"Сараптау кеңесi туралы ереженi" бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының қаулысы 1997 жылғы 10 қаңтар N 7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 28 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 265. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 117 қаулысымен.

--------------Қаулыдан үзінді-------------

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
жөніндегі агенттігі басқармасының
2005 жылғы 26 наурыздағы   
N 117 қаулысына Қосымша    

Қазақстан Республикасының күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегі Ұлттық комиссиясының "Сарапшылар кеңесi туралы Ереженi" бекiту туралы 1997 жылғы 10-қаңтардағы N 7 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 265 тiркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы бойынша нормативтiк құқықтық және нормативтiк актiлерi жинағында 1997 жылы жарияланған)...

------------------------------------

      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi: 
      1. "Сараптау кеңесi туралы ереже" қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 
      2. Талдау басқармасы 1997 жылғы 1 ақпанға дейiн Сараптау кеңесiнiң жеке құрамын айқындау жөнiндегi қажеттi шаралар дайындасын және жүргiзсiн. 
      3. Сараптау кеңесiнiң Төрайымы болып БҚҰК мүшесi Шалғымбаева Галина Николаевна тағайындалсын. 
      4. Сараптау кеңесiнiң хатшысы болып БҚҰК атқарушы аппаратының талдау басқармасы қоғамдық байланыстар бөлiмiнiң бiрiншi санатты маманы Сарғожина Гауhар Мұратқызы тағайындалсын. 
      5. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы "Сараптау кеңесi туралы ереженi" Әдiлет министрлiгiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 

       Ұлттық комиссияның Төрағасы  

Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясының  
1997 жылғы 10 қаңтардағы 
N 7 қаулысымен бекiтiлдi

 
Сараптау кеңесi туралы ереже  

 
      Осы ереже Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы жанындағы Сараптау кеңесiнiң өкiлеттiктерiн, құзырлығын және қызметiнiң ережелерiн белгiлейдi. 
      1. Сараптау кеңесi құрылу мақсаты және қызметi мемлекеттiк басқару органдарының, кәсiпқой қатысушылардың және олардың Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногын қалыптастыру және дамыту жөнiндегi мәселелер бойынша бiрлестiктерiнiң келiскен және үйлескен iс-қимылдарын қамтамасыз ету болып табылатын Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылады. 
      2. Сараптау кеңесiнiң сандық құрамы мүшелерi 15 адамнан аспайтындай белгiленедi және: 
      - мемлекеттiк органдардың және қызметтерi қаржы рыногын және бағалы қағаздар рыногын реттеуге байланысты ұйымдардың 7 адамнан аспайтын; 
      - бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттеушi ұйымдарының, олардың одақтарының, қауымдастықтарының және өзге қоғамдық ұйымдардың, тәуелсiз сарапшылардың және шетел мамандарының 8 адамнан аспайтын өкiлдерiнен тұрады. 
      3. Мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың өкiлдерi (Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктердi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң) Сараптау кеңесiнiң құрамына мемлекеттiк органның әрқайсынан бiр өкiл ұсыну бойынша енгiзiледi. 
      Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары бiрлестiктерiнiң, олардың қауымдастықтарының, бiрлестiктерiнiң өкiлдерi (әрбiр бiрлестiктен бiр өкiл) аталған ұйымдарда сайланады және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Сараптау кеңесiнiң құрамына енгiзедi. 
      4. Сараптау кеңесiнiң жеке құрамы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Төрағасының өкiмiмен бекiтiледi. 
      5. Сараптау кеңесiне жетекшiлiк жасауды Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы мүшелерi арасынан Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының Сараптау кеңесiнiң Төрағасы жүзеге асырады. 
      6. Сараптау кеңесiнiң Төрағасы Сараптау кеңесiнiң қызметiн ұйымдастырады және жетекшiлiк жасайды. Сараптау кеңесiнiң отырысында Төрағаның орынбасары сайланады. 
      7. Сараптау кеңесiнiң отырыстары айына кемiнде бiр рет өткiзiледi. 
      8. Сараптау кеңесi мүшелерiнiң өкiлеттiк мерзiмi - оларды Сараптау кеңесi құрамына бекiткен күннен бастап аталған мерзiмдi екi жылға дейiнгi мерзiмге ұзарту мүмкiндiгiмен екi жыл. Сараптау кеңесi мүшелерiнiң өкiлеттiктерi Сараптау кеңесiнiң шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн. 
      9. Сараптау кеңесi мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
      - бағалы қағаздар рыногындағы қызметтердiң құқықтық режимдерiн белгiлейтiн нормативтiк актiлердiң жобаларын сараптау; 
      - бағалы қағаздар рыногын реттеудiң негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар жасау; 
      - органдардың бағалы қағаздар рыногын дамытуға қатысты мәселелер бойынша Сараптау кеңесiне ұсынған шаралар жоспарын келiстiру; 
      - мемлекеттiк органдар мен бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының кәсiби бiрлестiктердiң қызметтерiн үйлестiру; 
      - Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар шығарылымы және айналысы саласындағы заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар жасап, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына ұсыну; 
      - инвесторлардың құқықтарын түсiндiру жөнiндегi консультациялық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу. 
      10. Сараптау кеңесiнiң барлық мүшелерi өздерiнiң мiндеттерiн қарымтасыздық негiзде орындайды. 
      11. Сараптау кеңесiнiң отырыстары Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы мен бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының бiрлестiктерi айқындайтын мәселелер бойынша алқалы шешiмдер қабылдау үшiн шақырылады. 
      12. Алдағы болатын отырыс туралы хабарлай отырып, Сараптау кеңесi отырысының күн тәртiбi мен материалдарын Сараптау кеңесiнiң хатшысы отырыс басталардан кем дегенде 10 күн бұрын Сараптау кеңесiнiң мүшелерiне жiбередi. 
      Сараптау кеңесi кез келген уақытта өзi бекiткен соңғы күн тәртiбiне отырыс ашылған кезде өзгерiстер енгiзуге құқықты. 
      13. Сараптау кеңесiнiң бағалы қағаздар рыногындағы қызметтердiң мәселелерi жөнiндегi шешiмдерi ұсыныс беру сипатында болады және мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауыстарымен қабылданады және дауыс беруге Сараптау кеңесiнiң барлық құрамының кемiнде 2/3 мүшесi дауыс беруге қатысқанда қабылданған болып саналады. Шешiмдер хаттамалар түрiнде ресiмделедi. 
      14. Сараптау кеңесiнiң iс қағаздарын БҚҰК атқарушы аппараты қызметкерлерi арасынан БҚҰК Төрағасы тағайындаған хатшы жүргiзедi. 
      15. Сараптау кеңесi жиналыстарының хаттамаларына Сараптау кеңесiнiң Төрағасы мен хатшысы қол қояды. Төраға жоқ болған жағдайда отырыс хаттамаларына төрағаның орынбасары қол қояды. 
      16. Сараптау кеңесiнің шешiмдерi ұсыныс беру сипатында болады. 
      17. Сараптау кеңесiнiң қызметiн ұйымдық-техникалық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы жүзеге асырады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады