Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді валюта ноттарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 359 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 18 маусымда N 807 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 15 шілдедегі N 88 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарының iшкi рыногын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.): 
      1) Заң департаментiмен (Сизова С.И.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзсiн; 
      2) осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн, оларға осы қаулыны және аталған Ереженi алған күннен бастап бiр апта мерзiмде бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына жiберудi мiндеттесiн. 
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін. 

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1998 жылғы 31 желтоқсандағы 
N 359 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
қысқа мерзiмдi валюта ноттарын орналастыру,
айналысқа шығару және өтеу ережесi  

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi эмиссиялайтын қысқа мерзiмдi валюта ноттарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу тәртiбiн реттейдi. 

1. Жалпы ережелер  

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттары айналымдағы ақша массасын реттеуге арналған ақша-кредит және валюта саясатының құралы болып саналады. 
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын шығарғанда, айналысқа шығарғанда және өтеген кезде есеп айырысу теңгемен жүргiзiледi. 
      3. Валюта АҚШ долларын немесе ЕВРО-ны бiлдiредi. 
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi 90 күнге дейiнгi айналыс мерзiмiмен айналысқа шығарады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бастапқы кезде нақты құнынан төмен сатады және нақты құны бойынша өтейтiн болады. 
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттары айналысқа түсетiн мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады. 
      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарының шығарылу күні, ең жоғары түсімділік деңгейi және айналыс мерзiмi оларды шығару тәртiбiн хабарлаған кезде айқындалады. 
      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттары құжаттамасыз нысанда шығарылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарының нақты құны 100 валюта бiрлiгiн құрайды. 
      8. Кесiмдi баға - тапсырыстарды қанағаттандырумен аяқталатын ең төменгi дисконттелген баға. 
      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын орналастыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары - Алғашқы агенттер арқылы жүзеге асырылады. 
      10. Бағалы қағаздар рыногында дилерлiк және/немесе брокерлiк қызметтi жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясының лицензиясы бар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарымен операцияларға қызмет көрсету туралы шарт жасасқан бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары болып саналатын заңды тұлға алғашқы агент бола алады. 
      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарымен операцияларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Алғашқы агент арасында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарымен операцияларға қызмет көрсету туралы шарт жасалады. 
      12. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын орналастыру екi әдiспен жүзеге асырылады: 
      - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өткiзетiн аукцион әдiсiмен; 
      - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шығарған қысқа мерзiмдi валюта ноттарын Алғашқы агентпен келiсiлген баға бойынша сату әдiсiмен. 
      13. Аукциондық әдiсте тапсырыстарды қанағаттандыру ең аз дисконттан басталады да, барлық жарияланған эмиссия көлемi тамамдалатын кездегi дисконтпен аяқталады. 
      14. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өзi жүргiзiп отырған ақша-кредит және валюта саясатының бағыттарына, сондай-ақ қаржы рыногындағы қалыптасқан жағдайға сәйкес аукционға қатысушылардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын сатып алуға берген өтiнiмдерiн аукцион шарттарында белгiленген көлемнен төмен не жоғары мөлшерде қанағаттандыруға құқылы. 
      15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аукцион өткiзiлетiн күнi және/немесе келесi жұмыс күнi аукционда қалыптасқан орташа алынған дисконттелген бағадан төмен емес баға бойынша, мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге уәкiлеттi бөлiмшеге жетекшiлiк ететiн Төрағаның орынбасары белгiлеген көлемге жеткенше өзi шығарған қысқа мерзiмдi валюта ноттарымен толықтырып орналастыруға құқылы. 
      16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Алғашқы агентпен келiсе отырып өзi шығаратын қысқа мерзiмдi валюта ноттарының өтеу мерзiмiн ауыстыруға құқылы. 
      17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өзi жүргiзiп отырған ақша-кредит және валюта саясатының бағыттарына сәйкес қаржы рыногының жағдайына оперативтi ықпал ету мақсатында мемлекеттiк бағалы қағаздардың қайталама рыногында өзi шығарған қысқа мерзiмдi валюта ноттарын сатып алуға және сатуға құқылы. 
      18. Инвесторлар Алғашқы агенттермен бағалы қағаздар рыногында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарымен мәмiлелерге қызмет көрсетуге шарт жасай отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарымен мәмiленi тек солар арқылы ғана жүзеге асырады. 

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа
мерзiмдi валюта ноттарының аукционын өткiзу тәртiбi
және оларды алғашқы агенттермен келiсiлген баға бойынша
сату жолымен орналастыру  

      19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын орналастыруға байланысты барлық ақпарат Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген мәлiметтер беретiн электронды жүйе арқылы берiледi. 
      20. Мәлiметтер беретiн электронды жүйе бойынша берiлген барлық электронды хабарлар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орнатқан бағдарлама-киптографиялық қорғау жүйесiнiң көмегiмен шифрланады. 
      21. Мәлiметтер беретiн электронды жүйе арқылы хабар берудiң техникалық мүмкiндiгi болмаған жағдайда, хабардағы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген нысандар бойынша қағаз жазбада беруге рұқсат етiледi. 
      22. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қысқа мерзiмдi валюта ноттарының аукциондарын өткiзуден кем дегенде 1 жұмыс күнi бұрын Алғашқы агенттерге мәлiметтер беретiн электронды жүйе арқылы аукцион өткiзу талаптарын хабарлап, сонымен бiрге оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. 
      23. Мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногының қатысушылары аукцион өткiзiлетiн күнi шығару шарттарында белгiленген көлемде, бәсекелiк және бәсекелiк емес ұсыныстармен бiрге өтiнiмдер бере алады. 
      24. Берiлген өтiнiмнiң бәсекелiк ұсыныстарында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарының саны, валютамен көрсетiлген бiр ноттың ұсынылған дисконттелген бағасы, нақты құны және валютамен көрсетiлген дисконттелген бағасы көрсетiледi. 
      25. Бәсеке емес ұсыныстарда аукционда валютамен көрсетiлген бағамен қалыптасқан орташа алынған баға бойынша қатысушылар сатып ала алатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарының жалпы бағасы ғана көрсетiледi. 
      26. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарының аукционын өткiзетiн күнi 9.00-ден 11.00-ге дейiн Алғашқы агенттер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге уәкiлеттi бөлiмшесiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын сатып алуға электронды жүйе арқылы бәсекелiк және бәсекелiк емес ұсыныстармен бiрге өтiнiмдер бередi. 
      27. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын сатып алуға берiлетiн өтiнiмдер оны автоматты режимде беруге арналған белгiленген нысандағы бланктi толтыру жолымен ресiмделедi. 
      28. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге уәкiлеттi бөлiмшесi аукцион өткiзiлетiн күнi 11.00-ден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын сатып алу өтiнiмдерiн жиынтық ведомосқа қорытындылайды, оған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге уәкiлеттi бөлiмшесiнiң басшысы қол қойып, аукцион өткiзiлген күнi 11.30-да Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге уәкiлеттi бөлiмшесiне жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарына ұсынады. 
      29. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басшылығы 11.30-дан 12.00-ге дейiн аукцион өткiзу үшiн аукционда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарының талаптары және сатып алу өтiнiмдерiн қанағаттандыру көлемi жөнiнде шешiм қабылдайды. Аталған шешiм мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге уәкiлеттi бөлiмшеге жетекшiлiк ететiн Төрағаның орынбасары қол қойған өкiммен ресiмделедi. 
      30. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аукционның талаптарын жариялаған кезде қаржы рыногындағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Алғашқы агенттер мен резидент емес инвесторларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарының бәсекелiк емес өтiнiмдерiнiң қанағаттандыру үлесiн, сондай-ақ сату көлемiнiң үлесiн дербес анықтайды. 
      31. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi оперативтi түрде, аукцион өткiзiлетiн күнi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттары аукционының жарияланған шарттарының қысқа мерзiмдi валюта ноттарын Алғашқы агенттердiң және инвесторлардың сатып алуын, резидент еместердiң қатысуын және бәсеке емес өтiнiмдердi қанағаттандыруды шектеу бөлiгiн өзгертуге құқылы. 
      32. Мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге уәкiлеттi бөлiмше Алғашқы агенттерге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын сатып алуға берген өтiнiмдерiнiң қанағаттандырылған көлемi туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарының аукционы өткiзiлетiн күнi 13.00-ге дейiн хабарлайды. 
      33. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары қол қойған тиiстi өкiм негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын қосымша орналастыру туралы шешiм қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге уәкiлеттi бөлiмшесi мәлiметтер беретiн электронды жүйе арқылы Алғашқы агенттерге қосымша орналастыру көлемiн және орташа алынған дисконттелген баға жөнiнде хабарлайды. 
      34. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын қосымша орналастыру Алғашқы агенттердiң қосымша орналастыру кезiнде сатып алған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын төлеу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген күнi 16.00-ге дейiн Алғашқы агенттерден өтiнiмдер түсуiне қарай жүзеге асырылуы мүмкiн. Қосымша орналастыру кезiнде өтiнiмдер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне нақты келiп түсу уақытына қарай басымдыққа ие болып, қанағаттандырылатын болады. 
      35. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюталық нотын қосымша орналастырғанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге уәкiлеттi бөлiмшелерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын қосымша орналастырудың күндiзгi 16.30 дейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын сатып алуға өтiнiмдерiн қанағаттандыру көлемi туралы хабарламаны Алғашқы агенттерiне бередi. 
      36. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюталық нотын сатып алуға ақы Алғашқы агенттерiмен ақы төленетiн күннен бұрынғы күнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы бойынша теңгемен төленедi. 
      37. Алғашқы агенттер аукционнан сатып алынған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюталық нотысының ақысына немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Алғашқы агенттер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзімді валюта ноттарына ақы төлеу үшiн бекiткен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюталық ноттарын күндiзгi 17.00-дан кешiктiрмей қосымша орналастырғаннан кейiн қаражат аударуға мiндеттi. 
      38. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге уәкiлеттi бөлiмшелерi әр Алғашқы агенттен қанағаттандырылған өтiнiмдер көлемiне және олар түскеннен кейiнгi жұмыс күнiне түскен ақшаның сәйкестігін тексередi, 11.00-ге дейiнгi мерзiмде деректер хабарлайтын электрондық жүйе бойынша Алғашқы агенттерге сатып алынған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарына төлемге ақша түскенi туралы хабарламаны және Бағалы қағаздар депозитарийiне мемлекеттiк бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiмiн бередi. 
      39. Егер Алғашқы агенттен 17.00-ге дейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарының ақысына қаражат түспесе, онда 17.00-ден кейiн түскен ақша бiр күнге мерзiмi өтiп түскен ақша есебiнде қаралады. 
      40. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнен деректер хабарлайтын электрондық жүйе арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын сатып алуға түскен ақша туралы хабарламаны алғаннан кейiн Алғашқы агенттер инвесторға қағаз жүзiнде, егер инвестордың Алғашқы агентпен шартында басқаша көзделмесе, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарына оның меншiк құқығын куәлендiретiн куәлiк бередi. 
      41. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi шығаратын қысқа мерзiмдi валюта ноттарын Алғашқы агенттермен алдын ала келiсiлген баға бойынша сатқанда қысқа мерзiмдi валюта ноттарының сату көлемi, оның ақысы және өтеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген талаптарға сәйкес және аукциондық әдiспен орналастыру үшiн осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
қысқа мерзiмдi валюта ноттарын
айналысқа шығару және өтеу  

      42. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын айналысқа шығару Алғашқы агенттердiң аукционда ие болған қысқа мерзiмдi валюта ноттарына ақы төлеуi үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген күннен басталады. 
      43. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiм валюта ноттарын есепке алу және ол бойынша құқықтар, сондай-ақ олармен жасалатын мәмiлелерге техникалық қызмет көрсету Алғашқы агенттер бойынша Ұлттық Банк белгiлеген Бағалы қағаздар депозитарийiндегi "депо" есепшоттары бойынша олардың инвесторлары бойынша - делдалдық және/немесе және бiрiншi санаттағы дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар - олардың Алғашқы агенттерде ашылған "депо" есепшоттары бойынша жүзеге асырылады. 
      44. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарының иегерлерi оларды кепiлдiкке беруге, РЕПО операцияларын және керi РЕПО жүргiзуге, қайталама рынокта сатуға және сатып алуға құқылы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарымен қайталама рыноктағы мәмiлелерi көрсетiлген өтем жасалуға тиiстi екi жұмыс күнi iшiнде тоқтатылады. 
      45. Депозитарий Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын өтем жасалатын келесi жұмыс күнi 17.30-дан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарын ұстаушылардың - Алғашқы агенттердiң тiзiмiн, олардың банктiк деректемелерiн, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарының санын және валютадағы нақтылы құны бойынша көлемiн көрсете отырып, мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге уәкiлеттi бөлiмшесiне бередi. 
      46. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарының нақтылы құнын өтеудi өтем жасалатын күннен бұрынғы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы бойынша теңгемен жүргiзедi. 
      47. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттары өтелгеннен кейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге уәкiлеттi бөлiмшесi өтем жасалғаны туралы Депозитарийге хабар жiбередi.
      48. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi валюта ноттарымен операциялар жасау: кепiлдiкке беру, РЕПО операциялары және керi РЕПО, сатып алу немесе сату, сондай-ақ басқа операциялар биржалық және биржадан тыс рыноктарда мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртiбiн реттеушi нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.     

      Ұлттық Банк
       Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады