Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 6 ақпандағы N 129 ~V980478 бұйрығымен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі" туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Бұйрық 1998 жылғы маусым N 74 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 26 маусымда тіркелді. Тіркеу N 87. 1999 жылы 20 қаңтардан күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 1999.01.15. N 3 ~V990667 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (жалпы бөлім) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Z980211_ 1998 жылғы 2 наурыздағы және "Қазақстан Республикасының жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Z980220_ 1998 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын, "Ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік бойынша деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 P980246_ Қаулысын орындау мақсатында бұйырамын:
      Қазақстан Республикасы әділет министрінің 1998 жылғы 6 сәуірдегі N 129 V980478_ бұйрығымен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы" Ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Ереженің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қағидасы";
      2) Қағиданың мәтіні бойынша "заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімі" деген сөздер "заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 7-тармақта:
      екінші, үшінші және алтыншы абзацтарындағы "1997 жылдың 20 қазанына" деген сөздер "1998 жылдың 15 маусымына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы он бесінші және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы 1998 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы";
      "Ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік бойынша деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 Қаулысы";
      4) 10 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Заңды қайта ұйымдастыруда мынадай жағдайларында тіркелуге жатады:
      - қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлға өзінің түрін (ұйымдық-құқықтық нысанын) өзгертеді, бұл ретте тіркеуші органға тапсыру актісін табыс етіледі. Өз қызметін тоқтатқан (қайта ұйымдастырылған) ұйым заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімінен шығарылып тасталуы тиіс, бұл жөнінде қайта құрылған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелімі туралы бұйрықта көрсетіледі. Бұл жағдайда құрылтайшылық құжаттардың түпнұсқалары және өз қызметін доғарған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік алынуы тиіс;
      - қосылған кезде екі және одан артық заңды тұлғалардың қызметі доғарылады, олардың негізінде тіркелуге жататын бір заңды тұлға құрылады. Өз қызметін доғарған заңды тұлғалардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері тапсыру актісіне сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға көшеді. Қайта құрылған заңды тұлғаны тіркеуді жүзеге асырған кезде әділет органы өз қызметін доғарған ұйымдарды заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімінен шығарып тастайды, бұл жөнінде құрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта көрсетіледі. Бұл жағдайда құрылтайшылық құжаттардың түпнұсқалары және өз қызметін доғарған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік алынуы тиіс;
      - бөлінген кезде заңды тұлғаның қызметі тоқтайды, оның негізінде екі және одан артық заңды тұлға құрылады. Жаңадан құрылған заңды тұлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Бөлінуге жататын заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері бөлінетін балансқа сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға көшеді. Өз қызметін доғарған ұйымдар заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімінен шығарылуы тиіс, бұл жөнінде бір мезгілде жаңадан құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта көрсетіледі. Құрылтайшылық құжаттардың түпнұсқалары және өз қызметін доғарған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік тіркеуші органға тапсырылады;
      - бөлініп шыққан кезде бір заңды тұлғаның құрамынан бір және одан артық заңды тұлғалар бөлініп шыққан жағдайда бөлініп шыққан заңды тұлғалар тіркелуі тиіс. Қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері бөлінетін балансқа сәйкес олардың әрқайсысына көшеді";
      5) 11.1-тармақтың екінші абзацы, 12.1-тармақтың 1-бөлігінің екінші абзацы және 18.1-тармақтан бөлігінің екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Мемлекеттің үлесті қатысуы бар мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер, шаруашылық серіктестіктері мемлекеттің үлесті қатысуы бар мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер, шаруашылық серіктестіктерінің тізілімін ұстаушының (бұдан әрі - тізілім ұстаушы) функцияларын жүзеге асыратын уәкілді органның белгісі соғылған өтінішті табыс етеді";
      6) 13-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      - Тіркеуші орган: заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеуге алудың нысан қосып, тіркелген, қайта тіркелген және таратылған заңды тұлғалардың тізбегін ай сайын модемдік байланыс бойынша, ал қажет болған жағдайда-қағазға бастырып немесе дискет түрінде Агенттікке жіберуге міндетті;
      "10 күн ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеудің жүргізілгені туралы статистика органдарына және тізілім ұстаушыға хабарлайды (N 6а қосымшаны қараңыз)";
      7) 17-тармақта:
      үшінші, төртінші абзацтар және 3-бөліктің бесінші абзацы алып тасталсын;
      6-бөлік "статистиканың" деген сөзден кейін белгіленген нысанға сәйкес және "тізім ұстаушыны" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 18.2-тармақта үшінші сөйлем алынып тасталсын;
      9) 18.3-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркеуге алынғаны туралы мемлекеттік статистика органына (N 14 қосымшаны қараңыз) және тізілім ұстаушыға (N 6а қосымшасын қараңыз) 10 күн ішінде жазбаша хабарласын";
      10) 22.1-тармақтың екінші абзацы "нысаны" деген сөзден кейін "(мемлекеттің үлестік қатысуы бар мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер және серіктестіктер үшін тізілім ұстаушының белгісі соғылған өтініш)" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 22.2-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттің үлесті қатысуы бар мемлекеттік кәсіпорындардың және мекемелердің, шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшы құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу туралы тізілім ұстаушыға 10 күн ішінде хабарласын" (N 6а қосымшаны қараңыз)";
      12) 22.3-тармақтың алтыншы абзацы "статистика" деген сөзден кейін "және тізілім ұстаушы (мемлекеттің үлестік қатысуы бар мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер, шаруашылық серіктестері жөнінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      13) 28.1-тармақта екінші сөйлем алынып тасталсын;
      14) 28.2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, алтыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
      "- таратуды тіркеу туралы еркін нысандағы өтініш, мемлекеттің үлестік қатысуы бар мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер, шаруашылық серіктестіктері үшін тізілім ұстаушының белгісі соғылған өтініш;
      - бюджет алдында берешегі жоқ екендігі туралы салық органының анықтамасы;
      - заңды тұлғаның мөрі";
      15) 28.3-тармақта:
      1 бөлік мынадай мазмұндағы 6 абзацпен толықтырылсын:
      "- заңды тұлғаның мөрін жою және осы туралы акті жасау";
      1 бөлікте жетінші абзац "статистика" деген сөзден кейін және тізілім ұстаушы (мемлекеттің үлестік қатысуы бар мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер, шаруашылық серіктестіктері жөнінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      16) 33-тармақ мынадай мазмұндағы 2-бөлікпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттің үлестік қатысуы бар заңды тұлғаны тіркеуден бас тартқан жағдайда тіркеуші орган бас тарту жөнінде тізілім ұстаушыны 10 күн ішінде хабардар етеді";
      17) аталған Ережеге қосымшада:
      барлық қосымшалардағы "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы ережеге" деген сөздер "заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің қағидасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      N 1 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
                                         Заңды тұлғаларды мемлекеттік

тіркеу қағидасына N 1-қосымша

                                 _____________________________

Заңды тұлғаларды тіркеуді

                                ______________________________       

жүзеге асыратын органның атауы


                ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТУРАЛЫ

                                ӨТІНІШ
     
     _____________________________________________________________________
              құрылтайшының немесе оның өкілінің тегі, аты-жөні
     
     _____________________________________________________________________
       заңды тұлғалардың құрылғандығы және оның жарғысының бекітілгендігі
     
     _____________________________________________________________құрылған
                  туралы шешім (жиналыс хаттамасы)
     
     _____________________________________________________________________
     
     ____________________________________________________ тіркеуге ұсынады
     
     Заңды тұлғаның бірінші басшысы (жоғарғы лауазымды тұлға) ____________
     
     _____________________________________________________________________
                               тегі, аты-жөні
     Қызметтің негізгі түрлері (керегін сызу керек): инвестициялық, банктік
     (банктік операциялар), сақтандыру, биржалық, бағалы қағаздар 
     рыногындағы кәсіби қызмет, басқалар: ________________________________
     _____________________________________________________________________
     
     Заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысаны __________________________
     _____________________________________________________________________
     
     Меншік түрі _________________________________________________________
     
     Заңды тұлғаның орналасқан жері (мекен-жайы) _________________________
     _____________________________________________________________________
     
     Жарғылық қор ________________________________________________________
     Шетел инвесторларының қатысуы (ия, жоқ) _____________________________
     Үлгілік жарғының негізінде әрекет етеді (ия, жоқ) ___________________
     Өтінішке қоса беріледі: 1.
                             2.
                             3.

     Өтініш беруші __________________         199__жылғы "____" __________
                         қолы

     Ескерту: Өзінің қызметін Үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын ЖШС 
     және ҚЖС үшін өтініште олардың атауы, орналасқан жері, банктік 
     реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болып табылса) немесе атауы,
     тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжатының мәліметтері 
     (егер құрылтайшы жеке тұлға болып табылса) көрсетілген қатысушылардың 
     тізімі көрсетіледі.
     N 2 - қосымшада:
     
     1.1.1.-тармақта бесінші абзац алынып тасталсын;
     1.2.3.-тармақта төртінші және бесінші абзацтар алынып тасталсын;
     1.2.4.-тармақта төртінші және бесінші абзацтар алынып тасталсын;
     1.2.5.-тармақта бесінші абзац алынып тасталсын;
     2.10.-тармақта:
     үшінші абзац мынадай мазмұнда жазылсын:
     - "нотариалды тәртіппен куәландырылған жарғы (егер серіктестік Үлгі 
жарғысының негізінде жұмыс істемесе)";
     алтыншы абзац алынып тасталсын;
     2.11.-тармақта:
     үшінші абзац мынадай мазмұнда жазылсын:
     - "нотариалды тәртіппен куәландырылған жарғы (егер серіктестік Үлгі 
жарғысының негізінде жұмыс істемесе)";
     алтыншы абзац алынып тасталсын;
     2.12.-тармақта төртінші абзац алынып тасталсын;
     Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қағидасы мынадай мазмұндағы 6а - 
қосымшамен толықтырылсын:
     
                                             Заңды тұлғаларды мемлекеттік
                                                  тіркеу қағидасына
                                                     N 6а-қосымша
     
                                ХАБАРЛАМА
     
     _____________________________________________________________________
                        (тіркеуші органның атауы)
     
     19 жылғы "____" _________________ N _________________өтініш негізінде
               (өтініштің реттік нөмірі (штамптан қараңыз)
     
     _____________________________________________________________________
     (құрылтайшы құжаттарға тіркеу, қайта тіркеу, өзгерістер мен 
     
     __________________________________________________ туралы хабарлайды.
                толықтырулар енгізу)
     Толық атауы _________________________________________________________
     
     _____________________________________________________________________
     
     Қысқартылған атауы __________________________________________________
     
     Тіркеу нөмірі _______________________________________________________
     
     Мемлекеттік тіркеудің күні __________________________________________
     
     Ұйымдастыру-құқықтық нысан __________________________________________
     
     Бірінші басшы (жоғарғы лауазымды тұлға) _____________________________
     
     _____________________________________________________________________
                                 тегі, аты-жөні
     
     Бас бухгалтер _______________________________________________________
                                 тегі, аты-жөні

     Заңды тұлғаның орналасқан жері:

     Индексі _________________ Облысы ____________________________________
     
     Қаласы __________________ Көшесі ______________________ N үй ________
     
     Телефоны _______________________ Факсы ______________________________
     
     19  жылғы "_____" _______________________ жағдай бойынша жарғылық қор
     
     ____________________________________________________________ құрайды.
     
     __________________________                          _________________
     Тіркеуші органның басшысы                                 қолы
     
     * жазба түрі, қайта тіркеудің күні мен негіздемесі, орналасқан жерінің
     өзгерісі, жарғылық қордың мөлшері (мем. борыштың мөлшері) көрсетіледі,
     қайта аталған жағдайда бұрынғы атауы көрсетіледі.
     
     N 20 - қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
     
                                             Заңды тұлғаларды мемлекеттік
                                                   тіркеу қағидасына   
                                                     N 20-қосымша
                                        
                                               ___________________________
                                                     (Тізілім ұстаушы) 
                                               ___________________________
                                               ___________________________
                                                  (статистика органдары)
                                               
                                               ___________________________

                   ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ДОҒАРУ ТУРАЛЫ
                               ХАБАРЛАМА 
     
     __________________________________________ ҚҰБС тағайындалған кодымен
     
     N _________________________________________________________ тіркелген
     
     _____________________________________________________________________
                           заңды тұлғаның атауы
     
     ___________________________________________________ туралы мәліметтер
     
     19  жылғы "____" __________________________ заңды тұлғаларды бірыңғай
     мемлекеттік тіркеуден шығарылды.
     Бұл туралы __________________________________________________________
                              тіркеуші орган шығарған
     
     ______________________________________________________ бұйрығы шықты.
             бұйрықтың күні мен нөмірі
     
     ________________        _________________      ______________________
        жетекші                   қолы                  тегі, аты-жөні
     
     
     Әділет Министрі
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады