Алматы қаласының рәмiзiн пайдалану туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкiмiнiң 1997 жылғы 31 желтоқсандағы N 828 шешiмi. Алматы қалалық Әділет басқармасымен 1998 жылғы 10 наурызда N 10 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2000 жылғы 03 шілдедегі N 655 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 03.07.2000 N 655 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 қазандағы "Алматы қаласының мәртебесi және оны одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы" N 3698 Жарлығын орындау, Алматы қаласының және оның төңiрегiндегi аймақтың экономикалық, әлеуметтiк және мәдени дамуы үшiн ақша қаражатын жинақтау мақсатында Алматы қаласының әкiмi шешiм қабылдады:
      1. Заңды ұйымдардың және жеке адамдардың өздерiнiң фирмалық атауларында, қызмет көрсету белгiлерiнде, товарлық белгiлерiнде және басқаларында Алматы қаласының рәмiздерiн пайдаланудың тәртiбi (N 1 қосымша) бекiтiлсiн.
      2. Алматы қаласының рәмiздерiн пайдаланғаны үшiн төленетiн ақының мөлшерi (N 2 қосымша) бекiтiлсiн.
      3. Алматы қаласының көрнекі ақпарат және жарнама басқармасы қаланың рәмізін қолдану жөніндегі құжаттарды қабылдау және ресімдеу туралы өкілетті органы болып бекітілсін.
      Ескерту. 3 тармақ толықтырылды - Алматы қаласы Әкімінің  29.03.1999 N 295 шешімімен.
      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары Ә.Ж. Ыбыраевқа жүктелсiн.

      Алматы қаласының Әкiмi        В.Храпунов

Алматы қаласы Әкiмiнiң
1997 жылғы 31 желтоқсандағы
N 828 шешiмiне
N 1 қосымша

Заңды ұйымдардың және жеке адамдардың
өздерiнiң фирмалық атауларында, қызмет
көрсету белгiлерiнде, товарлық
белгiлерiнде және басқаларында
Алматы қаласының рәмiздерiн пайдалануының
ТӘРТIБI I. ЖАЛПЫ БӨЛIМ

      Осы тәртiп заңды ұйымдардың және жеке адамдардың өздерiнiң фирмалық атауларында, қызмет көрсету белгiлерiнде, товарлық белгiлерiнде және басқаларында Алматы қаласының рәмiздерiн пайдаланғаны үшiн алынатын жиымның (салық) шарттарын және мөлшерiн анықтап бередi.
      Алматы қаласының рәмiзi - Алматы қаласының елтаңбасы 21-сайланған халық депутаттары Алматы қалалық Кеңесiнiң 1993 жылғы 6 шiлдедегi 14-сессиясында бекiтiлдi.
      Қаланың елтаңбасы Алматы қаласының саяси, экономикалық және табиғи факторларының рәмiзi болып табылады.

II. Алматы қаласының рәмiзiн пайдаланудың
тәртiбi мен шарттары

      Алматы қаласының рәмiзiн шаруашылық қызметiнiң түрiне (қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тыйым салынғандарынан басқалары) және меншiк түрiне қарамастан заңды ұйымдар және жеке адамдар олардың фирмалық атауларында, қызмет көрсету, товарлық белгiлерiнде Алматы қаласы рәмiзiнiң элементтерi бар болса, қоса берiлген тәртiпке сәйкес ставка бойынша ақысын төлеген жағдайда, пайдаланады.
      Фирмалық атауларында, қызмет көрсету белгiлерiнде, товарлық белгiлерiнде және басқаларында Алматы қаласының рәмiзiн пайдалану құқығын алуы үшiн мәлiмдеушi қала әкiмiнiң уәкiлеттi органына келесi құжаттары тапсыруы тиiс:
      1. Өтiнiш.
      2. Заңды ұйымның тiркелуi туралы куәлiктiң көшiрмесi.
      3. Жарғылық, құрылтайшылық құжаттардың көшiрмесi.
      Жеке адамдар үшiн - жеке куәлiгi.
      4. Алматы қаласының рәмiзiн пайдаланғаны үшiн жиымды төлегенi туралы түбiртек.
      Алматы қаласы Әкiмiнiң уәкiлеттi органы құжаттарды Алматы қалалық көркемдiк кеңесiнiң қарауына ұсынады. Хатталуының сапасы төмен болған жағдайда, сондай-ақ тиiстi талаптарға сәйкес келмесе, Алматы қалалық көркемдiк кеңесi қайтадан өңдеуi үшiн жазбаша хабарлай отырып, мәлiмдеушiге материалдарды қайтарып беруге құқылы.
      Хатталудың сапасын, Алматы қаласының елтаңбасын бейнеленуiне сәйкес, ол түрлi-түстi, болмаса ақ-қара түстi жағынан елтаңбасының эталонына дәлме-дәл сәйкес келуi тиiс, Алматы қалалық көркемдiк кеңесi анықтайды.
      Алматы қаласының Көркемдiк кеңесi мәселенi қанағаттанарлық етiп шешсе, Алматы қаласы әкiмiнiң уәкiлеттi органы мәлiмдеушiнi тiркейдi және онымен Алматы қаласының рәмiзiн пайдалану үшiн Шарт жасасады, төленген жиымның сомасын және қолдану мерзiмiн көрсете отырып рұқсат бередi.
      Мәлiмдеушi товарлық белгiлерiнде Алматы қаласының рәмiзiн пайдаланғанда өзiнiң iс жүзiнде өндiрген өнiмнiң көлемi бойынша жергілікті бюджетке айына бiр рет жиымның сомасын аударады.
      Ескерту. Шешім өзгертілді - Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылғы  29 наурыздағы N 295 шешімімен.
      Алматы қаласының рәмiзiн фирмалық атауларда, қызмет көрсету белгiлерiнде товарлық белгiлерiнде және басқаларға пайдалануға рұқсат жиымды төлеген соң, бiр жыл мерзiмге берiледi.
      Жиымды төлемейiнше қаланың рәмiзiн заңды ұйымдардың және жеке адамдардың қызметiнде пайдалануға жол берiлмейдi.
      Мәлiмдеушi қаланың рәмiзiн пайдаланғаны үшiн жиымды жергілікті бюджетке аударады.
      Тiркеуден өтпеген заңды ұйымдар, жеке адамдар Алматы қаласының рәмiзiн пайдалану құқығынан айырылады.
      Ескерту. Шешім өзгертілді - Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылғы  29 наурыздағы N 295 шешімімен.

III. Мәлiмдеушiнiң жауапкершiлiгi

      Жиымды төлемей-ақ өздерiнiң фирмалық атауларында, қызмет көрсету белгiлерiнде, товарлық белгiлерiнде және басқаларында Алматы қаласының рәмiзiн өз еркiмен пайдаланушы заңды ұйымдар және жеке адамдар жиымды төлеуден жалтарушы болып саналады және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапқа тартылады.
      Осы қызметтi атқарудың нәтижесiнде түскен табыс жергілікті бюджетке аударылуға жатады.
      Жиымның төленген сомаларының уақтылы, толық және дұрыс аударылуы үшiн жауапкершiлiк төлеушiге жүктеледi.
      Ескерту. Шешім өзгертілді - Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылғы 29 наурыздағы N 295 шешімімен.

IV. Бақылау және есеп

      Осы Тәртiптiң сақталуын бақылауды және есебiн жүргiзудi Алматы қаласы Әкiмiнiң аппараты жүзеге асырсын.
      Алматы қаласы Әкiмiнiң уәкiлеттi органы берiлген рұқсаттар, олардың қолданылу мерзiмдерi, төленген сомалар туралы ақпараттарды, мәлiмдеушiлер туралы мәлiметтердi Алматы қаласы Әкiмi аппаратының Экономика комитетiне тоқсан сайын тапсырып отырады.

Алматы қаласы әкімінің
1997 жылғы 31 желтоқсандағы
N 828 шешiмiне
N 2 қосымша 

Алматы қаласының рәмiзiн пайдаланғаны
үшiн ставкалар мөлшерiнiң ТIЗIМI

Ретi

Рәмiздiң түрi

Ставканың мөлшерi

1.

Фирмалық атау

20 ең төменгi есептiк көрсеткiш

2.

Қызмет көрсету белгiлерi

10 ең төменгi есептiк көрсеткiш

3.

Товарлық белгiлерi

Iс жүзiнде өндiрген өнiм құнының 2 процентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады