"Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 7 ақпандағы N 37 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қаулысы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi 1997 жылғы 28 шiлде N 381. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 27 тамызда тіркелді. Тіркеу N 49. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2000 жылғы 25 тамыздағы N 195 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 қаулысын iске асыру және аукциондарда мемлекеттiк акция пакеттерiн сату процесiн жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 7 ақпандағы N 37 қаулысының Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 9 сәуiрдегi N 134 және 1997 жылғы 12 ақпандағы N 79 қаулыларымен енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен бекiтiлген, аукциондарда мемлекеттiк акция пакеттерiн сату туралы Ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1.1-баптағы 1.1.4-тармағы алынып тасталсын, 1.1.5, 1.1.6, 1.1.7, 1.1.8, 1.1.9, 1.1.10, 1.1.11, 1.1.12, 1.1.13, 1.1.14, 1.1.15-тармақтар тиесiнше 1.1.4, 1.1.5, 1.1.6, 1.1.7, 1.1.8, 1.1.9, 1.1.10, 1.1.11, 1.1.12, 1.1.13, 1.1.14-тармақтары болып саналсын;
      2) 1.2-бабы мынадай мазмұндағы 1.2.2-тармақпен толықтырылсын:
      "1.2.2. АҚ мемлекеттiк акция пакеттерi аукционға бiр лотпен тұтаспай қойылады және оны сату ағылшындық сауда әдiсi бойынша iске асырылады. Мемлекеттiк акция пакеттерiнiң аукционға екiншi және одан кейiнгi шығарылу кезiнде АҚ жарғылық қорынан 10%-тен артық емес лотты құрайтын лотқа бөлiнедi және сату голландтық сауда әдiсi бойынша іске асырылады.
      1.2.2., 1.1.3-тармақтары тиесiнше 1.1.3, 1.1.4-тармақтары болып саналсын;
      3) 3.2-бабындағы:
      "Аукционшы әр лот бойынша сауда басталар алдында лот бойынша саудаға қатысушылардың санын тiркейдi. Егер лот бойынша саудаға қатысушылардың саны екеуден кем болса сауда жасалмаған болып жарияланады, лот тек жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi саудалардан басқа жағдайларда" сөз алынып тасталсын;
      4) 3.3.1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Егер кемi екi қатысушы лоттың бастапқы бағасын бағаны екi қадамнан кем емес артылған жағдайда ғана лот бойынша сауда жасалған болып саналады";
      5) 3.3.2-тармағы екiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:
      "Егер оның өткiзiлу сәтiне дейiн пайдаланылмаған кепiлдiк жарнасы бар тек бiр ғана тiркелген қатысушы қалса, лот тек жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi саудалардан басқа жағдайларда лот бойынша сауда жасалмаған болып саналады".

      Департамент директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады