Қобда ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының аттарын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облыстық Мәслихаты мен облыс Әкiмiнiң жиырмасыншы сессияда қабылдаған 1998 жылғы 18 наурыздағы № 5 шешiмi. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 1998 жылғы 15 сәуірде № 24 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында қазақ тілінде "селолық", "селоларының" сөздері "ауылдық", "ауылдарының" сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтін бойынша орыс тілінде "аульный", "аул" сөздері "сельский", "село" сөздермен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 11 бабы 4) тармақшасына сәйкес, облыстық Мәслихат және облыс Әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қобда ауданы мәслихаты мен әкiмiнiң және облыстық ономастикалық комиссияның ұсыныстары қабылдансын және Қобда ауданындағы:

      Краснояр селолық округi Қызылжар ауыл округi

      Новоалександровка селолық округi Өтек ауыл округi

      Михайловка селолық округi Құрсай ауыл округi

      Сөгәлi селолық округi Сөгәлi ауыл округi

      Краснояр селосы Қызылжар ауылы

      Брусиловка селосы Қаракемер ауылы

      Новоалександровка селдосы Өтек ауылы

      Михайловка селосы Құрсай ауылы

      Зеленый дол селосы Көк уй ауылы болып, аттары өзгертiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiмет жанындағы ономастикалық комиссияның қарауына енгiзiлсiн.

      Облыстық Мәслихаттың
сессия төрағасы
Облыс Әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады