                       қолы

     Ескерту: кәсiпорындар және ұйымдар үшiн

_______________________қабылдады.         _______________М.О.
 (кеден органы лауазымды                         қолы
адамның лауазымы, 
<*>
 
тегi, аты-жөнi)

     Ескерту: кеден органы атынан актiге материалдық
              жауапты лауазымдағы адам қол қояды.

                                             Мемлекет пайдасына бас
                                               тартудың кедендiк
                                             режимi туралы Ережеге
                                                 N 2 Қосымша

              Тауарларды мемлекет пайдасына бас
           тартудың кедендiк режимiне орналастыру
        кезiнде кедендiк жүк декларациясын толтырудың
                            Тәртiбi

     Тауарларды мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне 
орналастыру кезiнде кедендiк жүк декларациясының:
     1, 4, 5, 6, 7, 12, 14, 22, 31, 33, 35, 37, 38, 40, 41, 44, 54, С және 
Д бағандары толтырылады.
     Бұл ретте 12, 22, 45 бағандары тауарлардың құны белгiлi болған 
жағдайда толтырылады.
     4, 5, 6, 7, 12, 31, 33, 35, 38, 41, 44, 45, С,Д бағандары КЖД 
толтырудың тәртiбi туралы Нұсқаудың 2 және 3 бөлiмдерiне сәйкес 
толтырылады.
     22, 31, 40 бағандары КЖД толтырудың тәртiбi туралы Нұсқаудың 6 
бөлiмiне сәйкес толтырылады.
     14, 54 бағандарын толтырудың төмендегiдей ерекшелiктерi бар:
     14 баған. "Декларант"
     Бағанда мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне тауарлар 
мен көлiк құралдарын орналастыратын адам туралы мәлiметтер: кәсiпорын, 
ұйым-мекеменiң атауы және мекен-жайы, жеке тұлғаның аты-жөнi, тегi, 
мекен-жайы, жеке басын растайтын құжат жөнiндегi мәлiметтер көрсетiледi.
     54. баған "Орны мен күнi"
     Бағанда кедендiк жүк декларациясының бланкiсiн толтырған кеден 
органының атауы, лауазымды адамның лауазымы, тегi, аты-жөнi, көрсетiледi.
     Мәлiметтердi лауазымды адам өзiнiң қолы мен жеке нөмiрлiк мөрiмен 
куәлендiрiледi.

     
     Оқыған:     
           Багарова Ж.А.
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады