Кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iстi жүргiзу мерзiмiн ұзартудың Нұсқауын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кеден комитетi 1995 жылғы 30 қазан N 159-П Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 11 наурызда тіркелді. Тіркеу N 157. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 2 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықтың ережелерiн жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iстi жүргiзу мен оны қараудың мерзiмiн ұзартудың тәртiбi туралы Нұсқау бекiтiлсiн.
      2. Осы Бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Кеден Комитетi төрағасының орынбасары А.Р. Матақбаевқа жүктелсiн. 

      Төраға

Қазақстан Республикасы
Кеден комитетiнiң  
1995 ж.30.10. N 159-П
бұйрығымен     
бекiтiлген    

Кеден ережелерiн бұзу туралы iстi жүргiзу мен оны
қараудың мерзiмiн ұзартудың тәртiбi туралы
НҰСҚАУ

      1. Осы Нұсқаумен кеден ережелерiн бұзу туралы iстi жүргiзу мен оны қараудың мерзiмiн ұзартудың кеден органдары үшiн бiртұтас тәртiбi белгiленедi.

      2. Кеден ережелерiн бұзу туралы iс, ол бойынша iстi жүргiзу:
      кеден ережелерiн бұзу немесе кеден ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiкке тартылатын жеке тұлғаның немесе лауазымды адамның әкiмшiлiк ұсталуы ("Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықтың 300 бабы) туралы хаттама жасалған:
      - кеден органының алдын-ала тергеу органдарынан, басқа да анықтама алу органдарынан, прокурордан немесе соттан қылмыстық iстi қозғаудан бас тартылған немесе кеден органдарының контрабанда және өзге қылмыстар бойынша анықтама алуды жүргiзуге құзыретi бар солардың белгiлерi бойынша қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы шығарылған, материалдарды кеден органы iс жүзiнде алған сәттен басталған болып, ашылған болып, есептелiнедi, осы материалдарда кеден ережелерiнiң бұзылу белгiлерi бар болса ("Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықтың 311 бабы) ;
      - кеден органының бастығы немесе оның орынбасары өндiрiп алу туралы актiнiң күшiн жою туралы қаулы шығарғанда (кеден органдары ережесiн бұзғаны үшiн өндiрiп алуды қолданудың оңайлатылған нысанын пайдалану кезiнде) және кеден ережелерiн бұзу туралы iстi ашқанда ("Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықтың 369, 361 баптары).
      Кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iстi жүргiзу:
      - кеден органының лауазымды адамына iс жүргiзуде тұрған материалдарды осы органның бастығына немесе оның орынбасарына, Қазақстан Республикасындағы Кеден Комитетiнде - осы Комитеттiң уәкiлдiгi бар лауазымды адамына негiзi бойынша қарау үшiн беру кезiнде ("Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықтың 346 бабы) бiткен болып есептеледi.
      Ескерту. Осы Нұсқаудың 2-тармағының осы ережесi құқық бұзушылықтың осы фактiсi бойынша алдын ала тергеу органдарында, басқа да анықтама алу органдарында оны қарауға дейiн прокурор немесе сот, кеден органы осындай кедендiк құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасаған болса қолданылады.

      3. Iстi ашу сәтiнен бастап, бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей, кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iстi жүргiзу аяқталуы тиiс.
      Бұл мерзiмдi егер осындай қажеттiлiк туындаса, кеден басқармасы немесе Қазақстан Республикасы кеден бастығы немесе оның орнындағы адам мен Қазақстан Республикасы жоғары тұрған кеден органдары бастықтары немесе олардың орнындағы адамдар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықтың 258 бабында көзделген ("Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықтың 303 бабы) кеден ережелерiн бұзғаны үшiн өндiрiп алу мерзiмi шеңберiнде ұзартылуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының кеден бастығы немесе оның орнындағы адам кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iс жүргiзу мерзiмiн ұзарту қажеттiгi туындаса, егер осындай iс жүргiзудi осы кеденнiң лауазымды адамы не осы кеденге бағынышты кеден күзетiнiң адамы жүргiзсе, ұзартуға, бiрақ алты айдан артық емес уақытқа ұзартуға құқылы.
      Iс жүргiзу iсi бойынша осындағы құқығы кеден басқармасының бастығы немесе оның орнындағы адам, осы басқарманың лауазымды адамы немесе кеден органы басқармасына бағынышты лауазымды адам ие болады. Мұнда кеден басқармасының бастығы немесе оның орнындағы адам кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iстi жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi бақылау тәртiбiмен өзiнiң бастамасы бойынша сондай-ақ және кеден бастығының немесе оның орнындағы адамның осы кеденнiң контрабандамен және кеден ережелерiн бұзумен күрес бойынша бөлiмiнiң осындай iс жүргiзудiң мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiшiн қанағаттандырудан бас тартқан кезiнде, егер контрабандамен және кеден ережелерiн бұзумен күрес бөлiмiнiң бастығы, кеден күзетiнiң бастығы немесе iс жүргiзуiнде осындай iс бар лауазымды адам iс бойынша iс жүргiзудiң мерзiмiн ұзарту қажеттiгiн талап етсе, қарайды.
      Кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iс жүргiзу мерзiмiн одан әрi ұзарту (алты айдан асатын, бiрақ бiр жылдан артық емес мерзiмге) ерекше жағдайларда ғана кеден басқармасының бастығы немесе оның орнындағы адам егер осындай iс жүргiзудi осы кеден басқармасының лауазымды адамы немесе кеден басқармасына бағынышты кеден органының лауазымды адамы жүзеге асырса жүргiзiлуi мүмкiн.
      ҚР КК Контрабандамен және кеден ережелерiн бұзумен күрес бойынша басқармасының, сонымен қатар Қазақстан Республикасының төменгi тұрған кез-келген кеден органының жүргiзуiндегi кез-келген iске қатысты Қазақстан Республикасының Кеден Комитетiнде кеден ережелерiн бұзу туралы iстi жүргiзу мерзiмiн алты айдан аса, бiрақ бiр жылдан артық емес мерзiмге ұзарту өкiлеттiгiне Кеден Комитетiнiң Төрағасы немесе оның орнындағы адам ие.
      ҚР КК тiкелей бағынышты кедендер үшiн кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iс жүргiзу мерзiмiн алты айдан аса, бiрақ бiр жылдан артық емес мерзiмге ұзарту туралы мәселенi егер контрабандамен және кеден ережелерiн бұзумен күрес бөлiмiнiң бастығы немесе iс жүргiзуiнде осындай iс бар лауазымды адам iс бойынша iс жүргiзудiң мерзiмiн ұзарту қажеттiгiн талап етсе, осы кеденнiң контрабандамен және кеден ережелерiн бұзумен күрес бойынша бөлімінің өтінішін орындаудан кеден бастығы бас тартқан кезде ҚР Кеден Комитетi Төрағасы немесе оның орнындағы адам қарайды.
      Кеден басқармаларына бағынышты кедендердiң тиiстi өтiнiштерiне қатысты ҚР Кеден Комитетi Төрағасы немесе оның орнындағы адам бақылау тәртiбiмен өз бастамасы бойынша, сонымен қатар егер кеден бастығы не кеден басқармасының контрабандамен және кеден ережелерiн бұзумен күрес бойынша бөлiмнiң бастығы не iс жүргiзуiнде кеден ережелерiн бұзу туралы iс бар лауазымды адам iс бойынша iс жүргiзу мерзiмiн ұзартудың қажеттiлiгiн талап етсе, осындай iс жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы кеденнiң өтiнiшiн қанағаттандырудан кеден басқармасы бастығы немесе оның орнындағы адам бас тартқан кезде кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iс жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi қарайды.

      4. Кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iс жүргiзу мерзiмiн ұзартудың қажеттiлiгi жағдайында iс жүргiзуiнде осы iс бар лауазымды адам кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iстi жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiштi қозғау туралы дәлелдi өтiнiшiн жасауға және (нысаны тiркеледi) және оны кеден органының тиiстi бастығына немесе оның орнындағы адамның осындай мерзiмнiң бiтуiне бес күннен кешiктiрмей (ҚР КК - Контрабандамен және кеден ережелерiн бұзумен күрес бойынша басқарма бастығына немесе оның орнындағы адамға) ұсынуға мiндеттi.

      5. Кеден бастығы немесе оның орнындағы адам контрабандамен және кеден ережелерiн бұзумен күрес бойынша бөлiм бастығының өтiнiшке қолы қойылғанда кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iс жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiштi қозғау туралы өтiнiштi қарауға қабылдайды.
      Кеден басқармасының бастығы немесе оның орнындағы адам әдетте өтiнiште контрабандамен және кеден ережелерiн бұзумен күрес бөлiмiнiң бастығы және кеден бастығының не оның орнындағы адамның сондай-ақ кеден басқармасының контрабандамен және кеден ережелерiн бұзумен күрес бойынша бөлiм бастығының қолы қойылса, кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiштi қозғау туралы өтiнiшiн қарауға қабылдайды.
      ҚР Кеден Комитетiнiң Төрағасы немесе оның орнындағы адам әдетте өтiнiште кеден бастығының немесе оның орнындағы адамның және кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iс жүргiзудi ұйымдастыру құзыретiне жататын немесе осы басқарманың басшылығы iс бойынша iстi жүргiзудi ұйымдастыруға бақылау жүктелген кеденнiң контрабандамен және кеден ережелерiн бұзумен күрес бөлiмi бастығының, сондай-ақ контрабандамен және кеден ережелерiн бұзумен күрес басқармасы бастығының, ҚР КК Контрабандамен және кеден ережелерiн бұзумен күрес бойынша басқармасының тиiстi бөлiмi бастығының визалары бар болған жағдайда кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iс жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы жазбаша өтiнiшiн қарауға қабылдайды.

      6. Кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iс жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiштi қозғау туралы өтiнiштiң баяндалатын бөлiмiнде:
      - оны шығару орны және күнi, сондай-ақ өтiнiш шығарған адамның қызметi, тегi және аты-жөнi;
      - кеден ережелерiн бұзудың жасалынған мән-жайын баяндау;
      - кеден ережелерiн (оларды) бұзған адам (адамдар) туралы мәлiметтер;
      - кеден ережелерiнiң бұзылуын куәлендiретiн негiзгi айғақтарды қысқаша баяндау;
      - "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықтың бабы (баптары) бойынша кеден ережелерiн бұзу туралы хаттамада көрсетiлген кеден ережелерiнiң бұзылуын сараптау;
      - "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықтың бабы (баптары) бойынша егер, iс жүргiзу барысында алдын-ала сараптауды өзгерту үшiн жеткiлiктi мәлiметтер алынса, кеден ережелерiн бұзудың болжамдалған түпкiлiктi сараптауы;
      - осы iс бойынша iс жүргiзудi бұрын қандай лауазымды адам қай жерде, қанша мерзiмге ұзартқаны туралы мәлiметтер;
      - iстi қосымша жүргiзу үшiн кеден ережелерiн бұзу туралы iстi қайтару туралы мәлiметтер ("Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы") Жарлықтың 355 бабындағы бiрiншi бөлiмнiң 5 тармағы;
      - кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша мерзiмiн ұзарту үшiн негiздер;
      - iс бойынша iс жүргiзудi аяқтау үшiн орындалуға қажеттi негiзгi iс жүргiзу әрекеттерi мен шараларын қысқаша көрсету, сондай-ақ оларды өткiзудiң болжамдалған мерзiмдерi;
      Өтiнiште кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iс жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш қозғалған адамның қызметi, тегi, осы iстiң нөмiрi және iс бойынша iс жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш қозғалғанға дейiнгi нақты күн көрсетiледi.

      7. Өтiнiштi қозғау және оны қарау мiндеттi түрде "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықтың 303 бабында көзделген кеден ережелерiн бұзғаны үшiн өндiрiп алу мерзiмi шеңберiнде iс жүргiзудi ұзарту мүмкiндiгi туралы шарттың сақталуын қарастырады.
      Сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықтың 254 бабының 1, 2, 3 тармақтарында көзделген өндiрiп алулар;
      - ескерту;
      - айыппұл;
      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықта көзделген қызметтiң белгiлi бiр түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы кеден органы берген лицензияны және сараптау аттестатын қайтарып алу түрiнде;
      - кеден ережелерiн бұзғаны анықталған күннен бастап, екi айдан кешiктiрмей жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға, ал кәсiпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға сондай-ақ кәсiпкерлiкпен айналысатын заңды тұлға мәртебесi жоқ адамдарға құқық бұзушылық анықталған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей салынуы мүмкiн;
      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықтың 254 бабының 4, 5, 6 тармақтарында көзделген өндiрiп алулар, атап айтқанда:
      - кеден ережелерiн бұзудың тiкелей объектiлерi болып табылатын заттарды жасыра отырып, кеден ережелерiн бұзудың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдарын, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы даярланған жасырғыштары бар тауарлар мен көлiк құралдарын тәркiлеу;
      - кеден ережелерiн бұзудың тiкелей объектiлерi болып табылатын заттарды жасыра отырып, кеден ережелерiн бұзудың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдарын, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы даярланған жасырғыштары бар тауарлар мен көлiк құралдарының құнын өндiрiп алу;
      - кеден ережелерiн бұзудың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар тасымалданған көлiк құралдарын тәргiлеу кеден ережелерiнiң бұзылған немесе анықталған уақытына қарамай және олардың өндiрiп алулардың негiзгi немесе қосымша екендiгiне қарамай салынады.
      Кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iс жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiштi қозғау және қарау кезiнде жүргiзуiнде кеден ережесiнiң бұзылуы туралы iс жатқан кеден органының лауазымды адамының iс жүргiзу аяқталған кезде iс материалдарын осы органның бастығына немесе оны орынбасарына, ал ҚР КК лауазымды адамы - осы КК уәкiлдiгi бар лауазымды адамына жеке тұлғаға немесе лауазымды адамға қатысты өндiрiп алу мерзiмi бiткенге дейiн он бес күннен кешiктiрмей және кәсiпорынға, мекемеге немесе ұйымға сондай-ақ заңды тұлғаның мәртебесi жоқ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын адамға қатысты бiр айдан кешiктiрмей, беретiн жағдайда iс жүргiзу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн деп көрсетiлген "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықтың 346 бабының талаптарын бұзуға жол берiлмейдi.
      Ескерту . Қылмыстық iс қозғаудан немесе оны доғарудан бас тарту жағдайында бiрақ кеден ережелерiн бұзу белгiлерi бар кезде, өндiрiп алу мерзiмi Қазақстан Республикасы кеден органының тергеушiден, прокурордан, соттан, анықтама алу органдарынан қылмыстық iс қозғау немесе доғарудан бас тарту (қаулы, анықтау, үкiм) туралы шешiм алынған кезден бастап есептелiнедi.

      8. Кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iс жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiштi қозғау кезiнде жүргiзуiнде осындай iс бар кеден органының лауазымды адамы орындалуға тиiстi iс жүргiзу әрекеттерi мен iс бойынша шаралардың толық жоспарын оларды өткiзудiң болжамдалынған уақытын көрсете отырып ұсынуға мiндеттi, ал iс бойынша iс жүргiзу мерзiмi туралы мәселенi қарауға уәкiлдiгi бар кеден органының лауазымды адамы талап етуге құқылы.
      Iс бойынша iс жүргiзу мерзiмi екi есе және одан да көп немесе бiр рет, бiрақ алты айдан асатын мерзiмге кеден органының осындай мерзiмдi ұзартуға уәкiлдiгi бар лауазымды адамы жүргiзуiнде осы iс бар адамнан iс бойынша жұмыстың күнтiзбелiк есебiн және бақылау ретiнде iс материалдарын тексерудi және ол бойынша iс ұйымдастыруды тағайындауды талап етуге құқылы.
      Iс бойынша iс жүргiзудi дұрыс ұйымдастырмау туралы фактiлер бойынша iс жүргiзу мерзiмiн ұзартуға өкiлеттiгi бар кеден органының лауазымды адамының жедел мәжiлiсiнде мiндеттi түрде қарауға жатады.

      9. Егер кеден ережелерiн бұзу туралы iс "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының 355 бабының 5 тармағында көзделiнген тәртiппен қосымша iс жүргiзу үшiн қайтарылса, оны мәнi бойынша қарауға дейiн кеден органының осындай шешiм қабылдаған лауазымды адамы осы Нұсқауда көзделiнген өз өкiлеттiгi шегiнде iс жүргiзу қажеттiгiне байланысты қосымша үшiн iстi қайтару туралы оның шешiм қабылдаған iс жүргiзу әрекеттерi мен шараларын орындау үшiн бұл мерзiм бiтсе не мүлде жетiспесе, iс бойынша iс жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi шешуге мiндеттi. Мұндай жағдайда мерзiмiн ұзарту туралы жазу кеден ережелерiн бұзу туралы iстi қайтару туралы қосымша iс жүргiзу үшiн жазбаша тапсырманың мәтiнiне енгiзiледi.
      Iс бойынша қосымша iс жүргiзу үшiн iстi қайтару кезiнде қалған жағдайларда жалпы тәртiппен ұзартылады.
      Егер кеден ережелерiн бұзу туралы iс "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықтың 350 бабында көзделiнген тәртiппен қосымша iс жүргiзу үшiн қайтарылса, кеден органының осындай шешiм қабылдаған лауазымды адамы осы Нұсқауда көзделiнген өз өкiлеттiгi шегiнде iс жүргiзу қажеттiгiне байланысты қосымша iс жүргiзу үшiн iстi қайтару туралы оның шешiм қабылдаған әрекеттерi мен шараларын орындау үшiн бұл мерзiм бiтсе не мүлде жетiспесе, iс бойынша iс жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi шешуге мiндеттi. Iс бойынша iстi жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қосымша iс жүргiзу үшiн iстi қайтару туралы қаулыда тiкелей көрсетiледi.

      10. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықтың 303 бабында белгiленген кедендегi бұзу туралы iстi қарау мерзiмi кеден органының өкiлеттi лауазымды адамының оны шешу үшiн қажеттi iс материалдарын алған күннен бастап және осы iс бойынша олардың қаулысы шығарылғанға дейiн есептелiнедi.
      Жауапкершiлiкке тартылатын адамнан оның адвокатынан немесе өкiлiнен iстi қарау күнiн ауыстыру туралы өтiнiш түскен жағдайда iстi қарау мерзiмi Қазақстан Республикасы кеден органының осы iстi қарауға құқылы лауазымды адамы "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықтың 303 бабында көзделiнген шарттарды сақтай отырып, ұзартуы мүмкiн. Iстi қарау мерзiмiн ұзарту кеден органының лауазымды адамының көрсетiлген өтiнiште жазбаша жазуы арқылы не осындай адам еркiн нысанда жасаған жеке анықтама арқылы ресiмделедi.

      11. Осы Нұсқаудың ережелерi Қазақстан Республикасы кеден органының қызметiне қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iс бойынша iс жүргiзу мерзiмiн ұзарту тәртiбiне де қатысты қолданылады.

Кеден ережелерiн бұзу iсi бойынша
iс жүргiзу және оны қарау мерзiмiн
ұзарту тәртiбi туралы Нұсқауға
қосымша           

Кеден ережелерiн бұзу туралы
 

      N __________________________
iс бойынша iс жүргiзу мерзiмi
1995 ж. "___"_______ дейiн ұзартамын
ҚР КК Төрағасы/Бастығы   
     ____________________________________
         (Кеден органының атауы)      
    ____________________________________
1995 ж. "___"_______________   
     _____________ ______________________
(қол қою үшiн орын)     (тегi)    

Кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша iс
жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы
ӨТIНIШ

1995 ж. "___"_______________    __________________________
                                 (жасаған орны)
_____________________________________________________________
(өтiнiш жасаған адамның лауазымы, кеден органы, тегi және
______________________________________________________________
            аты-жөнi)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________

Кеден ережелерiн бұзу туралы N ______ iс материалдарын қарап

                              БЕЛГIЛЕДI:
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________

     "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықтың 303
     бабының талаптарын басшылыққа ала отырып

                               ШЕШIМ ЕТТI:

     ______________________________________________________________
                       (кеден органының атауы)
     _________________________________________________ бастығына
     1995 ж. "___"______________ дейiн кеден ережелерiн бұзу туралы
     N_________ iс бойынша iс жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш
     ______________________________________________________________
          (өтiнiш жасаған лауазымды адамның лауазымы, кеден
     ______________________________________________________________
               органы, тегi, аты-жөнi)
     ______________________________________________________________
     қозғалсын.
                                          _________________________
                                                  (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады