"Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюта бақылауын ұйымдастыру туралы" Ереже жөнiнде

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасы 1997 жылғы 23 мамыр N 229 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық нормативтік актілерді тіркеу бөлімінде 1997 жылғы 11 маусымда тіркелді. Тіркеу N 315. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының 1999 жылғы 25 қаңтардағы N 8 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында шет ел валютасының түсуi мен пайдаланылуына бақылау орнату, экспорттық валюта түсiмiнiң толық және уақытында түсуiн, сондай-ақ валюта қаражатын импорт мақсатына пайдаланудың заңдылығы мен негiздiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетiмен келiсiлген "Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюта бақылауын ұйымдастыру туралы" Ереже бекiтiлсiн және ол жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Заң департаментi (Өртембаев А.К.) осы қаулыны және "Қазақстан

Республикасында экспорттық-импорттың валюта бақылауына ұйымдастыру туралы" 
Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық 
бас) басқармаларына жiберсiн.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкi Төрағасының орынбасары О.С. Ержановқа жүктелсiн.

     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     

     Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
     Мемлекеттiк кеден комитетi       Ұлттық Банкi
                                      Басқармасының қаулысымен
                                      бекiтiлген
     


          Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық
               валюта бақылауын ұйымдастыру туралы
                             ЕРЕЖЕ



      Осы Ереже Қазақстан Республикасында валюта түсiмiнiң экспорттан толық және уақытында түсуiн, сондай-ақ валюта қаражатын импорт мақсатына пайдаланудың заңдылығы мен негiздiлiгiне экспорттық-импорттық валюта бақылауын жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
     1. Экспорттық-импорттық валюта бақылауының
        мақсаты және бағыттары



      1.1. Валюта бақылауының мақсаты экспорттық түсiмнiң толық және уақытында түсуiн, сондай-ақ теңгенi қоса алғанда валюта қаражатын импорт мақсатына пайдаланудың заңдылығы мен негiздiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
      1.2. Валюта бақылауының негiзгi бағыттары мыналар:
      - жүргiзiлетiн экспорттық-импорттық валюта операцияларының қолданылып жүрген заңға сәйкес келуiн және қажет болған жағдайда тиiстi лицензиялардың болуын белгiлеу;
      - төлемдердiң негiздiлiгiн тексеру;
      - экспорттық-импорттық валюта операциялары жөнiндегi есептiң толық және дұрыс болуы тексеру.
      1.3. Егер Ұлттық Банк берген лицензияда өзгеше көзделмеген болса, экспортерлер заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасындағы уәкiлдiк берiлген банктердегi өздерiнiң шоттарына экспорттық түсiмдердi Қазақстан Республикасының аумағында жүктi кедендiк ресiмдеу күнiнен бастап 180 күннен кешiктiрмей тiркеудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Контрактте көрсетiлген уәкiлдiк берiлген банктегi экспортердiң валюта шотына қарағанда экспорттың түсiмдi экспортердiң басқа шоттарына, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың шоттарына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тиiстi лицензиясы болғанда ғана аударуға рұқсат етiледi.
      1.4. Импортер Қазақстан Республикасына құны тауарға төленген ақша қаражатына тең келетiн тауарды әкелуге барлық шараларды қолдануға мiндеттi, ал тауар әкелiнбеген жағдайда - бұрын аударылған қаражатты контрактта белгiленген мерзiмде, егер Ұлттық Банк берген лицензияда өзгеше көзделмеген болса, бiрақ аударылған күннен бастап 180 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей қайтаруы керек.
      Импортталған тауар үшiн ақыны импортер уәкiлдiк берiлген банктегi өзiнiң шотынан ақша аудару тәртiбiмен төлейдi. Импортталған тауарға импортер емес үшiншi адам ақыны осындай шарт бойынша импортер мен төлейтiн үшiншi адам арасында тиiстi шарт болса ғана төлей алады.

      2. Негiзгi ұғымдар

      Тауарлардың немесе өнiмнiң экспортына немесе импортына (бұдан әрi "тауар экспорты" және "тауар импорты") байланысты валюта операциялары жөнiндегi құжаттарды ресiмдеген кезде осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      Экспорт бойынша:

      экспортер заңда немесе жеке тұлға - Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге тауарларды сатуға (шығаруға) контракт (шарт, келiсiм) жасайтын Қазақстан Республикасының резидентi;
      банк - валюта операцияларын жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясын алған, контракт бойынша экспорттық түсiм келiп түсуге тиiстi шотты жүргiзетiн банк;
      экспорт бойынша мәмiле паспорты - осы Ережеде белгiленген нысанда жасалған валюта бақылауының құжаты, оны банктегi немесе кеден органындағы контракт шарттарына байланысты экспортер толтырады және онда сыртқы экономикалық мәмiле туралы мәлiметтер болады;
      экспорт жөнiндегi материалдар жинағы - тауар экспортынан түскен валюта түсiмiн бақылау жөнiндегi арнайы құжаттар жинағы. Материалдар жинағын кеден органы әрбiр экспорттық контракт бойынша ресiмдейдi;
      экспорт жөнiндегi iс-тауар экспортынан түскен валюта түсiмiн бақылау жөнiндегi арнайы құжаттар жинағы. Iстi банк әрбiр экспорттық контракт бойынша ресiмдейдi;
      экспорт жөнiндегi журнал - осы ережеде көрсетiлген валюта бақылауының кiрiс және шығыс құжаттарын жеке есепке алу үшiн банк және кеден органы жүргiзiп отыратын журнал;
      банктiң жауапты қызметкерлерi - банктiң атынан валюта бақылауын жүргiзу жөнiнде мәмiле паспортына қол қоюға және басқа iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк берiлген банк қызметкерлерi.

      Импорт бойынша:

      импортер - заңды немесе жеке тұлға - Қазақстан Республикасының резидентi, оның атынан Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауар сатып алуға және әкелуге контракт (шарт, келiсiм) жасалады;
      банк - валюта операцияларын жүргiзуге Ұлттық Банкiнiң лицензиясын алған, контракт бойынша импорты бойынша төлем жасалуға тиiстi шотты жүргiзетiн банк;
      импорт бойынша мәмiле паспорты - осы Ережеде белгiленген нысанда жасалған валюта бақылауының құжаты, оны банктегi немесе кеден органындағы контракт шарттарына байланысты импортер толтырады және онда сыртқы экономикалық мәмiле туралы мәлiметтер болады;
      импорт жөнiндегi материалдар жинағы - тауар импорты кезiнде шет ел валютасын пайдалануға бақылау жасау жөнiндегi арнайы құжаттар жинағы. Материалдар жинағын кеден органы әрбiр импорттық контракт бойынша ресiмдейдi;
      импорт жөнiндегi iс - өнiмнiң импорты кезiнде шет ел валютасын бақылау жөнiндегi арнайы құжаттар жинағы. Iстi банк әрбiр импорттық контракт бойынша ресiмдейдi;
      импорт жөнiндегi журнал - осы ережеде көрсетiлген валюта бақылауының кiрiс және шығыс құжаттарын жеке есепке алу үшiн банк және кеден органы жүргiзiп отыратын журнал;
      банктiң жауапты қызметкерлерi - банктiң атынан валюта бақылауын жүргiзу жөнiнде мәмiле паспортына қол қоюға және басқа iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк берiлген банк қызметкерлерi.

      3. Қазақстан Республикасы аумағында экспорт жөнiндегi
         мәмiле паспортын тауарды кедендiк ресiмдеудi
         аяқтауға дейiн ресiмдеу тәртiбi

      3.1. Егер экспортер жасаған контракт бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тауарды кедендiк ресiмдеу аяқталғанға дейiн экспортталатын тауарға ақы төлеу көзделген болса, экспортер жасасылған контракт негiзiнде өз атынан экспорт жөнiндегi мәмiле паспортын толтырады және қол қойып, банкке бередi. Сонымен бiрге экспорт жөнiндегi мәмiле паспортымен қоса экспортер банкке экспорт жөнiндегi мәмiле паспортын жасауға негiз болған контракттiң бiр данасын беруге мiндеттi.
      Экспорт жөнiндегi мәмiле паспортын экспортердiң ресiмдеуiнiң нысаны мен тәртiбi осы Ережеге N 1 қосымшада келтiрiлiп отыр. Экспорт жөнiндегi мәмiле паспорты үш дана етiп ресiмделедi.
      3.2. Банктiң жауапты қызметкерi банкке берiлген құжаттарды қарауды (экспорт жөнiндегi мәмiле паспортының деректерiнiң контракт шарттарына сәйкес келуiн, экспорт жөнiндегi мәмiле паспортындағы қойылған қолдың экспортердiң шоты бойынша бiрiншi болып қол қою құқығы бар адамдардың қойған қолдарының үлгiлерi бар құжаттағы қолдың үлгiсiне сәйкес келуiн тексередi) және экспорт жөнiндегi мәмiле паспортының экспортер берген даналарына қол қояды.
      Банктiң жауапты адамы қол қойған, банктiң мөрiмен расталған экспорт жөнiндегi мәмiле паспортының бiрiншi данасы контракттiң бiр данасымен қоса экспортерге қайтарылып, журналдық "шығыс" деген бағанында көрсетiледi. Журналдың нысаны осы Ережеге N 2 қосымшада келтiрiлiп отыр.
      Экспорт жөнiндегi мәмiле паспортының екiншi данасы банктiң экспорт жөнiндегi iс сақталатын орын ашуына негiз болады.
      Экспорт жөнiндегi мәмiле паспортының үшiншi данасы банктiң жауапты қызметкерiнiң қолы қойылып және банктiң мөрiмен расталып кеден органына жiберiледi.
      3.3. Мына төмендегi шарттардың кез келген бiреуiнiң орындалмауы банк үшiн экспорт жөнiндегi мәмiле паспортына қол қоюдан бас тартуға негiз болады:
      - контрактідегi деректердiң экспорт жөнiндегi мәмiле паспортында көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келмеуi;
      - контрактiде Қазақстан Республикасының валюта заңдарының талаптарына қайшы келетiн шарттардың болуы;
      - экспорт жөнiндегi мәмiле паспортының белгiленген тараптарды бұза отырып ресiмделуi;
      - контракт бойынша валюта түсiмiн осы Ережеге сәйкес аталған контракт бойынша экспортерлер болып табылмайтын заңды немесе жеке тұлғалардың шоттарына аударуды көздейтiн шарттардың болмауы;
      - контрактiде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi экспортерге берген лицензияда көзделген жағдайлардан басқа Қазақстан Республикасының банкiнде экспортердiң шотына түсiмдi аударуды көздейтiн шарттардың болмауы;
      - контрактiде осы Ережеде белгiленген тәртiппен "Контракттiң реквизиттерi және шарттары" бөлiмiне сәйкес (N 1 қосымша) мәмiле паспортын жасауға қажеттi қандай да бiр мәлiметтердiң болмауы.
      3.4. Экспорт жөнiндегi мәмiле паспортына қол қоюдан дәлелдi себеппен бас тартқан жағдайда банк экспортердiң берген құжаттарын қайтарады және оған экспорт жөнiндегi мәмiле паспортын ресiмдеу контракт шарттарына тиiстi өзгертулер енгiзу жөнiнде нұсқаулар бередi.
      3.5. Экспорт жөнiндегi мәмiле паспортына қол қойылған соң экспортер:
      - экспорт жөнiндегi мәмiле паспортында келтiрiлген мәлiметтердiң экспорт жөнiндегi мәмiле паспортын жасауға негiз болған контракт шарттарына толық сәйкес келуi үшiн;
      - контракт бойынша экспорттан түскен түсiмдi толық көлемiнде және контрактiде белгiленген мерзiмде осы контракт бойынша валюта бақылауы агентiнiң мiндетiн атқаратын банктегi экспортердiң валюта шотына аудару үшiн жауапкершiлiктi өз мойнына алады.
      3.6. Тараптар осы контракт бойынша кеден органы мен банк қол қойған экспорт жөнiндегi мәмiле паспортын жасаған кезде оған бұрын қолданылған мәлiметтерге қатысты болатын өзгерiстер енгiзген жағдайда экспортер көрсетiлген өзгертулер енгiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде, бiрақ контрактiге енгiзiлген өзгертулер және/немесе толықтырулар негiзiнде экспортталатын тауарларды кедендiк ресiмдеуге беретiн күннен кешiктiрмей банкке мыналарды бередi:
      - контрактiге толықтырулар және/немесе өзгертулер;
      - экспорт жөнiндегi мәмiле паспортының нысаны бойынша жасалған, бiрақ мәлiметтерi анықталуға тиiстi бағандары (позициялары) толтырылған экспорт жөнiндегi мәмiле паспортына қосымша парақтар ұсынады.
      Экспорт жөнiндегi мәмiле паспортына қосымша парақтарды одан әрi ресiмдеу мен пайдалану экспорт жөнiндегi мәмiле паспортының өзi үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      3.7. Келiп түскен және жiберiлген құжаттарды банк және кеден органы экспорт жөнiндегi валюта бақылауының кiрiс және шығыс құжаттарының есебiн жүргiзетiн журналға тiркеп отырады (N 2 қосымша).

      4. Қазақстан Республикасының аумағында тауарды кедендiк
         ресiмдеу аяқталғаннан кейiн төлем жасауды қарастыратын
         экспорт бойынша мәмiле паспортын ресiмдеу тәртiбi

      4.1. Егер экспортермен жасалған контракт шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тауарды кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн төлем жасау қарастырылса, экспортер жасалған контракт негiзiнде өз атынан кеден органына берiлетiн экспорт бойынша мәмiле паспортын толтырады және қол қояды. Бұл орайда экспортердiң:
      а) экспорт бойынша мәмiле паспортындағы қолдардың растығын нотариалдық тәртiппен куәландыруға құқы бар (бұл жағдайда тауарды кедендiк ресiмдеу осы бөлiмнiң 4.5-тармағына сәйкес жүргiзiледi);
      б) экспорттық мәмiлені ресiмдеудi экспорт бойынша мәмiле паспортын кеден органына ұсыну жолымен, экспортерге қызмет көрсететiн банкте мәмiле паспортындағы қолдардың растығын кейiннен куәландыра отырып жүзеге асыруға құқы бар (бұл жағдайда тауарды кедендiк ресiмдеу осы бөлiмнiң 4.2-тармағына сәйкес жүргiзiледi).
      Мәмiле паспортымен бiр мезгiлде экспортер кеден органына соның негiзiнде экспорт бойынша мәмiле паспорты жасалған негiзде контрактiнiң бiр данасын беруге мiндеттi.
      Экспортердiң экспорт бойынша мәмiле паспортын ресiмдеудiң үлгiсi мен тәртiбi осы Ереженiң N 1 қосымшасында көрсетiлген. Экспорт бойынша мәмiле паспорты үш дана етiп ресiмделедi.
      4.2. Кеден органының лауазымды адамы ұсынылған экспорт бойынша мәмiле паспортының контракт шартына сай келуiн тексередi. Осы тарауда қарастырылған барлық талаптар сақталған және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының барлық басқа талаптары орындалған жағдайда тауардың кедендiк ресiмделуiн жүзеге асырушы кеден органының лауазымды адамы экспорт бойынша мәмiле паспортының үш данасына қол қояды және оған өзiнiң жеке нөмiрлi мөрiн басады. Кеден органының лауазымды адамы қол қойған экспорт бойынша мәмiле паспортының бiр данасы мен контрактiнiң данасы кеден органының экспорт бойынша құжаттар жинағында қалады.
      Экспорт бойынша мәмiле паспортының екiншi данасы кеден органының лауазымды адамының қолымен және оның жеке нөмiрлi мөрiнiң бедерлемесiмен экспортерге берiледi.
      Экспорт бойынша мәмiле паспортының үшiншi данасын кеден органы мәмiле паспортына сәйкес осы контракт бойынша кейiннен экспорттық түсiм түсуi үшiн банкке жiбередi.
      4.3. Банк кеден органының мәмiле паспортын алған соң оны алған сәттен бастап үш күн мерзiм iшiнде өзiнде экспортердiң шоты бар екендiгiн тексередi, сондай-ақ экспорт бойынша мәмiле паспортындағы қолдардың экспортердiң шоты бойынша бiрiншi қол қою құқы бар адамдардың құжаттағы қолдарының үлгiсiмен сәйкес келуiн тексередi. Мәмiле паспорты көрсетiлген талаптарға сай келгенде банктiң жауапты қызметкерi экспорт бойынша мәмiле паспорты сақталатын экспорт бойынша iс ашады және кеден органына мәлiмдеме жiбередi.
      Экспортердiң шоты жоқ болған жағдайда банк осы оқиға туралы кеден органына тез мәлiмдейдi.
      Мәлiмдеменiң нысаны еркiн жасалады.
      4.4. Кеден органы банктен шоттың бар екендiгi туралы мәлiмдеме алған соң қолданылып жүрген кеден заңдарына сәйкес осы мәмiле паспорты бойынша тауарлардың кедендiк ресiмделуiн жүзеге асырады.
      Кеден органы банктен шоттың жоқ екендiгi туралы мәлiмдеме алған соң Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес шара қолданады.
      4.5. Экспортер кеден органына қойылған қолдар нотариалдық тәртiппен куәландырылған экспорт бойынша мәмiле паспортын ұсынған жағдайда кеден органының лауазымды адамы экспорт бойынша берiлген мәмiле паспортының контракт шарттарына сәйкес келуiн тексередi. Осы бөлiмде қарастырылған барлық талаптар сақталса және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының барлық басқа талаптары орындалса тауардың кедендiк ресiмделуiн жүзеге асырушы кеден органының лауазымды адамы экспорт бойынша мәмiле паспортының үш данасына қол қояды, оған өзiнiң жеке нөмiрлi мөрiн басып, тауарды кедендiк ресiмдеуге кiрiседi.
      Кеден органының лауазымды адамы қол қойған экспорт бойынша мәмiле паспортының бiр данасы мен контрактiнiң данасы кеден органының экспорт бойынша құжаттар жинағында қалады.
      Экспорт бойынша мәмiле паспортының екiншi данасы кеден органының лауазымды адамының қолымен және оның жеке нөмiрлi мөрiнiң бедерлемесiмен тауардың кедендiк ресiмделуi аяқталған соң экспортерге берiледi.
      Экспорт бойынша мәмiле паспортының үшiншi данасын кеден органы мәмiле паспортына сәйкес осы контракт бойынша кейiннен экспорттық түсiм түсуi үшiн банкке жiбередi.
      4.6. Экспортердiң шоты бар немесе жоқ екендiгi туралы мәлiмдеменi банк кеден органына осы Ереженiң 4.3-тармағына сәйкес олар мәмiле паспортының данасын алғаннан кейiн бередi.
      4.7. Мәмiле паспортының данасы банк үшiн экспорт бойынша iс ашуға пайдаланылады.
      4.8. Кеден органының экспорт бойынша мәмiле паспортына қол қоюдан бас тартуына мына жағдайлардың тым болмағанда бiреуiнiң бар болуы негiз болып табылады:
      - экспорт бойынша мәмiле паспортында көрсетiлген мәлiметтерге контрактiде бар мәлiметтердiң сәйкес келмеуi;
      - контрактiде Қазақстан Республикасы валюта заңдарының талаптарына қайшы келетiн шарттардың болуы;
      - экспорт бойынша мәмiле паспорты белгiлеген талаптар бұзыла отырып ресiмделсе;
      - контрактiде осы Ережеге сәйкес осы контракт бойынша экспортер болып табылмайтын заңды немесе жеке тұлғалардың шотында ол бойынша валюталық түсiм тiркелуiн қарастыратын шарттардың бар болуы;
      - контрактiде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi берген лицензияда қарастырылған жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының банкiнде экспортердiң шотында түсiмнiң тiркелуiн қарастыратын шарттар болмаса;
      - контрактiде мәмiле паспортын жасауға қажеттi осы Ережеде белгiленген тәртiппен "Контрактiнiң реквизиттерi мен шарттары" (N 1 қосымша) тарауына сәйкес мәлiметтер жоқ болса.
      4.9. Экспорт бойынша мәмiле паспортына қол қоюдан дәлелдi түрде бас тартқан кеден органы экспортерге оның берген құжаттарын қайтарып бередi және оған экспорт бойынша мәмiле паспортын ресiмдеу және контракт шартына тиiстi өзгертулер енгiзу жөнiнде кеңес бередi.
      4.10. Экспорт бойынша мәмiле паспортына қол қойылғаннан кейiн экспортер осы Ереженiң 3.5-тармағына сәйкес өзiне жауапкершiлiк алады.
      4.11. Тараптар осы контракт бойынша кеден органы мен банк қол қойған экспорт бойынша мәмiле паспортын жасаған кезде бұрын пайдаланылған мәлiметтерге қатысты контрактiге өзгертулер енгiзген жағдайда, экспортер көрсетiлген өзгертулер енгiзiлген күннен бастап он күн мерзiм iшiнде, бiрақ контрактiге енгiзiлген өзгертулер және/немесе толықтырулар негiзiнде экспортталатын тауарларды кедендiк ресiмдеуге ұсынудан кешiктiрмей, кеден органдарына осы Заңның 3.6-тармағында көзделген құжаттарды бередi.
      4.12. Келiп түскен және жiберiлген құжаттарды банк пен кеден органы экспорт бойынша валюталық бақылаудың кiрiс және шығыс құжаттарының есебiн жүргiзу журналына тiркеп отырады (N 2 қосымша).

      5. Валюта түсiмiне бақылау жасау

      5.1. Келiп түскен соманың бiрдей болуын жеңiлдету мақсатында экспортер шетелдiк төлемшiнi банкке жiберiлетiн және экспортердiң пайдасына қаржы тiркелгенiн растайтын банк аралық құжатта ("кiлттенген" телексте, SWIFТ-жолдамада, авизода, көшiрмеде және т.б.) контрактiнiң реквизиттерi мен осы контракт жөнiнде экспорт бойынша мәмiле паспортының нөмiрiн көрсету қажеттiгi туралы хабардар етедi.
      Банкаралық құжатта экспорт бойынша нақты мәмiле паспортына банктiң сома аударуы үшiн қажеттi мәлiметтер жоқ болған жағдайда, банк келiп түскен қаржыны транзиттiк шотқа тiркейдi және сонымен бiр мезгiлдер оның атына бiрдей етуге жатпайтын қаржы түскендiгi туралы мәлiмдейдi. Экспортер банктiң мәлiмдемесiн алған соң, экспорт бойынша мәмiле паспортының нөмiрi мен реквизиттердi көрсете отырып, келiп түскен соманың жағдайы туралы банкке жазбаша хабарлауға мiндеттi.
      5.2. Экспортердiң пайдасына сома келiп түскенiн растайтын барлық алғашқы банк құжаттарының көшiрмелерiн банк экспорт бойынша тиiстi iстерге олардың бiрдейлiгiне қарай бөледi.
      5.3. Банк кеден органдарына ай сайын осы банкте қызмет көрсетiлетiн экспортердiң экспорттық контрактiсi бойынша барлық келiп түскен төлемдер туралы хабарлап отырады (хабарлама нысаны - N 5 қосымша).
      5.4. Кеден органы банктiң хабарламасын алған соң контракт шартына сәйкес валюта түсiмiнiң уақытында және толық түскендiгiн тексередi.
      5.5. Егер контракт бойынша валюта коды төлем валютасы кодымен сәйкес келмесе, экспортер кеден органына контракт бойынша валюта бағымының төлем валютасына есебiн қажеттi түсiндiрмесiмен қоса бередi. Кеден органы осы есептi контракт шарттарына сәйкес келуi және есепке салынатын бағамның нақтылығы тұрғысынан тексередi, сөйтiп келiскен жағдайда валюта түсiмiнiң бұдан әрi төлемнiң жаңа валютасымен түсуiн ескередi.
      Есептер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейтiн шет ел валюталарының ресми бағамы арқылы немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүктiң кедендiк декларациясы кедендiк ресiмдеуге қабылданған күнi белгiлейтiн шет ел валюталарының теңгеге кросс-бағамы арқылы жүзеге асырылады.
      Экспортер ұсынған есеппен келiспеген жағдайда кеден органы төлемнiң валютамен түскен нақты сомасын ескередi, бұл туралы экспортер мен салық органдарына хабарлап, экспорт жөнiндегi материалдарға тиiстi белгi түсiредi.
      5.6. Экспорттық түсiм банкке толық көлемiнде түспесе немесе экспорт жөнiндегi мәмiле паспортында көрсетiлген мерзiм бұзылса, экспортер экспорт өнiмiн толық алуы үшiн шаралар қолдануға мiндеттi, сонымен бiрге кеден органына тәртiп бұзудың себептерi туралы ақпарат беруi керек.
      5.7. Валюта түсiмi толық немесе уақытында түспеген жағдайда кеден органы экспортерге кеден заңында көзделген санкцияларды қолдануға, сондай-ақ тиiстi ақпаратты салық және құқық қорғау органдарына жiберуге құқылы.
      5.8. Банктiң валюта бақылауы агентiнiң осы бөлiмде көзделген мiндеттерiн дұрыс атқармаған фактiлерi анықталған жағдайда кеден органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиiстi ақпарат жiберуге мiндеттi.

      6. Қазақстан Республикасының аумағында тауарды
         кедендiк ресiмдеу аяқталғанға дейiн экспорт
         бойынша мәмiле паспортын ресiмдеу тәртiбi

      6.1. Егер импортер жасаған контракт шарттарын бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тауарды кедендiк ресiмдеу аяқталғанға дейiн импортталатын тауарға төлем жасау көзделген болса, импортер (үшiншi тұлға - контрактқа үшiншi тұлғаның төлем жасау кезiнде) жасалған контракт негiзiнде өз атынан импорт бойынша банкке берiлетiн мәмiле паспортын толтырады және оған қол қояды. Импорт жөнiндегi мәмiле паспортымен бiр мезгiлде импортер контрактiнiң импорт жөнiндегi мәмiле паспортын жасауға негiз болған данасын, сондай-ақ үшiншi тұлғаның контрактқа төлем жасау кезiнде импортер мен үшiншi тұлға арасындағы шарттың данасын банкке беруге мiндеттi.
      Импортердiң импорт бойынша мәмiле паспортын ресiмдеуiнiң нысаны мен тәртiбi осы Ережеге N 3 қосымшада келтiрiлген. Импорт бойынша мәмiле паспорты үш дана болып ресiмделедi.
      6.2. Банктiң жауапты қызметкерi банкке берiлген құжаттарды қарайды (импорт бойынша мәмiле паспортының мәлiметтерiнiң контракт шарттарына сәйкестiлiгiн, импорт бойынша мәмiле паспортындағы қолдардың импортер шоты бойынша бiрiншi қол қоюға құқығы бар адамдар қолдарының үлгiлерi бар құжаттағы қолдардың үлгiлерiмен сәйкестiлiгiн тексередi) және импорт бойынша мәмiле паспортының импортер ұсынған данасына, сондай-ақ үшiншi тұлғаның контрактқа төлем жасауы кезiнде импортер мен үшiншi тұлға арасындағы шарт данасына қол қояды.
      Банктiң мөрiмен куәландырып, банктiң жауапты адамы қол қойған импорт бойынша мәмiле паспортының бiрiншi данасы контракт данасымен бiрге импортерге қайтарылады, бұл журналдың "шығыс" бағанында көрсетiледi. Журналдың нысаны осы Ережеге N 4 қосымшада келтiрiлген.
      Импорт бойынша мәмiле паспортының екiншi данасы банктiң өзiнде сақталатын импорт бойынша iс ашуына негiз болады.
      Банктiң жауапты адамының қолы қойылған және банк мөрiмен куәландырылған импорт бойынша мәмiле паспортының үшiншi данасын банк кеден органына жiбередi.
      6.3. Импорт контрактысына төлем жасау үшiн банктiң төлем құжаттарын импортер импорт бойынша мәмiле паспортын және шетелдiк әрiптеспен контракт негiзiнде ресiмдейдi.
      6.4. Банктiк төлем құжатына енгiзiлген мәлiметтердi банк импорт бойынша мәмiле паспортының және контрактының мәлiметтерiмен салыстыра отырып тексередi.
      6.5. Импорт бойынша мәмiле паспортындағы, контракттағы және төлем құжатындағы мәлiметтер сәйкес келген жағдайда банктiң жауапты қызметкерi импорт бойынша контрактқа төлем жасау үшiн банктiк құжатқа рұқсат визасын қояды.
      Банк контракт шарттарына сәйкес жасалған төлем туралы кеден органына хабарлауға мiндеттi. Жасалған төлемдер туралы мәлiметтердiң бәрi бақылауды жүзеге асыру мақсатымен банк пен кеден органы ресiмдейтiн iске және импорт жөнiндегi құжаттар жинағына енгiзiледi (Хабарлама нысаны N 6 қосымша).
      6.6. Егер контракт бойынша валюта коды төлем валютасының кодымен сәйкес келмесе, импортер кеден органына қажеттi түсiндiрулерiмен қоса контракт бойынша валюта бағамының төлем валютасына есеп айырысуын ұсынады. Кеден органы аталған есеп айырысуды контракт шартына сәйкес келуi және есеп айырысуға қалыптасқан бағамның нақтылығы тұрғысынан тексередi және келiсiлген жағдайда болашақта тауардың түсуiн ескередi.
      Есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген шетелдiк валютаның ресми бағамы немесе кедендiк жүк декларациясын кедендiк ресiмдеуге қабылдау уақытында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген шетелдiк валютаның теңге кросс-бағамы арқылы жүзеге асырылады.
      Импортер ұсынған есеп айырысумен келiспеген жағдайда кеден органы нақты түскен тауарды ескередi, бұл туралы импортер мен салық органдарына жазбаша хабарлап, импорт бойынша материалдарға тиiстi белгi қояды.
      6.7. Импортер импорт бойынша мәмiле паспортына қол қоя отырып, өзiне:
      - импорт бойынша мәмiле паспортында келтiрiлген мәлiметтердiң осы импорт бойынша мәмiле паспорты жасалған контракт шарттарына толық сәйкес келуi;
      - импортталған тауарды толық көлемiнде және контракта белгiленген мерзiмде алу немесе тауарды жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда, контракт бойынша бұрын шетелдiк тарапқа аударылған алдын ала жасалған төлем сомаларын импортердiң импорт бойынша мәмiле паспортында көрсетiлген валюталық шотына белгiленген мерзiмiнде қайтару жауапкершiлiгiн алады.
      6.8. Төмендегi шарттардың типтi бiреуiнiң болмауы банк үшiн импорт бойынша мәмiле паспортына қол қоюдан бас тартуына негiз болып табылады:
      Бұл шарттар мынадай:
      - контракт мазмұнындағы мәлiметтердiң мәмiле паспортында көрсетiлген мәлiметтермен сәйкес келмеуi;
      - белгiленген талаптарды бұза отырып импорт бойынша мәмiле паспортын ресiмдеу;
      - Қазақстан Республикасына импорт өнiмдерiнiң түсу мерзiмiн көздейтiн шарттардың контракта болмауы;
      - Қазақстан Республикасының валюта заңдарының талаптарына қайшы келетiн шарттардың контракта болуы;
      - егер контракта тауарда Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейiн төлем жасау көзделген жағдайда, тауарды жеткiзбеген кезде импортердiң банктегi шотына импортталатын тауарға төлем жасауға аударылған ақшалай қаражатты қайтарудың нақты мерзiмiн белгiлейтiн шарттардың контракта болмауы.
      6.9. Импорт бойынша мәмiле паспортына қол қоюдан дәлелдi бас тарту кезiнде банк импортерге ол берген құжаттарды қайтарады және импортшыға импорт бойынша мәмiле паспортын ресiмдеу мен контракт шартына тиiстi өзгертулер енгiзу жөнiнде ұсыныстар бередi.
      6.10. Тараптар контрактқа импорт бойынша мәмiле паспортын жасау кезiнде бұрын пайдаланылған, осы контракт бойынша банк куәландырған мәлiметтердi қозғайтын өзгерiстер енгiзген жағдайда импортер аталған өзгерiстер енгiзiлген күннен бастап он күн мерзiмде, контрактқа енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар негiзiнде импортталатын тауарды кедендiк ресiмдеуге ұсынудан кешiктiрмей, банкке:
      - контрактқа толықтырулар мен өзгерiстердi;
      - импорт бойынша мәмiле паспортының нысанымен, бiрақ тек қана мәлiметтерi анықталуға тиiс бағанды (позицияны) толтыра отырып жасалатын импорт бойынша мәмiле паспортына қосымша парақтарды ұсынады. Импорт бойынша мәмiле паспортына қосымша парақтарды одан әрi ресiмдеу мен пайдалану импорт бойынша мәмiле паспорты үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      6.11. Импортер кеден органдарына импортталған тауарды кедендiк ресiмдеуге беру кезiнде белгiленген тәртiппен банк куәландырған импорт бойынша мәмiле паспортының данасын және оған қосымша парақтарды ұсынады.
      6.12. Кеден органдары импортталған тауарларды кедендiк ресiмдеуге Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген түрлi құжаттарға оларды толықтыруға, банктiң жауапты адамы куәландырған және банк мөрiмен басылған импорт бойынша мәмiле паспортының данасын ұсыну барысында қабылдайды.
      6.13. Кеден органдары импортер ұсынған импорт бойынша мәмiле паспортындағы мәлiметтердiң банк ұсынған мәмiле паспортының мәлiметтерiмен сәйкестiгiн, олардың кедендiк жүк декларациясында көрсетiлген деректермен және олардың қолында бар басқа да құжаттармен сәйкес келуiн тексередi.
      6.14. Осы бөлiмнiң 6.13-тармағында көрсетiлген құжаттарда бар кеден органы картотекасындағы ақпараттарда айырмашылық болмаған жағдайда және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының өзге де барлық талаптарын орындау барысында тауарды ресiмдейтiн кеден органының лауазымды адамы импорт бойынша мәмiле паспортына және кедендiк жүк декларациясына қол қойып, осы құжаттарға өз қолын және дербес номерлi мөрiн басады.
      Кеден органының лауазымды адамы қол қойған импорт бойынша мәмiле паспортының данасы кедендiк жүк декларациясының данасымен бiрге кеден органының импорт жөнiндегi материалдар жинағында қалады.
      6.15. Кеден органы лауазымды адамының қолы және оның дербес номерлi мөрiнiң бедерлемесi бар импортталатын тауарға берiлетiн кедендiк жүк декларациясы импортерге берiледi.
      6.16. Егер импорт бойынша тауар толық көлемiнде түспесе немесе импорт бойынша мәмiле паспортында көрсетiлген мерзiмдi бұза отырып түссе, импортер импорт бойынша тауарды толық алу үшiн шаралар қолдануға немесе сонымен бiр мезгiлде кеден органына орын алған тәртiп бұзушылықтың себептерi туралы ақпарат бере отырып, тауар импортына төлем жасау үшiн аударылған ақша қаражатын қайтаруға мiндеттi. Түскен жүктердiң бiрдей болуын жеңiлдету мақсаты үшiн импортер жүк берушiнi импортердiң мекен-жайына жiберiлетiн және тауарлардың олардың пайдасына жөнелтiлгенiн қуаттайтын iлеспе құжаттарда контракт реквизиттерi мен осы контракт бойынша импорт жөнiндегi мәмiле паспортының номерiн көрсету қажеттiгi туралы хабардар етедi.
      6.17. Кеден органы контракт және импорт бойынша паспорт мәмiлесiнiң шарттарына сәйкес тауардың дер кезiнде түсуiне бақылау жасайды. Тауардың түсу мерзiмi бұзылған жағдайда кеден органдары орын алған тәртiп бұзушылық туралы салық және құқық қорғау органдарын хабардар етедi және импортерге кеден заңдарында көзделген санкцияларды қолдануға құқылы.
      6.18. Егер контракт шартында тауарды бiрнеше топпен беру, ал төлем жасау кезектi топтың нақты түсуiне қарай көзделсе, банк контракт шарттарына сәйкес жүргiзiлген төлем туралы кеден органына хабарлауға мiндеттi. Жасалған төлемдер туралы барлық мәлiметтер бақылау жүргiзу мақсатында тиiсiнше банк және кеден органы қалыптастыратын импорт жөнiндегi iс пен материалдар жинағына енгiзiледi. (Хабарлама нысаны - N 6 қосымша).

      7. Қазақстан Республикасының аумағында тауарды кедендiк
         ресiмдеу аяқталғаннан кейiн төлем жасауды көздейтiн
         импорт бойынша мәмiленi ресiмдеу тәртiбi

      7.1. Егер импортермен жасалған контракт шарты бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тауарды кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн төлем жасау қарастырылса, импортер жасалған контракт негiзiнде өз атынан кеден органына берiлетiн импорт бойынша мәмiле паспортын толтырады және қол қояды. Бұл орайда импортердiң:
      а) импорт бойынша мәмiле паспортындағы қолдардың растығын нотариалдық тәртiппен куәландыруға құқы бар (бұл жағдайда тауарды кедендiк ресiмдеу осы бөлiмнiң 7.5-тармағына сәйкес жүргiзiледi);
      б) импорттық мәмiленi ресiмдеудi импорт бойынша мәмiле паспортын кеден органына ұсыну жолымен, импортерге қызмет көрсететiн банкте мәмiле паспортындағы қолдардың растығын кейiннен куәландыра отырып жүзеге асыруға құқы бар (бұл жағдайда тауарды кедендiк ресiмдеу осы бөлiмнiң 7.2-тармағына сәйкес жүргiзiледi).
      Импортер мәмiле паспортымен бiр мезгiлде кеден органына импорт бойынша мәмiле паспорты жасауға негiз болған контракттi беруге мiндеттi.
      Импортердiң импорт бойынша мәмiле паспортын ресiмдеу нысаны мен тәртiбi осы Ереженiң N 3 қосымшасында келтiрiлген. Импорт бойынша мәмiле паспорты үш дана етiп ресiмделедi.
      7.2. Кеден органының лауазымды адамы ұсынылған құжаттарды қарайды және импорт бойынша мәмiле паспорты мәлiметтерiнiң контракт шарттарына сәйкестiлiгiн тексередi, осы бөлiмде көзделген барлық талаптар сақталған жағдайда және Қазақстан Республикасы кеден заңдарының өзге де барлық талаптары орындалған кезде импортер ұсынған импорт бойынша мәмiле паспортына қол қойып, дербес номерлi мөрiмен растайды.
      Кеден органының лауазымды адамы қол қойған импорт бойынша мәмiле паспортының бiрiншi данасы контракттың данасымен бiрге импортерге қайтарылады, бұл валюталық бақылаудың кiрiс және шығыс құжаттарын есепке алу журналының "шығыс" бағанында көрсетiледi (N 4 қосымша).
      Импорт бойынша мәмiле паспортының екiншi мен контракттың данасы кеден органының импорт бойынша материалдар жинағын ашуға негiз болып табылады, мұнда ол болашақта бақылау қызметiн жүзеге асыру үшiн сақталады.
      Импорт бойынша мәмiле паспортының үшiншi данасын кеден органы банкке жiбередi.
      7.3. Банк кеден органынан мәмiле паспортын алған соң оны алған сәттен бастап үш күн мерзiмде өзiнде импортер шотының болуын тексередi, сондай-ақ импорт бойынша мәмiле паспортындағы қолдардың импорт шоты бойынша бiрiншi қол қою құқы бар адамдар қолдарының үлгiлерi бар құжаттағы қолдардың үлгiлерiмен сәйкес келуiн салыстырады. Мәмiле паспорты аталған талаптарға сәйкес келуi барысында банктiң жауапты қызметкерi импорт жөнiндегi мәмiле паспорты сақталатын импорт бойынша iс ашады және кеден органына хабарлама жiбередi.
      Импортердiң шоты болған жағдайда банк осы фактi туралы кеден органын хабардар етедi.
      Хабарлама нысаны еркiн түрде жазылады.
      7.4. Шоттың бар екендiгi туралы банктiң хабарламасын алған соң кеден органы қолданылып жүрген кеден заңдарына сәйкес осы мәмiле паспорты бойынша тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүргiзедi.
      Импортер шотының жоқтығы туралы банк хабарламасын алған соң кеден органы Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес шаралар қолданады.
      7.5. Импортер кеден органына қойылған қолдар нотариалдық тәртiппен куәландырылған импорт бойынша мәмiле паспортын ұсынған жағдайда кеден органының лауазымды адамы ұсынылған импорт бойынша мәмiле паспортының контракт шарттарына сәйкес келуiн тексередi. Осы бөлiмде көзделген барлық талаптар сақталса және Қазақстан Республикасы кеден заңдарының барлық басқа талаптары орындалса тауарды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органының лауазымды адамы импорт бойынша мәмiле паспортының үш данасына қол қояды, оған өзiнiң жеке нөмiрлi мөрiн басып, тауарды кедендiк ресiмдеуге кiрiседi.
      Кеден органының лауазымды адамы қол қойған импорт бойынша мәмiле паспортының бiр данасы және контракт данасы кеден органының импорт жөнiндегi материалдар жинағында қалады.
      Кеден органы лауазымды адамының қолы мен оның жеке номерлi мөрiнiң бедерлемесi бар импорт бойынша мәмiле паспортының екiншi данасы және кедендiк жүк декларациясының данасы импортерге тауарды кедендiк ресiмдеу аяқталған соң берiледi.
      Импорт бойынша мәмiле паспортының үшiншi данасын кеден органы банкке жiбередi.
      7.6. Импортерде шоттың болуы немесе болмауы туралы хабарламаны банк кеден органына осы Ереженiң 7.3-тармағына сәйкес олар мәмiле паспортының данасын алған соң бередi.
      7.7. Мәмiле паспортының данасы банк үшiн импорт бойынша iс ашуға негiз болады.
      7.8. Импортер контракт бойынша төлемдi жүзеге асыру үшiн банкке импорт бойынша мәмiле паспортын және контракттi ұсынады.
      7.9. Банктiң төлем құжатына енгiзiлген мәлiметтердi банк импорт бойынша мәмiле паспортының және контракттың мәлiметтерiмен тексередi.
      7.10. Импорт бойынша мәмiле паспортындағы және төлем құжаттарындағы мәлiметтер сәйкес келген жағдайда банктiң жауапты қызметкерi импорт жөнiндегi контрактқа төлем жасау үшiн банк құжатына рұқсат визасын қояды.
      7.11. Банк контракт шарттарына сәйкес жасалған төлем туралы кеден органына хабарлауға мiндеттi. Жасалған төлем туралы барлық мәлiметтер бақылау жүргiзу мақсатында тиiсiнше банк және кеден органы қалыптастыратын импорт жөнiндегi iс пен материалдар жинағына енгiзiледi (Хабарлама нысаны - N 6 қосымша).
      7.12. Банк осы бөлiмде көзделген валюталық бақылау агентiнiң мiндеттерiн бұзу фактiлерiн анықтаған жағдайда кеден органы тиістi ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жiбередi.
      7.13. Түскен және жөнелтiлген құжаттарды банк пен кеден органы импорт бойынша валюталық бақылаудың кiрiс және шығыс құжаттары журналында тiркеп отырады.

      8. Қазақстан Республикасындағы экспорт-импорт операцияларына
         бақылау жасау iс-әрекетiн техникалық қамтамасыз ету

      8.1. Осы Ереженiң талаптарына сәйкес ресiмделетiн құжаттардағы мәлiметтер банктер үшiн банктiк құпия, ал кеден органы үшiн - қызметтiк пайдалануға арналған ақпарат болып табылады. Банктер мен кеден органдары осы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етедi.
      8.2. Кеден органымен жазбаша келiсу және банктердiң кеден органымен бiрлесе отырып құжаттарды сақтау мен iркiлiссiз жеткiзудi қамтамасыз ететiн процедурасын жасауы кезiнде банктер құжаттарды электронды айырбастауға көше алады.
      8.3. Атауы мен почталық мекен-жайын өзгерткен банктер:
      - өзгерту күнiнен 10 күн бұрын бұл жайында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық басқармаларын және Қазақстан Республикасының кеден органдарын жеделхат арқылы хабардар етуге;
      - енгiзiлген өзгерiстер жөнiнде осы банктерде шоттары бар барлық клиенттердi жазбаша хабардар етуге;
      - кеден органдарынан, сарапшылардан және импортерленден олардың бұрынғы мекен-жайы мен бұрынғы атауына түскен корреспонденцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, кеден органына және банк клиентiне аталған ақпараттарды жiберген уақыттан бастап 30 күн iшiнде қабылдаушы қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Кеден органы бұл жағдайда банктiң аталған мәлiмдемесi негiзiнде тауарды мәмiле паспортымен кедендiк ресiмдеуге 30 күн iшiнде бұрынғы атауымен және почталық мекен-жайымен қабылдайды.
      8.4. Қызмет көрсетушi банк өзгерген жағдайда экспортер (импортер) жаңа мәмiле паспортына қол қойған күннен бастап үш күн мерзiмде кеден органына жаңа мәмiле паспортының көшiрмесiн ұсынуға тиiс.
      8.5. Осы контракт бойынша ресiмделген бұрынғы мәмiле паспорты жарамсыз деп танылады. Кеден органдары осындай мәмiле паспорттарын бере отырып ресiмделетiн тауарларды шығармайды (өткiзбейдi).
      8.6. Егер ресiмделген экспорттық-импорттық мәмiледе тиiстi контракт күшiне енгеннен уақыттан бастап 180 күнтiзбелiк күннен асатын мерзiмде ақшаның түсуi немесе аударылуы көзделген жағдайда, экспортер (импортер) мәмiле паспортын ресiмдегенге дейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен тиiстi лицензия немесе мәмiле паспортына мiндеттi түрдегi қосымша болып табылатын тiркеу туралы куәлiк алуға мiндеттi.
      8.7. Шетелдiк сатып алушыдан экспорттық түсiм осы контракт бойынша мәмiле паспортын ресiмдемейтiн банкке түскен жағдайда, экспортер банкке түскен ақшаны толық сомасында аталған мәмiле паспортын ресiмдейтiн банктегi өзiнiң валюталық шотына аударуға тапсырма беруге мiндеттi. Экспортер ақша аударуға тапсырмамен бiрге банк куәландырған мәмiле паспортының данасын бередi, ол ақша аударуға өтiнiшпен бiрге түсiмдi алған банк үшiн аударымды жүзеге асыруға негiз болады.

      9. Валюталық бақылау органдары мен агенттерi

      9.1. Қазақстан Республикасында валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және агенттерi өз құзырлары шегiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырады.
      9.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының кеден органдарын нақты почталық мекен-жайларын көрсете отырып, барлық банктер мен олардың филиалдарының тiзiмдерiмен жедел түрде жабдықтайды, аталған мәлiметтерге кез-келген өзгерiстердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен валютаның ресми бағамы туралы ақпараттарды уақытында жеткiзедi.
      9.3. Валюталық бақылау агенттерi өз құзырлары шегiнде Қазақстан Республикасында экспортерлер мен импортерлер жүргiзген валюталық операцияларға, осы операциялардың қолданылып жүрген заңдарға, лицензия шарттарына сәйкес келуiне бақылау жасайды.

      10. Экспортерлер мен импортерлердiң құқықтары мен мiндеттерi

      10.1. Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық операцияларды жүзеге асыратын экспортерлер мен импортерлердiң:
      а) валюталық бақылау органдары мен агенттерi жүргiзген тексеру актiлерiмен танысуға;
      б) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң iс-әрекетiне шағым беруге;
      в) Қазақстан Республикасының басқа да заңдық және нормативтiк құқықтық актiлерiмен көзделген басқа да iс-әрекет жасауға құқылы.
      10.2. Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық операцияларды жүзеге асыратын экспортерлер мен импортерлер:
      а) валюталық бақылау органдары мен агенттерiне экспорттық-импорттық операциялардың жүзеге асырылғандығы туралы барлық сұралған құжаттар мен ақпараттарды беруге;
      б) валюталық бақылау органдарының қызметкерлерiн экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға байланысты кез келген құжаттарға тексеру жүргiзуге жiберуге;
      в) валюталық бақылау органдары мен агенттерiне олардың тексеру жүргiзуi барысында және тексеру қорытындылары бойынша түсiнiктемелер беруге;
      г) валюталық бақылау органдары мен агенттерi жүргiзген тексеру

актiсiнде баяндалған фактiлермен келiспеген жағдайда, осы актiге қол
қоюдан бас тарту себебiн жазбаша түсiнiк беруге;
     д) өздерi жүргiзген экспорттық-импорттық операциялар бойынша
олардың бес жылдан кем болмайтын уақыт сақталуын қамтамасыз ете
отырып есепке алуды жүргiзуге және есеп беруге;
     е) валюталық бақылау органдарының анықталған тәртiп бұзушылықты
жою жөнiндегi талаптарын (нұсқауларын, ұйғарымдарын) орындауға;
     ж) қолданылып жүрген заңдарда белгiленген басқа да мiндеттердi
орындауға мiндеттi.

     11. Банктердiң осы Ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi

     11.1. Банктерге осы Ереже талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан
Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершiлiк
жүктеледi.
     11.2. Банктердiң осы Ереже нормаларын ұдайы бұзғаны үшiн
валюталық бақылау органдарының өз өкiлеттiгi шегiнде санкциялар
қолдануға құқығы бар.

     12. Экспортерлер мен импортерлердiң осы Ереженi бұзғаны
         үшiн жауапкершiлiгi



      12.1. Экспортерлер куәландырылған соң жалған мәмiле паспортын жасағаны - түзету енгiзгенi немесе банктiң жауапты қызметкерiнiң қолын немесе банктiң мөрiн және кеден органының лауазымды адамының қолы мен оның мөрiн жасағаны үшiн, мәмiле паспортында көрсетiлген тауарға сәйкес келмейтiн тауарды Республикаға әкелгенi немесе одан тысқары жерлерге шығарғаны, сондай-ақ осы ереженiң талаптарын сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк, әкiмшiлiк және қылмыстық заңдарына сәйкес жауап бередi.

      13. Экспортерлер, импортерлер қызметкерлердiң және
          валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң
          лауазымды адамдарының осы ереженiң талаптарын
          бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi

      13.1. Экспортер, импортер жауапты қызметкерлер және валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң лауазымды адамдары осы Ереженiң талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкiмшiлiк және азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк арқалайды.
      13.2. Валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң лауазымды

адамдары валюталық бақылау қызметiн атқару кезiнде өздерiне мәлiм
болған ақпараттарды жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жауапкершiлiк арқалайды.

     14. Қорытынды ережелер

     Осы Ереже күшiне енгенге дейiн экспорттық-импорттық контракттар
жасаған экспортерлер (импортерлер), егер контракттар бойынша есеп
аяқталмаған жағдайда, осы Ереже күшiне енген күннен бастап бiр ай
мерзiмде осы Ереженiң талаптарына сәйкес мәмiле паспортын ресiмдеуге
мiндеттi.

     Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасы
     Мемлекеттiк кеден комитетiнiң       Ұлттық Банкiнiң
     Төрағасы                            Төрағасы

                                                      N 1 қосымша

     N 1/1 (1/2) экспорт жөнiндегi мәмiле
     ПАСПОРТЫ
     ______________________ ж.
     ЭКСПОРТЕР БАНКТIҢ РЕКВИЗИТТЕРI
     Атауы ________________________________________________________
     Филиалы ______________________________________________________
     Тұрған орны __________________________________________________

     ЭКСПОРТЕРДIҢ РЕКВИЗИТТЕРI
     Атауы ________________________________________________________
     ОКПО коды ____________________________________________________
     Мекен-жайы ___________________________________________________
     Банк шотының нөмерi___________________________________________
     Салық тiркеу нөмерi___________________________________________
     Салық органының мекен-жайы ___________________________________

     ШЕТ ЕЛ САТЫП АЛУШЫСЫНЫҢ РЕКВИЗИТТЕРI
     Атауы ________________________________________________________
     Ел ___________________________________________________________
     Тұрған орны __________________________________________________
     Сатып алушы банктiң реквизиттерi _____________________________

     РЕКВИЗИТТЕР ЖӘНЕ КОНТРАКТIНIҢ ШАРТТАРЫ
     Номерi ______________________ Соңғы төлем ____________________
     Күнi _____________________ Төлем валютасы_____________________
     Контракт сомасы __________ Төлем валютасының коды ____________
     Тауар, жүк _____________________
     Контракт бойынша валюта ________ Есеп нысаны _________________
     Порт, белгiленген станция ____________________
     Контракт бойынша валюта коды _______ Түсiмнiң келiп түсуi ____
     Валюталық ескертпе ___________________________________________

     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКIНIҢ ЛИЦЕНЗИЯСЫ
     Лицензияның номерi _______________________ Күнi ______________
     СЕНIМ БIЛДIРIЛГЕН АДАМДАРДЫҢ ҚОЛЫ:
Банктiң атынан        Экспортердiң атынан   Кеден органының атынан
лауазымы ___________  лауазымы ___________  лауазымы ___________
Аты-жөнi (қолы)_____  Аты-жөнi (қолы)_____  Аты-жөнi (қолы)_____
М.О. күнi __________  М.О. күнi __________  М.О. күнi __________

     БАНКТIҢ, КЕДЕН ОРГАНЫНЫҢ ЕРЕКШЕ БЕЛГIЛЕРI
     ________________________________________
     ________________________________________


                      Мәмiле паспортын ресiмдеу
                              ТӘРТIБI



      "Экспорт жөнiндегi мәмiле паспорты" - қисық сызықпен бөлiнген төрт бөлiктен тұратын мәмiле паспортының күрделi коды көрсетiледi:
      - бiрiншi бөлiгi екi араб санынан тұрады, оның "1" деген бiрiншi саны осы экспорт жөнiндегi мәмiле паспортының тауар экспортынан келiп түскен түсiмге валюталық бақылау жасауға арналған, ал "1" деген екiншi саны мәмiленiң банкте, немесе "2" - кеден органында ресiмделгенiн көрсетедi.
      - екiншi бөлiгi ОКПО (мекемелер мен ұйымдардың жалпы классификаторы) бойынша банк кодын құрайтын сегiз саннан тұрады.
      - үшiншi бөлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi банк филиалына берген номерден тұратын үш саннан тұрады. Банктiң бас кеңсесiнде есеп жүргiзген кезде немесе филиалдары болмағанда бұл бөлiкке "000" қойылады,
      - төртiншi бөлiгi журналға сәйкес осы экспорт жөнiндегi мәмiле паспортының рет номерiнен тұрады. "экспорт жөнiндегi мәмiле паспорты" деген бағанның астына оның N 2 үлгiдегi журналға тiркелген күнi көрсетiледi.

      "Банк реквизиттерi" бөлiмi былайша толтырылады.

      "Атауы" деген бағанға осы экспорт жөнiндегi мәмiле паспортына қол қойған банктiң аты толық көрсетiледi.
      "Филиал" деген бағанға экспортердiң шоты жүргiзiлетiн филиалдың толық аты көрсетiледi, бұдан әрiде экспорт жөнiндегi мәмiле паспортының "шот номерi" бағанында көрсетiледi. Көрсетiлген шот банк филиалында жүргiзiлген жағдайда ғана толтырылады. "Тұрған орны" деген бағанға экспортер шотын жүргiзушi банктiң (немесе экспортердiң шоты банк филиалында жүргiзiлсе, банк филиалының) толық почталық мекен-жайы көрсетiледi.

      "Экспортердiң реквизиттерi" бөлiмi былайша толтырылады:
      "Атауы" деген бағанда мәмiле паспортына қол қойған экспортердiң толық ресми аты көрсетiледi.
      "ОКПО коды" деген бағанда мәмiле паспортына қол қойған экспортердiң оған мемлекеттiк статистика органы берген сегiз таңбалы коды көрсетiледi.
      "Тұрған орны" деген бағанда экспорт жөнiндегi мәмiле паспортына қол қойған экспортердiң толық почталық мекен-жайы көрсетiледi.
      "Банк шотының номерi" деген бағанда мәмiле паспортына қол қойған экспортердiң осы мәмiле паспортында көрсетiлген контрактi бойынша валюталық түсiм түсуi тиiс валюталық шотының номерi көрсетiледi.
      "СТН" бағанында экспортердiң салық органында салық төлеушi ретiнде тiркелген тiркеу номерi көрсетiледi.
      "Салық органының мекен-жайы" деген бағанда экспортердiң тiркелген жерi бойынша салық органдарының мекен-жайы көрсетiледi.

      "Шет ел сатып алушысының реквизиттерi" бөлiмi былайша толтырылады:

      "Атауы" деген бағанда осы экспорт жөнiндегi мәмiле паспорты негiзiнде жасалған контрактiде көрсетiлген түрдегi экспортталатын тауарларды шет елдiк сатып алушының аты көрсетiледi.
      "Ел" деген бағанда кәсiпкер ретiнде тiркелген сатып алушының елiнiң аты көрсетiледi.
      "Мекен-жайы" деген бағанда осы экспорт жөнiндегi мәмiле паспорты негiзiнде жасалған контрактiнiң шарттарына сәйкес шет ел сатып алушысының заңды мекен-жайы көрсетiледi. "Сатып алушы банктiң реквизиттерi" деген бағанда шет ел сатып алушысына қызмет көрсететiн банктiң мекен-жайы мен реквизиттерi көрсетiледi.

      "Контрактiнiң реквизиттерi мен шарттары" бөлiмi былайша толтырылады:

      "Номерi" деген бағанда осы экспорт жөнiндегi мәмiле паспорты негiзiнде жасалған контрактiнiң номерi көрсетiледi.
      "Күнi" деген бағанда контрактiге қол қойылған күнi көрсетiледi.
      "Контракт сомасы" деген бағанда осы контрактiге сәйкес экспортталатын тауарлардың жалпы құны көрсетiледi.
      "Тауар, жүк" деген бағанда контракт бойынша тауардың аты көрсетiледi.
      "Порт, белгiленген станция" деген бағанда сатып алушының елiндегi жүк жеткiзiлетiн орын көрсетiледi.
      "Контракт бойынша валюта" деген бағанда "Кедендiк жүк декларациясын толтыру тәртiбi туралы" Мемлекеттiк кеден комитетiнiң нұсқаулығы негiзiнде республикалық кеден органдары қолданатын валюталар классификаторына сәйкес контракт сомасы белгiленген валюта атауы көрсетiледi.
      "Контракт бойынша валюта коды" деген бағанда "Кедендiк жүк декларациясының толтыру тәртiбi туралы" Мемлекеттiк кеден комитетiнiң нұсқаулығы негiзiнде Республикалық кеден органдары қолданатын валюталар классификаторына сәйкес контракт бойынша валюта коды көрсетiледi.
      "Валюталық ескертпе" деген бағанда контракт бойынша валюта төлемiне валюта бағамын есептеу тәсiлi көрсетiледi ("контракт бойынша валюта" мен "төлем валютасы" сәйкес келмегенде ғана толтырылады).
      "Соңғы төлем" деген бағанда осы экспорт бойынша мәмiле паспорты негiзiнде жасалған контракт бойынша соңғы төлемнiң экспортерлердiң валюта шотына келiп түсуiнiң есеп айырысу күнi көрсетiледi. "Соңғы төлемдi" экспортер болжанған соңғы кедендiк ресiмдеу күнiне "түсiмнiң келiп түсуi" деген бағанда көрсетiлген, контракт шарты бойынша түсiмiнiң рұқсат етiлген келiп түсу мерзiмiн қоса отырып өз бетiнше есептейдi.
      "Төлем валютасы" деген бағанда "Кедендiк жүк декларациясын толтыру тәртiбi туралы" Мемлекеттiк кеден комитетiнiң нұсқаулығы негiзiнде республикалық кеден органдары қолданатын валюталар классификаторына сәйкес экспортталатын тауардың төлемi жүргiзiлетiн валютаның аты көрсетiледi.
      "Төлем валютасының коды" деген бағанда "Кедендiк жүк декларациясын

толтыру тәртiбi туралы" Мемлекеттiк кеден комитетiнiң нұсқаулығы негiзiнде 
республикалық кеден органдары қолданатын валюталар классификаторына сәйкес 
төлем валютасының коды көрсетiледi.
     "Есеп айырысу түрi" деген бағанда контрактiдегi шарттарға сәйкес 
(төменде келтiрiлген классификаторға сай) экспортталатын тауар үшiн 
қолданатын есеп айырысу түрiнiң коды көрсетiледi.

     Есеп айырысу             нысаны     коды
     Аванстық төлем
     (алдын ала төлеу)         00
     аккредитив                            10
     инкассо                   20
     аударым                   30

     Есеп айырысудың аралас түрi қолданылуы мүмкiн, онда бағанға екi код 
жазылады.
     "Түсiмнiң келiп түсуi" бағанында төменде келтiрiлген классификаторға 
сай тауар экспортынан валюта түсiмi келiп түскендегi есеп айырысу 
мерзiмiнiң коды көрсетiледi:

     Түсiмнiң келiп түсу мерзiмi            Коды
     Аванстық төлем                          00
     30  күн iшiнде                          01
     60  күн iшiнде                          02
     90  күн iшiнде                          03
     120 күн iшiнде                          04
     150 күн iшiнде                          05
     180 күн iшiнде                          06
       9 ай iшiнде                           09
      12 ай iшiнде                           12
      18 ай iшiнде                           18
       2 жыл iшiнде                          22
       3 жыл iшiнде                          23
       4 жыл iшiнде                          24
     5-9 жыл iшiнде                          25, 26, 27. 28, 29
      10 жыл iшiнде және 30-дан астам



      Тауар экспортынан түсетiн түсiмнiң келiп түсу мерзiмiн экспортер Қазақстан Республикасы мен басқа елдердiң территориясымен тауарлардың жылу уақытының және банк құжаттарының, контракт жөнiндегi төлем шарттарының өту уақытын және басқа факторларды ескере отырып өз бетiнше белгiлейдi. Көрсетiлген мерзiм тауарларды кедендiк ресiмдеу күнiнен бастап есептеледi.
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Лицензиясы" бөлiмi Экспорттық

түсiм банк шотына түспей келiп түскен жағдайда толтырылады.
     "Сенiм бiлдiрiлген адамдардың қолы" бөлiмi былайша толтырылады.
     Экспорт жөнiндегi паспорттың барлық даналарына (лауазымы, аты-жөнi 
көрсетiле отырып) қол қойылады:
     - экспортердiң атынан - экспортер басшысы;
     - банктiң атынан - банктiң жауапты қызметкерлерiнiң бiрi;
     - кеден органының атынан - тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүзеге 
асыратын лауазымды адам және банктiң, экспортер мен кеден органының 
мөрлерi қойылады.
     "Банктiң, кеден органының ерекше белгiлерi" бөлiмiнде Қазақстан 
Республикасының Ұлттық Банкi рұқсат берген мерзiмi ұзартылған төлем уақыты 
(180 күннен астам) немесе мәмiле паспорты бағанында көрсетiлмеген, бiрақ 
осы Ережеде қарастырылған не валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң 
жұмысын жеңiлдету үшiн жазылған жазбалар көрсетiледi.

                                                      N 2 қосымша

     "БАНК, КЕДЕН ОРГАНЫ" ________________________________________
     (банктiң және оның филиалының, кеден органының толық атауы)
     199__ жылғы экспорт жөнiндегi валюта бақылауының кiрiс және шығыс 
құжаттарын есепке алу
     ЖУРНАЛЫ
     Басталуы ___________________(көрсетiлген күнтiзбелiк жылда
     журналда бiрiншi тiркелген құжаттың тiркеу күнi көрсетiледi)
     Аяқталуы ___________________(көрсетiлген күнтiзбелiк жылда
     соңғы тiркелген құжаттың тiркеу күнi көрсетiледi)
     Бланк
     Құжаттың атауы
     Номерi және күнi
     Шығыс
     - түскен күнi
     - Корреспондент
     Кiрiс
     - жiберiлген күнi
     - Корреспондент
     - құжатты алған адамның қолы

     Ескерту: импорт жөнiндегi валюта бақылауының кiрiс және шығыс 
құжаттарын есепке алу журналы әр күнтiзбелiк жылға жасалады (бiрiншi 
құжаттың келiп түскен күнiнен). Журнал аяқталғанда банктiң бас 
бухгалтерiнiң және кеден органның лауазымды адамның қолы қойылады және 
архивке сақтауға өткiзiледi. Архивте сақталу мерзiмi - журнал аяқталған 
күннен бастап 5 жыл.


                                                      N 3 қосымша

     N 2/1 (2/2) импорт жөнiндегi мәмiле
     ПАСПОРТЫ
     ______________________ ж.
     БАНКТIҢ РЕКВИЗИТТЕРI
     Атауы ________________________________________________________
     Филиалы ______________________________________________________
     Тұрған орны __________________________________________________

     ИМПОРТЕРДIҢ РЕКВИЗИТТЕРI
     Атауы ________________________________________________________
     ОКПО коды ____________________________________________________
     Мекен-жайы ___________________________________________________
     Банк номерiнiң шоты __________________________________________
     Салық тiркеу нөмерi___________________________________________
     Салық органының мекен-жайы ___________________________________

     ҮШIНШI АДАМНЫҢ РЕКВИЗИТТЕРI
     Атауы ________________________________________________________
     ОКПО коды ____________________________________________________
     Мекен-жайы ___________________________________________________
     Банк номерiнiң шоты __________________________________________
     Салық тiркеу нөмерi___________________________________________
     Салық органының мекен-жайы ___________________________________

     ШЕТ ЕЛ САТЫП АЛУШЫСЫНЫҢ РЕКВИЗИТТЕРI
     Атауы ________________________________________________________
     Ел ___________________________________________________________
     Мекен-жайы  __________________________________________________
     Сатып алушы банктiң реквизиттерi _____________________________

     РЕКВИЗИТТЕР ЖӘНЕ КОНТРАКТIНIҢ ШАРТТАРЫ
     Номерi ______________________ Соңғы төлем ____________________
     Күнi _____________________ Төлем валютасы_____________________
     Контракт сомасы __________ Төлем валютасының коды ____________
     Тауар, жүк _____________________
     Порт, белгiленген станция ____________________
     Контракт бойынша валюта ________ Есеп нысаны _________________
     Контракт бойынша валюта коды _______ Түсiмнiң келiп түсуi ____
     Валюталық ескертпе ___________________________________________

     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКIНIҢ ЛИЦЕНЗИЯСЫ
     Лицензияның номерi _______________________ Күнi ______________
     СЕНIМ БIЛДIРIЛГЕН АДАМДАРДЫҢ ҚОЛЫ:
Банктiң атынан        Импортердiң атынан    Кеден органының атынан
лауазымы ___________  лауазымы ___________  лауазымы ___________
Аты-жөнi (қолы) ф-сы  Аты-жөнi (қолы) ф-сы  Аты-жөнi (қолы)
М.О. күнi __________  М.О. күнi __________  М.О. күнi __________

     Үшiншi адамның атынан
     лауазымы ____________________
     Аты-жөнi (қолы) _____________
     М.О. күнi ___________________

     БАНКТIҢ, КЕДЕН ОРГАНЫНЫҢ ЕРЕКШЕ БЕЛГIЛЕРI
     ________________________________________
     ________________________________________


                       Мәмiле паспортын ресiмдеу
                                ТӘРТIБI



      "Импорт жөнiндегi мәмiле паспорты" - қисық сызықпен бөлiнген төрт бөлiктен тұратын мәмiле паспортының күрделi коды көрсетiледi:
      - бiрiншi бөлiгi екi араб санынан тұрады, оның "2" деген бiрiншi саны осы импорт жөнiндегi мәмiле паспортының тауар экспортынан келiп түскен түсiмге валюталық бақылау жасауға арналған, ал "1" деген екiншi саны мәмiленiң банкте, немесе "2" - кеден органында ресiмделгенiн бiлдiре отырып, осы мәмiле паспорты шет ел валютасын пайдаланылуына валюталық бақылау жасауға арналғанын көрсетедi.
      - екiншi бөлiгi ОКПО (мекемелер мен ұйымдардың жалпы классификаторы) бойынша банк кодын құрайтын сегiз саннан тұрады.
      - үшiншi бөлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi банк филиалына берген номерден тұратын үш саннан тұрады. Банктiң бас кеңсесiнде есеп жүргiзген кезде немесе филиалдары болмағанда бұл бөлiкке "000" қойылады,
      - төртiншi бөлiгi импорт жөнiндегi журналға сәйкес осы импорт жөнiндегi мәмiле паспортының рет номерiнен тұрады.
      "импорт жөнiндегi мәмiле паспорты деген бағанда импорт жөнiнде журналға тiркелген күнi көрсетiледi.

      "Банк реквизиттерi" бөлiмi былайша толтырылады.

      "Атауы" деген бағанға осы импорт жөнiндегi мәмiле паспортына қол қойған банктiң аты толық көрсетiледi.
      "Филиал" деген бағанға импортердiң шоты жүргiзiлетiн филиалдың толық аты көрсетiледi, бұдан әрiде импорт жөнiндегi мәмiле паспортында көрсетiледi.
      "банк номерiнiң шоты" деген бағанға көрсетiлген шот банк филиалында жүргiзiлген жағдайда ғана толтырылады.
      "Тұрған орны" деген бағанға импортер шотын жүргiзушi банктiң (немесе экспортердiң шоты банк филиалында жүргiзiлсе, банк филиалының) толық почталық мекен-жайы көрсетiледi.

      "Импортердiң реквизиттерi" бөлiмi былайша толтырылады:

      "Атауы" деген бағанда мәмiле паспортына қол қойған импортердiң толық ресми аты көрсетiледi.
      "ОКПО коды" деген бағанда мәмiле паспортына қол қойған импортердiң оған мемлекеттiк статистика органы берген сегiз таңбалы коды көрсетiледi.
      "Тұрған орны" деген бағанда импорт жөнiндегi мәмiле паспортына қол қойған импортердiң толық почталық мекен-жайы көрсетiледi.
      "Банк шотының номерi" деген бағанда мәмiле паспортына қол қойған импортердiң осы мәмiле паспортында көрсетiлген контрактi бойынша валюталық түсiм түсуi тиiс валюталық шотының номерi көрсетiледi.
      "СТН" бағанында импортердiң салық органында салық төлеушi ретiнде тiркелген тiркеу номерi көрсетiледi.
      "Салық органының мекен-жайы" деген бағанда импортердiң тiркелген жерi бойынша салық органдарының мекен-жайы көрсетiледi.
      "Үшiншi адам реквизитi" деген баған "Шет ел сатып алушысының реквизиттерi" деген баған сияқты толтырылады.

      "Шет ел сатып алушысының реквизиттерi" бөлiмi былайша толтырылады:

      "Атауы" деген бағанда осы импорт жөнiндегi мәмiле паспорты негiзiнде жасалған контрактiде көрсетiлген түрдегi импортталатын тауарларды шет елдiк сатып алушының аты көрсетiледi.
      "Ел" деген бағанда кәсiпкер ретiнде тiркелген сатып алушының елiнiң аты көрсетiледi.
      "Мекен-жайы" деген бағанда осы экспорт жөнiндегi мәмiле паспорты

негiзiнде жасалған контрактiнiң шарттарына сәйкес шет ел сатып алушысының 
заңды мекен-жайы көрсетiледi.
     "Сатып алушы банктiң реквизиттерi" деген бағанда шет ел сатып 
алушысына қызмет көрсететiн банктiң мекен-жайы мен реквизиттерi 
көрсетiледi.

     "Контрактiнiң реквизиттерi мен шарттары" бөлiмi былайша толтырылады:

     "Номерi" деген бағанда осы импорт жөнiндегi мәмiле паспорты негiзiнде 
жасалған контрактiнiң номерi көрсетiледi.
     "Күнi" деген бағанда контрактiге қол қойылған күнi көрсетiледi.
     "Контракт сомасы" деген бағанда осы контрактiге сәйкес импортталатын 
тауарлардың жалпы құны көрсетiледi.
     "Тауар, жүк" деген бағанда контракт бойынша тауардың аты көрсетiледi.
     "Порт, белгiленген станция" деген бағанда сатып алушының елiндегi жүк 
жеткiзiлетiн орын көрсетiледi.


      "Контракт бойынша валюта" деген бағанда "Кедендiк жүк декларациясын толтыру тәртiбi туралы" Мемлекеттiк кеден комитетiнiң нұсқаулығы негiзiнде республикалық кеден органдары қолданатын валюталар классификаторына сәйкес контракт сомасы белгiленген валюта атауы көрсетiледi.
      "Контракт бойынша валюта коды" деген бағанда "Кедендiк жүк декларациясын толтыру тәртiбi туралы" Мемлекеттiк кеден комитетiнiң нұсқаулығы негiзiнде республикалық кеден органдары қолданатын валюталар классификаторына сәйкес контракт бойынша валюта коды көрсетiледi.
      "Валюталық ескертпе" деген бағанда контракт бойынша валюта төлемiне валюта бағамын есептеу тәсiлi көрсетiледi ("контракт бойынша валюта" мен "төлем валютасы" сәйкес келмегенде ғана толтырылады).
      "Соңғы төлем" деген бағанда осы импорт бойынша мәмiле паспорты негiзiнде жасалған контракт бойынша соңғы төлемнiң импортердiң валюта шотына келiп түсуiнiң есеп айырысу күнi көрсетiледi. "Соңғы төлемдi" импортер болжанған соңғы кедендiк ресiмдеу күнiне "түсiмнiң келiп түсуi" деген бағанда көрсетiлген, контракт шарты бойынша түсiмiнiң рұқсат етiлген келiп түсу мерзiмiн қоса отырып өз бетiнше есептейдi. "Төлем валютасы" деген бағанда "Кедендiк жүк декларациясын толтыру тәртiбi туралы" Мемлекеттiк кеден комитетiнiң нұсқаулығы негiзiнде республикалық кеден органдары қолданатын валюталар классификаторына сәйкес импортталатын тауардың төлемi жүргiзiлетiн валютаның атауы көрсетiледi.
      "Төлем валютасының коды" деген бағанда "Кедендiк жүк декларациясын

толтыру тәртiбi туралы" Мемлекеттiк кеден комитетiнiң нұсқаулығы негiзiнде 
республикалық кеден органдары қолданатын валюталар классификаторына сәйкес 
төлем валютасының коды көрсетiледi.
     "Есеп айырысу түрi" деген бағанда контрактiдегi шарттарға сәйкес 
(төменде келтiрiлген классификаторға сай) импортталатын тауар үшiн 
қолданылатын есеп айырысу түрiнiң коды көрсетiледi.

     Есеп айырысу             нысаны     коды
     Аванстық төлем
     (алдын ала төлеу)         00
     аккредитив                            10
     инкассо                   20
     аударым                   30

     Есеп айырысудың аралас түрi қолданылуы мүмкiн, онда бағанға екi код 
жазылады.

     "Түсiмнiң келiп түсуi" бағанында төменде келтiрiлген классификаторға 
сай тауар импортынан валюта түсiмi келiп түскендегi есеп айырысу 
мерзiмiнiң коды көрсетiледi:

     Түсiмнiң келiп түсу мерзiмi            Коды
     Аванстық төлем                          00
     30  күн iшiнде                          01
     60  күн iшiнде                          02
     90  күн iшiнде                          03
     120 күн iшiнде                          04
     150 күн iшiнде                          05
     180 күн iшiнде                          06
       9 ай iшiнде                           09
      12 ай iшiнде                           12
      18 ай iшiнде                           18



      Тауар импортынан түсетiн түсiмнiң келiп түсу мерзiмiн импортер Қазақстан Республикасы мен басқа елдердiң аумағымен тауарлардың жылу уақытының және банк құжаттарының, контракт жөнiндегi төлем шарттарының өту уақытын және басқа факторларды ескере отырып өз бетiнше белгiлейдi. Көрсетiлген мерзiм тауарларды кедендiк ресiмдеу күнiнен бастап есептеледi.
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Лицензиясы" бөлiмi Импорттық түсу мерзiмiнен асып кеткен жағдайда толтырылады (импорттың түсу бағаны) - 180 күнтiзбелiк күн.
      Мынадай жағдайларда банк импортер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi берген лицензияның түпнұсқасын көрсетпейiнше импорттық өнiмдердiң түсу мерзiмiн ұзартуға импорт жөнiндегi мәмiле паспортына қол қоймайды.
      Лицензияда көрсетiлгендей импорт жөнiндегi мәмiле паспортының бөлiмi былайша толтырылады.

      "Номерi" деген бағанда импортерге берiлген лицензияда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тағайындаған нөмiрi көрсетiледi.
      "Күнi" деген бағанда импортерге берiлген Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкiнiң лицензияның берген күнi көрсетiледi.
     "Мерзiмiн ұзарту" деген бағанда импортталған тауардың ұзартылған түсу 
мерзiмiн көрсетедi. (180 күннен аса)

     "Сенiм бiлдiрiлген адамдардың қолы" бөлiмi былайша толтырылады.

     Импорт жөнiндегi паспорттың барлық даналарына (лауазымы, аты-жөнi 
көрсетiле отырып) қол қойылады:
     - импортердiң атынан - импортер басшысы;
     - банктiң атынан - банктiң жауапты қызметкерлерiнiң бiрi;
     - кеден органының атынан - тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүзеге
асыратын лауазымды адам.
     Импорт жөнiндегi мәмiле паспортының банктiң, экспортер мен кеден 
органының мөрлерi қойылады.
     "Банктiң ерекше белгiлерi" бөлiмiнде
     - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi рұқсат берген мерзiмi 
ұзартылған төлем уақыты (180 күннен астам) немесе мәмiле паспорты 
бағанында көрсетiлмеген, бiрақ осы Ережеде қарастырылған не валюталық 
бақылау органдары мен агенттерiнiң жұмысын жеңiлдету үшiн жазылған 
жазбалар көрсетiледi.

                                                       N 4 қосымша

     "БАНК, КЕДЕН ОРГАНЫ" ________________________________________
     (банктiң және оның филиалының, кеден органының толық атауы)
     199__ жылғы импорт жөнiндегi валюта бақылауының кiрiс және шығыс 
құжаттарын есепке алу
     ЖУРНАЛЫ
     Басталуы ___________________(көрсетiлген күнтiзбелiк жылда
     журналда бiрiншi тiркелген құжаттың тiркеу күнi көрсетiледi)
     Аяқталуы ___________________(көрсетiлген күнтiзбелiк жылда
     соңғы тiркелген құжаттың тiркеу күнi көрсетiледi)
     Бланк
     Құжаттың атауы
     Номерi және күнi
     Шығыс
     - түскен күнi
     - корреспондент
     Кiрiс
     - жiберiлген күнi
     - корреспондент
     - құжатты алған адамның қолы

     Ескерту: импорт жөнiндегi валюта бақылауының кiрiс және шығыс 
құжаттарын есепке алу журналы әр күнтiзбелiк жылға жасалады (бiрiншi 
құжаттың келiп түскен күнiнен). Журнал аяқталғанда банктiң бас 
бухгалтерiнiң және кеден органының лауазымды адамның қолы қойылады және 
архивке сақтауға өткiзiледi. Архивте сақталу мерзiмi - журнал аяқталған 
күннен бастап 5 жыл.


                                                N 5 қосымша

есеп беру нысаны - ай сайын


                       Экспорттық мәмiле бойынша

                валюта түсiмiнiң келiп түсуi туралы
                            хабарлама
____________________________________________________________________
 N |Экспортер|Контракт|Мәмiле  |Валюта|Сома|Төлем.|СТН|Валюта|Ескер.
 N |         |        |паспорты|түсiмi|    |шi    |   |коды  |ту
   |         |        |        |түскен|    |      |   |      |
   |         |        |        |күнi  |    |      |   |      |
___|_________|________|________|______|____|______|___|______|______
 1 |         |        |        |      |    |      |   |      |
___|_________|________|________|______|____|______|___|______|______
 2 |         |        |        |      |    |      |   |      |
___|_________|________|________|______|____|______|___|______|______
 3 |         |        |        |      |    |      |   |      |
___|_________|________|________|______|____|______|___|______|______
 4 |         |        |        |      |    |      |   |      |
___|_________|________|________|______|____|______|___|______|______

     Банктiң атауы
     Басшысының қолы және мөрi



                                                       N 6 қосымша

                      Импорттық мәмiле бойынша
                    жүргiзiлген төлемдер туралы
                            хабарлама
____________________________________________________________________
 N |Импортер |Контракт|Мәмiле  |Төлем |Сома|Алушы |СТН|Валюта|Ескер.
 N |         |        |паспорты|күнi  |    |      |   |коды  |ту
___|_________|________|________|______|____|______|___|______|______
 1 |         |        |        |      |    |      |   |      |
___|_________|________|________|______|____|______|___|______|______
 2 |         |        |        |      |    |      |   |      |
___|_________|________|________|______|____|______|___|______|______
 3 |         |        |        |      |    |      |   |      |
___|_________|________|________|______|____|______|___|______|______
 4 |         |        |        |      |    |      |   |      |
___|_________|________|________|______|____|______|___|______|______
 5 |         |        |        |      |    |      |   |      |
___|_________|________|________|______|____|______|___|______|______
 6 |         |        |        |      |    |      |   |      |
___|_________|________|________|______|____|______|___|______|______

     Банктiң атауы
     Басшысының қолы және мөрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады