Көлiк құралдарын әкелу куәлiгi және тауарларды кеден бақылауымен жеткiзгендiгiн растау куәлiгi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi 1997 жылғы 23 көкек N 106-П Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 2 маусымда тіркелді. Тіркеу N 310. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 51 бұйрығымен. ~V011441

      Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк бос жүк автокөлiктерiнiң жүруiн бақылауды ретке келтiру және автомобиль көлiгiмен тасымалданатын тауарлардың жеткiзiлуiн бақылауды күшейту мақсатында бұйырамын:
      1. 1997 жылдың 15-шi маусымынан бастап шетелдiк бос көлiк құралдарын әкелу Куәлiгi (N 1 қосымша) және тауарларды кеден бақылауымен жеткiзгендiгiн растау туралы Куәлiк (N 2 қосымша) енгiзiлсiн.
      2. Шетелдiк бос көлiк құралдарын әкелу Куәлiгi және тауарларды кеден бақылауымен жеткiзгендiгiн растау туралы Куәлiк қорғалған қағазда дайындалады және қатаң есептегi бланкалар болып табылатындығы белгiленсiн.
      3. Шетелдiк бос көлiк құралдарын әкелу Куәлiгiн толтырудың Уақытша ережесi (N 3 қосымша) бекiтiлсiн.
      4. Тауарларды кеден бақылауымен жеткiзгендiгiн растау туралы Куәлiгiн толтырудың Уақытша ережесi (N 4 қосымша) бекiтiлсiн.
      5. Кеден бақылауын ұйымдастыру Басқармасының (Качкаев Е.Н.) өтiнiмiне орай, күрделi құрылыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Басқармасы (Куленов Б.К.) 1997 жылдың 1-шi маусымына дейiн шетелдiк бос көлiк құралдарын әкелу Куәлiгi мен тауарларды кеден бақылауымен жеткiзгендiгiн растау туралы Куәлiк бланкiлерiн жеткiлiктi мөлшерде дайындасын және республика кеден органдарына берсiн.
      6. Қаржы басқармасы осы Бұйрықтың (Сейтенова Н.С.) осы бұйрықтың 5-шi пунктiнде қарастырылғанындай, шараны қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      7. Баспасөз қызметi осы Бұйрықтың (Мұратбаева Ә.О.) осы бұйрықтың 1-4-шi пункттерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.
      8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi Төрағасының орынбасары В.Д. Кирдановқа жүктеледi.

      Төраға
                                            Тауарларды кеден бақылаумен

жеткiзгендiгi туралы Куәлiктi толтырудың Уақытша ережесiне N 1 қосымша


              Тауарларды кеден бақылауымен жеткiзгендiгiн

                     растайтын Куәлiктердi тiркеу
                               ЖУРНАЛЫ
____________________________________________________________________
Күнi|Куәлiктiң|ЖБҚ немесе|Жiберген|Кеден көлемi   |Жүк тасу.|КЖД**
    |реттiк   |МДТ кiтап.|кеден   |мен салығын    |шының    |номерi
    |нөмiрi   |шасының   |органы  |төлеудi қам.   |атауы мен|
    |         |нөмiрi    |        |тамасыз еткенiн|мекен-   |
    |         |          |        |растайтын құжат|жайы     |
    |         |          |        |номерi*        |         |
____|_________|__________|________|_______________|_________|_______

     Ескерту: 
<*>
 МДП кiтапшасын пайдаланып кеден бақылауымен жүк
                  тасымалдағанда толтырылмайды.
             
<**>
 Анықталған кеден режимiне сәйкес жеткiзiлген
                  тауарларды шығарған соң толтырылады.

                                                Қазақстан Республикасы
                                                  МКК-нiң 1997 жылғы
                                                 23-сәуiрдегi N 106-П      
                                                        бұйрығына
                                                       N 1 қосымша
     
          сериясы                       номерi
                  көлiк құралдарын әкелу
                        КУӘЛIГI
     
____________________________________________________________________
                      (кеден органының атауы)
Қазақстан Республикасының кеден аумағына
__________ маркалы, модельдi _______________ санатты КҚ (С, тiркеме)
________________________________________________________ жылы шыққан
қозғалтқышының N ___________________________________________________
шассиiнiң N ________________________________________________________
қорабының N ________________________________________________________
тiркеу белгiсi _____________________________________________________
пайдаланылған уақыты _________ (жыл) және жүргенi _____________ (км)
қозғалтқыш көлемi _______________________________ куб. см
көлiк құралы әкелiнгенiн куәландырады.
Көлiк иесi туралы мәлiмет __________________________________________
                                 (Көлiк құралы иесiнiң немесе
____________________________________________________________________
                    оның өкiлiнiң аты-жөнi,
____________________________________________________________________
                 тұрғылықты мекен-жайы көрсетiледi)
Кеден органының белгiсi ____________________________________________
                             (уақытша әкелу мерзiмi, сондай-ақ
____________________________________________________________________
кеден органының рұқсатынсыз жатсыну, басқа адамның пайдалануына және
иелiгiне беру құқын шектеу мерзiмi көрсетiледi)
Қазақстан Республикасының аумағынан шығу орны ______________________
____________________________________________________________________
Көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген
болу мерзiмiн бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден заңына
сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

     "____"_______________ 199__ жыл    ____________________________
                                          (кеден органы лауазымды
                                          адамының қолы мен жеке
                                              номерлi мөрi)
     Куәлiктi алдым                     ____________________________
                                        (көлiк құралы иесiнiң немесе
                                            оның өкiлiнiң қолы)
     

                                               Қазақстан Республикасы
                                                 МКК-нiң 1997 жылғы
                                                23-сәуiрдегi N 106-П
                                                бұйрығына N 2 қосымша

                тауарларды кеден бақылауымен жеткiзгендiгiн
                              растау туралы
                                  КУӘЛIК

     "____"_______________ 199__ жыл    ____________________________

____________________________________________________________________
                     мiндеттi кеден органы
____________________________________________________________________
 кеден төлемi мен салығын төлеудi қамтамасыз еткендiгiн растайтын
____________________________________________ N _____________________
           құжат көрсетiледi
көрсетiлген соң, ___________________________________________________
                            ұсынылған құжатты тiркеген кеден
_________________    тiркелген
органы көрсетiледi
N ______________________ ЖБҚ бойынша (МДТ кiтапшасында) тауарларды
кеден бақылауымен жеткiзудi аяқтағанын куәландырады.

                                     "____"______________ 199__ жыл
       Мөрдiң орны
                      _____________________________________________
                       куәлiктi берген лауазымды адамның аты-жөнi,
                       қолы, жеке номерлi мөрi

                                                 Қазақстан Республикасы
                                                   МКК-нiң 1997 жылғы
                                                  23 сәуiрдегi N 106-П
                                                  бұйрығына N 3 қосымша

              Көлiк құралдарын әкелу куәлiгiн толтырудың
                         УАҚЫТША ЕРЕЖЕСI



      1. Әкелу куәлiгi Қазақстан Республикасына әкелiнген орыннан жүк тиейтiн орынға бара жатқан шет ел азаматтарының иелiгiндегi тiркелген бос жүк автокөлiк құралдарына (ары қарай- көлiк құралдары), сондай-ақ Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өтетiн көлiк құралдарына толтырылады.
      2. Әкелу куәлiгi көлiк құралының Қазақстан Республикасына әкелiнген жерде орналасқан кеден органында екi данада (бiрiншiсi - көлiк иесiне, немесе оның өкiлiне берiледi, екiншiсi - кеден органында қалады) толтырылады және кеден органының елтаңбалы мөрiмен, сондай-ақ осы кеден органы лауазымды адамның қолы және жеке мөрiмен расталуы тиiс.
      3. Кеден органы көлiк құралының Қазақстан Республикасы аумағына болу уақытын, бет алған бағытына көлiк құралының мүмкiндiгiн ескере отырып, бiрақ шектеудi мерзiмнен аспайтын, бiр айға екi мың километр деген анықталған есеп бойынша белгiлейдi.
      4. Шетелдiк бос көлiк құралын әкелу Куәлiгiн тiркеу, көлiк құралдарын тiркейтiн журналдың "Тауар атауы" деген бағанасына жүргiзiледi.
      5. Қазақстан Республикасының аумағының шығу кезiнде, шығар орнында орналасқан кеден органына тауардың түсiмi туралы кеден органының белгiсi бар үшiншi беттi ЖБҚ (МДП кiтапшасымен) жеткiзiлу туралы куәлiк, немесе көлiк құралының әкелiнген жерiнде орналасқан кеден органы толтырған әкелу Куәлiгi көрсетiледi.

     Жүк тасушылар тарапынан мұндай құжаттар көрсетiлмеген жағдайда көлiк 
құралдары анықтама жүргiзу үшiн тоқтатылады.
     6. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткен көлiк 
құралдарына тауар ретiнде әкелу Куәлiгi толтырылмайды. Мұндай жағдайда 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң нормативтiк 
құжаттарына сәйкес тауарларды жеткiзудi бақылау тәртiбi қолданылады.
     

                                                   Қазақстан Республикасы
                                                     МКК-нiң 1997 жылғы
                                                    23 сәуiрдегi N 106-П
                                                   бұйрығына N 4 қосымша

              Тауарларды кеден бақылауымен жеткiзгендiгi
                      туралы Куәлiктi толтырудың
                           УАҚЫТША ЕРЕЖЕСI



      1. Автомобиль көлiгiмен тауар жеткiзiлген соң, кеден органының өкiлеттi лауазымды адамы жүк тасушыға немесе оның өкiлiне ЖБҚ үшiншi бетiмен, яки тауарлардың түсiмi туралы белгiсi бар МДП кiтапшасымен бiрге мiндеттi кеден органының елтаңбалы мөрiмен, сондай-ақ көрсетiлген кеден органының өкiлеттi лауазымды адамының қолы және жеке номерлi мөрiмен расталған тауарларды кеден бақылауымен жеткiзгендiгi туралы Куәлiк (ары қарай - Куәлiк) берiледi.
      2. Куәлiк үш данада толтырылады:
      - Куәлiктiң бiрiншi данасы нағыз Уақытша ереженiң 1-шi пунктiне сәйкес жүк тасушыға яки оның өкiлiне берiледi;
      - екiншi данасы ЖБҚ екiншi бетiмен, немесе МДП кiтапшасының жыртып алынатын N 2 бетiмен бiрге кеден органының тауарларды жеткiзудi бақылау бөлiмiне берiледi;
      - үшiншi данасы мiндеттi кеден органында қалады және КЖД немесе жеткiзiлген тауарларға қатысты басқа құжаттармен бiрге сақталады.
      Куәлiкке 00000/*111111 тәрiздi тiркеу номерi, ондағы 00000 Қазақстан Республикасы кеден органдарының классификаторына сәйкес мiндеттi кеден органының коды, 111111 - тiркеу журналы бойынша куәлiктiң реттiк номерi берiледi.
      3. Мiндеттi кеден органдары Куәлiктi тiркеу журналына нағыз Уақытша ереженiң N 1 қосымшасында көрсетiлгенiндей түрде тiркесiн.
      4. 1997 жылдың 15-шi маусымынан кейiн тауарларды кеден бақылауымен жеткiзген шетел жүк тасушыларына тiркелген көлiк құралдарының шығар жерiне орналасқан кеден органдары бiр мезгiлде осындай жүк тасушылардың куәлiктерiн және мiндеттi кеден органдарының тауардың жеткiзiлуi туралы белгiсi бар ЖБҚ үшiншi бетiн немесе МДП кiтапшасын, яки бос көлiк құралын әкелу туралы куәлiгiн тексередi.
      Жүк тасушылар тарапынан мұндай құжаттар көрсетiлмеген жағдайда көлiк құралдары анықтама жүргiзу үшiн тоқтатылады.
      Тауарларды кеден бақылауымен жеткiзген кезде кеден төлемi мен салығын төлеудi кеден органының депозитiне қаржы түсiру немесе банк кепiлдiгiн беру түрiнде қамтамасыз еткен жағдайда, ақша қаражаты төлеушiге қайтарылады, яки бiр мезгiлде куәлiк пен ДКД үшiншi бетiн немесе мiндеттi кеден органының тауардың келiп жетуi туралы белгiсi бар МДП куәлiгiн көрсетсе банк кепiлдiгi өтелдi деп есептеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады