Бухгалтерлiк есептiң 22 стандарты Банктердiң кiрiстерi мен шығыстары

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiстемелiк Департаментi 1997 жылғы 12 желтоқсан N 79 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 7 ақпан N 449 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2001 жылғы 22 қарашадағы N 503 бұйрығымен.

                    МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН САЛАСЫ
      1. Осы стандарт банктерге олардың кiрiстерi мен шығыстарын анықтағанда қолданылады.
      2. Осы стандарт банктердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есептi ұсынудың ретiн қамтамасыз етуге және оларды банктiң өткен кезеңдердегi қаржылық есептерiмен және басқа банктердiң қаржылық есептерiмен салыстыру үшiн белгiлi бiр статьяларды жiктеу әдiстерiн белгiлейдi. Күнделiктi қызмет нәтижесiнде және ерекше жағдайларда туындайтын кiрiстер мен шығыстарды жiктеу және сипаттау, сондай-ақ есептеу бағаларындағы өзгерiстердi, есептеу саясатындағы және жiберiлген елеулi қателiктердi түзетудiң есеп жүргiзу әдiстерi Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлген бухгалтерлiк есептiң N 3 стандартында белгiленедi.
      3. Осы стандарт уәкiлеттi органдар бекiткен Бухгалтерлiк Есептiң Стандарттарын толықтырады.

               КIРIСТЕРДI (ШЫҒЫСТАРДЫ) БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАНУ

      4. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлген бухгалтерлiк есептiң N 5 "Кiрiс" Стандартына сәйкес операциялар және басқа да кiрiстердi (шығыстарды) тану жүзеге асырылады.
      5. Сыйақы (мүдде) түрiндегi кiрiс мынадай жағдайларда танылады:
      1) жасалған мәмiлеге байланысты банкке экономикалық пайданың тиiмдiлiгi байқалса;
      2) кiрiс сомасы аса жоғары сенiмдiлiкпен бағаланатын болса.
      6. Банк мәмiлеге сәйкес контрагенттiң ақшаларын пайдаланғаны үшiн туындайтын шығыстары болған жағдайда, сыйақы (мүдде) түрiндегi шығыстары танылады.
      7. Активтен (мiндеттемеден) болатын нақты кiрiстi (шығысты) есептейтiн уақытша арақатынас негiзiнде сыйақы (мүдде) түрiндегi кiрiс (шығыс) болып танылады.
      8. Банктiң кiрiстерi мен шығыстары Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есеп туралы" Заң күшi бар Жарлығының 5-бабына сәйкес бухгалтерлiк есептiң барлық негiзгi қағидаларын ескере отырып танылады.
      9. Банк ағымдағы айдың кiрiстерi мен шығыстарын есептегенде, келесi айлардың төлемдерiн ағымдағы айдың соңында жасайтын болады.
      10. Төменде аталған операциялардан туындайтын кiрiстер мен шығыстар нетто негiзiнде белгiленедi:
      1) сатуға арналған бағалы қағаздардың есептен шығарылуы және де олардың баланстық құнындағы өзгерiстер;
      2) шетелдiк валютамен және бағалы металдармен дилингтiк операциялар;
      3) сатуға жарамды бағалы қағаздардың есептен шығарылуы, өтеуге дейiн ұсталатын және де капиталға бағытталған инвестициялар.
      11. Кiрiске жатқызылған соманы алу мүмкiндiгiне қатысты белгiсiздiк туындаған жағдайда, оны алу мүмкiн болмағанда, алғашқы танылған кiрiс сомасы түзету болып саналады, алынбаған сома немесе оны алу мүмкiн болмағанда, кiрiс сомасының алғашқы танылғаны да түзету сияқты қабылданады.
      12. Банк өз активтерiн жiктейдi және соған орай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген шарттар негiзiнде қажеттi провизиялар сомасын белгiлейдi.
      13. Банктiң шығыс сомасына жатқызылған соманы төлеуге немесе пайдалануға қатысты сенiмдiлiгi болған кезде, ол сома алғашқы шығын ретiнде танылған сомаға түзету сияқты болып танылады.
      14. Бұрынғы есептен шығарылған активтердiң сомасын қайтару, сол активтердi есептен шығару есебiнен болған статьялардың орнын толықтырады.
      15. Қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есепте кiрiс пен шығыс статьялары өзара есептесiлмейдi, олардың өзара есептескендерiнен басқалары хедж бен активтер және мiндеттемелерге байланысты өзара есептелетiн болады.

                 БАНК КIРIСТЕРI МЕН ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

      16. Банктiң кiрiстерi есептеу әдiсi негiзiнде теңгемен есептеледi және мыналардан:
      1) берiлген кредиттер, депозиттер, форвардтық, лизингтiк операциялар, бағалы қағаздармен операциялар бойынша кiрiстерден;
      2) шетелдiк корреспонденттiк шоттар, аударымдар бойынша комиссиялық алымдардан, аккредитивтер мен басқа да банктiк қызметтер бойынша кiрiстерден;
      3) жарна, акциялар және басқа да бағалы қағаздар бойынша дивидендтерден;
      4) есеп айырысу және кассалық қызмет көрсету үшiн клиенттерден

алынатын төлемдерден, клиенттердiң телеграф (почта) және басқа да 
шығындарын өндiруден;
     5) қайта бағалауды ескере отырып, сатуға жарамды бағалы қағаздарды 
сатып алу-сатудан түсетiн кiрiстерден;
     6) сатылуға арналған шетел валютасы мен бағалы қағаздарды сатып
алу-сатудан және қайта бағалаудан болатын кiрiстерден;
     7) банктерге, сонымен бiрге инкассация үшiн де көрсетiлетiн
қызметтен түсетiн төлемдерден;
     8) банктiң басқа да активтерiн сатудан түсетiн кiрiстерден;
     9) банктiң шеккен шығындарының өтемiнен түсетiн сомадан;
     10) өткен жылдар үшiн үстеп есептелiнетiн, талап етiлетiн,
банктiң клиентке өткен жылдардағы артық төлеген төлемдерiнен келетiн
кiрiстерден;
     11) банктiң банк қызметкерлерiнiң кiнәсінен төленген тұрақсыздық
айыппұлын олардан өндiрiп алудан түсетiн сомадан;
     12) басқа да санкцияларды қолданудан алынған сомадан;
     13) банк иелiгiндегi мүлiктi жалға беруден алынатын түсiмдерден;
     14) банктiң алған басқа табыстарынан;
     15) төтенше жағдайлардан болатын кiрiстерден құралады.
     17. Банктiң шығысы есептеу әдiсi негiзiнде теңгемен есептеледi
және мыналардан:


      1) алынған кредиттер, депозиттер бойынша, форвардтық, лизингтiк операциялар, бағалы қағаздармен операциялар бойынша шығыстардан;
      2) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету жөнiндегi басқа банктердiң қызметi үшiн төлемдерден;
      3) қызмет көрсету жөнiндегi комиссиялық алымдар мен корреспонденттiк қатынастардан;
      4) клиенттердiң операциялар бойынша почта мен телеграф және басқа да шығындарынан;
      5) сатуға жарамды бағалы қағаздарды қайта бағалауды ескере отырып, сатып алу-сатудан болатын шығыстардан;
      6) сатуға арналған шетел валютасы мен бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан және қайта бағалаудан болатын шығыстардан;
      7) басқа да адамдарға әр түрлi қызмет көрсетуден болған шығындардан;
      8) банктiң басқа да активтерiн сатудан болған шығындардан;
      9) осы активтердi сатқанда болатын шығындардан;
      10) банк операциялары бойынша басқа да адамдардың шығындардың өтеу сомасынан;
      11) есеп берiп отырған кезеңде анықталған (өткен жылдар қателiктерiн анықтаудың нәтижесiнде), өткен жылдарда банкке артық төлегендерiнен, өткен жылдар үшiн үстемелеп есептелгендердi қосқанда клиенттердiң банкке артық төлегендерiнен болған шығындардан;
      12) банк қызметiн қамтамасыз етуге байланысты әр түрлi шығындарды қосқанда, бiрақ онымен ғана шектелмей;
      - банк қызметкерлерiнiң еңбек ақысын төлеуге, әр түрлi үстеме төлемдердi қоса алғанда шығындардан;
      - кезектi (жыл сайынғы) және қосымша демалыстарға (пайдаланылмаған демалыс үшiн өтем төлеу) заңға сәйкес төлем жасау шығындарынан;
      - банктiң қайта құрылуына, қызметкерлер санының қысқартылуына байланысты оның босатылатын қызметкерлерiне төленетiн төлемдерден;
      - жоғары және орта арнаулы оқу орындарында кешкi, сырттай оқуды үлгiлi оқитын, сырттай аспирантурада, жалпы бiлiм беретiн кешкi (ауысымдық) және сырттай оқитын мектептерде, сондай-ақ аспирантураға түсетiн қызметкерлерге заңға сәйкес берiлетiн оқу демалыстарына төленетiн төлемдерден;
      - кадрлар даярлауға жұмсалатын шығындардан;
      - банктiң штатына енгiзiлмеген қызметкерлердiң азаматтық-құқықтық сипаттағы, мердiгерлiк шарттарды қоса, жасасылған шарттары бойынша, егер қызметкерлермен есеп айырысуды тiкелей банк өзi жасайтын болса, олардың орындаған жұмыстарына төленетiн төлем ақыларынан;
      - демалыс күндерi, жұмыстан тыс уақыттағы жұмыстары үшiн заңға сәйкес төленетiн төлемдерден;
      - заңда көзделгендей, жұмыста ерiксiз болмаған уақыты үшiн немесе ақысы төмен жұмыстарды орындағаны үшiн төленетiн төлемдерден;
      - өнертапқыштық пен жаңашылдық ұсыныстары үшiн төленетiн сыйақылардан;
      - сақтандыруға жасалатын аударымдар;
      - негiзгi қорлар бойынша амортизациялық аударымдар, материалдық емес активтер бойынша тозғандарын;
      - әкiмшiлiк үйлердi, құрал-жабдықтарды, банк мүкәммалдарын пайдаланудың, жөндеудiң барлық түрлерiн жүргiзуге жұмсалатын шығындар бойынша шығындардан;
      - жылуға, жарыққа, өрт пен қорғау күзетiн ұстауға жұмсалатын төлемдерден;
      - банктiң активтерi мен баланстан тыс мiндеттемелерiн жiктеуге сәйкес провизиялар құрудан қалыптасады;
      13) бланктер әзiрлеу, сатып алу және жiберу бойынша шығындар, сонымен бiрге мұқият есептегi бланктер, магниттiк таспалар, есептеу техникасына жұмсалатын материалдар, қағаздар, буып-түю материалдарына жұмсалатын шығындардан;
      14) құндылықтар мен құжаттарды тасымалдау мен сақтауға арналған сумкалар мен қапшықтарды сатып алу, жөндеу, жаңарту бойынша шығындардан;
      15) ақшаны, құндылықтарды, банктiк құжаттарды тасымалдау мен сақтау бойынша, сондай-ақ банктiң негiзгi қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзге мекемелердiң басқа да қызметтерi бойынша шығындардан;
      16) қызметкерлердi жұмысқа жұмылдырып, көшiрiп алуға жұмсалатын шығындардан;
      17) банктердiң жарғылық қызметiн жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын негiзгi құрал-жабдықтарды кепiлдi жөндеу мен қызмет көрсетуге, байланыс пен есептеу орталықтарының қызметiне төлемдерге жұмсалатын шығындардан;
      18) өндiрiстiк қызметке байланысты кеңсе, почта-телеграф,

операциялық, iссапар шығындарынан;
     19) кеңес беру, ақпараттық және аудиторлық қызметке төлем жасаудан;
     20) банк қызметiне байланысты өкiлдiктерге жұмсалатын шығындар: басқа 
ұйымдардың, шетелдiктердiң де өкiлдерiмен ресми қабылдау өткiзу жөнiнде 
шығындар; банктiң штатында жоқ аудармашылардың қызметiне төлем жасау; 
iскерлiк келiссөздер жүргiзу кезiнде мәдени ойын-сауық шараларына, 
сондай-ақ буфет пен басқа да қызметтерге жұмсалатын шығындардан;
     21) қызметтiк автокөлiктер ұстауға және меншiк автокөлiктерiн 
қызметтiк сапарларға пайдаланғаны үшiн өтемдерге жұмсалатын шығындардан;
     22) салықтар, алымдар, кедендiк баж және басқа да мiндеттi 
аударымдардан;
     23) тауар, қор, валюта биржасы қызметiнiң, брокерлiк, дилерлiк, 
маркетингтiк те қызметтер құнын төлеуден;
     24) банк қызметкерлерiне аудандық коэффициенттер мен шөлдi, сусыз 
және биiк таулы жерлерде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiлетiн 
өтемдерден;
     25) акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздар шығаруға 
байланысты (бағалы қағаздардың бланкiлерiн сатып алу, типографиялық 
шығындар, бағалы қағаздарды және т.б. таратқандары үшiн басқа банкке 
комиссиялық сыйақы төлеу) шығындардан;
     26) егер сақтандыру төлемдерiнiң сақтандыру мерзiмi аяқталған соң 
мiндеттi түрде қайтарылуы тиiс болғанда, мүлiктi, кредит пен банктiң әр 
түрлi тәуекелдерiн сақтандырудан;
     27) жарнамаға жұмсалатын шығындардан;
     28) айыппұлдар, өсiмпұлдар, тұрақсыздық өсiмпұлдары мен басқа да 
санкцияларға жасалатын төлемдерден;
     29) басқа да шығындардан;
     30) төтенше жағдайлар шығындарынан құралады.
     18. Акционерлердiң өз капиталын салым ретiнде салуы мен алуы банктiң 
кiрiсi мен шығыстары болып танылмайды.

                       КҮШIНЕ ЕНГIЗIЛЕТIН КҮНI

     19. Осы стандарт 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады