1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бәсiре стипендиясын төлеу ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Қызметкерлермен жұмыс жүргiзу басқармасы (Вайнталь Л.М.):
1) Заң департаментiмен (Сизова С.И.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бәсiре стипендиясын төлеу ережесiн Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында тiркесiн;
2) Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк
тiркеген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бәсiре стипендиясын төлеу ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бөлiмшелерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жоғары оқу орындарына жiберсiн. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары С.А. Ахановқа жүктелсiн. Ұлттық Банк Төрағасы Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және Ұлттық Банкі Басқармасының денсаулық сақтау 1998 жылғы 21 қараша министрлiгiмен N 243 қаулысымен бекітілген 1998 жылғы 07 желтоқсан келiсiлген N 02-3542 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бәсiре стипендиясын төлеу Ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жоғары оқу орындарының студенттерi мен аспиранттарына бәсiре стипендия (бұдан әрi - стипендия) төлеу тәртiбiн айқындайды.
Ұлттық Банк жыл сайын студенттерге кемiнде жетi стипендия, ал аспиранттарға кемiнде үш стипендия тағайындайды.
Стипендиялар бiр оқу жылына белгiленiп, Ұлттық Банктiң бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен төленедi.
1. Конкурс өткiзудi ұйымдастыру
1. Ұлттық Банк жыл сайын стипендиаттар таңдау мақсатында конкурс (бұдан әрi - Конкурс) жариялап тұрады. Конкурс жариялау туралы шешiмдi (нұсқауды) Ұлттық Банктiң Төрағасы қабылдайды, ол жайында Ұлттық Банктiң қызметкерлермен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi (бұдан әрi - бөлiмше) белгiленген тәртiппен тиiстi бұйрық дайындап, Ұлттық Банк Төрағасының қол қоюына ұсынады.
2. Сонымен қатар бөлiмше белгiленген тәртiппен конкурс комиссиясын (бұдан әрi - Комиссия) құру туралы бұйрықтың жобасын дайындап, Ұлттық Банк басшылығының қол қоюына ұсынады, сонан соң (бұйрыққа қол қойылғаннан кейiн) комиссияның атынан ресми баспасөз органдарында ("Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда") Конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланады.
3. Комиссияны Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары басқарады. Комиссия құрамына мiндеттi түрде заң, бухгалтерлiк есеп, зерттеу және статистика, монетарлық операциялар, банктiк қадағалау департаменттерiнiң басшылары, сондай-ақ бюджеттi жоспарлау және бақылау, қызметкерлермен жұмыс жүргiзу басқармаларының басшылары, сонымен бiрге бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi органның өкiлi кiредi.
4. Комиссия Конкурсты ұйымдастырады және өткiзедi. Конкурс өткiзу үшiн Комиссия Конкурстың тақырыбын, өткiзу жоспарын, берiлетiн стипендияның мөлшерiн бекiтуге тиiс.
5. Комиссия Конкурс ұйымдастыру мәселелерiн шешу және оны өткiзу үшiн мәжiлiстер өткiзедi. Комиссия мәжiлiсiнде Комиссия шешiмi жай көпшiлiк дауыспен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешушi болып саналады. Комиссияның шешiмi Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасында көрсетiлуi тиiс.
2. Конкурсқа қатысушылар
6. Стипендияларды Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жоғары оқу орындарында экономикалық мамандықтар бойынша күндiзгi бөлiмнiң соңғы екi курсының бiрiнде оқитын студенттер мен аспиранттар (бұдан әрi - Кандидаттар) ала алады.
7. Кандидаттар:
1) оқуда үздiк көрсеткiштерге жетуi керек;
2) ғылыми және зерттеу жұмысында қабiлеттiлiк танытуға тиiс.
8. Конкурсқа қатысу үшiн Кандидаттар Ұлттық Банкке мынадай
құжаттарды (бұдан әрi - Ұсыныстар) тапсырады: 1) еркiн түрде жазылған Конкурсқа қатысу негiздемесi (қысқаша) және қатысқысы келетiнi туралы өтiнiшiн; 2) оқудағы үздiк көрсеткiштерiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн; 3) кандидаттардың өздерi жасаған курс, диплом жұмыстарын, ғылыми баяндамаларын, тезистерiн, рефераттарын және басқа жұмыстарын; 4) мемлекеттiк жоғары оқу орындарының Ғылыми Кеңесiнiң (немесе басқару органының) стипендия алуға осы Кандидатты ұсыну туралы (негiздемелерiн көрсете отырып) кепiлдемесiн, шешiмiн ұсынады. 9. Осы Ереженiң 8-тармағының 3-тармақшасында көрсетiлген Кандидаттардың жұмыстары конкурс тақырыбына және мынадай өлшемдерге сәйкес болуға тиiс: 1) маңыздылығы; 2) сонылығы (жаңалығы); 3) ғылыми мәндiлiгi; 4) тәжiрибеге қолдануға жарамдылығы. 10. Комиссия Кандидаттарға қосымша талаптар қоюға құқылы. Қосымша талаптар осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес жарияланған Конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлуi тиiс. 3. Конкурс өткiзу тәртiбi 11. Комиссия Ұсыныстарды Конкурс өткiзу туралы ресми баспасөз органдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап екi ай бойы қабылдайды.
12. Егер Кандидаттардың Ұсыныстары осы Ереженiң талаптарына сай келмесе, Комиссия одан бас тартуға құқылы. Комиссия қарауға қабылданған Кандидаттардың Ұсыныстарына рет номерiн қояды.
13. Комиссия Ұсыныстарды қарауды жеңiлдету мақсатында мынадай көрсеткiштер бойынша оларға алдын ала балл белгiлейтiн болады:
1) оқудағы үздiк көрсеткiштерi - бес балға дейiн;
2) ғылыми және зерттеу жұмысына қабiлеттiлiгi - бес балға дейiн;
3) осы Ереженiң 9-тармағының 1-4-тармақшаларында көрсетiлген өлшемдердiң әрқайсысы бойынша - үш балға дейiн.
14. Алдын ала кемiнде жиырма балл жинаған Кандидаттардың Ұсыныстарын жан-жақты талдау нәтижесi бойынша Комиссия соңғы рет стипендиаттарды iрiктеп алып, оларды дауысқа салады. Комиссияның соңғы шешiмi белгiленген тәртiппен Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесiнiң қарауына ұсынылады.
15. Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесiнiң қаулысымен бекiтiлген Конкурстың қорытындысы, стипендиаттардың есiмдерi, сондай-ақ ең таңдаулы он жұмыс Комиссияның шешiмi бойынша Ұлттық Банктiң ақпараттық басылымы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Хабаршысында" жарияланады.
4. Стипендия төлеу және оның күшiн жою тәртiбi
16. Бөлiмше Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесiнiң қаулысы негiзiнде стипендия тағайындалған соң он күн мерзiмде:
1) стипендиаттар оқитын мемлекеттiк жоғары оқу орындарына тиiстi ақпарат жiбередi;
2) Ұлттық Банктiң Операция бөлiмшесiне белгiленген тәртiппен бекiтiлген қаулының көшiрмесiн және тиiстi өкiмдi жiбередi.
17. Ұлттық Банктiң Операция бөлiмшесi тиiстi құжаттарды алғаннан кейiн оқу жылы iшiнде мемлекеттiк жоғары оқу орындарының шотына стипендияның белгiленген сомасын ай сайын аударып отырады.
18. Жоғары оқу орнының ғылыми кеңесi оқу жылы iшiнде Комиссияға стипендиат туралы мынадай ақпарат берiп отырады:
1) стипендиат сырттай оқуға ауысқан жағдайда, ол жөнiнде кешiктiрмей тиiстi анықтама;
2) студенттiң кезектi емтихан сессиясының нәтижелерiн, оның жетiстiктерiн сипаттайтын басқа да мәлiметтер;
3) аспиранттың жетiстiктерiн сипаттайтын мәлiметтер (баяндамаларының, жарияланған мақалаларының рефераттары).
19. Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесi Комиссияның ұсынысы бойынша мынадай жағдайларда:
1) стипендиат сырттай оқуға ауыстырылғанда;
2) мемлекеттiк жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесi стипендиат туралы
қажеттi ақпаратты бермеген және/немесе уақытылы бермеген жағдайда; 3) оқудағы көрсеткiштерi төмендеп кеткен жағдайда; 4) стипендиат құқық бұзған жағдайда, бәсiре стипендияны қайтарып алу туралы шешiм қабылдауға құқылы. 20. Директорлар кеңесiнiң қаулысы негiзiнде стипендия қайтарып алынатын болса, Бөлiмше: 1) тиiстi қаулы мен өкiмдi тез арада Ұлттық Банктiң Операция бөлiмшесiне беруге; 2) стипендияны қайтарып алу туралы шешiмдi стипендиаттар оқитын мемлекеттiк жоғары оқу орындарына жiберуге тиiстi. Ұлттық Банк Төрағасы Мамандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.