"Қазақстан Республикасында Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталын қалыптастыру туралы" ережеге толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің бұйрығымен бекітілген 1998 жылғы 22 мамыр N 68-п. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 3 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 90. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы N 127 қаулысымен.

      1. 1-бөлімнің 1.2 тармағына:
      1.2. "басқа табыстардан" деген сөзден кейін "меншік капиталын орналастырудан" деген сөздер қосылсын, одан әрі мәтін бойынша.
      Мынадай мазмұндағы 1.3.-тармақпен толықтырылсын:
      "1.3. Қордың меншік капиталын мынадай мақсаттарда пайдалануға болмайды:
      а) басқа ұйымдар құруға;
      б) уақытша қаржылық көмек көрсетуге;
      в) кепілдіктер беруге."
      2. 2-бөлім мынадай мазмұндағы 2.1.-тармақпен толықтырылсын:
      "2.1. Қордың жарғылық капиталы қордың қаржылық қызметін қамтамасыз етуге және салымшылар/алымшылар алдындағы жауапкершілігін орындау мақсатында пайдаланылады."
      2.1., 2.2., 2.3 тармақтар 2.2., 2.3., 2.4. тармақтар болып саналсын.
      3. 2-бөлім, 2.3. тармақ, екінші азат жол "55 (елу бес)" деген сан мен сөз "90 (тоқсан)" болып ауыстырылсын.
      4. 2-бөлім, 2.3. тармақ үшінші азат жол. "10 (он)" деген сан мен сөз "20 (жиырма)" болып ауыстырылсын.
      5. 2-бөлім, 2.3. тармақтарын мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауға рұқсат алған мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары осы өзгерістер бекітілген күннен бастап алты ай ішінде жарғы капиталының ең аз мөлшері бойынша талаптарды орындауды қамтамасыз етуге міндетті".
      6. 4-бөлім 4.1. тармақ:
      4.1. Бірінші азат жолдағы және формуладағы "0,5" саны "0,3" деп, мәтіндегі "басқа да" деген сөзден кейінгі "қаржы емес" деген сөз "материалдық емес" деген сөзбен ауыстырылсын, одан әрі "материалдық емес активтер" деген сөздерден кейін жақшада "(қамтамасыз ету бағдарламасы)" деген сөздермен толықтырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады