Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми мекемелерін аттестациялау және мемлекеттік емес ғылыми мекемелерін аккредиттеу туралы Тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ғылым министрі - Ғылым академиясы президентінің 1998 жылғы 12 тамыз N 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 2 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 595. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 19 қазандағы N 846 бұйрығы.

  ------------бұйрықтан үзінді--------

      Ведомстволық нормативтік құқықтық базаны қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) N 595 тіркелген, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми ұйымдарын аттестаттау және мемлекеттік еместерін  аккредиттеу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ғылым министрі - Ғылым академиясы президенті міндетін атқарушысының 1998 жылғы 12 тамыздағы N 169 бұйрығы...

      Министр
______________________________________

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсанындағы N 1698  P971698_  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы туралы Ережеге сәйкес және республика ғылым саласындағы басқару және үйлестіру жұмыстарының нәтижелілігін арттыру мақсатында бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми мекемелерін аттестациялау және мемлекеттік емес ғылыми мекемелерін аккредиттеу туралы, белгіленген жолмен пысықталған және келісілген, Тәртібі бекітілсін. 
      2. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өтуге жіберілсін. 
      3. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Тәртіптер мәтіні мерзімді баспасөзде жариялансын. 

     Министр - президенттің
     міндетін атқарушы

                                      Қазақстан Республикасы
                                 Ғылыми Министрі - Ғылым академиясы
                                           президентінің 
                                   1998 жылғы 12 тамыздағы N 169
                                       бұйрығымен бекітілген

 
         Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми 
      мекемелерін аттестациялау және мемлекеттік емес 
         ғылыми мекемелерін аккредиттеу туралы 
                       ТӘРТІБІ  

 
      Осы құжат республиканың мемлекеттік ғылыми мекемелерін аттестациялау не мемлекеттік емес ғылыми мекемелерін аккредиттеу мен ұйымдастыру тәртіптерін белгілейді және ол нормативтік құқықтық актінің туынды түріне жатады (нормативтік құқықтық актілер туралы ҚР Заңы). 

                      1. Қолданылу аясы  

      1. Аттестациялау - ғылыми мекемелердің негізгі қызметін атқару және ғылыми кадрлар даярлауда жұмыс тиімділігі мен потенциалы (әулетті) мүмкіндіктерін бағалау жолымен мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты іске асырудың деңгейін тексеру жүйесі. 
      2. Ведомстволық бағынысына қарамай барлық мемлекеттік ғылыми мекемелер бес жылдық мерзімде бір рет міндетті түрде аттестациялануға жатады. 
      3. Аккредиттеу - мемлекеттік емес ғылыми мекеме қызметі негізгі нәтижелерінің деңгейі жоғарылығын мемлекет тарапынан тану және оған сенім білдіру актісі. 
      4. Мемлекеттік емес ғылыми мекемелерді аккредиттеу ерікті түрде өткізілетіні туралы жасалған екі жақты шартқа сәйкес ұйымдастырылады. 
      5. Мемлекеттік емес ғылыми мекеменің тапсырысы бойынша мекеме тұтастай, немесе оның жоғары білікті ғылыми кадрлар дайындау қызметін ғана аккредиттелуі мүмкін. 

              2. Аттестациялау мен аккредиттеудің 
                        мақсаттары  

      6. Мемлекеттік ғылыми мекемелерді аттестациялау (бұдан әрі - ғылыми мекемелер болмаса мекемелер) олардың негізгі қызметінің тиімділігін анықтау және материалдық, еңбек, қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалану, соның негізінде оның мемлекеттік статусын (типі мен түрін) белгілеу және құрамы мен құрылымын тәртіптеу мақсатында жүргізіледі. 
      7. Мемлекеттік емес ғылыми мекемелерді аккредиттеу мемлекеттік құрылымдармен өзара қарым-қатынаста аккредиттелген ғылыми мекемелердің басымдығын қамтамасыз ету мақсатында және (немесе) ғылыми кадрлар даярлау сапасына кепілдік беруде өткізіледі. 
      8. Аттестациялау мен аккредиттеу мынадай жалпы мақсаттарды көздейді: 
      1) халықты ішкі және халықаралық еңбек рыноктарында бәсекеге барынша қабілетті шығармашылық ғылыми даярлық алу мүмкіндігі жөнінде дұрыс ақпарат беру;
      2) ғылыми мекемелерді басқару жүйесін жетілдіру, олардың өзін-өзі ұйымдастыруын дамыту, ғылыми ұжымдардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру;
      3) отандық ғылым, техника мен технологияның бәсекелестік дәрежесін қолдау.

                 3. Аттестациялау және аккредиттеу
                          принциптері

      9. Аспирантура не докторантура арқылы жоғары білікті ғылыми кадрлар даярлау құқы аттестациядан болмаса аккредиттеуден өткен мемлекеттік және мемлекеттік емес ғылыми мекемелерге беріледі. 
      10. Басым ғылыми зерттеулер жүргізуге мемлекеттік тапсырыс аттестациядан не аккредиттеуден тұтастай өткен мемлекеттік және мемлекеттік емес ғылыми мекемелерде, тәртіп бойынша, орналастырылуы мүмкін. 
      11. Ғылыми мекемені аттестациялау не аккредиттеудің негізгі принциптері олардың мемлекеттік-қоғамдық сипаты, дұрыстығы, мерзімділігі болып табылады. 
      Бұл принциптерді жүзеге асыру былай қамтамасыз етіледі: 
      1) аттестациялау мен аккредиттеу жүйесін ғылым саласын мемлекеттік басқарудың жалпы жүйесіне қосу; 
      2) аттестациялаудың профильді объектілерінің қызметіне әдістемелік бірыңғайлығы талаптар мен баға берудің болуы; 
      3) мекемелерді аттестациялау мен аккредиттеу нәтижелерін қарауда және шешім қабылдауда ашық және жариялылық болу; 
      4) ғылыми мекемеге аттестациялаудан болмаса аккредиттеуден өткен мекеме статус берудің мерзіміне шек қою. 
      12. Ғылыми мекемелерді аттестациядан өткізудің келер жылғы жоспар-кестесін Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының нормативтік-құқықтық қамсыздандыру және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық департаменті (бұдан әрі - ҒМ-ҒА Департаменті) Ғылым бөлімшелерімен, қарамағында дербес ғылыми мекемелері бар министрліктер (ведомстволар) мен бірлесіп жасайды және оны Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының алқасы бекітеді. 
      13. Алдағы болатын аттестациялау туралы ғылыми мекемелер аттестация басталуынан кемінде екі ай бұрын хабарлануы қажет. 
      14. Аттестациялау жоспар-кестесіне енгізілген мекемелер осы Тәртібінің талаптарына сәйкес өзін өзі тексеріп, қорытынды материалдарын аттестациялау алдында Ғылым министрлігі - Ғылым академиясына тапсырады. 
      15. Ғылыми мекеменің аттестация жүргізу үшін тапсырған мәліметтерінің, ақпаратының жан-жақтылығы, толықтығы мен дұрыстығына мекеменің бірінші басшысы жеке өзі жауапты болады. 
      16. Ғылыми мекемелерді аттестациялау және аккредиттеу процесін тікелей үйлестіру қызметін ҚР ҒМ-ҒА Департаменті жүзеге асырады. 

                 4. Аттестациялаудың міндеттері 

      17. Мемлекеттік ғылыми мекемені аттестациялаудың міндеттеріне оның қызметін мына негізгі тараулар бойынша тексеру жатады: 
      1) дамуына ғылыми мекеме жауапты ғылыми бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер ахуалына ғылыми жұмыстар нәтижелерін, тәжірибеде (практикада) пайдалануына және зерттеулерді ұйымдастыру дәрежесіне баға бере отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарының орындалуы; 
      2) ғылыми кеңес пен мекеме басшыларының ғылыми ұйымдастыру қызметі және ғылыми кадрларды дайындау мен пайдаланудың, өткізілген ғылыми форумдардың тиімділігі, шетелдік және отандық мекемелер, ұйымдар, фирмалармен ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың дамуы; 
      3) бөлінген қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалануға, шағын бизнесті және арендалық қатынастарды дамытуға бағытталған қаржы қызметі, ғылыми құрал-жабдықтарды пайдалану тиімділігі. 
      18. Комиссия ғылыми мекеменің қызметін оның есепті мерзімдегі міндеттеріне сай мына негізгі көрсеткіштерді басшылыққа ала отырып әр жылы бойынша талдау жасап тексереді: 
      1. Ғылыми-қолданбалы жұмыстар нәтижелері: 
      аяқталған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру; 
      жүргізіліп жатқан ҒЗТК жұмыстарының орындалу барысы мен бәсекелестік қабілеті; 
      шетелдік және отандық гранттар бойынша жасалып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының жай-күйі; 
      әртүрлі фирмалар, ұйымдармен лицензиялық келісімдер, контрактылар мен шаруашылық шарттар арқылы жасалып жатқан жұмыстардың орындалуы; 
      зерттеулер бойынша ғылыми-техникалық және нормативтік құжаттардың болуы. 
      2. Ғылыми жарияланымдар мен басылымдар: 
      атауы, шығаратын орны мен мерзімі толық көрсетілген барлық жарияланымдар тізбесі; 
      алынған бүкіл қорғау құжаттарының (патент және т.б.) тізбесі; 
      қорғау құжаттарын (патент және т.б.) алуға жіберілген тапсырыстар тізбесі; 
      шетелдік және отандық жетекші ғылыми басылымдарға жариялауға жіберілген қолжазбалардың атауы, шығатын орны көрсетілген тізбесі; 
      Үкіметтің және басқа мемлекеттік немесе қоғамдық органдардың тапсырысы бойынша шығарылған ресми есептер мен баяндамалар тізбесі. 
      3. Ғылыми әлеует (потенциал): 
      ғылыми мекемеде штаттағы ғылыми лауазымдық қызмет атқаратын жасы 33-тен аспаған жас ғылыми қызметкерлер тізімі; 
      докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғаған ғылыми мекемедегі қызметкерлердің жас шамасы көрсетілген тізімі; 
      ғылыми мекеменің қызметкерлері (аты-жөндері, тегі, атқаратын қызметі) пленарлық және өзге баяндамалар жасап қатысқан беделді отандық және халықаралық конференциялар тізбесі; 
      мекеме өткізген жалпы республикалық және халықаралық дәрежедегі ғылыми жиналыстар тізімі; 
      мекеменің штаттағы ғылыми қызметкерлерінің саны, оның ішінде 45 жасқа дейінгі және 60-қа дейінгі ғылым докторлары, 33-ке дейінгі және жасы 45-ке дейінгі ғылым кандидаттары; 
      зерттеулердің техникалық және ақпараттық қамтамасыз етілуі, олардың салыстырмалы салмағы. 
      4. Қаражат жағдайы: 
      ғылыми мекеменің тапқан бюджеттен тыс ақшалай қаражатының жалпы мөлшері; 
      ғылыми мекеменің бүкіл конкурстық жобалар мен гранттардан алған қаражатының мөлшері; 
      ғылыми мекеме жасаған барлық лицензиялық келісімдер, контрактылар мен шаруашылық шарттар бойынша түскен қаражат мөлшері; 
      мекеменің еңбекке ақы төлеу қорына түскен қаражат мөлшері; 
      мекеменің ғылыми кадрлар даярлауға жұмсаған ақшалай қаражатының көлемі; 
      Ғылыммині - Ғылым академиясы тарапынан берілген қаржының жалпы көлемі. 
      5. Ғылыми мәртебе: 
      мекеме қызметкерлері (тегі, лауазымын көрсету) қатысқан халықаралық журналдар және халықаралық ғылыми жиналыстар мен бағдарламалық (ұйымдастыру) комитеттерінің атаулары; 
      мекеме қызметкерлері (тегі, лауазымын көрсету) өкілдік еткен Ғылым мині - Ғылым академиясын тыс ғылыми, ғылыми-техникалық, үйлестіру кеңестерінің атаулары; 
      ғылыми мекеменің мемлекеттік ғылыми стипендиялар алған қызметкерлерінің тегі, жасы және лауазымды көрсетілген тізімі; 
      мекеменің мемлекеттік немесе басқа мәртебелі сыйлықтар алған қызметкерлерінің тегі, лауазымы көрсетілген тізімі. 

                   5. Аккредиттеу міндеттері  

      19. Жоғары білікті ғылыми кадрлар даярлау қызметін аккредиттеу мемлекеттік емес мекеменің оларды жоғары дәрежеде дайындауды жүзеге асыруға әлеуетті мүмкіншілігі бар екенін жорамалдайды. 
      20. Мемлекеттік емес ғылыми мекемені тұтас аккредиттеу міндеттеріне жалпы алғанда оның қызметінің мына бағыттарын зерделеу кіреді:
      1) Зерттеулерді ұйымдастыру деңгейі, оның нәтижелілігі және бәсекелестік қабілеті;
      2) жоғары деңгейде ғылыми кадрлар даярлауды қамтамасыз ету мүмкіндігі;
      3) шетелдік және отандық мекемелер, ұйымдар не фирмалармен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту.
      21. Комиссия ғылыми мекеменің жұмыс тиімділігін оның қызметінің мына негізгі көрсеткіштеріне сүйене отырып талдайды:
      1. ҒЗТК жұмыстарының көлемі мен нәтижелері:
      бәсекелестік қабілеті бар ҒЗТК жұмыстарын орындау және олардың жаңалығы мен маңызы;
      шетелдік және отандық гранттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және олардың нәтижелері;
      зерттеулер мен әзірлемелердің ғылыми-техникалық және нормативтік құжаттамалары, олардың алға басуы;
      мекеме бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қаржыландырудың жалпы көлемі.
      2. Ғылыми жарияланымдар мен басылымдар:
      жариялауға ұсынған қолжазбаларды қоса алғанда бүкіл жарияланымдардың атын, шығатын орны мен мерзімін көрсету;
      алуға жіберілген тапсырыстарды қоса есептегенде берілген сақтау құжаттары (патенттер т.б.);
      мемлекеттік және қоғамдық органдардың тапсырысы бойынша шығарылған ресми есептер мен баяндамалар.
      3. Ғылыми әлеует (потенциал):
      мекеме қызметкерлерінің (тегі, лауазымын көрсету) пленарлық және басқа баяндамалар жасап қатысқан мәртебелі отандық және халықаралық конференциялары; 
      мекеме өткізген жалпыреспубликалық және халықаралық дәрежедегі ғылыми жиналыстар; 
      мекеменің штаттағы ғылыми қызметкерлерінің саны, оның ішінде 45 жасқа дейінгі және 60-қа дейінгі ғылым докторлары, 33-ке дейінгі және жасы 45-ке дейінгі ғылым кандидаттары; 
      мекеменің штаттағы жетекші ғылыми қызметкерлерінің қысқаша мінездемелері мен жетістіктері және сіңірген еңбектері; 
      зерттеулердің техникалық және ақпараттық қамтамасыз етілуі және олардың мүмкіндіктері мен салыстырмалы салмағы. 
      4. Ғылыми мәртебелері: 
      отандық және шетелдік кәсіпорындармен, ұйымдармен және фирмалармен жасалған лицензиялық келісімдер, контрактылар мен шарттар; 
      мекеме қызметкерлері (тегін, лауазымын көрсету) қатысқан халықаралық ғылыми жиналыстардың халықаралық журналдары мен бағдарламалық (ұйымдастыру) комитеттері атаулары; 
      мекеме қызметкерлері (тегін, лауазымын көрсету) өкілдік еткен ғылыми, ғылыми-техникалық, үйлестіру кеңестерінің атаулары; 
      мекеменің мемлекеттік не басқа мәртебелі сыйлық (стипендия) алған қызметкерлері, олардың тегін, лауазымын көрсету. 

                 6. Аттестациялау мен аккредиттеуді 
                          ұйымдастыру 

      22. Аттестациялау не аккредиттеу ҚР Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының ғылым бөлімшелерінің және қарамағында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми мекемелері бар басқа ведомстволар мен ұйымдардың қатысуымен ұйымдастырылады. 
      23. Ғылыми мекемені аттестациялау және аккредиттеу үшін комиссия құрылады. Комиссия құрамына ғылым бөлімшесінің аттестацияланатын мекеме қызметінің профиліне қатысты ірі ғалымдары мен мамандары, Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы орталық аппаратының басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар, соның ішінде қоғамдық ұйымдардың, жауапты қызметкерлері тартылады. 
      Комиссияның жеке құрамы ҚР ҒМ-ҒА Департаменті ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым министрі - Ғылым академиясы президентінің бұйрығымен бекітіледі. 
      24. Комиссия қолда бар негізгі мәліметтер мен қажетті қосымша материалдарды талдау негізінде мекеменің есепті мерзімдегі жұмысына баға бере отырып оның қызметіне қорытынды жасайды, және оның одан әрі дамуы мен жұмыс тиімділігі жөнінде қажетті ұсыныстар береді. Комиссияның қорытындысы ҚР ҒМ-ҒА тиісті Департаментіне тапсырылады. 
      25. Комиссияның қорытындысы, ғылыми мекеме бағынатын орган өкілінің қатысуымен, алдымен ғылым бөлімшесінің бюросында қаралады. Ғылыми мекеме қызметіне берілген ресми баға мен осы мәселеге байланысты бюро шешімі Ғылым министрі - Ғылым академиясының президентіне тапсырылады. Осы шешіммен келіскен жағдайда Министр-президент оны өз бұйрығымен бекітеді. 
      Ғылым бөлімшесі қабылдаған шешімге қосылмаған ретте Министр-президент нақты ғылыми мекемені аттестациялау жөніндегі комиссияның материалдарын және ғылым бөлімшесі бюросының шешімін Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы алқасының қарауына ұсынады. 
      26. Мәселені алқа мәжілісіне дайындауды, ғылыми мекеме бағынышты тиісті басқарушы органның (ұйым) қатысуымен, ҚР ҒМ-ҒА Департаменті жүзеге асырады. 

              7. Шешім қабылдау және қорытынды шығару  

      27. Аттестациялау және аккредиттеу нәтижелері бойынша ғылыми мекеменің қызметіне оң баға берілсе, онда аттестацияланған мемлекеттік мекеме болмаса аккредиттелген мемлекеттік емес мекеме статусы алдағы 5 жылға берілуі, не берілген мерзімі ұзартылуы, туралы шешім қабылдануы мүмкін. 
      Мемлекеттік ғылыми мекеменің қызметіне берілген теріс бағаның негізінде оның басшылығын күшейту болмаса мекемені, белгіленген тәртіппен, қайта ұйымдастыру немесе таратуға шейін шешім қабылдануы мүмкін. 
      28. Аккредиттелген мемлекеттік емес мекемелерге Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы міндетті түрде өзінің жиналыстары, кеңестері және басқа да шаралары жөнінде хабарландыру жіберіп, оларды құжаттары, материалдарымен қамтамасыз етіп отырады. 
      29. Комиссия жұмысының қорытындысы мен Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының тиісті шешімі аттестацияланған не аккредиттелген мекеменің кеңейтілген ғылыми кеңесі мәжілісіне баяндалады.
      30. Аккредиттелген ғылыми мекемелер туралы мәліметтер арнайы және (немесе) бұқаралық мерзімдік басылымдарда жарияланады, олардың 
мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының құжаттар мен материалдарды жіберетін тізіміне енгізіледі.
      31. Аттестациядан өте алмаған мемлекеттік ғылыми мекемелер жөніндегі Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының шешімдерін орындау белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      32. Аттестациялау процесі барысында туындайтын даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады