Акцизге жататын тауарларға қатысты кеден төлемі мен салығын төлеудің Уақытша Ережесін қолдануды енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден Комитетінің бұйрығымен бекітілген 1995 жылғы 25 қыркүйек N 122-П Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 15 қарашада N 131 тіркелді. Күші жойылды - Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 16 ақпандағы N 166 бұйрығымен. ~V011417

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегі заң күші бар Z952368_ Жарлығын орындау және Қазақстан Республикасының кеден заңын сақтауға бақылауды күшейту мақсатымен БҰЙЫРАМЫН:
      1. Кеден төлемі мен салығын төлеудің Уақытша тәртібі (бұдан былай - Ереже) бекітілсін және 1995 жылғы 15 қазаннан күшіне енгізілсін.
      2. Автомобиль көлігімен кеден органы ішіне жеткізілетін, соның ішінде оларды темір жол, теңіз, өзен және әуе көлігінен автомобиль көлігіне артып, сондай-ақ кедендік транзит тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағы бойынша автомобиль көлігімен ауыстырылып тасыған жағдайда акцизге жататын тауарларға қатысты бекітілген Ереже қолданылсын.
      3. МДП (1975 жылғы МДП келісімі) кітапшасын қолданып халықаралық жүктерді кеден келісіміне сәйкес тасуға қатысты осы Бұйрықпен бекітілген Ереже қолданылмайтын болып бекітілсін.
      4. ТМД-ға қатысушы мемлекеттерден шыққан акцизге жататын тауарлар депозитке тиесілі сома түсірілместен және СТ-1 формасы бойынша шыққан сертификатты жөнелтуге кеден органы беретін шарт кезінде банкінің кепілдеме міндеттемесін берместен Қазақстан Республикасының кеден аумағынан өткізілетін болып белгіленсін.
      5. Акцизге жататын тауарларға қатысты кеден төлемін төлеуді қамтамасыз ету мақсатымен депозитке түсіруге жататын соманы есептеу үшін Ставка бекітілсін.
      6. Кеден органы ішіне автомобиль көлігімен жеткізілетін акцизге жататын тауарларды жеткізудің ең көп мерзімі 20 календарлық күннен аспайтындығын, кедендік транзит тәртібіне сәйкес автомобиль көлігімен тасылатын акцизге жататын тауарлардың ең көп мерзімі 40 календарлық күннен аспайтындығын, тасымал құралдарының, белгіленген маршрут және басқа да тасымал шарттарын ескеріп, кеден органдары тауарларды жеткізудің нақты мерзімдерін белгілесін.
      7. Қазақстан Республикасының кеден шекарасында және оларды ішкі кеден

органдарында кедендік толтырғанда өткізу пункттерінде акцизге жататын 
тауарларға міндетті түрде кедендік байқау қолданылсын.
     8. Облыстық кеден басқармалары мен кеден бастықтары:
     - жұмысты осы Ережелерге сәйкес ұйымдастырсын;
     - осы Бұйрықтың қолданылатындығын барлық құрылымдық бөлімшелерге 
жеткізсін.
     9. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары 
Р.К. Куватовқа жүктелсін.
     
     Төраға                                     
                                                    Кеден Комитетінің
                                                    25 қыркүйек 1995 ж.
                                                    N 122-П Бұйрығына
                                                    1-Қосымша 
     
     Акцизге жататын тауарларға қатысты кеден төлемдері мен салығын 
     төлеуді қамтамасыз ету үшін кеден органының депозитіне енгізуге 
                        жататын соманы есептеудің 
                                СТАВКАСЫ 
 _________________________________________________________________________
| рет | ТН ВЭД         |                            |Кеден төлемі мен са. |
|  N  | бойынша        |        Тауардың аты        |лығын төлеуді қамта. |
|     |   тауар коды   |                            |масыз ету ставкасы   |
|_____|________________|____________________________|_____________________|
|  1  |        2       |               3            |           4         |
|_____|________________|____________________________|_____________________|
|  1. |0301, 0302      |Бекіре және арқан балық,    |     80 ЭКЮ/кг       |
|     |0303,0304,      |бекіре және арқан балық     |                     |
|     |0305, 1604-тен  |ұрығы, бекіре және арқан    |                     |
|     |                |балық пен оның ұрығынан     |                     |
|     |                |дайындалған таңсық тамақ    |                     |
|     |                |                            |                     |
|  2. |2203 00         |Уытты сыра                  |   0,72 ЭКЮ/литр     |
|     |                |                            |                     |
|  3. |2204 (2204      |Шарап, шарап материалдары,  |                     |
|     |30-дан басқа)   |шампан шарап                |   0,25 ЭКЮ/литр     |
|     |2205, 2206      |                            |                     |
|     |                |                            |                     |
|  4. |2207, 2208-ден  |Ішімдік этиль спирті, тазар.|                     |
|     |                |тылған, тамақтың шикізаттан |                     |
|     |                |жасалған этиль спирті ***,  |                     |
|     |                |күшейтілген сусын, күшейтіл.|                     |
|     |                |ген шырын, бальзам, арақ,   |                     |
|     |                |арақ-ликер бұйымдары коньяк |    5,69 ЭКЮ/литр    |
|     |                |                            |                     |
|  5. |2402            |Темекі бұйымдары, темекісі  |                     |
|     |                |бар басқа да бұйымдар       | 10,30 ЭКЮ/1000 дана |
|     |                |                            |                     |
|  6. |271000330,      |Бензин (авиациялықтан басқа)|    0,2  ЭКЮ/литр    |
|     |271000350-ден   |                            |                     |
|     |                |                            |                     |
|  7. |271000610       |                            |                     |
|     |271000650,      |                            |                     |
|     |271000690-нан   |Дизель майы                 |    0,2  ЭКЮ/литр    |
|     |                |                            |                     |
|  8. |420310000       |Таза теріден тігілген киім  |   18,62 ЭКЮ/кг      |
|     |                |                            |                     |
|  9. |4301,4302,      |                            |                     |
|     |4303, 650692000-|Өңделген және өңделмеген    |                     |
|     |ден             |терілер (көр тышқан, қоян,  |                     |
|     |                |ит, бұғы, қой терілерінен   |                     |
|     |                |басқа), пальто,шолақ пальто,|                     |
|     |                |мешпет, жамылғы, палантин,  |                     |
|     |                |боа, бөкебай, бас киім,жаға,|                     |
|     |                |тон, пластин (көртышқан,    |                     |
|     |                |қоян, ит, бұғы, қой терілері|                     |
|     |                |бұйымдарынан басқа), пальто,|                     |
|     |                |шолақ пальто, мешпет, мех   |                     |
|     |                |қолданып әшекейленген жамыл.|                     |
|     |                |ғы (көртышқан, қоян, ит,    |                     |
|     |                |бұғы, қой терілерінен басқа)|   28,18 ЭКЮ/кг      |
|     |                |                            |                     |
| 10. |701321,         |Хрусталь, жарық беретін     |   14,78 ЭКЮ/кг      |
|     |701331, 701391, |хрусталь құралдар           |                     |
|     |9405, 10500-ден |                            |                     |
|     |                |                            |                     |
| 11. |7113,           |Алтын, күміс, платинадан    |                     |
|     |7102 39000,     |жасалған зергерлік бұйымдар |  1833,1 ЭКЮ/кг      |
|     |7114, 7116      |                            |                     |
|     |                |                            |                     |
| 12. |8703            |Жеңіл автомобильдер         |  8753,1 ЭКЮ/кг      |
|     |                |                            |                     |
| 13. |9303, 9304      |Атылғыш және газ қарулары   |                     |
|     |9305            |(мемлекеттік органдар мұқта.|                     |
|     |                |жы үшін алынғандардан басқа)|   269,2 ЭКЮ/кг      |
|     |                |                            |                     |
|_________________________________________________________________________|

     
                                                    Кеден Комитетінің
                                                    25 қыркүйек 1995 ж.
                                                    N 122-П Бұйрығына
                                                    2-Қосымша 


                                     Қазақстан Республикасы Министрлер 

Кабинеті жанындағы Кеден Комитетінің бұйрығымен 25 қыркүйек 1995 ж. N 122-П бекітілген.


             Акцизге жататын тауарларға қатысты кеден төлемдері
                   мен салығын төлеуді қамтамасыз етудің
                              Уақытша ережесі

                            1. Жалпы ережелер

      1.1. Осы Уақытша Ережелерде қолданылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
      - жеткізілетін тауар - депозитке тиесілі соманы енгізу жолымен кеден төлемі мен салығын төлеуді қамтамасыз етуде қолданылуға немесе банктің немесе басқа да кредиттік мекемелердің (бұдан былай - банктің кепілдік міндеттемесі) беретін кепілдік міндеттемелеріне қатысы бар Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін тауар;
      - транзиттік тауар - депозитке тиесілі соманы енгізу жолымен кеден төлемі мен салығын төлеуді қамтамасыз етуді қолдануға немесе банк беретін кепілдік міндеттемеге қатысы бар, кеден тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өтетін тауар;
      - кедендік жөнелту органы - сол арқылы тауар әкелу жүзеге асырылатын, өзі жұмыс істейтін аймақтағы Қазақстан Республикасының кеден шекарасында өткізу пункті орналасқан Қазақстан Республикасының кеден органы.
      Тауарды көліктің бір түрінен екіншісіне артқан жағдайда кеден органында жұмыс істейтін аймақта тауар арттырылатын кеден органы кедендік жөнелту органы болып табылады;
      - баратын кедендік орган - өзі жұмыс істейтін аймақтағы Қазақстан Республикасының кеден шекарасында өткізу пункті орналасқан, сол арқылы тауар әкелетін Қазақстан Республикасының кеден органы;
      - ішкі кедендік орган - өзі жұмыс істейтін аймақта тауар алушы тұратын яки оның құрылымдық бөлімшесі бар, кедендік толтыру жүргізілетін Қазақстан Республикасының кеден органы;
      - төлеуші - кеден төлемі мен салығын төлеуді қамтамасыз ету, кеден органының яки кеден төлемі мен салығын төлеу үшін шотына ақша қаржысын аударушы, тауарды ауыстырушы тұлға;
      - тауар иесі - тасымалдаудың бір құралымен немесе олардың құрамымен (колоннамен) Қазақстан Республикасының Кеден шекарасындағы бір пункт арқылы бір мезгілде әкелінетін тауар.

                     2. Кеден органының депозитіне
                               ақша түсіру
      2.1. Жеткізілген тауарларға қатысты кеден төлемдері мен салықтарын төлеуді қамтамасыз етуде төлеуші ақшалай қаржыны ішкі кеден органының депозитіне түсіреді.
      Транзиттік тауарларға қатысты кеден төлемдері мен салықтарын төлеуді қамтамасыз етуде төлеуші ақшалай қаржыны кедендік жөнелту органының депозитіне түсіреді.
      2.2. Кеден органының валюталық шоты болмаған жағдайда, кеден төлемдері мен салықтарын төлеуді қамтамасыз етуде төлеуші ақшалай қаржыны кеден органының депозитіне түсіруді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізеді.
      2.3. Кеден төлемдері мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету үшін

қажетті ақшалай қаражаттар мөлшері мынадай нысанда анықталады:
     
                      С = С  * К    * В  , мұндағы 
                           т    экю    т 
     
     С - кеден төлемі мен салығын төлеуді қамтамасыз етуге (бұдан 
былай - қамтамасыз ету сомасы) қажетті ақшалай қаржы сомасы;
     С  - ЭКЮ-мен белгіленген кеден төлемі мен салығын төлеуді қамтамасыз 
      т   етуде кеден органының депозитіне түсуге тиісті соманы есептеудің
          ставкасы;
     К    - ЭКЮ бағамы;
      экю 
     
     В  - тиісті өлшеммен өлшенетін тауардың мөлшері.
      т
     


      2.4. Жеткізілетін тауарларға қатысты кеден органының депозитіне түсірілетін ақшалай қаржы уақытылы - Қазақстан Республикасының кеден шекарасына тауар нақты жеткенге дейінгі сәтте жүргізіледі, бірақ ол Қазақстан Республикасының кеден шекарасына тауар нақты жетеді деп күтілетін 10 календарлық күннен кешіктірілмеуге тиіс.
      Транзитті тауарларға қатысты кеден органының депозитіне ақшалай қаржы Қазақстан Республикасының кеден шекарасына тауар нақты жеткенге дейін түсіріледі.
      2.5. Төлеушіге тауардың әр легіне төлем тапсырысы жеке беріледі.
      Ондайда әр тауар легі үшін қамтамасыз ету Сомасын әртүрлі валютада түсіруге жол берілмейді.
      Аталған ақшалай қаржыны басқа төлем бойынша есепке алуға болмайды.
      2.6. Төлем тапсырысындағы ақшалай қаржыны кеден органының депозитіне аударғанда төлемді белгілеу графасында мыналар көрсетілуге тиіс:
      "Жеткізілген (транзиттік тауарларға қатысты кеден төлемдері мен салықтарын төлеуді қамтамасыз ету ____________________ (аты) келісім бойынша N ________ "___" __________________ 199 _ ж. кеденнің/кеден басқармасының өткізу пункті _______________________________________________ ______________________________________ (шот-фактура бойынша N _______).
      Егер кеден органының депозитіне ақшалай қаржыны тауарды алушы емес, басқа тұлға түсірген жағдайда, осы графаға қосымша қай тұлғаның мүддесіне бола ақшалай қаржының түсірілгені көрсетілуге тиіс.
      2.7. Жеткізілетін тауарларға қатысты төлем тапсырысының көшірмесі уақытша кеден декларациясымен қоса (бұдан былай - уақытша декларация) ішкі кеден органына тапсырылады.

                 3. Банктік кепілдік міндеттеме беру
      3.1. Кедендік транзит тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль көлігімен ауыстыра тасылатын және ішкі кеден органына автомобиль көлігімен жеткізілетін акцизге жататын тауарларға қатысты кеден төлемдері мен салықтарын төлеуді қамтамасыз еткенде, сондай-ақ акцизге жататын тауарларды кедендік реэкспорт тәртібімен орналастырғанда, кеден органының депозитіне ақшалай қаржыны түсірумен қатар, банктің және басқа да мекемелердің кепілдік міндеттемелері осы Уақытша Ереженің 1 және 2-қосымшасында келтіріліп жасалған форма бойынша қолданылуы мүмкін.
      Ондайда өзінің кепілдік міндеттемесін орындамаған банктердің кепілдік міндеттемесі қолданылмайды.
      3.2. Банктің кепілдік міндеттемесінің сомасы Уақытша Ережеге сәйкес есептелген кедендік төлемді қамтамасыз етуге қажетті ақшалай қаржы сомасынан кем болмауға тиіс.
      3.3. Банктердің қабылдаған кепілдік міндеттемелері арнайы Журналға тіркеледі.
      3.4. Жеткізілетін тауарларға қатысты кеден төлемдерін төлеуді қамтамасыз етудегі банктердің кепілдік міндеттемелері қолданылған жағдайда банктің кепілдік міндеттемелері кеден органдары жұмыс істейтін аймақтағы тауар алушы яки құрылымдық бөлімшелері тұратын ішкі кеден органына уақытша декларациямен бірге тапсырылады.
      3.4.1. Банктің кепілдік міндеттемесі қолда болғанда ғана уақытша декларация кедендік толтыруға қабылданады, бірақ оның сомасы қажетті қамтамасыз ету сомасынан аз болмауға тиіс.
      3.4.2. Тауар жеткізу жөніндегі шешімді ішкі кеден органы уақытша декларацияда көрсетілген мәліметтерге бақылау жүргізгеннен соң ғана қабылдайды.
      3.5. Кедендік транзит тәртібіне сәйкес тауар орналастырғанда транзиттік міндеттеме кедендік жөнелту органына көрсетілген нақты тауармен бірге сол кеден органына беріледі. Кедендік жөнелту органы тауарды Нұсқауға сәйкес баратын кеден органына жібереді.
      3.6. Кедендік реэкспорт тәртібімен тауар орналастырғанда кепілдік міндеттеме ГТД-мен бірге кедендік толтыруды жүргізетін кеден органына беріледі.
      3.7. Банктің кепілдік міндеттемесімен жеткізу (реэкспорт) қамтамасыз етілген тауар белгіленген мерзімде (реэкспорт кезінде әкетілмесе) әкелінбесе, осы міндеттемені қабылдаған кеден органы оның шотына түспеген, яки аударылатын, кепілдік міндеттеме бойынша төленуге тиісті ақшалай қаржының төлем құжаты кеден органына 3 жұмыс күнінде берілмеген жағдайда, осы кепілдік міндеттемесі бойынша тиесілі ақшалай қаржыны, соның ішінде өткізіліп алынған әр күн үшінгі айыппұл мен өсімді тауар жеткізілу мерзімі өткен күннен бастап, өндіруге төлем талаптары қойылған күнді қосып, банк қаржысынан өндіріп алады.

                  4. Жеткізілетін тауарларды кедендік
                                толтыру
      4.1. Жеткізілген тауар алдын ала міндетті түрде декларациялануға тиіс.
      4.2. Алдын ала декларациялау тауарды алушы кедендік жөнелту органы туралы дәл мәліметтерді, әкелінетін тауардың аты мен мөлшерін, ТД-1, ТД-2 белгілеген формамен топтық кеден декларациясы (ГТД) төрт дана етіліп бланкіге толтырылған уақытша декларациядағы қамтамасыз ету Сомасын көрсету арқылы жүргізіледі және ішкі кеден органына тапсырылады.
      4.3. Уақытша декларация тауардың бір ғана легіне толтырылады және оны декларант Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауардың өтетін болжам күнінен (қайта тиеп-түсірудің болжамды күні) 10 күн кешіктірмей және алдын ала 30 күннен асырмай ішкі кеден органына береді.
      Кеден шекарасындағы өткізу пункті (қайта тиеп-түсіру пункті) және ішкі кеден органы бір облыстың шегінде болған жағдайда, уақытша декларация Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауардың өтетін болжамды күніне (қайта тиеп-түсіру күні) дейінгі 3 күннен қалдырылмай берілуге тиіс.
      4.4. Уақытша декларацияны декларант мына ерекшеліктерді ескеріп, ГТД-ны толтырудың ережелеріне сәйкес толтырады:
      а) толтырылатын графалар - 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 14, 15, 15а, 21, 23, 28, 29, 31, 32, 33, 35, 41, 44, 47, 50, 54, "В", "Д" графалары;
      б) "Декларация түрі" 1 графасының бірінші бөлімшесінде "ИМ", екінші бөлімшесінде "ВР" деп көрсетіледі.
      в) "Валюта бағамының" 23 графасында уақытша декларация кедендік толтыруға қабылданған күнге дейінгі қолданылып отырған ЭКЮ бағамы көрсетіледі;
      г) "Қаржы және банк мәліметтерінің" 28 графасында төлеуші туралы мәліметтер (аты, мекен жайы, банктік реквизит) немесе кепіл-банктің толық аты, заңды мекен жайы (банк кепілдік міндеттеме берген жағдайда) көрсетіледі;
      д) "Шекарадағы кеденнің" 29 графасына: "50-ші графаны қараңыз" деген жазу жазылады;
      е) "Қосымша информация/тапсырылатын құжаттардың" 44 графасында уақытша декларация толтырылған сәттегі белгілі болған мәліметтер көрсетіледі;
      ж) "Кеден ақы мен түсімін есептеп шығарудың" 47 графасында:
      - "Түр" графасының бірінші бағанасындағы - қамтамасыз ету Сомасы қандай валютада берілетіндігіне байланысты төлем коды - "98" теңгемен немесе "99" шет ел валютасымен екені көрсетіледі;
      - "Ставка" графасының үшінші бағанасында - аталған тауардың қамтамасыз ету ставкасы көрсетіледі;
      - "Сома" графасының төртінші бағанасында - осы Ереженің 2.3.

тармақтарына сәйкес есептелген қамтамасыз ету Сомасы көрсетіледі;
     - "СП" (төлем тәсілі) графасының бесінші бағанасында "дт" (кеден 
депозиті) немесе "гб" (кепіл-банк) көрсетіледі;
     з) "Сендіруші" 50 графасында Қазақстан Республикасының кеден 
шекарасындағы және кедендік жөнелту органының өткізу пунктінің аты, 
сондай-ақ тасымалдаушы туралы мәліметтер көрсетіледі;
     и) "Есептердің түгелдігі" графасына - яки төлем коды, ішкі кеден 
органының депозитіне нақты түсірілген ақшалай қаржының сомасы, сондай-ақ 
төлем құжатының номері мен күні:
     98 - ... тнг. п/п N _____ "___" __________199 _ ж.,
     99 - ... вал. п/п N _____ "___" __________199 _ ж.,
яки банктің кепілдік міндеттемесі, сондай-ақ оның номері мен күні:
     98 - ... тнг. ГБ N ________  ________.,
     99 - ... вал., ГБ N _______  _________,
көрсетіледі.


      4.5. Ішкі кеден органының депозитіне қажетті ақшалай қаржы түскеннен немесе банктің кепілдік міндеттемесі көрсетілгеннен, уақытша кеден декларациясында толтырылған мәліметтерді байқап көргеннен соң, ішкі кеден органы тауарларды толтыруға рұқсат береді, ол "Толтыруға рұқсат берілді" деген уақытша декларацияның "Д" графасына жазылып, кеден органының үш лауазымды адамының (шұғыл жұмыстарды басқаратын кеден органы бастығының, оның орынбасарының, инспекторының қолы) қойылып, мөрі басылып расталады.
      Уақытша декларацияның барлық қосымша парақтары да осылай толтырылады.
      4.6. Тауарларды ВТТ тәртібі бойынша толтыруға рұқсат берілген соң бір парақ декларантқа қайтарылады, қалған үш парақ кеден бақылауының мақсатына пайдаланылады.
      Ондайда ішкі кеден органы кедендік жөнелту органын ВТТ тәртібі бойынша тауарларды толтыруға рұқсат берілгендігі жөнінде хабардар етеді.
      4.7. ВТТ тәртібі бойынша тауарларды толтыруға рұқсат берілгендігі жөніндегі информацияны ішкі кеден органынан алған соң, кедендік жөнелту органы кедендік бақылаумен кеден орталығына тасылатын тауарларды кедендік толтыру тәртібіне сәйкес толтырып, тауарды өткізу пунктінен ішкі кеден органына жөнелтеді.
      Ондайда ішкі транзит құжатына (ВТТ) қосымша мыналар көрсетіледі:
      - 23 графада - ВТТ толтырылған күнгі қолданылып отырған ЭКЮ бағамы;
      - 33 графада - ТН ВЭД бойынша тауар коды;
      - 47 графада - төлем коды, тауар мөлшері, қамтамасыз етудің Ставкасы мен Сомасы;
      - "В" графасында - банктің кепілдік міндеттемесінің сомасы, оның номері мен күні, немесе ішкі кеден органының депозитіне нақты түсірілген ақшалай қаржының сомасы, төлем құжатының номері мен күні.
      Қамтамасыз етудің Сомасы ВТТ толтырылған күнге дейін қолданылған ЭКЮ бағамы және қамтамасыз етудің Ставкасы бойынша есептеліп анықталады.
      4.8. Егер ВТТ-да көрсетілген қамтамасыз етудің Сомасы ішкі кеден органының депозитіне нақты түсірілген ақшалай қаржының сомасынан асып кетсе, яки кедендік жөнелту органында тауарды жеткізуге рұқсат берілгендігі жөнінде информация болмаса, әкелінген тауар ішкі кеден органының депозитіне нақты соманың жетпейтіні түсірілмейінше, ЭКЮ бағамының өзгеруі салдарынан аталған сомалар арасында айырмашылықтың болуын еске алмағанда, тауар ішкі кеден органына жіберілуге жатпайды.
      Мүдделі жақтардың өтініші және ішкі кеден органының келісімі бойынша тиесілі барлық кеден төлемдері мен салықтарын төлеген соң Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден Комитетінің (бұдан былай - Кеден Комитеті) нормативті актілерінде белгіленген тәртіппен кедендік жөнелту органы тауарларды кедендік толтырудан өткізеді. Мұндайда кедендік толтыру үшін кеден түсімі екі есе мөлшерде алынады.
      Ондайда ішкі кеден органының депозитіне түсірілген сома есепке алынбайды.
      4.9. Кедендік жөнелту органы тауар жөнелтілгеннен соң ішкі кеден органын ішкі кеден транзиті тәртібі бойынша тауардың оның атына кеткендігі жөнінде хабардар етеді.
      4.10. Кедендік жөнелту органынан ішкі кедендік органға тауар жеткізудің мерзімін кедендік жөнелту органы белгілейді.
      4.11. Әкелінген тауарды кедендік толтыру ісін кедендік төлемдер мен салықтарды, төлеуді қамтамасыз ету үшін түсірілген ақшалай қаржы депозитінде жатқан немесе осы Уақытша Ереженің 4.8. тармағының екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, банктің кепілдік міндеттемесі тапсырылған ішкі кедендік орган жүргізеді.
      Декларант Қазақстан Республикасының кеден заңына сәйкес ГТД-ға кедендік төлемдерді және оны ГТД кедендік толтыруға қабылданған күнгі қолданылып отырған валюта бағамымен аударады.

                    5. Кеден органының депозитіне түскен
                            ақшалай қаржыны жұмсау
      5.1. Кеден органының депозитіне ақшалай қаржы өткізген тұлға, Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарларды әкелуден бас тартқан жағдайды қоспағанда, тауарларды кедендік толтыру аяқталғанға дейін оны жұмсауға қақылы емес.
      5.2. Ішкі кеден органына жеткізілген тауарларды кедендік толтырғанда, кеден төлемдері мен салықтарын төлеуді қамтамасыз ету ретінде өткізілген ақшалай қаржы кедендік тәртіпте көрсетілгенге сәйкес кедендік төлем айналымына түседі.
      Ондайда кеден төлемдері мен салығын төлеуді қамтамасыз ету ретінде ақшалай қаржы өткізген төлеуші бұл ақшалай қаржыны кедендік төлемдер мен тиісті салық түрлеріне айналымға түсіру (осы Уақытша Ереженің 3-қосымшасы) туралы ішкі кеден органына жазбаша өтініш береді.
      Төлеушінің өтініші болмаған жағдайда, таңдап алынған кедендік тәртіпке сәйкес, тауар ГТД бойынша есептелген барлық төлемдер мен салықтарды ішкі кеден органына төлеген соң ғана шығарылуға тиіс.
      Ондайда кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ретінде өткізілген ақшалай қаржының сомасы бұл ақшаны берген төлеушіге ГТД бойынша есептелген кедендік барлық төлемдер мен салықтарды төлегеннен соң ғана қайтарылады.
      5.3. Егер кеден төлемдері мен салықтарын төлеуді қамтамасыз ету ретінде кеден органының депозитіне өткізілген сома ГТД бойынша есептелген сомадан кем болса, жетпейтін кеден төлемдері мен салығының сомасы ГТД қабылданғанға дейін немесе сонымен бірге ішкі кеден органының шотына түсіріледі.
      Кеден төлемдері мен салығының жетпейтін сомасы төленбеген жағдайда, тауар шығарылмайды.
      5.4. Егер кеден төлемдері мен салықтарын төлеуді қамтамасыз ету ретінде кеден органының депозитіне өткізілген сома ГТД бойынша есептелген сомадан асып кетсе, ішкі кеден органы төлеушінің жазбаша өтініші бойынша (осы Уақытша Ереженің 4-қосымшасы) артық өткізілген ақшалай қаржы белгіленген тәртіппен төлеушінің шотына қайтарылады, яки кеден төлемдері мен салықтарын төлеуді қамтамасыз етудің немесе кеден төлемдері мен салықтарының болашақ шотына есепке алынады.
      5.5. Тауар белгіленген мерзімде ішкі кеден органына әкелінбеген жағдайда, кеден органының депозитіне кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ретіндегі өткізілген ақшалай қаржы жеті календарлық күн ішінде республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.
      Республикалық бюджеттің кірісіне аударылған ақшалай қаржы қайтарылуға жатпайды.
      5.6. Егер төлеуші тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуден бас тартса, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ретінде әкелінетін тауарға қатысты өткізілген ақшалай қаржыны ішкі кеден органы төлеушінің өтініші бойынша (осы Уақытша Ереженің 5-қосымшасы) қайтарады яки тауардың ішкі кеден органына жөнелтілмегенін кедендік жөнелту органы растағаннан соң ғана кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің болашақ шотына есепке алады.
      5.7. Қамтамасыз ету Сомасын депозитте сақтаған уақытқа процент қосылмайды. Аталған сома индексацияланбайды.

                     6. Транзит тауарларды толтыру
      6.1. Транзит тауарлары кедендік жөнелту органының депозитіне төлеушінің ақшасы түскеннен, яки кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ететін банктің кепілдік міндеттемесі көрсетілгеннен соң ғана, кедендік транзит тәртібіне қатысты Кеден комитетінің нормативті актілеріне сәйкес толтырылады.
      Ондайда ВКД-нің (жеткізудің бақылау құжаты) 47-графасы мен "В" графасы осы Уақытша Ереженің 4.4. тармағында көрсетілген ерекшеліктерді ескере отырып, толтырылады.
      Қамтамасыз ету сомасы осы Уақытша Ереженің 2.3. тармағына сәйкес есептеледі.
      6.2. Қамтамасыз ету сомасын төлеудің төлем құжатының көшірмесі кедендік жөнелту органына міндетті түрде берілуге тиіс.
      6.3. Кеден төлемдері мен салықтарын төлеуді қамтамасыз ету ретінде өткізілген ақшалай қаржыны кедендік жөнелту органы Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкелінетін транзиттік тауардың нақты баратын бағытын кеден органы растағаннан немесе Қазақстан Республикасының кеден аумағына транзиттік тауарды әкелуден бас тартқаннан соң ғана қатаң түрде төлем құжаттарының реквизиттеріне сәйкес қайтарып береді.
      Қайтару жоғарыда аталған шарттарды сақтап, төлем құжаттарының көшірмесімен бір мезгілде төлеуші (осы Уақытша Ереженің 3-қосымшасы) жазбаша өтініш берген жағдайда қолға алынады.
      6.4. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету жүргізілмеген жағдайда, транзиттік тауарды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелуге болмайды.
      6.5. Кеден органына баратын тауарды жеткізудің мерзімін кедендік жөнелту органы белгілейді.
      6.6. 1992 жылғы 2 сәуірдегі "Транзиттік тауарды толтырудың кедендік тәртібі туралы" Кеңесіне қатысушы - елдердің транзитпен бара жатқан тауарларын кедендік толтырудың ерекшеліктері
      6.6.1. Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы транзитпен Келісімге қатысушы - елдерге бара жатқан транзиттік тауарлар ішкі кедендік транзит тәртібі бойынша баратын Келісімге қатысушы - елге кедендік жөнелту органынан жөнелтіледі.
      ВТТ кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ететін ақшалай қаржы кедендік жөнелту органының депозитіне нақты түскен жағдайда ғана өткізу пунктінде толтырылады.
      6.6.2. Аталған қаржы сомасы кедендік жөнелту органының депозитіне нақты түскеннен соң ғана сол орган ВТТ тәртібі бойынша тауарды толтыруға рұқсат береді.
      Ондайда ВТТ 4 дана етіп толтырылады.
      ВТТ-да осы Уақытша Ереженің 4.7. тармағына сәйкес 23, 33, 47 және "В" тармақтары қосымша толтырылады.
      ВТТ-нің бір данасы кедендік жөнелту органында қалады, қалған үшеуі тауардың баратын кеден органына бірге әкетіледі.
      6.6.3. Егер кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ретінде кедендік жөнелту органының депозитіне нақты түсірілген сома ВТТ 47-графасында есептелген сомадан кем, аталған сомалар арасындағы айырмашылық ЭКЮ бағамының өзгеруі салдарынан болса, транзиттік тауардың жетпейтін сомасы кедендік жеткізу органының депозитіне нақты түспейінше Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелуге болмайды.
      6.6.4. Кедендік жөнелту органы Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлардың әкетілгенін растайтын құжат алынған күннен жеті календарлық күн ішінде төлеушінің шотына өткізілген ақшалай қаржыны қайтарады.
      6.6.5. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ретіндегі ақшалай қаржының кедендік жөнелту органына нақты түскені расталмаса, жеткізу мерзімінің күнінен бастап жеті календарлық күн ішінде ол республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.
      Республикалық бюджеттің кірісіне аударылған ақшалай қаржы қайтарылмайды.
      6.7. Үшінші елден Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы келісімге қатысушы - елдердің аумағы арқылы үшінші елге транзитпен өтетін тауарларды кедендік толтырудың ерекшеліктері
      6.7.1. Үшінші елден Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы Келісімге қатысушы - елдердің аумағы арқылы үшінші елге өтетін транзиттік тауарлар міндетті түрде декларациялауға жатады.
      6.7.2. Кедендік жөнелту органы ақшалай қаржы кеден органының депозитіне нақты түскеннен соң тауарларды жөнелтеді.
      ГТД 23, 33, 47 және "В" графалары осы Ереженің 4.4. тармағына сәйкес толықтырылады, 50 графада тасымалдаушы туралы мәліметтер көрсетіледі.
      ГТД-нің бірінші данасы кедендік жөнелту органында қалады, қалған үшеуі тауармен бірге баратын кеден органына жіберіледі.
      6.7.3. Егер кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ретінде кедендік жөнелту органының депозитіне нақты түсірілген сома ГТД 47-графасында есептелген сомадан кем, аталған сомалар арасындағы айырмашылық ЭКЮ бағамының өзгеруі салдарынан болса, жетпейтін сома кедендік жеткізу органының депозитіне нақты түспейінше транзиттік тауарды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелуге болмайды.
      6.7.4. Төлеушінің шотына өткізілген ақшалай қаржы Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауардың нақты әкетілгенін растайтын құжатты алған күннен жеті календарлық күн ішінде қайтарылады.
      6.7.5. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ретіндегі ақшалай қаржының кедендік жөнелту органына нақты түскені, Қазақстан Республикасының кеден аумағынан нақты әкетілгені расталмаса, ақшалай қаржы жеткізу мерзімі өткен күннен кейін жеті календарлық күн ішінде республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.

     Республикалық бюджеттің кірісіне аударылған ақшалай қаржы қайтаруға 
жатпайды.
     6.8. Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы Келісімге қатысушы 
емес елдер арасынан транзитпен өтетін тауарларды кедендік толықтырудың 
ерекшеліктері. 
     Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін Келісім 
шеңберінен тыс транзиттік тауарлар осы Уақытша Ереженің 6.7. тармағына 
сәйкес толтырылады.
     
               7. Қазақстан Республикасының кеден аумағына 
              әкелінетін немесе ол арқылы өтетін транзиттік 
                       тауарларды кедендік бақылау 
     
     7.1. Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін немесе ол 
арқылы өтетін транзиттік тауарлар нақты әкелінген және олар шығарылған, 
яки Қазақстан Республикасының шетінен нақты әкетілген сәтке дейін кедендік 
бақылауда болады.
     7.2. Жеткізілетін және транзитті тауарларға кедендік жөнелту органы 
бақылау жасайды.
     7.3. Кеден органының депозитіне өткізілген ақшалай қаржыны 
республикалық бюджеттің кірісіне аудару кеден ережелерін бұзған тұлғаны 
Қазақстан Республикасының кеден заңына сәйкес жауапкершіліктен құтқара 
алмайды.
     
     
                                                   Уақытша Ережеге 
                                                     1-қосымша 
                                            Кеден басқармасының (кеденнің)
                                            бастығы ______________________
                                            ______________________________
     
                         КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕ 
     
              N _______ " ___ " _______________ 199 __ ж.
___________________________________________________________________________
          (банктің және басқа да кредиттік мекеменің толық аты. 

___________________________________________________________________________
          ОКПО коды, мекен жайы, кор. шот N, валюта операциясын 

___________________________________________________________________________
        жүргізуге берілген ҚР Ұлттық банкісінің лицензия N, номер,

___________________________________________________________________________
                             телекс, телефакс) 
жеткізу мерзімі белгіленген күннен 3 жұмыс күні ішінде N __________________
___________________________ келісім бойынша _______________________________
                                                     (алушының аты) 
     
үшін ______________________________________________________________________
                           (тасымалдаушының аты) 
әкелінетін (транзит тәртібімен өтетін) ____________________________________
                                                 (тауардың аты) 
белгіленген мерзімде кеден басқармасына (кеденнің) ________________________
___________________________________________________________________________
                       (кеден шотының номері) 
жеткізбеген жағдайда, кеден төлемін төлеуді қамтамасыз етудің мына 
мөлшердегі ________________________________________________________________
________ сомасын кеденнің N _______________________________________________
                                        (кеден шотының номері) 
_________________________________________________ аударуға кепілдік береді.
               (банк МФО аты) 
     Осы кепілдік бойынша тиесілі ақшалай қаржыны Банк төлемеген жағдайда, 
Банк оларды соның қаржысынан, әр өткізіп алған күні үшін қарыз сомадан 1,5 
процент мөлшерінде өсім алу, өндіру күнін қосып, өндіріп алуға кеден 
органына рұқсат береді.
     Осы кепілдік міндеттеме көрсетілген кеден тәртібіне сәйкес, тауар 
шығарылған сәтке немесе ақшалай қаржының осы кепілдемесі бойынша тиесілі 
төлем толық төленгенге дейінгі кезеңде күшін жоймайды.
     
     Банк басқарушысы __________________________ (Фамилиясы, аты-жөні)

                               (қолы) 
     Бас бухгалтер _____________________________ (Фамилиясы, аты-жөні)
                               (қолы) 
     
     Банк мөрі                           Кепілдеменің растағанын
                                         куәландырамын 
                                         Орталық банктің 
                                         Төрағасы __________ (Ф.А.Ә.)
                                         "__"______________ 199 _ ж.
     
     
                                                   Уақытша Ережеге 
                                                     2-қосымша 
                                            Кеден басқармасының (кеденнің)
                                            бастығы ______________________
                                            ______________________________
     
                         КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕ 
     
              N _______ " ___ " _______________ 199 __ ж.
___________________________________________________________________________
          (банктің және басқа да кредиттік мекеменің толық аты. 

___________________________________________________________________________
          ОКПО коды, мекен жайы, кор. шот N, валюта операциясын 

___________________________________________________________________________
        жүргізуге берілген ҚР Ұлттық банкісінің лицензия N, номер,

___________________________________________________________________________
                             телекс, телефакс) 
N ________________________       __________________________________ келісім
бойынша _______________________________ үшін ______________________________
               (алушының аты)                     (тасымалдаушының аты) 
реэкспорт тәртібімен орналастырылған, әкелінген ___________________________
                                                        (тауардың аты) 
белгіленген мерзімде әкетілген жағдайда, кеден төлемін төлеуді қамтамасыз 
етудің мына мөлшеріндегі __________________________________________________
________ сомасын кеденнің N _______________________________________________
                                        (кеден шотының номері) 
_________________________________________________ аударуға кепілдік береді.
               (банк МФО аты) 
     Осы кепілдік бойынша тиесілі ақшалай қаржыны Банк төлемеген жағдайда, 
Банк оларды соның қаржысынан, әр өткізіп алған күні үшін қарыз сомадан 1,5 
процент мөлшерінде өсім алу, өндіру күнін қосып, өндіріп алуға кеден 
органына рұқсат береді.
     Осы кепілдік міндеттеме көрсетілген кеден тәртібіне сәйкес, тауар 
шығарылған сәтке немесе ақшалай қаржының осы кепілдемесі бойынша тиесілі 
төлем толық төленгенге дейінгі кезеңде күшін жоймайды.
     
     Банк басқарушысы __________________________ (Фамилиясы, аты-жөні)
                               (қолы) 
     Бас бухгалтер _____________________________ (Фамилиясы, аты-жөні)
                               (қолы) 
     
     Банк мөрі                           Кепілдеменің растағанын
                                         куәландырамын 
                                         Орталық банктің 
                                         Төрағасы __________ (Ф.А.Ә.)
                                         "__"______________ 199 _ ж.

     
                                              Уақытша Ережеге 
                                               3-қосымша 
                                            Кеден (кеден басқармасы)
                                            бастығы ______________________
                                            ______________________________
     
                                 ӨТІНІШ 
     
___________________________________________________________________________
               (ұйымның толық аты, ОКПО коды, мекен жайы) 
ГТД бойынша N _____________________________" ___ " _______________ 199 _ ж.
     
кеден төлемін төлеуді қамтамасыз ету ретінде ______________________________
     
________________________________________________________________ қатысты.
                 (тауардың мөлшері мен аты) 
     
N ______________ " __ " __________________________ 199 _ ж. құжат төлемімен
____________________________________________ кеденнің (кеден басқармасының)
                  (аты) 
есебіне өткізген ақшалай қаржысын қайтаруды сұрайды:
     
     - БАРЛЫҒЫ                                     - ______________ (сома),
     соның ішінде:
     - кедендік толтыру үшін кеден түсімі          - ______________ (сома),
     - импорттық кеден ақы                         - ______________ (сома),
     - акциз                                       - ______________ (сома),
     - ҚҚС                                         - ______________ (сома).
     
     Ұйымның басшысы ____________________________________ (Ф.А.Ә.)
                                    (қолы) 
  М.О.
     Бас бухгалтер _________________________________ (Ф.А.Ә.)
                                (қолы) 

     " ___ " ________________ 199 _ ж.
     
     
                                              Уақытша Ережеге 
                                               4-қосымша 
                                            Кеден (кеден басқармасы)
                                            бастығы ______________________
                                            ______________________________
     
                                 ӨТІНІШ 
     
Кеден төлемін төлеуді қамтамасыз ету ретінде кеден органының 
     
N ________________________________ " __ " _______________________ 199 __ ж.
     
есебіне төлем құжаты бойынша өткізілген ақшалай қаржы бөлігінің 
     
N _________________________________" __ " _______________________ 199 __ ж.
     
ГТД бойынша _____________________________________________________ кеденінде
                            (кеден органының аты) 
толтырылған мына төлемдерді:
     
     - БАРЛЫҒЫ                                     - ______________ (сома),
     соның ішінде:
     - кедендік толтыру үшін кеден түсімі          - ______________ (сома),
     - импорттық кеден ақы                         - ______________ (сома),
     - ҚҚС                                         - ______________ (сома).
     
___________________________________________________________________________
                 (ұйымның толық аты, ОКПО коды, мекен жайы) 
артық өткізілген _______________________________________________ мөлшердегі
ақшалай қаржыны ___________________________________________________________
                                      (банк аты, МФО) 
N ___________________________________________________________________ шотқа
                       (төлеушінің шот номері) 
     
қайтарып, шотқа есепке алуды сұрайды.
      (керексізін сызу керек) 
     
     Ұйымның басшысы ____________________________________ (Ф.А.Ә.)
                                    (қолы) 
  М.О.
     Бас бухгалтер _________________________________ (Ф.А.Ә.)
                                (қолы) 

     " ___ " ________________ 199 _ ж.
     
     
                                              Уақытша Ережеге 
                                               5-қосымша 
                                            Кеден (кеден басқармасы)
                                            бастығы ______________________
                                            ______________________________
     
                                ӨТІНІШ 
     
" ___ " ___________________ 199 __ ж. N ________________ уақытша/транзиттік
декларация бойынша ________________________________________________________
__________________________________________________________________ кедендік
                    (ұйымның банк реквизиті)
     
төлемді қамтамасыз ету ретінде кеден органының ____________________________
_________________________________________________ N _______________________
             (банктің аты, МФО) 
     
шотына N ______________________ " ___ " _________________________ 199 __ ж.
төлем құжатымен өткізген __________________________________________________
________________________________________________________________ мөлшердегі
                (сомасын сөзбен жазу керек) 
     
ақшалай қаржысын қайтаруды / кедендік болашақ шотқа есепке алуды сұрайды.
     
     Ұйымның басшысы ____________________________________ (Ф.А.Ә.)
                                    (қолы) 
  М.О.
     Бас бухгалтер _________________________________ (Ф.А.Ә.)
                                (қолы) 

     " ___ " ________________ 199 _ ж.
     
     
     Оқығандар:     
          Багарова Ж.А.
          Икебаева А.Ж.
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады