Бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті лицензиялау қағидалары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы 1998 жылғы 12 қазандағы N 15 Қаулы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 17 наурыз N 708 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен.

  ---------------Қаулыдан үзінді------------------- 

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi

      8. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар бланкiлерiн шығару жөнiндегi қызметтi лицензиялау қағидалары туралы" 1998 жылғы 12 қазандағы N 15 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 708 тiркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы туралы" журналында жарияланған, 1999 жыл, N 4)...

___________________________________

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы  Z970077_  заңы 36-бабының нормаларын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 көкектегі  Z952200_  заң күші бар жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді: 
      1. Бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті лицензиялау қағидалары бекітілсін (қоса берілді). 
      2. Жоғарыда аталған Қағидалардың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін. 
      3. Осы Қаулының және жоғарыда аталған Қағидалардың орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсін. 

      Ұлттық комиссияның Төрағасы
     Ұлттық комиссияның мүшелері

                             Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар
                                 жөніндегі ұлттық комиссиясының 
                                  1998 жылғы 12 қазандағы N 15 
                                      қаулысымен бекітілген

Бағалы қағаздар бланкілерін шығару
жөніндегі қызметті лицензиялау
Қағидалары 

 
      Осы Қағидалар "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы  Z970077_  заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 көкектегі  Z952200_  заң күші бар жарлығына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берудің және қайтарып алудың, сондай-ақ осындай лицензияларды қолдануды тоқтата тұрудың және тоқтатудың тәртібін белгілейді. 

1-тарау. Жалпы ережелер  

      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, сондай-ақ лицензиаттардың қызметіне бақылау жасау мақсатында бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады. 
      2. Бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі "Лицензия" деп аталады) негізгі, қолданылу мерзімі шектеусіз болып табылады. 
      3. Лицензияның қолданылуы лицензиаттың бағалы қағаздар бланкілерін шығаруға қатысты үй-жайлар, ғимараттар, құрал-жабдықтар және мүліктер орналасқан аумағымен шектеледі. 

2-тарау. Лицензиаттарға қойылатын талаптар  

      4. Лицензия Қазақстан Республикасының мынадай талаптарға сәйкес келетін: 
      1) бағалы қағаздар бланкілерін дайындауға арналған, олардың жасанды жолмен жасалуын және басқа да қиянаттар жасаудан жоғары дәрежеде қорғалуын қамтамасыз ететін және бағалы қағаздар бланкілерін шығарудың толық циклін білдіретін қолданылып жүрген арнаулы технологиялары мен жабдықтары бар; 
      2) бағалы қағаздар бланкілерін шығару кезінде құндылықтардың сақталуын және полиграфия ұйымдарына қойылатын құпиялық режимін қамтамасыз ету жөніндегі қажетті және жеткілікті жағдайлары бар заңды тұлғаларына беріледі. 

3-тарау. Лицензия үшін ұсынылатын құжаттар 

      5. Лицензия алу үшін Ұлттық комиссияға мынадай құжаттар ұсынылу керек: 
      1) өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесін тіркей отырып, белгіленген үлгідегі өтініш; 
      2) өтінушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы қолданылып жүрген куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
      3) өтінушінің статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
      4) өтінушінің бағалы қағаздар бланкілерін шығаруға арналған полиграфиялық және өзге де құралдары орналасқан үйдің бар екендігін және өтінушінің осы үйге қатысты құқықтарын растайтын құжаттар; 
      5) өтінушінің бағалы қағаздар бланкілерін шығару үшін пайдаланатын полиграфиялық және өзге де құралдардың, осындай құралдардың жекелеген бірліктерінің функциялық мақсатын және өтінушінің осы құралған қатысты құқықтарын көрсете отырып, тізбесі (интеллектілік меншік нысанасын құрайтын технологияларды пайдалану кезінде - өтінушінің осындай технологияларға қатысты құқықтарын растайтын құжаттар); 
      6) бағалы қағаздар бланкілерін шығару үшін өтінуші пайдаланатын технологиялық тәсілдерді қолдана отырып полиграфиялық және өзге де құралдармен өтінушінің өндірген өнімінің үлгілері; 
      7) бағалы қағаздар бланкілерінің жасанды жолмен жасалудан және басқа қиянаттар жасаудан қорғалуын қамтамасыз етілетін арнаулы тәсілдердің қысқаша түсіндірмесі (қызметтік және коммерциялық құпияны ашпай); 
      8) өтінушідегі құпиялық режимінің жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті органының қорытындысы; 
      9) өтінушінің полиграфиялық өндірістегі құндылықтардың сақталу режимінің жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі органының қорытындысы; 
      10) өтінушінің лицензиялық алымды төлегендігі туралы, оның келіп түскендігі туралы белгі қойылған төлем құжаттарының көшірмелері. 
      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға өтінушінің сәйкестігін тексеру мақсатында Ұлттық комиссия өтінушіден осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілгендерден басқа қосымша құжаттарды ұсынуды талап етуге, сондай-ақ өтінуші туралы қажетті мәліметтер алу үшін басқа тұлғаларға жүгінуге құқылы. 
      7. Өтінушінің осы Қағидалардың 5-6-тармақтарына сәйкес Ұлттық комиссияға ұсынылған құжаттарға қол қойған қызметкерлері осы құжаттардағы мәліметтердің нақтылығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілікте болады. 

4-тарау. Құжаттарды қарау және лицензиялар беру  

      8. Ұлттық комиссия осы Қағидалардың 5-тармағының 2)-10) тармақшаларында аталған барлық құжаттар болмаған кезде өтінушінің лицензия алуға өтінішін қабылдамайды және қарамайды. 
      9. Ұлттық комиссия Лицензия алу үшін қабылданған құжаттарды қабылданған күннен бастап он бес күн ішінде қарайды. Осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес қосымша құжаттар ұсынылған жағдайда аталған қарау мерзімі жаңартылады. 
      10. Бағалы қағаздар бланкілерін шығаруды қолдан жасалудан және басқа да қиянат жасаудан қорғалуының жорамалданған жеткілікті дәрежелері туралы негізделген шешім қабылдау үшін Ұлттық комиссия сарапшыларға (мамандарға) және осы мәселеге құзырлы ұйымдарға кеңеспен жүгінуге құқылы. 
      11. Өтінуші осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға, ал олардың Лицензия алу үшін ұсынған құжаттары қолданылып жүрген заңдардың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде және бағалы қағаздарды шығаруды қолдан жасалудан және басқа да қиянат жасаудан жорамалданған жеткілікті қорғалу дәрежелері болған кезде өтінушіге Лицензия беру туралы мәселе Ұлттық комиссия Директоратының жақында болатын отырысының қарауына ұсынылады. 
      12. Ұлттық комиссияның Директораты оң шешім қабылдаған жағдайда өтінушіге Лицензия беріледі.
      Лицензия берген кезде оның бланкісінің "Лицензияны қолданудың ерекше шарттары" бағанасына өтінушінің бағалы қағаздар шығаруға қатысты үй-жайлар, ғимараттар, құралдар және мүліктер орналасқан аумағының орналасқан жері (мекен-жайы) туралы жазба жасалады.
      13. Лицензия бірінші басшыға не өтінушінің тиісті үлгімен ресімделген сенімхатының негізінде кез-келген тұлғаға беріледі.

5-тарау. Лицензия бергендік үшін алым  

      14. Лицензиялық алымның мөлшері және оны төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.     

6-тарау. Лицензия беруден бас тарту
және ол жөнінде шағым жасау

      15. Лицензия беруден бас тарту мына негіздердің кез-келгені бойынша жүргізіледі:
      1) өтінуші жатқызылған ұйымдар санаттары үшін бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға заң актілерімен тыйым салынса; 
      2) өтінушіге бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға соттың тыйым салған шешімі бар болса; 
      3) өтінуші осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе; 
      4) өтінушінің Лицензия алу үшін осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ұсынған құжаттарының ресімделуі және мазмұны тиісті дәрежеде болмаса; 
      5) өтінуші осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес қосымша құжаттарды ұсынбаса; 
      6) өтінушінің лицензия алу үшін осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарына сәйкес ұсынған құжаттарында нақты емес мәліметтер анықталса; 
      7) бағалы қағаздар бланкілерін шығаруды қолдан жасалудан және басқа да қиянат жасаудан қорғалуының жорамалданған жеткілікті дәрежесі болмаса, оның ішінде (бірақ болуы мүмкін): 
                                     2 
      - қағаз тығыздығының 70 грамм/м кем болуы; 
      - қағазды қолдан жасалудан қорғалу элементтерінің (сулық белгілер, жіптер, дақ түсіру және басқалар) болмауы; 
      8) өтінушінің лицензиялық алымды төлемеуі. 
      16. Мәселе Лицензия беруден бас тарту туралы шешім Ұлттық комиссияның Директоратында қабылданатын Ұлттық комиссияның Директоратының отырысында қаралған жағдайды қоспағанда, Лицензия беруден бас тарту туралы шешімді Ұлттық комиссияның Төрағасы немесе оның Лицензиялау және қадағалау басқармасына жетекшілік ететін атқарушы директоры қабылдайды. 
      17. Лицензия беруден дәлелді жазбаша бас тарту өтінушіге осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген мерзімде берілуі керек. 
      18. Егер, осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген мерзім ішінде өтінушіге Лицензия берілмеген не алынған Лицензия беруден бас тарту оған негізсіз берілген жағдайда, өтінуші Ұлттық комиссияның әрекеті жөнінде сотқа шағымдануға құқылы. 

7-тарау. Осы Қағидалардың сақталысына бақылау жасау  

      19. Осы Қағидалардың орындалысына Ұлттық комиссия жүзеге асыратын бақылау жасауға: 
      1) осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға лицензиаттың сәйкестігін тексеру; 
      2) лицензиаттың осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарына сәйкес ұсынған құжаттар мазмұнындағы мәліметтердің нақтылығын тексеру; 
      3) бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті реттейтін қолданылып жүрген заң нормаларына лицензиаттың сәйкестігін тексеру кіреді. 
      20. Осы Қағидалардың орындалысына бақылау жасау барысында Ұлттық комиссия лицензиатқа оның атқарушы органының орналасқан жері және бағалы қағаздар бланкілерін шығаруға қатысты үй-жайлар, ғимараттар, құралдар және мүліктер орналасқан аумағының орналасқан жері бойынша тексеріс жүргізуге құқылы. Осындай тексерістердің нәтижелері лицензиаттың қызметін тексеру актілерімен ресімделеді. 
      Лицензиатты тексеру лицензиаттарды тексеру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. 
      Бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті реттейтін қолданылып жүрген заң талаптарын лицензиаттың бұзғандығы туралы ақпарат бар болса жоспардан тыс тексерістер жүргізілуі мүмкін. 
      Лицензиатқа тексерістер жүргізу кезінде Ұлттық комиссияның қызметкерлері: 
      1) лицензиаттың бағалы қағаздар бланкілерін шығаруға арналған полиграфиялық және басқа да құралдарға, осы құрал орналасқан үй-жайға, бағалы қағаздар бланкілерін шығаруға қатысты үй-жайлар, ғимараттар, құралдар және мүліктер орналасқан аумаққа шолу жүргізуге; 
      2) бағалы қағаздар бланкілерін шығаруға қатысты технологиялық және есеп жүргізу құжаттамаларымен танысуға; 
      3) лицензиаттың полиграфиялық өндірісіндегі құндылықтардың құпиялық режимін қамтамасыз ететін жүйелермен танысуға; 
      4) бағалы қағаздар бланкілеріне, сондай-ақ оларды шығаруға арналған шикізаттар мен жартылай фабрикаттарға есеп жүргізудің дұрыс жолға қойылуын зерделеуге құқылы. 
      21. Лицензиат Ұлттық комиссияға мерзімді және қолданылып жүрген заңға сәйкес өзге де есеп берушілікті беруге міндетті. 
      22. Лицензиат Ұлттық комиссияны осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарына сәйкес Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттар мазмұндағы мәліметтерге жасалған кез-келген өзгерістер туралы мәліметтерге өзгерістер жасалған күннен бастап он күн ішінде жазбаша ескертуге міндетті. 
      23. Лицензиат Ұлттық комиссияға оның жазбаша талап етуі бойынша бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі өзінің қызметі туралы кез- келген ақпаратты осындай талап етуді алған күннен бастап он күн ішінде, егер Ұлттық комиссия талап етілген ақпаратты беруге арналған аса ұзақ мерзімін белгілемесе, беруге міндетті. 

8-тарау. Лицензияны қолдануды тоқтата
тұру және тоқтату  

      24. Лицензияны қолдану Ұлттық комиссияның шешімімен мынадай негіздердің кез-келгені бойынша: 
      1) осы Қағидалардың 5-ші және 6-тармақтарына сәйкес Лицензия алу үшін лицензиат ұсынған құжаттарда нақты емес мәліметтер анықталса; 
      2) лицензиат бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті реттейтін заңды бұзса; 
      3) лицензиат осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе; 
      4) лицензиат шығаратын бағалы қағаздар бланкілерінде қолдан жасалу және басқа да қиянат жасаудан қорғалудың жеткілікті дәрежесі болмаса; 
      5) лицензиаттың полиграфиялық өндірісіндегі құпиялық режимін немесе құндылықтардың сақталысын лицензиат қамтамасыз етпеуіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің органдарының ұсынысы бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады. 
      25. Ұлттық комиссия Директоратының Лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы шешімінде тоқтата тұрудың себебі көрсетілу керек. 
      Ұлттық комиссияның Директораты Лицензияны қолдануды тоқтата тұрудың себептерін жоюдың шекті мерзімін белгілеуге құқылы. 
      Ұлттық комиссияның Директораты Лицензияны қолдануды тоқтата тұрудың мерзімін оны қолдануды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі алты айдан аспайтын шартпен ұзартуға құқылы. 
      26. Лицензияны қолдану тоқтатыла тұрылғанда лицензиат осындай тоқтата тұрудың себептерін жоюға міндетті. 
      Лицензиаттың Ұлттық комиссияның Лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы жазбаша ескертпесін алғаннан кейінгі бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметі заңсыз болып табылады және қолданылып жүрген заңдармен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
      27. Лицензияны қолдануды тоқтата тұру себептері жойылғаннан кейін Ұлттық комиссияны жазбаша ескертудің негізінде оны қолдану жаңартылады.
      28. Лицензияны қолдану:
      1) лицензиаттың қызметі тоқтатылған (лицензиатқа басқа заңды тұлға қосылған жағдайды қоспағанда);
      2) лицензиаттың өтініші бойынша Ұлттық комиссия Директоратының шешімімен;
      3) Лицензия қайтарылып алынған жағдайларда тоқтатылады.
      29. Лицензия Ұлттық комиссия Директоратының шешімімен мынадай негіздердің кез-келгені бойынша қайтарылып алынады:
      1) Лицензияны қолдану мерзімі тоқтатыла тұрылған себептер жойылмаса;
      2) лицензиатқа бағалы қағаздар бланкілерін шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тыйым салатын соттың шешімі болса.
      30. Ұлттық комиссияның Лицензияны тоқтата тұру немесе қайтарып алу туралы шешімі жөнінде сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.     

       Ұлттық комиссиясының
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады