Екiншi деңгейдегi банктердiң кастодиандық қызметiне келiсiм беруi туралы және олардың мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың жарғылық қорына қатысуы туралы ЕРЕЖЕ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасы 1997 жылғы 29 тамыздағы N 318. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 12 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 370. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 392 қаулысымен.

  --------------Қаулыдан үзінді-------------

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
жөніндегі агенттігі басқармасының
2004 жылғы 27 желтоқсандағы   
N 392 қаулысына Қосымша    

Күшi жойылды деп танылатын нормативтiк
құқықтық актiлердiң тiзбесi

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң кастодиандық қызметiне келiсiм беруi туралы және олардың мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың жарғылық қорына қатысуы туралы" 1997 жылғы 29 тамыздағы N 318 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмінде N 370 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, 1997 жыл, N 36...      

------------------------------------

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы"  Z952444_  Заң күшi бар Жарлығының, "Бағалы қағаздар рыногы туралы"  Z970077_  және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"  Z970136_  Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес жасалды және екiншi деңгейдегi банктердiң кастодиандық қызметiне келiсiм беру және олардың мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық қорына және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияларға қатысу шарттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (бұдан әрi - Ұлттық Банк) мұндай қатысу туралы хабар беру тәртiбiн белгiлейдi. 

1. Жалпы ережелер 

      1. Банк Ұлттық Банктiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - Ұлттық комиссия) берген тиiстi лицензиясы болған жағдайда кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ осы Ережеде көзделген талаптарды ескере отырып мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрi - зейнетақы қорлары) және зейнетақы қорларын басқару жөнiндегi компаниялардың (бұдан әрi - компания) акцияларын сатып алуға құқылы. 
      2. Осы Ережеде 1997 жылғы 5 наурыздағы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" және 1997 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген түсiнiктер қолданылады. 
      3. Банк ашық зейнетақы қорын құру кезеңiнде 25%-тен аспайтын зейнетақы қорына дауыс беру құқығына ие бола отырып, осындай көлемдегi акцияны тiкелей немесе жанама иеленуге, өкiм жүргiзуге және/немесе басқаруға құқы жоқ. 
      Өкiлеттi органдар рұқсат берген жағдайларды ескермегенде, банк ашық зейнетақы қорын құру кезеңiнде 25%-тен аспайтын зейнетақы қорына дауыс беру құқығына ие бола отырып, осындай көлемдегi акцияны тiкелей немесе жанама иеленуге, өкiм жүргiзуге және/немесе басқаруға құқы жоқ. 
      Мұндай шектеулер корпоративтiк зейнетақы қорына қолданылмайды. 
      4. Зейнетақы қорының немесе компанияның акцияларын тiкелей немесе жанама иеленуге, өкiм жүргiзуге және немесе басқаруға Ұлттық Банк Басқармасы бекiткен (1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулы) Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртiбi туралы Ережеге (бұдан әрi - Бағдарлама) сәйкес бiрiншi топқа қосылған банктер ғана құқылы. 
      Мемлекеттiк банктер өкiлеттi органдар рұқсат берген жағдайларды ескермегенде, зейнетақы қорларының құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды. 
      5. Егер банк ашық зейнетақы қорына дауыс беру құқығына ие бола отырып, 25%-тен аспайтын акцияны тiкелей немесе жанама иеленетiн, өкiм жүргiзетiн және/немесе басқаратын болса, онда ол мұндай зейнетақы қорының аффилиирленген тұлғасы болып саналмайды. 
      6. Егер банк өз қызметiн көрсетiлген компания арқылы жүзеге асыратын зейнетақы қорының банк-кастодианы болса, оның компания акцияларын сатып алуына құқы жоқ. 
      7. Банктiң жарғы капиталына қатысуы банктiң өз капиталының 10%-iнен аспаған жағдайда, зейнетақы қорының акцияларын сатып алуға құқылы. 
      8. Банктiң зейнетақы қорларының жарғы капиталына және/немесе компанияларға қатысуы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысымен бекiтiлген "Пруденциялдық нормативтер туралы Ереженiң" талаптарына сәйкес пруденцияалдық нормативтердi есептей отырып өз капиталынан шегерiледi. 

2. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру
және жарғы капиталына қатысу туралы хабарлау тәртiбi  

      9. Кастодиандық қызметтi өз капиталы 1 млрд. теңгеден кем емес банк және банк операцияларының мынадай түрлерiн жүзеге асыруға Ұлттық Банктiң лицензиясы бар банк қана жүзеге асыруға құқылы: 
      а) заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға; 
      б) жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға; 
      в) аударым операциялары: ақша аудару бойынша заңды және жеке тұлғалардың тапсырмасын орындауға; 
      г) жеке және заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша, оның iшiнде корреспондент-банктердiң банктiк шоттары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруға; 
      д) сейфтiк операциялар: клиенттердiң бағалы қағаздарды, құжаттарды және құндылықтарды сақтауы, оған қоса оларға сейф жәшiктерiн, шкафтарды және үйлердi жалға беру бойынша қызмет көрсетуге құқылы. 
      Банк филиалының осы Ереженiң 10-тармағының шарттарын сақтамай кастодиандық қызметтi жүзеге асыруына болмайды. 
      10. Ұлттық Банк кастодиандық қызметтi жүзеге асыру келiсiмiн тең мынадай банкке беруi мүмкiн: 
      а) Бағдарламаның бiрiншi тобына енгiзiлген және Қазақстан Республикасының аумағында бiр жыл бойы немесе бiр жылдан астам банк операцияларын жүзеге асырған банктерге, мынадай жағдайда: 
      - қолданылып жүрген заңдардың нормаларын және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтағанда; 
      - келiсiм беру туралы өтiнiш берiлгенге дейiн үш ай бойы Ұлттық Банк белгiлеген пруденциалдық нормативтердi және/немесе сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi орындағанда; 
      б) клиринг (есеп айырысу) және аударым операциялары бойынша шарт мiндеттемелерiн тиiсiнше орындамағаны жөнiнде өз клиенттерiнiң шағымы болмағанда; 
      в) Ұлттық Банк берген орталықтандырылған кредит бойынша мерзiмi өткен қарызы болмағанда; 
      г) өз штатында (мұндай құқық берiлген өз филиалдарында) бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу бойынша қызметтi жүзеге асыруға құқылы бiлiктiлiк куәлiгi бар кем дегенде үш маман болғанда. 
      11. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға келiсiм алу үшiн банк Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды бередi: 
      а) кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға келiсiм алуға өтiнiш; 
      б) кастодиандық қызметтi толық сипаттау, оған қоса: 
      - банктiң атауы мен тұрған жерi, оның ұйымдастыру-құқықтық түрi, мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткенi туралы мәлiметтер; 
      - жарғылық қордың жарияланған және төленген көлемi және оның құрылымы; 
      - бағалы қағаздар рыногындағы кастодиандық қызметтi жүзеге асыру тәртiбi; 
      - кастодиандық қызметтi жүзеге асыруда жүргiзiлетiн iшкi банктiк бақылауды ұйымдастыру; 
      в) кастодиандық қызметтi жүзеге асыру үшiн тағайындалуы мүмкiн мамандардың бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу бойынша қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн бiлiктiлiк куәлiгiнiң көшiрмесi; 
      г) кастодиандық қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген филиалдардың тiзiмi. 
      12. Ұлттық Банк банкке мынадай негiздер бойынша келiсiм беруден бас тартуға құқылы: 
      - банк қолданылып жүрген заң нормаларын және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтамаса; 
      - банк Ұлттық Банк белгiлеген пруденциалдық нормативтердi және (немесе) басқа сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бұзса; 
      - банкте есеп айырысу және аударым операциялары бойынша банктiң шарттық мiндеттемелердi тиiсiнше орындамағаны жөнiнде өз клиенттерiнiң шағымдары болса; 
      - банктiң Ұлттық Банк берген орталықтандырылған кредиттерi бойынша шығындары және/немесе мерзiмi өткен қарыздары болса; 
      - банктiң штатында (мұндай құқық берiлген филиалдарында) бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу бойынша қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн бiлiктiлiк куәлiгi бар үшеуден кем емес мамандары болмаса; 
      - кастодиандық қызмет банктiң қаржы жағдайының нашарлауына әкеп соқса; 
      13. Ұлттық Банктiң келiсiмiн алған банк тиiстi лицензия беру туралы Ұлттық комиссияға өтiнiш беруге мiндеттi. 
      Кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға берiлген келiсiмнiң күшi Ұлттық Банк мұндай қызметке келiсiм берген сәттен бастап үш айлық мерзiммен шектеледi. Банк көрсетiлген мерзiмде тиiстi лицензияны алмаған жағдайда алынған келiсiм заңды күшiн жоғалтады. 
      14. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерi көретiн жерге орналастырылуы және ол алынған сәттен бастап 5 күн iшiнде Ұлттық Банкке берiлуi тиiс. 
      15. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға берiлген келiсiмдi Ұлттық Банк мынадай негiздер бойынша қайтып алуы мүмкiн: 
      - банктiң өз капиталының кем дегенде 1 млрд. теңгеге дейiн кемуi; 
      - берiлген негiздерге сүйене отырып, анық емес мәлiметтердiң табылуы; 
      - банктiң кастодиандық қызметтi реттейтiн заңдарды бұзуы; 
      - банктiң Ұлттық Банк белгiлеген пруденциалдық нормативтердi және/немесе басқа сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бұзуы; 
      - 9-тармақта көрсетiлген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтату немесе жою; 
      - банкте кастодиандық қызметпен байланысты операциялар бойынша шарттық мiндеттемелердi тиiсiнше орындамағаны жөнiнде өз клиенттерiнiң шағымдарының болуы;
      Келiсiмдi қайтарып алу туралы жазбаша хабарландыру 7 күн iшiнде Ұлттық комиссияға жiберiлуi тиiс.
      16. Зейнетақы қорының және/немесе компанияның акцияларын сатып алған банк акцияларды сатып алғаннан кейiн үш күн iшiнде Ұлттық Банкке тиiстi жазбаша хабарландыру беруге тиiс.
      17. Жазбаша хабарландыру мiндеттi түрде мынадай мазмұнда болуы тиiс:
      - банк акцияларын сатып алған зейнетақы қорының (компанияның) атауы және түрi;
      - зейнетақы қорының (компанияның) банк сатып алған жарғылық капиталының үлесi;
      - зейнетақы қорының (компанияның) жарғылық капиталына банктiң қатысу сомасы.

3. Қорытынды ережелер

      18. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияның iс-әрекет ету мерзiмi, шарттары мен берiлу тәртiбi, сондай-ақ тоқтатылуы және күшiнiң жойылуы Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi. 
      19. Ұлттық Банк кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға берiлген келiсiмдi және банктердiң зейнетақы қорларының (компаниялардың) капиталына қатысуы жөнiндегi жазбаша хабарландыруларды тiркеудi жүргiзiп отырады. 
      20. Осы Ереженiң шарттары бұзылған жағдайда Ұлттық Банк банкке қолданылып жүрген заңдарда көзделген ықпал ету шараларын және/немесе санкцияларды қолдануға құқылы. 
      21. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен шешiледi. 

       Төраға  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады