Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер берудiң бiрыңғай жүйесiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулық

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылғы 6 маусым. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1996 жылғы 27 қарашада N 222 тіркелді. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiне кадастрлық
нөмiрлер берудiң бiрыңғай жүйесiн жүргiзу жөнiндегi
Нұсқаулық

I. Жалпы ережелер

     1.1. Осы нұсқамалық Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 710 Қаулысымен бекiтiлген "Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу тәртiбiне" сәйкес әзiрлендi және тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiнiң бiрыңғай жүйесiн жүргiзуге арналған.
     1.2. Нұсқамалық тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер берудiң мазмұны мен тәртiбiн белгiлейдi.
     1.3. Жер учаскесiн мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабына жазу кезiнде, учаске қазiрше бүтiн болып сақ тұрғанша сақталатын, Қазақстан аумағында қайталанбайтын оған жеке кадастрлық нөмiр берiледi.
     1.4. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлердi берудiң бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және оның жергiлiктi органдары жүргiзедi.

2. Кадастрлық нөмiрдi құрудың принциптерi

     2.1. Кадастрлық нөмiр аумақтық есеп бiрлiгiне сәйкес 4 деңгейлiк мынадай сатылық құрылымнан тұрады:
     - облыстың немесе республикалық маңыздағы қаланың коды;
     - әкiмшiлiк ауданның немесе облыстық маңыздағы қаланың коды;
     - есептегi кварталдың коды;
     - жер учаскесiнiң нөмiрi.
     2.2. Кадастрлық нөмiрдiң бiрiншi деңгейiнде әкiмшiлiк облыстың немесе "Жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлердi қалыптастыру мақсатына арналған облыстар мен республикалық мақсаттағы қалаларға берiлетiн кодтардың тiзбесiне" сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 710 қаулысына 1-қосымша) республикалық маңыздағы қаланың коды көрсетiледi.
     2.3. Кадастрлық нөмiрдiң екiншi деңгейiнде әкiмшiлiк ауданның немесе "Жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлердi қалыптастыру мақсатына арналған әкiмшiлiк аудандар мен облыстық (аудандық) мақсаттағы қалаларға берiлетiн кодтардың тiзбесiне сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 710 қаулысына 2-қосымша) облыстық маңыздағы қаланың коды.
     2.4. Кадастрлық нөмiрдiң үшiншi деңгейiнде әкiмшiлiк аумақтың бөлiгi болып табылатын есептегi кварталдың немесе облыстық маңыздағы қаланың коды көрсетiледi.
     2.5. Есептi кварталдардың шекаралары мен кодтарын сәулет және қала құрылысы органдарының келiсiмiмен, сондай-ақ техникалық түгендеумен жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық комитетi анықтайды және кейiнгi уақытта құқықтық кадастрда пайдалануға тиiстi құзыреттi атқарушы орган бекiтедi.
     2.6. Облыстардың, республикалық маңыздағы қалалардың, әкiмшiлiк аудандардың, облыстық маңыздағы қалалардың және есептегi кварталдардың оларды қайта құру нәтижесiнде шекаралары мен кодтарын өзгертудi оларды бекiткен атқарушы органдар жүргiзедi.
     2.7. Кадастрлық нөмiрдi құру барысында азаматтарға немесе заңды тұлғаларға меншiкке, жердi тұрақты немесе уақытша пайдалануға берiлген жер учаскесi негiзгi бiрлiк болып табылады.
     2.8. Есептi кварталдардың жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлердi жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық комитеттер бередi.
     2.9. Жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрiнiң құрылымына мынадайc кодтар ұсынылады:
     - екi алғашқы саны облыстық немесе республикалық маңыздағы қаланың кодын;
     - одан кейiнгi үшеуi, алғашқы екеуiнен сызықша белгiсiмен бөлiнген, әкiмшiлiк ауданның немесе облыстық маңыздағы қаланың кодын;
     - одан кейiнгi келесi үшеуi, сызықша арқылы бөлiнген, әкiмшiлiк аудандағы есептi кварталдың немесе облыстық маңыздағы қаланың кодын;
     - бұрынғылардан сызықша белгiсiмен бөлiнген, соңғы үш сан есептi кварталдың iшiндегi жер учаскесiнiң нөмiрiн бiлдiредi.
     Кадастрлық нөмiрдi құру үлгiсi:
     02-021-043-111-де
     02 - облыстың кодын,
     021 - ауданның кодын,
     043 - есептi кварталдың кодын,
     111 - жер учаскесiнiң нөмiрiн бiлдiредi.

3. Есептi кварталдарды белгiлеу және оларға
кодтар беру тәртiбi

     3.1. Есептегi кварталдардың шекараларын және кодтарын белгiлеу үшiн әуелi әкiмшiлiк ауданның немесе облыстық маңыздағы қала iшiндегi есептi кварталдарды бөлуден тұратын кадастрлық аймақтандыруды (зонаға бөлу) жүргiзу қажет.
     3.2. Есептегi кварталдың шекаралары мен көлемiн белгiлеудiң өлшемi болып, ондағы 999 жер учаскенiң, соның iшiнде 700 жер учаскесiнiң бар болуы болып табылады. Қалған 299 есептегi нөмiрлер оларды жаңа жер учаскелерiне немесе қолда бар жер учаскелерiн бөлу немесе оларды бiрiктiруде пайдаланылатын резервтi нөмiрлер болып табылады.
     Жаңа жер учаскелерiне берiлетiн есептi нөмiрлер резервi жергiлiктi жағдайға байланысты анықталады.
     Егер болашақта қалалық немесе селолық тұрғындардың едәуiр өсуi, бау бақша шаруашылығына жаңа жерлер бөлу, жердi интенсивтi игеру, ауылшаруашылығы кәсiпорындарын қайта құру және т.б. көзделген жағдайларда есептегi кварталда жаңа жер учаскелерiне беру үшiн нөмiрлердiң үлкен резервiн қалдыру қажет. Жаңа жер учаскелерiнiң көп мөлшерде пайда болуы көзделмеген жағдайда есептегi кварталдағы олардың нөмiрлерiнiң резервi болжамдағы пайда болатын жаңа жер учаскелерiне сәйкес 30%-тен (кем емес) резерв қабылданады.
     3.3. Есептегi кварталдар болып төмендегiлер есептелуi мүмкiн:
     - қалаларда - аудан, шағын (мөлтек) аудан, квартал;
     - әкiмшiлiк аудандарда - елдi мекен немесе оның бөлiгi, бау шаруашылығы кооперативi (серiктестiгi), оның бөлiгi бау шаруашылығы кооперативтерiнiң (серiктестiктерiнiң) жиынтығы, ауыл шаруашылығы кәсiпорны, олардың жиынтығы немесе бөлiгi, линиялық объектiлер: темiр жол және автомобиль жолдары, байланыс, электрмен қамтамасыз ету желiлерi, бөлу жолақтары бар жер асты құбыр желiлерi, су шаруашылығы объектiлерi т.б.
     Әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарды есептегi кадастр бiрлiгiне енгiзу схемасы N 1 қосымшада келтiрiлген.
     3.4. Есептегi кварталдарға әртүрлi мақсатқа арналған жер учаскелерi енгiзiлуi мүмкiн.
     3.5. Жер учаскелерiнiң санын анықтау, оларды қалаларда және басқа елдi мекендердегi есептегi кварталдары бойынша бөлу үшiн жерге есеп жүргiзу құжаты, меншiк құқына, жердi пайдалану құқығына актiлер беру мәлiметтерiнiң банкi, жеке үй құрылысының, өнеркәсiп және әлеуметтiк-тұрмыстық объектiлердiң, жобалау және болжау жұмыстары бар инфрақұрылымдардың болуы туралы мәлiметтер қолданылады.
     Есептегi кварталдардың шекараларын белгiлеу үшiн елдi мекендердiң дамуы мен құрылысының бас жоспары, масштабы есептегi кварталдың шекараларын белгiлеуге жағдай жасайтын басқада картографиялық материалдар пайдаланылады.
     3.6. Саны 700-ден аспайтын жер учаскелерi бар селолық елдi мекендердi жеке есептегi кварталдарға бөлу мақсатқа сай болады.
     3.7. Бiр есептегi кварталға саны жалпы алғанда 700-ден аспайтын бiр алапта жинақы орналасқан бiрнеше бау шаруашылығы кооперативтерiн (серiктестiктерiн) енгiзуге болады. Учаскелердiң санын бау шаруашылығы кооперативiнiң тiзiмi бойынша немесе алаптық жалпы көлемiнiң және бекiтiлген бау учаскесiнiң нормаларын есептеп бөлу арқылы белгiлеуге болады.
     3.8. Қазiргi уақытта жоспарлау - картографиялық материалдар ауылшаруашылығы кәсiпорындарының олар жекешелендiру және қайта құруға дейiнгi шекаралар негiзiнде бар. Осыған байланысты, олардың аумақтарын, акционерлiк қоғамдардың, ауыл шаруашылық кооперативтердiң, шаруа қожалықтарының және басқа жер пайдаланушылардың (олардың бөлiктерiнiң) жерлерiндегi ауыл шаруашылығына арналған.
     Жер учаскелерiнiң санын анықтау барысында ауылшаруашылық кәсiпорындарын мемлекет иелiгiнен алу, жекешелендiру және қайта құру материалдары, шаруашылық жүргiзудiң жаңа нысандарын ұйымдастырудың өтiп жатқан процесi, учаскелер саны, ұйымдасып жатқан ауылшаруашылығы құрылымына келiп шаққанда (шаруа қожалығы, кооперативтер), осы кәсiпорындардың қызметкерлерiнiң және басқа селолық тұрғындардың шартты жер үлесiнiң барлығын, анықтау принциптерi мен әдiстерi және басқа қолда бар мәлiметтер қолданылады.
     3.9. Бөлу жолақтары бар жер санатына жатқызылатын тиiстi желiлiк объектiлердi олардың қызмет маңызына қарай есептегi кварталдарға мақсатқа сай бөлуi керек. Темiр жолдары, автомобиль жолдары, су шаруашылығы ғимараттары және т.б. жеке-жеке бөлiнедi. Бұл жағдайда оларды бiр есептегi кварталға бiрiктiру (мысалы: байланыс және электрмен қамтамасыз ету, газ және мұнай құбырлары объектiлерi) мүмкiндiгi де естен шығарылмауы керек.
     3.10. Ерекше табиғат қорғалатын аумақтарының, орман қорының және босалқы жерлер қажеттi жағдайларда жеке немесе бiрiккен есептегi кварталдарға бөлiнедi.
     3.11. Кадастрлық аймақтандыру жүргiзiлгеннен кейiн, есептегi кварталдың саны мен атауы белгiленген соң, әкiмшiлiк аудандағы немесе облыстық маңыздағы қалада есептегi кварталдарға берiлетiн кодтардың тiзбесi жасалады (N 2 қосымша).
     3.12. Пайдалануға қолайлы болу үшiн әкiмшiлiк аудандардың iшiндегi есептегi кварталдарға кодтар беру барысында бұрынғы ауылшаруашылығы кәсiпорындарының жер пайдалану шекаралары негiзiнде жүргiзу қолайлы болады (кеншарлар, ұжымшарлар). Олардың шекаралары, негiзiнде есептегi кварталдарға кодтар беру мынадай тәртiпте жүргiзiледi: а) елдi мекендер, б) бау шаруашылығы кооперативтерi (серiктестiктерi), в) осы аумақтағы ауыл шаруашылығы кәсiпорнынан құрылған квартал.
     Бұдан кейiн темiр жолдар, автомобиль жолдары, су шаруашылығының объектiлерi, электрмен қамтамасыз ету, байланыс желiлерi алып жатқан жер учаскелерiнен құрылған есептегi кварталдарға кодтар берiледi.
     Ерекше табиғи қорғау аумақтарының, орман қоры мен босалқы жер учаскелерiнен құрылған есептегi кварталдарға кодтар берумен нөмiрлеу аяқталады.
     3.13. Есептегi кварталдардың орналасқан жерi, көлемi, шекаралары мен кодтары әкiмшiлiк ауданның немесе облыстық маңыздағы қаланың кадастрлық картасына (сызбасына) енгiзiледi (N 3 қосымша).
     Картографиялық материал ретiнде жер пайдаланушылардың орналасу схемасы, әкiмшiлiк аумақтың кезекшi картасы, облыстық маңыздағы қаланың жоспары (сызбасы) және басқа да есептегi кварталдарды бейнелеуге қолайлы жағдай жасайтын масштабтағы жоспарлы негiздерi пайдаланылуы мүмкiн.
     Қажеттi жағдайларда кадастрлық карта (сызба) бiрнеше бөлiкке бөлiнiп жасалуы мүмкiн. Интенсивтi пайдаланылатын және көлемi бойынша көп емес есептегi кварталдар аумағында аса iрi масштабтағы картаның (сызба) үзiгi (фрагмент) жасалады.
     Есептегi кварталдың атауымен кодын жазу мүмкiн болмаған жағдайда олардың аттары, симаған есептегi кварталдардың тiзiмi картаға (сызбаға) бөлектеп көрсетiледi.
     3.14. Әкiмшiлiк аудандағы немесе облыстық маңыздағы қаладағы есептi кварталдарға берiлетiн кодтардың тiзiмiн және кадастрлық картаны тиiстi атқарушы органдары бекiтедi және қаулымен ресiмдейдi.

4. Тiркеу мақсатында жер учаскелерiне кадастрлық
нөмiрлер берудiң бiрыңғай жүйесiн жүргiзу жөнiндегi
жұмыстарды орындау

     4.1. Жер учаскелерiне кадастрлық нөмiр беру жер учаскесiне меншiк құқына және тұрақты жер пайдалану құқына акт жасау кезiндегi жұмыстардың барысында жүргiзiледi.
     4.2. Жергiлiктi атқарушы органның уақытша жер пайдалануға бөлiнген жер учаскесi нақты түрде белгiленедi және жалдау шартын жасау жөнiнде жұмыстардың барысында кадастрлық нөмiр берiледi.
     4.3. Жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi Қазақстан Республикасының аумағында қайталанбайтын жеке (дара) болады.
     4.4. Жер учаскесi бiрнеше бөлiкке бөлу немесе бiрнеше жер учаскелерiн бiр учаскеге бiрiктiрген жағдайда бұрынғы нөмiрлер жойылады және оған жаңа нөмiрлер берiледi.
     4.5. Барлық жер учаскелерiне меншiк құқығы, жердi тұрақты немесе уақытша (бiр жылдан аса мерзiмге) пайдалану құқығы басқа меншiк иесiне ауысқан жағдайда жер учаскесiнiң кадастрлық номерi ауыстырылмайды.
     4.6. Азаматтарға немесе заңды тұлғаларға аталған құқықтарда бұрын берiлген жер учаскесiнiң шекарасын айқындау жаңа жер учаскесiнiң пайда болуы ретiнде қаралмайды және оның кадастрлық нөмiрi ауыстырылмайды.
     4.7. Егер есептегi кварталға жедел код беру объективтi себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, осы кварталдың iшiндегi жер учаскелерiне уақытша кадастрлық нөмiрлер берiледi. Бұл жағдайда мұндай кварталдың коды кадастрлық нөмiрдiң нақты есептi кварталдың шартты берiлуiн көрсетуге тиiс "9" санымен басталады. Есептi кварталдық заңды статусын одан кейiнгi анықтау кезiнде бұрын берiлген шартты нөмiрдi көрсету арқылы оған нағыз код берiледi.
     4.8. Жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi Мемлекеттiк кадастрлық кiтапқа енгiзiледi және ол есептi кварталдың кадастр картасына қойылады.
     4.9. Жер учаскесiнiң орнын көлемiн және шекараларын көрсетудiң көрнектiлiгiн және олардың шұғыл түрде есебiн алуды қамтамасыз ету мақсатында кадастрлық карталар (сызбалар) сериясы бақылау жағдайында құрылады және ұсталады:
     - осы нұсқаулықтың 2.2. тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының кадастрлық картасы (сызбасы) облыстар мен республикалық маңыздағы қалалардың шекаралары, атаулары мен кодтары көрсетiлген. Картографиялық негiзi ретiнде Қазақстан Республикасының жер пайдалануларының орналасу кестесiнiң пайдаланылуы мүмкiн;
     - 2.3 тармаққа сәйкес облыстардың кадастрлық картасы (сызбасы) әкiмшiлiк аудандардың және облыстық маңыздағы қалалардың шекаралары, атаулары және нөмiрлерi арқылы көрсетiледi. Жоспарлық негiз ретiнде облыстық жер пайдаланудың орналасуының кестесi, облыстық маңызы бар қалалардың жоспарлы (кестесi) пайдаланылуы мүмкiн;
     - әкiмшiлiк ауданның немесе облыстық маңызы бар қалалардың кадастрлық картасы (сызбасы) есептi кварталдардың шекаралары, атаулары және кодтары көрсетiлуi арқылы. Оны әзiрлеу тәртiбi 3.13 тармақта баяндалған;
     - есептi кварталдық кадастрлық картасы жер учаскелерiнiң шекаралары және нөмiрлерi көрсетiлуi арқылы (N 4, 5 қосымшалар).
     Есептi кварталдың кадастрлық картасының (кестесiнiң) картографиялық материалдары ретiнде ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының жер пайдалану жоспары, елдi мекеннiң жоспары (кестесi), бау шаруашылығы кооперативiндегi (серiктестiгiндегi), саяжай учаскелерiнiң орналасу кестесi, су шаруашылығы объектiлерiнiң, жол желiлерiнiң даму және орналасу кестесi, жер учаскелерiнiң желiлiк және көлемдiк сипаттамаларын өзгертуге және өзгерiстер енгiзуге мүмкiндiк туғызатын масштабта басқа картографиялық негiз пайдаланылуы мүмкiн.
     4.10. Есептi кварталдың кадастрлық картасында жер учаскелерiнiң шекаралары оны куәландыратын құқықты құжаттарға және тиiстi масштабындағы карталарда (сызбаларда) жоспарларына сәйкес көрсетiледi.
     4.11. Кадастрлық карталарды (сызбаларды) құрастыруды, жүргiзудi және оған кейiн енгiзiлетiн жаңартуларды оларды бақылау жағдайында Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдары жүзеге асырады. Және осы материалдарды Әдiлет министрлiгiнiң тiркеу органдарына бередi.
     4.12. Мемжеркомының аумақтық органы жер учаскесiне кадастрлық нөмiр беру және мемлекеттiк жер кадастрында есепке қою туралы тапсырыс берушiге (жер құқық қатынастарының субъектiсiне) және тiркейтiн органға жазба түрде хабарлайды. Тапсырыс берушiге Мемжеркомының аумақтық органы бекiткен, жер учаскесiнiң жаңа кадастрлық нөмiрi кадастрлық картада (сызбада) өзгертулерi көрсетiлген есептi кварталдың кадастрлық картасының (сызбасының) тиiстi бөлiгiнiң көшiрмесi берiледi.

Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiне кадастрлық
нөмiрлер берудiң бiрыңғай жүйесiн жүргiзу жөнiндегi
Нұсқаулыққа
ТОЛЫҚТЫРУ

     Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер берудiң бiрыңғай жүйесiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулыққа толықтыру Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнулерi қайта ұйымдастырылған жағдайда жер-кадастрлық аймақтандыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру үшiн әзiрлендi.
     Облыстардың әкiмшiлiк шекаралары өзгерген немесе ол таратылған жағдайда қайта құрылған облыстың әкiмшiлiк аудандарының кодтары олар Қазақстан Республикасының 06.06.96 ж. N 710 қаулысымен белгiленген тәртiпте берiлетiн және бекiтiлетiн тиiстi облыстардың тiзбесiне өзгертулер енгiзiледi.
     Әкiмшiлiк аудандар қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда есептi кварталдарды анықтау және оларға кодтар беру мынадай тәртiпте жүргiзiледi:
     1. Iрiлендiрiлетiн (базалық) әкiмшiлiк ауданда есептi кварталдардың кадастрлық нөмiрлерi өзгертiлмейдi.
     Жер-кадастрлық аймақтандыру материалдарына түзетулер енгiзу тек қана таратылатын (қайта құрылған) аудан аймағының тек оған қосылатын бөлiгiнде жүргiзiледi.
     2. Елдi мекендердiң, бау шаруашылығы кооперативтерiнiң, ауыл шаруашылық және таратылған (қайта құрылған) ауданның басқа да мекемелерiнiң жер учаскелерiнен бұрын құрылған есептi кварталдар мүмкiндiгiнше сақталады. Керек болғанда оларды нақтылау жүргiзiледi.
     3. Темiр және автомобиль жолдары, байланыс желiлерi және басқа желiлi объектiлер алып жатқан, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының, орман қорының және т.т. жер учаскелерiнен құрылған есептегi кварталдар iрiлендiрiлген ауданның толық сай келетiн кварталдарымен бiрiгуi мүмкiн.
     4. Таратылған (қайта құрылған) ауданның есептi кварталдарына олар берiлетiн әкiмшiлiк ауданның есепте бар кварталдарының нөмiрлерiнен кейiн келесi реттiк нөмiрлер берiледi.
     5. Бiрiккен есептi кварталдардың оларға iрiлендiрiлген ауданда берiлген реттiк нөмiрлерi сақталады.
     6. Есептi кварталдарға кадастрлық нөмiрлер берудiң ретi тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер берудiң бiрыңғай жүйесiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықтың 3.12 тармағына сәйкес жүргiзiледi.
     7. Таратылған (қайта құрылған) ауданның аумағына есептi кварталдардың саны мен атауы белгiленгеннен кейiн есептi кварталдарға берiлетiн кодтардың қосымша тiзбесi және қосымша жер-кадастрлық карта (сызба) жасалады. Оларды жасау тәртiбi тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер берудiң бiрыңғай жүйесiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықтың 3.13 тармағында және 2, 3 қосымшаларында айтылған.
     8. Таратылған (қайта құрылған) аудан аумағының жер-кадастрлық картасы (сызбасы) жасалғанда бұрынғы жер-кадастрлық картасына (сызбасына) түзетулерге жол берiледi. Бұл ретте есептi кварталдардың ескi кодтары сызып тасталады (бiрақ оларды оқу мүмкiншiлiгi сақталуы керек), ал жанына қара сиямен аудан қайта құрылғаннан кейiн берiлген, оған есептi кварталдардың жаңа кодтары жазылады.
     9. Аудандар қайта құрылғанда аздаған өзгерiстер болғанда аудандық атқарушы орган қайта бекiтетiн есептi кварталдардың кодтарының жалпы тiзiмi мен жалпы жер-кадастрлық картасы (сызба) қайта жасалуы мүмкiн.
     10. Есептi кварталдарға берiлетiн қосымша кодтар тiзiмiн және жер-кадастрлық картаны (сызбаны) аудандық атқарушы орган бекiтедi және тиiстi қаулымен ресiмдейдi.
     11. Жоғарыда аталған жұмыстарды жүргiзуге кеткен шығындар Қазақстан Республикасының Мемжеркомы 1996 жылғы 26-шiлдеде бекiткен "Тiркеу мақсаты үшiн есептi кварталдарды белгiлеу жөнiндегi жер-кадастрлық аймақтарға бөлудi жүргiзу жұмыстар құнына" жұмыстарының көлемiне байланысты төмендеткiш коэффициентпен анықталады.
     12. Таратылатын (қайта құрылатын) ауданның есептi кварталдарының шегiнде жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер беру тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер берудiң бiрыңғай жүйесiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықтың 4-тарауына (Алматы, 1996 ж.) сәйкес жүргiзiледi.
     Бұл ретте жер учаскелерiне берiлген нөмiрлер сақталады және кезектi кадастрлық нөмiрлер оларға аудан құрылғанға дейiнгi есептi кварталдағы бар жер учаскелерiнiң нөмiрлерiнің соңынан берiледi.
     13. Таратылған (қайта құрылған) аудан аумағындағы, жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығы берiлген жер
учаскесiнiң кадастрлық нөмiрiн өзгерту жерге құқын куәландыратын құжаттар қайта ресiмделген кезде жүргiзiледi.

                                                           Қосымша

     Қайта құрылатын немесе таратылатын әкiмшiлiк ауданның есептi кварталдарына кадастрлық нөмiрлер беру тәртiбi (қайта құрылатын немесе таратылған әкiмшiлiк аудан қосылатын әкiмшiлiк аудандағы есептi кварталдың соңы реттiк нөмiрi 210 тең болды).
___________________________________________________________________
                                         |Аудан қайта |Аудан қайта
  Есептi кварталдардың атаулары          |құрылғанға  |құрылғаннан
                                         |дейiнгi     |кейiнгi
                                         |есептi квар.|есептi квар.
                                         |талдардың   |талдардың
                                         |кодтары     |кодтары
__________________________________________|____________|___________
Самбай селосы                             |    001     |    211
__________________________________________|____________|___________
Орел бау шаруашылығының кооперативi       |    002     |    212
__________________________________________|____________|___________
Алға акционерлiк қоғамының шекараларындағы|    003     |    213
жер учаскелерi (солтүстiк бөлiгi)         |            |
__________________________________________|____________|___________
Алға акционерлiк қоғамының шекараларындағы|    004     |    214
жер учаскелерi (солтүстiк бөлiгi)         |            |
__________________________________________|____________|___________
Ильинка с. (батыс бөлiгi)                 |    005     |    215
__________________________________________|____________|___________
Ильинка с. (шығыс бөлiгi)                 |    006     |    216
__________________________________________|____________|___________
Алға қаласының бау шаруашылықтарының елдi |    007     |    217
мекен алабы                               |            |
__________________________________________|____________|___________
Весна, Алға, Осень бау шаруашылығы        |    008     |    218
кооперативтерiнiң елдi мекендер алабы     |            |
__________________________________________|____________|___________
Хлебороб шаруа қожалықтарының ассоциация. |    009     |    219
сының шекараларындағы жер учаскелерi      |            |
__________________________________________|____________|___________
Весна ауыл шаруашылығы кооперативiнiң     |    010     |    220
шекараларындағы жер учаскелерi            |            |
__________________________________________|____________|___________
Темiржол көлiгiнiң жерлерi                |    011     |    221
__________________________________________|____________|___________
Автомобиль көлiгiнiң жерлерi (бiрлескен)  |    012     |    209
__________________________________________|____________|_________
    ЕСКЕРТУ. Нұсқаулыққа толықтыру енгiзiлдi - ҚР Жер қатынастары
             және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк
             комитетiнiң 1997.03.04. N 40 бұйрығымен .

                                                        N 1 қосымша

          Әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарды кадастрлық
          нөмiрдiң есептi деңгейiне жатқызу тәртiбi
___________________________________________________________________
                                                |Есептi деңгейлерi
     Әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың атауы     |_________________
                                                |  1  |  2  |  3
_________________________________________________|_____|_____|_____
                                                |     |     |
1. Республикалық маңызы бар қала                 |  +  |     |
_________________________________________________|_____|_____|_____
1.1. Аудан                                       |     |  +  |
_________________________________________________|_____|_____|_____
1.1.1. Шағын (мөлтек) аудан, оның бөлiгi         |     |     |  +
_________________________________________________|_____|_____|_____
1.1.2. Бау шаруашылығы кооперативi (серiктестiгi)|     |     |  +
оның бөлiгi (бау шаруашылығы кооперативiнiң      |     |     |
(серiктестіктердiң) жиынтығы                     |     |     |
_________________________________________________|_____|_____|_____
2. Әкiмшiлiк облыс                               |  +  |     |
_________________________________________________|_____|_____|_____
2.1. Облыстық маңыздағы қала                     |     |  +  |
_________________________________________________|_____|_____|_____
2.1.1. Аудан оның бөлiгi, квартал                |     |     |  +
_________________________________________________|_____|_____|_____
2.1.2. Бау шаруашылығы кооперативi (серiктестiгi)|     |     |  +
оның бөлiгi (бау шаруашылығы кооперативтерiнiң   |     |     |
(серiктестіктерiнiң) жиынтығы)                   |     |     |
_________________________________________________|_____|_____|_____
2.2. Әкiмшiлiк аудан                             |     |  +  |
_________________________________________________|_____|_____|_____
2.2.1. Елдi мекен (оның бөлiгi)                  |     |     |  +
_________________________________________________|_____|_____|_____
2.2.2. Бау шаруашылығы кооперативi (серiктестiгi)|     |     |  +
оның бөлiгi (бау шаруашылығы кооперативтерiнiң   |     |     |
(серiктестіктерiнiң) жиынтығы)                   |     |     |
_________________________________________________|_____|_____|_____
2.2.3. Акционерлiк қоғамдар, ауылшаруашылығы     |     |     |  +
кәсiпорындарының шектерiнде оларды мемлекет      |     |     |
иелiгiнен алғанға және қайта құрылғанға дейiн    |     |     |
пайда болған ауылшаруашылығы кооперативтерi,     |     |     |
шаруа қожалықтары және өзге жер пайдаланушылар   |     |     |
_________________________________________________|_____|_____|_____
2.2.4. Темiржол көлiгiнiң жерлерi                |     |     |  +
_________________________________________________|_____|_____|_____
2.2.5. Автомобиль көлiгiнiң жерлерi              |     |     |  +
_________________________________________________|_____|_____|_____
2.2.6. Су шаруашылығы объектiлерiнiң жерлерi     |     |     |  +
_________________________________________________|_____|_____|_____
2.2.7. Электр, байланыс желілерінiң аумағындағы  |     |     |  +
жерлер                                           |     |     |
_________________________________________________|_____|_____|_____
2.2.8. Мұнай құбырлары алып жатқан жерлер        |     |     |  +
_________________________________________________|_____|_____|_____
2.2.9. Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының,   |     |     |  +
орман қоры мен босалқы жерлер және т.б.          |     |     |
_________________________________________________|_____|_____|_____
    Ескерту: саны 700 дейiн жер учаскелерi бар есептi кварталдар.

                                                        N 2 қосымша

                                               Ақтөбе облысы
                                            Алға ауданы әкiмiнiң
                                         1996 жылғы "___"_________
                                            N _______ қаулысына
                                                   қосымша

         Ақтөбе облысы (02) Алға ауданының (022) жер
       учаскелерiне кадастрлық нөмiр құру мақсаты үшiн
        есептi кварталдарға берiлетiн кодтар тiзiмi
___________________________________________________________________
      Есептi кварталдардың атаулары         |Есептi кварталдың коды
_____________________________________________|_____________________
Самбай селосы                                |         001
_____________________________________________|_____________________
Орел бау шаруашылығының кооперативi          |         002
_____________________________________________|_____________________
Алға акционерлiк қоғамы (солтүстiк бөлiгi)   |         003
_____________________________________________|_____________________
Алға акционерлiк қоғамы (оңтүстiк бөлiгi)    |         004
_____________________________________________|_____________________
Ильинка селосының батыс бөлiгi               |         005
_____________________________________________|_____________________
Ильинка селосының шығыс бөлiгi               |         006
_____________________________________________|_____________________
Алға қаласының бау шаруашылықтарының елдi    |         007
мекен алабы                                  |
_____________________________________________|_____________________
Весна, Алға, Осень бау шаруашылығы           |         008
кооперативтерiнiң елдi мекендер алабы        |
_____________________________________________|_____________________
Хлебороб шаруа қожалықтарының ассоциациясы   |         009
_____________________________________________|_____________________
Весна ауыл шаруашылығы кооперативi           |         010
_____________________________________________|_____________________
Темiржол көлiгiнiң жерлерi                   |         011
_____________________________________________|_____________________
Автомобиль көлiгiнiң жерлерi                 |         012
_____________________________________________|_____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады