Ескерту. Атауына өзгеріс енгізілді - Алматы облыстық мәслихатының 2010.04.12 N 32-194 Шешімімен және Алматы облысы әкімдігінің 2010.04.13 N 45а (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Алматы облыстық мәслихатының 2010.04.12 N 32-194 Шешімімен және Алматы облысы әкімдігінің 2010.04.13 N 45а (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының талаптарына сәйкес Iле, Талғар, Еңбекшiқазақ, Кербұлақ аудандары өкiлеттi және атқару органдарының ұсыныстарын қарай келе Алматы облысының әкiмi мен Алматы облыстық мәслихат шешім қабылдады:
1. Облыстық мәнi бар Қапшағай қаласына жалпы ауданы 331113.0 га жер учаскелерi, соның iшiнде Iле ауданының жерiнен 16566.0 га., Талғар ауданынан 178610.0 га., Еңбекшiқазақ ауданынан 131157.0 га. және Кербұлақ ауданынан 4780.0 га жер, қосымша берiлетiн жоспарлы материал мен шекаралардың N 1 қосымша сәйкес суреттелуiне сай шекараларда берiлсiн.
2. Қапшағай қаласының әкiмшiлiк бағыныстылығына Талғар ауданындағы Шеңгелдi селолық округының Шеңгелдi, Ақөзек, Сарыбұлақ, Кербұлақ, Қосқұдық елдi мекендерi, Тасқұм, Құлантөбе, Бөктер разъездерi және Iле ауданындағы Жетiген селолық округының Арна селосы берiлсiн.
3. Алынып тасталды - Алматы облыстық мәслихатының 2010.04.12 N 32-194 Шешімімен және Алматы облысы әкімдігінің 2010.04.13 N 45а (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiне және Қазақстан Республикасының Президентiне Қапшағай аумағының аумағына арнайы экономикалық аймақ құрылсын деген ұсыныспен кiрсiн.
5. Iле, Талғар, Еңбекшiқазақ және Кербұлақ аудандарының әкiмдерi жер пайдаланушылардың, жер-есепке алу құжаттарына өзгерiстер енгiзсiн.
Алматы облысының әкiмi
Облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Алматы облысы әкiмiнiң
1998 ж. 14 мамырдағы
N 5-170 және Алматы
облыстық мәслихатының
1998 ж. 17 сәуiрдегі
N 20-157 шешiмiне
N 1 қосымша
Шекараларды суреттеу
Iле өзенiнiң сағасындағы жиырмасыншы километр "Тастағы суреттердi" қоса алғанда және шығыс бағытындағы "Айтуар" АҚ-ы (Кербұлақ учаскесi) жер пайдалану шекаралары бойынша және бұрынғы Талдықорған облысының шекарасы мен "Айтуар" АҚ-ы (Шолақ учаскесi) жер пайдалану шекарасы бойынша Талғар ауданының Қосқұдық, Шеңгелдi, Сарыбұлақ, Кербұлақ, Ақөзек елдi мекендерi мен Масқұм, Құлантөбе Бөктер разъездерiн, сондай-ақ "Шеңгелдi" ӨК-i, "Кербұлақ" ӨК-i, "Қапшағай" ӨК-i мен ұлттық "Алтын Емел" табиғи паркiнiң шекараларына дейiн.
Қапшағай су қоймасының солтүстiк жағалауындағы ұзындығы бiр километр болатын санитарлық-экологиялық аймақпен мемлекеттiк ұлттық "Алтын Емел" табиғи паркiнiң шекараларынан "Поющие барханы" шатқалын қоса, Iле өзенiнiң Қапшағай су қоймасына құйылатын жерiне дейiн және Қапшағай су қоймасының оңтүстiк жағалауы мен Аяққалқан курорт аймағын қоса, ары қарай батыс бағытындағы 479-шi қабат бойынша Еңбекшiқазақ ауданының Қапшағай балық питомнигiн қоса, ары қарай Талғар, Iле аудандарының жерiмен Қаскелеңка өзенiне дейiн, Қаскелеңка өзенiнiң сағасымен Алматы-Өскемен автомобиль жолының Қаскелеңка өзенiмен қиылысына дейiн.
Қаскелеңка өзенiндегi көпiрден бастап солтүстiк бағытта, Алматы-Өскемен автомобиль жолындағы белдеушенiң батыс жағымен Қапшағай қаласының қазiргi шекарасына дейiн, Iле ауданындағы құм карьерiн, Жетiген селолық округының "Рауан" ҰШ-ы мен Арна селосының жер пайдалану шекараларын қоса, ары қарай Қапшағай қаласының қазiргi шекарасымен "Сорбұлақ" каналының Iле өзенiне құйылатын жерiне дейiн "Әбдiғұлов" ӨК-i жер пайдалану шекарасын қоса және ары қарай Iле өзенiнiң арнасымен жиырмасыншы километрге дейiн.
Аппарат басшысы