Қазақстан Республикасында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалану кезіндегі жұмыстарды топтау жөніндегі Нұсқаулық

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігімен бекітілген 1995 жылғы 23 тамыз. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 8 желтоқсан N 134 тіркелді. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

                                       Басшылық қалыптық құжат

Қазақстан Республикасында                       Уақытша 47-92
жалпы пайдаланымдағы автомобиль                 Нұсқаулықтың орнына
жолдарын пайдалану кезіндегі
жұмыстарды топтау жөніндегі
      Нұсқаулық                                БҚ 218 ҚР 69-95

    Енгізу мерзімі болып 1995 жылдың 1 қыркүйегі белгіленді.     

1. Жалпы ережелер

     1.1. Нұсқаулық автомобиль жолдарын пайдалану кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің тізбесін және автомобиль жолдарын басқару, күтіп ұстау, көгалдандыру, күнделікті, орта және күрделі жөндеулер бойынша оларды топқа бөлудің негізгі принциптерін белгілейді.
     1.2. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мемлекеттік меншік болып табылады, жолаушыларды, жүктерді тасымалдау және есепті жылдамдықпен көлік ағымы қозғалысының тәуліктік, жылдық, үздіксіз, қауіпсіз және қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету үшін арналған; олардың құрамына мыналар енеді:
     жолақ бұрылысы, жолдың конструктивті элементтері, жол жағдайы мен жайластыруы, көпірлер, су бұру және су өткізу құрылыстары, жол көрсеткіштер, жол айырықтары, терең сай көпірлері (виадуктер), тоннельдер, қорғаныс галереялары, жол қозғалысының қауіпсіздігін көтеруге арналған құрылыстар мен қондырғылар, орман жолақтары, желілік тұрғын үйлер және мемлекеттік меншік болып табылатын жол - пайдалану қызметтерінің кешендері.
     1.3. Автомобиль жолдарын пайдалану кезіндегі жол жұмыстары автомобиль жолдары мен құрылыстарын басқару, күтіп ұстау, көгалдандыру, күнделікті, орта және күрделі жөндеулерге бөлінеді.
     1.4. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын басқару, күтіп ұстау және күнделікті жөндеу Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бекітілетін ірілендірілген шаршылау қалыптары бойынша жол қорының шеңберінде қаржыландырылады, жоспарланады.

2. Автомобиль жолдары мен жол
құрылыстарын басқару

     2.1. Автомобиль жолдары және жол құрылыстарын басқару - бұл жолдарда қозғалыстың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз ету мен ұйымдастыруға, автомобиль жолдары мен құрылыстардың көліктік-эксплуатациялық жағдайын көтеруге, автомобиль жолдарын пайдалану ережелерін сақтауды және оларды қорғау тәртібін қамтамасыз етуге, жаңа техника мен озық технологияны енгізудің негізінде жобалар мен қалыптық құжаттардың талаптарына сәйкес жолды жөндеу мен күтіп ұстауды ұйымдастыру бағытталған шаралар кешені және т.б. жұмыстар.
     2.2. Жолдарда қозғалыстың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар құрамына мына жұмыстар енеді:
     - автокөлік ағымы қозғалысының тәртібін зерттеу, жолды белгілеу схемасын әзірлеу, жол белгілерін ауыстыру, жылдамдықтарды реттеу, жол саласының міндеттерін орындауға қатысты қозғалысты басқарудың автоматты жүйесін ұйымдастыру;
     - жол көлігі оқиғаларын (ЖКО) талдау, ЖКО болған жерді зерттеу, себептерін анықтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту жағдайлары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
     - жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты алғанда ең қауіпті жол учаскелерін анықтау және апаттарды болдырмау үшін профилактикалық шаралардың толық кешенін әзірлеу;
     - жолақ бұрылысының шеңберінде жол және құрылыс жұмыстарын жасауды келісу;
     - автомобиль жолдары мен құрылыстардың коммуникациялармен және инженерлік желілердің жанасуы мен қиылысуын келісу және техникалық шарттар әзірлеу;
     - автокөлік ұйымдарымен жаңа автобус маршруттарының ашылуын келісу;
     - желілік жол ұйымдарының қызметкерлерінің жолдарда бақытсыздыққа душар болғандарға ең алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерін үйретуді ұйымдастыру;
     - жол бойындағы су көздерінің жайына тазалық бақылау жүргізуге шарттар бекіту және олардың орындалуын бақылау;
     - жол бойының коммерциялық сервис объектілерін жайғастыруды келісу;
     - жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары өтетін аумақтарда ауа райы туралы жүйелі ақпарат алу үшін гидрометқызмет ұйымдарымен шартқа отыру;
     - қар өлшеу постыларында өлшеу жасау мен борасын жағдайларын қадағалауды жүйелі түрде жүргізу;
     - жол саласына қатысты ЖКО шоғырланған жерлерін жою және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бағдарламаларды әзірлеу.
     2.3. Автомобиль жолдарының көліктік-эксплуатациялық жағдайын көтеру бойынша шаралардың құрамына мына жұмыстар енеді:
     - автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстардың инструменталды диагностикасын жасау мен зерттеу жүргізу;
     - автомобиль жолдарын жоспарлау, күтіп ұстау және басқаруды қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу, автоматты банк мәліметтерін құру;
     - жол мен жасанды құрылыстардың көліктік-эксплуатациялық деңгейін бағалау;
     - жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желілерінің даму бағдарламаларын, автомобиль жолдарының карта-схемасын дайындау.
     2.4. Автомобиль жолдарын пайдалану ережелерін сақтауды және оларды қорғау тәртібін қамтамасыз ету бойынша шаралар құрамына мына жұмыстар енеді:
     - автомобиль жолдары мен құрылыстар күйінің, оларды пайдалану ережелерінің сақталуына тұрақты патрулды қадағалау жасау;
     - радиодан, теледидардан, жалпы ақпарат құралдарында автомобиль жолдарын пайдалану ережелері мен оларды қорғауды насихаттау;
     - Қазақстан Республикасының азаматтары мен кәсіпорындарының меншігі болып табылатын зор ауқымды және ауыр көлік құралдарының жол жүруіне рұқсат беру;
     - жылдың қолайсыз мерзімдерінде, сондай-ақ жолдың нашар учаскелерінде көлік қозғалысын ұйымдастыру мен шектеу.
     2.5. Жаңа техника мен озық технологияны енгізудің негізінде жобалар мен қалыптық құжаттардың талаптарына сәйкес жолды күтіп ұстау мен жөндеуді ұйымдастыру бойынша шаралар құрамына мына жұмыстар енеді:
     - жол мен жол құрылыстарын күтіп ұстаудың сапасын бағалау бойынша ай сайын, сондай-ақ көктем мен күзгі қарауды жүргізу;
     - жолды күтіп ұстаудың жоспарларын, жөндеу жұмыстарының жоспарларын әзірлеу, автомобиль жолдарын жобалау, жөндеу, салу мен қайта құру шарттарын бекіту, шарттардың орындалуын бақылау;
     - жолды күтіп ұстау, жөндеу, салу мен қайта құру кезіндегі жұмыстардың сапасын бақылауды ұйымдастыру;
     - автомобиль жолдары желілерінің техникалық күйінің өзгерісін есептеу, есеп-берулерді құрастыру;
     - жолды пайдалану қызметінің мемлекеттік құрылымының мамандарын таңдау, қайта дайындау мен үйрету.
     2.6. Басқа жұмыстарға мыналар жатады:
     - қозғалыстың құрамы мен үздіксіздігін және жолды күтіп ұстауды дұрыс ұйымдастыру үшін қажетті басқа қадағалауларды жүргізу және жөндеу жұмыстарын жоспарлау үшін қажетті бастапқы мәліметтерді алу;
     - автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына техникалық есеп жүргізу, төлқұжаттау мен инвентарлау.

3. Автомобиль жолдары мен жол
құрылыстарын күтіп ұстау

     3.1. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын күтіп ұстау - бұл жолды, жол құрылыстары мен жолақ бұрылысын тиісті тәртіпте, тазалықта ұстау мақсатында жүйелі түрде күтіп ұстау және жыл бойғы жол қозғалысының үздіксіздігін, қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз ету.
     Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының күтіп ұсталуы жол мен құрылыстардың көктемгі, жазғы және күзгі, қысқы кезеңдегі күтіп ұсталуынан және басқа жұмыстардан тұрады.
     3.2. Жолдың көктемгі, жазғы және күзгі кезеңдегі күтіп ұсталуы кезінде мына келесі жұмыстар орындалады:
     3.2.1. Жер полотносы мен су өткізгіштер бойынша:
     - кішігірім опырылуларды, құлауларды, су тасуларының қалдығын жинау арқылы грунтты үймелі жер бетін салалау (профирлеу);
     - каналдар мен басқа су өткізу құрылыстарының кейбір жерлерін лайдан, қардан немесе мұздан тазартып, олардан су өткізу;
     - резервтерді, кавальерлерді, қорғаныс - нығайту құрылыстарын күту, бұталармен шөптерді, жиектегі, тік жардағы, кесінділердегі кейбір ағаштарды шабу, жолақ бұрылысын таза ұстау.
     3.2.2. Жол беті бойынша:
     - жол төсемін шаңнан, лайдан, қардан, мұздан және қоқыстан жүйелі түрде тазарту катунды жинау;
     - жол участкілерінің иірімді және беріктілігі жеткіліксіз жол беттеріне күтім жасау (уақытша қоршау мен қозғалысты реттеу, кейін жиып тазаланатын қалқандармен, шөпшектер және басқа материалдармен жабу), әуе шұңқырларының пайда болуы және оларды иірімдену қаупі бар кезең өткен соң көму;
     - шиыршық тасты және топырақты жандарды пішіндеу (профилерлеу).
     3.2.3. Жасанды құрылыстар бойынша:
     - көпірлерді, құбырлар мен олардың арналарын лайдан, шаңнан, үйінділерден, қар мен мұздан тазарту, тіреулер, бағана түбіндегі бұталар мен мұзкескіштер жанындағы мұздарды жару, кіші көпірлер мен құбырлардың тесіктерін күзде жабу және көктемде ашу;
     - сеңді, тасқын суды өткізу, жолдармен құрылыстарды су тасудан, мұз қатудан, кептелуден, орман және дала өрттерінен қорғау жөніндегі ескерту жұмыстары;
     - паром өткелдерін, қалқымалы көпірлерді күтіп ұстау мен қызмет жасау, соның ішінде паромдарды жүргізу мен түсіру, айлақтардың биіктігін реттеу мен т.б.;
     - қалқымалы айырма көпірлерді айыру мен қосу, суы төмен көпірлерді толтыру мен азайту, уақытша (кезеңді), мұз өткелдерін жабдықтау мен күтіп ұстау;
     - көпір өткелдерін, су жібергіш құбырлар мен басқа жасанды құрылыстарды күнделікті және кезеңді қарап тұру;
     - айдынның тіреу бөліктерін графитпен сүрту;
     - қозғалмалы жапсарлардың механизмдерін майлау;
     - өту құрылыстарының болатты элементтерін шаң мен қоқыстың жиналуынан тазарту.
     3.2.4. Автомобиль жолдарының құрамына енетін ғимараттар, өндірістік базалар мен қосалқы құрылыстар бойынша:
     - ғимараттарды, өндірістік базаларды, аула құрылыстары мен қосалқы қосалқы құрылыстарды жүйелі түрде күтіп ұстау (шатырды, су ағызғыш құбырларды, желобтарды, түтіндіктерді тазалау, су жібергіш және канализациялық қондырғыларды тазарту және т.б.), аулаларды, баулар мен қызмет ғимараттарына кіретін жолдарды тазалық пен тәртіпте күтіп ұстау, өрттен қорғау.
     3.2.5. Жол жақсарту жағдайлары, қозғалысты, байланысты, жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша:
     - белгілерді, қоршауларды, автобус аялдамаларын, демалыс алаңдарын, дәретханаларды, әңгімежайларды, автопавильондар мен басқа құрылыстарды шаң мен қоқыстан тазарту, тазалықта және тәртіпте күтіп ұстау;
     - қозғалысты, байланыс пен жарықтандыруды ұйымдастыру бойынша құралдардың дұрыстығын бақылау мен күтіп ұстау.
     3.3. Жолдың қыс мезгілінде күтіп ұсталуы - бұл қыс мерзімінде қардан сақтау мен қар тазалау жолымен автокөліктің үздіксіз және қауіпсіз жол жүруін қамтамасыз ету, жол мен жол құрылыстарының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларды жасау.
     Қысқы күтіп ұстау жұмыстарына мыналар жатады:
     - мұз тайғақтыққа қарсы материалдарды дайындау;
     - қардан қорғау құралдарын жасау (қалқандарды, дарбазаларды, қашаларды және т.б.);
     - қардан қорғау дарбазаларын, қалқандарды, панельдер мен басқа қардан қорғау қондырғыларын орнату, бөлшектеу және жөндеу;
     - жолды қардан патрульды тазалау, қар борасынынан жолдарды тазарту, жол бетін қар қабатынан тегістеу, қатпарда, тік жар мен резервтерде қар үйіндісін жою;
     - жүретін жолды мұз тайғаққа қарсы фрикциялық, химиялық және басқа материалдармен өңдеу;
     - автобус аялдамаларын, павильондарды, демалыс алаңдары мен жолдың сервис объектілерін қар мен мұздан жүйелі түрде тазарту;
     - автомобиль жолдарының бойында қарды тоқтату үшін қар тіреулері мен траншеялар құру;
     - тасқынға қарсы шаралар жүргізу;
     - мұз қатумен күресу.
     3.4. Басқа жұмыстарға мыналар жатады:
     - жол мен жол құрылыстарының күзетшілік және өрттік қорғалуы;
     - жолдарда бақытсыздыққа душар болғандарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.

4. Автомобиль жолдарын көгалдандыру

     4.1. Автомобиль жолдарын көгалдандыру - бұл автомобиль жолдарын қар және құмайт борасындардан немесе эрозиядан қорғауды және сәулетті - көркем ресімдеу жасауды қамтамасыз ету.
     Автомобиль жолдарын көгалдандыруға - ағаш отырғызу мен декоративті көгалдандыру және оларды қайта құру мен күту жұмыстары енеді.
     Отырғызылған ағаштарды күту мен декоративті ресімдеуге мына келесі жұмыстар жатады:
     - топырағын күту (трактормен культивациялау, қатардағы топырақты борпыту, шөптермен химиялық күрес жүргізу);
     - орман жолақтарын жырту;
     - күтудің шабу тәсілдерін жүргізу;
     - зиянкестермен және өсімдік ауруларымен күресу.
     4.2. Отырғызылған ағаштарды және көркемдеулерді қалпына келтіру мен қайта жасау жұмыстарына мыналар жатады:
     - питомниктердің, отырғызылған ағаштар мен көркемдеу топырақтарын дайындау;
     - отырғызу материалдарын өсіру (немесе құнын төлеу) мен тасымалдау;
     - ағаш жолақтары мен көркемдік ресімдеу қондырғыларын жасау;
     - ағаш жолақтары мен көркемдік ресімдеулерді отырғызу және толықтыру;
     - құдықтарды, скважиналарды, су құю құбырлары мен дренирлеу арналарын құру.

5. Автомобиль жолдары мен жол
құрылыстарын күнделікті жөндеу

     5.1. Күнделікті жөндеу - бұл жыл сайын барлық жол бойындағы кішігірім жолдың және жол құрылыстарының бұзылуын түзетіп отыру мен оның алдын алу.
     5.2. Күнделікті жөндеу кезінде мына жұмыстар жүргізіледі:
     5.2.1. Жер полотносы мен су бұрғыштар бойынша:
     - жер полотносының су бұрғыш құрылыстардың, резервтердің, бекіту және реттеу құрылыстарының кейбір кішігірім зақымдануларын түзету;
     - шөп өсіру отырып дөмбешіктерді, ойлы-қырлы жерлерді жартылай тегістеу;
     - кейбір жерлердегі жер қатпарларын жабу, қыру және тегістеу.
     5.2.2. Жол беті бойынша:
     - саңылауларды, шұңғылдарды, табандықтарды бітеу, құдықтарды, еніңкілікті жою, қырларын тегістеу, барлық түрдегі жабулардағы кейбір бордюрлерді алмастыру;
     - цементті-бетонды жол бетінің саңылауларын толтыру мен жөндеу;
     - жол беті қабатының беку сапасын көтеру;
     - битуммен және дегтелік материалдармен өңделген жол бетін қоса есептегенде қиыршық, шағыр тасты жол бетіне майда тас қиыршықтары мен түйірлерін себу;
     - жүретін жолдарды белгілеу;
     - кейбір жолдарға қоспа жасамай топырағы мен шағырлы бүйірлерін түзету;
     - жолдарды флорлы кальциймен, дегтімен, битуммен және басқа материалдармен сепкілеу.
     5.2.3. Жасанды құрылыстар бойынша:
     - көпірлердің темір элементтерін жеке-дара сырлау;
     - құрылыстың кейбір элементтеріндегі кішігірім зақымдануды түзету (тіреу бөліктерін, периланы, еденді, діңгекті, дарбаза қабырғаларының тіреулерін, дренаж қондырғыларын және т.б.);
     - конструкция саңылауларын торкетирлеу, қалауларды, сылауларды жөндеу, тойтарып шегендеудің кейбірін алмастыру;
     - арналар арқылы өтетін көпірлердің өту, жол жүретін жерлерін алмастыру және түзету;
     - қалқымалы көпірлердің, паром өткелдерінің және айлақ қондырғыларының кішігірім зақымдануын түзету (сеппілді шегендеу, қаптауын жөндеу, такелажын түзету және т.б.);
     - көпірдің жол жүретін жағының қабатындағы жол көрсеткіштерінің құдықшаларын жөндеу, жабу қабатының саңылауларын бітеу;
     - қозғалмалы тігістеріне кішігірім жөндеу жасау;
     - құбыр науаларын тегістеу;
     - үйінді топырақ пен құрылыстың реттеу жерлерінің босаған өзгерістерін жою;
     - тіреудің бос шұңқырларын бітеу;
     - элементтерді шіруден тазалау, ағаш көпірлердегі тақтайларды, төсеулерді алмастыру;
     - темір-өту құрылыстары элементтерінің кішігірім қозғалысын түзету, кейбір тойтарып шегендеулерді алмастыру.
     5.2.4. Ғимараттар, өндірістік базалар және қосалқы құрылыстар бойынша: қабырғаларды, едендерді, төбе шатырын, терезелерді, есіктерді және т.б. сырлау мен ақтау, әйнектерді салу, қалқа қабырғаларды, қабырғаларды, едендерді, төбені, шатырды, бөгеулерді, терезелерді, есіктерді, ошақтарды, құдықтарды, скважиналарды, су өткізгіш және канализациялық желілерді, жеке элементтерді жартылай алмастыру арқылы байланыс желілерін жөндеу.
     5.2.5. Жолдарды жақсарту мен көркейту, қозғалысты, байланысты, жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша:
     - жетіспейтін белгілерді, бірыңғай жағдайда қоршауларды орнату мен алмастыру, зақымдауларды түзету, жол белгілері мен қоршаулардағы қалқандарды толық алмастыру, панналарды жөндеу мен орнату, жол жағдайын жасау элементтерін қайта қалпына келтіру;
     - сәулетті ресімдеу мен жақсарту элементтерінің кейбір зақымдаулары мен бұзылуларын түзету;
     - автопавильондарды, әңгімежайларды жол, қоршау белгілері мен автомобиль жолдарының басқа да жағдай жасау элементтерін сырлау мен ақтау, тік және көлденең белгілерді жүргізу;
     - әңгімежай мен орындықтарды орнату мен жөндеу;
     - қозғалысты, байланысты, жарықтандыруды ұйымдастыру объектілерінің кейбір зақымдаулары мен бұзылуларын түзету.

6. Автомобиль жолдары мен жол
құрылыстарын орташа жөндеу

     6.1. Орташа жөндеу - бұл жол мен жол құрылыстарының пайдалану сапасын қайта қалпына келтіруге байланысты жөндеу жасау. Орташа жөндеу кезінде жол беті тегістігінің және тозу қабатының кезеңді - қайта қалпына келтіру, сондай-ақ жер полотносының, су өткізгіштің жасанды, қалқанды, нығайту, реттеу және басқа жол құрылыстарының зақымдауларын түзету, соның ішінде жөнделетін жол учаскесінің бойындағы жол жағдайын жасау элементтерін де түзету.
     Қажет болған жағдайда кіші және орта жасанды құрылыстарды қайта жасайды. Орташа жөндеу жобалау немесе дефекті және смета ведомостары бойынша жүргізіледі.
     6.2. Орташа жөндеу кезінде келесі жұмыстар жүргізіледі:
     6.2.1. Жер полотносы мен су өткізгіштер бойынша:
     - жер полотносының кейбір учаскелерін көтеру мен кеңейту;
     - су бөлу арықтарын қазу, тік жардың, үйінді мен шұңқыр кіріктерін азайту мен зақымдауларын жою, дренажды, қалқанды және су жіберу құрылыстарының, көпірлер мен құбырлардың салаларында су жіберу және шығару қондырғыларының бекітулерін түзету, берік дерновалы қабатты, құбырларды, сырғулар мен су жойқынының қалдықтарын тазалауды жасау бойынша қажетті агротехникалық шараларды жүргізу арқылы жер полотносының қырлары мен резервтерінде шөп отырғызу;
     - бүйірлерді толтыру, кесу, тегістеу мен нығайту.
     6.2.2. Жол бетінің қабаты бойынша:
     - жол бетіне өңдеу жасау;
     - жетілдірілген жабу қабатының жоғарғы тозған қабатын қайта қалпына келтіру және жол бетіне өңдеу жасай отырып, аталмыш қабатты кейбір будалы жерлерге қайтадан салу;
     - қабы, сорапты, жаңа материалдар қосылған тарағы бар жетілдірілген жабу қабатын регенерлеу немесе сүймендеу;
     - темір-бетонды және цемент-бетонды жабу қабатының кейбір тақталарын тегістеу немесе көтеру, алмастыру;
     - материалдар қосу арқылы қиыршық тасты және құмды жолдардың бір қырын қайта қалпына келтіру;
     - қиыршық тасты және құмды жолдардың жүріп өтетін жағын бырыстыру және шаңдатпайтын материалдармен жақсарту;
     - қозғалысқа қауіпті иректерде көз көрерлікті қамтамасыз ету және бұрылыстар орнату;
     - жөндеу учаскелерінде жол жүретін жерлерді белгілеп қою.
     6.2.3. Жасанды құрылыстар бойынша:
     - көпірлер мен жол көрсеткіштердің, сондай-ақ су өткізу құрылыстарының өлшемдері мен есепті қуаттарын жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық құжаттармен бекітілген техникалық санаттарға сәйкес келетін қалыптарға дейін жеткізе отырып, аталмыш құрылыстарды жартылай қайта құру мен жөндеу;
     - көпірлерде күрделі емес жөндеулерді орындау (төсеулерді, балка сеткілерін, кейбір түйіндер мен элементтерді алмастыру, қалауларды, жер полотносының жанасуларын түзету және т.б.);
     - алдын ала кернеуленген темір-бетонды және темір-өту құрылыстарының құрылыстық көтерілуін бақылау;
     - көпірдің жол өтетін жағының қабатын қайта қалпына келтіру немесе ауыстыру;
     - тротуар блоктарының саңылауларын шекімелеу, тротуарда жол қабатын қалау;
     - қоршауларды жөндеу немесе қалпына келтіру;
     - материалдары мен конструкциясын ауыстыра отырып қозғалмалы тігістерін жөндеу;
     - гидроизоляцияны жөндеу;
     - тротуарларды, таяныштарды, жиіктерді алмастыру;
     - көпірдің жол өтетін жағының су бұрғыштарын жақсарту, су бұрғыш құбырлар мен терезелерді алмастыру;
     - темір-бетонды конструкциялардың фасадтарын гидроизоляциялау, бас балкалардың беттерін сырлау;
     - саңылаулардың бетін герметизациялау, қабыршақтарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетонды элементтерінің қорғау қабаттарын қалпына келтіру;
     - темір-өту құрылымдарды түгел сырлау;
     - балкалардың өзара бірлестігін қалпына келтіру;
     - өту тақталарды, дренаж бен су бұруларды, көпірдің топырақ үйіндісімен жанасуын жөндеу;
     - жер полотносының кесінділері мен реттеу құрылыстарының бекіністерін жөндеу;
     - тіреулер мен реттеу құрылыстарындағы су өтулерді жою;
     - темір-өту құрылыстарының жеке элементтерін күшейту, тесік фермалы көпірлер торының элементтерін түзету;
     - тойтарып шегендегіштерді өте мықты болттармен алмастыру;
     - тіреу бөліктерін жобадағы қалыпқа келтіру және жөндеу;
     - тіреу алаңдарындағы құюларды қалпына келтіру мен жөндеу;
     - жұқа бет қабатының тігістерін жамау, саңылауларға ерітінділер құю;
     - өту құрылыстары мен тіреулердің қарау қондырғыларын қалпына келтіру мен жөндеу;
     - тіреу денесін жөндеу;
     - темір-бетонды өту құрылыстарының тіреу жерлеріндегі тіреу түйінділерін күшейту;
     - жеке үзбелерді және құбыр бөліктерін жөндеу немесе алмастыру, жеке қабаттар мен түйістерді түзету;
     - тіреу қондырғыларды, бекіту және реттеу құрылыстарды, галереялар мен қалқаларды жөндеу, сондай-ақ олардың кейбір элементтерін алмастыру.
     6.2.4. Жолдардың жағдайы мен жайластырылуы, қозғалысты, байланысты, жарықтандыруды, ұйымдастыру объектілері бойынша:
     - елді мекендер арқылы өтетін жол учаскелерінің жаяулар жолдары мен тротуарларын жөндеу мен қайта салу;
     - кейбір қоршауларды қайта жасау, жөндеу учаскелеріндегі жол белгілері мен бағыт көрсеткіштерді алмастыру (қалпына келтіру) мен жаңадан қою, кейбір жол айырықтарын, демалу алаңдарын, автомобиль тұрақтарын, көрікті жерлерді жайластыру және сәулетпен ресімдеуді қоса қоршауларды жөндеу;
     - кіру, шығу және жазғы жолдарды жөндеу;
     - қозғалысты, байланыс және жарықтандыруды ұйымдастыру, сигнал беру объектілерін жөндеу;
     - автожолдарды жайғастыру элементтерін жөндеу (автопавильондарды, тіреу қабырғаларды, ақпарат панноларын және т.б.).
     6.2.5. Көлік құралдарының қажетті пайдаланушылық жағдайы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа жұмыс түрлері.

7. Автомобиль жолдары мен жол
құрылыстарын күрделі жөндеу

     7.1. Автомобиль жолдарын, жол ғимараттары мен құрылыстарын күрделі жөндеу - бұл осы жол үшін белгіленген тиесілі техникалық санаттардағы қалыптар шеңберінде жол мен құрылыстардың мықтылығын күшейту және жөнделетін объектілердің көліктік-пайдаланушылық сипатын жақсартатын және жолдың техникалық қалыптарын көтеруді қамтамасыз ететін конструкциялардың тозғандары мен бөлшектерін мықты және тиімді бөлшектерге алмастыру арқылы жөндеу. Осы жөндеуге табиғи апаттар салдары мен жолдың инженерлік құрылыстарын қалпына келтіруге байланысты жұмыстар жатады.
     Күрделі жөндеу кезінде жоспарда да жолдың ұзына бойғы қырында да жолдың жалпы ұзындығының 25 % түзетуге рұқсат етіледі.
     Күрделі жөндеу, қағида бойынша, техникалық жобалар мен сметалар бойынша мердігерлік жол салу ұйымдарымен орындалады. Кейбір жағдайларда, күрделі емес жұмыстар кезінде немесе апат жағдайлардан туындаған жұмыстарда ақау ведомостары мен атқару сметалары бойынша күрделі жөндеу жүргізуге рұқсат етіледі.
     7.2. Күрделі жұмыс кезінде мына жұмыстар орындалады:
     7.2.1. Жер полотносы мен су бұру бойынша:
     - күрделі жөндеу үшін бекітілген техникалық құжатқа сәйкес жер полотносын түзету, көтеру, биіктету және кеңейту, топырақты алмастыру, көз көрерлікті қамтамасыз ету, айналма радиустарын үлкейту, көлденең еңістерді жұмсарту, тік ирек және бұрылыстар жасау, жер полотносының кесіндісін, ойпаңдарды, бекіністерімен бірге топырақ үйіндісін тегістеу. Жолдың кейбір учаскелерін түзету, елді мекендерге баратын және айналып өтетін жолдар салу;
     - будалы, сырғымалы және құлайтын учаскелерін жою, жер құрғату, жеке қабаттарды бөлу қондырғыларын жасау және жер полотносының мықтылығын қамтамасыз ететін басқа жұмыстар;
     - бұрыннан бар су бұру қондырғыларын, жиек қорғау және эрозияға қарсы тұруға қажетті құрылыстарды өзгерту немесе алмастыру, сондай-ақ қайта салу;
     - автомобиль жолдарының қиылысуы мен жанасуында жер полотносы мен су бұру жүйелерін орнату, сондай-ақ автомобиль аялдамасы мен тұрағы үшін алаңдар мен автомобиль жолдарынан тысқары жақта демалу алаңдарын жасау бойынша жұмыстар орындау;
     - жойылатын жол учаскелерін, карьерлерді, битум базаларын, битум құдықтарын әзірлеу мен рекультивациялау және қоршаған ортаны қорғауға байланысты басқа жұмыстар;
     - тасқын, сел, нөсер және басқа табиғи апаттар салдарын жою жұмыстары.
     7.2.2. Жол беті бойынша:
     - қозғалыс жолағының біреуінің бет қабатын күшейту (қабаттау), кеңейту және негіз есебінде бұрыннан бар жол бетінің қабатының пайдалану мен регенерациялау арқылы бет қабатының аса жетілдірілген түрін орнату, сондай-ақ жол учаскесінің түзетілген жеріне және елді мекендерге баратын және айналып өтетін жолдардың бетін жабу, жол айырықтарында, инженерлік қондырғыларда, тротуарларда, жаяулар мен велосипед жолдарында, автобус аялдамаларында, демалу алаңдары мен автокөлік тұрақтарындағы жер бетін жабу;
     - тас қиыршықты және шағыр тасты бет қабаттарының қырын, сондай-ақ жаңа материалдар қосу арқылы топырақты жолдарды түзету, бырыстыру материалдарымен жүретін жолды жақсарту;
     - жасанды және табиғи материалдардан тұратын және жетілдірілген бет қабатының жиегі бойынша бекіту жолақтары, соның ішінде негізгі жол бетінің түрі бойынша тозған көмкермелерді алмастыру және жаңасын орнату.
     7.2.3. Жасанды құрылыстар бойынша:
     - көпірлерді, соның ішінде жаяулар жолын, жол көрсеткіштерді, олардың ауқымдары мен есепті қуатына сәйкес қызмет жасау қабілетін осы жөндеу үшін бекітілген техникалық құжатқа сәйкестендіре отырып толық салу, қайта құру немесе жартылай күшейту;
     - бұрыннан бар қалқымалы көпірлер мен паром өткелдерін қайта құру мен күшейту және жаңаларын салу;
     - қалқымалы көпірлерді, паром өткелдерін, темір жол кесіп өту жолдарын тұрақты көпірлермен және жол көрсеткіштерімен алмастыру;
     - тіреу қабырғаларын қорғаныс бекіністері мен зерттеу құрылыстарын салу немесе алмастыру;
     - конструктивті элементтерді салу, күшейту немесе тоннелдерді, қорғаныс галереяларын және таулы жолдардағы қалқаларды қайта салу, сондай-ақ уақытша галереялар мен қалқаларды тұрақтыларға алмастыру;
     - су өткізу құбырларын қондыру, толық немесе жартылай қайта құру;
     - қайта салынған және жаңадан салынған көпірлерді сынақтан өткізу.
     7.2.4. Мемлекеттік меншік болып табылатын жалпы пайдаланымдағы жолдарды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстары үшін қажетті ғимараттар, қосалқы құрылыстар мен пайдалану қызметінің өндірістік базалар бойынша:
     - ғимараттардың сыртқы қабырғаларының шеңберінде ішкі қайта жоспарлау бұрынғы ғимараттарға қосалқы-көмекші және тазалық-тұрмыстық жайларды салу;
     - ғимарат зақымдаулары мен ақауларын түзету;
     - жылу, сумен жабдықтау, газдандыру, телефондау, канализациялау, электрлеуді орнату мен бұрыннан бар газ құбырлары мен байланыс желілеріне қосу;
     - жол қызметінің, соның ішінде жол-пайдалану ұйымдарының желілік қызметкерлерін жайғастыру үшін желілік тұрғын үйлерді, қызмет ғимараттары мен жатақханаларды, жөндеу-механикалық шеберханаларды, гараждарды, қоймаларды, питомниктерді, оранжерея мен отырғызу материалдарын өсіру үшін жылыжайларды, құдықтарды, скважиналарды, асханаларды, қазандықтарды, ішкі алаңды инженерлік желілерді, тазалау құрылыстарын, объекті жанының жайластырылуы мен басқа қажетті ғимараттарды салу, уақытша ғимараттар мен құрылыстарға қарастырылған смета сомасының шеңберінде пайдалану кешенінің құрамына енетін өндірістік базаларды қайта құру.
     Уақытша ғимараттар мен құрылыстардың жыл сайынғы шығындары (тұрақты тұрғын үй салуды қосқанда) жалпы пайдаланым жолдарындағы күрделі жөндеу бойынша жылдық жұмыстар көлемінің 5% аспауы тиіс.
     7.2.5. Жолдардың жағдайы мен жайластырылуы, қозғалысты, байланыс пен жолды жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша:
     - жолдарды немесе олардың кейбір учаскелерін жақсылап жабдықтау және сәулетті ресімдеу;
     - аялдау, отырғызу алаңдары мен автопавильондарды, қауіпсіз аралшықтарды, демалу алаңдарын (әңгімежайларымен, су көздерімен, қарау құдықтары немесе жолда автомобильдерді профилактикалық қарау үшін эстакадаларымен және басқа қондырғыларымен), автобустардың аялдауы мен тұруы, жаяулардың өту үшін алаңдар (соның ішінде әртүрлі деңгейде), сондай-ақ тротуарларды елді мекендердің шеңберінен өтетін жол учаскелерінде жаяулар жолдарын жасау;
     - учаскелерде барьер қоршауларын, бағыттаушы қондырғыларды және жол белгілерін алмастыру немесе қайта жасау, күрделі жөндеу жүргізу;
     - автомобиль жолдарының бір және әртүрлі деңгейлеріндегі бұрыннан бар қиылысулар мен жанасуларды қайта орнату мен жаңадан орнату, сондай-ақ барлық жол бойында немесе оның учаскелерінде кейбір жол кесіп өтулерді, кіру мен бұрылыстарды, желілік жол қызметтерінің ғимараттары мен жолдың сервис кешендеріне баратын жолдарды салу;
     - жол учаскелерін жөндеу кезеңінде уақытша айналып өту құрылыстарын, бұрыннан бар жазғы трактор жолдарын қайта салу немесе жаңадан салу;
     - автомобиль жолдарының өзаралық және темір жолдармен қиылысуларында қозғалысты ұйымдастыру мен жөндеудің техникалық құралдарын жаңадан орнату;
     - жолдың кейбір учаскелерінде, көпірлер мен паром өткелдерінде электр жарығын, жолдың желілік телеграфтық (телетайптық) немесе радиобайланыс құрылыстарын және басқа технологиялық байланыс құралдарын орнату;
     - қозғалыс, қар өлшеу және су өлшеу постылары бойынша пункттерді және жол жұмысын, оның кейбір элементтерін, құрылыстарын және сол бойынша көлік ағымдарын зерттеу үшін қажетті басқа қондырғыларды орнату мен жабдықтау;
     - қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жүргізу (қазандықтарда шаң ұстайтын қондырғыларды орнату, су көздерін ластанудан сақтау және т.б. жұмыстар).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады