Қазақстан Республикасы аумағында кеден жеңiлдiгiн пайдаланатын ұйымдар мен жеке тұлғалардың заттарына мемлекеттiк кеден бақылауының ережелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi 1997 жылғы 12 маусымдағы N 124-П бұйрық. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 16 маусымда тіркелді. Тіркеу N 319. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 6 бұйрығымен.

     Қазақстан Республикасы
     Мемлекеттiк кеден
     комитетi

     КЕЛIСIЛДI
     Қазақстан Республикасы
     Сыртқы iстер министрлiгiнiң
     орынбасары

I. Жалпы жағдайлар

      Осы Ереже Қазақстан Республикасында тiркелген шет мемлекеттердiң өкiлдiктерiне, шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң лауазымды адамдарына, шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң әкiмшiлiк-техникалық және қызмет көрсетушiлерiне, жоғарыда аталған адамдардың отбасы мүшелерiне тиесiлi заттарға 1961 жылғы дипломатиялық жақындықтар туралы Вена конвенциясы, консулдық жақындығы туралы Вена конвенциясы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының 223-232 баптарына сәйкес мемлекеттiк кеден бақылауының тәртiбiн реттейдi.
      Осы Ереже Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткiзу кезiнде мемлекет мүддесiн сақтауды, тауарларды өткiзу кезiнде рұқсат ету тәртiбiн сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, Осы Ереженiң әрекетi Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн және Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң атына Қазақстан Республикасына әкелiнетiн барлық тауарларға қолданылады.
      Осы Ережеде былайша түсiндiрiледi:
      - "Қазақстан Республикасының аумағында кеден жеңiлдiгiн пайдаланатын ұйымдар мен жеке тұлғалардың иелiгiндегi заттар" дегенiмiз, Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзiлетiн Қазақстан Республикасының аумағында кеден жеңiлдiгiн пайдаланатын ұйымдардың ресми (қызмет бабында) пайдалануына арналған, Қазақстан Республикасының аумағында кеден жеңiлдiгiн пайдаланатын жеке тұлғалардың пайдалануына арналған заттар;
      - "шет мемлекеттердiң өкiлдiктерi" дегенiмiз Қазақстан Республикасының аумағындағы кедендiк жеңiлдiктер берiлген шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерi, шет мемлекеттердiң консулдық мекемелерi;
      - "шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң лауазымды адамдары" дегенiмiз, дипломатиялық өкiлдiктердiң басшылары және дипломатиялық құрамының мүшелерi, консулдық лауазымды адамдар;
      - "шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң әкiмшiлiк-техникалық құрамы" дегенiмiз, дипломатиялық өкiлдiктердiң әкiмшiлiк-техникалық құрамының мүшелерi, консулдық мекемелердiң консулдық қызметкерлерi;
      - "қызмет көрсететiн құрамы" дегенiмiз, дипломатиялық өкiлдiктерге қызмет көрсететiн құрамның мүшелерi, консулдық мекемелерге қызмет көрсететiн құрамның қызметкерлерi;
      - "отбасы мүшелерi" дегенiмiз, Қазақстан Республикасы аумағында кедендiк жеңiлдiктердi пайдаланатын адаммен бiрге тұратын немесе оларды сапарға ертiп жүретiн отбасы мүшелерi.
      Осы Ережеде қарастырылған кедендiк жеңiлдiктер шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң лауазымды адамдарының отбасы мүшелерiне, егер осы отбасы мүшелерi аталған адамдармен бiрге тұрса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса қолданылады. Сондай-ақ, кедендiк жеңiлдiктер осы өкiлдiктердiң әкiмшiлiк-техникалық және көмекшi құрамының отбасы мүшелерiне, егер олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмаса және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен арнайы келiсiмiнiң негiзiнде ғана қолданылуы мүмкiн.
      Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары немесе құқықтық актiлерiмен артықшылықтар мен төзiмшiлдiктiң басқадай бiр көлемi белгiленбесе, онда осындай шарттар мен актiлердiң ережелерi қолданылады.

2. Ресми (қызмет бабында) және жеке пайдалану заттары

      Қазақстан Республикасының аумағындағы шет мемлекеттердiң өкiлдiктерi, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзудiң белгiленген ережесiн сақтаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жанындағы дипломатиялық өкiлдiктермен жұмыс iстеу жөнiндегi департамент арқылы кеден органдарына үндеумен, Қазақстан Республикасының заңдылығымен бекiтiлген бөлiнген орыннан тыс немесе Қазақстан Республикасының кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде тауарларды сақтау, кедендiк ресiмдеу төлемдерiнен басқа, өкiлдiктердiң ресми (қызмет бабы) пайдалануына арналған кеден төлемдерiнен босатылған заттарын әкеле алады. Көрсетiлген тауарлар кедендiк тексеруден босатылмайды.
      Шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң ресми (қызмет бабында) пайдалануына арналған және белгiленген тәртiппен тiркелген адамдардың жеке пайдаланатын тауарлары, Қазақстан Республикасының кеден органдарына кедендiк жүк декларациясын, Т-6 түрдегi (жеке тұлғалар үшiн) кеден декларациясын және мiндеттi түрде есепке алынатын заттарды Қазақстан Республикасынан қайта әкету туралы мiндеттеменi (N 1-қосымша) көрсету жолымен кедендiк ресiмдеуге жатады. Үйге қажеттi арзан заттарға, киiмге, шағын мөлшердегi баспананы жөндеуге пайдаланылатын тауарларға, сондай-ақ өкiлеттiк мақсатта әкелiнетiн 500 АҚШ долларына дейiнгi шектегi сыйлық түрiндегi тауарларға қайта әкету туралы мiндеттеме талап етiлмейдi.
      Шет мемлекеттердiң өкiлдiктерi кеден жеңiлдiгiн берумен және экономикалық реттеу шараларын қолданбаумен тоқсан сайын: - 5000 дана темекi бұйымдарын (сигар, темекi және т.б.); - 100 литр шарап және ликерарақ өнiмдерiн әкелуiне болады.
      Кеден жеңiлдiгi берiлуiмен еркiн айналым үшiн режимге жiберiлген тауар, шартты түрде жiберiлдi деп есептеледi. Жеке меншiк құқық тауармен бiрге бiр адамның екiншiсiне беруi, Қазақстан Республикасының аумағында кеден жеңiлдiгiн пайдаланатын тұлғаға беру жағдайынан басқа кезде, Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен қарастырылған барлық кеден төлемдерi және салықтарын төлеумен шешiледi.
      Шет мемлекеттiк дипломатиялық өкiлдiгiнiң басшысы, шет мемлекет өкiлдiгiнiң дипломатиялық құрам мүшелерi, консулдық лауазымды адамдар, сондай-ақ олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң иелiгiндегi жүктер, егер онда Қазақстан Республикасына әкелуге ҚР заңдылығымен тыйым салынған немесе арнайы ережелермен реттелетiн яки жеке немесе ресми пайдалануға арналмаған заттар болмаса, кеден тексеруiнен босатылады. Мұндай жүктердi тексеру көрсетiлген адамдардың немесе олардың өкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
      Өздерiнiң қызметiне тұруға яки сол қызметiне қайтып келе жатқан немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өз елiне кетiп бара жатқан шет мемлекеттер өкiлдiктерi лауазымды адамдарының жеке жүгiне де осындай тәртiп қолданылады.
      Қазақстан Республикасына әкелiнген шетел валютасы, шетел валютасындағы қор құндылықтары, қымбат металдар, тастар мен олардан жасалған бұйымдар, тарихи және мәдени құндылықтарды иесi немесе оның өкiлеттi өкiлi кеден органына көрсетедi. Кеден органдары бұл бағалы заттарды Қазақстан Республикасынан кедергiсiз қайта алып кетуге құқық беретiн тиiстi құжаттар бередi.
      Қазақстан Республикасының аумағында алынған шетел валютасы, шетел валютасындағы қор құндылықтары, қымбат металдар, тастар және олардан жасалған бұйымдар шетелге Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес әкетiледi.
      Мәдени құндылықтар мiндеттi түрде Бiлiм және мәдениет министрлiгiнде тiркеуден өтуi тиiс және оларды куәландыратын құжаттар, сондай-ақ құндылықтардың өздерi одан әрi кедендiк ресiмдеу мен бақылау үшiн Қазақстан Республикасының кеден мекемелерiне көрсетiледi. Қазақстан Республикасының аумағында алынған мәдени құндылықтар шетелге Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң рұқсатымен, Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен қарастырылған кеден төлемдерiн төлеген соң әкетiлуi мүмкiн.
      Апат яки дүлей күш салдарынан тауарлардың жойылу немесе қайтарусыз жоғалу, табиғи тозу күшiне кемдiк немесе көлiкпен тасу және сақтаудың қалыпты жағдайында зиян келуi яки Қазақстан Республикасының заңдылықтары бойынша шет мемлекеттiң органы немесе лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерi салдарынан иелiктен алыну фактiлерi құжатпен куәландырылады.

3. Ресми және жеке пайдалануға арналған автокөлiк

      Шет мемлекеттiктердiң өкiлдiктерiнiң ресми (қызмет бабында) пайдалануына арналған автокөлiк, Қазақстан Республикасының Орталық кеден органы белгiлеген тәртiпке сәйкес, кеден органдарына кедендiк жүк декларацияларын беру жолымен декларациялауға жатқызылады. Қазақстан Республикасының кеден аумағында тiркелген жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшiн арналған автокөлiк, кеден органдарына Т6/АС түрiндегi кеден декларациясын (N 2 қосымша) және Қазақстан Республикасынан қайта шығу туралы мiндеттеменi (N 3 қосымша) көрсету арқылы кедендiк ресiмдеуге жатады. Сонымен бiрге, кеден жеңiлдiгi берiлумен еркiн айналым үшiн режимге жiберiлген автомобильдер, шартты түрде жiберiледi деп есептеледi. Автомобильге меншiк құқын бiр тұлғаның екiншiсiне беруi, Қазақстан Республикасының аумағында кеден жеңiлдiгiн пайдаланатын тұлғаға беру жағдайынан басқа кезде, Қазақстан Республикасы заңдылықтарында қарастырылған барлық кеден төлемдерi және салықтарын төлеумен шешiледi.
      Көлiк құралын әкелген елдегi тiркеуден шығару туралы белгiсi бар болса, әкелiнген немесе сатып алынған автокөлiк құралдарына кедендiк рәсiмдеудi жүргiзген Қазақстан Республикасының кеден органдары, Қазақстан Республикасының шекаралық кеден органы берген iшкi кеден транзиттiң құжаты немесе көлiк құралын Қазақстан Республикасына жүк түрiнде әкелгенiн растайтын құжат негiзiнде IIМ МАИ органдарына тiркеуге рұқсат қағазын (N 4 қосымша) бередi.
      Дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшiн әкелiнетiн автомобильдердiң санын Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi анықтайды. Шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң лауазымды адамдары әр отбасына екi автомашина, әкiмшiлiк-техникалық және қызмет көрсетушi құрамның адамдары отбасына бiр автомобильдi кеден төлемi мен салығын төлемей әкелуiне рұқсат етiледi.
      Автомобильдi шетелге түбегейлi алып кету кезiнде оны шетелге шығаруға рұқсат алу үшiн кеден органының бақылауы мен Қазақстан Республикасы IIМ МАИ бөлiмшелерiндегi есептен шығару қажет.

4. Дипломатиялық почта, дипломатиялық курьерлердiң жеке жүгi

      Дипломатиялық почта арқылы кедергiсiз байланыс орнату құқын Қазақстан Республикасы дипломатиялық және консулдық қарым-қатынас жасайтын мемлекеттердiң сыртқы iстер министрлiктерi (ведомстволары), Қазақстан Республикасында тiркелген, өз мемлекеттерiнiң үшiншi елде өкiлдiктерi бар осы мемлекеттердiң дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерi пайдаланады.
      Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өтiп бара жатқан дипломатиялық почтаны ашуға да, тоқтатуға да болмайды. Дипломатиялық почтаны құрайтын барлық түйiншектерде өздерiнiң жай-жапсарын бiлдiретiн көрнектi сыртқы белгiлерi болуы керек және оның iшiнде тек қана ресми пайдалануға арналған дипломатиялық құжаттар мен заттар болуы тиiс.
      Дипломатиялық курьерге оның статусы мен дипломатиялық почтаны құрайтын орындар көрсетiлген ресми құжат (курьер парағы) берiледi. Құжатқа осыған өкiлеттi қызметкер қол қояды және дипломатиялық почтаны жөнелтушi мекеменiң мөрiмен куәландырылады.
      Дипломатиялық почта сонымен бiрге тек осы дипломатиялық почтаны алып бару үшiн тағайындалған уақытша дипломатиялық курьерге сенiп тапсырылуы мүмкiн (дипломатиялық курьер ad hos) және оған ресми құжат (курьер парағы) берiледi. Уақытша дипломатиялық курьерге Ереженiң осы бөлiмiнде қарастырылған кедендiк жеңiлдiктер берiледi. Мұндай жеңiлдiктер дипломатиялық почтаны тиiстi жерiне тапсырған сәттен бастап тоқатылады.
      Дипломатиялық почта келуiне рұқсат берiлген әуежайды бетке алған азаматтық әуе кемесiнiң командирiне сенiп тапсырылуы мүмкiн. Бұл ретте әуе кемесiнiң командирiне дипломатиялық почтаны құрайтын орын санын көрсету арқылы ресми құжат (курьер парағы) берiледi, алайда ол дипломатиялық курьер болып саналмайды. Өкiлдiктер дипломатиялық почтаны әуе кемесiнiң командирiнен тiкелей және кедергiсiз алу үшiн өз қызметкерлерiн жiбере алады.
      Егер дипломатиялық почта iшкi кеден мекемесiнiң пунктiнде орналасқан өкiлдiкке немесе ұйымға шетелдiң көлiк құралдары арқылы тiкелей жеткiзiлсе, онда шекаралық кеден органының кедендiк қамтамасыз етуiндегi мұндай почта iшке енгiзу үшiн қызмет аймағында осы өкiлдiк бар кеден органына жiберiледi. Осы кеден органы Қазақстан Республикасынан жөнелтiлетiн дипломатиялық почтаны ресiмдеуде де осылай жүргiзедi.
      тиiстi түрде ресiмделген және дипломатиялық курьердiң алып жүруiнсiз әдеттегi байланыс жолымен бара жатқан дипломатиялық почтаны ашуға да, тоқтатуға да болмайды.
      Ереженiң осы бөлiмiндегi жағдайлар консулдық курьерлер мен консулдық вализдерге де қолданылады.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары мемлекеттiк кеден бақылауын жүзеге асыру кезiнде дипломатиялық почтаның тек сыртын қарайды және 1961 жылғы дипломатиялық жақындық туралы Вена конвенциясы ұсынған дипломатиялық почтаға талаптың орындалуын тексередi. Осындай талаптарды орындамаған жағдайда заттар дипломатиялық почта болып танылмайды.

Қазақстан Республикасының аумағында
кеден жеңiлдiгiн пайдаланатын ұйымдар
мен жеке тұлғалардың иелiгiндегi
заттарға кеден бақылауының Ережесiне
N 1 қосымша

мiндеттi түрде есепке алынатын тауарлардың
ТIЗБЕСI

      1. Моторлы көлiк құралдарының барлық түрi;
      2. Дербес компьютерлер мен оларға қажеттi құралдар;
      3. Керектi жарақтармен бiрге теле-радио-видео аппараттар;
      4. Шығарылған таспалары және фильмдерiнен бiрге кинокамералар және кинопроекторлар;
      5. 300 АҚШ долларынан жоғары электротұрмыс құралдары;
      6. Жиhаз;
      7. Саз аспаптары;
      8. Қымбат металдары және қымбат тастары бар жеке зергерлiк әшекей заттары;
      9. Қымбат бағалы спорт жарақтары.

Қазақстан Республикасының аумағында
кеден жеңiлдiгiн пайдаланатын ұйымдар
мен жеке тұлғалардың иелiгiндегi
заттарға кеден бақылауының Ережесiне
N 2 қосымша

Т-6/АС түрiнде

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
КЕДЕН ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

     Мен ___________________________________________________________
         (Аты-жөнi, тұрғылықты мекен-жайы, жеке басын куәландыратын
____________________________________________________________________
                       құжат туралы мәлiмет)
_________________________________________________ маркалы автомобиль
қозғалтқышының көлемi мен N ________________________________________
шассиiнiң N ______________________ қорабының N______________________
тiркеу нөмiрi ______________________________________________________
мынандай мақсатта: _________________________________________________
                        (жеке пайдалануға, коммерциялық мақсатта,
____________________________________________________________________
                 уақытша әкелу/әкету, жөндеу және т.б.)
әкелдiм (әкеттiм).

     ________________________          _____________________________
        күнi, айы, жылы                    (Аты-жөнi, қолы)

Кедендiк бағасы ____________________________________________________
Көрсетiлген құжаттар: ______________________________________________
____________________________________________________________________
Кеден органының белгiлерi: _________________________________________
____________________________________________________________________

     Инспектор ________________________________________
                (жеке нөмiрлi мөрiмен расталған қолы)

Қазақстан Республикасының аумағында
кеден жеңiлдiгiн пайдаланатын ұйымдар
мен жеке тұлғалардың иелiгiндегi
заттарға кеден бақылауының Ережесiне
N 3 қосымша

Қазақстан Республикасынан/на автокөлiк құралдарын
қайта әкету/әкелу туралы
МIНДЕТТЕМЕ

     Түрi мен зауыт маркасы _______________________________________
     Қозғалтқышының N _____________________________________________
     Шассиiнiң N __________________________________________________
     Қорабының N __________________________________________________
     Тiркеу нөмiрi ________________________________________________
     Иесi _________________________________________________________
                     (Аты-жөнi, жұмыс орны, лауазымы)
     Қайта әкелу/әкету мерзiмi ____________________________________
                               Автокөлiк иесiнiң қолы _____________
                               "____"____________________ 199__ жыл
     Кеденнiң қызмет белгiлерi ____________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________

ҚР аумағында кеден жеңiлдiгiн
пайдаланатын ұйымдар мен жеке
адамдардың иелiгiндегi заттарға
мемлекеттiк кеден бақылауының
Ережесiне N 4 қосымша

_______________ кеден бастығына
N ______ РҰҚСАТ ҚАҒАЗЫ

      Шет елден:
     түрi мен маркасы _________________; қозғалтқыш N _____________
     шассиiнiң N ______________________; қорабының N ______________
     автокөлiк құралын әкелген
     оның иесiне __________________________________________________
                     (Аты-жөнi, жұмыс орны, лауазымы)
     ____________ қаласының Мемлекеттiк автоинспекциясында тiркеуге
                  рұқсат етiлдi
     Жаңа иесiне __________________________________________________                  
                          (Аты-жөнi, жұмыс орны, лауазымы)
     қайта тiркелсiн.
     Инспектор:__________________________________________
                 (жеке нөмiрлi мөрiмен бекiтiлген қолы)
____________________________________________________________________
                          Кесу сызығы

N____________ РҰҚСАТ ТҮБIРШЕГI

     ______________________________ нөмiр белгiсi берiлдi
     "___"___________ 199___ жыл  МАИ инспекторы _____________
     Түбiршек ___________________ кеденге тапсырылуы керек.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады