Ескерту. Мемлекеттік тіркеу бұзылды - мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ретінде Қызылорда облыстық Әділет департаментінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 2/3455 НҚА мемлекеттік тіркеуді бұзу туралы қорытындысымен (1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" ҚР Заңының 38-бабы)
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы "Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес және облыс азаматтарының кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыру үшін қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Облыстық экономика басқармасы жанынан оның штат кестесі және шығындар сметасы есебінен заңдық құқы бар шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бөлім құрылсын.
2. Облыстық экономика басқармасы жанындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бөлім Ережесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
3. Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бөлімнің құрылымы № 1 қосымшаға сәйкес қызметкерлердің шектелген саны 6 адам болып бекітілсін.
4. Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бөлімнің бастығына еңбекақы қоры көлемінде бөлімнің штат кестесін бекіту құқығы берілсін.
Әкімнің міндетін атқарушы | С. Нұрғисаев |