"Қайта ұйымдастырылған инвестициялық жекешелендiру қорларының жарғылық капиталының мөлшерiн айқындау тәртiбi туралы" Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 105 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 28 тамызда тіркелді. Тіркеу N 358. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 392 қаулысымен.

--------------Қаулыдан үзінді-------------

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
жөніндегі агенттігі басқармасының
2004 жылғы 27 желтоқсандағы   
N 392 қаулысына Қосымша    

Күшi жойылды деп танылатын нормативтiк
құқықтық актiлердiң тiзбесi

      2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қайта ұйымдастырылған инвестициялық жекешелендiру қорларының жарғылық капиталының мөлшерiн айқындау тәртiбi туралы" Ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 22 шілдедегі N 105 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актерлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 358 тiркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық және нормативтiк актiлер жинағында жарияланған, 2001 жыл, 4-том)...      

------------------------------------

      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi: 
      1. "Қайта ұйымдастырылған инвестициялық жекешелендiру қорларының жарғылық капиталының мөлшерiн айқындау тәртiбi туралы" Ереже бекiтiлсiн.
      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына осы ереженi мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсыну жүктелсiн.
      3. Экономикалық талдау бөлiмi осы ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелгеннен кейiн жариялауды қамтамасыз етсiн.
      4. Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап күшiне енедi.
      5. Осы ереженiң орындалысына бақылау жасау инвестициялауды басқару бөлiмiне жүктелсiн.

      Ұлттық комиссияның
         Төрағасы

Қайта ұйымдастырылған инвестициялық жекешелендiру
қорларының жарғылық капиталының мөлшерiн айқындау
тәртiбi туралы
Ереже

      Осы Ереже қайта ұйымдастырылған инвестициялық қорлардың жарғылық капиталының мөлшерiн, акцияларының санын және бастапқы құнын айқындау тәртiбiн белгiлейдi. 

I. Жалпы ережелер 

      1. Осы Ереже "Бағалы қағаздар туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1290 Қаулысымен бекiтiлген "Инвестициялық жекешелендiру қорлары туралы" Ережеге, "Инвестициялық жекешелендiру қорларындағы бухгалтерлiк есепке алу және есеп беру туралы" Уақытша Ережеге (ҚР Қаржыминiнiң 1993 жылғы 25 маусымдағы N 15 және ҚР Меммүлiккомының 1933 жылғы 26 маусымдағы N 2/2 бiрлескен қаулысына N 6 қосымша), Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлген "Бухгалтерлiк баланс және қаржылық есеп берудегi негiзгi ашылымдар", Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы N 5 қаулысымен бекiтiлген N 18 "Инвестициялық қорлардағы есепке алу" N 2 бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi. 
      2. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
      "АҚ акциялары" - акционерлiк қоғамдардың купондық аукциондарда инвестициялық жекешелендiру қорлары сатып алған акциялары;
     "купон" - тұрғындардың жаппай жекешелендiруге қатысу құралы болып табылатын инвестициялық жекешелендiру купоны;
     "аукцион" - Ұлттық мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру бағдарламасына сәйкес инвестициялық жекешелендiру қорлары купондарға ауыстыру арқылы жекешелендiрiлген кәсiпорындардың акцияларын сатып алған купондық аукцион;
     "АҚ акциялар пакетiнiң бастапқы құны" - бiр акционерлiк қоғамның белгiлi бiр аукционда инвестициялық жекешелендiру қорларының сатып алған акцияларының жалпы санының бастапқы құны.

II. Жарғылық капиталдың мөлшерiн айқындау

     3. Инвестициялық жекешелендiру қорларының (бұдан әрi - ИЖҚ) жарғылық капиталына:
     - құрылтайшылардың капиталы;
     - тартылған акционерлiк капитал (купон салымшыларының капиталы) кiредi.
      Құрылтайшылар капиталы мен тартылған акционерлiк капиталдың соңғы купондық аукционды жүргiзу күнiне қалыптастырылған капиталдың мөлшерiн аудитор растау керек. 
      4. ИЖҚ акцияларының жалпы санын және бiр акциясының бастапқы құнын айқындау мынадай әдiстеме бойынша жүргiзiледi: 
      - тартылған акционерлiк капиталдың мөлшерi айқындалады; 
      - ИЖҚ бiр акциясының бастапқы құны есептелiнедi; 
      - ИЖҚ құрылтайшылар мен купон салымшыларына тиесiлi акцияларының жалпы саны айқындалады. 
      4.1. Тартылған акционерлiк капиталдың мөлшерiн айқындау үшiн мыналар қажет: 
      а) әрбiр аукционның акциялар пакетiнiң қорытынды бастапқы құнын айқындау, ол үшiн әрбiр АҚ акциялар пакеттерiнiң бастапқы құнын қосу керек; 
      б) әрбiр аукционда жұмсалған купондардың қорытынды санын айқындау, ол үшiн әрбiр АҚ жұмсалған купондардың санын қосу керек; 
      в) әрбiр аукцион бойынша купондардың орташа құнын айқындау, ол үшiн акциялар пакеттерiнiң қорытынды бастапқы құнын әрбiр аукцион бойынша жұмсалған купондардың қорытынды санына бөлу керек; 
      г) әрбiр АҚ акциялар пакетiнiң есепке алу құнын айқындау, ол үшiн осы АҚ акциялары сатып алынған аукцион купондарының орташа құнының мөлшерiн әрбiр АҚ бойынша жұмсалған купондар санына көбейту керек; 
      д) әрбiр аукцион бойынша акциялар пакетiнiң қорытынды есепке алу құнын айқындау, ол үшiн АҚ акциялар пакеттерiнiң есепке алу құнын әрбiр аукцион бойынша жеке қосу керек; 
      ж) тартылған акционерлiк капиталдың мөлшерiн айқындау, ол үшiн барлық аукциондар бойынша акциялар пакеттерiнiң қорытынды есепке алу құнын қосу керек. 
      4.2. ИЖҚ бiр акциясының бастапқы құнын есептеу үшiн мыналар қажет: 
      - а) купон салымшыларына тиесiлi акциялар санын айқындау, ол үшiн ИЖҚ шоғырландырылған купондарының жалпы санын онға бөлу керек; 
      - б) ИЖҚ бiр акциясының бастапқы құнын айқындау. Ол үшiн тартылған акционерлiк капиталдың мөлшерiн купон салымшыларына тиесiлi акциялар санына бөлу керек. 
      ИЖҚ акцияларының бастапқы құны теңгеге дейiн дөңгелектенедi, бұл ретте бөлшектелiнген бөлiк жеке капиталды көбейтуге-бөлiнбеген табысқа жатқызуға жатады. 
      4.3. ИЖҚ акцияларының жалпы санын айқындау үшiн мыналар қажет: 
      а) ИЖҚ құрылтайшыларына тиесiлi акциялардың санын айқындау, ол үшiн қорытынды купондық аукцион өткiзу күнiне құрылтайшылар капиталының жалпы сомасын ИЖҚ бiр акциясының бастапқы құнына бөлу керек; 
      б) ИЖҚ акцияларының жалпы санын айқындау, ол үшiн құрылтайшылар акцияларының санын купон салымшыларының акциялар санына қосу керек. 
      5. Осы Ережеге сәйкес жарғылық капиталы инвестициялық қорлар үшiн белгiленген ең төменгi деңгейден ("Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы) төмен болып табылатын ИЖҚ Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының жазбаша рұқсатымен жеке капиталының қажеттi бөлiгiн (АҚ акцияларын қайта бағалау сомасы) ИЖҚ акцияларының номиналын көбейту арқылы жарғылық капиталын көбейтуге арнауға құқықты. 
      Осы тармаққа сәйкес жарғылық капиталының мөлшерiн көбейту мақсатында ИЖҚ оған тиесiлi АҚ акцияларының құнын олардың бастапқы құнының 1.01.97 ж., жағдайына сәйкес өсуiне сәйкес қайта бағалауды жүргiзуге құқықты, бұл аталған АҚ акциялары эмиссияларының Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясында тiркеуден (қайтадан тiркеуден) өткiзiлумен расталу керек. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады