Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының қаулысы 1997 жылғы 8 қазан N 161 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 11 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 458. Күші жойылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысымен. ~V011569

      Мемлекеттiк бағалы қағаздардың шығарылымын реттейтiн жаңа нормативтi актiлердiң шығуына байланысты Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ереже қабылданған өзгерiстер мен толықтырулар ескерiлiп бекiтiлсiн.
      2. Аталған Ереже сараптау және тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жiберiлсiн.
      3. Бұрынғы қолданылып жүрген, БҚҰК 1995 жылғы 7 қарашадағы N 23 қаулысымен бекiтiлген "Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы" V950200_ ереженiң күшi жойылған деп саналсын.
      4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Корпоративтiк қаржы басқармасына жүктелсiн.

     Ұлттық комиссияның Төрағасы
                                            Қазақстан Республикасының

Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның 1997 жылғы 8 қазандағы N 161 қаулысымен бекiтiлдi


        Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бағалы қағаздарға
         ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы
                              ЕРЕЖЕ

                         1. Жалпы ережелер

      1.1. Осы ереже қолданылып жүрген заңдардың негiзiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы мемлекет эмиссияланатын мемлекеттiк бағалы қағаздарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының бағалы қағаздарына Бағалы қағаздардың ұлттық сандық бiрдейлендiру жүйесiндегi (ҰСБЖ) Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн (ҰБН) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi - БҚҰК) беруiнiң тәртiбiн белгiлейдi. <*>
      Ескерту. 1.1.-тармақ өзгертілді - ҚР БҚҰК 1999.07.01. N 359 V990851_
               қаулысымен.
      1.2. Бағалы қағаздардың ҰСБЖ Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа қосылған бағалы қағаздарды есепке алу жүйесiн реттеуге және стандарттауға, сондай-ақ бағалы қағаздардың кодтарын бiр iзге салуға арналған.
      1.3. ҰСБЖ ISIN 6166.2 Бағалы қағаздардың халықаралық бiрдейлендiру жүйесiнiң негiзгi принциптерiне сәйкес келедi.
      1.4. ҰСБЖ бағалы қағаздарды бiрдейлендiрудiң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын бiртұтас жүйесi болып табылады.
      1.5. Бағалы қағаздардың жекеленген түрiне берiлетiн, бiрегей әрiптi-санды кодтар болып табылатын Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерi ҰСБЖ негiзi болып табылады.
      1.6. Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерi берiлген мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмиссиялары туралы мәлiметтер тiркелуге және БҚҰК мәлiметтер базасына енгiзiлуге жатады.

      2. Мемлекеттiк бағалы қағаздарға берiлген ұлттық бiрдейлендiру
                  нөмiрлерiн тiркеудiң тәртiбi

      2.1. Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн алу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздарды эмиссиялаған органдар ҰБН беру туралы жазбаша сұрау жiбередi.
      2.2. Мемлекеттiк бағалы қағаздарға берiлген ҰБН тiркеудi БҚҰК атқарушы аппараты мынадай нысандарда жүзеге асырады:
      а) қағаздық негiзде (тiгiлген және БҚҰК атқарушы аппаратының штампымен бекiтiлген, беттердiң санын көрсетiп бағалы қағаздарды тiркеу журналы нысанында);
      б) мәлiметтер базасында компьютерлiк жазба нысанында.
      2.3. Мемлекеттiк бағалы қағаздарға берiлген ҰБН тiркеу журналдары қатаң есеп беру құжаттары болып табылады.
      2.4. Тiркеу журналына эмитент туралы мынадай мәлiметтер енгiзiледi:
      - эмитенттi көрсете отырып бағалы қағаздардың түрi;
      - бағалы қағаздардың айналыс мерзiмi;
      - эмиссия туралы шешiм қабылданған құжаттың нөмiрi және күнi, эмиссияның нөмiрi;
      - эмиссиясының көлемi;
      - бағалы қағаздардың саны;
      - бағалы қағаздарды өтеудiң түпкiлiктi күнi;
      - проценттiк ставканың мөлшерi;
      - бағалы қағаздар шығарылымының нысаны;
      - ҰБН беруге сұранымды алған күн;
      - осы шығарылымның бағалы қағаздарының ҰБН;
      - осы шығарылымның бағалы қағаздарының Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерi (бұдан әрi - ҰБН).
      2.5. Мәлiметтер базасына рұқсат шектелген, жазбаға өзгерiстер енгiзу тек қана БҚҰК ҰБН беруге жауапты қызметкерiне рұқсат берiлген. Мемлекеттiк бағалы қағаздардың ҰБН мәлiметтер базасында журналдың жазбаларына ұқсас мәлiметтер болады.
      2.6. Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ҰБН берiлгеннен кейiн БҚҰК, ҚР Қаржы министрлiгiнiң сұрау хаты ұсынылған сәттен бастап 7 күннен кешiктiрмей және ҚР Ұлттық Банкiнiң сұрау хаты ұсынылған сәттен бастап 3 күннен кешiктiрмей эмитентке осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес жауап хат жiбередi.

      3. Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн есептеудiң әдiстемесi

      3.1. ҰСБЖ ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн құрастыру үшiн 2-қосымшаның 1-таблицасына сәйкес араб сандары және латын алфавитiнiң әрiптерi пайдаланылады.
      3.2. Бағалы қағаздардың жекелеген түрiне берiлетiн ҰСБЖ ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi үш бөлiктен тұрады: елдiң коды, негiзгi нөмiр және бақылау саны.
      3.3. Елдiң атының екi әрiптi коды болып табылатын қосымша. Қазақстан Республикасы үшiн KZ коды пайдаланылады.
      3.4. Негiзгi нөмiр санды және әрiптi рәмiздерден тұратын тоғыз позициядан тұрады. Негiзгi нөмiрдiң позициясын санау ҰБН үшiншi позициясынан бастап, солдан оңға қарай жүргiзiледi.
      3.4.1. Негiзгi нөмiрдiң бiрiншi позициясы бағалы қағаздың үлгiсiн айқындайды:
      3 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МЕИКАМ) (осы бөлік БҚҰК Директоратының 1999 жылғы 18 наурыздағы N 260 V990723_ қаулысымен енгізілген); <*>
      4 - 1 жылға дейiн айналыс мерзiмi бар мемлекеттiк бағалы қағаздар (МЕККАМ, НСО);
      5 - 1 жылдан 5 жылға дейiн айналыс мерзiмi бар мемлекеттiк бағалы қағаздар (МЕОККАМ);
      6 - 5 жылдан 25 жылға дейiн айналыс мерзiмi бар мемлекеттiк бағалы қағаздар;
      7 - Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының бағалы қағаздары; <*>
      8 - Ұлттық Банктiң 1 айға дейiн айналыс мерзiмi бар қысқа мерзiмдi ноталары;
      9 - Ұлттық Банктiң 1 айдан 3 айға дейiн айналыс мерзiмi бар қысқа мерзiмдi ноталары.
      Өзге де мемлекеттiк бағалы қағаздар үшiн осы Ереженiң 2-қосымшасының 1-таблицасына" сәйкес А-дан бастап Z-ке дейінгі рәміздер пайдаланылуы мүмкiн. <*>
      Ескерту. 3.4.1.-тармақ толықтырылды - ҚР БҚҰК 1999.03.18. N 260
               V990723_ қаулысымен.
      Ескерту. 3.4.1.-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР БҚҰК
               1999.07.01. N 359 V990851_ қаулысымен.
      3.4.2. Негiзгi нөмiрдiң екiншi позициясы - бағалы қағаздардың түрiне қарай, бағалы қағаздардың айналыс мерзiмiн белгiлеу үшiн пайдаланылады және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының бағалы қағаздарының түрлерін белгілеу үшін: <*>
      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МЕИКАМ) үшін - жартыжылдықтармен тоқсандармен (осы бөлік БҚҰК Директоратының 1999 жылғы 18 наурыздағы N 260 V990723_ қаулысымен енгізілген); <*>
      - 2 және 3 жыл айналыс мерзiмi бар мемлекеттiк орташа мерзiмдi

қазыналық мiндеттемелер үшiн -жылдармен; 
     - 1 жылға дейiн айналыс мерзiмi бар мемлекеттiк қысқа мерзiмдi 
қазыналық мiндеттемелер үшiн -айлармен; 
     - 1 жылға дейiн айналыс мерзiмi бар ұлттық жинақ облигациялары үшiн 
-айлармен; 
     - 1 айдан 3 айға дейiн айналыс мерзiмi бар Ұлттық Банктiң қысқа 
мерзiмдi ноталары үшiн -апталармен; 
     - 1 айға дейiн айналыс мерзiмi бар Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi 
ноталары үшiн -күндермен;
     - Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының купондық 
облигациялары үшін - 0;
<*>

     - Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының 
дисконттық облигациялары үшін - 1.
<*>

     Ескерту. 3.4.2.-тармақ толықтырылды - ҚР БҚҰК 1999.03.18. N 260 
               

V990723_

  қаулысымен.
     Ескерту. 3.4.2.-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР БҚҰК 
              1999.07.01. N 359  

V990851_

  қаулысымен.
     3.4.3. Негiзгi нөмiрдiң үшiншi позициялары 2-қосымшаның 2-таблицасына 
сәйкес эмитенттiң орналасқан жерiн бiлдiредi. 


      3.4.4. Негiзгi нөмiрдiң төртiншi және бесiншi позициялары өтеу айының күнiн белгiлеу үшiн пайдаланылады (01-ден 31-ге дейiн);
      3.4.5. Негiзгi нөмiрдiң алтыншы және жетiншi позициялары өтеу айын белгiлеу үшiн пайдаланылады (01-ден 12-ге дейiн);
      3.4.6. Негiзгi нөмiрдiң сегiзiншi және тоғызыншы позициялары өтеу жылын белгiлеу үшiн пайдаланылады (00-ден 99-ға дейiн, бұл ретте 2000 жыл -АО, 2001 жыл А1 және т.б.)
      3.5. ҰСБЖ ҰБН оң жақ шеткi саны ISО/DIS 6166.2 Халықаралық стандартына сәйкес есептелiнетiн бақылау саны болып табылады.

            4. Бақылау санын есептеудiң тәртiбi және мысалдары

      4.1. Бақылау саны ҰСБЖ ҰБН алдыңғы он позициясын толтырылғаннан кейiн есептелiнедi.
      4.2. ҰБН бақылау санын есептеудiң тәртiбi:
      - 1-кезең. ҰБН әрiптi рәмiздер 1-таблицаға сәйкес тиiстi сандармен ауыстырылады;
      - 2-кезең. Алынған қатардың әрбiр саны коэффициентке көбейтiледi.

Қатардың оң жағынан бастап тақ орында тұрған әрбiр сан үшiн коэффициент 
2-ге тең, жұп орындарда тұрған үшiн коэффициент 1-ге тең;
     - 3-кезең. 2-кезеңде алынған сандық қатардың барлық сандары 
жиынтықталады; 
     - 4-кезең. Егер 3-кезеңде алынған сома 0-ге тең болса, онда ҰБН 
бақылау саны 0 болып табылады. Басқа жағдайда бақылау саны, шегерiлген 
сомадан көп болатын саннан алынған шегерудiң нәтижесi болып табылады және 
10 дәрежелi барлық сандардың ең төменгiсi болып табылады. 
                                                                     
     4.3 Бақылау санын есептеудiң мысалдары  
                                                                     
     4.3.1.  1-МЫСАЛ.                                                 
                                                                     
     Құралған ҰБН KZ1P1234121 бақылау санынсыз:                       
                                                                
     1-кезең.                                                         
 -------------------------------------------                         
| K | Z | 9 | 8 | K | 3 | 0 | 1 | 0 | 9 | 7 |                        
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|                        
|2|0|3|5| 9 | 8 |2|0| 3 | 0 | 1 | 0 | 9 | 7 |                        
 -------------------------------------------                         
     2-кезең.                                                         
 -------------------------------------------------------             
| 2 | 0 | 3 | 5 | 9 | 8 | 2 | 0 | 3 | 0 | 1 | 0 | 9 | 7 |            
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|            
| 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 |            
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|            
| 2 | 0 | 3 |1|0| 9 |1|6| 2 | 0 | 3 | 0 | 1 | 0 | 9 |1|4|            
 -------------------------------------------------------             
     3-кезең.                                                         
                                                                     
     2+0+3+1+0+9+1+6+2+0+3+0+1+0+9+1+4= 42                            

     4-кезең.                                                         
                                                                     
     Бақылау саны мынаған тең: 50-42=8.                               
     Алынған толық ҰБН: КZ98К3010978.                                 
                                                                     
                                                                     
                                                             1-ҚОСЫМША
                                                                     
                                                      Эмитенттiң атауы
                                                                     
     Мемлекеттiк бағалы қағаздарға                                    
     Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн                                  
     беру туралы                                                      
                                                                     
     Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 
(шығарылған жылы) айналысқа шығарылған (шығарылымның нөмiрi) шығарылымның 
(шығарылымның көлемi) сомаға, (бағалы қағаздардың саны) мөлшердегi (бағалы 
қағаздардың атауы) мынадай ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн бередi - 
_________________________ . 
     Бағалы қағаздардың эмиссиясы құжатсыздандырылған нысанда жүзеге 
асырылады. 



      Ұлттық комиссияның Төрағасы
                                                             2-ҚОСЫМША



     1-таблица  
                                                                     
     ҰБН ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН РӘМIЗДЕР                                      
                                                                     
 ---------------------------------------------------                 
|  0=0  |  6=6  |  C=12  |  I=18  |  O=24  |  U=30  |                
|-------|-------|--------|--------|--------|--------|                
|  1=1  |  7=7  |  D=13  |  J=19  |  P=25  |  V=31  |                
|-------|-------|--------|--------|--------|--------|                
|  2=2  |  8=8  |  E=14  |  K=20  |  Q=26  |  W=32  |                
|-------|-------|--------|--------|--------|--------|                
|  3=3  |  9=9  |  F=15  |  L=21  |  R=27  |  X=33  |                
|-------|-------|--------|--------|--------|--------|                
|  4=4  |  A=10 |  G=16  |  M=22  |  S=28  |  Y=34  |                
|-------|-------|--------|--------|--------|--------|                
|  5=5  |  B=11 |  H=17  |  N=23  |  T=29  |  Z=35  |                
 ---------------------------------------------------                 
                                                                     
     2-таблица 
                                                                     
                        ОБЛЫСТАРДЫҢ КОДТАРЫ                          
                                                                     
 --------------------------------------------------------------------
|Ақмола облысы                 1  |Қостанай облысы               9   |
|---------------------------------|----------------------------------|
|Ақтөбе облысы                 2  |Қызылорда облысы              A   |
|---------------------------------|----------------------------------|
|Алматы облысы                 3  |Маңғыстау облысы              B   |
|---------------------------------|----------------------------------|
|Атырау облысы                 4  |Павлодар облысы               C   |
|---------------------------------|----------------------------------|
|Шығыс Қазақстан облысы        5  |Солтүстiк Қазақстан облысы    D   |
|---------------------------------|----------------------------------|
|Жамбыл облысы                 6  |Оңтүстiк Қазақстан облысы     E   |
|---------------------------------|----------------------------------|
|Батыс Қазақстан облысы        7  |Алматы қаласы                 K   |
|---------------------------------|----------------------------------|
|Қарағанды облысы              8  |Ақмола қаласы                 L   |
 --------------------------------------------------------------------
                                                                     
        KZ98K3010978 ҰЛТТЫҚ БIРДЕЙЛЕНДIРУ НӨМIРIН ЖАЗУДЫҢ            
                           МЫСАЛЫ                                    
                                                                     
     Бағалы қағаздың ҰБН осы жазбасынан мыналар көрiнедi:             
     - эмиссия Қазақстан Республикасында тiркелген;                   
     - эмитенттiң шығарған, Ұлттық Банктің 56 айналыс күн мерзiмдi қысқа   
мерзiмдi ноталары түрiндегi бағалы қағаздар;                         
    - бағалы қағаздардың өтелу күнi 1997 жылғы 30 қараша;            
    - эмитент Алматы қаласында орналасқан.                           
                                                                     
                                                                     
                                                                     
                                                                     
                                                                     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады