Коммуналдық қызмет көрсетуге арналған үлгi шартты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнің 1996 жылғы 12 қаңтардағы N 1/2 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 1 ақпанда N 149 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау қолдау жөнініндегі агенттігінің 2002 жылғы 31 шілдедегі N 170-НҚ бұйрығымен.

      Алқа жұмысының жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
      Қаулы етедi:
      1. Коммуналдық қызмет көрсетуге арналған Үлгi шарт бекiтiлсiн. (Қоса берiлiп отыр).
      2. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерiн пайдаланудың ведомстволық Ережелерi коммуналдық қызмет көрсетуге арналған Үлгi шартқа мiндеттi қосымша деп саналсын.
      3. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы (Осипова Г.М.) тұрғын үй-коммуналдық қызметтерiмен пайдаланудың ведомстволық ережелерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру жөнiндегi жұмысты 1996 жылғы 10 наурызға дейiн аяқтасын.
      4. Баға саясаты жөнiндегi бас басқарма (Попандопуло Е.Н.) шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлердiң өнiмдерi мен қызметiнiң (газ, жылу мен электр энергиясы, сумен жабдықтау, байланыс) бағасын белгiлеу мен олардың өзiндiк құнының кiретiн шығындарды есептеудiң дұрыстығына ұдайы бақылау жасап отырсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Т.Г.Квятковскаяға жүктелсiн.

     Комитет төрағасы

                   Тұрғын үй-коммуналдық қызмет
                  көрсетуге арналған Үлгi шартқа
                             АНЫҚТАМА

      Әрбiр қалада монополист болып табылатын коммуналдық қызмет тарапынан тұтынушыға деген дұрыс көзқарастың жоқтығынан Қазақстан Республикасында Үлгi шарт енгiзу аса қажеттiкке айналып отыр.
      Азаматтық меншiгiне айналған тұрғын үй жекешелендiрiлген соң тұтынушы коммуналдық шаруашылық қызметiнiң тұрғын үйдiң пайдаланылуына байланысты нақты қызмет көрсету (кiре берiстердi, подвалдарды алдын ала, ағымдағы, күрделi жөндеу және т.б.) үшiн ғана абонементтiк ақы төлеуi тиiс, бұл тұрғын үйдi сақтау үшiн қажет, сол сияқты үйдiң айналасын тәртiпке келтiруге байланысты (қоқысты тасып әкету, ағаштардың бұтағын кесу, жолдарды асфальттау, аула тазарту және т.с.) ақы төленедi.
      Бұл жұмыс түрлерiнiң бәрi техникалық-нормативтiк құжаттар негiзiнде атқарылатын болғандықтан, олар әрбiр тұтынушыға арналған калькуляцияланып, тариф белгiленуі керек, сөйтiп азаматтар "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңға сәйкес нақты тауар, қызмет немесе жұмыс үшiн ақша төлеуi тиiс. Әрбiр шаршы метр үшiн аталған қызмет түрлерiне тұтынушылардан төлем алудың қазiргi принципi жоғарыдағы Заңға және нарықтың барлық үрдiстерiне қайшы келедi, сөйтiп, шын мәнiсiне келгенде бұл заңдастырылмаған қосымша салық алу болып табылады.
      Төлем алу да, сол сияқты алынған қаржының жұмсалуы да дүдәмал, сондықтан оны бақылау да оңай емес. Астанадағы "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы" АҚ-ын тексеру пәтер ақыдан түскен 66 миллион теңгенiң жалпы пайдаланымдағы антенналарды жөндеуге, пәтерлердегi желдеткiш тесiктердi, су ағатын құбырларды тазартуға жұмсалғанын көрсеттi. Бiрақ бiз желдеткiштердiң тазартылып, антенналардың жөнделгенiн айғақтайтын бiрде-бiр тұрғынды кездестiре алмадық. Ал су ағар құбырларға келетiн болсақ бүкiл қалада мұндай үйлер әрi кеткенде 20 проценттен көп емес. Сонда су ағары жоқ үйде тұратындар не үшiн ақша төлеген деген сауал туады. Мысалы, коммуналдық қызмет шығындарының арасында үй астындағы (подвал) тақтай едендердi жаңарту үшiн қаржы ұсталды дегенi де ұшырасады, ал шынтуайтқа келгенде сондай еден төселген бiрде-бiр үй жоқ екенi айдан айқын.
      Мұнымен қоса, қызмет көрсету жұмысының тарифi белгiленбегендiктен, пайдалану жөнiндегi және коммуналдық қызмет бытысып кеткен. Мұндай жағдайда аталған қызметтiң қаншалықты шығын келтiретiнiн, салық төлеушiлердiң қаражаты есебiнен қалалық бюджеттен бөлiнетiн жәрдемақының қаншалықты негiздi екенiн айқындау мүлде мүмкiн емес. Мәселен, тiзiмге қоқыс тасып әкету де енгiзiлген, ал төлем қағаздарында бұл жекедей жазылған. Ол ол ма, коммуналдық қызмет көрсетушiлер қоқыс тасуға 84 миллион теңге жәрдемақы сұрап алған, ал ендi "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" АҚ-ның бухгалтерлiк құжаттарынан қоқыс тасу 89 миллион теңге пайда келтiредi (олардың өздерiнiң есебi бойынша) деген деректердi көруге болады. Ал оның бержағында қатты қалдықтарды өңдеу зауыты шығынмен жұмыс iстейдi.
      Ендi басқа коммуналдық қызмет түрлерiн алатын болсақ, олар үшiн ақы төлеу де сараланбаған. Мысалы, астанадағы әрбiр тұрғын көшелердегi дәретханалардың сырланғаны үшiн ақы төлейдi, ал олар үйлер тұрған аудандарда ғана кездеседi ғой. Гүлзарларды қырқып, тәртiптеу үшiн де төлем алынады. Ал гүлзарлардың мекен-саяқ қана ұшырасатына баршаға аян. Мұндай мысалдар толып жатыр.
      Бақылаудың жоқтығын пайдаланып, коммуналдық қызмет көрсетушiлер таза құрылыс жұмыстарын да өз тiзiмдерiне қосып жiберген.
      Тұрғын үйлер жекешелендiрiлгенге дейiн пәтер иесi мен үй шаруашылығы қызметi арасында шарт жасасылып, онда коммуналшылардың белгiлi бiр мiндеттерi көрсетiлетiндi, ал ендi жекешелендiруден соң тұтынушылардың басым көпшiлiгiнiң қолында ешқандай шарт жоқ. Егер бола қалған күнде ол шарттарда тек тұтынушының ғана мiндетi мен жауапкершiлiгi көзделген: уақытылы, ақша төлейсiң, әйтпесе-жаза тартасың! Монополистiң мiндеттерi туралы бiр ауыз сөз жоқ.
      Барлық өркениеттi елдерде тұтынушы мен монополист арасындағы шартқа мемлекет бақылау жасайды. Бiздiң мемлекетке осындай заң әбден қажет-ақ және неғұрлым тез қабылданса, соғұрлым дұрыс болар едi. Кейбiр мемлекеттерде құқық доктринасы сотта "әлсiз" тарапты қорғайды, ал Үлгi шарт бойынша оларда тұтынушы "әлсiз" тарап деп танылады.
      Ұсынылып отырған Үлгi шарттың нысаны тұтынушы мен коммуналдық қызмет көрсетушi арасындағы қатынастарды заңдық негiзге салуды, оларды Азаматтық кодекс пен "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңға сәйкес келтiрудi, сөйтiп оның жұрттың бәрiне түсiнiктi болуын көздейдi. Демек, монополистiң көрсететiн қызметiне баға белгiлеу iсiне бақылау жасап, оның монопольдық жағдайды терiс пайдалануына жол бермеу, тұтынушының өзiн-өзi қорғау мүмкiндiгiн ақиқатқа айналдыру қажет.
      Үлгi шартты тұрғын үй кооперативтерi де, жеке тұрғындар да, яғни жылу, газ, су, электр энергиясын және т.б. сатушылармен тiкелей қарым-қатынастағы барлық азаматтар ойдағыдай пайдалана алады. Бұл тұрғыдан алғанда бiз Үлгi шартты әмбебап етуге ұмтылдық. Мұндай шарт жасасу тұтынушыға өзiнiң әрiптес монополисiне бақылау жасауға, онымен қарым-қатынастарын тең дәрежеде жүргiзуге мүмкiндiк бередi, сөйтiп монополистiң өзiнiң монопольдық жағдайын орынсыз пайдалану, тұтынушының ақшасын бейберекет ұстау мүмкiндiгi азаяды.
 
      Төрағасы
 
      Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетуге арналған бұл Үлгi шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңның және Қазақстан Республикасы Тұрғын үй кодексiнiң негiзiнде әзiрлендi. Жеке азаматтардың немесе тұрғын үй кооперативтерi мен серiктестiктерiнiң коммуналдық қызметтi сатушы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiмен осы шартты жасасу мақсаты: тұрғын үй қорын пайдалану, жөндеу және алдын ала күтiп ұстау жөнiндегi барлық қажеттi техникалық нормаларды орындау негiзiнде Республикадағы тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз етудi әр түрлi тұрғын үй секторларында азаматтардың тұруы үшiн санитарлық нормалар мен қолайлықтың негiзгi өлшемдерiне лайықты жағдайлар жасауды, мiндеттi қызмет көрсету түрлерiн орындайтын монополистке қарағанда әлсiз тарап болып табылатын тұтынушылардың құқықтарын қорғауды көздейдi:
      Осы Үлгi шарт нормативтiк құжат болып табылады.
      Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi алқасының 1996 жылғы "12" қаңтар N 1/2 қаулысымен бекiтiлген.
      Әдiлет министрлiгi 1996 жылғы___________тiркеген.

               ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ
                         АРНАЛҒАН ҮЛГI ШАРТ

     _________қаласы                19____жылғы "__" __________

     _______________________________________________________________

     _______________________________________________________________

     заңды тұлға шарттық iс-қимыл жасауға өкiлдiк берген коммуналдық

қызмет пен оның нақты бөлiмшесiнiң атауы.

     Бiр жағынан, Ереженiң немесе Жарғының негiзiнде iс-қимыл жасаушы

кәсiпорынның, бұдан былай "қызмет көрсетушi" деп аталады атынан

     ________________________________________________________________

     (лауазымы, тегi, ата, әкесiнiң аты)

      және, екiншi жағынан,

     _________________________________________________________________

     (тұрғындар кооперативiнiң, тұрғындар қоғамының (немесе жеке

      меншiк тұтынушы) атауы

     _______________________________________________________________

     (тұрғындар кооперативiнiң лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты, заңды

мекен-жайы немесе жеке меншiк тұтынушының мекен-жайы) бұдан былай

"Тұтынушы" деп аталады,

             ТӨМЕНДЕГI ТУРАЛЫ ОСЫ ШАРТТЫ ЖАСАСТЫ

             Бiрiншi:      ШАРТТЫҢ МӘНI

      1. Қызмет көрсетушi Тұтынушыға осындай қызмет көрсету Ережелерiне сәйкес мiндеттi және қосымша қызметтер көрсете бередi, аталған қызмет түрiн көрсету үшiн қажеттi тұрғын үйлердiң (коммуникациялардың тиiсiнше пайдаланылуын, уақтылы жөнделуiн қамтамасыз етедi:
      газ құбырлары, жылу құбырлары, су құбырлары, электр желiлерi, телефон желiлерi, телефон желiлерi - керегiнiң асты сызылады немесе________________________________қосымша жазылады санитарлық нормалар мен тұтынушының негiзгi талаптарына сәйкес тұтынушының тұрғын жағдайларын қамтамасыз етедi.
      2. Осы шарттың жасасу негiзiнде оған коммуналдық қызметтiң белгiлi бiр түрiн көрсету Ережесi (немесе егер шартты Қызмет көрсетушi-делдал жасасатын болса, шартта көрсетiлген коммуналдық шарттардың барлық түрлерiн көрсету Ережелерi қоса тiркеледi және тараптар Ережелермен танысқаны туралы қол қояды.
      3. Кез келген коммуналдық қызмет түрiн көрсетудiң ведомстволық нормативтiк құжаты болып табылатын Ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi мен "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына қайшы келмеуi тиiс. Қызмет көрсетушi осы шартты жасаса отырып, қазiргi бар Ережелердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiруге мiндеттенедi. Ережелердiң заңдарға қарсы келетiн тармақтарын орындау Тұтынушы үшiн мiндеттi болып табылмайды.
      4. Осы шартты жасасу кезiнде мiндеттi коммуналдық қызметтер мен тараптар айрықша келiсетiн қосымша коммуналдық қызметтердiң тiзбесi қоса тiркеледi.
      Қызметтердiң әрбiр тiзбесi заңға сәйкес тарифтелген, мiндеттi қызмет көрсетуге арналған тарифтердi жергiлiктi Мәслихаттар бекiтiп, олар баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi жергiлiктi комитеттермен келiсiлген.
      5. Қызмет көрсетушi тұтынушы үшiн газ, жарық, жылу, сумен жабдықтау, ыстық су, телерадиокоммуникациялары үшiн төлемақы жинау жөнiнде делдалдық қызмет көрсетедi және осы қаржының аталған қызметтердi көрсетушi шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге уақтылы аударылуын қамтамасыз етедi. (Егер Тұтынушы-тұрғын үй кооперативi немесе жеке меншiк азамат нақты бiр коммуналдық қызмет түрiн сатушымен тiкелей шарт жасасатын болса, бұл тармақ шарттан алынып тасталады).
      6. Тұтынушы үшiн делдалдық қызмет атқарушы қызмет көрсетушi Тұтынушы коммуналдық қызметтердiң барлық түрлерiн көрсету Ережелерiмен, тұрғын үйдi, коммуникациялар мен арнайы аспаптарды (газ плитасы, электр есептеуiш, су өлшегiш және басқалары) дұрыс пайдалану жөнiндегi жауапкершiлiк туралы заңдық нормалармен таныстыруға мiндеттенедi.
      7. Тұтынушы үшiн делдалдық қызмет атқарушы қызмет көрсетушi шарт орындалмаған, Тұтынушының құқықтары бұзылған, коммуналдық қызметтердiң кез келген түрiн сатушының тарапынан сатушыға материалдық және моральдық зиян келтiрiлген жағдайда жауап бередi және үшiншi тараптармен барлық дауларды дербес айқындауға мiндеттенедi.
      8. Шартқа сәйкес көрсетiлетiн мiндеттi қызметтер үшiн Тұтынушы Қызмет көрсетушiге белгiлi бiр сома - Абоненттiк төлем төлейдi.
      9. Қызмет көрсетушi еркiн баға бойынша Тұтынушыға арнайы қосымшада белгiленген қосымша қызметтер көрсете алады. (Тұтынушы қосымша қызметтерден бас тартып, еркiн нарықта оларды басқа атқарушыларды iздеп, тауып алуға құқылы).
      10. Тұтынушы қызмет көрсетушi-делдалға қызметтер тiзбесi (газ, электр энергиясы, жылу, сумен жабдықтау, ыстық су, канализация) үшiн бiрыңғай төлем квитанциясы бойынша төлем төлейдi. Аталған қызметтердiң сатушыларын атап көрсету үшiн керегінiң асты сызылып _________________________________немесе қосымша жазылсын. (Тұтынушы қызмет сатушымен делдалсыз тiкелей шарт жасасқан жағдайда бұл тармақ шарттан алынып тасталады).
      11. Тұтынушы осы Шартқа қол қою арқылы тұрғын үйдi пайдалану Ережелерiмен және коммуналдық қызметтер көрсету Ережелерiмен, тұрғын үй мен қызмет көрсету жөнiндегi нормалар мен Ережелердi орындауға байланысты өзiнiң жауапкершiлiгi және Қызмет көрсетушiнiң жауапкершiлiгi туралы заң нормаларымен танысқанын дәлелдейдi.
 
          Екінші: ТАРАПТАРДЫҢ МIНДЕТТЕРI
 
      1. Қызмет көрсетушi барлық мiндеттi қызметтердi тұрғын үйдi пайдалану жөнiндегi тиiстi нормаларға сәйкес келетiн және әрбiр қызмет түрiн көрсету Ережелерiнде белгiленген мерзiмде (күн сайын, апта сайын, жылына бiр рет, он жылда бiр рет және т.с.) атқаруға мiндеттенедi.
      2. Делдалдық қызмет атқарушы Қызмет көрсетушi Тұтынушы өткен ай үшiн оның есепшотына енгiзген және басқа қызметтердi сатушыларға арналған абоненттiк төлемдi өзiнiң уақытылы аудармай, Тұтынушыға моральдық және материалдық зиян келтiргенi үшiн жауап бередi.
      3. Тұтынушы әрбiр ай аяқталғанша Қызмет көрсетушiнiң есепшотына қызмет көрсетiлгенi үшiн, басқа қызметтер сатушылардың осы айдағы қызметi үшiн абоненттiк төлем енгiзуге мiндеттенедi. (Керегінiң асты сызылсын).
      4. Тұтынушы үшiн абоненттiк төлем мен жоғарыда аталған төлемдердiң мерзiмiн өткiзу күнi үстiмiздегi айдың соңғы күнi болып саналсын.
 
          Үшiншi: ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШIЛIГI
 
      1. Абоненттiк төлем мен жоғарыда аталған басқа төлемдердi төлеу мерзiмi өтiп кеткен жағдайда тұтынушы мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн төлеуге жататын соманың 0,3 процентi мөлшерiнде өсiм төлейдi.
      2. Қызмет көрсетушi Тұтынушы төлеген қызметтердiң әлде-бiр түрiн атқармаған жағдайда қызмет көрсетушi Тұтынушыға аталған қызметтердiң құнын қайтарады және Ұлттық банктiң осы кезде қолданылып отырған проценттiк кредиттiк ставкасы мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      3. Егер Қызмет атқарылмауы себептi Тұтынушыға моральдық зиян келтiрiлсе, тұтынушы зиянның мөлшерiн көрсетiп, талап қояды, сөйтiп бұл талап тараптардың келiсiмi бойынша сотқа дейiн өтелуi тиiс.
      4. Егер Қызмет көрсетушiмен шарттық қатынастарда тұратын басқа бiр заңды тұлғалардың кiнәсiнен қызмет көрсете алмаған болса, Тұтынушы алдында Қызмет көрсетушi жауап бередi, ал өзiнiң шеккен зияны туралы мәселенi ол заңда белгiленген тәртiпке орай басқа заңды тұлғалармен шешедi.
      5. Тұтынушының тарапынан төлем мерзiмi дәлелдi себептерi 30 күннен асып кетсе, қызмет көрсетушi Тұтынушыға қызмет көрсетуден бас тарта алады. Бұл орайда төлем жасалған соң Қызмет көрсетушi Тұтынушыға қызмет көрсетудi қалпына келтiруi тиiс.
      6. Егер Тұтынушыға тиiстi мекемелер мен кәсiпорындардың жалақы немесе зейнетақы төлеудi кешiктiруi себебiнен төлем мерзiмiн өткiзiп алса, Қызмет көрсетушi талап қоюға құқылы, ал Тұтынушы бұл талапты өз ретiмен тиiстi ұйымға немесе кәсiпорынға жолдайды. Бұл орайда Қызмет көрсетушiнiң Тұтынушыға қызмет көрсетуден бас тартуға хақы жоқ.
      7. Тұтынушы ауырып қалса немесе оның отбасында қайғылы жағдайлар болып, олар құжаттармен айғақталса, сөйтiп ол материалдық көп шығынға ұшыраса немесе уақытша еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалтса Тұтынушы осы шарттың үшiншi бөлiмiнде көзделгендей, тараптардың келiсiмi бойынша белгiленген мерзiм iшiнде жауап бермейтiн болады, бiрақ бұл мерзiм аталған жағдайлар аяқталған соң бiр айдан кем болмауы тиiс.
      8. Қызмет көрсетушi мен Тұтынушының арасындағы шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен бұзылуы мүмкiн.

         Төртiншi: Тұтқиыл жағдайлар

     1. Егер Қызмет көрсетушiнiң шартқа сәйкес Тұтынушыға қызмет көрсетуi тұтқиыл жағдайлардың, айталық, табиғат сұрапылы мен апатының, Үкiмет жарияланған төтенше жағдайдың, коммуналдық қызмет көрсетуге қатысы бар әкiмдердiң алыс-берiсiне кедергi келтiрген халықаралық қарым-қатынастар мен шарттардың үзiлуi салдарынан мүмкiн болмай қалса, Қызмет көрсетушi осы шарттың үшiншi бөлiмiнде көзделгендей ретпен жауап бермейдi.

         Бесiншi: Шарттың қолданылу мерзiмi

     1. Шарт оған қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi.

     2. Шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы ______ жылғы "___"

___________________.

     3. Егер жоғарыда айтылған мiндеттi қызметтер көрсету нарығында басқа бiр Қызмет көрсетушi-бәсекелес пайда болып, Тұтынушы онымен аталған қызметтер көрсету жөнiнде шарт жасайтын болса, шарт өзiнен-өзi күшiн жоғалтады.

     4. Шарт тараптардың келiсiмiмен келесi мерзiмдерге ұзартылуы мүмкiн.
     5. Осы шартта көзделмеген даулар немесе тараптар шарт бойынша келiсiмге келе алмаған даулар сот арқылы шешiледi.
     6. Шарт 2 дана болып, әрбiр тарапқа бiр данадан жасалды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады