Этил спиртi мен арақ импортының көлемiн орналастыруға лицензия алудың конкурстың шарттары

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi 1997 жылғы 12 тамыздағы N 153. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 4 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 360. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 3 маусымдағы N 211 Бұйрығымен

  --------------Бұйрықтан үзінді--------------  

      "Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру бойынша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Заң қызметi департаментi (Д.В. Вагапов) қоса берiлген тiзбеде көрсетiлген бұйрықтардың күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне белгiленген тәртiппен бiр апталық мерзiмде хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрiнің     
2005 жылғы 3 маусымдағы 
N 211 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң күшiн
жойған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi

      3. "Этил спиртi мен арақ импортының көлемiн орналастыруға лицензия алудың конкурстық шарттарын" бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1997 жылғы 12 тамыздағы N 153 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 4 қыркүйекте N 360 тiркелген)...
--------------------------------------------

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасында этил спиртi мен арақтың импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 қаулысының орындалуы үшiн бұйырамын: 
      Өтiнiм берушiлер арасында "Этил спиртi мен арақ импортының көлемiн орналастыруға лицензия алудың келесi конкурстың шарттары бекiтiлсiн: 
      1) Этил спиртi мен арақ импортының көлемiн алудағы конкурсқа экономика және Сауда министрлiгiнiң этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң импортын лицензиялау жөнiндегi комиссиясына (бұдан былай - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031  P971031_  қаулысымен айқындалған құжаттардың толық пакетiн тапсырған барлық өтiнiм берушiлер тең құқымен қатыса алады. 
      Этил спиртi импортының конкурсына тек, алкоголь өнiмдерi өндiрiсiне лицензия тапсырған өтiнiм берушiлер қатысады. 
      2) Комиссия бекiтiлген импорт көлемiн (санымен алғандағы) және аталмыш импорт көлемiн орналастыруға арналған конкурстың өткiзілуi мерзiмiн көрсете отырып, конкурстың өткiзiлуi мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабар конкурстың басталу мерзiмiнен 15 күн бұрын берiледi. 
      3) Конкурстың әрбiр қатысушысы жарияланған конкурсқа бiр ұсыныс бере алады. 
      4) Конкурсқа қатысушы құжаттарды дайындап ұсынуға кететiн шығындардың барлығын өзi көтередi. 
      5) Комиссия лицензия алуға ұсынылған құжаттарды тоқсанның алғашқы он күнi iшiнде қабылдайды. 
      Аталмыш мерзiмнен кейiн берiлген арыздар жалпы негiзде, келесi тоқсанның бiрiншi он күндiгiнде кезектi қарауға қабылданады. 
      Конкурсқа қатысып, одан өте алмаған өтiнiм берушiлер келесi конкурстарға қатысу үшiн қата арыз бере алады. 
      6) Комиссия, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  P971037_  қаулысында және осы бұйрықтың 9-шы тармағында көрсетiлген шарттарға сәйкес ұсынылған құжаттарды бағалап, салыстырады. 
      7) Комиссия, конкурстың құжаттары конкурс шарттарына сай келген қатысушыларға лицензия беру жайлы шешiм шығарады. Бұл ретте конкурсқа қатысушының қаржылық, техникалық және өндiрiстiк мүмкiндiгi ескерiледi. 
      8) Этил спиртi және арақтың енгiзуге рұқсат етiлген көлемiн бөлгенде, басымдық алатын импорттаушылар: 
      а) жоғары сапалы өнiмдi әкелушiлер (медалi, дипломы және басқалары барлар); 
      б) инвестиция берушiлер және Қазақстан аумағында жұмыс орнын жасаушылар; 
      в) арақ әкелген жағдайда - алкоголь өнiмдерi өндiрiсiне лицензиясы жоқ, өтiнiм берушiлер; 
      г) салық және кедендiк жеңiлдiктерi жоқтар; 
      д) мемлекеттiк бюджет пен Зейнетақы қорына қарызы жоқтар; 
      е) алкоголь өнiмдерiн сақтауға және көтерме сатуға лицензиясы барлар. 
      9) Этил спиртi мен арақтың импортқа рұқсат етiлген көлемi экономикалық жөнiне қарай тоқсан бойынша бөлiнедi. Бұл ретте этил спиртi мен арақтың импортталатын көлемнiң жылдық үлесi оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында бiр жылдық сатып өткiзу көлемiнiң (саны бойынша) 20 процентiнен аспауға тиiстi. 
      10) 9-шы тармақта көрсетiлген талаптар ескерiлiп конкурстан өткен екi немесе одан да көп өтiнiм берушiлер болғанда олардың арасында импорт көлемi былай бөлiнедi:
      - этил спирт үшiн - бүгiнгi өндiрiс қуаты және өндiрiс технологиясы ескерiле отырып (Стандарттау жөнiндегi агенттiктiң қорытындысы);
      - араққа - берушi аймақтар ескерiле отырып, басқа қатысушылардың жазбаша келiсiмi болғанда, тең көлемде, немесе бiреуiнiң немесе бiрнешеуiнiң пайдасына орай.
      11) Өтiнiм берушi бұрын алынған лицензияда көрсетiлген импорт көлемiн толық пайдалана алмаған жағдайда, босаған квоталар жаңа лицензия бергенде пайдаланылуы мүмкiн.
      12) Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi.
      13) Лицензия қолданыстағы рет-жөнiмен берiледi.

      Вице-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады