"Қосылған құн салығын есептеудің және төлеудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің 1995 жылғы 26 маусымдағы N 37 ~V950077 Нұсқаулығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН 1998 жылғы 20 наурыз N 18. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 27 наурызда тіркелді. Тіркеу N 77. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------
               Мемлекеттік кіріс министрінің
           2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы



     "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 
Қазақстан Республикасының  

K010209_

  Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа 
енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына 
сәйкес    
                               БҰЙЫРАМЫН:
     Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi: 
     31. "Қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" Қазақстан 
Республикасының Қаржы министрлiгi салық комитетiнiң 1995 жылғы 26 
маусымдағы N 37 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" 
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң 1998 жылғы 
20 наурызындағы N 18  

V980077_

  бұйрығы.
-----------------------------------------------------    
     
     "Қосылған құн салығы жөніндегі декларация" (200 (1-97) нысан) 
1-қосымшасына.
     
     "ҚҚС есептеу" бөліміне:
     5-жолдың мазмұны мынадай редакцияда жазылсын:
     "Салық салынатын айналыстың 5-үйлестірілуі" мынадай мазмұндағы 
7б-жолмен толықтырылсын:
 _________________________________________________________________________
|    |Жалпы айналыстағы нөлдік ставка бойынша салық|    |         |       |
| 7б |салынатын айналыстың үлесі (7-жолға бөлінген | 7б |        %|       |
|    |3 және 4-жолдардың сомасы)                   |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
          
     "Қосып есептелуге тиісті ҚҚС сомасы" бөлімі мынадай мазмұндағы 
21а-жолмен толықтырылсын:
 _________________________________________________________________________
|    |оның ішінде, нөлдік ставка бойынша жіберілген| 21а|         |       |
|21а |тауарларды өндіруге және өткізуге пайдаланыл.|    |         |       |
|    |ған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсету.  |    |         |       |
|    |лерді) берушілерге төленген (төленетін), қо. |    |         |       |
|    |сып есептелуге тиісті ҚҚС сомасы (20-жолды   |    |         |       |
|    |7б-жолда көрсетілген үлеске көбейтіңіз)      |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
          
     "Есепті кезеңдегі ҚҚС бойынша есеп айырысулар" мынадай редакцияда 
жазылсын:
     "Есепті кезеңдегі ҚҚС бойынша есеп айырысулар"
 _________________________________________________________________________
| 22 |Есепті кезеңде төленуге тиісті ҚҚС сомасы    | 22 |         |       |
|    |(10-жол минус 21-жол)                        |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
| 23 |Есепті кезеңде есептелген салықтың сомасына  | 23 |         |       |
|    |қосылуға тиісті ҚҚС сомасының артығы (21-жол |    |         |       |
|    |минус 10-жол)                                |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
| 23а|Қайтарылуға тиісті ҚҚС сомасы (21а жолы минус| 23а|         |       |
|    |10-жол)                                      |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
| 23б|ҚҚС бойынша алдағы төлемдердің есебіне       | 23б|         |       |
|    |ауыстырылатын ҚҚС сомасы (23-жол 23а жолы)   |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
| 24 |Бұрынғы кезеңнен ауыстырылған ағымдағы       | 24 |         |       |
|    |төлемдер мен есептер (А қосымшасы, 6-жол)    |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
| 25 |Бюджетке төленуге тиісті ҚҚС сомасы (22-жол  | 25 |         |       |
|    |минус 24-жол)                                |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
| 26 |Алдағы төлемдердің есебіне ауыстырылатын ҚҚС | 26 |         |       |
|    |сомасы (24-жол плюс 23б-жол минус 22-жол)    |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
| 27 |Бұрынғы есепті кезеңдер үшін бюджеттен қайта.| 27 |         |       |
|    |рылуға тиісті ҚҚС сомасы (А-қосымшасы, 5а жо.|    |         |       |
|    |лы)                                          |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
| 28 |Табыстың сомасынан тыс, тауарларды (жұмыстар.| 28 |         |       |
|    |ды, қызметтерді), өткізуден алынған табысқа  |    |         |       |
|    |байланысты, шегерілуге тиісті шығыстар сома. |    |         |       |
|    |сының артығы                                 |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
| 29 |73.1 бабы бойынша қайтарылуға тиісті ҚҚС со. | 29 |         |       |
|    |масы (23а жолы плюс 27-жол минус 28-жол)     |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
     
     А қосымшасына:
      5-жолдың мазмұны мынадай редакцияда жазылсын:
 _________________________________________________________________________
|  5 |Бұрынғы кезеңнен алдағы төлемдердің есебіне  |           |          |
|    |ауыстырылған ҚҚС сомасы                      |           |          |
|____|_____________________________________________|___________|__________|
 
     Мынадай мазмұндағы 5а жолымен толықтырылсын:
 _________________________________________________________________________
|  5а|Бұрынғы кезеңнің қайтарылуға тиісті ҚҚС      |           |          |
|    |сомасы (егер қайтару жасалмаса, көрсетіледі).|           |          |
|    |1-беттің 27-жолына енгізілді.                |           |          |
|____|_____________________________________________|___________|__________|
     
     
     6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
 _________________________________________________________________________
|  6 |Алдағы төлемдердің есебіне қосылатын, бұрынғы|           |          |
|    |кезеңдерден ауыстырылған ағымдағы төлемдер   |           |          |
|    |мен есептердің жалпы сомасы (4 және 5-жолдар.|           |          |
|    |дың сомасы). 1-беттің 24-жолына енгізіледі.  |           |          |
|____|_____________________________________________|___________|__________|


"ҚҚС жөніндегі Декларацияны жолдармен толтыру жөнінде" Нұсқаулығына:

      "ҚҚС есептеу" бөлімінің 7-абзацы мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:
      "Сондай-ақ, егер Сіздің нөлдік ставкамен салық салынатын айналысыңыз болса, оның процентін жалпы айналысқа бөліңіз және шыққан көлемді 7а жолында көрсетіңіз."
      "Есептелуге тиісті ҚҚС сомасы" бөлімі мынадай мазмұндағы соңғы абзацпен толықтырылсын:
      "21а жолы. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналыстар болған жағдайда, нөлдік ставка бойынша жіберілген тауарларды өндіруге және өткізуге пайдаланылған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілерге төленген, ҚҚС сомасын қайтарып алуға сіздің құқыңыз бар. Бұл үшін есептемеге енгізілген ҚҚС жалпы сомасынан нөлдік ставка бойынша жіберілген тауарларға келетін ҚҚС сомасын, 20-жолда көрсетілген, есептемеге енгізілген ҚҚС сомасын 7б жолында көрсетілген айналыстың нөлдік ставкасы бойынша салық салынатын үлеске көбейте отырып, бөліп алыңыз."
      "Есепті кезеңдегі ҚҚС есебі" бөлімінің екінші абзацы мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:
      "Егер сізде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналыс болса, есепті кезең үшін бюджеттен қайтарылуға тиісті ҚҚС сомасын 23а жолында көрсетіңіз. Оның көлемін анықтау үшін, нөлдік ставка бойынша жіберілген тауарларды өндіруге және өткізуге пайдаланылған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілерге төленген, және 21а жолда көрсетілген ҚҚС сомасынан 10-жолда көрсетілген есепті кезеңде жинақталған ҚҚС сомасын шығарып тастаңыз. Алынған көлем бюджеттен қайтарылуға жатады, ал 23 және 23а жолдарында көрсетілген ҚҚС сомалары арасындағы айырмашылық ретіндегі қалған артық сома алдағы төлемдердің есебіне қосылады және 23б жолында көрсетіледі."
      Төртінші абзацта "25-жолда" деген сөздер "22-жолда" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5-абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "26-жол. 22-жолға кемітілген, 24 және 23б жолдарының сомасы ретінде анықталған, алдағы төлемдердің есебіне ауыстырылатын ҚҚС сомасы көрсетіледі."
      Мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
      "27-жол. Мұндай жол, егер сізде бұрынғы есепті кезеңде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналысыңыз болса, бұл ретте бюджеттен қайтарылуға тиісті ҚҚС сомасы жиналып қалса және қайтару жасалмаса, толтырылады. Бұл жолды толтырған кезде А қосымшасының 5б жолында көрсетілген өткен кезең үшін қайтарылуға тиісті ҚҚС сомасын көрсетіңіз.
      28-жол. Есепті кезеңде заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша алдын ала есеп айырысу негізінде, нөлдік ставка бойынша есепті кезеңде тауарлар жіберуді жүргізген салық төлеушілер толтырады. Егер заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша алдын ала есеп айырысуға сәйкес есепті кезеңде сізді зиян пайда болса, зиянның сомасын осы жолда көрсетіңіз.
      29-жол. Бұл жолда сіз бюджеттен қайтарылуға тиісті ҚҚС жалпы сомасын, ұшыраған зиянның сомасы шегерілген, бұрынғы кезең үшін қайтарылуға тиісті ҚҚС сомасымен қоса көрсетесіз."
      "Қосымшалар" бөлімінің бірінші абзацы мынадай мазмұнды мәтінмен толықтырылсын:
      "Бұл ретте сіз қосымшаның 5а жолы, егер бұрынғы кезеңде ҚҚС қайтару

жүргізілмеген жағдайда ғана, толтырылатынын ескеруіңіз қажет. Одан басқа, 
декларацияның 1-бетіндегі 23а жолында көрсетілген көлем 23-жолда 
көрсетілген көлемнен артық болса, онда қайтарылуға тиісті ҚҚС жалпы 
сомасын анықтау үшін осы қосымшаның 5а жолында көрсетілген ҚҚС сомасына 
1-беттің 7б жолында көрсетілген көлемге көбейтілген, 5-жолда көрсетілген 
ҚҚС сомасын қосу қажет."
     ҚҚС (200 (1-97) нысан) бойынша декларацияның оңайлатылған нысанына:
     "ҚҚС есептеу бөліміне":
     3-жолдың мазмұны мынадай редакцияда жазылсын:
     "Салық салынатын айналыстың 3-үйлестірілуі"
     Мынадай мазмұндағы 5б жолымен толықтырылсын:
 _________________________________________________________________________
| 5б |Жалпы айналыстағы нөлдік ставка айналысы     | 5б |        %|       |
|    |бойынша салық салынатын үлес (5-жолға бөлін. |    |         |       |
|    |ген 2-жол,)                                  |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
     
     "Есептемеге қосылатын ҚҚС сомасы" бөлімі мынадай мазмұндағы 13а 
жолымен толықтырылсын:
 _________________________________________________________________________
| 13а|Оның ішінде өлдік ставка бойынша жіберілген  | 13а|         |       |
|    |тауарларды өндіруге және өткізуге пайдаланыл.|    |         |       |
|    |ған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсету.  |    |         |       |
|    |лерді) берушілерге төленген (төленетін), қо. |    |         |       |
|    |сып есептелуге тиісті ҚҚС сомасы (12-жолды 5б|    |         |       |
|    |жолында көрсетілген үлеске көбейтіңіз)       |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
     
     "Есепті кезең үшін ҚҚС бойынша есеп айырысу" бөлімі мынадай редакцияда
жазылсын:
     "Есепті кезең үшін ҚҚС бойынша есеп айырысу"
 _________________________________________________________________________
| 14 |Есепті кезең үшін төленуге тиісті ҚҚС сомасы | 14 |         |       |
|    |(7-жол минус 13-жол)                         |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
| 15 |есептемеге жатқызылған ҚҚС сомасының есепті  | 15 |         |       |
|    |кезең үшін саналған салықтың сомасынан арты. |    |         |       |
|    |ғы (13-жол минус 7-жол)                      |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
| 15а|Қайтарылуға тиісті ҚҚС сомасы (13а жолы минус| 15а|         |       |
|    |7-жол)                                       |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
| 15б|ҚҚС бойынша алдағы төлемдердің есебіне       | 15б|         |       |
|    |ауыстырылатын ҚҚС сомасы (15-жол минус 15а)  |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
| 16 |Бұрынғы кезеңнен ауыстырылатын ағымдағы тө.  | 16 |         |       |
|    |лемдер мен есептемелер (А қосымшасы, 6-жол)  |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
| 17 |Бюджетке төленуге тиісті ҚҚС сомасы (14-жол  | 17 |         |       |
|    |минус 16-жол)                                |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
| 18 |Алдағы төлемдердің есебіне ауыстырылатын ҚҚС | 26 |         |       |
|    |сомасы (16-жол плюс 15б-жол минус 14-жол)    |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
| 19 |Бұрынғы кезеңдер үшін бюджеттен қайтарылуға  | 19 |         |       |
|    |тиісті ҚҚС сомасы (А қосымшасы, 5б-жол)      |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
| 20 |Табыс сомасынан тыс тауарларды (жұмыстарды,  | 20 |         |       |
|    |қызметтерді), өткізуден алынған табысқа бай. |    |         |       |
|    |ланысты шегерістерге жататын шығыстар сомасы.|    |         |       |
|    |ның артығы                                   |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
| 21 |73.1 бабы бойынша қайтарылуға тиісті ҚҚС     | 21 |         |       |
|    |сомасы (15а жолы плюс 19-жол минус 20-жол)   |    |         |       |
|____|_____________________________________________|____|_________|_______|
     
     А қосымшасына: 
     5-жолдың мазмұны мынадай редакцияда жазылсын:
 _________________________________________________________________________
|  5 |Бұрынғы кезеңдерден алдағы төлемдердің       |          |           |
|    |есебіне ауыстырылған ҚҚС сомасы              |          |           |
|____|_____________________________________________|__________|___________|
     
     Мынадай мазмұндағы 5а жолымен толықтырылсын:
 _________________________________________________________________________
|  5а|Бұрынғы кезең үшін қайтарылуға тиісті ҚҚС    |          |           |
|    |сомасы (егер қайтарым жүргізілмесе, көрсеті. |          |           |
|    |леді). 1-жолдың 19-жолына енгізіледі.        |          |           |
|____|_____________________________________________|__________|___________|
     
     6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
 _________________________________________________________________________
|  6 |Алдағы төлемдердің есебіне саналатын, бұрынғы|          |           |
|    |кезеңнен ауыстырылған ағымдағы төлемдер мен  |          |           |
|    |есептемелердің жалпы сомасы (4 және 5-жолдар.|          |           |
|    |дың сомасы). 1-беттің 16-жолына енгізіледі.  |          |           |
|____|_____________________________________________|__________|___________|
     
     "ҚҚС бойынша декларация толтыру жөніндегі (ҚҚС бойынша декларацияның 
оңайлатылған нысаны)" Нұсқаулығына:
     "ҚҚС есептеу" бөлімінің бесінші абзацы мынадай мазмұндағы мәтінмен 
толықтырылсын:


      "Сондай-ақ, егер Сіздің нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналысыңыз болса, оның процентін жалпы айналысқа таратыңыз және алынған көлемді 5б жолында көрсетіңіз."
      "Есептемеге жататын ҚҚС сомасы" бөлімі мынадай мазмұндағы соңғы абзацпен толықтырылсын:
      "13а жолы. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналыстар болған жағдайда, нөлдік ставка бойынша жіберілген тауарларды өндіруге және өткізуге пайдаланылған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілерге төленген, ҚҚС сомасын қайтарып алуға сіздің құқыңыз бар. Бұл үшін есептемеге енгізілген ҚҚС жалпы сомасынан нөлдік ставка бойынша жіберілген тауарларға келетін ҚҚС сомасын, 12-жолда көрсетілген, есептемеге енгізілген ҚҚС сомасын 5б жолында көрсетілген айналыстың нөлдік ставкасы бойынша салық салынатын үлеске көбейте отырып, бөліп алыңыз."
      "Есепті кезеңдегі ҚҚС есебі" бөлімінің екінші абзацы мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:
      "Егер сізде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналыс болса, есепті кезең үшін бюджеттен қайтарылуға тиісті ҚҚС сомасын 15а жолында көрсетіңіз. Оның көлемін анықтау үшін, нөлдік ставка бойынша жіберілген тауарларды өндіруге және өткізуге пайдаланылған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілерге төленген, және 13а жолда көрсетілген ҚҚС сомасынан 7-жолда көрсетілген есепті кезеңде жинақталған ҚҚС сомасын шығарып тастаңыз. Алынған көлем бюджеттен қайтарылуға жатады, ал 15 және 15а жолдарында көрсетілген ҚҚС сомалары арасындағы айырмашылық ретіндегі қалған артық сома алдағы төлемдердің есебіне қосылады және 15б жолында көрсетіледі."
      5-абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "18-жол. 15б-жолға кемітілген, 16 және 14 жолдардың сомасы ретінде анықталған, алдағы төлемдердің есебіне ауыстырылатын ҚҚС сомасы көрсетіледі."
      Мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
      "19-жол. Мұндай жол, егер сізде бұрынғы есепті кезеңде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналысыңыз болса, бұл ретте бюджеттен қайтарылуға тиісті ҚҚС сомасы жиналып қалса және қайтару жасалмаса, толтырылады. Бұл жолды толтырған кезде А қосымшасының 5б жолында көрсетілген өткен кезең үшін қайтарылуға тиісті ҚҚС сомасын көрсетіңіз.
      20-жол. Есепті кезеңде заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша алдын-ала есеп айырысу негізінде, нөлдік ставка бойынша есепті кезеңде тауарлар жіберуді жүргізген салық төлеушілер толтырады. Егер заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша алдын-ала есеп айырысуға сәйкес есепті кезеңде сізде зиян пайда болса, зиянның сомасын осы жолда көрсетіңіз.
      21-жол. Бұл жолда сіз бюджеттен қайтарылуға тиісті ҚҚС жалпы сомасын,

ұшыраған зиянның сомасы шегерілген, бұрынғы кезең үшін қайтарылуға тиісті 
ҚҚС сомасымен қоса көрсетесіз." 
     "Қосымшалар" бөлімінің бірінші абзацы мынадай мазмұнды мәтінмен 
толықтырылсын:
     "Бұл ретте сіз қосымшаның 5а жолы, егер бұрынғы кезеңде ҚҚС қайтару 
жүргізілмеген жағдайда ғана, толтырылатын ескеруіңіз қажет. Одан басқа, 
декларацияның 1-бетіндегі 15а жолында көрсетілген көлем 15-жолда 
көрсетілген көлемнен артық болса, онда қайтарылуға тиісті ҚҚС жалпы 
сомасын анықтау үшін осы қосымшаның 5а жолында көрсетілген ҚҚС сомасына 
1-беттің 5б жолында көрсетілген көлемге көбейтілген, 5-жолда көрсетілген 
ҚҚС сомасын қосу қажет."
     
     Қазақстан Республикасы 
     Қаржы министрлігінің
     Әдістемелік кеңесі мәжілісінде 
     КЕЛІСІЛДІ
     1998 жылғы 19 наурыз,
        N 24 Хаттама
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады