Кедендік жүк декларациясының электронды көшірмелері туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті 1998 жылғы 30 қараша N 242-п Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 2 желтоқсанда N 689 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы бұйрығымен. ~V011442

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 4-наурыздағы N 294-а P97294a_ "Кеден органдарын автоматтандыру және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті үшін Республикалық деректер алмасу желісінің шаралары туралы" қаулысын одан әрі жүзеге асыру және кедендік шағын құрылымдарды дамыту мақсатында Бұйырамын:
      1. Кедендік рәсімдеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 4 наурыздағы N 294-а "Кеден органдарын автоматтандыру және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті үшін Республикалық деректер алмасу желісінің шаралары туралы" қаулысына сәйкес кедендік жүк декларациясының (әрі - КЖД) электрондық көшірмесі көрсетілгенде ғана жүргізілсін.
      2. Кеден басқармаларының, кедендер мен кеден бекеттерінің бастықтары:
      - ЖАҚ "Акцепт" Корпорациясымен" жайларды жалдауға шарттарды қайтадан жасасын, бұл арада жайларды жалдағаны үшін ақы төлеудің Қазақстан Республикасының Азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылуы ескерілсін;
      - жайлардың өткізілуі қабылдау-өткізу актісімен қатаң жүзеге асырылсын;
      - ЖАҚ "Акцепт" Корпорациясының" кеден мекемелері ғимараттарында орналасқан жайлары мен жабдықтарын қорғауды қамтамасыз етсін;
      - кедендік ресімдеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 4-наурыздағы N 294-а қаулысына сәйкес КЖД-ның электронды көшірмелері бар болатын жағдайда жүргізсін;
      осы бұйрықтың мазмұнын тиісті кеден органдары қызметінің аймағында орналасқан декларанттар мен өзге де мүдделі тұлғаларға жеткізсін.
      3. Кеден мекемелерінің бөлімдері мен автоматтандыру және кедендік

статистика қызметтерінің бастықтары КЖД-ның электронды көшірмелерін 
қалыптастыру жөніндегі заңды тұлғалардың қызметіне бақылау жасауды жүзеге 
асырсын.
     4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің 1997 ж. 17 
сәуірдегі N 100-П "КЖД-ның электрондық көшірмелерін қалыптастыру туралы"; 
1997 ж. 9 қазандағы N 240-П "КЖД-ның электрондық көшірмелері туралы", 
бұйрықтарының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден комитетінің 
1998 ж. 8 қыркүйектегі N 162-П "КЖД-ның электрондық көшірмелері туралы" 
бұйрығының күші жойылған деп саналсын.
     5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды өз өкілеттігімде 
қалдырамын.
     
     Төраға
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады