"Қазақстан Республикасының темір жолдарымен жолаушылар мен багаждарын тасымалдаудың Уақытша Ережелеріне өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Бұйрық 1998 жылғы 10 сәуір N 78 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 25 мамырда тіркелді. Тіркеу N 92

      Халықаралық темір жолдар шарттарының нормаларына сәйкес келтіру мақсатымен бұйырамын:
      1. Көлік және коммуникациялар министрлігінің 1995 жылғы 16 ақпанда N 37 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының темір жолдарымен жолаушыларды және багаждарды тасымалдаудың Уақытша Ережелеріне" өзгерістер енгізілсін.
      1.1. 1 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
      "1. Жолаушының өзімен бірге тегін жеке орын алмай бір баланы алып жүруге құқығы бар, егер балалардың жасы:
      - Қазақстан Республикасы аумағының шегінде жергілікті, республикалық, мемлекетаралық және халықаралық қатынастардағы поездармен жүру барысында 7 жасқа дейін;
      - мемлекетаралық қатынаста жол жүруі барысында 5 жасқа дейін;
      - халықаралық қатынаста жол жүруі барысында 4 жасқа дейін болған жағдайда;
      - Қазақстан Республикасы аумағының шегінде жергілікті, республикалық,

мемлекетаралық және халықаралық қатынастардағы поездармен жүруі барысында 
жолаушы;
     - жол жүрудің толық құнының 50% төлеу арқылы 7 жастан 15 жасқа 
дейінгі балалар үшін;
     -  мемлекетаралық қатынаста жол жүруі барысында 5 жастан 10 жасқа 
дейінгі балалар үшін балалар тарифі бойынша төлеу арқылы;
     - халықаралық қатынаста жол жүруі барысында 4 жастан 12 жасқа дейінгі 
балалар үшін балалар билеті бойынша төлеу арқылы бала билетін сатып алуға 
құқығы бар.
     Осы тармақтың бірінші азат жолына сәйкес жолаушы өзімен бірге тегін 
жол жүруге құқығы бар бір баладан артық алып жүрген жағдайда, біреуінен 
басқа балаларға балалар билетін сатып алуы тиіс."
     1.2. 2 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда баяндалсын:
     "Осы Ереженің 1 тармағының талаптарын бұзып бір ересек жолаушы 
балаларды ертіп жүруі барысында ересек жолаушыдан белгіленген мөлшерде 
айыппұл алынады."
     1.3. 3 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда баяндалсын:
     "Егер бала билеті бойынша жасы:
     - Қазақстан Республикасы аумағының шегінде жергілікті, республикалық, 
мемлекетаралық және халықаралық қатынаста жол жүруі барысында 15 жастан 
жоғары;
     - мемлекетаралық қатынаста жол жүруі барысында 10 жастан жоғары;
     - халықаралық қатынаста жол жүруі барысында 12 жастан жоғары;
     баланы ертіп жүрген жолаушыға белгіленген мөлшерде айыппұл салынады."
     2. Темір жол көлігінің басқармасы заңгерлік бөліммен біріге отырып, 
белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
бұйрықты тіркесін.
     3. "Қазақстан темір жолы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорын темір 
жол кәсіпорындарының барлық қатысы бар қызметкерлеріне нұсқаулық беруді 
және осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
     
     Министр
     
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады