Банкроттық жөніндегі мамандарды - әкімшілерді, оңалтулық және конкурстық басқарушыларды даярлау, қайта даярлау және аттестациялау тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару Департаментінің 1997 жылғы 1 тамыздағы N 225 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 15 маусым N 523 тіркелді. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылы 27-маусымдағы 1029-шы "Кәсіподақтарды қаржылық-экономикалық сауықтандыру, банкроттықты ескерту, дәрменсіз кәсіпорындарды тарату жайындағы қызметті белсендіру жөнінде шаралар туралы" қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару Департаменті қаулы етеді:
     1. Банкроттық жөніндегі мамандарды - әкімшілерді, оңалтулық және конкурстық басқарушыларды даярлау, қайта даярлау және аттестациялау тәртібі туралы Ереже бекітілсін.
     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару Департаментінің шаруашылық серіктестіктері Басқармасына жүктелінсін.

Жалпы ережелер

     1. Осы Ереже мамандарды (әрі қарай - Ізденуші) банкроттық шараларда әкімшілер, оңалтулық және конкурстық басқарушылар ретінде төлемге қабілетсіз борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөнінде қызметін атқаруға даярлау, қайта даярлау және аттестациялау тәртібін тағайындайды.
     2. Ізденушілерді аттестациялау олардың білімдерінің біліктілік талаптарға сәйкестігін мына уәзіптерді атқару үшін тексеру мақсатында жүргізіледі:
     - сыртқы басқару мезгілінде борышкерді банкрот деп тану туралы соттың шешімін шығаруына және конкурстық іс қозғауына дейін, ал оңалтулық шараны қолданғанда - оның басталуына шейін борышкердің мүлкі мен істерін басқару үшін сот тағайындаған әкімшінің;
     - оңалтулық шараларды жүргізу мезгіліне дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару уәзіптері берілетін оңалтулық басқарушының;
     - соттың не соттан тыс тәртіппен тарату шараларын жүргізу үшін орнықтырылған тәртіппен тағайындалған конкурстық басқарушының.
     3. Ізденуші жоғары білімге (заңгерлік, экономикалық) ие немесе кез келген мамандық бойынша жоғары білімді басқарушы шаруашылық құрылымдарда ең кемі үш жыл жұмыс стажы болуға тиіс.
     4. Оқытудан өткен ізденушілер сертификат алады, ал әкімшілер, конкурстық және оңалтулық басқарушылар ретінде біліктілік куәлігін алуға аттестацияға жіберу үшін негіз болып табылады.

Мамандарды - әкімшілерді, конкурстық және оңалтулық
басқарушыларды даярлау және оқытуды жүргізу шарттары

     5. Ізденушілерді оқытуды оқу орындары, оқу орталықтары мен басқа да арнаулы мекемелер Агенттікпен келісім бойынша жүргізеді.
     6. Оқытудан өту үшін Ізденуші келесі құжаттарды тапсырады:
     - банкроттық жөнінде қызықты мамандық - оңалтулық және конкурстық басқарушы бойынша оқыту курсына (әрі қарай - Курстар) жазу туралы өтініш;
     - кадрларды тіркеу жөніндегі жеке парақша;
     - 3х4 өлшеміндегі фотосурет;
     - білім туралы дипломның және заңды тұлға мөрімен куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмелері.
     7. Құжаттардың осы Ереже талаптарына сәйкес кезінде Ізденушіні Курсқа жазады (курс тыңдаушыларының тізімін Агенттік бекітеді және оқу орнына табыс етеді).
     8. Курстар өткізілуінің басталғанынан жеті күн бұрын оқу орны Агенттікке мынаны табыстайды:
     - Курстардың өткізілу туралы басталу мен аяқталу күні көрсетілген хабарлама;
     - Курстарды жүргізетін оқытушылардың аты-жөні, мекен-жайы мен уақыты көрсетілген сабақ кестесі.
     9. Оқыту басталғанына дейін бір күн бұрын кешіктірмей оқу орны Агенттікке оқытуды жүргізгені үшін төлеудің Агенттік шотына аударғаны туралы төлем тапсырмасының көшірмесін табыс етуі тиіс.
     10. Курстар аяқталғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей оқу орны Агенттікке тыңдаушылардың аттестацияға жіберілгені туралы қалау-тілегін тапсыруы тиіс.     

Аттестациялық комиссия      

     11. Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару Департаменті (әрі қарай - Департамент) аттестацияны өткізу үшін Департамент пен Агенттік өкілдерінен тұратын банкроттық жөніндегі мамандарды (әкімшілерді, оңалтулық және конкурстық басқарушыларды) оқыту және аттестациялау бойынша тұрақты іс-қимылды Комиссияны (әрі қарай - Аттестациялық комиссия) - алқалы органды құрайды.
     12. Аттестациялық комиссияның жұмысына кеңесші дауыс құқысымен мүдделі министрлік пен ведомоство өкілдері тартыла алады.
     13. Аттестациялық комиссия:
     - банкроттық жөніндегі мамандарды даярлау бойынша үлгілік оқыту бағдарламаларын, тестілер мен емтихан билеттерінің сұрақтарын бекітеді;
     - оқыту мен одан әрі аттестациялауды жүргізу кестесін тағайындайды;
     - аттестацияны жүргізеді және соның нәтижелері бойынша біліктілік куәлігін береді;
     14. Аттестациялық комиссия мәжілісі қажеттілік өлшемі бойынша жүргізіледі және оның мүшелерінің ең кемі жартысы барда құқық құзыретіне ие.
     15. Комиссия шешімі Аттестациялық комиссияда отырған мүшелердің жай көпшілік дауысымен қабылданады және Аттестациялық комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қойған тиісті хаттамасымен ресімделеді.

Аттестацияны жүргізудің тәртібі мен шарттары

     16. Аттестациялық комиссия оқу орны табыс еткен құжаттарын, олардың осы ереже талаптарына сәйкестігін қарап, жеті күн ішінде аттестациядан өткізуі тиіс. Егер тыңдаушылардың саны 20 адамнан асқан кезде Аттестациялық комиссия сыналатындардың санына байланысты қосымша бірнеше күннің ішінде аттестацияны өткізуге қақылы.
     17. Егер ізденуші аттестациядан екі немесе үш мамандық бойынша өтетін болса, онда олар әдетте бір кезеңде жүргізіледі.
     18. Оқу орны табыс еткен құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес дер шағында немесе тиістілі ресімделмеген кезде Аттестациялық комиссия оқу орны мекен-жайына бас тарту себебі жазылған хат жібере отырып, бас тартуға құқылы.
     19. Оқу орны тыңдаушыларға аттестацияны өткізу күні мен уақыты туралы дер кезінде хабарлап отыруы тиіс.
     20. Орынды себеппен аттестацияға келмей қалса, Ізденуші болмай қалған аттестация күні мен келмей қалған себебі көрсетілген арызы негізінде басқа бір күні өткізілетін аттестацияға жіберіледі. Бұл кезде Ізденушіден аттестациядан өткені үшін қайтадан төлемақы алынбайды.
     21. Аттестациядан өткен кезде Ізденушіге анықтамалық, арнаулы не өзге әдебиетті, сондай-ақ қандай да бір жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Көрсетілген талаптар мен жалпы этика нормалары бұзылған сәтте Ізденуші аттестациядан шығарылады. Аттестациядан шығарылған Ізденуші аттестацияланбаған деп саналады.
     22. Аттестация аяқталған бетте тестілеу мен пікірлесу нәтижелері бойынша құрылған хаттамаға Аттестациялық комиссияның төрағасы және хатшысы қол қояды.
     23. Қайта аттестацияға жіберу туралы арызбен Ізденуші Агенттікке жүгінеді, ол осындай арыздың түсу барысы бойынша әр қызмет түрінен айына біреуден аспайтын қайта аттестацияға құрамы 5 адамнан кем емес үміткерден жеке топ жинақтайды. Мұндай топтарды жинақтау барысы бойынша Агенттік Аттестациялық комиссия мәжілісіне аттестация үшін қайта төлемақы енгізгені туралы төлем тапсырысының көшірмесіне қоса отырып көрсетілген топты қайта аттестацияға жіберу туралы мәселені шығарады. Оң шешім қабылданған сәтте Аттестациялық комиссия қайта аттестацияның өтетін күні мен уақытын белгілейді.
     24. Оқу орны аттестацияланбаған адамның аттестацияға жіберу туралы арызын қабылдауға және арыз иесін аттестация ізденушілерінің тобына кіргізуге міндетті.
     25. Егер адамның екінші аттестация нәтижелері бойынша тағы да аттестацияланбағаны танылса, онда бұдан әрі ол аттестация құқығына тек толық оқыту курсын қайтадан өткеннен кейін ғана ие болады.
     26. Оқу орны аттестация өткеннен кейін үш күн мерзім ішінде аттестацияның өткізілгені туралы хаттамаларды алу үшін Аттестация комиссиясының хатшысына өтініш жазады.
     27. Бұл құжаттардың көшірмелерінің берілуіне тыйым салынады.
     28. Агенттік оның қызметкерлерінің берілу күні арнаулы журналға тиісті жазбаларды енгізу жолымен берілген біліктілік куәліктерінің тізілімін жүргізуді атқарады.
     29. Агенттік маман табыс еткен құжаттарды қарап, оны қайта аттестацияға жіберу туралы шешім қабылдайды, үміткерлердің аттестацияға жіберілген тізіміне кіргізеді және осы туралы оған хабарлайды. Агенттік егер маманның әкімші, оңалтулық және конкурстық басқарушы ретіндегі қызметі лицензия күшінің тоқтатылуына әкеп соқса, оны қайта аттестацияға жібермеу туралы шешім қабылдай алады.
     30. Қайта аттестациялауды жүргізу реті осы Ереже белгілеген аттестацияны өткізу ретіне сәйкес келеді.
     31. Департамент Аттестациялық комиссияның ұйғарымы бойынша маманға банкроттық шараларға қатысушылар жағынан айтарлықтай талап-тілектері бар кезде лицензияға ие мамандарды мерзімнен бұрын қайта аттестациялауды міндеттеуге қақылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады