"Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің аумақтық басқару органдары туралы ережені" бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 8 шілдедегі N 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 27 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 556. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 141 ~V021994 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аумақтық органдарының қызметін жетілдіру және оңтайландыру мақсаттарында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

аумақтық басқару органдары туралы" ереже бекітілсін.
     2. Әділет басқармаларының бастықтары:
     1) аталған қаулыға сәйкес басқарма бастықтарының орынбасарлары 
арасында міндеттерді бөлсін, әділет басқармалары қызметкерлерінің 
лауазымдық нұсқаулықтарын бекітсін және олардың өздеріне жүктелген 
міндеттерді қатаң сақтауын қамтамасыз етсін;
     2) әділет басқармасы алқасының сандық және персоналдық құрамын 
бекітсін.
     3. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Қазақстан 
Республикасының аумақтық басқару органдары туралы" ережені бекіту туралы" 
1996 жылғы 28 наурыздағы N 614 бұйрығы күшін жойған деп танылсын.
     
     Министр 
     
                                                 Қазақстан Республикасы 
                                                    Әділет министрінің
                                                  1998 жылғы 8 шілдедегі   
                                                N 82 бұйрығымен бекітілген
     
             "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық
                          басқару органдары туралы"
                                Ереже
     
     1. Жалпы ережелер


      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы облыстық, қалалық (республикалық мағынасы бар қалалар және Республика астанасы) әділет басқармасы болып табылады. Әділет басқармасы - өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарына, актілеріне, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеге, өзге нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      2. Әділет басқармасы қызметінің негізгі мақсаты Қазақстанда демократиялық құқықтық мемлекет құруға жан-жақты жәрдемдесу, құқықтық реформаны іс жүзінде іске асыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету және үйлестіру болып табылады.
      3. Әділет басқармасы мен оның ведомоствоға қарасты ұйымдары Қазақстан Республикасының қаржылануы мемлекеттік бюджет қаражаттары, сондай-ақ заңдармен тыйым салынбаған өзге көздер есебінен жүзеге асырылатын бірегей әділет жүйесіне кіреді.
      4. Әділет басқармасы заңды тұлға (мекеме) болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттік тілде жазылған атауы жазылған мөрі, дербес балансы, есептік және өзге шоттар, тиісті штамптары бар.
      Әділет басқармасының құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.

      ІІ. Әділет басқармасының міндеттері мен функциялары

      5. Әділет басқармасының негізгі міндеттері:
      1) аудандық (қалалық) соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалды-техникалық қамсыздандыру, сондай-ақ соттарды нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету;
      2) облыстық және оларға теңестірілген соттарда, аудандық (қалалық) соттар мен әділет басқармасының ведомоствосына қарасты ұйымдарды кадрлармен қамтамасыз ету, олардың еңбегін нәтижелі пайдалануға жағдай жасау;
      3) оның ведомствосына қарасты ұйымдар мен соттардың кадрларын қайта дайындауды ұйымдастыру;
      4) азаматтық және шаруашылық даулар бойынша, материалдық залалды өтеу жағынан қылмыстық істер бойынша атқару өндірісін қамтамасыз ету, сондай-ақ заң актілерімен көзделген жағдайларда басқа соттардың шешімдерін орындау;
      5) заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар эмиссияларын және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;
      6) жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға олардың заңгерлік қызметін ұйымдастыру мен қызмет етуінде жәрдем көрсету;
      7) заңмен белгіленген жағдайларда адвокаттардың лицензияларын сот тәртібінде кері қайтарып алуды жүзеге асыру;
      8) мемлекеттік нотариалдық кеңселердің жұмысын ұйымдастыру және нотариустар жасаған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және олардың іс жүргізудің жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
      9) құқықтық ақпарат жүйесін құруға жәрдемдесу, облыстың (қаланың) мемлекеттік органдарына анықтама-кодификациялық жұмыста әдістемелік көмек көрсету;
      10) құқықтық білімдерді насихаттауды әдістемелік қамтамасыз ету, құқықтық жалпыға бірдей оқуға және заңдарды түсіндіруге қатысу;
      11) әділет басқармасына заңдармен жүктелген басқа міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
      6. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес әділет басқармасы:
      1) құқықтық реформаны жүзеге асыруға бағытталған кодификацияланған және басқа заң актілерін реформалау жөнінде нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді, азаматтардың ағымдағы заңдарды жетілдіру бойынша ұсыныстары мен ескертулерін жинау мен талдауды жүзеге асырады;
      2) судьяға, адвокатқа және нотариусқа кандидаттарға материалдар жинау мен оларды Әділет біліктілік алқасына жіберуге қатысады, осы лауазымдарға адам алуға резерв құрады, заңгер кадрларындағы мұқтаждықты анықтайды және заң оқуларын бітірушілерді мемлекеттік жұмыс орындарын бөлу жоспарлары бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады;
      3) әділет және соттар жұмыскерлерін материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді, заңдар талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп пен есеп берушілік жүргізуді қамтамасыз етеді, судьялардың тәуелсіздігі принципінің сақталуы бойынша шараларды жүзеге асырады, соттардың қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша басқа да шаралар қолданады;
      4) облыстық және оларға теңестірілген соттармен бірігіп аудандық (қалалық) соттардың жұмысын жалпы және мақсаттық тексеруді ұйымдастырады, сондай-ақ сот істерін қарау, азаматтар мен заңды тұлғалардың жүгінулерін қарау мерзімдерін тексереді;
      5) мемлекеттік тілді іс жүргізуге іс жүзінде енгізу бойынша әдістемелік басқаруды жүзеге асырады;
      6) мемлекеттік нотариалдық кеңселерді ашады және таратады;
      7) нотариустардың жасаған іс әрекеттерінің заңдылығын және олардың іс жүргізуінің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
      8) жергілікті атқарушы органдардың нотариалдық іс-әрекеттер жасайтын және азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын лауазымды адамдарына әдістемелік және практика жүзінде көмек көрсетеді;
      9) жасырын сипатта болатын, жекеше нотариустарды есептік тіркеуді жүргізеді;
      10) нотариалдық палатамен бірігіп жекеше нотариустардың нотариалдық аймақта қызмет ету аумағын және әр нотариалдық аймақтағы нотариустардың санын белгілейді, нотариалдық практиканы талдайды;
      12) уақытша нотариалдық аймақта нотариустар болмаған кезде нотариалдық іс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады;
      13) жекеше нотариустардың қызметін жетілдіру мәселелерінде Нотариалдық палатамен өзара әрекет жасасады;
      14) азаматтық-құқықтық мәмілелерді және құқық белгілейтін құжаттарды нотариалдық куәландырудың сапасы мен қол жетерлігін қамтамасыз етеді; азаматтық хал актілерін жазуды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      15) заңдарға сәйкес Әділет министрлігінің аумақтық органдарында тіркеуге жататын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, бағалы қағаздар эмиссияларын және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және таратуды жүзеге асырады;
      16) құқықтық жұмысты жергілікті өкілетті және атқарушы органдарда әдістемелік басқаруды жүзеге асырады, оны жақсарту бойынша нұсқаулар дайындайды, заңгерлік қызметтердің оң тәжірибесін талдайды және таратады, юрисконсульттерді оқыту мен біліктілігін көтеру бойынша шараларды жүзеге асырады;
      17) мемлекеттік органдарды құқықтық насихат жөнінде әдістемелік басқаруды жүзеге асырады және жұмысын үйлестіреді, құқықтық жалпыға бірдей оқуға және заңдарды түсіндіруге қатысады, облыстар, аудандар, қалалар әкімдері жанында құрылатын үйлестіру-әдістемелік кеңестерге осы жұмыста жәрдем көрсетеді;
      18) жеке және заңды тұлғаларға құқықтық ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, Құқықтық ақпарат орталығы аймақтық қызметінің автоматтандырылған жүйелерін пайдалана отырып, оларды анықтама-әдістемелік материалдармен, заңгерлік құжаттардың үлгілерімен жабдықтау жөніндегі

жұмысты ұйымдастырады;
     19) азаматтар мен ұйымдардың әділет басқармасы мен соттар 
жұмыскерлерінің құзыреті мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) 
жүгінулерін қарайды және олардың жұмысындағы кемшіліктерді жоюға шаралар 
қолданады;
     20) әділет басқармасына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 
заңдарымен және актілерімен жүктелген басқа функцияларды жүзеге асырады.
     
     ІІІ. Әділет басқармасының құқықтары
     
     7. Жүктелген міндеттерге сәйкес әділет басқармасы өз құзыреті 
шектерінде:
     нормативтік құқықтық актілер шығаруға;
     өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша үйлестіру мен бақылауды 
жүзеге асыруға;


      заңдармен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан ақпарат пен материалдар сұрауға және алуға;
      өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға;
      баспа қызметін жүзеге асыруға құқылы.
      8. Әділет басқармасы заңдарға сәйкес басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдауы мүмкін.

      IV. Әділет басқармасының қызметін ұйымдастыру

      9. Әділет басқармасын бастық басқарады, оны Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      Әділет басқармасының орынбасарлары болады, оларды басқарма бастығының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      Әділет басқармасының бас бухгалтерін басқарма бастығының ұсыныс бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      10. Әділет басқармасының бастығы әділет басқармасының жұмысын ұйымдастырады және оны басқаруды жүзеге асырады, әділет басқармасына жүктелген міндеттерді орындау және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
      Әділет басқармасының бастығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жүргізуіндегі ұйымдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін олардың функционалдық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қол сұқпай үйлестіреді.
      11. Әділет басқармасының бастығы:
      лауазымға тағайындалуы мен босатылуы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құзыретіне жатқызылған адамдардан басқа, әділет басқармасы жұмыскерлерін және оның ведомствоға қарасты ұйымдардың басшыларын, сот атқарушылары мен приставтарды, аудандық (қалалық) соттар сот мәжілісінің хатшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      әділет басқармасы мен соттардың жұмыскерлерін, оның ведомствоға қарасты ұйымдардың басшыларын мадақтау, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді; өз құзыреті шектерінде оларға біліктілік сыныптарын береді және лауазымға Қазақстан Республикасының Әділет министрі тағайындайтын әділет жұмыскерлерін Әділет министрінің біліктілік сыныптар беруіне ұсынады;
      өз орынбасарларының, әділет басқармасы құрылымдық бөлімшелері басшылары мен жұмыскерлерінің, сондай-ақ оның ведомствоға қарасты ұйымдар басшыларының міндеттері мен жауапкершілігі деңгейін белгілейді;
      әділет басқармасы жұмыскерлері мен оның ведомствоға қарасты ұйымдардың басшыларына, сот атқарушылары мен приставтарға, аудандық (қалалық) соттар сот мәжілісінің хатшыларына тәртіптік жаза қолданады;
      әділет басқармасының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, сондай- ақ оның ведомствоға қарасты ұйымдардың құрылтай құжаттарын бекітеді;
      өз құзыреті шектерінде әділет басқармасының мүдделерін мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда білдіреді, шарттар, келісімдер жасасады, сенімхаттар береді, банктерде есеп айырысу және өзге шоттар ашады;
      белгіленген тәртіпте облыстың аудандық (қалалық) соттарын құру мен олардың саны туралы ұсыныстар енгізеді;
      судьяларға тәртіптік іс қозғайды;
      өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      12. Әділет басқармасы қабылдайтын шешімдер әділет басқармасы бастығының бұйрықтарымен ресімделеді.
      Өз құзыреттері шектерінде әділет басқармасының бастығы облыстың (Республика астанасының, республикалық мағынадағы қаланың) барлық азаматтары мен ұйымдарының орындауына міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады, нұсқаулар береді.
      13. Әділет басқармасының бастығы болмаған жағдайда оның міндеттерін оның өкілеттеуі бойынша әділет басқармасы бастығының орынбасарларының біреуі орындайды.
      14. Әділет басқармасында құрамында бастығы (төрағасы), лауазымы бойынша бастықтың орынбасары, жетекші бөлім басшылары мен жекелеген қызметкерлер бар консультативтік-кеңестік орган - әділет басқармасының алқасы құрылады. Әділет басқармасының дербес және сандық құрамын әділет басқармасының бастығы бекітеді.
      Әділет басқармасының алқасы өзінің мәжілістерінде басқарманың қызметі мен жұмысын ұйымдастырудың негізгі мәселелерін қарайды, құрылымдық бөлімшелердің және оның ведомствоға қарасты ұйымдардың басшыларының қызмет мәселелері бойынша есеп берулері мен хабарламаларын, сонымен қатар аудандық (қалалық) соттардың төрағаларының сот қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша мәлімдемелерін тыңдайды, облыстың сот алқасымен бірлесе отырып, сот тексерулерінің нәтижелерін талқылайды.
      Әділет басқармасының алқасы әділет басқармасы бастығының алдына

әділет басқармасының жекелеген қызметкерлері мен оның ведомствоға қарасты 
ұйымдар басшыларының тексеру нәтижелері мен олардың жұмысын талқылау 
бойынша жауапкершілікке тарту мәселесін қоюға құқылы.
     15. Әділет басқармасының бастығы мен алқаның арасында келіспеушілік 
болған жағдайда, бастық Қазақстан Республикасының Әділет министріне 
келіспеушілік туындауы туралы баяндай отырып, өз шешімін қабылдайды.
     
     V. Әділет басқармасының қызметін тоқтату
     
     16. Әділет басқармасының қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен 
белгіленген тәртіпте қайта құру немесе тарату жолымен тоқтатылады.
     
     
     
Оқыған:
     Багарова Ж.А.
     
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады