1. Қосымша тіркеліп отырған Кеден жасақтары және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы және аумағы бойынша автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға бақылау жасау тәртібі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Кеден басқармалары мен кедендердің бастықтары:
2.1. 1998 ж. 20 мамырға дейін ішкі резервтердің, кеден күзеті және режим бөлімдеріне басқа бөлімшелердің қызметкерлерін іссапарға жіберу есебінен күндізгі және түнгі уақытта тұрақты негізде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы және аумағы бойынша автокөлік құралдарымен өткізілетін тауарларға бақылау жасау жөніндегі кеден жасақтары құрылсын.
2.2. 1998 жылғы 10 мамырға дейінгі мерзімде бақылауды, жорық шараларын және арнайы операциялары жүргізген уақытта кеден жасақтарының кеден басқармасының (кеденнің) басқа бөлімшелерімен өзара әрекет жасауының жоспарлары құрастырылсын және технологиялық жобалары жасалсын.
2.3. Бақылауды, жорықтық шараларды және арнайы операцияларды жүргізуге кеден күзеті және режим, контрабандамен және КЕБ-пен күрес бөлімдерінің, кеден басқармалары мен кедендердің басқа бөлімшелерінің құрамы тартылсын.
2.4. Жүргізілетін шаралардың негізіне кеден жасақтарының үш шепте:
- біріншісі (негізгісі) - шекараға жақын бекеттерінің орналасқан шебі бойынша;
- екіншісі - шекараға жақын кедендер мен кеден басқармаларының шебі бойынша;
- үшіншісі - ішкі кедендер мен кеден басқармаларының орналасқан шебі бойынша жоспарлы және тұрақты қызмет атқаруы алынсын.
2.5. Негізгі күштер:
- кеден заңдарын бұза отырып дәнді-дақылдарды, қаруды, оқ-дәріні, есірткі дәрі-дәрмектерін, радиоактивті заттарды, түсті металдарды, акцизделетін тауарларды өткізетін адамдарды айқындауға және ұстауға ерекше назар аударып, тауарлардың кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізілуін болдыртпауға;
- өткізу пункттерінде кедендік бақылау аймақтары режимін және қызметкерлердің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
- кеден шекарасының түкпірінде қосымша кедендік бақылауды жүзеге асыруға;
- кеден бақылауындағы тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруге шоғырландырылсын.
2.6. Әр түрлі міндеттерді орындаған кезде:
- ҰҚК, ІІМ, Қаржы министрлігі жанындағы Салық комитеті аумақтық органдарымен;
- шекаралық кедендер мен кеден басқармалары арасындағы олардың қызмет аймақтарының түйіскен жерлеріндегі кеден шекарасында кеден жасақтарының күзетте тұруы бойынша;
- кеден заңдарын бұзушыларды ұстау және тауарларды жеткізу ережелерінің орындауына тиімді бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында шекараға жақын және ішкі кедендер мен кеден басқармалары арасында;
- кеден шекарасын тығызырақ жабу мүддесімен бірінші және екінші шептерде әрекет жасайтын кеден жасақтары арасында өзара бірлесе әрекет жасау ұйымдастырылсын.
Өзара әрекет жасаудың негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы және шекараға жақын аудандардағы шұғыл жағдай туралы мәліметтерімен алмасу;
- Қазақстан Республикасының кеден шекарасында және арнайы экономикалық аймақтарында кедендік бақылауды, жорықтық тексерулерді және арнайы операцияларды жүзеге асыру жөніндегі шараларға бірлесе қатысу;
- кеден жасақтарының ҰҚК, ІІМ органдарының (Жол полициясы департаментінің) өкілдерімен бірлесе қызмет жасасын және атқаруын ұйымдастыру;
- кеден шекарасында және аумақтық түкпірінде шаралар жүргізген кезде кеден органдары мен олардан жіберілетін жасақтардың мақсаттары, орны және уақыты бойынша келісілген шұғыл баптағы қызметтік іс-әрекеттерін қамтамасыз ету;
- күш пен құралдары ұтымды және тиімді пайдалануға қол жеткізу болып есептелсін.
2.7. Шекаралық жорықтарға, арнайы іздестірулерге және операцияларға қатысу үшін кеден күзеті қызметінің күштері мен құралдарын бөлу туралы дербес шешімдер қабылдауға рұқсат беріледі.
2.8. ҚР КМ КК-нің Кеден күзеті және режим басқармасына:
- кеден шекарасында және аумақтың түкпірінде жүргізілетін жорықтық шаралардың нәтижелері туралы мәліметтер, сондай-ақ басқа да мәліметтер - ай сайынғы есепке түсіндірме жазбаларында (16-ТМ нысаны);
- кеден шекарасындағы арнайы операциялар туралы - оны жүзеге асырғаннан соң қортындысын шығарғаннан кейін;
- кеден шекарасындағы және түрлі міндеттерді орындау кезіндегі оқиғалардың шиеленісуі туралы мәліметтер шұғыл баптағы кезекшілер қызметіне дереу хабарлансын.
2.9. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы және аумағы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын, өткізуге бақылау жасау жөніндегі түрлі шараларды жүргізу кезінде кеден күзеті мен режимі бөлімшелерінің, кеден органдарының басқа бөлімшелерінің күштері мен құралдары кешенді түрде пайдаланылсын.
2.10. Кеден жасақтары қолда бар техникалық құралдармен, автокөлікпен
және қару-жарақпен қамтамасыз етілсін. 2.11. Тауарлар мен көлік құралдарына бақылау жасауды, жорықтық шараларды және арнауы операцияларды ұйымдастыруға әрбір адам жекелей қатыссын. 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кеден комитетінің Кеден күзеті және режимі басқармасының бастығы М.С. Кенжалиевке жүктелсін. Бұйрық Қазақстан Республикасы кеден органдарының күллі жеке құрамына жариялансын. Төраға ҚР ҚМ КК-нің 27.01.98 ж. N 17-п бұйрығына қосымша Кедендік жасақтар және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы және аумағы бойынша автомобиль көліктерімен тасымалданатын тауарларға бақылау жасаудың тәртібі туралы ЕРЕЖЕ 1. Бақылаудың мақсаттары
1.1. Президенттің N 214 "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Заң күші бар Жарлығына (бұдан әрі Жарлық) сәйкес тауарлар мен көлік құралдары кеден режиміне орай кедендік бақылау басталған сәттен бастап ол аяқталғанша кедендік бақылауда болады.
Әкелу кезінде кедендік бақылау тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткен сәттен басталады және тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасы аумағында еркін айналымға шығарылған кезде немесе Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан кері өткенде аяқталады.
Әкету кезінде кедендік бақылау кеден декларациясын қабылдаған сәттен басталады. Қазақстан Республикасының шекарасынан тысқары әкетілетін тауарлар мен көлік құралдардың кедендік бақылау Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткен кезде аяқталады.
1.2. Кеден органдары кедендік бақылаумен өтетін тауарлар мен көлік құралдарын ықтиярсыз тоқтатуға құқылы.
1.3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль транспортымен, оның ішінде тауарларды көліктің басқа түрлерінен автомобиль көлігіне қайта тиегеннен кейін тасымалданатын көлік құралдарына және тауарларға кедендік бақылау жасау Қазақстан Республикасы кеден органдары орналасқаннан тыс жерлерде төмендегі:
- Қазақстан Республикасына кедендік бақылаудан тысқары енгізілген не Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы теңдестіру құжаттарын немесе құралдарын пайдалана отырып алдау жолымен әкелінген;
- жіберілген кеден органына белгіленген мерзімдерде ұсынылған;
- оларға қатысты Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттерде Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен нормативтік актілерімен белгіленген ережелері бұзыла отырып ресімделген;
- акцизделетін, акциз маркаларымен таңбалауға жататын, осындай маркаларсыз не белгіленбеген үлгідегі маркалармен тасымалданатын;
- кедендік құқық бұзудың тікелей нысандары болып табылатын өзге тауарларды анықтау мақсатында жүргізіледі.
2. Бақылау жүргізілетін жерлер
2.1. Тауарларға және көлік құралдарына кедендік бақылау осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы басқа жерлерде, сондай-ақ автокөлік құралдарының тұруына болатын аялдамаларда, Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы департаментінің тиісті бөлімшелерімен келісім бойынша Жол полициясы департаментінің тұрақты бекеттерінде жүргізілуі мүмкін.
2.2. Тауарларға және көлік құралдарына кедендік бақылауды кеден органдарының барлық қызмет аймақтарында кеден жасақтары жүргізеді. Бақылауды жүзеге асырудың нақты бағыттарын және кеден жасақтарының санын кеден органдарының бастықтары белгілейді.
3. Кеден жасақтарының құрамы, қамтамасыз
етілуі, құқықтары мен міндеттері
3.1. Тауарларға және көлік құралдарына кедендік бақылауды кедендік күзет және режим, контрабандамен және КЕБ-мен күрес бөлімдерінің, кеден органының басқа бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан тұратын кеден жасақтары жүргізеді.
3.2. Кеден жасағына жасақтың жетекшісі басшылық етеді.
Жасақтың жетекшісі және оның барлық жеке құрамы өздерінің осы Ережемен белгіленген міндеттерін мүлтіксіз атқаруға тиіс.
3.3. Кеден жасағының жеке құрамы, қызмет атқару тәртібі, қару қолдану, көлік және байланыс құралдарын пайдалану тәртібі, жанар-жағар майды жұмсау нормалары және өзге де ұйымдық мәселелер кеден органы бастығының бұйрығымен белгіленеді.
Кеден жасақтарын кеден күзеті және режим бөлімінің бастығы жасақтайды, ол сондай-ақ көлік пен байланыс құралдарына қоса қажетті қару-жарақ пен жабдықтар туралы шешім қабылдайды. Лауазымды адамдарды қарумен, арнайы құралдармен және дербес қорғаныс құралдарымен қаруландыру бақылау жүргізілетін аймақтағы шұғыл жағдайды ескере отырып анықталады.
3.4. Кеден жасағының бақылауды жүргізген кезде:
- КБ (кеден) бастығы немесе оның орынбасары бекіткен, оқпен атылатын қарудың түрі және саны, оның нөмірлері, кеден жасағының жетекшісінің тегі көрсетілген, кеденнің елтаңбалы мөрімен куәландырылған кеден күзеті және режим бөлімі бастығының жазбаша өкімі;
- қорғаныс мөртаңба салатын құрылғысы:
- дәрі-дәрмек қорапшасы;
- төңіректі жарықтандыратын құралы (дабыл қағатын тапанша);
- қызыл белгісі (жарық қайтарушысы) бар таяқша немесе дискісі;
- Жол жүру ережелерімен қарастырылған уақытша "Кеден" белгілері;
- тексеру жүргізуге арналған техникалық құралдары (арнайы айналар, қуыс бұғылар және т.б.);
- көлік құралдарын ықтиярсыз тоқтатуға арналған техникалық құралдары;
- анықталған кедендік құқық бұзушылықтарды жазып алуға, тауарлар мен көлік құралдарын алып қоюға, кейінге қалдыруға болмайтын процессуалдық іс-қимылдарды (тексеру, сұрақ алу және т.б.) жүргізуге қажетті процессуалдық және басқа құжаттардың бланкілерінің жиынтығы болуы керек.
Кеден жасағының лауазымды адамдары белгіленген нысандағы киімді киіп жүруі және өздерімен бірге қызмет куәліктері болуы керек.
3.5. Кеден жасағының аға жетекшісі:
- кеден жасағының лауазымды адамдарымен нұсқама жүргізіп отыруға;
- лауазымды адамдардың қалыптан тыс жағдайлар туындаған кездегі әрекеттерінің тәртібін анықтауға;
- бақылау жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге;
- жеке құрамның осы Ережеге сәйкес керек-жарақпен қамтамасыз етілуін және жабдықталуын тексеруге;
- бақылау жүргізу кезінде жалпы басшылық жасауға міндетті.
3.6. Кеден жасағының лауазымды адамдары бақылау жүргізу кезінде:
- жүріп бара жатқан көлік құралдарына бақылау жүргізуге;
- жүк жолдау қағаздарын, кеден құжаттарын, кеден мөрлерінің бедерлі белгілерін тексеруге;
- көлік құралдарына салынған кедендік мөрлер мен қорғасын мөртаңбалардың күйін, сонымен қатар тасымалданатын тауарларды теңдестірудің басқа да құралдарын тексеруге;
- қарулар мен арнайы құралдары үнемі қолдануға әзір күйде ұстауға;
- бақылау жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға міндетті.
3.7. Кеден жасағының лауазымды адамы:
- тауар алып жүруге қажетті құжаттарды, кедендік қамсыздандыру құралдарының бар екенін және бүтіндігін тексеру мақсатында, сондай-ақ кеден заңдарының бұзылуы туралы ақпарат болған жағдайда көлік құралдарын тоқтатуға;
- тасымалдаушы немесе оның көлік құралы Жарлықтың ережелерінің сақталуына кепілдік бере алмайтын туралы ойлауға негіз болған жағдайда тасымалданатын тауарларға теңдестіру тексеруін жүргізуге;
- егер Қазақстан Республикасының кеден заңдарының бұзылуы туралы қолда жеткілікті ақпарат болса (оның ішінде Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды иесі кеден ережелерін бұзушылық белгілерін; қазақстандық және шетел тұлғаларының хабарлары мен мәлімдемелерін; сондай- ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарларын; басқа да құқық қорғау, бақылау және басқа мемлекеттік органдардан түскен материалдарын; шетелдік және басқа құқық қорғау қызметтерінен, халықаралық ұйымдардан түскен ақпараттарды; Қазақстан Республикасының кеден органдарының бөлімшелерінен түскен хабарларды тапса) тауарлар мен көлік құралдарының еркін айналымға шығарылғанына қарамастан, қолда бар тауарлар мен көлік құралдарын тексеруге, оларға қайтадан кедендік тексеру жүргізуге, кеден декларациясында көрсетілген мәліметтерді қайта тексеруге, осы тауарлардың сыртқы экономикалық және алдағы коммерциялық операцияларына қатысты коммерциялық құжаттары мен ақпараттарды тексеруге құқығы бар.
4. Тауарлар мен көлік құралдарына бақылау жасаудың тәртібі
4.1. Кеден жасағының қызметкерлері немесе Жол полициясы департаментінің лауазымды адамдары көлік құралдарын тоқтатқан соң жүк жолдау қағаздарына, кеден құжаттарына тексеру жүргізіледі.
Тексеру кезінде:
- нормативті актілермен көзделген жүк жолдау қағаздарының кеден құжаттарының нақты бар болуы;
- кедендік жай және қорғасын мөртаңбаларының шынайылығы;
- көлік құралының белгіленген жеткізетін жерге дейінгі бағытына сәйкес келетіндігі (егер мұндай бағытты жөнелтуші кеден органы белгілесе);
- тасымалданатын тауарлардың атауларының жүк жолдау қағаздарында, кеден құжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетіндігі анықталады.
4.2. Құжаттар тексерілген соң көлік құралдарының жүк бөлімдерін сырт жағынан тексеру жүргізіледі, оның барысында:
- кедендік теңдестіру құралдары бар болса, кедендік жай және қорғасын мөртаңбаларының сақталуы;
- көлік құралдары жүк бөлімінің техникалық күйі тексеріледі.
4.3. Жүк жолдау қағаздарында маркалауға жататын акцизделетін тауарлар не алкогольсіз ішімдіктер көрсетілген жағдайда кеден жасағының лауазымды адамдарынан тұратын тексеру тобы (екі адамнан кем емес) тасымалданатын тауарларды теңестіру тексеруінен өткізеді. Маркалауға жататын акцизделетін тауарларды тексеруден өткізу кезінде тауарларда маркалардың бар болуы, сондай-ақ тауарларға желімделген маркалар серияларының ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетіндігі тексеріледі.
Егер Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы туралы ойлауға негіз бар болса, теңдестіруі тексеруі басқа тауарларға да жүргізіледі.
Кеден ережелерінің бұзылғандығы туралы факт анықталған жағдайда тауарлар мен көлік құралдары осы Нұсқаудың 4.4-бабына сәйкес кеден органына жіберіледі.
4.4. Кеден жасағының лауазымды адамының ұсынылған құжаттардың және кеден мөрлері мен мөртаңбаларының растығына күмәні болған жағдайда кеден жасағының аға жетекшісі тауарды және көлік құралын, құжаттарды, мөрлер мен мөртаңбаларды қосымша тексеру үшін, сондай-ақ қажет кезінде тексеру жүргізу үшін кедендік жолдаумен кеден органына жіберу туралы шешім қабылдайды.
Кеден жасағының негізсіз ұстауы болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес шағымдануы мүмкін.
4.5. Тексеру тексеруді жүргізу ережелеріне және қауіпсіздік шараларын сақтауға сәйкес жүргізіледі.
4.6. Осы Нұсқаудың 4.4. және 4.5.-тармақтарына сәйкес жүргізілген тексерудің нәтижелері кедендік тексерудің актісінде жазылады. Көрсетілген акт белгіленген нысандағы бланкіде екі данада жасалады. Кедендік тексерудің актісіне тексеруді жүргізетін кеден жасағының лауазымды адамдары, мүмкіндігінше көлік құралының жүргізушісі (немесе осы тасымалдауға қатысы бар өзге тұлға) мен тексеруге қатысқан басқа да адамдар қол қояды. Жүргізуші (немесе осы тасымалдауға қатысы бар өзге тұлға) кедендік тексерудің актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда оған тиісті жазу жазылады.
Кедендік тексерудің актісінің бірінші данасы тасымалдауға жауапты жүргізуші немесе өзге тұлғаға тапсырылады. Кедендік тексерудің актісінің екінші данасы жасақтың аға жетекшісінде қалады.
Тексеру жүргізілгеннен кейін көлік құралының жүк бөлімдеріне (жүк орындарына) кедендік теңдестірудің жаңа құралдары салынады. Бұл ретте жүк жолдау қағаздарында, тауар жолдау қағаздарында және кеден құжаттарында жаңадан қолданылған теңдестіру құралдары мен кедендік тексеру актісінің нөмірі туралы мәліметтер көрсетіледі.
4.7. Қосымша тексерудің мерзімі тауар не көлік құралының кеден органына келген күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспауы керек. Тексеру кезінде тауар мен көлік құралы кедендік бақылау аймағында немесе уақытша сақтау қоймасының иесінің келісімімен тексеруді жүргізу кезінде тасымалдаушы уақытша сақтаумен байланысты шығындарды өтемейтін болса, осы қойманың аумағында болуы тиіс. Қосымша тексеру жүргізіп отырған кеден органдарының басқа кеден органдарының атына салған сұрауларына жауаптар, ақпараттар шұғыл бапта беру құралдарын пайдалана отырып, дереу жіберіледі.
4.8. Қосымша мәліметтер алу мақсатында кеден органдарының лауазымды адамдары Жарлықтың 36-бабына сәйкес кеден ережелерін бұзу туралы іс қозғалғанға дейін көлік құралы жүргізушіден немесе аталған тасымалдауға қатысы бар басқа адамдардан тексеруге қажетті құжаттарды, мәліметтер мен түсініктерді алуға құқылы.
4.9. Осы Ережеге сәйкес бақылау жүргізген кезде немесе келесі тексеру кезінде дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған кеден ережелерін бұзу белгілері тікелей анықталған кезде немесе осындай белгілерді көрсететін жеткілікті мәліметтер бар материалдар алынған кезде кеден ережелерін бұзу туралы хаттама Жарлықтың 305-бабына сәйкес дереу ресімделеді.
Олар бойынша тергеу жүргізу Қазақстан Республикасының кеден органының құзыретіне жатқызылған контрабанданың немесе басқа қылмыстардың белгілері болған жағдайда кеден органы қылмыстық іс қозғайды және Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық заңдарына сәйкес анықтама жүргізеді.
4.10. УКД-да немесе транзит декларациясында жеткізілетін орын туралы мәліметтер болмаған жағдайда кеден органының лауазымды адамы жеткізілетін орындардың тізіліміне сәйкес УКД-ге немесе транзит декларациясына аталған мәліметтерді енгізеді.
Кеден жасағының жеткізілетін орын тізілімін пайдалануы мүмкін болмаған жағдайда жеткізудің нақты орны туралы мәліметтер шұғыл баптағы байланыс бойынша кеден органының ТЖББ-не ұсынылуға тиіс.
4.11. Бақылау жүргізілгеннен кейін, көлік құралының қозғалысын
жалғастыру туралы шешім қабылданған жағдайда кеден органының лауазымды адамы жүк және кеден құжаттарына кеден жасағының аға жетекшісінің және жеке мөрлерімен куәлендірілетін: "Кедендік бақылауды ... (кеден органының атауы) кеден жасағы жүргізді" деген жазу жазады. 5. Бақылау жүргізу кезеңдегі есеп беру 5.1. Осы ережеге сәйкес бақылау жүргізген кезде кеден жасақтары тауарлар мен көлік құралдарына бақылау журналын жүргізеді. Аталған журнал төмендегі: - бақылауды жүргізетін уақыт; - бақылауды жүргізетін орын; - көлік құралының мемлекеттік тіркеу белгісі; - тасымалдаушының атауы, мекен-жайы; - тауарды алушының атауы, мекен-жайы; - жүк (кеден) құжаттары бойынша тасымалданатын тауарлардың атауы; - тексеру нәтижелері бойынша (бақылау жүргізетін жерлерде тексеру жүргізген кездегі) тауарлардың атауы; - бақылау нәтижелері (тауарлар мен көлік құралдарын ұстау туралы шешім қабылданған кезде көлік құралы жіберілген кеден органының атауы көрсетілсін) секілді мәліметтерді қамтиды. 5.2. Кеден жасағының бақылауының нәтижелері бойынша кеден және кеден басқармасы төменде келтірілген нысандар бойынша мәліметтер құрастырады: N _________ кеден жасағы жүргізген бақылау нәтижелері туралы мәліметтер (кеден басқармасына күн сайын жіберіледі) _________________________________________________________________________ Бақылауды | Бақылауды | Тексеріл. | Ұсталған | Ұсталған | Ескертулер жүргізу | жүргізу | ген көлік | көлік құр. | (УСҚ-ға | күні | орны | құр. саны | саны | жіберіл. | | | | |ген) көлік | | | | |құр. саны | __________|___________|___________|____________|___________|_____________ | | | | | ___________________ облысы бойынша кеден басқармасының (кеденнің) қызмет аймағында 199 ____ ж. _________________________ айында жүргізілген бақылаудың нәтижелері туралы мәліметтер (ҚР КК-нің кеден күзеті және режим басқармасына) ай сайын әр айдың 5-жұлдызынан кешіктірілмей жіберіледі. ______________________________________________________________________ Бақылауды|Бақылауды|Тексеріл.|Ұсталған |КЕБ ту. |Өндіріл.|Өндірілген жүргізу | жүргізу |ген көлік|көлік құр.| ралы |ген ке. |айыппұлдар күні | орны |құр. саны| саны |қозғал. |ден бажы| | | | |ған істер|мен са. | | | | | |лықтары | _________|_________|_________|__________|_________|________|___________ | | | | | | Кеден күзеті мен режим басқармасы оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.