----------Бұйрықтан үзінді-----------
"Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкімін орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ІІМ-нің жол полициясы бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы" Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 2 қыркүйектегі N 304 бұйрығының күші жойылды деп танылсын...
Министр
-------------------------------------
Парақорлық пен қорқытып пара алушылық сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмаудың алдын алу шараларына қарамастан жол полициясы қызметкерлерінің арасында оның әлі де болса орын алуы жалғасуда.
Жекелеген жол полициясы қызметкерлерінің жүйелі қалыптасып кеткен себепсіз транспорт түрлерін тоқтатуы, дөрекілік жасап өркөкіректік көрсетуі сияқты фактілер барлық жол полициясы қызметінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілген деген пікір тудырып, арыз-шағымдар жаздырып ақпарат құралдары тарапынан келеңсіз теріс публикацияларға жол береді.
Бұл іске талдау жасағанда мұндай келеңсіз оқиғалардың себептері қазіргі уақытта жол полициясындағы кадр таңдау және оларды орналастыру жүйесінің дұрыс жолға қойылмағандығы мен қызметкерлердің ҚР Ішкі істер министрлігінің жол қозғалысын бақылау және халықпен қарым-қатынас тәртібін реттейтін бұйрықтары мен директивалық нұсқауларын орындамауы болып табылады.
Жол полициясы қызметкерлері тарапынан заңдылықтың бұзылуын тудыратын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарттарын жою және өзінің қабілетіне байланысты жүктелген міндетін орындай алмайтын адамдарды жол полициясы қызметіне қабылдау фактілерін болдырмау мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жол полициясына кадрлар таңдау, қабылдау және орналастыру тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін (N 1 қосымша).
2. Астана мен Алматы және облыстық ІІББ, ІІБ басшыларына:
2.1. Жол полициясы бөлімшелерінің барлық қызметкерлеріне Нұсқаулықты оқыту және кадрлар қабылдау, іріктеу мен орналастыру кезінде оның талаптарын орындау міндетті түрде қамтамасыз етілсін.
2.2. Жол қозғалысын қадағалауды және азаматтармен қатынасты белгілейтін ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрықтары мен директивалық нұсқауларының талаптарын жол полициясы қызметкерлері бұлжытпай орындауы жайында шара қолдану мақсатында:
- оларды оқыту үшін, әсіресе жол қозғалысына қатынасушылар мен жол полициясы қызметкерлерінің өзара қатынас тәртібін анықтайтын ҚР Ішкі істер министрлігінің 1996 жылғы N 306 бұйрығының 7 тарауы бойынша жеке құрамға толық қосымша сабақ өткізілсін;
- сабақтың қорытындысы бойынша сынақ қабылданып, сынақ тапсырмаған сондай-ақ, жоғарыда аталған нормативті актілердің талаптарын орындамаған қызметкерлер жұмыстан шеттетіліп, олардың қызметте қалуы туралы аттестациялық комиссияда қаралсын.
2.3. 1998 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде жол полициясы қызметкерлерінің кезектен тыс аттестациясы өткізілсін.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 1994 жылғы N 270 бұйрығының 6.6.тармағына сәйкес, жол полициясы қызметкерлерінің адал еместігі туралы жеткілікті негіз болса, олар тез арада қызметтегі өз міндетін атқарудан шеттетілсін.
Олардың әрі қарай қызметте қалу-қалмауы туралы мәселе Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1994 жылғы N 270 бұйрығының көрсетілген тармағының талаптарына сәйкес шешілсін.
3. Осы бұйрықтан орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ЖПД (Омаров Г.В.) және К және ТЖД (Валиев Х.Х.) жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі -
Ішкі әскерлер Қолбасшысы
генерал-лейтенант
ҚР Ішкіісминінің
1998 ж. 2 қыркүйектегі
N 304 бұйрығына
N 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
жол полициясына кадрлар қабылдау, таңдау және
орналастыру тәртібі туралы
Нұсқаулық
Осы Нұсқаулық жол полициясына баламалар іріктеу принциптерін, қызметке тағайындау шарттарымен қатардағы және басшы құрам лауазымдарына тағайындау тәртіптерін реттейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар 1995 жылғы 21 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644
P961644_
қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет өткеруі туралы" Ережесі Нұсқаулықтың құқықтық негізі болып табылады.
Осы Нұсқаулықтың талабын барлық бөлімшелер мен барлық жол полициясының лауазымдары орындауға міндетті.
1. Жол полициясының бөлімшелеріне қызметке қабылдау
және кадрлар іріктеу тәртібі
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінде қызмет етуге немесе Ішкіісмин арнайы оқу орындарында жол полициясы бейіні бойынша әрі қарай оқуға жолдама алуға ниет білдірген үміткерлер, тиісті облыстардың жол полициясы Бас басқармасы (әрі қарай ЖПБ) жетекшілеріне өтініш жазады. Өтінішке: жеке куәлігі (паспорт), әскери билеті, жүргізуші куәлігі, білімі туралы құжаттың көшірмесі және оған қоса, өмірбаяны мен жұмыс, қызмет, оқу орынынан алған мінездемесі қоса беріледі.
Үміткерде 3 жылдан кем емес өтілі бар "АВС" жүргізу куәлігі, қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына - арнайы орта білімінен төмен емес, орта, аға және жоғары басшы құрам лауазымдарына қызметке тұратындарда - жоғары білімі болуы керек.
2. Жол полициясы басқармасының жетекшісі ұсынылған құжаттарды тексеріп, үміткердің мәліметтері "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет өткеруі туралы" Ережесінің талаптарына сәйкес келсе, онда ол үміткермен жеке әңгіме өткізеді.
Ескерту: Әңгіме барысында үміткерге жол полициясы қызметкеріне қойылатын талаптар, қызмет өткерудің ерекшеліктері мен жағдайы түсіндіріледі.
Әңгімелесу өткізілгеннен кейін, жол полициясы басқармасының жетекшісі ұсынылған үміткерді, осы тараудың 4 тармағында көзделген, Қазақстан Республикасы Ішкіісминнің 1998 жылғы 23 наурыздағы N 82 бұйрығына сәйкес құрылған ЖПБ-ның (жол полициясы басқармасы) аттестациялық комиссиясына дайындауды және тексеру іс-әрекетін жүргізуді, жол полициясының кадрлар аппаратының қызметкеріне немесе осы міндеттер жүктелген адамға тапсырады.
Ескерту: көрсетілген іс-әрекетті жүргізу, үміткердің берілген өтінішінің бейіні бойынша, ЖПБ-ның құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілеріне тапсыруға рұқсат етіледі.
3. Жол полициясы кадр аппаратының қызметкері немесе үміткерге тексеру жүргізетін және оны ЖПБ-ның аттестациялық комиссиясына ұсыну жұмысы тапсырылған адам, тексеріс жүргізу тәртібін үміткерге түсіндіріп, оған тексеру ісін бастайды.
4. Үміткер мына тексеру іс-әрекеттерінің тізбесін міндетті түрде өтуі керек:
- Жол қозғалысы Ережесі мен көлік құралдарын пайдалануға жіберуге болатыны жөніндегі негізгі Ережені және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі лауазымды және жол қозғалысына қатысушы адамдардың білетіндігі туралы білімін тексеру;
- жүргізу икемділігін тексеру;
- қажетті білімі мен мәдени (тестирование, диктант, шығарма) деңгейін анықтау;
- Қазақстан Республикасы Ішкіісминнің 1998 жылғы 19 маусымдағы N 206 бұйрығына сәйкес дене шынықтыру дайындығы нормаларын тапсыру.
ЖҚЕ (жол қозғалысының Ережесі) мен көлік жүргізу ыңғайын білуді тексеру кадр аппаратының қызметкері немесе үміткерге тексеру жүргізуді тапсырылған адамның жолдамасымен жол полициясының емтихандық-тіркеу бөлімшелерінде жүргізіледі.
Үміткердің білімі мен мәдени деңгейін тексеру және дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдау комиссиялық түрде өткізіледі. Комиссия құрамы мен көрсетілген тексерістер тәртібін ЖПБ-ның жетекшісі белгілейді.
Тексеру іс-әрекеттері тізбесіне "ҚР ішкі істер органдары қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет өткеруі туралы" ҚР Заңдары мен Ережелерінің талаптарына қайшы келмейтін тексерулердің басқа да түрлері енгізілуі мүмкін.
Осы тармақта көзделген тексерулерді екі мәртеден артық тапсыра алмаған үміткер одан арғы тексерулерге жіберілмейді.
Сонымен қатар, кадр аппаратының қызметкері немесе үміткерге тексеру жүргізу жүктелген адам, тексеру іс-әрекеттерін жүргізумен бірге үміткердің тұратын жері мен жұмыс (қызмет, оқу) орнымен де танысады.
Үміткердің тұратын жері мен жұмыс (қызмет, оқу) орны бойынша танысып білу, үміткерге мінездеме бере алатын қажетті мәліметтерді жинау, талап ету және сұрастыру сонымен қатар аумақтық ішкі істер органдарымен жол полициясының үміткердің мінездемесі туралы мәліметтер мен ол жасаған құқық бұзушылық туралы сұрастыру жолымен жүргізіледі.
Үміткердің тұратын жері және қызмет бойынша зерттеу үміткерге мінездеме беретін қажетті хабарлама сұрату және жинақтау, сұрақ қою бойынша жүргізіледі, оның ішінде жергілікті ішкі істер органдарына және жол полициясынан кандидаттың мінездемесі және онымен жасалған құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді сұратумен.
Тексеру қорытындылары құжатталып тексеру ісіне тігіледі.
Тексеріс іс-әрекеттері мен үміткерді зерттеу жұмысы бір ай мерзім ішінде жүргізілуі керек.
5. Тексерістен өткен үміткер ЖПБ-ның аттестациялық комиссиясына жіберіледі.
Үміткерді қызметке қабылдау жөніндегі ЖПБ-ның аттестациялық комиссиясының отырысы айына бір рет белгіленген кесте бойынша өткізіледі.
Комиссия мүшелері үміткердің тексеріс ісімен танысқан кезде үміткерге сұрақ қою арқылы ол туралы қажетті қосымша мәліметтер жинай отырып, оның жол полициясына қызметке орналасуының себебі мен мақсаты, жеке, моральдық және іскерлік қасиеттерін бағалап, жол полициясы қызметіне жарамдығын анықтайды.
Комиссия мүшелері қоятын сұрақтардың саны мен тізімі шектелмейді.
Қаралған істер жөнінде аттестациялық комиссия мына шешімдердің біреуін қабылдайды:
- үміткерді тексеру бойынша ары қарай жүргізілетін іс-әрекет туралы;
- қызметке қабылдаудан бас тарту мен тексеріс жүргізуді тоқтату туралы.
Аттестациялық комиссиясының отырысы хатталады, әр үміткер бойынша хаттама мен комиссия шешімінің көшірмесі тексеру ісіне тігіледі.
Қызметке қабылдаудан бас тартылған үміткерлердің тексеру істері олардың қолдарына беріледі. Сонымен қатар арнайы тексеріс жүргізілгендігі туралы құжаттар алынып қалады. Көрсетілген адамдар, қызметке қабылдау туралы өтініш берген адамдардың тізіміне енгізіледі. Қызметке қабылдау туралы олардың қайтадан берген арыздары тек қана тексеріс істерімен бірге қабылданады.
Ары қарай тексеру іс-әрекеттерін жүргізу туралы аттестациялық комиссиясының шығарған шешімі бойынша, үміткердің тексеріс ісі жол полициясы кадр аппаратының қызметкеріне немесе осы міндеттер жүктелген адамға беріледі.
6. Жол полициясы кадр аппаратының қызметкері немесе оның міндеттері жүктелген адам аттестациялық комиссия ары қарай тексеріске жіберілген үміткердің тексеру ісін алғаннан соң, 5 күн ішінде қажетті құжаттарды дайындап, қызметке жарамдылығын анықтау үшін, үміткерді медициналық куәландыруға әскери-дәрігерлік комиссияға жіберіп, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет өткеру туралы" Ережесінде көзделген арнайы тексерістерді жүргізеді.
Ескерту: Осы тараудың 4 тармағында көзделген тексеру істерін жүргізгенге дейін, арнайы тексерістерді жүргізуге және әскери-дәрігерлік комиссияға медициналық куәландыруға жіберуге рұқсат етіледі.
7. Арнайы тексеруден өткен және әскери-дәрігерлік комиссия қызметке жарамды деп таныған үміткерлер ЖПБ бастығының өкімімен жол полициясының қызметіне резервке алынады. Осы өкіммен резервке алынған үміткерге тағлымгер бекітіледі. Үміткер арыз берген қызметте, оған тағлымгер болып жол полиция бөлімшесінің ең тәжірибелі қызметкері тағайындалады.
Резервке алынған кандидат бір ай бойы бекітілген тағлымгердің жетекшілігімен тағлымдама өтеді.
Ескерту: жол полициясы бөлімшесінен алыс тұратын резервке алынған үміткерлерге мекен-жайына жақын орналасқан жол полициясы бөлімшесінің қызметкері тағлымгер болып тағайындалады.
8. Тағлымгер үміткердің тексеру ісін алған соң, тағлымдаманың жоспарын жасайды. Оны жол полиция бөлімінің бастығы бекітеді.
Тағлымдама мерзімі ішінде тағлымгер үміткерге жол полициясы қызметкеріне қойылатын талаптарды, оның міндеттері мен құқықтарын түсіндіреді, жұмыс дағдыларына үйретеді.
Құпия құжаттардан басқа үміткерді жол полиция қызметін реттейтін Ішкіісмин, ІІББ, ІІБ нұсқаулықтары мен нұсқауларымен бұйрықтарымен таныстыруға рұқсат етіледі.
Үміткер тағлымдаманы тәлімгердің келісімімен, жұмыстан (оқудан) бос уақытта өтеді.
Тәлімгер тағлымдаманың сапалы өткізілуі үшін жауапты.
Ескерту: резервке алынған үміткерлерге жол полициясының штаттан тыс қызметкерінің белгілеген үлгідегі куәлігі берілуі мүмкін. Жол полициясы саптағы бөлімшелеріне қызметке арыз берген үміткерлердің санынан, тағлымдаманы бірге өту үшін, жол полициясы штаттан тыс инспекторларының тиісті бөлімшелерін құру ұсынылады.
9. Тағлымдама аяқталғаннан кейін, тәлімгер тағлымдаманың жоспарын орындау туралы анықтама дайындайды да үміткердің қызметке кәсіби жарамдылығы туралы қорытынды шығарады. Қорытындыны жол полициясы бөлімшесінің басшысы бекітеді.
Тағлымдаманың қорытындысы мен материалдары тексеру ісіне қоса тігіледі.
10. Үміткердің тексеру ісі мен қызметке жарамдылығы туралы қорытынды жол полиция Басқармасының аттестациялық комиссиясының қарауына жіберіледі.
Аттестациялық комиссия үміткердің ісін қарайды да, үміткерге бос орынға ұсыну туралы (Ішкіісминнің арнайы оқу орындарына оқуға жолдама беру) немесе үміткердің дайын еместігіне байланысты тәжірибе алудың мерзімін ұзарту туралы шешім шығарады.
Егер тәлімгер, үміткер қызметке жарамсыздығы туралы қорытынды шығарса немесе үміткердің әлі дайын еместігінен тәжірибе алу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаса, онда ол жаңа тағлымдама алу үшін басқа тәлімгерге жіберіледі. Үміткердің қызметке жарамсыздығы туралы қайта қорытынды шығарылса, оны қызметке қабылдамау туралы шешім шығарылады.
Үміткердің арызында көрсетілген қызметке бос орын болмаған жағдайда, үміткер қызметке ұсыну резервіне алынады да, одан әрі қарай тағлымдама өту үшін бұрынғы тәлімгеріне жіберіледі.
Ескерту: жол полиция Басқармаларына қызметке тұрақты үміткерлер резервін ұстау ұсынылады. Резервтегі үміткерлердің санын ЖПБ белгілейді.
11. Бос орындағы қызметі жылдам толтыру қажеттілігіне байланысты ерекше жағдайларда осы тараудың тармақтары көздейтін тексеру мен тәжірибе алудың мерзімдерін қысқартуға рұқсат етіледі.
Үміткерді қызметке тағайындаған және жол полициясының штатына енгізген жағдайда тексеру ісі жеке ісіне қоса тіркеледі.
ІІ. Кадрларды орналастыру, қызметке
тағайындау тәртібі
1. Бос орындары бар жол полициясы бөлімшелерінің басшыларының ұсыныстары бойынша қызметкерге үміткерлерді қарастыруды аттестациялық комиссиялар жүргізеді. Жол полициясы бөлімшелерінің басшылары үміткерлерді жол полициясының қатардағы және басшы құрамдағы санынан, ішкі істер органдарының басқа қызметтері мен қызметке үміткерлердің резервінен таңдайды.
Басшылық лауазымдарға тағайындалғандардан басқа, аттестациялық комиссияның қарауы кезінде қызметке жаңа алынып жатқандардың санынан, жол полициясының қатардағы және басшы құрамындағы адамдардың санына, басқа да ішкі істер органдарының санынан қызметке үміткерлердің барлығы бірдей құқықтарға ие болады.
ЖПБ аттестациялық комиссиялары бос орынға кем дегенде екі үміткерді қараған жағдайда ғана үміткерлердің істерін қарап, қызметке тағайындау туралы қолдау жасайды.
2. Жол полициясының қатардағы және басшы құрам адамдарынан және ішкі істер органдарының басқа қызметтерінің бос орындарына үміткерлерді осы Нұсқаулықтың бірінші тарауының 4 тармағында көзделген тексеруден өткеннен кейін ғана, аттестациялық комиссияда қаралады.
3. Аттестациялық комиссия қызметке үміткерлердің істерін Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 1998 жылғы 23 наурыздағы N 82 бұйрығының талаптарына сәйкес қарастырады.
4. Ішкіісминнің арнайы оқу орындарын бітіргеннен кейін жіберілген адамдар осы тараудың 4 тармағында көзделген тексеруді өтпей-ақ қызметке тағайындалады.
5. Жол полициясы бөлімшелеріндегі бос орындарға тағайындауды жол полициясы Басқармалары аттестациялық комиссияларының қолдауымен ІІББ, ІІБ кадрлық аппараттары жүзеге асырады.