Соттардың, прокуратура, алдын-ала тергеу, анықтау сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық iстер жөнiндегi және әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi туралы құжаттарды, заттай дәлелдемелердi алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртiбi туралы Нұсқаулық

Жаңартылған

Бұйрық Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 1998 жылғы 1 желтоқсан N 1043 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 1998 жылғы 12 қараша N 121 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік Комитеті 1998 жылғы 8 желтоқсан N 73 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 30 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 658 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1998 жылғы 22 желтоқсан N 598 Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2 желтоқсан N 429 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі 1998 жылғы 28 желтоқсан N 111 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 30 желтоқсан N 658 тіркелді

      Қазақстан Республикасының аумағында бұрынғы КСРО-ның Прокуратурасы дайындап, бекіткен "Алдын ала тергеу, анықтау органдарының және соттардың қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құндылықтар мен өзге де мүлікті алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі туралы" Нұсқаулық осы уақытқа дейін қолданылып келеді, мұның өзі Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына қайшы.
      Соттың, прокуратура, алдын ала тергеу органдарының қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алудың, есепке алудың, сақтаудың, берудің және бірыңғай ережесін белгілеу мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес бұйырамыз:

      1. "Соттың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау органдарының қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі туралы" Нұсқаулық бекітілсін.

      2. КСРО Бас прокуратурасы, КСРО Әділет министрі, КСРО ішкі істер министрі, КСРО Жоғарғы Сотының Төрағасы, КСРО ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары 1989 жылдың 18 қазанында бекіткен "Алдын ала тергеу, анықтау органдарының және соттардың қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құндылықтарды және өзге де мүлікті алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі туралы" Нұсқаулық күшін жойды деп танылсын.

      3. Тергеу және анықтау мәселелерін қадағалайтын Департаменттердің, басқармалардың, қызметтердің басшылары Нұсқаулықтың керекті мөлшеріндегі данасын шығаруды, оқып-үйренуді және мүлтіксіз атқаруды ұйымдастыратын болсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-Министрлерге және Республика құқық қорғау органдары басшыларының соттардың қызметін, тергеу мен анықтауды ұйымдастыруды қадағалайтын орынбасарларына жүктелсін.

      5. Осы Нұсқаулық мемлекеттік тіркеуге алынған сәттен бастап күшіне енеді.

Соттардың, прокуратура, алдын-ала тергеу, анықтау сот
сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық iстер
жөнiндегi және әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi туралы
құжаттарды, заттай дәлелдемелердi алу, есепке алу, сақтау,
беру және жою тәртiбi туралы
Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық соттардың, прокуратура, алдын-ала тергеу, анықтау, сот сараптамасы органдарының заттай дәлелдемелердi алудың, есепке алудың, сақтаудың, берудiң және жоюдың бiрегей тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негiзгi түсiнiктер:
      Қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi бойынша заттай дәлелдемелер ретiнде (бұдан әрi - "iстер") егер олар қылмыс қаруы болды деп ойлауға негiз болса немесе өзiнде қылмыстың iзi сақталып қалса, немесе қылмыстық әрекеттiң негiзi болса, сондай-ақ ақша мен өзге де бағалы заттар, қылмысты анықтауға, iстiң iс жүзiндегi мән-жайын белгiлеуге, кiнәлiлердi табуға немесе айыпты жоққа шығаруға немесе жауаптылықты жеңiлдетуге құрал болып табылатын, заңды жолмен алынған заттар танылады.
      Азаматтық iстер бойынша заттай дәлелдемелер ретiнде, егер олар өзiнiң сыртқы сипатымен, қасиеттерiмен немесе өзге де белгiлерiмен iс үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау құралы болып қызмет ете алады деп тануға негiзi бар заттар танылады.
      Құжаттар, егер оларда ұйымдар, лауазымды адамдар баяндаған және куәландырған мәлiметтер және iс үшiн маңызы бар болса, дәлелдемелер болып танылады. Құжаттарға заңда көрсетiлген тәртiппен алынған, талап етiлген немесе табыс етiлген тергеуге дейiнгi тексерулердiң материалдары (түсiнiктемелер және басқа да көрсетулер, түгендеулер, тексерулер актiлерi, анықтамалар), сондай-ақ компьютерлiк ақпаратты қамтитын материалдар, фото және кинотүсiрiлiмдер, дыбыс және бейнежазбалар жатады.

      3. Затты, құжатты заттай дәлелдеме ретiнде тану және оны iске қатыстыру туралы анықтау органының қызметкерi, тергеушi, прокурор, сот қаулы, ұйғарым шығарады. Осы актiде заттай дәлелдеменi iсте қалдыру немесе иесiне немесе өзге тұлғаларға, немесе ұйымдарға сақтауға қалдыру мәселесi шешiлуi тиiс.

      4. Сот iстерi және әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi бойынша сот iсiн жүргiзу барысында сот, прокурор, тергеушi, анықтау органының қызметкерi заңды негiз болған жағдайда:
      1) заттай дәлелдемелердi;
      2) пайдалануда тыйым салынған заттар мен құжаттарды (иесiнiң оны сатып алуына, пайдалануына және сақтауына рұқсаты жоқ болған кезде); еркiн айналымнан алынып тасталған заттарға тiзбесi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленiп, ерекше рұқсаттар бойынша сатып алынатын заттар және дайындалуына, сатып алуға, сақтауға, сатуға және таратуға заңмен тыйым салынған басқа объектiлер жатады;
      3) қамауға алынған айыпталушылардың (сотталушылардың) және сезiктiлердiң жеке басын куәландыратын құжаттарын, құжаттармен қоса наградаларын алуға мiндеттi.

      5. Ордендердi, медальдарды және оларға қоса берiлетiн құжаттарды алу:
      1) ауыр қылмыс жасады деп айыпталатын (сезiктi) адамға тиесiлiгi анықталған;
      2) тиесiлiгi мен тағып жүру құқығы анықталмаған наградалар мен оларға қоса берiлетiн құжаттар табылған;
      3) айыпталушыны (сезiктiнi) тұтқындау кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайларда жүргiзiледi.

      6. Үкiм шығару немесе iстi қысқарту кезiнде заттай дәлелдемелер туралы мәселе шешiлуi тиiс, бұл ретте:
      1) қылмыс қаруы тәркiленуге жатады немесе оны белгiлi бiр адам тиiстi мекемелерге бередi немесе жойылады;
      2) ұстауға тыйым салынған заттар тиiстi мекемелерге беруге жатады немесе жойылады;
      3) құндылығы жоқ және пайдалануға келмейтiн заттар жойылуға жатады, ал мүдделi адамдар немесе мекемелер сұрау салған жағдайда оларға берiлуi мүмкiн;
      4) қылмыстық жолмен жиналған ақша мен өзге де құндылықтар соттың үкiмi бойынша мемлекет кiрiсiне алынады, қалған заттар заңды иелерiне берiледi, ал соңғылары анықталмаған кезде мемлекеттiң меншiгiне көшедi;
      5) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар iстiң бүкiл сақталу мерзiмiнiң iшiнде онымен бiрге қалады не заңда көрсетiлген тәртiппен мүдделi ұйымдарға немесе азаматтарға берiледi.

2. Заттай дәлелдемелердi алу, қарау

      7. Азаматтық және қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамасында заттай дәлелдемелердi алу фактiсi көрсетiледi. Сот, прокурор, тергеушi, анықтау қызметкерi iстiң анығына жету үшiн маңызы бар заттың атауын, оның уақытын, орнын және табу, сатып алу, сақтаудың тағы басқа мән-жайларын бейнелейтiн заттай дәлелдеменi ұсынушы адамнан жауап алуға мiндеттi. Iс жүзiндегi деректер олар іс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында көрсетiлгеннен кейiн ғана дәлелдеме ретiнде пайдаланыла алады. Анықтау және алдын ала тергеу барысында хаттамаларды жүргiзу жауапкершiлiгi тиiсiнше анықтаушы мен тергеушiге, ал сотта - төрағалық етушi мен сот мәжiлiсiнiң хатшысына жүктеледi.

      8. Заттай дәлелдемелермен жұмыс iстеу белгiлi бiр дағдылардың болуын, олардың сапалық сипаттамаларын, жеке белгiлерiн дәл белгiлеудi және құнын анықтауды талап ететiндiктен заттай дәлелдемелердi алу үшiн тиiстi мамандар шақырылады. Қажет жағдайларда заттай дәлелдемелердi табу және алу дыбысты жазбамен, бейнежазбамен, фото-кино суреттермен және басқа ғылыми-техникалық құралдармен бекiтiледi.

      9. Iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамасында барлық алынатын заттар мен құжаттар, сонымен қатар хатталатын мүлiк жазылады. Заттар мен құжаттардың ауқымды мөлшерi алынатын кезде хаттамаға қоса берiлетiн және оның ажырамас бөлiгi болып табылатын арнайы тiзiмдеме мiндеттi түрде жасалады. Хаттамада және оған қоса берiлетiн тiзiмдемеде әрбiр алынатын объектiнiң анық атауы, саны, салмағы, сериясы, нөмiрi және басқа айыру белгiлерi, олардың табылу орны мен уақыты көрсетiледi.
      Iстiң жағдайына қарай сот, прокурор, тергеушi, анықтау органының қызметкерлерi егер объектiнi бүтiндей алу мүмкiндiгi болмаса, қылмыстық, азаматтық iске, әкiмшiлiк құқық бұзушылық материалдарына қатысты iздерi бар (микро-iздер) объектiнiң бiр бөлiгiн алуға құқылы. Сонымен олар жәбiрленушiлер мен өзге адамдарға тиесiлi заттардың бүлiнуiне жол бермеуге, ал шарасыз бүлiну жағдайында азаматтарға келтiрiлген зиянды азаматтық iс жүргiзу тәртiбiмен өтеуге шаралар қолдануға мiндеттi.

      10. Барлық алынатын заттай дәлелдемелер куәгерлердiң қатысуымен алынады және қатысқан басқа адамдарға көрсетiледi, қажет болған жағдайда олардың бүлiну мүмкiндiгiне жол бермейтiн және олардағы iздердiң (микро-iздердiң) сақталуын қамтамасыз ететiн орамға салынады, таңбалармен және куәландыру жазбаларымен және заты алынған адамның, куәгерлердiң, тергеушiнiң, анықтау органы қызметкерiнiң, прокурор мен судьяның қолдары қойылады және тиiстi органның мөрiмен бекiтiледi.
      Егер алынатын заттай дәлелдемелердiң ауқымдылығына байланысты оларға тiзiмдеме жүргiзу мүмкiн болмаса, олар орамға салынып, куәландыру жазбаларымен және жоғарыда аталған адамдардың қолдары бар таңбалармен қамтамасыз етiледi. Мұндай жағдайларда алынған заттай дәлелдемелерге хаттама жасау қылмыстық iс жүргiзу және азаматтық iс жүргiзу заңдары сақтала отырып iс жүргiзу әрекетiнiң орны бойынша жүргiзiледi.
      Iс жүргiзу әрекетiнiң хаттамасы және заттай дәлелдемелердiң тізiмдемесi екi данада жасалады және Қазақстан Республикасы қылмыстық iс жүргiзу және азаматтық iс жүргiзу заңдарының нормалық талаптарына сай болуы тиiс, алуды жүргiзген адам, куәгерлер және мұнда қатысқан адамдар, оның iшiнде заты алынған адам, ал ол болмаған жағдайда - оның отбасының жасы толған мүшесi не ПИК, селолық немесе поселкелiк әкiмшiлiк, тиiстi ұйым әкiмшiлiгiнiң өкiлi қол қояды.
      Хаттама мен тiзiмдеме көшiрмелерi заттай дәлелдемелер алынған адамға, ал ол болмағанда - оның отбасының жасы толған мүшелерiне не жоғарыда аталған өкiлдерге берiледi.

      11. Алынған заттай дәлелдемелер қажет жағдайларда маманның қатысуымен қаралуға, қарау хаттамасында толық сипатталуға тиiс, онда заттардың сандық және сапалық сипаттамалары, объектiнi оған ұқсастардың арасынан ажыратуға мүмкiндiк беретiн және оның дәлелдемелiк маңызы және басқа да белгiлерi көрсетiледi.
      Бағалы металды (алтын, күмiс, платина және платиналық топтың металдары), асыл тастар мен iнжудi анықтау маманның пiкiрi немесе сарапшының қорытындысы ескерiле отырып жүргiзiледi. Өзге жағдайларда қарау хаттамасында металл мен тастардың тек түсi ғана, сондай-ақ олардың жеке белгiлерi көрсетiледi.
     Заттай дәлелдемелер қараудан кейiн анықтау органы қызметкерiнiң, тергеушiнiң, прокурордың арнайы қаулысымен, сот ұйғарымымен iске қосылады.

3. Заттай дәлелдемелердi, құжаттарды және өзге
мүлiктi сақтау

      12. Заттай дәлелдемелер қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк процестi жүргiзушi органның қаулысымен не ұйғарымымен iске қосылады және үкiмнiң, шешiмнiң, ұйғарымның немесе iстi қысқарту туралы қаулының заңды күшiне енуiне дейiн сонда болады. Заттай дәлелдемелердi қарау және сақтау тәртiбi қылмыстық iс жүргiзу,   азаматтық iс жүргiзузаңдарымен және қолданылып жүрген басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен анықталады.

      13. Заттай дәлелдемелердi сақтау кезiнде олардағы iстер мен материалдар бойынша маңызы бар белгiлер мен қасиеттердiң сақталуын қамтамасыз етiп, сондай-ақ қатар заттай дәлелдемелердi жәбiрленушiге, оның туысқандарына, тараптарға, не өзге адамдарға, сондай-ақ белгiленген заң тәртiбiмен ұйымдарға сақтауға беру мүмкiндiгi болмаған жағдайда олардың өзiн сақтау жөнiнде шаралар қабылданады.

      14. Егер заттар өзiнiң ебедейсiздiгiне немесе өзге себептерге байланысты iспен қоса сақталынбайтын болса, онда сурет немесе бейнетүсiрiлiм құралдарымен бейнеленуi тиiс, мүмкiндiгiне қарай анықтау, тергеу, прокуратура, сот органының қызметкерi көрсеткен орында қатталып сақталуы тиiс. Iске заттай дәлелдемелердiң үлгiсi қосылады, оның тұрған орны туралы тиiстi анықтама болуы тиiс.

      15. Тез бұзылатын заттай дәлелдемелердi иесiне қайтару мүмкiн болмаған жағдайда олар сол мақсатында пайдалану не сату үшiн алынған соманы қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк процестi жүргiзушi органның депозитiне салу үшiн тиiстi органдарға өткiзiледi. Негiздемелер болған кезде олар иесiне сондай сапамен сол зат күйiнде өтеледi немесе соңғысына олардың құны төленедi.

      16. Соттарда, прокуратура, әдiлет, iшкi iстер органдарында, ұлттық қауiпсiздiк комитетiнде, салық комитетiнде және басқа өкiлеттi мемлекеттiк органдарда заттай дәлелдемелердi сақтау үшiн сөрелерi, темiрмен қапталған есiктерi, темiр торланған терезелерi, қорғау және өртке қарсы сигнализациясы бар арнайы ғимарат жабдықталады. Мұндай ғимарат болмаған кезде арнайы қойма (жеткiлiктi көлемдегi металл шкаф ж.т.б.) бөлiнедi. Iске қосылған заттай дәлелдемелердiң сақталуы үшiн жауапкершiлiк анықтауды, тергеудi жүргiзетiн тұлғаға, ал сотта-судьяға немесе сот төрағасына жүктеледi.

      17. Судьяның қаулысымен, ұйғарымымен әдiлет, прокуратура, салық полициясы, IIМ, ҰҚК органдары бiрiншi басшыларының арнайы бұйрығымен тағайындалған сол мекеменiң, қылмыстық iстердi тергеуге қатысы жоқ қызметкерi қылмыстық iстерге байланысты және одан бөлек сақталатын заттай дәлелдемелердiң сақталуы үшiн жауапты болып табылады. Тергеушiнiң, анықтаушы органның қаулысы, соттың ұйғарымы заттай дәлелдемелердi сақтауға орналастыру үшiн негiздеме болып табылады.
      Заттай дәлелдемелер сақталатын бөлмеге тек оның сақталуы үшiн жауапты тұлғаның қатысуымен ғана кiруге мүмкiн болады. Ол (немесе оны алмастыратын қызметкер) жоқ болған жағдайда ғимаратқа тек комиссиялы (кемiнде үш адам) түрде ҰҚК, IIМ анықтау органдары, тергеу бөлiмшелерi бастықтарының, прокурордың, сот төрағасының, судьяның қатысуымен ғана кiруге рұқсат етiледi. Оларда сол ғимараттың дубликаты (екiншiсi) болуға тиiс. Мұндай жағдайларда үш дана акт жасалады, онда ғимараттан (қоймадан) қандай объектiлердiң және неге байланысты алынғаны немесе оған салынғаны көрсетiледi. Актiнiң бiрiншi данасы заттай дәлелдемелердi сақтау үшiн жауапты тұлғаға заттай дәлелдемелердiң есеп кiтабына тиiстi мәлiметтердi түсiру үшiн берiледi, екiншiсi-кеңсеге, үшiншiсi-iске берiледi.

      18. Анықтау, алдын ала тергеу барысында сақтауға алынған қопарылғыш құрылғыларды, ататын мылтықтарды, қару-жарақтарды, қопарылғыш заттарды, радиоактивтi материалдар, есiрткiлiк құралдарды, психотроптық, тез әсер ететiн және улы заттарды сақтау тиiстi сот сараптамасы мекемесiн де тексерiлгеннен кейiн тек IIМ, ҰҚК шаруашылық бөлiмшелерiнде, әскери бөлiмдердiң немесе тиiстi мемлекеттiк кәсiпорындардың арнайы жабдықталған ғимараттарда жүргiзiледi.
      Сот сараптамасын жүргiзу барысында есiрткiлiк құралдарды, психотроп заттарды, прекурсорларды, улы заттарды сақтау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде жүзеге асырылады.
      Атылатын қаруларды қолдануға байланысты жасалған қылмыстар туралы барлық iстер бойынша анықтау, тергеу органдары, соттар тиiстi алу, қадағалау және зерттеу жұмыстары жүргiзiлгеннен кейiн оқтарды, гильзалар мен патрондарды және басқа қарулық iздерi бар оқ-дәрiлердi оқ үлгiлерi сақталатын орынға, Әдiлет министрлiгiнiң сот сараптама мекемесiне жiберуге мiндеттi.
      Кесiндi мылтық оқ гильза үлгiлерi сақталатын орын бойынша тексерумен бiр мезгiлде ол Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы мен IIМ Бас оперативтiк-криминалистiк басқармасында жоғалтылған және анықталған қарулардың жедел есебi бойынша тексерiледi.
      Кiмге жататыны анықталмаған және iздестiрiлуi тиiстi жедел-iздестiру және криминалистiк есептер бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн объектiлер мен құжаттарды анықтау және алу кезiнде шұғыл түрде аталған объектiлердi осы есептер бойынша тексеру шаралары қабылданады.

      19. Алынған наградалар және олардың құжаттары алынғаннан кейiн бiр тәулiктен кешiктiрiлмей сақтауға берiледi немесе олардың зерттелуi, iс жүргiзу әрекетi хаттамаларының көшiрмелерi қажет болғаннан басқа жағдайларда анықтауды, тергеудi, сот iсiн жүргiзетiн органның бухгалтериясының кассасына арнайы байланыс арқылы жөнелтiледi. Кейiн iске қосылатын екiншi даналарына кассир наградаларды және олардың құжаттарын алғандығы туралы қол қояды. Айыптау қорытындысына анықтамада айыпталушының наградалары мен олардың құжаттарын алу және олардың сақталу орны туралы мәлiметтер көрсетiледi. Егер алынған наградалар, оларға құжаттар заттай дәлелдемелер болып табылса, немесе оларға қатысты сараптама тағайындалса, қажеттi iс жүргiзу және басқа әрекеттер жасау үшiн олар тергеу, анықтау, сот органдарында сақталуы мүмкiн.

      20. Заттай дәлелдемелер болып танылған машиналарды, мотоциклдердi және көлiк (оның iшiнде суда жүзетiн және ұшатын аппараттар) құралдарын, сондай-ақ тыйым салынған көлiк құралдарын сақтау (егер олардың иесiне, оның туыстарына немесе басқа тұлғаларға, сондай-ақ басқа ұйымдарға сақтауға беруге мүмкiн болмаса) ҰҚК, Салық, Кеден комитеттерi, iшкi iстер органдарының тиiстi анықтау, тергеу немесе сот iстерiн жүргiзу барысында анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың, соттың жазбаша тапсырысы бойынша жүргiзiледi, олардың басшылары бұл жөнiнде iске қосылатын сақтау қолхатын бередi, онда қабылданған көлiк құралы үшiн кiмнiң жауапты болып табылатыны көрсетiледi.
      Жол полициясы қызметкерiнiң немесе маманның мүмкiндiгiне қарай оның иесiнiң қатысуымен көлiк құралын алу, сондай-ақ беру кезiнде осы құралдың техникалық жағдайы туралы акт жасалады.

      21. Радиотарату қондырғыларын заңсыз дайындауға және пайдалануға байланысты қылмыстық iстер мен материалдарды тергеу кезiнде бүкiл пайдаланылған аппаратура, бөлшектер мен жиынтықтаушы бұйымдар алынады, олардың сақталуын iстi жүргiзетiн орган қамтамасыз етедi.

      22. Анықтау, тергеу, сот iстерiн жүргiзу барысында алынған есiрткiлiк заттар iстi тоқтату жөнiнде қаулы, ұйғарым шығарылғанға немесе сот үкiмi заңды күшiне енгенге дейiн, қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылғанға дейiнгi тексерiске тең келетiн кезеңде тергеудi жүргiзетiн органның заттай дәлелдемелердi сақтау ғимаратында (қоймасында) немесе тұрмыстық және өндiрiстiк аймақтан тыс түзету мекемесiнiң оперативтi бөлiмiндегi металл жәшiкте (сейфте) қатталған күйiнде сақталады.
      Затты есiрткiлiк, психотроптық, улы заттарға немесе прекурсорларға жатқызу үшiн сот сараптамасы жүргiзiледi. Сот сараптамасын жүргiзу басталған сәттен есiрткiлiк құралдарды, психотроптық заттарды, прекурсорларды, улы заттарды сақтау жоғарыда аталған талаптар ескерiле отырып Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң сот сараптамасы органдарында жүргiзiледi.

      23. Соттың үкiмi, ұйғарымы, тергеушiнiң, анықтау органының iстi тоқтату немесе iстi қозғаудан бас тарту жөнiндегi қаулысы есiрткiлiк құралдарды, психотроптық заттарды, прекурсорларды, улы заттарды мемлекетке тапсыру немесе жою үшiн негiз болып табылады.

      24. Тұтқынға алынғандардың төлқұжаттары, жеке куәлiктерi, әскери билеттерi (тууы туралы куәлiктерi, кәмелетке толмағандардың тiркеу куәлiктерi) қылмыстық iс қағаздарына қосылады және iске тiгiлген және парақтары нөмiрленген, қатталған жеке пакетте сақталады.
      Қызметтiк куәлiктер алынған жағдайда құжат оларды берген органға куәлiгi алынған тұлғаның тұтқындалғаны туралы хабарламамен бiрге жiберiледi.
      Егер iс үшiн мәнi бар болса басқа жеке құжаттар айыпталушыларға немесе олардың келiсiмiмен олардың туыстарына қайтарылады.

      25. Азаматтардан тергеу-сот органдары алған және сот үкiмi негiзiнде тәркiлеуге жататын асыл металдардан (осы бұйымдардың сынықтарынан), асыл тастар мен iнжу-маржаннан жасалған бұйымдар, сондай-ақ асыл тастар, қолөнер зергерлiк бұйымдары, асыл металдардан жасалған тиындар мен шетелдiк валюталар заттай дәлелдемелердiң есеп журналында тiркеледi. Егер олар заттай дәлелдемелер болып табылған жағдайда онда үш күннен кешiктiрiлмей арнайы жабдықталған ғимараттарда буылып-түйiлген және қатталған күйiнде жоғарыда аталған журнал бойынша реттiлiк нөмiрi берiлiп, сақтау үшiн материалдық-жауапты адамға тапсыруға жатады немесе Қазақстан Республикасының мамандандырылған мекемесiне тiзбемен бiрге уақытша сақтауға тапсырылады. Iлеспе хатта жолданатын игiлiктердiң заттай дәлелдемелер болып табылатыны және оны сақтауға жөнелткен органның айрықша нұсқауына дейiн сақтауға тиiс екендiгi айтылуға тиiс. Басқа жағдайларда олар банкке сақтауға берiледi.
      Құймалар, ұнтақтар, кесектер, сынықтар, жартылай фабрикаттар түрiндегi айналымнан алынған қымбат металдар (алтын, күмiс, платина және платина тобындағы басқа металдар), өндiрiстiк немесе лабораториялық мақсаттағы бұйымдар, сондай-ақ тергеу-сот және анықтау органдары азаматтардан алған алмаз бен өзге де табиғи асыл тастар тиiсiнше зерттеулерден кейiн егер заттай дәлелдемелер болып табылмаса және арнайы зерттеуге жатпайтын болса Республикалық бюджет кiрiсiне алу үшiн Мемлекеттiк игiлiктер қоймасына тапсырылады.

      26. Қазақстан Республикасының ұлттық валютадағы ақша сомалары, жинақ және чек кiтапшалары, чектер, сақтау куәлiктерi, ақшалай-заттай лотерея билеттерi, басқа да бағалы қағаздар үкiм заңды күшiне енгенге дейiн мына тәртiпте сақталады:
      - ұлттық валютадағы ақша сомалары оларды алған органның депозиттiк шотына, немесе мамандандырылған банктердiң жергiлiктi мекемелерiне сақтауға тапсырылады, егер оларда қылмыстың iздерi сақталған жағдайда мiндеттi түрде нөмiрлерi мен сериялары бойынша банкноттар тiзбесi екi данадан жасалады - бiрiншiсi валютамен бiрге тапсырылады, екiншiсi iске қосылады;
      - сақталуы қамтамасыз етiлген жағдайда басқа бағалы қағаздар оларды алған органда сақталады немесе таяудағы банк мекемесiне өткiзiледi.
      Бағалы қағаздарды алумен бiр мезгiлде сот-тергеу органдары мүлiктiң пайдаланылуына тыйым салу туралы қаулыларды тиiстi банктерге жiбередi (егер күдiк тудырған адамды тұтқынға алғызған баптың санкциясы осыны көздейтiн болса).
      Заттай дәлелдемелер болып табылмайтын ақшаны алғаннан және тергелетiн қылмыстық iс үшiн олардың маңыздылығын анықтау жөнiнде олармен қажеттi тергеу әрекеттерiн жүргiзгеннен кейiн анықтау органдарының қызметкерлерi 3 күндiк мерзiмде оларды тергеудi немесе анықтауды жүргiзетiн органның қаржы-шаруашылық бөлiмшесiнiң кассасына тапсырады. Оның орнына кассир тергеушiге немесе анықтау қызметкерiне нөмiрiн көрсетiп кiрiс органының түбiртегiн бередi.
      Қабылданған ақшаны кассир келесi күннен кешiктiрмей мамандандырылған банктiң жергiлiктi мекемесiне тапсырады.

      27. Заттай дәлелдемелер ретiнде iске қосылған құжаттар, хаттар мен басқа да жазбалар таза қағаз парақтарының арасына салынған конверттерде сақталуға тиiс. Оларға қандай болсын белгiлер, жазулар түсiруге және оларды бүктеуге тыйым салынады. Конверттер қатталады, iстерге тiгiледi және оның жеке парағы бойынша нөмiрленедi. Iске қосылатын хаттар мен құжаттар саны көп болған кезде олар iске қосылатын жеке пакетке салынады. Конвертте онда салынған құжаттар тiзбесi бар жазба болуға тиiс.

      28. Құпиялық сипаттағы мәлiметтерi бар, бiрақ заттай дәлелдемелер болып табылмайтын алынған құжаттар, сызулар, фототүсiрiлiмдер арнайы бөлiмдер арқылы қатыстылығы бойынша ұйымдар мен мекемелердегi құпия құжаттармен айналысатын бөлiмдерге жiберiледi.

      29. Заттай дәлелдемелер ретiнде кейiн бүлiнуiне, зерттеу және пайдалану мүмкiндiгiнен айыруға әкелiп соқтыратын болғандықтан заттай дәлелдемелердi және басқа объектiлердi дымқыл және т.с.с. жағдайларда сақтауға тыйым салынады. Қажет болған кезде алынған объектiлердi оларды одан әрi сақтауға мүмкiндiк беретiндей жағдайға келтiру жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.

      30. Биологиялық тектегi объектiлер, соның iшiнде микроскопиялық немесе химиялық зерттеуге жататын, тез бүлiнуге ұшырайтын объектiлер герметикалық (тығыз) жабылған ыдыстарға салынуға тиiс. Мұндай объектiлердi (соның iшiнде мәйiттiң одан әрi зерттеудi қажет ететiн бөлшектерiн) буып-түюдi сот-сараптама мекемелерiнiң қызметкерлерi жүзеге асырады.
      Сараптама зерттеуi аяқталған кезде биологиялық объектiлердi зерттеу арнайы жағдайларды талап етедi, ол сот-медицина мекемесiнде оның басшылығымен келiсу арқылы жүзеге асырылады.

      31. Алынған тез бүлiнетiн, арнайы сақтау жағдайларын қажет ететiн тауарлар және басқа да тауарлар алынғаннан, қадағаланғаннан және сараптама жасалғаннан кейiн жедел түрде иесiне қайтарылмайтын болса, тиесiлiгi бойынша тиiстi ұйымдарға сату одан кейiн алынған сомаларды азаматтық және әкiмшiлiк iстердi жүргiзетiн орган депозитiне салу үшiн берiледi. Азық-түлiктер сол күйiнде қайтаруға жатпайды.

      32. Үй жағдайында, сондай-ақ зауытта дайындалған, тығындалуында бұрмалаушылықтар мен жасандылық белгiлерi бар ыдыстарда сақталған алынған спирттiк iшiмдiктер куәгерлердiң қатысуымен (тиiстi зерттеулерден кейiн) жоюға жатады, бұл жайлы акт жасалып, ол iске қосылады.

      33. Егер өндiрiстiк тауарлар заттай дәлелдемелер болып табылмаса және иелерiне қайтару мүмкiн болмаса, алынған өндiрiстiк тауарлар үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн тәркiленген, иелерi жоқ мүлiктер және мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке ауысқан мүлiктер сату үшiн осындай тәртiппен жұмыс iстейтiн сауда кәсiпорындарына берiледi.

      34. Тауарларды тиiстi мекемеге өткiзу туралы үш дана акт жасалады. Тауарларды қабылдаған мекеме оларды сатуды жүргiзедi, ал оның құны тергеудi жүргiзетiн органның депозиттiк шотына аударылады. Актiнiң үшiншi данасы тауарларды сатудан түскен сомалардың аталған шотқа түсуiн кейiннен бақылау үшiн қаржы бөлiмшесiне берiледi. Беру актiсiнiң бiрiншi данасы және олардың толық тiзiмдемесi қылмыстық iске қосылады.

      35. Қылмыстық әрекеттер объектiлерi болып қызмет еткен және өздерiнде қылмыстық iздерiн сақтаған азық-түлiктер немесе өнеркәсiптiк тауарлар толығымен немесе қажеттi бөлiгiнде сараптамалық зерттеуге (сынама, үлгi) берiледi.

      36. Заттай дәлелдемелер ретiнде тергеу-сот органдарының шешiмдерi шыққанға дейiн алынған жұмыс және үй малы жәбiрленушiлерге немесе ұйымдарға, олар болмаған кезде тиiстi акт жасалып, жергiлiктi өкiмет органына берiледi.

      37. Сот шығындарын қысқарту мақсатында алынған ебедейсiз де ауқымды заттай дәлелдемелер (аса iрi мөлшердегi спирттер, құрылыс материалдары, металл сынықтары ж.т.с.) алынғаннан тиiстi қараудан, қажеттi сараптамалардан, есептемелерден өткiзiлгеннен кейiн анықтау органының қалауы бойынша сату және одан әрi түскен ақшаны қылмыстық iс жүргiзiп отырған органның депозиттiк шотына есепке түсiру үшiн осыған өкiлеттi кәсiпорындарға, ұйымдарға берiлуi мүмкiн, ал үлгiлердiң (сынамалардың) бөлiктерi заттай дәлелдемелер ретiнде қылмыстық (соның iшiнде тоқтатыла тұрған) iске қосылады.

      38. Айыптау қорытындысына қоса берiлетiн анықтамада iс бойынша алынған заттардың, құжаттардың немесе басқа мүлiктiң сақтауға өткiзiлгендiгiн растайтын құжаттар тiгiлген iстiң тиiстi парағына сiлтеме жасалып қайда сақталатыны көрсетiледi.

      39. Тыйым салынған мүлiк нақтылы жағдайларға және iстiң мүдделерiне қарай сот-тергеу органдарының қалауымен жергiлiктi атқару органдарына, пәтер иелерiнiң кооперативтерiне (ПИК), сондай-ақ зиян келтiрiлген ұйымға, немесе мүлiктiң иесiне не оның туысына сақтауға берiледi, қабылданған мүлiктiң сақталуы үшiн жауапкершiлiк түсiндiрiледi, бұл жайлы қолхат алынады. Қажет болған жағдайда тыйым салынған мүлiктiң алынуы мүмкiн.

      40. Тыйым салынған өнер туындылары мен антиквариат мұражайларға сақтауға берiлуi мүмкiн.
      Нақтылы қылмыстық iстерге қатысты заттай дәлелдемелер басқа iстер бойынша заттай дәлелдемелерден бөлек сақталады.

      41. Ашылмаған қылмыстар туралы тоқтатылған iстерге қатысты заттай дәлелдемелер оларды тергеу орындары бойынша, бiрақ одан әрi пайдалану мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн буып-түйiлген және қатталған түрiнде қолданылып жүрген iстердегi заттай дәлелдемелерден бөлек сақталады. Осындай объектiлерi бар әрбiр пакет iстiң нөмiрi, оның фабуласы мен қозғау күнi, бумадағы объектiнiң атауы көрсетiлген түсiндiрме жазбасымен жабдықталады.
      Сақтау шарттары осы Нұсқаулықпен айқындалған объектiлер санаттарына қолданылатындай болып таңдалады.

      42. Сақтаудың арнайы шарттарын қажет ететiн тоқтатылған iстер бойынша биологиялық объектiлер сот сараптамасы мекемелерiнiң мұрағаттарында болады. Соттың, прокурордың, тергеушiнiң, анықтау органы қызметкерiнiң тиiстi мекеме басшысына жолданатын хаты мұрағатқа негiз болып табылады.

4. Заттай дәлелдемелердiң есебi

      43. Заттай дәлелдемелердi және iстер бойынша алынған басқа да заттарды, құндылықтарды, сондай-ақ заттай дәлелдемелер болып табылмайтын ақшаларды есепке алу үшiн әрбiр сотта, iшкi iстер органында, ҰҚК, салық полициясында, кеден комитеттерiнде белгiленген үлгi (1 және 2-қосымшалар) бойынша кiтап жүргiзiледi, ол заттай дәлелдемелердi және басқа алынған мүлiктердi, құндылықтарды сақтау үшiн жауапты тұлғада болады.
      Кiтаптың әр бетi нөмiрленедi, кiтап бауланады және мөрмен, сондай-ақ бiрiншi басшының қолымен бекiтiледi.

      44. Заттай дәлелдемелердi және басқа анықтау, тергеу, соттың iс жүргiзу барысында алынған заттай дәлелдемелер болып табылмайтын объектiлердi есепке алу кiтабына жазбаны оларды алу негiздемесi көрсетiлген хаттама негiзiнде сақтауға жауапты тергеушi немесе анықтау органының қызметкерi жүргiзедi.

      45. Заттай дәлелдемелердi, құндылықтарды және басқа мүлiктерді сақтауға жауапты болып табылатын тұлға есеп кiтабына тiркеу кезiнде қабылданған заттар мен құндылықтардың iске қосылатын қаулыдағы, ұйғарымдағы жазбалармен сәйкес келуiн тексередi.

      46. Заттай дәлелдемелердi кiтапта тiркеу кезiнде жазулар хронологиялық тәртiпте жасалады, әр зат жеке жазылады, бiрнеше бiртектес заттарды алу кезiнде олардың саны, келiп түскен күнi, атауы (егер заттай дәлелдемелер оралған болса, орамды ашумен және ол жайлы акт жасаумен қатар олардың саны мен атауларына тексерiлу жүргiзiлуi мүмкiн) қойылады, егер көптеген атаулар саны алынса тiзiмдеу жасалады және объектiлердi кiтапқа жазу тiзiмдеуге сәйкес жасалады. Сонымен әр затқа реттiк нөмiр берiледi.
      Егер заттай дәлелдемелер қылмыстық және азаматтық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстiң жанында болса және сақтауға өткiзiлмесе, есеп жүргiзу кiтабында заттай дәлелдемелердi ұстап отырған лауазымды адамның тегiн көрсетумен бiрге ол туралы белгi соғылады.
      Заттай дәлелдемелерге, құжаттарға есеп жүргiзу кiтабынан басқа құқық қорғау органдары басшыларының қалауы бойынша осы объектiлерге есеп жүргiзудiң басқа да нысандары белгiленуi мүмкiн (жаршылар, түбiртектер, компьютерлiк жүйе және басқалар).

5. Заттай дәлелдемелердi беру

      47. Iске қосылған заттай дәлелдемелер тергеу, анықтау аяқталғаннан және сотқа жiберiлгеннен кейiн ол басқа органға беру кезiнде қылмыстық iспен бiр мезгiлде берiледi. Бұл жайлы әрбiр берiлетiн объектiге қатысты заттай дәлелдемелерге есеп жүргiзу кiтабына тиiстi жазу енгiзiледi. Белгiленген тәртiпте заттай дәлелдемелер болып танылмаған заттарды қылмыстық iспен бiрге беруге болмайды.

      48. Iспен бiрге заттай дәлелдемелердi қабылдайтын кеңсе қызметкерi, сот хатшысы өз лауазымын, тегiн анық көрсете отырып, оларды қабылдағандығы туралы берушi органның есеп жүргiзу кiтабына қол қояды, қойылған қолды тиiстi мекеменiң мөртабанымен куәландырады.
      Барлық заттай дәлелдемелер келiп түскен күнi тiркеледi.
      Сот арқылы iске қосылған заттай дәлелдемелердi тiркеу ұйғарым шығарылған күнi жасалады.

      49. Ерекше қоймаларға қойылған, сондай-ақ iспен бiрге тұрмаған заттай дәлелдемелер қылмыстық iс жiберiлген органда деп есептеледi, кiтапта және қылмыстық iс бойынша анықтама қағазда олардың орналасқан жерi туралы белгi жасалады.

      50. Iс заттай дәлелдермен бiрге жiберiлетiн сот кеңсесiнiң қызметкерi бұл объектiлердi қабылдай отырып, орамның және ондағы мөрлердiң бүтiндiгiн (сақталуын) тексередi.
      Орам немесе мөр бүлiнген кезде соттың хатшысы сот төрағасының (судьяның) iстi және заттай дәлелдемелердi жеткiзген адамдардың, тергеу немесе анықтау органы қызметкерiнiң қатысуымен орамды ашады және ондағы заттардың барлығын айыптау қорытындысына анықтамадағы заттай дәлелдемелер туралы жазбамен, заттай дәлелдемелердi iске қосу жөнiндегi қаулымен және iлеспе жазбамен салыстырады.

      51. Егер заттай дәлелдемелердiң барлығы айыптау қорытындысы анықтамасындағы және заттай дәлелдемелердi iске қосу туралы қаулыдағы жазуға сәйкес келсе, олар орамға салынады және қатталады. Жүргiзiлген орамның ашылуы туралы акт жасалады.
      Бұзылған орамды немесе мөрдi ашу кезiнде ондағы дәлелдемелердiң нақты сәйкес келмеуi анықталмаған жағдайларда, сәйкес келмеудiң себептерi анықталғанға дейiн iс қабылданбайды.
      Анықталған кемшiлiктер туралы акт жасалады, оған соттың төрағасы (судья), IIБ, ҰҚК, Салық полициясы Комитетiнiң бастығы (осы органдардың тергеу бөлiмшелерiнiң бастықтары, кеңсе қызметкерi мен iстi жеткiзген адамның) қол қояды.
      Акт көшiрмесi iстi жолдаған органға жөнелтiледi.

      52. Заттарды, нәрселердi, оның iшiнде айыпталушылардың киiмiн, сағаттарын, ақшасын және белгiленген тәртiпте заттай дәлелдемелер болып танылмаған басқа объектiлердi соттар қабылдамайды.

      53. Заттай дәлелдемелердi сотта тiркеу кезiнде оған кiтап бойынша реттiк нөмiр берiледi, онда заттай дәлелдеменiң келiп түскен күнi, атауы, саны, ол тiгiлген iстiң нөмiрi, айыпталушының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi. Одан кейiн қылмыстық iс сотта тiркелген нөмiр қойылады, сондай-ақ заттай дәлелдеменiң нөмiрi көрсетiледi.

      54. Қылмыстық iстер мен заттай дәлелдемелердi басқа сотқа немесе прокуратураға беру кезiнде кiтапқа берiлетiн әрбiр заттай дәлелдемелерге қатысты тиiстi жазу жазылуға тиiс.

      55. Қылмыстық iстi бiр органда бiр анықтаушыдан, тергеушiден, соттан басқа анықтаушыға, тергеушiге, сотқа беру кезiнде бiрiншiсi iс бойынша алынған барлық заттар мен құндылықтардың түгелдiгiн тексеруден өткiзуге, ал екiншiсi қабылдауға, заттай дәлелдемелерге есеп жүргiзу кiтабында олардың сақталуы үшiн жауапты адамның көзiнше олардың қабылданғандығы үшiн қол қоюға мiндеттi.

      56. Қылмыстық iстi тоқтату туралы сот үкiмiнде, қаулыда немесе ұйғарымда заттай дәлелдемелердiң тағдыры туралы мәселе қолданылатын нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес шешiлуге тиiс.

      57. Қылмыс құрамының немесе оқиғасының болмауынан қылмыстық iстi тоқтату жағдайында иелерiнiң өтiнiшiмен заттай дәлелдемелер болып табылатын және iстi қозғау мен қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға негiз болған құжаттардың (әдеби шығармалар, арыздар, жүгiнулер және басқалар, оның iшiнде авторлардың дайындағандары) қайтарылуы мүмкiн.

      58. Iстi тоқтату туралы үкiм (ұйғарым), қаулы шығарылғаннан кейiн заттай дәлелдемелерге есеп жүргiзу кiтабында шешiмнiң мазмұны мен шығарылу күнi көрсетiлiп заттай дәлелдемелер мен өзге мүлiкке қатысты осы шешiм туралы белгi соғылады.

      59. Заттай дәлелдемелерге қатысты шешiм үкiмнiң (ұйғарымның) заңды күшiне енгеннен немесе iстi тоқтату туралы ұйғарымға, қаулыға шағымдану мерзiмi аяқталғаннан кейiн орындалады.

      60. Егер заттай дәлелдемелер және өзге мүлiк арнайы сақтауда болса, үкiмнiң, ұйғарымның, қаулының осы объектiлердiң келешектегi тағдыры туралы жазылған көшiрмесi немесе одан үзiндi олардың сақталу орны бойынша жiберiледi. Қабылданған шешiм заттай дәлелдемелер сақталуда жатқан мекемелердiң басшылары үшiн мiндеттi болып табылады.

      61. Иесiне қайтарылуға жататын заттай дәлелдемелер мен өзге мүлiк қолхат арқылы заттай қайтарылады, қолхат қылмыстық iске тiгiледi және оның келесi бетiмен нөмiрленедi. Мүдделi адамдарға олардан алынған заттар мен құндылықтарды алу мүмкiндiгi туралы хабарланады, хабарламаның көшiрмесi қылмыстық iске тiгiледi. Қолхатты алушы өз төлқұжатының немесе өзге куәландырушы құжаттың мәлiметтерiн, тұратын жерiн көрсетедi. Иесiнiң өзi келе алмайтын жағдайда оларды оның сенiмхаты бойынша басқа адам ала алады, оның қолхаты iске қосылады. Егер кәсiпорын, мекеме, ұйым заттың иесi болып табылса, заттар мен құндылықтар олардың өкiлдерiне сенiмхат, олардың жеке бастарын куәландыратын құжат болған кезде қолхат арқылы берiледi.

      62. Жекелеген жағдайларда тергеу, анықтау органы, сот, егер бұл iстi дұрыс шешуге кедергi болмайды деп танылса, алынған заттарды иелерiне iс бойынша шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып бере алады.

      63. Оларға қатысты iстер тергеу немесе анықтау сатысында iс жүргiзумен, сотпен тоқтатылған немесе iсi ақталған адамдарға олардан алынған мүлiк пен құндылықтар хабарлау күнiнен бастап алты ай аралығында қайтарылуы тиiс, мүлiк пен құндылықтарды заттай қайтару мүмкiн болмаған жағдайда олардың құны ақшалай баламамен қайтарылады. Үш жыл мерзiм өткеннен кейiн мүлiк заңда белгiленген тәртiппен мемлекет кiрiсiне алынады. P020000833

      64. Мекемелерде, ұйымдарда және т.б. сақтауда жатқан, сот тәркiлеген заттай дәлелдемелердi сату жөнiндегi үкiмдi, қаулыны орындауға дайындау мақсатында оны аумағы бойынша орындату үшiн сот орындаушыларына жiберiлетiн орындау қағазы жазылады, iлеспе хаттың көшiрмесi iске тiгiледi. Заттай дәлелдемелерге есеп жүргiзу журналында орындау қағазының кiмге және қашан жiберiлгендiгi көрсетiледi.

      65. Егер сатуға жататын заттай дәлелдемелер шешiм шығарған сотта болса, хатшы орындау қағазы мен заттай дәлелдемелердi қолхат алу арқылы сот орындаушысына бередi. Соңғының қолхаты iске тiгiледi және оның келесi бетiмен нөмiрленедi. Заттай дәлелдемелердi сот орындаушысына беру туралы жазу журналға енгiзiледi.
      Кез-келген жағдайда орындалғаннан кейiн орындау қағазы сот орындаушысы мен судьяның соққан белгiлерiмен бiрге iске тiгiледi, журналда орындалуы туралы белгi қойылады.

      66. Сот орындаушысының тәркiленген заттай дәлелдемелердi қаржы бөлiмшесiне беру тәркiленген мүлiктi сату тәртiбiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

      67. Үкiм, шешiм, ұйғарым бойынша тиiстi iшкi iстер, ҰҚК, әдiлет органдарына беруге жататын заттай дәлелдемелер ол жаққа шабарманмен немесе почтамен жiберiлуi тиiс. Улы, қатты әсер ететiн жарылғыш заттарды қаруды және т.с.с. тасымалдау кезiнде оларды тасымалдауға белгiленген ережелер сақталуы тиiс. Iлеспе хаттың көшiрмесi және мекеменiң заттай дәлелдемелердi қабылдауы туралы құжат iске тiгiледi.

      68. Осы Нұсқаулықта тәркiленген ақша мен құндылықтар бойынша үкiм, қаулы заңды күшiне енгеннен кейiн олар сақталуда жатқан органға үкiмнiң көшiрмесi немесе одан үзiндi және үкiмнiң заңды күшiне енетiн күнi көрсетiлетiн және ақша мен құндылықтарды мемлекет кiрiсiне аудару туралы нұсқау берiлетiн iлеспе хат жiберiледi.
      Iлеспе хаттың көшiрмесi мен орындалғандығын куәландыратын құжат iске тiгiледi. Орындалуы туралы жауап келiп түскенге дейiн iс бақылауда болады, орындалуы кiтапта белгiленедi.

      69. Бағалы қағаздар олардың нөмiрi, сондай-ақ иесiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты көрсетiлiп тiркеледi. Салымдар мен өзге де түрдегi мемлекет кiрiсiне аударуға жататын қорларды тәркiлеу жөнiнде үкiмдi орындау үшiн тиiстi банктерге сол бойынша жаза аударылуға тиiс iстi көрсете отырып, орындау қағаздары жiберiледi, қажет болған жағдайда иесiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты, бағалы қағаздардың нөмiрi көрсетiлiп үкiмнiң немесе шешiмнiң үзiндiсi қоса берiлуi мүмкiн.

      70. Орындау қағазында құжатты берген банк мекемесiнiң толық атауы мен нөмiрi, берiлген күнi, құжатта жазылған сома мiндеттi түрде көрсетiледi. Орындалғаннан кейiн орындау қағазы сот орындаушысы мен судьяның белгiсiмен бiрге iске тiгiледi, кiтапта орындалуы туралы белгi жасалады.

      71. Құндылықтарды, валютаны, бағалы қағаздар мен тәркiлеуге жатпайтын басқа заттарды қайтару туралы заңды күшiне енген сот шешiмi (ұйғарымы) болған кезде, олар қабылданған шешiм туралы тиiсiнше хабарланған күнiнен бастап иесiне немесе сенiм бiлдiрiлген адамға қайтарылуы тиiс. Олай болмаған жағдайда олар заңда белгiленген тәртiппен және мерзiмде мемлекет кiрiсiне алынады.
      Осымен бiр мезгiлде тыйым салуды жою туралы көрсете отырып, тиiстi мекемеге үкiмнiң көшiрмесi немесе одан үзiндi жiберiледi. Мұнда құндылықтарды алу мерзiмiнде олардың иелерiнiң қамауда ұсталған уақыты ескерiлмейдi.

      72. Қамауға алу және тiнту кезiнде алынған наградалар мен құжаттар иесiне қайтарылады, ал егер олар қылмыс жасау заты ретiнде тәркiленген немесе олардың тиесiлiгi анықталмаған жағдайда, олар үкiм көшiрмесiмен бiрге iлеспе хатпен Қазақстан Республикасы Президентiнiң әкiмшiлiгiне жiберiледi, iлеспе хатта iс бойынша наградаларға қатысты белгiленген мәнжайлар көрсетiледi.

      73. Қамаудан босатылғанда немесе iсi тоқтатылған жағдайда, ақтау үкiмiн шығару кезiнде иелерiне олардың барлық жеке құжаттары түгелдей қайтарылады.

6. Заттай дәлелдемелердi жою

      74. Заттай дәлелдемелердi жою комиссиялы түрде жүргiзiледi. Тергеу және анықтау органдарында комиссиялар, iс соның жүргiзуiнде болған қызметкердi, кеңсе қызметкерiн, заттай дәлелдемелердi қоса отырып, кемiнде үш адам құрамында құрылады. Сотта судья, сот орындаушысы және сот хатшысы құрамында құрылады.

      75. Есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды, прекурсорларды және қатты әсер ететiн құралдарды, суық және ататын қаруды, оқ-дәрiлердi жою тергеушi немесе анықтау органы қызметкерiнiң, әскери ведомство, денсаулық сақтау және басқа арнайы мемлекеттiк органдардың өкiлiнiң, заттай дәлелдеменi сақтауға жауапты адамның, кеңсе қызметкерiнiң және сот орындаушысының құрамында құрылады. Жою туралы акт iске қосылады.

      75-1. Контрафактілі өнімдерді жоюды әділет органдары қызметкерінің қатысуымен сот орындаушысы термикалық, химиялық, механикалық не өзге әсер ету жолымен жүргізеді. Жою тәсілін денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау органдарының келісімімен сот орындаушысы белгілейді.
      Жою туралы акті іске тіркеледі.
      Ескаерту. 75-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2007.09.28. N 138, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2007.10.02. N 41, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2007.10.12. N 179, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті төрағасының 2007.09.25. N 548-П, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007.09.27. N 390, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007.10.09. N 344, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007.10.08. N 278 бірлескен бұйрығымен.

      76. Егер иесiне беруге немесе жоюға жататын заттай дәлелдеме ҰҚК, IIМ органдарында, салық полициясында, кеден комитетiнде болса, сот осы органдарға үкiмнiң көшiрмесiн немесе үзiндiсiн жiбередi. Iлеспе хатта оның заңды күшiне енетiн күнi көрсетiледi және орындалуы туралы сотқа хабарлау ұсынылады.
      Егер құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне сатылатын тауарлар мен азық-түлiктер қылмыстық iске байланысты алынғандығы алдын ала белгiлi болса, оларға заттай дәлелдемелердi және басқа алынған заттар мен құндылықтарды, оның iшiнде өндiрiстiк тауарлар мен азық-түлiктердi сатуға қатысуға, сондай-ақ сатуды жүргiзетiн сауда-саттық ұйымдар арқылы сатып алуға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.

      77. Iс бойынша iс жүргiзудi уақытша тоқтату туралы қаулы (ұйғарым) шығару кезiнде, онда заттай дәлелдемелердi, құндылықтарды және осы iс бойынша алынған мүлiктi сақтау орны белгiленедi. Тәркiленуi ықтимал мақсаттағы тыйым салынған мүлiк сараптамалық бағалаудан кейiн сауда-саттық ұйымдар арқылы сатылуы мүмкiн, сатудан түскен сома мұндай жағдайларда бұл iс өзiнде жүргiзуде жатқан органның депозиттiк есебiне енгiзiледi.

7. Қылмыстық iстер бойынша алынған заттай дәлелдемелерге,
құндылықтарға және өзге мүлiкке есеп жүргiзудi және
олардың жай-күйiн бақылау

      78. Iстi сотқа жiберу, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату, басқа тергеу не анықтау органына, басқа сотқа жiберу кезiнде прокурор, тергеу бөлiмшесiнiң, анықтау органының бастығы, соттың (сот алқасының) төрағасы заттай дәлелдемелердiң, iс бойынша алынған заттар мен құндылықтардың орналасу орны көрсетiлген құжаттардың iсте болуын тексеруге, оларды заттай дәлелдемелерге есеп жүргiзу кiтабындағы жазулармен салыстыруға мiндеттi.

      79. Жоғарыда аталған лауазымды адамдар жылына кемiнде бiр рет заттай дәлелдемелердiң жай-күйiн және сақталу жағдайларын, оларды осы Нұсқаулыққа сәйкес қабылдау, есепке алу, беру бойынша құжаттардың жүргiзiлу дұрыстығын тексеруге мiндеттi.
      Тексеру нәтижелерi туралы жоғары тұрған басшылыққа жiберiлетiн акт жасалуға тиiс.

      80. Заттай дәлелдемелерге есеп жүргiзуге, оларды сақтауға жауапты қызметкердi жұмыстан ауыстыру, шығару кезiнде бiрiншi басшылар олардың нақты болуын, олардың алынуы көрiнiс тапқан құжаттардағы жазуларға сәйкестiгiн тексеру бойынша комиссия тағайындайды. Тексеру нәтижелерi жаңа жауапты адамға қабылдау-тапсыру актiсiмен ресiмделедi.

      81. Өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнде ревизиялар мен жоспарлы тексерулер жүргiзу кезiнде мiндеттi түрде заттай дәлелдемелерге есеп жүргiзу мен оларды сақтаудың жай-күйi тексерiледi, олардың нәтижелерi анықтамалар мен актiлерде жазылады. Тоқтатыла тұрған қылмыстық iстер бойынша заттай дәлелдемелердi сақтаудың жай-күйi ерекше белгiленедi.

      82. Алынған заттай дәлелдемелер, құндылықтар мен өзге де мүлiк бүлiнген, жоғалтылған жағдайларда, келтiрiлген зиян азаматтық тәртiппен өтеуге жатады.
      Жауапты адамдардың заттай дәлелдемелердi, құндылықтарды және өзге мүлiктердi беруде олардың жоғалтылуына, бүлiнуiне әкеп соққан тиiсiнше есеп жүргiзу мен сақтау жағдайларын қамтамасыз етпеуi, оларды заңмен көзделген жауапкершiлiкке тарту үшiн негiз болып табылады.
      Заттай дәлелдемелердi қызметтiк және басқа мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.

                                                      N 1-қосымша

        Анықтау, тергеу және сот органдарымен заттай
            дәлелдемелерді, құжаттарды есепке алу
                               Кітабы

_________________________________________________________________
|NN |заттай|са-|іс N |жауап.|сақтау,|заттай|құжаттар|заттай|күні-|
|р/н|дәлел-|ны |айып-|ты тұл|байқау |дәлел-|орындау |дәлел-|нің  |
|   |деме- |   |талу-|ғаның |үшін   |демеге|үшін    |деме- |көрсе|
|   |нің   |   |шы-  |Т.А.Ә.|кімге  |қатыс-|кімге   |лер   |тілуі|
|   |атауы |   |ның, |көрсе-|және   |ты    |берілді,|орын- |мен  |
|   |      |   |сот- |тілуі-|қашан  |соттың|жолданды|дау   |орын-|
|   |      |   |талу-|мен   |берілді|шешімі|        |үшін  |дал- |
|   |      |   |шының|нақты.|және   |шешім-|        |кімге |ғаны |
|   |      |   |құқық|лы сақ|қашан  |ді шы-|        |және  |тура-|
|   |      |   |бұзу-|тау   |қайта- |ғару  |        |қашан |лы   |
|   |      |   |шының| орыны|рылды  |күні  |        |беріл-|белгі|
|   |      |   |Т.А. |      |       |      |        |ді    |     |
|   |      |   |Ә.   |      |       |      |        |      |     |
|___|______|___|_____|______|_______|______|________|______|_____|
| 1 |  2   | 3 |  4  |   5  |   6   |   7  |   8    |   9  |  10 |
|___|______|___|_____|______|_______|______|________|______|_____|

таблицаның жалғасы:

___________________
|NN |жауап-|ескерту|
|р/н|ты ла-|       |
|   |уазым-|       |
|   |ды тұл|       |
|   |-ғалар|       |
|   |-дың  |       |
|   |қолда-|       |
|   |ры.   |       |
|   |Уақыты|       |
|   |және  |       |
|   |күні  |       |
|   |      |       |
|   |      |       |
|___|______|_______|
| 1 |  11  |   12  |
|___|______|_______|

                                                    N 2-қосымша

      Заттай дәлелдемелерді, құжаттарды сотқа түсіруді
                   және тапсыруды есепке алу
                            Кітабы

_______________________________________________________________
|NN |сақтау|сот- |алын- |сома|түсіріл|сақтау|заттай заттай|күні,|
|р/н|-ға   |ісі- |ған   |-ның|-ген   |орыны,|дәлел-|дәлел-|алған|
|   |түскен|нің  |заттар|саны|заттар,|сақтау|деме. |деме- |-дағы|
|   |күні  |нөмі-|-дың, |    |құжат- |үшін  |лер   |лерді,|қолы,|
|   |      |рі.  |құжат-|    |тар    |жауап-|мен   |құжат-|меке-|
|   |      |Құқық|тардың|    |мен    |ты    |құнды-|тар   |менің|
|   |      |бұзу-|атауы |    |құнды- |тұлға-|лықтар|мен   |мөр- |
|   |      |шының|олар- |    |лықтар |ның   |қашан |құнды-|таба-|
|   |      |Т.А.Ә|дың   |    |қашан  |лауа- |және  |лықтар|ны   |
|   |      |кім- |айырым|    |және   |зымы  |ненің |қабыл-|     |
|   |      |нің  |белгі-|    |кіммен |мен   |негі. |даған |     |
|   |      |атқа |лері  |    |және   |тегі  |зінде |тұлға-|     |
|   |      |руын-|мен   |    |қайдан |      |жөнел.|ның   |     |
|   |      |да   |нөмірі|    |алынды |      |тілді |лауа- |     |
|   |      |сақ- |      |    |       |      |      |зымы  |     |
|   |      |тала-|      |    |       |      |      |мен   |     |
|   |      |ды   |      |    |       |      |      |тегі  |     |
|   |      |     |      |    |       |      |      |      |     |
|   |      |     |      |    |       |      |      |      |     |
|   |      |     |      |    |       |      |      |      |     |
|___|______|___  |______|____|______ |______|______| _____|_____|
| 1 |  2   |  3  |  4   | 5  |   6   |  7   |   8  |  9   |  10 |
|___|______|_____|______|____|_______|______|______|______|_____|
|___|______|_____|______|____|_______|______|______|______|_____|

таблицаның жалғасы:

__________________
|NN |алынғ.|ескерту|
|р/н|ан зат|       |
|   |тармен|       |
|   |құжат-|       |
|   |тар   |       |
|   |қайта-|       |
|   |рыл-  |       |
|   |ған,  |       |
|   |беріл-|       |
|   |ген   |       |
|   |тұлға-|       |
|   |ның   |       |
|   |Т.А.Ә.|       |
|   |оның  |       |
|   |төлқұ-|       |
|   |жаты- |       |
|   |ның   |       |
|   |нөмірі|       |
|   |және  |       |
|   |қолы  |       |
|___|______|_______|
| 1 |  11  |  12   |
|___|______|_______|
|___|______|_______|

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады