"Жұмыс орындарындағы шулар мен дірілдерден ауаның ластануынан болған кәсіптік тәуекелден еңбекшілерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 26 маусымдағы Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан кәсіподақтары Федерациясы мен 1998 жылда жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісімінің 4.2. тармағымен бекітілген Халықаралық еңбек ұйымының 148
Конвенциясының
4, 9, және 11 баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұйымдардың өндірістік объектілерін еңбек шарты бойынша аттестациялау туралы Ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы заңмен көзделген зиянды және қауіпті еңбек жағдайларына байланысты қосымша демалыс, қысқартылған жұмыс күні, қосымша емдеу және аурудың алдын-алу тамақтары берілетін өндірістердің, жұмыстардың, мамандықтар мен қызметтердің Тізімдері мен Тізбелеріне сәйкес, ұжымдық шарт арқылы, өндірістік объектілердің еңбек шарты бойынша өткізілген аттестация қорытындысы негізінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары үшін жұмыскерлерге 1998 жылдың 1 сәуірден бастап жеңілдіктер мен өтемақы белгіленсін.
3. Ақмола, Алматы қалалары мен облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары:
- еңбек ұжымдары мен жұмыс берушілердің арасында қажетті түсіндіру жұмысын ұйымдастырсын;
- ведомостволық бағыныштылығы мен меншіктілік нысандарына қарамастан ұйымдарда осы бұйрықтың орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. "Еңбек шарты бойынша жұмыс орындарын аттестациялауды өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің 1992 жылғы 3 сәуірдегі N 26-П бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
Министр
I. Жалпы ережелер
Осы Ереже ұйымдардың өндірістік объектілерін қауіпсіздік және еңбек жағдайлары жағынан зерттеудің лабораториялық әдісімен міндетті түрде аттестациялаудың тәртібін белгілейді.
1. Аттестациялаудың нәтижелері:
ұйымдарды еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сай паспорттандыру;
сақтандырушыны (жұмыс берушіні) мертігуден және кәсіптік аурудан сақтандыру кезінде сақтандыру тарифін анықтау үшін кәсіптік тәуекелдік сыныбының коэффициентін белгілеу;
еңбек жағдайы қауіпті және зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлерге оларды ұжымдық шарттарға енгізу үшін заң белгілеген тәртіпте жеңілдіктер мен өтемдер беруге негіздеме;
кәсіптік ауруға ұшырағандығына күдік туған кезде аурудың кәсіппен байланысы туралы мәселені шешу, кәсіптік аурудың диагнозын қою, соның ішінде дауларды, тартыстарды сот тәртібінде шешу кезіндегі мәселелерді қарау;
қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өндірістік объектілерді тоқтату, технологияларды өзгерту қажеттігі туралы мәселені қарау;
ұйымдарда еңбекті қорғау және еңбек жағдайы жөнінде заң нормаларына сәйкес шараларды жоспарлау және жүргізу;
еңбек жағдайы туралы, еңбек жағдайы қауіпті және зиянды жұмыстар үшін берілетін жеңілдіктер мен өтемдер туралы есеп жасау;
қызметкерді жұмысқа қабылдаған кезде оны еңбек жағдайымен, оның денсаулыққа әсерімен және қорғанудың жеке құралдарымен таныстыру.
________________
<*> - өндірістік объектілер - өнім өндіретін, шығаратын цехтар, учаскелер, бөлімшелер, ұйымның жеке тұрған бөлімшелері немесе денсаулыққа қауіп және зиян келтіретін бөлімшелер.
2. Аттестациялау мерзімдерін ұйымдар еңбек жағдайының және еңбек сипатының өзгеруіне сүйене отырып белгілейді, бірақ соңғы өзгеріс енгізілген сәттен бастап санағанда 3 жыл ішінде бір реттен сирек болмау керек.
Өндіріс жабдықтарын ауыстырғасын, технологиялық процестерін өзгерткесін, ұжымдық қорғану құралдарын және т.б. қайта жасағаннан кейін, сондай-ақ Мемлекеттік еңбекті қорғау және еңбек қадағалау органдарының талабы бойынша аттестация жүргізуде кемшіліктер болған жағдайда өндірістік объектілер кезектен тыс қайта аттестациялануға жатады.
Жер астындағы өндірістік объектілер (шахталар, рудниктер, метрполитендер) аттестациялануға жатпайды.
3. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеуді еңбекті қорғаудың және еңбек жағдайының аймақтық органдары осыған рұқсат берген лабораториялар жүргізеді.
4. Аттестациялауды ұйымдастыру және жүргізу үшін бұйрық шығарылып, соған сәйкес құрамында төрағасы, мүшелері және аттестациялау бойынша құжаттарды жасайтын, жүргізетін, сақтайтын жауапты адамы бар үнемі жұмыс істейтін аттестациялық комиссия құрылады.
5. Ұйымның аттестация жүргізу комиссиясының құрамына еңбекті қорғау қызметінің, еңбек және еңбекақы бөлімінің мамандарын, өндірістік объектілер басшыларын, медицина қызметкерлерін, кәсіптік одақтардың немесе еңбек ұжымдарының еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті адамдарын енгізу ұсынылады.
6. Аттестация жүргізу комиссиясы:
барлық кезеңдердегі жұмыстың жүргізілуіне әдістемелік жағынан басшылық жасап, бақылау жүргізеді;
аттестация жүргізу үшін қажетті нормативтік-анықтамалық база жасап, оны оқытуды ұйымдастырады;
анализ негізінде өндірістік жарақат алудың себептерін, барынша жарақат алу учаскелерін, жұмыстарды, жабдықтарды анықтайды;
өндірістік ортасының қауіпті және зиянды факторлары бар ұйымдардың өндірістік объектілерінің тізбелерін технологиялық процестердің сипатына, жабдықтардың құрамы мен технологиялық жағдайына, қолданылатын шикізат пен материалдарға, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың бұрын жүргізілген өлшеулеріне, қызметкерлердің еңбек жағдайына жасаған шағымдарына сүйене отырып жасап, әзірлейді;
ұйымдардың өндірістік объектілеріне аттестация жүргізудің кестесін жасап, бекітеді;
аттестация нәтижелеріне автоматтандырылған өңдеу жүргізу үшін өндірістік объектілерге кодтар белгілейді;
еңбек жағдайын жақсарту және сауықтыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
өндірістік объектілердің еңбек қауіпсіздігіне сәйкес сертификаттауға әзірлігі туралы ұсыныстар енгізеді.
II. Еңбек жағдайын бағалау
7. Өндірістік факторларды (физикалық, химиялық) еңбек жағдайы бойынша бағалау зерттелетін өндірістік объектінің кем дегенде 10 негізгі жұмыс орнына жүргізілген өлшем негізінде жүргізіледі. Ғимараттардың (құжыралардың) көлемі 100 текше метрден кем болғанда өлшем саны үш жұмыс орнына дейін жүргізілуге рұқсат етіледі.
8. Өндірістік объектілер деңгейін өлшеу белгіленген тәртіпте бекітілген әдістеме бойынша жүргізіледі, физикалық, химиялық факторларды өлшеу технологиялық регламентке сәйкес орындалуға, ал ұжымдық және жеке қорғану құралдары дұрыс болғанда медициналық құжаттаманың нысандары Альбомына сәйкес хаттама арқылы рәсімделуге тиіс (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 1993 ж. 20.10. N 437 бұйрығына қосымша - N 330/у, 333/у, 336/у және басқалар).
9. Еңбек жағдайын бағалау 1 ЕЖ нысаны бойынша (1 қосымша) рәсімделеді.
Зерттелетін өндірістік фактордың нақты деңгейінің көрсеткіші шектеулі ұйғарынды концентраттан, шектеулі ұйғарынды деңгейден (ШҰК, ШҰД) ауытқуы жұмыс аймағында зиянды өндірістік факторлардың бар екенін көрсетеді.
Зиянды өндірістік фактордың әрбір атауы кәсіптік тәуекелдіктің бір сыныбына сәйкес келеді. Қосынды ауқым кездесетін зиянды факторлардан аспауға тиіс (7) және өндірістік объектінің кәсіптік тәуекелдік сыныбының көрсеткіші болып саналады.
III. Жарақат алу қауіпсіздігін бағалау
10. Өндірістік объектілердің жарақаттану қауіпсіздігін бағалауды ұйымдар жеке жүргізеді, және ол жарақат қауіпсіздігінің 2 нысаны бойынша рәсімделеді (2 қосымша).
11. Жарақат алу қауіпсіздігі, жарақат алу, кәсіптік ауру деңгейіне қарай кәсіптік тәуекелдіктің сыныбына (1 бөлім, 2 ЖҚ нысаны) және жабдықтардың, машиналардың, тетіктердің қауіпсіздігінің техникалық жағдайына қарай кәсіптік тәуекелдік сыныбына (2 бөлім, 2 ЖҚ нысаны) сүйене отырып бағаланады.
12. Кәсіптік тәуекелдік сыныбы жарақат алу деңгейіне қарай өндірістік объектідегі аттестация жүргізілген жылдың алдындағы үш жыл ішіндегі өндірістік жарақат және кәсіптік ауру динамикасы бойынша есептелген орташа көрсеткіш негізінде анықталады.
13. Жабдықтардың, машиналардың, тетіктердің техникалық жағдайына қарай кәсіптік тәуекелдіктің сыныбы зерттелетін техникалық құралдардың өндірістік объектілерге сертификатталу деңгейіне сүйене отырып анықталады.
Әрбір жабдыққа, машинаға, тетікке сертификаттың болуы, нормативтік құжаттардың дұрыс жүргізілуі мен оған қойылатын талаптардың орындалуы еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілу дәрежесін сипаттайды, бұл ретте кәсіптік тәуекелдік сыныбы ең төменгі деп саналады.
Белгіленген үлгідегі сертификаты жоқ жабдықтар, машиналар, тетіктер үшін жарақат қауіпсіздігін бағалау жергілікті стандарттау және метрология органдарымен бірлесіп әзірленген және келісілген сертификаттауға әзірлік жөніндегі шаралар негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы аталған шаралар болмаған жағдайда мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жабдықтарды, машиналарды, тетіктерді немесе қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тұтас өндірістік объектілерді пайдалануды тоқтату қажеттігі туралы мәселені қарайды.
Жабдықтардың, машиналардың, тетіктердің барлық түріне сертификат түбірінен болмаған жағдайда өндірістік объектілердегі жабдықтардың, машиналардың, тетіктердің техникалық жағдайына қарай кәсіптік сыныбы барынша жоғары шкала бойынша бағаланады.
14. Жарақаттану қауіпсіздігі бойынша кәсіптік тәуекел сыныбының түрлі көрсеткіштері болған ретте жарақат қауіпсіздігін бағалау барынша жоғары көрсеткіш бойынша бағаланады.
IV. Еңбек жағдайы және еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау картасын рәсімдеу
15. Еңбек жағдайын және еңбек қауіпсіздігін аттестациялау картасы (АК N 3 нысаны, 3 қосымша) ұйымның аттесталатын әрбір өндірістік объектісіне жасалады, оған: еңбек жағдайы және еңбек қауіпсіздігі бағаларынан тұратын еңбек жағдайының және еңбек қауіпсіздігінің нақты жағдайының бағасы енгізіледі. Еңбек жағдайының нақты бағасы кәсіптік тәуекелдің жоғары сыныбы бойынша белгіленеді.
16. Аттестация жүргізу комиссиясы өндірістік объектінің еңбек жағдайының және еңбек қауіпсіздігінің нақты жай-күйін бағалау нәтижесі бойынша нұсқаулар мен ұсыныстар енгізеді.
Бұл ұсыныстар ұжымдық шартқа жұмыс істейтіндерге еңбек жағдайының зияндылығы үшін жеңілдіктер мен өтемдер (тарифтік ставкаға үстеме, қосымша демалыс, қысқартылған жұмыс күні, сүтті тегін беру, қосымша емдеу-алдын алу тағамдары) белгілеу туралы тармақ енгізуге негіз болады.
17. Аттестация жүргізу комиссиясының нұсқауы бойынша ұйымдарда еңбек жағдайын жақсарту және сауықтыру жөнінде, технологияларды жақсарту, жаңа техниканы енгізу, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын пайдалану, еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті ұйымдастыру жөнінде шаралар әзірленеді.
18. Өндірістік объектілердің еңбек жағдайы және еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестаттау картасының деректері негізінде еңбекті қорғау және еңбек жағдайы аймақтық органдары бекітетін ұйымның қауіпсіздік паспорты жасалады. Ұйымның қауіпсіздік паспортын жүргізу тәртібі мен шартын арнайы Ереже реттейді.
19. Аттестация нәтижелері туралы ақпарат ұйымның әрбір қызметкеріне жеткізіледі.
20. Аттестациялау құжаттары қатаң есеп жүргізілетін материал болып саналады және ол 45 жылға дейін сақталуға тиіс.
21. Еңбек жағдайын аттестациялаудың сапасына бақылау жасау Мемлекеттік еңбекті қорғау және еңбек жағдайы аймақтық органына жүктеледі.
22. Еңбек жағдайы және еңбекті қорғау бойынша аттестация жүргізудің сапасына және оның уақытында жүргізілуіне жұмыс беруші.
1-қосымша
1 ЕЖ-нысаны
ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ
Өндірістік объектілердің еңбек жағдайларын бағалау
___________________________________________ Коды _________________
Бағаланған күні _________________
___________________________________________________________________
NN| Өндірістік |ШҰК,ШҰД,|Өндіріс.| "+" |Өлшем жүргізіл.
п/| фактордың аты, | қосымша| фактор | ауытқу |күні, хаттама N,
п | бірлік өлшемі | деңгей |нақ.дең.| мөлшері|өлшем жүргізуші
__|___________________|________|________|________|________________
1 |Жұмыс аймағындағы | | | |
|ауадағы химиялық | | | |
|қауіпті заттар | | | |
| | | | |
2 |Артық фиброгендік | | | |
|іс-әрекеттегі | | | |
|шаң, мг/м3 | | | |
| | | | |
3 |Діріл, дБ | | | |
| | | | |
4 |Шу, дБА | | | |
| | | | |
5 |Сәулелендіру: | | | |
|иондалмайтын, | | | |
|мкВт/см
2
, | | | |
|Вт/см
2
, Дж/см
2
; | | | |
|иондалмайтын, | | | |
|3 в/час, 3в | | | |
| | | | |
6 |Микроклимат, | | | |
|
о
С, %, м/сек | | | |
| | | | |
7 |Жарықтандырылу, | | | |
|Е, лк | | | |
____________________________________________________________________
| Кәсіптік тәуекелдің жіктелімі
|
__|_________________________________________________________________
Аттестациялау комиссиясының төрағасы _____________________ (Ф.А.Ә.)
Аттестациялау комиссиясының мүшелері:_____________________ (Ф.А.Ә.)
1 ЕЖ нысанын толтырудың
ТӘРТІБІ
"Өндірістік факторлардың атауы" графасында - зерттелетін өндірістік объектіге тән факторлар (химиялық, физикалық) келтіріледі. Кез-келген бір фактор болмаған кезде (1 нен 7 дейін) 5 графада "жоқ" деген белгі жасалады.
"ШҰК, ШҰД, ұйғарынды деңгей" графасында - еңбек жағдайларының гигиеналық нормативтік мағыналары келтіріледі.
"Өндірістік фактордың нақты деңгейі" графасында - аттестация жүргізілген кездегі зерттелген лабораториялық әдістердің негізінде алынған зиянды өндірістік фактордың нақты көлемінің өндірістік объектіде тіркелген мағыналары көрсетіледі.
"Ауытқу көлемі" графасында - өндірістік факторлардың зиянды гигиеналық нормативтерінің асып түскен мағыналары көрсетіледі.
Өндірістік факторлар бойынша ШҰК және ШҰД асып түспесе "қалып" белгісі қойылады.
"Хаттаманың N, өлшем жүргізілген күні, өлшемді жүргізген адамдар" графасында - хаттаманың нысаны, оның нөмірі, өлшем жүргізілген жылы, күні, айы осы өлшемді(дерді) жүргізген лабораторияның атауы көрсетіледі.
"II. Кәсіптік тәуекелдің жіктелімі" графасында - барлық белгіленген ауытқу көлемінің жиынтық мағынасы жазылады.
2-қосымша
2 ЖҚ нысаны
ЖАРАҚАТ ҚАУІПСІЗДІГІ
Жарақат қауіпсіздігін бағалау
______________________________________________ Коды ______________
(өндірістік объектінің атауы)
Бағаланған күні ______________
1. Жарақат деңгейіне байланысты болатын кәсіптік тәуекелдің сыныбын анықтау
___________________________________________________________________
NN| | Жылы | Орташа
п/| Атауы |___________________|көрсеткіш
п | | 1995 | 1996 |1997 |
__|__________________________________|______|______|_____|_________
1 |Тік тәуекел коэффициенті | | | |
| | | | |
2 |Кәсіптік тәуекелдің жіктелімі | | | |
__|__________________________________|______|______|_____|__________
2. Өндірістік жабдықтардың, машиналардың, механизмдердің техникалық жай-күйіне байланысты кәсіптік тәуекелдің жіктелімін анықтау
____________________________________________________________________
NN | Жабдықтардың, | Сертификаттау мерзімі | Комиссияның
п/п| машиналардың, | немесе сертификаттауға | қорытындысы
| механизмдердің | дайындау жөніндегі |
| атаулары | шаралар |
___|__________________|_____________________________|_______________
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
___|__________________|_____________________________|_______________
| Кәсіптік тәуекелдің жіктелімі |
___|________________________________________________________________
3. Жарақаттану бойынша кәсіптік тәуекелдің жіктелімі ________
Аттестациялау комиссиясының төрағасы ________________________
Аттестациялау комиссиясының мүшелері ________________________
2 ТҚ нысанын толтырудың тәртібі
1-тармақ. Өмір деңгейіне байланысты кәсіптік тәуекелдің сыныбын анықтау
"Тк" графасы мына формула бойынша есептеледі:
(жарақаттанғандардың саны + қаза тапқандардың саны<*>) х 1000
Тк - _______________________________________________________
жұмыс жасаушылардың орташа тізімінің саны
<*> - әр кісі өлімі болған жағдай үшін есептеуге 10 саны алынады.
"Орташа көрсеткіш" графасы мына формула бойынша есептеледі:
Тк-ның үш жылғы сомасы
_________________________
3
"Кәсіптік тәуекелдік жіктелімі" графасы - Тк шкаласына сәйкес анықталады.
___________________________________________________________________
Жарақаттанудың кәсіптік | Тк
тәуекел сыныбы |
_______________________________________|___________________________
1 | 0,00 - 1,00
2 | 1,01 - 2,00
3 | 2,01 - 3,00
4 | 3,01 - 4,00
5 | 4,01 - 5,00
6 | 5,01 - 6,00
7 | 6,01 және жоғары
_______________________________________|___________________________
2-тармақ. Өндірістік жабдықтардың, машиналардың, механизмдердің техникалық жай-күйіне байланысты кәсіптік тәуекелдің жіктелімін анықтау
"Сертификатталған күн немесе сертификаттауға дайындық жөніндегі шаралар" графасында - техникалық паспорт, немесе сертификаттың тіркеу күнінің нөмірі, немесе аймақтық стандарттау және метрология аймақтарында сертификат алуға жабдықтарды дайындау үшін әзірленген шаралар келтіріледі. Көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда "жоқ" белгісі қойылады.
"Комиссия қорытындысы" графасында - "сәйкес" немесе "сәйкес емес" (еңбек қауіпсіздігі бойынша нормативтік актілер талап ететін жабдықтар, машиналар, механизмдер) белгісі жазылады.
"Кәсіптік тәуекелдің жіктелімі" графасы - төмендегі шкала бойынша есептеледі:
___________________________________________________________________
Тәуекел | Зерттелінетін өндірістік объектілердің,
жіктелімі | зерттелінетін жабдықтарының, машиналарының,
| механизмдерінің сертификатталу деңгейі (%)
___________________|_______________________________________________
1 | 100 - 85
2 | 85 - 75
3 | 74 - 65
4 | 64 - 55
5 | 54 - 45
6 | 44 - 35
7 | 34 және төмен
___________________|_______________________________________________
3-тармақ. Жарақаттану бойынша кәсіптік тәуекел жіктелімі жазбаша жазылады.
3-қосымша
АК 3 нысаны
Бекітемін
____________________
Ұйымның басшысы
_____ж. "___"_______
ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША АТТЕСТАЦИЯЛАУ КАРТАСЫ N ________
1. Ұйым ___________________________________________________________
2. Ұйымның мекен-жайы _____________________________________________
3. Өндірістік объект _____________________________ коды ___________
4. Цех (бөлім) ___________________________________ коды ___________
5. Учаске (бюро, сектор) _________________________ коды ___________
6. Жұмыс істейтіндер саны __________________________________
7. Олардың ішінде әйелдер __________________________________
8. Қызметкер санаты ________________________________________
9. Еңбек жағдайының нақты жай-күйінің бағасы:
еңбек жағдайының бағасы ____________________________
жарақаттану қауіпсіздігінің бағасы _________________
10. Кәсіптік тәуекел жіктелімі ___________________________________
11. Комиссияның еңбек жағдайын және қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі нұсқамасы ______________________________________________
12. Комиссияның еңбек жағдайының зияндылығы үшін қосымша жеңілдіктер мен өтемдер беру туралы ұсынысы:
Аттестация жүргізу комиссиясының төрағасы __________ (Ф.А.Ә.)
Аттестациялау комиссиясының мүшелері: ______________ (Ф.А.Ә.)
Еңбек жағдайы және еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау картасын толтырудың
ТӘРТІБІ
Аттестация картасы ұйымның бөлімшелеріндегі нақты еңбек жағдайы туралы деректер жазылған құжат болып табылады;
Еңбек жағдайының жай-күйі жөніндегі материалдарды талдау барысында аттестация нәтижелерін автоматты түрде өңдеу үшін Картада кодтау жүйесі көзделген.
Адрестік бөлімде ұйымның, саланың (сала ішіндегі саланың) және аумақтың толық атауы көрсетіледі.
3,4,5 Т - Карта нөмірі, өндірістің, цехтың (бөлімнің), учаскенің (бюроның, сектордың) атауы мен коды қойылады және ұйымдағы кодтау жүйесіне сәйкес толтырылады.
6,7 Т - штаттық кесте бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің (жақшаның ішінде - Карта толтырардың алдындағы ай ішіндегі нақты саны) саны көрсетіледі.
8 Т - қызметкерлер санаты былайша толтырылады:
___________________________________________________________________
Атауы | Коды | Саны
_____________________________________________|__________|__________
Басшылар | 1 |
Мамандар | 2 |
Басқа қызметкерлер | 3 |
Жұмысшылар | 4 |
_____________________________________________|__________|__________
9 Т - зиянды өндірістік факторлар көрсеткіші мен жарақат қауіпсіздігі бойынша бағалау кезінде алынған нәтижелер негізінде толтырылады (1 ЕЖ нысаны, 2 ЖҚ нысаны).
Қауіпті және зиянды факторлардың тізбесі "Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Жіктелім" деген ГОСТ 12.0.003.-74 мемлекеттік стандартқа және өндірістің салалық ерекшеліктеріне сәйкес анықталады.
10 Т - еңбек жағдайы мен еңбек жарақаты қауіпсіздігінің бағасы негізінде есептеледі.
11 Т - аттестациялау комиссиясы әзірлеген және еңбек жағдайын жақсарту мен жұмыс істейтіндердің денсаулығын сақтауға бағытталған шаралардың тізбесі енгізіледі.
12 Т - аттестациялау комиссиясының мемлекеттік уәкілетті органдар бекіткен Тізімдерге, Тізбелерге сәйкес еңбек жағдайының зияндылығы үшін қысқартылған күнге, қосымша демалысқа, тарифтік ставкаға қосылатын үстемеге, тегін берілетін сүтке немесе емдеу-алдын алу тағамдарына жеңілдіктер мен өтемдер беру туралы ұсынысы енгізіледі.
Картаның толтырылуына ұйымның жауапты қызметкері бақылау жасайды.
Картаға аттестациялау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.