1997 жылғы 5 желтоқсандағы "Адвокаттық қызмет туралы" Z970195_ Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН : 1. Орталық аттестациялық комиссия туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін. 2. Аталған Ереже 1998 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енгізілсін. Әділет Министрі
1. Орталық аттестациялық комиссия (әрі қарай - Орталық комиссия) аймақтық аттестациялық комиссиялардың шешімдеріне келтірілген шағымдарды қарау, аттестация басталғаннан дәлелді себептермен екі мәрте аттестацияға келе алмаған адвокаттарды аттестациядан өткізу, сондай-ақ адвокаттарды аттестациядан өткізуге арналған сауалдарды бекіту үшін құралады.
2. Орталық комиссия Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағының үш-үш өкілдерінен және бір заңгер ғалымнан тұратын жеті мүше құрамында құрылады. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 1998.03.18.
N 189 V980079_ бұйрығымен.
3. Орталық комиссия қызметін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі басқарады.
4. Орталық комиссия хатшысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аппаратының қызметкерлер санынан тағайындалады.
5. Орталық комиссияның мәжілістері қажетті шамада осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген мерзімдерге сәйкес өткізіледі.
6. Аймақтық аттестациялық комиссиясының шешіміне оның көшірмесін алған күннен бастап он тәулік аралығында Орталық комиссияға беріледі.
7. Орталық комиссияға берілген шағым тіркеуге алынып, оның қарау күні туралы шағым иесіне комиссия мәжілісіне кемінде он екі тәулік қалғанға дейін хабарланады.
8. Орталық комиссия аймақтық аттестациялық комиссиясының шешіміне келтірілген шағымды оның келіп түскен уақытынан бастап отыз тәулікте аттестацияның түпкі құжаттарын сұратып алу арқылы қарайды.
Қосымша құжаттар сұратып алу немесе басқа да себептерге байланысты (жазбаша түсініктемелер және т.б.) жағдайларда шағымды қарау мерзімі алпыс тәуліктен аспайтын мерзімге ұзартылады.
9. Орталық комиссияның мәжілістері, ережеге сәйкес, шағым иесінен тыс өткізіледі. Қажет болған жағдайда түсініктеме алу мақсатымен оны мәжіліске шақыру Орталық комиссия шешім қабылдай алады.
10. Орталық комиссия керек болған жағдайда шағым иесіне квалификациялық емтихан бойынша қосымша сұрақтар қойып, оларға жауапты жазбаша немесе ауызша беруге рұқсат етуге шешім қабылдай алады.
11. Орталық комиссия шағым қарау барысында екі шешімнің бірін қабылдайды:
- аймақтық аттестациялық комиссияның адвокатты аттестациядан өтпегендігі туралы немесе оны аттестацияға жіберуден бас тарту туралы шешімдерімен келісуге;
- аймақтық аттестациялық комиссия адвокатты аттестацияға жіберуден бас тарту туралы немесе аттестациядан өтпегендігі туралы шешіммен келіспеуге және аттестацияға жіберілмеген адвокаттан аттестациялық емтихан алуға, сондай-ақ қажет мөлшерде балл жинай алмаған адвокатты қайта аттестациядан өткізуге.
Бұл жағдайда Орталық комиссия аттестацияны Қазақстан Республикасының адвокаттарын аттестациядан өткізу туралы Ережеге сәйкес жүргізеді.
12. Орталық комиссия аймақтық аттестациялық комиссиясына дәлелді себептермен екі мәрте келмеген адвокаттарды Қазақстан Республикасының адвокаттарын аттестациядан өткізу туралы Ереженің талаптарына сәйкес олардың жазбаша арызы және аймақтық аттестациялық комиссиясына дәлелді себептермен келмегендігі туралы анықтама бойынша аттестациядан өткізеді.
13. Орталық комиссия мәжілістері оның мүшелерінің кемінде бесеуі қатысқан жағдайда құқылы. <*>
Мәжіліс отырысында хаттама толтырылып, онда комиссия отырысының орны мен уақыты, шағым берушінің немесе аттестациядан өтушінің аты-жөні, оған берілген қосымша сұрақтар мен оның жауаптары, емтихан қорытындысы, комиссияның қаралған шағым бойынша шешімі және аттестация жөніндегі комиссия шешімі көрсетілуі қажет.
ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 1998.03.18. N 189 V980079_ бұйрығымен. 14. Орталық комиссияның шешімі оның мүшелерінің басым көпшілігі қолдаған жағдайда қабылданды деп саналады. Дауыс берушілер саны тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші деп табылады. Дауыс беру ашық түрде өткізіледі. Қабылданған шешім жөнінде өтініш иесі мен аттестациядан өтуші сол күні жазбаша түрде хабарланады. Шешімге мәжіліске қатысқан барлық комиссия мүшелері қол қоюға тиісті. Орталық комиссияның шешімі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде сақтауға қалдырылады. 15. Орталық комиссияның шешімі соңғы шешім деп табылады.