ҚР ҚМ БСИ-ның "Мүлiкке салықты есептеу және төлеу тәртiбi туралы" Нұсқаулығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетi 1997 жылғы 24 қаңтар N 19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 17 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 31. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

 

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------

               Мемлекеттік кіріс министрінің

           2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы


 
 
       "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      19. "Мүлiк салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының N 38 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң 1997 жылғы 24 қаңтардағы N 19 V970031_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
      Салық заңдарын жетiлдiру мақсатында және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Z952235_ Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Заңына

 

сәйкес бұйырамын:

     1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық

инспекциясының N 38 


V950071_


  "Мүлiкке салықты есептеу және төлеу тәртiбi

туралы" Нұсқаулығына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

     Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң бұйрығына 3

беттiк N 1 қосымша қоса тiркеледi.

     Төраға

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Мемлекеттiк салық

                                       комитетiнiң бұйрығына

                                       N 19 24 қаңтар 1997 жыл

              1995 жылғы 27 маусымдағы N 38 "Мүлiкке салықты

                    есептеу және төлеу тәртiбi туралы"

                 Нұсқаулығына өзгертулер мен толықтырулар

     11-тарау

     4-тармақтағы "0,5 процент" сөзi "1 процент" сөзiмен ауыстырылсын;

     5-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

     "Жеке тұлғалардың мүлiктерiне салынатын салық, кәсiпкерлiк қызметте

қолданылмайды, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттi органы анықтаған

жылжымайтын мүлiк құны мынадай ставкалар бойынша жыл сайын төленедi:

     1) 1000000 теңгеге дейiн жылжымайтын мүлiк құнының

                                    0,1 процентi;

     2) 1000000-нан 2000000         1000000 теңгенiң жылжымайтын

        теңгеге дейiн               мүлiк құны салығының сомасы

                                    + одан асатын соманың 0,15%;

     3) 2000000-нан 3000000         2000000 теңгенiң жылжымайтын

        теңгеге дейiн               мүлiк құны салығының сомасы

                                    + одан асатын соманың 0,2%;

     4) 3000000 теңгеден және       3000000 теңгенiң жылжымайтын

        одан жоғары                 мүлiк құны салығының сомасы

                                    + одан асатын соманың 0,3%;

     5-тармақтың 3 және 4-абзацтарындағы "0,5 процентi" сөзi "1 процент"

сөзiмен ауыстырылсын;

     III-тарау


 
       6-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "салық Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттi органы анықтаған баға негiзiнде есептеледi".
      3-абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Егер салық алынатын кезеңде салық салынатын, құрылыстардың, ғимараттардың және үйлердiң бағасын құжат бойынша белгiлеу мүмкiн болмаса, онда салық органдары жылжымайтын мүлiктi бағалау және тiркеу бойынша органдарда бар ұқсас құрылыстардың бағаларынан

 

шыға отырып анықтайды".

     4-абзацпен толықтырылсын: "Салықты есептеу салық жылының 1-қаңтардағы

жағдайы бойынша жылжымайтын мүлiк бағасынан шыға отырып жүргiзiледi".

     7-тармақтың 2 абзацындағы "коммуналдық шаруашылықтар (ТИБ),

басқармалар" сөзi алынып тасталсын.

     4-абзацтағы "Коммуналдық органдар" сөзi алынып тасталсын.

     17-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

     "Салық салынатын нысандардан тұрған жерлерi бойынша салық алынады".

     IV тарау

     18-тармақтың 4-тармақшасы мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:

"осындай нысандар кәсiпкерлiк қызметке пайдаланылмаған жағдайда.

Мемлекеттiк автомобиль жолдары мен құрылыстарының құрамындағы оларға

мынадай нысандар енгiзiледi:

     - жол алқабы;

     - жылдың конструктивтiк элементтерi;

     - жолдардың жағдайы және орналастыру;

     - көпiрлер;

     - жол өткелдер;

     - виадуктер;

     - көлiк шешiлiмi;

     - тоннелдер;

     - қорғағыш галереялар;

     - жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған құрылыстар мен

қондырғылар;

     - су алқабы және су өткiзетiн құрылыстар;

     - жол бойындағы орман алқабы;

     - тораптық тұрғын үйлер.

     18-тармақтың 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "Ақмола

қаласында құрылыс салумен айналысатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi

айқындайтын заңды тұлғалар, құрылыс жұмыстарымен байланысты әрекет ету

кезеңiне, бiрақ бес жылдан артық емес".

     19-тармақтағы "мүлiк бойынша ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдайы

бойынша ең төменгi еңбек ақы" сөзi "кәсiпкерлiк қызметке пайдаланылмаған

мүлiк бойынша жылдық орта есептiк көрсеткiш" сөзiмен ауыстырылсын.

     V тарау

     20-тармақтағы "0,5 процент" сөзi "1 процент" сөзiмен ауыстырылсын.

     21-тармақтың 1-абзацындағы "есептеу" сөзi "декларация" сөзiмен

ауыстырылсын.

     21-тармақ мынадай мағынадағы 2-абзацпен толықтырылсын:


 
       "Мүлiкке салық төлеу жөнiндегi декларацияны төлеу кезiнде келтiрiлген және шығарылған негiзгi қаржыларды есептей отырып, 31 желтоқсандағы жағдай бойынша заңды тұлғалардың мүлкiне салық салуды, салық жылының негiзгi қорының орташа бағасы ретiнде есептеу керек.
      VIII тарау:
      27-тармақтағы "Қаржы министрлiгi" сөзi алынып тасталсын.
      "Мүлiкке салық салу жөнiндегi декларация" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының 1995 жылғы 21 маусымдағы N 38 Нұсқаулығының N 2 қосымшасы болып саналсын.
      "Мүлiкке салық салу жөнiндегi декларация" _____________ 199___ ж. бланкасының жоғарғы сол жақ бұрышында ұйымның, кәсiпорынның штатына арналған орын, оң жақ бұрышында аудандық (қалалық) салық инспекциясының атауы болуы керек. 6-тармақтағы "0,5 процент" сөзi "1 процент" сөзiмен

 

ауыстырылсын.

     "199___ ж. жағдай бойынша иелiгiнде құрылыс, бөлме және салынған

құрылысы бар азаматтар туралы мәлiмет" бланкасының оң жақ жоғарғы

бұрышындағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық

инспекциясы" сөзi "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi"

сөзiмен ауыстырылсын.

     Мемлекеттiк салық

     комитетiнiң төрағасы





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады