Бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтерді есептеудің және қолданудың тәртібі туралы НҰСҚАУЛЫҚ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 12 маусымдағы N 7 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 29.06.1998 ж. тіркелді. Тіркеу N 530. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 267 (V043200) қаулысымен.

       Ескерту. Нұсқаулықтың атауы өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 82   қаулысымен .

      Осы Нұсқаулық " Бағалы қағаздар рыногы  туралы" және "Қазақстан Республикасындағы  инвестициялық қорлар  туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі "Басқарушылар" деп аталатын) сақтауға міндетті пруденциялық нормативтерді белгілейді.

1. 1-пруденциялық норматив
       "Өз капиталы"

     1. Басқарушының өз капиталына:
     а) жарғылық капитал;
     б) төленген қосымша капитал;
     в) төленбеген қосымша капитал;
     г) резервтік капитал;
     д) есепті жылдың бөлінбеген кірісі;
     е) өткен жылдардың бөлінбеген кірісі;   

     шегерілгенде:
     ж) төленбеген капитал;
     з) алып қойылған капитал;
     и) есепті жылдың жабылмаған шығыны;
     к) өткен жылдардың жабылмаған шығыны кіреді.
     2. Басқарушының өз капиталының мөлшері кемінде 20 миллион теңге болуы керек.

2. 2-пруденциялық норматив
"Жеткілікті өз қаражаттары"

     3. Басқарушының жеткілікті өз қаражаттары Басқарушының өз капиталы мөлшерінің ол басқаруға алған активтердің мөлшеріне қатысы ретінде есептелінетін К1 коэффициентімен.                   

           СК
      К 1   = -----, формуласы бойынша сипатталады, бұл жерде
          АПУ     

      К 1   - өз қаражаттарының жеткіліктілік коэффициенті;

      СК - Басқарушының осы Нұсқаулықтың 1.1-тармағына сәйкес есептелінген өз капиталы;
      АПУ - Басқарушы басқаруға алған активтердің мөлшері.
      4. К 1   коэффициентінің мәні кемінде 0,015 болуы керек.

3. 3-пруденциялық норматив
   "Резервтік капитал"

      5. Басқарушының резервтік капиталы кемінде:
      - Басқарушының басқаруға алған активтерінің мөлшерінің 0,25%-і егер мұндай активтер 5 миллиард теңгеден аспаса;
      - Басқарушының басқаруға алған активтерінің мөлшерінің 0,25 %-і, егер мұндай активтер 5 миллиард және одан көп теңгені құраса, бірақ осы Басқарушының ұйымдық-құқықтық нысаны үшін қолданылып жүрген заңдармен белгіленген резервтік капиталдың ең аз мөлшерінен аз болмауы керек. 
      6. Басқарушының резервтік капиталы осы Нұсқаулықтың 5-тармағымен белгіленген мөлшерде, бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған күннен бастап екі жыл ішінде қалыптасу керек. 
      Осы норма резервтік капиталы осы Нұсқаулықтың 5-тармағымен белгіленген мөлшерде, бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған күннен бастап бір жыл ішінде қалыптасатын өзара қорлардың Басқарушыларына қолданылмайды. 
      7. Басқарушының резервтік капиталы оның таза кірісінен ақша аудару есебінен қалыптасады.
      8. Басқарушының таза кірісі жетпесе оның резервтік капиталы Басқарушының қатысушылары қаражатының есебінен қалыптасу керек.
      9. Егер, осы Нұсқаулықтың 6-тармағында айқындалған мерзімнің аяқталуы бойынша, қандай да болмасын төлемдердің нәтижесінде резервтік капитал осы Нұсқаулықтың 5-тармағында белгіленген мөлшерден аз болып қалған жағдайда Басқарушы резервтік капиталды көрсетілген мөлшерге дейін осындай төлемдерді болған сәттен бастап алты ай ішінде қалыптастыру керек.

4. 4-пруденциялық норматив
"Негізгі қаражатқа және айналыстан тыс басқа
активтерге салынатын салымдардың
ең жоғарғы мөлшері"

      10. Басқарушының өз қаражатын негізгі қаражатқа және айналысатын тыс басқа активтерге салудың ең жоғарғы мөлшері Басқарушының айналыстан тыс активтері мөлшерінің оның өз капиталының мөлшеріне қатысы ретінде есептелінетін К 2  коэффициентімен 

            И
      К 2  =-----, формуласы бойынша сипатталады, бұл жерде
           СК

      И - мыналар:
      а) баланстық құны бойынша материалдық емес активтер;
      б) баланстық құны бойынша негізгі қаражат;
      в) инвестициялар;
      г) ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар енгізілген айналыстан тыс активтер.
      СК - Басқарушының осы Нұсқаулықтың 1-тармағына сәйкес есептелінген өз капиталы.
      11. К 2   коэффициентінің мәні 0,7 аспау керек.

5. Жалпы ережелер

      12. Басқарушы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясына (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталатын) пруденциялық нормативтердің есебін және негізінде осы есеп Ұлттық комиссия айқындаған тәртіпте жүргізілген қаржылық есеп беру керек. 
      13. Басқарушы пруденциялық нормативтердің есебін күн сайын жүргізеді. 
      Пруденциялық нормативтердің мөлшері Ұлттық комиссияға бұрын берілгендермен салыстырғанда өзгерген жағдайда басқарушы үш жұмыс күні ішінде Ұлттық комиссияға пруденциялық нормативтердің жаңа есебін және негізінде осы есеп жүргізілген қаржылық есеп беру керек. 
      14. Басқарушы осы Ережемен белгіленген пруденциялық нормативтерді бұзған жағдайда, Ұлттық комиссия заң бұзушылықтың ауырлығына қарай Басқарушыға мынадай жазалау шараларын қолдануға құқылы: 
      - заң бұзушылықты жою туралы жазбаша ұйғарым шығару; 
      - Басқарушының кез-келген қызметкерін қызметінен уақытша немесе мүлдем босатуды талап ету;
      - бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны қолданылып жүрген заңмен белгіленген тәртіпте тоқтата тұру.
      15. Басқарушы Ұлттық комиссияны жазбаша ұйғарымның немесе қызметтен босату туралы талап етуді орындау туралы осындай құжатта көрсетілген мерзімде жазбаша ескертуге міндетті.
      16. Басқарушы Ұлттық комиссияның әрекеті жөнінде сотқа шағымдануға құқылы.
      Ұлттық комиссияның жазбаша ұйғарымы немесе Ұлттық комиссияның 
қызметтен босату туралы талап етуі жөніндегі шағымдану олардың орындалысын тоқтатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады