Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 4 наурыздағы № 182 "Суармалы жерлерге су жеткізіп беру қызметіне төлемақы алу" жөніндегі қаулысына сәйкес, облыстық су ресурстары жөніндегі комитетінің су жеткізіп беру қызметіне төлемақының тарифін қайта бекіту жөніндегі ұсынысын қарап және 1998 жылы су шаруашылығы мекемелерінің өндіріс кәсібіне жағдай жасау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. 1998 жылы суармалы жерлерге су жеткізіп беру қызметіне төлем ақы бір текшеметр суға қосымша құнға салынатын салығымен қоса 5,63 тиын болып бекітілсін.
Бір текшеметр су жеткізіп беру қызметіне:
- тоған шаруашылығы, шабындықтар мен жайылымдаран суару үшін - 1,8 тиын;
- ұжымдық саяжай мен жекелік бау-бақша суару үшін -1,0 тиын болып жеңілдетілген тариф белгіленсін.
Ұлы Отан соғынысының ардагерлері мен мүгедектерінің және оларға теңестірілген азаматтардың саяжай учаскелері мен бау-бақшасына берілетін су үшін төлемақы алынбасын.
2. Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне, облыстық ауылшаруашылығы басқармасына, облыстық су ресурстары жөніндегі комитетіне, барлық су пайдаланушыларға суды тиімді және үнемді пайдалану шараларын қабылдау, су шаруашылығы мекемелерімен келісім-шарттар бойынша қаржылай, ауылшаруашылық өнімдерімен және басқа материалдық ресурстарымен есептесуді жүргізу міндеттелсін.
3. Облыстық су ресурстары жөніндегі комитетіне шаруашылық аралық жүйелерін, бұзылған, істен шыққан жерлерін жою үшін су шаруашылық мекемелерінің пайдаларынан бөлу есебінен орталық қор құруға рұқсат берілсін.
4. Өсімдіктердің химиялық қорғау құралдарының аз мөлшерде қолданылуын суаруға пайдаланылған суды тастау ауылшаруашылығы дақылдарының өсу барысында технологиялық процесі екенін және ол суармалы алқаптардын техникалық жобаларында бекітілгенін отырып, облыс әкімінің 1998 жылғы 5 ақпандағы № 661 шешіміндегі қашыртқы суларды тастағаны үшін төлем ақы алу жөніндегі бөлігі тоқтатылсын.
Әкім | Б. САПАРБАЕВ |