Жинақтаушы зейнетақы қорларында түгендеу тексеру жұмыстарын жүргізу және олардың нәтижесін құжаттармен рәсімдеу тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің бұйрығымен бекітілген 1998 жылғы 22 мамыр N 69-П Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 17 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 536. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 8 қаңтардағы N 2-Ө бұйрығымен. ~V011392

      "Келісілді" "Бекітілді" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік Еңбек және халықты әлеуметтік
    қорғау министрі қорғау министрлігінің
                                               Ұлттық зейнетақы агенттігі
   05.06.1998 ж. Бұйрық N 69-П
                                                     1998 ж. 22.05.

                       Жинақтаушы зейнетақы қорларында
             түгендеу тексеру жұмыстарын жүргізу және олардың
               нәтижесін құжаттармен рәсімдеу тәртібі туралы
                                  ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Z970136_ және Қазақстан Республикасы Ұлттық зейнетақы агенттігінің нормативтік актілеріне сәйкес әзірленді. Ереже жинақтаушы зейнетақы қорларында түгендеу (тексеру) жұмыстарын жүргізу және олардың нәтижесін құжаттармен рәсімдеу тәртібін анықтайды.

                          1. Жалпы ережелер

      1.1. Ұлттық зейнетақы агенттігі (бұдан әрі - агенттік) заң негізінде қаржы жағдайының мәліметтерінің сенімділігін, салымшылар/алушылардың мүддесі үшін зейнетақы активтеріне тиімді басшылық ету және заңды сақтау, қордың тұтас алғандағы жекелеген мәселелердегі қызметін зерделеу жолымен анықтау, сонымен қатар қордың басшылары немесе жекелеген қызметкерлерінің қызметтерінің қолданыстағы заңға сәйкестігін белгілеу мақсатында заң негізінде жинақтаушы зейнетақы қорларына түгендеу (тексеру) жүргізеді;
      1.2. Түгендеу (тексеру) жүргізгенде Агенттік қызметкерлері Қазақстан Республикасы заң және нормативтік актілерін қатаң басшылыққа алуға міндетті;
      1.3. Қорларды түгендеуді (тексеруді) Ұлттық зейнетақы агенттігі (бұдан әрі - агенттік) дербес жүргізеді. Жекелеген жағдайларда агенттік қызметкерлері басқа да бақылаушы және реттеуші органдармен бірге бірлесіп тексерулерге қатыса алады;
      1.4. Агенттік Қорларды тексерудің белгіленген жоспарына сәйкес кешендік, сонымен қатар жекелеген мәселелер бойынша ағымдық тексеру жүргізе алады;
      1.5. Агенттік алдағы жоспарлы түгендеуді (тексеруді) күнілгері хабардар етуге, түгендеуші тұлғаларға тексеру жүргізу басталатын күні қажетті құжаттар тізімін талап етуге құқылы;
      1.6. Қордың қызметін түгендеуді (тексеруді) алдын-ала хабарламай-ақ (кенеттен тексеру) жүргізілуі мүмкін.

                2. Түгендеудің (тексерудің) негізгі міндеттері

      2.1. Зейнетақылық жарналарын тарту мен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыруға берілген лицензия мен құжаттардағы мәліметтердің сенімді болуын тексеру;
      2.2. Қордың есепке алу саясатының сақталуын тексеру;
      2.3. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруінің дұрыс жүргізілуін тексеру;
      2.4. Агенттікке тапсырылған қаржылық және статистикалық есептің сенімділігін тексеру;
      2.5. Жеке зейнетақылық шоттағы зейнетақылық жарнаның және инвестициялық кірістің толық және уақтылы жүргізуін тексеру;
      2.6. Салымшылармен зейнетақы қорлары арасындағы шарттарының дұрыстығын және осы шарт бойынша алынған міндеттемелердің орындалуын, зейнетақы төлемдерінің дұрыс жүргізілуін тексеру;
      2.7. Зейнетақылық төлемнің дұрыс жүзеге асырылуын тексеру;
      2.8. Филиалдардың, өкілдіктердің және жергілікті агенттік нүктелердің қызметтерін жүзеге асыруда заңдардың сақталуын тексеру;
      2.9. Меншікті қаражаттың дұрыс инвестициялануын, нормативтің сақталуын тексеру;
      2.10. Қордың зейнетақы активтерін басқаратын компаниялармен және кастодиан банкімен арақатынастарын реттеу;
      2.11. Жинақтаушы зейнетақы қорларының тұтас алғанда қызметін талдауға, күрделі проблемаларды айқындауға және жүйені жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеу;
      2.12. Жинақтаушы зейнетақы қорларының нормативтік базасын және жинақтау жүйесін жетілдіру;
      2.13. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы заңдарының орындалуын қамтамасыз ету.

                 3. Түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу

      3.1. Агенттік бөлімшелерінің белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес түгендеу (тексеру) жөнінде Агенттіктің бұйрығы негізінде жоспар-тапсырма жасалады. Бұйрық бойынша қорды түгендеудің жетекшісі тағайындалады;
      3.2. Агенттік әр Қорға жылына кемінде бір рет түгендеу жүргізуге тиіс;
      3.3. Түгендеу жұмысына кірісер алдында комиссия жетекшісі немесе оның орнындағы тұлғаға тексеру жүргізуге өкілетті екенін дәлелдейтін құжатты көрсетеді және тексерудің міндетін түсіндіреді;
      3.4. Комиссия тексеру жөніндегі өз жұмысын дербес ұйымдастырады және қажетті барлық құжаттарды тексеру актісіне қосу үшін жекелеген құжаттардың көшірмелерін қосып алуға құқысы бар. Комиссия Қордың қызметіне қатысты зейнетақы активтеріне басшылық ететін Компания мен кастодиан-банктің кез келген адамынан сауалнама жолымен ақпарат алуға құқылы;
      3.5. Қор талап етілген құжаттарды (мәліметтерді) және оларды түгендеуші тұлғаларға уақтылы беруді әзірлеуге тиісті жауапты мамандарды анықтайды;
      3.6. Тексеру жүргізген кезеңде Қор комиссияға өз ғимаратынан жеке бөлме беруге, оның жұмысы үшін бөлінген бөлме қажет болған жағдайда, келісім бойынша демалыс күндерінде еркін кіріп шығуын қамтамасыз етуге тиіс.

                 4. Тексерудің нәтижесін рәсімдеу тәртібі

      4.1. Түгендеу (тексеру) жұмысының нәтижесін заңды бұзушылық болмаған жағдайда анықтамамен, ал заңды бұзушылық анықталған жағдайда актімен рәсімделеді. Акт (анықтама) қосымшаларымен екі данада жасалады. Бірінші дана қордың басшысына қол қоюға, ал екіншісі тексерушіде қалады;
      4.2. Түгендеу (тексеру) кезінде заңды бұзушылық анықталған жағдайда айқындалған фактілерді ретімен, әділ, анық және толығымен заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес сипаттаған жөн;
      4.3. Актінің мәтіні тапсырмаға байланысты толық және дұрыс ақпаратпен анық әрі дәлелді құрастырылуы тиіс. Қосымшаларда түрлі таблицалар мен біркелкі қайталанған заңды бұзушылықты көрсететін анықтамалық мәліметтер берілуі мүмкін. Актіде түгендеу кезінде қолданылған шаралар көрсетілу керек;
      4.4. Актіге қол қою кезінде қордың басшылары ескертпесі мен келіспеушілігі болса қолының алдында қосымша түсінік беріп, жазбаша түсіндірмені қосады;
      4.5. Қордың басшылары түгендеу (тексеру) актісіне қол қоймаған жағдайда, комиссияның жетекшісі бұл туралы белгілі тәртіпте актіге белгі қояды.

                         5. Қорытынды ережелер

      5.1. Қордың қызметін көрсететін міндеттемелер мен қызметтік мәліметтерді бермеуі, тексеру жүргізуге бөгет жасаған және талап етілген қажетті құжаттармен қамтамасыз етпеген жағдайда, қордың қызметкерлеріне және олардың басшыларына заңда белгіленген тәртіппен санкцияны қолдануға және басқа да шараларды іске асыруға болады;
      5.2. Комиссия мүшелері тексеру кезінде құжаттардың сақталуын, алынған ақпараттардың құпиялылығын жария етпей, әрекет етуден тоқталып, Қордың және олардың клиенттерінің қызметіне тікелей немесе жанамалай құқына қайшы келетін және заңды мүдделігіне зиянын тигізбеуін қамтамасыз етуге тиіс;
      5.3. Түгендеу (тексеру) жұмысының нәтижесін қызметтің негізгі

бағыттарында Агенттіктің директорымен, қажет болған жағдайда Агенттіктің 
кеңесінде, - қордың басшылары мен басқа да жауапты қызметкерлерін 
қатыстыра отырып әйгілейді. Қабылдаған шешім туралы айқындалған 
кемшіліктер туралы нұсқама-хат дайындалады;
     5.4. Осы Ережемен реттелмеген мәселелерді Қазақстан Республикасының 
заңдарында белгіленген тәртіппен шешуге болады.


     Оқығандар:     
             Умбетова А.М.
             Қасымбеков Б.А.     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады