"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы" ереже жөнінде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының ҚАУЛЫСЫ 1997 жылғы 27 қараша N 402 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 19 наурыз N 491 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 11 ақпандағы N 23 қаулысымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000.02.11 N 23 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін "Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі N 154-1 Z970154_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы" ереже Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы" ереже Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен (1997 жылғы 26 ақпандағы N 51 Қаулы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредит операциялары бойынша белгіленген ресми проценттік ставкалар туралы ереже күшін жойды деп танылсын.
      3. Заң департаменті (А.К. Өртембаев) ішкі операциялар басқармасымен (А.В. Карягин) бірлесе отырып "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы" ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.
      4. Ішкі операциялар басқармасы (А.В. Карягин) осы Қаулыны және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы" ережені Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне, филиалдарына, ұйымдарына және өкілдіктеріне жіберсін.
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының облыстық (Алматы аумақтық бас) басқармалары (филиалдары) осы Қаулыны және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы" ережені екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      6. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Г. Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 27 қарашадағы N 402 қаулысымен бекітілген Тіркеу N 578
 
 
                Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операциялары
                      бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы
 
      ЕСКЕРТУ. Ереженің атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.01.24. N 28 V980570_ қаулысымен.
                                  ЕРЕЖЕ
 
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз міндетін орындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Заң күші бар Жарлығына Z952155_ және "Қазақстан Ұлттық Банкі беретін кредиттердің түрлері және оларды қамтамасыз етудің нысандары туралы" Ережеге сәйкес осы Ережеде Ұлттық Банктің операциялары бойынша сыйақының (мүдденің) мынадай ставкаларын белгілейді:
      - қайта қаржыландырудың ресми ставкасы;
      - РЕПО және кері РЕПО (РЕПО ставкасы) операциялары бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы;
      - "овернайт" кредиттері бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.01.24. N 28 V980570_ қаулысымен.
 
      1.1. Ұлттық Банктің қайта қаржыландыруының ресми ставкасы әдетте заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде Ұлттық Банк жүзеге асыратын кредиттік операциялар бойынша немесе Ұлттық Банк басқармасының жекелеген қаулылары бойынша қолданылады.
      Ұлттық Банктің қайта қаржыландыруының ресми ставкасы ақша рыногының, кредиттер бойынша сұраныс пен ұсыныстың, инфляция мен инфляциялық күту деңгейінің жалпы жай-күйіне байланысты белгіленеді.
      1.2. РЕПО және кері РЕПО (РЕПО ставкасы) операциялары бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жасаған кезде қолданылады.
      РЕПО және кері РЕПО (РЕПО ставкасы) операциялары бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы ішкі қаржы рыногының жай-күйіне қарай белгіленеді.
      ЕСКЕРТУ. 1.2.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.01.24. N 28 V980570_ қаулысымен.
 
      1.3. "Овернайт" кредиттері бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы қысқа мерзімді мәмілелер бойынша сыйақы (мүдде) негізінде "қысқа ақша" рыноктарында қалыптасатыннан төмен емес деңгейде белгіленеді.
      2. Осы Ереженің 1.1, 1.2. және 1.3. тармақтарында көрсетілген сыйақы (мүдде) ставкаларының мөлшері қажетіне қарай Ақша-кредит және валюта саясаты жөніндегі техникалық комитеттің нақты шындықты бейнелейтін нұсқауын ескере отырып белгіленеді:
      - 1.1.-тармақ бойынша - Ұлттық Банк Басқармасының қаулыларымен;
      - 1.2. және 1.3. тармақтар бойынша - Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінің қаулыларымен. ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.01.24. N 28 V980570_ қаулысымен. 3. Ұлттық Банктің сыйақы (мүдде) ставкалары екінші деңгейдегі банктерге жіберіледі және Ұлттық Банктің "Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жариялануға тиіс. Ұлттық Банк Төрағасы
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады