Кастодиан-банктердің кастодиандық қызметін жүзеге асыру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1998 жылғы 31 желтоқсан N 341 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 18 наурызда N 712 тіркелді. Нұсқаулықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен.

      Кастодиан-банктер орындайтын операциялардың есебін жүргізуді және бақылауды ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Екінші деңгейдегі банктердің мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары сеніп тапсырған ақшасы мен құнды қағаздарын сақтауды және есебін жүргізуді жүзеге асыру ережесі, Екінші деңгейдегі банктердің мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары сеніп тапсырған ақшасы мен құнды қағаздарын сақтау және есебін жүргізу жөнінде есеп беріп отыруы туралы нұсқаулық (РҚАО-ның ескертуі: Нұсқаулықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен . )  бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Банктік қадағалау департаментімен бірлесіп (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары сеніп тапсырған ақшасы мен құнды қағаздарын сақтауды және есебін жүргізуді жүзеге асыру ережесін, Екінші деңгейдегі банктердің мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары сеніп тапсырған ақшасы мен құнды қағаздарын сақтау және есебін жүргізу бойынша есеп беріп отыруы туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін.
      3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күн мерзімде осы қаулыны және жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.    

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

Қазақстан Республикасының                
Ұлттық Банкі Басқармасының               
1998 жылғы 31 желтоқсандағы               
N 341 қаулысымен                     
Бекітілген                        

Екінші деңгейдегі банктердің мемлекеттік емес жинақтаушы
зейнетақы қорлары сеніп тапсырған ақшасы мен құнды
қағаздарын сақтауы және есебін жүргізу жөнінде
есеп беріп отыруы туралы
Нұсқаулық

      Ескерту. Нұсқаулықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 150 қаулысымен .

      Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"  Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес жасалған және өздеріне сеніп тапсырған мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - зейнетақы қорлары) ақшасы мен құнды қағаздарын (бұдан әрі - зейнетақы активтері) сақтау және есептеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - кастодиан банктер) есеп беру түрлерін, оларды жүргізу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) мен зейнетақы қорларына беру тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулықта зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданылып жүрген заңда белгіленген түсініктер пайдаланылған.
      2. Кастодиан-банк өзіне сеніп тапсырған зейнетақы активтерінің зейнетақы қорларының сақталуы және есебін жүргізу осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен және мерзімде (бұдан әрі - есептер) бойынша есеп береді.
      3. Есеп:
      1) Қазақстан Республикасындағы кастодиандық қызмет нәтижелері туралы статистикалық ақпарат жинау;
      2) кастодиан-банктердің зейнетақы активтерін сақтау және есебін жүргізу жөніндегі қызметіне бақылау жасау;
      3) Банк заңдарының нормаларын бұзғаны үшін Ұлттық Банктің кастодиан-банктерге уақытылы және тиісті шаралар қабылдауы;
      4) кастодиан-банктердің зейнетақы активтерін мақсатты инвестициялауы үшін мониторинг жүргізу мақсатына беріледі.
      4. Кастодиан-банктер апта сайын Ұлттық Банкке, Қазақстан Республикасының құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясына және тиісті зейнетақы қорларына есеп береді.
      5. Кастодиан-банктердің есептерінен алынған ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды Ұлттық Банктің банктік қадағалау бөлімшесі жүргізеді.

2-тарау. Есеп беру тәртібі

      6. Кастодиан банктердің есебі-екі есеп беруден тұрады:
      1) Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерінің жағдайы туралы жиынтық есеп (осы Нұсқаулыққа N 1 Қосымша);
      2) Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелері туралы жиынтық есеп (осы Нұсқаулыққа N 2 Қосымша).
      7. Кастодиан-банктер Ұлттық Банкке есепті қағазға жазып және Ұлттық Банк белгілеген үлгі бойынша электронды жазбамен береді. Есеп Ұлттық Банкке келіп түскен күн оның берілген күні болып саналады. Есеп Ұлттық Банкке:
      1) электронды жазбада - есеп берілгеннен кейінгі аптаның алғашқы жұмыс күнінің 17 сағат 30 минутынан кешіктірмей;
      2) қағазға жазылғаны - есеп берілгеннен кейінгі аптаның екінші жұмыс күнінің 17 сағат 30 минутынан кешіктірмей беріледі.
      8. Қағазға түсірілген есеп компьютерлік техниканы пайдалану арқылы жасалады және басылып шығарылады. Басқа түрде немесе қандай да бір түзетулермен берілген есептер қабылданбайды және тексерілмей қайтарылады.
      9. Қағазға жазылған есеп үш дана етіп жасалады, сонымен бірге есептің бір данасы Ұлттық Банктің банктік қадағалау бөлімшесіне, екіншісі - кастодиан-банктің мекен-жайы бойынша Ұлттық Банктің тиісті филиалына, үшінші данасы кастодиан-банкте қалады.
      10. Алматы қаласына орналасқан кастодиан-банктер есепті өздерінің пайдалануындағы байланыс құралы бойынша (Х-400 "alm stаtistiка", модемдік байланыс арқылы немесе Ұлттық Банктің) Алматы Бас филиалы арқылы "аlм gatu_ecs" белгі беру дыбысына) тікелей Ұлттық Банктің есептеу жұмысы бөлімшесіне жібереді.
      11. Алматы қаласынан тыс орналасқан кастодиан-банктер электронды жазбадағы есепті кастодиан-банктің мекен-жайы бойынша Ұлттық Банктің тиісті филиалына жібереді.
      12. Ұлттық Банктің есептеу жұмыс бөлімшесі есепті алған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей оларды Ұлттық Банктің банктік қадағалау бөлімшесінің ақпарат-статистика басқармасына жібереді.
      13. Берілген есептерден қандай да бір сәйкессіздік немесе қате байқалған жағдайда Ұлттық Банк оларды көрсетуге және осы көрсеткен ескертулерді ескере отырып есепті қайта ұсынуды талап етуге тиіс.
      14. Есептің уақытылы, толық және нақты берілу жауапкершілігі кастодиан-банктің бірінші басшысы мен бас бухгалтеріне жүктеледі.
      Кастодиан-банктің есеп жасауға жауапты қызметкерлері, есепті ұсынар алдында Ұлттық Банкке берілетін есебінің мәліметтерді кастодиан-банктің күнделікті баланстық есеп берудегі мәліметтерімен салыстырады, сондай-ақ барлық соманы алдыңғы есептегі тиісті сомалармен салыстырып, есеппен бірге болған өзгерістер туралы қысқаша түсініктемені бірге береді.    

3. Қорытынды ережелер

     15. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңда белгіленген тәртіппен шешіледі.    

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі             
Басқармасының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы          
N 341-қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі       
банктердің өздеріне сеніп тапсырылған мемлекеттік     
емес жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасы        
мен құнды қағаздарын сақтау және есебін           
жүргізу жөнінде есеп беріп отыруы туралы нұсқаулыққа    
N 1 қосымша                                

Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының
зейнетақы активтерінің жағдайы туралы
жиынтық есеп
199___"_____"_________"____"________ кезеңде

      Кастодиан-банктің атауы ____________________________________________
                                        (құны мың теңге)

             Баптардың атауы                         |Мемлекеттік емес
                                                     |жинақтаушы зейнетақы
                                                     |қорының атауы

|Зейнетақы жарнасы+ басқа қорлардан аударылған жинақ. |                   
|талған зейнетақы қаражаты                            |                   
|                                                     |                   
|1. Жинақталған зейнетақы қаражаты (зейнетақы жарнасы.|                   
|нан түскен комиссиялық зейнетақыны қоспағанда),      |                   
|оның ішінде                                          |                   
|1.1. Азаматтардың міндетті және ерікті зейнетақы     |                   
|жарналары                                            |                   
|                                                     |                   
|1.2. Инвестициялық кіріс (есептелген), оның ішінде   |                   
|инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақылар  |                   
|                                                     |                   
|2. Зейнетақылар активтері, оның ішінде               |                   
|                                                     |                   
|2.1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қысқа     |                   
|мерзімді құнды қағаздары                             |                   
|                                                     |                   
|2.2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орта      |                   
|мерзімді және ұзақ мерзімді құнды қағаздары          |                   
|(1 жыл және одан да көп айналым мерзімімен)          |                   
|                                                     |                   
|2.3. Халықаралық қаржы ұйымдарының құнды қағаздары   |                   
|                                                     |                   
|2.4. Қазақстан қор биржасының "A" листингіне енгізіл.|                   
|ген эмитенттердің акциялары                          |                   
|                                                     |                   
|2.5. Қазақстан қор биржасының "A" листингіне енгізіл.|                   
|ген эмитенттердің облигациялары                      |                   
|                                                     |                   
|2.6. Депозиттік (банктік) сертификаттар (Қазақстан   |                   
|Республикасының Ұлттық Банкі мақұлдаған тізбеге      |                   
|сәйкес)                                              |                   
|                                                     |                   
|2.7. Банктегі депозиттер (Қазақстан Республикасының  |                   
|Ұлттық Банкі мақұлдаған тізбеге сәйкес)              |                   
|                                                     |                   
|2.8. Басқа да активтер                               |                   
|Барлық орналастырылған зейнетақы активтері           |                   
|3. Кастодиан-банктің зейнетақы қорларына қызмет      |                   
|көрсету бойынша шығыстары                            |                   
|3.1. Алушы-салымшының зейнетақы төлемдері            |                   
|3.2. Басқа да төлемдер                               |                   
|Барлық шығыстар                                      |                   
|Таза зейнетақы активтерінің құны - барлығы           |                   
|_____________________________________________________|____________________    

     Төраға ___________                  Бас бухгалтер ________________    

     Мөрдің орны                                                                      

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі              
Басқармасының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы         
N 341-қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі       
банктердің өздеріне сеніп тапсырылған мемлекеттік     
емес жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасы        
мен құнды қағаздарын сақтау және есебін           
жүргізу жөнінде есеп беріп отыруы туралы          
Нұсқаулыққа                           
N 2 қосымша                           

Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының
зейнетақы активтерін инвестициялау туралы
жиынтық есебі

      199___"_____"_________"____"________ кезеңде    

     Кастодиан-банктің атауы ____________________________________________
                                        (құны мың теңге)

              Баптардың атауы                         |Мемлекеттік емес   
                                                      |жинақтаушы зейнетақы
                                                      |қорының атауы  

|1. Жинақталған зейнетақы қаражатын инвестициялаудан  |                   
|есептелген табыс немесе кіріс                        |                   
|                                                     |                   
|1.1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қысқа     |                   
|мерзімді құнды қағаздары                             |                   
|                                                     |                   
|1.2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орта      |                   
|мерзімді және ұзақ мерзімді құнды қағаздары (1 жыл   |                   
|және одан да көп айналым мерзімімен)                 |                   
|                                                     |                   
|1.3. Халықаралық қаржы ұйымдарының құнды қағаздары   |                   
|                                                     |                   
|1.4. Қазақстан қор биржасының "A" листингіне енгізіл.|                   
|ген эмитенттердің акциялары                          |                   
|                                                     |                   
|1.5. Қазақстан қор биржасының "A" листінгіне енгізіл.|                   
|ген эмитенттердің облигациялары                      |                   
|                                                     |                   
|1.6. Депозиттік (банктік) сертификаттар (Қазақстан   |                   
|Республикасының Ұлттық Банкі мақұлдаған тізбеге      |                   
|сәйкес)                                              |                   
|                                                     |                   
|1.7. Банктегі депозиттер (Қазақстан Республикасының  |                   
|Ұлттық Банкі мақұлдаған тізбеге сәйкес)              |                   
|                                                     |                   
|1.8. Басқа да инвестициялар                          |                   
|Барлық табыс немесе шығын                            |                   
|_____________________________________________________|____________________   

 Төраға __________________            Бас бухгалтер _________________  

 Мөрдің орны     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады