Азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде алған табысы мен мүлкi жөнiнде декларация тапсыру тәртiбi туралы Нұсқаулық

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi 1996 жылғы 26 тамыздағы N 193. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 8 қазанда N 206 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі N 146 бұйрығымен.

      "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Заң күшi бар Жарлығына U952730_ сәйкес азаматтар мемлекеттiк қызметке кiру немесе мемлекеттiк қызмет бойынша ауысу кезiнде салық салу объектiсi болып табылатын алған табыстары мен жеке меншiк құқығына жататын мүлкi туралы мәлiметтердi салық органдарына тапсыруға мiндеттi. Аталған мәлiметтер салық қызмет органдарының қызметтiк құпиясы болып табылады.
      1. Азаматтар мемлекеттiк қызметке кiру немесе мемлекеттiк қызмет бойынша ауысу кезiнде салық салу объектiсi болып табылатын алған табыстары мен жеке меншiк құқығына жататын мүлкi туралы мәлiметтердi тұрған жерi (салықты тiркеу орны) бойынша салық қызметi органдарына тапсыруға мiндеттi.
      2. Декларация осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда тапсырылады.
      3. Декларация "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес салық салу объектiлерi болып табылатын, декларация берген күнi азаматтардың жеке меншiк құқығындағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 117-бабында анықталған қозғалатын және қозғалмайтын мүлiк көрсетiлуге тиiс.
      4. Салық инспекциясы декларацияны қабылдаған соң 15 күн мерзiмде декларацияның тапсырылғаны туралы осы Нұсқаулықтың N 2 қосымшасына сәйкес анықтаманы азаматтың мемлекеттiк қызметке кiрген немесе мемлекеттiк қызмет бойынша ауысқан жерiне ұсынуға мiндеттi.
      5. Азаматтардың жеке меншiк құқығына жататын алған табыстары мен мүлкi туралы салық органдарына тапсырған декларацияда көрсетiлген мәлiметтер тиiстi құжаттарды талап ету арқылы жүйелi түрде тексерiледi. Тапсырылған декларацияда дұрыс емес мәлiметтер кездескен жағдайда азаматтарды шақырып, оны анықтау қажет және салық төлемеу белгiлерi байқалса, оны қосып есептеп, акт жасау керек.
      6. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығының 175-бабына сәйкес азаматтардың декларацияда көрсеткен мәлiметтерiн салық қызметiнiң қызметкерлерi құпия түрде сақтауға мiндеттi.
      7. Декларацияларды қабылдау және тексеру басшының бұйрығымен анықталған салық қызметiнiң қызметкерлерiне жүктеледi, олар азаматтардың декларацияда көрсеткен мәлiметтерiнiң сақталуына және жария болмауына жауап бередi.
      8. Декларациялар олардың сақталу және құпиялық режимiн қамтамасыз ету шарттарына жауап беретiн арнайы бөлiнген жерде сақталуға тиiс.
      9. Азаматтардың декларацияда көрсеткен табыстары мен мүлкi туралы мәлiметтер құқық қорғау, тексеру органдарының қаулысы бойынша және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өз қызметкерлiк мiндетiн атқару мақсатында салық органдары құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының сұрауы бойынша ғана берiледi.
      10. Азаматтар декларацияда мәлiметтердiң дұрыс көрсетiлуi үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап бередi.

      Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттiк салық комитетiнiң
      төрағасы, Салық қызметiнiң
      I дәрежелi мемлекеттiк
      кеңесшiсi

                                    Қызмет бабында пайдалану үшiн

                                            N____нысан
                                    Қазақстан Республикасы Қаржы
                                    министрлiгi Бас салық
                                    инспекциясының нұсқаулығына
                                    N   қосымша

      Мемлекеттiк қызметке кiретiн азаматтың алған
                 табысы мен мүлкi туралы
                       ДЕКЛАРАЦИЯ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады